Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидалары бекітілсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 851 қаулысымен
бекітілген
Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарын тiркеудің және есепке алудың бiрыңғай тәртiбін белгілейді.
2. Қағидалар халықаралық қозғалысқа қатысатын басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген және Қазақстан Республикасына екі айдан аспайтын мерзімге әкелінген көлік құралдарына қолданылмайды.
3. Қарулы күштердің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрылымдарының көлік құралдары қорғаныс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен тіркеледі.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпусымен жұмыс жөніндегі ұйым – Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдармен және/немесе олардың өкілдіктерімен, консулдық мекемелермен және Қазақстан Республикасында аккредиттелген олардың қызметкерлерімен жұмыс жөніндегі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің уәкілетті ұйымы;
2) көлік құралдарын және оларға тіркемелерді мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі – көлік құралдары) – тіркеу құжаттарын және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін (бұдан әрі – МТНБ) бере отырып, көлік құралдарының жекелеген түрлерінің жалпы пайдаланудағы жолдар бойынша жол қозғалысына қатысуына рұқсат беруді жүзеге асыру мақсатындағы ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) қызметі;
3) көлік құралын есептен шығару – меншік иесі мекенжайының өзгеруіне байланысты көлік құралының тіркелген жерін өзгертуге, меншік құқығының өзгеруіне байланысты иелену құқығын тоқтатуға, кейіннен мәміле жасауға, кәдеге жаратуға (жарамсыз деп белгілеуге, есептен шығаруға), иесінің өтініші бойынша жол қозғалысына қатысуға рұқсатты уақытша тоқтатуға, уақытша әкетуді қоспағанда, көлік құралын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге, көлік құралын меншік иесінің заңды иелігінен шығаруға (айдап әкету, ұрлау) бағытталған ІІО қызметі;
4) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - БАЖ) – көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірі міндетті түрде көрсетілген көлік құралдары және олардың иелері, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы берілген куәліктер (бұдан әрі – КҚТК) және МТНБ туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе;
5) көлік құралдарын тіркеудегі өзгерістер – азаматтық заңнамада белгіленген құқықтық негіздер болған кезде БАЖ (есептік мәліметтер) және МТНБ-ге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
6) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі – БАЖ-да көлік құралын сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін, көлік құралын шығарушы берген, тізбектелген әріптік-цифрлық белгілер түрінде көрсетілген көлік құралының жеке сериялық нөмірі;
7) көлік құралының иесі – азаматтық заңнамаға сәйкес көлік құралының меншік иесі, сондай-ақ көлік құралын шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында иеленетін адам;
8) КҚТК – өзгерістер БАЖ арқылы ғана енгізілетін жол қозғалысына қатысуға рұқсатты растайтын құжат;
9) МТНБ – мемлекеттің меншігі болып табылатын және жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган көлік құралына беретін және техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган бекіткен стандарт талаптарына сәйкес жасалған жеке әріптік-сандық белгіні қамтитын БАЖ-да тіркелген өнім. Бұл түсінік «Транзит» МТНБ-ге де қатысты;
10) нөмірлік агрегат – көлік құралының шанағы, шассиі, рамасы, кабинасы;
11) техникалық құжат – көлік құралдарын оның техникалық параметрлеріне сәйкестігін белгілеуге мүмкіндік беретін ақпаратты қамтитын құжат (КҚТК, басқа мемлекетте берілген КҚТК, көлік құралының паспорты, дайындаушы зауыттың қабылдап алу-беру актісі);
12) тіркеу-емтихан пункті (бұдан әрі – ТЕП) – көлік құралдарын тіркеу және есепке алу бойынша рәсімдерді жүзеге асыратын, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында (бұдан әрі – ХҚО) орналастырылған ІІО бөлімшесі;
13) жол қозғалысының шетел қатысушылары – 1961 жылғы «Дипломатиялық қатынастар туралы» Вена конвенциясына және 1963 жылғы «Консулдық қатынастар туралы» Вена конвенциясына сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерге ие, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар және/немесе оның өкілдіктері, консулдық мекемелері және Қазақстан Республикасында аккредиттелген олардың қызметкерлері, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетел қатысуымен заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.
2. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және есепке алу тәртібі
1. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу
5. Көлiк құралдары жеке тұлғалардың атына олардың тұратын жері немесе уақытша тіркелген жері бойынша уақытша тұру мерзіміне тiркеледi.
Көлік құралдарын заңды тұлғалардың атына тіркеу олардың тіркелген заңды мекенжайы бойынша, ал филиалдар мен өкілдіктерінің атына – олардың орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
6. Көлiк құралының иесi бiрлескен меншiк құқығы туралы куәлiктi ұсынған жағдайда КҚТК-нің «Ерекше белгiлер» бөліміне: «Тең иесі – Т.А.Ә.» деген жазба енгізіледі.
7. Меншік иелері он төрт жасқа жетпеген кәмелетке толмаған азаматтар болған жағдайларда көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару олардың атынан ата-аналары (асырап алушылар) немесе қамқоршылық және қорғаншылық органдары, ал меншік иелері 14 жастан 18 жасқа дейінгі адамдар болған жағдайда ата-аналарының (асырап алушылардың) немесе қамқоршылық және қорғаншылық органдарының жазбаша келісімімен осы адамдар жасайды.
8. Жол қозғалысының шетелдік қатысушыларының көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпусымен жұмыс жөніндегі ұйым арқылы сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
9. ІІО жүзеге асыратын жеңіл көлік құралдарын, мотоциклдер мен мотороллерлерді қоспағанда, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және есептен шығару қалалардың (аудандардың) қорғаныс істері жөніндегі тиісті басқармаларына (бөлімдеріне) жазбаша хабарлағаннан кейін ғана жүргізіледі.
10. Көлік құралдарын тіркеу, тіркеуге өзгерістер енгізу, есептен шығару кезінде олар туралы барлық қажетті деректер БАЖ-ға енгізіледі.
11. Көлік құралды тiркеу және/немесе есептен шығару, КҚТК мен МТНБ беру, КҚТК-ге (пайдалануға жарамсыз құжаттың орнына берілетін тіркеу құжатын қоспағанда) өзгерістер енгізу кезінде көлiк иелерi нөмірлік агрегаттардың көрсетілген құжаттардағы және/немесе бірыңғай БАЖ-дағы есепке алу деректерiне сәйкестігін салыстырып тексеру мақсатында көлiк құралдарын қарау үшін ТЕП-ке береді.
Сырттай қарау процесінде:
1) тiркелетiн көлiк құралы конструкциясының қауiпсiздiгін;
2) түстi графикалық сызбаларды, тану белгiлерiн, жазуларды, арнайы жарық және дыбыс сигналдарын салу талаптарына сәйкес келетін жедел және арнайы қызметтердің көлiк құралдарын;
3) нөмірлiк агрегаттар мен МТНБ түпнұсқалығын (жасырын, жалған немесе қандай да бір өзге тәсiлдермен өзгертілген нөмірлік агрегаттарды, сондай-ақ МТНБ анықтау) және олардың көлiк құралдарының құжаттарына және/немесе БАЖ-да көрсетiлген деректерге сәйкестігін тексеру жүзеге асырылады.
Дайындалған көлік құралдарының конструкциясы, оның ішінде олардың құрамдас бөліктерінің, қосымша құрал-жабдық заттарының, қосалқы бөлшектерінің және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бөлігінде керек-жарақтардың конструкциясы белгіленген техникалық регламенттердің талаптарына сай болуы тиіс.
Тіркелген көлік құралының конструкциясына, оның ішінде оның құрамдас бөліктерінің, қосымша жабдықтар заттарының, қосалқы бөлшектерінің және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін керек-жарақтарының конструкциясына өзгерістер енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестігін қайтадан растау жүргізу қажет.
