"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.09.2021 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының өтуіне бақылауды, сондай-ақ енгізіліп жатқан шектеулер есебімен ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат беруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (З.С. Сағынов):
1) Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары пайдаланушыларының назарына, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көктемгі кезеңде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы мәліметті жеткізуді;
2) Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында енгізілетін шектеулерге сәйкес тиісті уақытша жол белгілерін орнатуды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуын қамтамасыз етсін.
4) бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-қоры мен ПБМҚ орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Р.В. Склярға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Жұмағалиев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
______________ К. Қасымов
2013 жылғы 11 наурыз
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
________________ В. Божко
2013 жылғы 19 наурыз
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 162 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.08.2019 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру (бұдан әрі – қозғалысты ұйымдастыру) "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 315 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11402 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Халықаралық және республикалық маңыздағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесіне сәйкес ұйымдастырылады.
Қозғалысты ұйымдастыру кезінде қозғалысты ұйымдастырудың 1-қосымшасында көрсетілген, уақытша қозғалысты шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына көктемгі кезеңде шектеу енгізіледі.
Көктемгі кезеңде:
1) халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын;
2) төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын;
3) зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді жүзеге асыратын;
4) азық-түліктерді тасымалдауды жүзеге асыратын;
5) жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын;
6) дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын;
7) мердігер ұйымдарға реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін берілген учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын;
8) қарулы күштері, басқа әскери күштер және әскери қалыптастыру, және әскери тасымалдауларды жүзеге асыратын автокөлік құралдарына шектеулер таратылмайды.
2. Қозғалысқа уақытша шектеу енгізу кезеңінде Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жүріп өту кезінде рұқсат етілетін автокөлік құралдарының осьтік массасының ең көп сомасы қозғалысты ұйымдастырудың 2-қосымшасында көрсетілген мәнінен аспауы тиіс.
Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыруға 1-қосымша |
Көктемгі кезеңде қозғалысты шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдері
Тиісті жылдың 23 наурызынан 1 мамырына дейін, мынадай облыстарда шектеу енгізіледі:
1) Ақмола облысы
2) Ақтөбе облысы
3) Шығыс Қазақстан облысы
4) Батыс Қазақстан облысы
5) Қарағанды облысы (Қарағанды аймағы)
6) Қостанай облысы
7) Павлодар облысы
Тиісті жылдың 1 наурызынан 1 сәуіріне дейін, мынадай облыстарда шектеу енгізіледі:
1) Алматы облысы
2) Атырау облысы
3) Жамбыл облысы
4) Қарағанды облысы (Жезқазған аймағы)
6) Маңғыстау облысы
7) Түркістан облысы
Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыруға 2-қосымша |
Қозғалысты уақытша шектеу кезеңінде Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жүруге рұқсат етілген автокөлік құралдарының білік салмағының ең көп сомасы
Жеке біліктің жүктемесі, тонна | Білік арасындағы арақашықтық, м | Жүк, арнайы және мамандандырылған автомобильдердің, тіркемелер және жартылай тіркемелердің білік салмағының ең үлкен жиынтығы, тонна | ||
Қосалқы білік | Үштік білік | үш біліктен көп немесе тәуелсіз біліктер тобының әр білігіне түсетін жүктеме | ||
8 | 1 метрге дейін | 10 | 14,4 | 4,8 |
1 метрден қоса алғанда 1,3 метрге дейін | 12,0 | 16,8 | 5,6 | |
1,3 метрден қоса алғанда 1,8 метрге дейін | 13,2 | 19,2 | 6,4 | |
1,8 метрден қоса алғанда 2 метрге дейін | 14,4 | 21,6 | 7,2 |
Ескертпе: автокөлік құралдарының жалпы рұқсат етілетін массасы "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11009 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, автокөлік құралдарының рұқсат етілетін жалпы массасынан 20%-ға төмендету арқылы айқындалады.