12. Көлік құралын байқау нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тіркеу актісінде белгіленеді және байқау жүргізген адамның тегін, күнін көрсете отырып, байқау жүргізген лауазымды адамның қолымен расталады (ХҚО-да көлік құралдарын байқауды жүзеге асыруға уәкілетті қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады).
Көлік құралын байқау нәтижелері күнтізбелік жиырма күн жарамды болады.
13. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлiк құралдарын байқау актілерін көлік құралының орналасқан жері бойынша жасалған, уәкілетті орган қызметкерінің қолымен және мөрімен расталған оларды байқау актiлерiн ұсынуға рұқсат етіледі. Актінің жарамдылық мерзімі - күнтізбелік жиырма күн.
14. ТЕП қызметкерлерi және ХҚО жұмыскерлері тіркеу іс-қимылдарын жасау кезiнде жеке басын куәландыратын құжаттың негізiнде көлiк құралдары иелерiнің жеке басын куәландырады.
15. Жеке тұлға болып табылатын көлiк құралының меншік иесiнiң өкiлi өтініш білдірген жағдайда азаматтық заңнамаға сәйкес берілген құжаттың негiзiнде көлiк құралын тіркеу кезiнде меншік иесінің мүдделерiн білдіруге оның өкiлеттiгi тексерiледi. Заңды тұлға өкілінің өкiлеттiгi басшысының немесе уәкілеттік берілген өзге адамның қолымен және заңды тұлғаның мөрiмен расталған сенiмхатпен немесе көлік құралын тіркеу актісіндегі басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен расталады.
16. Кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлiгiн ұсынған жағдайда жеке басын анықтау оның ата-аналарының (асырап алушылардың), қамқоршыларының (қорғаншыларының) немесе қамқоршылық және қорғаншылық органдары өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.
17. Тiркеу іс-қимылдарын жасау үшін көлік құралдарының иелерi:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тіркеу актісін;
2) жеке басты куәландыратын құжатты (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, туу туралы куәлік (кәмелетке толмағандар үшін);
3) мекенжай анықтамасын;
4) «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген баждар мен алымдарды төлеу туралы құжаттарды;
5) мыналарды:
салық төлеушілер үшін – Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көлік құралына салықтың төленгенін;
Салық кодексіне сәйкес салық төлеушілер болып табылмайтын адамдар үшін – салық төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды;
6) тіркеу органы беретін заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің), заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын анықтаманы, жарғыны (салыстырып тексеру үшін) және олардың көшірмелерін;
7) техникалық құжатты;
8) дайындаушы зауыттың немесе Қазақстан Республикасының шегінде көлiк құралына арнайы (немесе мамандандырылған) жабдықты орнатқан кәсiпорынның сертификатын немесе әкелінген жабдыққа тиiстi кедендiк құжаттарды, сәйкестік сертификатын;
9) кері әкету туралы мiндеттемемен Қазақстан Республикасына әкелінген көлiк құралдарының МТНБ, КҚТК және/немесе тiркеу құжаттарын;
10) осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, көлік құралын;
11) СІМ дипломатиялық корпусымен жұмыс жөніндегі ұйымның жолдамасын (жол қозғалысының шетелдік қатысушылары үшін);
12) заңды тұлғаның өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға көлік құралын бөлу және беру туралы мөрмен расталған бұйрығын (өкімін);
13) көлiк құралына, нөмірлiк агрегатқа меншiк құқығын растайтын құжатты ұсынады, оларға:
кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (кеден декларациясы, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелген жағдайларда кері әкету туралы міндеттеме);
сот растаған сот шешімінің, қаулысының көшірмелері, орындауға жататын мемлекеттік органның әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы қоса берілген атқару парағы;
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәлiктер, мүлікке мұрагерлік құқығы туралы құжаттар жатады.
Көлік құралының иесі ХҚО-ға өтініш берген кезде осы тармақтың 1), 3), 5), 6) тармақшаларында және 13) тармақшасының 2-абзацында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
18. Көлік құралын мемлекеттік тіркеуді жүргізуге өшірілген не қосып жазылған, сызылған сөздерi және басқа да, сондай-ақ қарындашпен жазылған түзетулерi бар және егер ондағы мәтін анық көрінбеген жағдайда құжаттар қабылданбайды. Жеке тұлғалардың тегі, аты және әкесінің аты тұрғылықты тіркелген жері мекенжайының деректері көрсетіле отырып, ал заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының және өкілдіктерінің атаулары қысқартусыз және олардың заңды мекенжайлары көрсетіле отырып толық ұсынылады. Көлік құралдарын тіркеуді жүргізу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері аталған құжаттарды берген заңды тұлға мөрінің түпнұсқасымен расталады.
19. Мемлекеттік және орыс тілдерінен басқа тілде жасалған көлiк құралдарын тіркеу үшін ұсынылатын құжаттар мемлекеттік немесе орыс тiлдерiне аударылады және аударманың дұрыстығы туралы нотариустың не осындай іс-әрекеттерді жүргізуге құқығы бар басқа лауазымды адамның қолымен куәландырылған болуы тиіс.
20. Көлік құралдарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес енгізілген ауыртпалықтар, сондай-ақ кері әкету туралы міндеттемемен Қазақстан Республикасына уақытша әкелiнген көлiк құралдарын шетелге әкету мерзiмi БАЖ-ға енгізіледі.
Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді өзгерту тиісті тыйымдар мен шектеулерді енгiзген органдар берген құжаттардың негiзiнде жүргізіледі.
21. Әскери бөлiмдерден сатылған көлiк құралдарын мемлекеттік тiркеу осы көлік құралдарын сату жөніндегі уәкілетті орган берген құжаттардың негiзінде жүргiзiледi.
22. Арнайы жарық және дыбыстық сигналдар беруге арналған құралдармен жабдықталған көлiк құралдарының КҚТК-не «арнайы дыбыстық және (арнайы маяктың нақты түсi көрсетiледi) жарық сигналдары» деген жазба жазылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарында көзделген көлік құралдарына арнайы жарық және дыбыс сигналдарын беру мен түрлі-түсті графикалық сызбаларды қолдануға арналған құралдармен жабдықтау құқығының тоқтатылуына байланысты тіркеу есебінен алу және тіркеу мәліметтерін өзгерту көрсетілген аспаптар бөлшектелгеннен және түрлі-түсті графикалық сызбалар жойылғаннан кейін жүргізіледі.
23. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ есептен шығару алдында көлік құралы мен оның иесін олардың іздеуде болуы мәніне ІІО ақпараттық ресурстары бойынша тексеру жүзеге асырылады. Жүргізілген тексеру нәтижесі көлік құралын тіркеу актісінде тексеру жүргізілген, күнді, тексеру жүргізген уәкілетті қызметкердің тегін, қолын көрсете отырып белгіленеді.
24. Ұсынылған құжаттарды, МТНБ қолдан жасау белгілері, зауыттық таңбалауды өзгерту, агрегаттар нөмірлерiнiң ұсынылған құжаттарға немесе тiркеу деректерiне сәйкес келмеуі, сондай-ақ көлiк құралының (нөмірлiк агрегаттардың), иесінің немесе ұсынылған құжаттардың iздеуде екенi туралы мәліметтер болса, ІІО қызметкері дереу ІІО кезекші бөліміне ақпарат береді, көлiк құралдары ұсталады және құжаттарымен бірге аумақтық ІІО-ге берiледi.
Соғылған, егелген нөмірлiк агрегаттар, іздеу бойынша есептен шығарылмаған көлік құралдары тiркеуге жатпайды.
25. Тіркелген техникалық ақаусыз көлiк құралдарына белгіленген үлгідегі КҚТК, МТНБ беріледі. Автомобильдер мен автобустарға екі, ал мотокөлiк құралдары мен тiркемелерге бiр МТНБ берiледi.
Көлік құралдарының МТНБ үлгілерін жол қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
26. Дайындаушы кәсiпорындардан, автожөндеу зауыттарынан, кедендiк бақылау органдарынан және сауда ұйымдарынан тiркеу орнына өз жүрiсiмен жеткiзiлген, сондай-ақ тұрғылықты жерiнің немесе меншiк құқығының өзгеруiне байланысты есептен шығарылған көлiк құралдарына бiр рет пайдалану үшін «Транзит» МТНБ тиiсiнше дайындаушы ұйымдар немесе ТЕП береді.
«Транзит» МТНБ беру кезінде көлiк құралдарына меншік құқығын растайтын құжаттарда көрсетілген белгiлердiң сериясы, нөмірi, берілген күнi мен жарамдылық мерзiмi көрсетiледі және осы жазбаларды жазған ұйымдардың мөрлерiмен куәландырылады.
«Транзит» МТНБ қолданылу мерзiмi – берiлген күнінен бастап күнтізбелік он күн.
«Транзит» МТНБ қолданылу мерзімін ұзартуды ТЕП қызметкері бір рет жүзеге асырады. Ұзарту мерзімі – күнтізбелік он күн.
27. Тіркеуге бөлінген уақыт кезеңінде көлік құралы көлік құралын тіркеу әрекеттерін жүргізу алдында оны тексеруге ұсыну мақсатында, сондай-ақ көлік құралын қарау барысында – көлік құралын тіркеу актісінде уәкілетті органның лауазымды адамдарының тиісті белгілері қойылған кезде анықталған ақауларын жою үшін ТЕП-ке әкелінеді.
28. Ауыртпалығы бар көлікке құжаттар мен МТНБ телнұсқалары тиісті шектеулерді қойған органдар берген рұқсат беру құжаттарының негізінде беріледі.
29. Есептен шығарылған көлiк құралдарының тiркеу құжаттары жоғалған жағдайда көлiк құралының иесіне бұрынғы тiркелген жері бойынша анықтама-растау беріледі. ТЕП көлік құралының бұрынғы тіркелген жері бойынша сұрау салу жібереді, олардың орындалуы сұрау салуды алған күннен бастап 3 жұмыс күні iшiнде міндетті болып табылады.
30. Көлік құралдарын тіркеу актілері, көлiк құралдарына (нөмірлiк агрегаттарға) меншік құқығын растайтын құжаттар, Қазақстан Республикасына әкелiнген көлiк құралдарын тіркеген мемлекеттердің және Қазақстан Республикасының тіркеу құжаттары мен МТНБ (егер оларды кеден органы алмаған болса) және «Транзит» МТНБ ТЕП-ке тапсырылады.
31. Кері әкету туралы міндеттемемен Қазақстан Республикасының аумағына екi айдан астам мерзiмге уақытша әкелiнген көлiк құралдарын мемлекеттік тiркеу иелерiне кедендік құжаттарда көрсетiлген олардың әкелінген мерзiміне КҚТК мен МТНБ бере отырып жүргізіледі. Өзге мемлекеттердің тiркеу құжаттарының және МТНБ түпнұсқалары ТЕП-те сақталады.
32. Жол қозғалысының шетелдік қатысушыларына тиесілі көлік құралдарына мынадай сериядағы МТНБ беріледі:
«D» - Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және/немесе олардың Қазақстан Республикасында тіркелген өкілеттіктері, консулдық мекемелері қызметкерлерінің қызметтік және жеке көлік құралдарына;
«Т» - Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және/немесе олардың Қазақстан Республикасында тіркелген өкілеттіктерінің, консулдық мекемелерінің әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің қызметтік және жеке көлік құралдарына;
«НС» - Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік мемлекеттердің құрметті консулдарының көлік құралдарына;
«М» - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің көлік құралдарына;
«Н» - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдік азаматтардың қатысуымен заңды тұлғалардың көлік құралдарына;
«F» - шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың көлік құралдарына;
«D», «T», «HC» сериясындағы МТНБ-сы бар көлік құралдарының жол қозғалысына қатысуы үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпусымен жұмыс жөніндегі ұйым беретін стикердің болуы қажет.
«D», «T», «HC» сериясындағы МТНБ-ның қолданылу мерзімі стикерде көрсетілген мерізімге тең.
Стикерді ресімдеу, иемдену және пайдалану, сондай-ақ жол қозғалысының шетелдік қатысушыларының көлік құралдарына индекстер беру тәртібін сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
33. Ақаулы көлік құралдарының қосалқы бөлшектерінен және агрегаттарынан жиналған, техникалық регламенттерді бұза отырып, қайта жабдықталған көлік құралдары тіркеуге алынбайды.
34. Жасалған тіркеу әрекеттері, тiркелген көлiк құралдары, көлік құралдарының меншік иелері мен иелерi туралы мәліметтер, сондай-ақ тіркеу әрекеттерін жасау үшін негіз болған құжаттар (құжаттардың көшірмелері) жазбаша сұрау салу негізінде соттарға, прокуратура, тергеу, анықтау органдарына олардың өндірісіндегі қылмыстық, азаматтық істерге, әкімшілік құқық бұзушылық істеріне байланысты, сот орындаушыларына олардың сот актілерін немесе басқа да органдардың актілерін орындауы бойынша функцияларды жүзеге асыруына байланысты, сондай-ақ салық, кеден және басқа органдарға өз функцияларын орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттарда және тәртіппен ұсынылады.
35. Лизингке сатып алынатын көлік құралдары «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының және осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде тіркеледі.
36. Жеке немесе заңды тұлға меншігіне алған және ол лизинг шарты немесе қосалқы лизинг шарты негізінде жеке және заңды тұлғаға уақытша пайдалануға не иеленуіне берген көлік құралдары лизинг беруші немесе лизинг алушы тараптардың жазбаша келісімі бойынша тіркеледі.
37. Көлік құралдарын лизинг берушінің атына тіркеуді, өзге тіркеу әрекетін жасауды және осындай көлік құралдарын тіркеу есебінен шығаруды ТЕП жалпы негіздерде лизинг берушінің заңды тіркелген жері бойынша жасайды.
38. Лизинг беруші көлік құралдарын лизинг алушының атына тіркеуді көздейтін лизинг немесе қосалқы лизинг шартының негізінде уақытша иеленуге және (немесе) пайдалануға лизинг алушыға берген көлік құралдары лизинг не қосалқы лизинг шартының негізінде лизинг алушының атына орналасқан орны бойынша шарттың қолданылу мерзіміне ТЕП-те тіркеледі.
Көлік құралдарын лизинг алушының атына уақытша мемлекеттік тіркеу лизинг немесе қосалқы лизинг шартында не Қазақстан Республикасының аумағына көлік құралын уақытша әкелген кезде кеден органдары беретін құжаттарда көрсетілген МТНБ және КҚТК бере отырып жүргізіледі.
Көлік құралдарын лизинг берушінің атына тіркеу орны бойынша ТЕП берген МТНБ және КҚТК, сондай-ақ лизинг берушінің атына тіркелген немесе тіркелмеген көлік құралдарына берілген лизинг немесе қосалқы лизинг шартының көшірмелері (ксерокөшірмелері) көлік құралдарын лизинг алушының атына уақытша тіркеу орны бойынша ТЕП-ке тапсырылады.
39. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден уақытша әкелінген көлік құралдарының тіркеу құжаттары және тіркеу нөмірлік белгілері көлік құралдарын тіркеу орны бойынша ТЕП-ке тапсырылады және лизинг алушының атына тіркеледі.
40. Лизинг берушінің атына тіркелген немесе көлік құралдарына меншік құқығының лизинг алушының атына ауысуын көздейтін лизинг шартының негізінде лизинг алушының атына уақытша тіркелген көлік құралдары тиісті тіркеу есебінен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген көлік құралын кедендік ресімдеу аяқталған кезде көлік құралына меншік құқығының ауысуы туралы лизинг берушінің жазбаша растауының, лизинг шартының негізінде лизинг алушының атына тіркеледі.
Көлік құралдарына меншік құқығының лизинг алушыға ауысуын көздемейтін лизинг шартының мерзімі аяқталған соң көлік құралдары тиісті есептен шығарылады және лизинг алушының атына тек осындай көлік құралдарына лизинг алушының меншік құқығын растайтын тиісті құжаттардың негізінде ғана, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген көлік құралдарын кедендік ресімдеу аяқталған кезде тіркелуі мүмкін.
41. Лизинг берушінің тиісті жазбаша өтінішінің негізінде лизинг беруші лизинг шартын бұзған және көлік құралын лизинг алушының атына уақытша тіркелген көлік құралдарын алып қойған жағдайда, мұндай көлік құралдары тіркеу есебінен шығарылады.
42. Лизинг алушының атына уақытша тіркелген көлік құралдарының тіркеу деректерін өзгерту лизинг алушының көлік құралдарына күрделі және ағымдағы жөндеуді жүзеге асырған жағдайда ғана, оның ішінде егер бұл шартта көзделген болса, нөмірлік агрегаттарды ауыстыра отырып жүргізіледі.
Көрсетілген жағдайларда тіркеу деректерін өзгертуді берілген тіркеу туралы куәлікті ауыстыру және көлік құралдарының паспорттарына тиісті өзгерістер енгізу арқылы көлік құралдарын лизинг алушының атына уақытша тіркеу орны бойынша ТЕП жүзеге асырады.
43. Лизинг алушының атына көлік құралдарының уақытша тіркелу мерзімі аяқталған кезде осы көлік құралдары лизинг алушының өтініші негізінде тіркеу есебінен шығарылады. Лизинг алушыларға берілген МТНБ және КҚТК көлік құралдарын уақытша тіркеу орны бойынша ТЕП-ке тапсырылады. Өтініш берушілерге олардан қабылданған тіркеу құжаттары мен лизинг берушінің атына тіркелген көлік құралдарына МТНБ қайтарылады.
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген көлік құралдарын оларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге байланысты тіркеу есебінен шығарған кезде өтініш берушілерге көлік құралын тіркеу есебінен шығару туралы белгісі бар КҚТК беріледі, сондай-ақ көлік құралы тіркелген шет мемлекеттердің тіркеу нөмірлері қайтарылады, ал олар болмаған кезде «Транзит» МТНБ беріледі.
44. Жеңілдетілген кедендік тариф бойынша Қазақстан Республикасына әкелінген арнайы көлік құралдары кедендік жеңілдіктер қолданылмайтын көлік құралының басқа түріне қайта жабдықталған жағдайда, кеден органының тиісті рұқсатын ұсынғаннан кейін тіркеледі.
2. Көлiк құралдарын тiркеу туралы куәлікке өзгерiстер енгiзу
45. КҚТК-ге өзгерiстер:
1) меншiк құқығы;
2) меншік иесiнiң тұрғылықты жері немесе заңды тұлғаның мекенжайы;
3) меншік иесiнiң тегі, аты, әкесінің аты (заңды тұлғаның атауы);
4) көлік құралын қайта жабдықтау немесе ондағы агрегаттарды айырбастау, түсiн өзгерту салдарынан көлік құралының типі өзгертілген жағдайларда жүргізіледі.
46. Меншiк құқығы, иесiнiң тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) өзгерген жағдайда тiркеуге өзгерiстер енгiзу осы Қағидалардың 17-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) 7), 10), 11) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың негiзiнде, ал меншік иесінің тегі және/немесе аты және/немесе әкесінің аты (ұйымның атауы) ауыстырылған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы өзгерiстi растайтын құжаттардың негізінде қосымша жүргізіледі.
Сот қаулысының негізінде кәсiпорынның банкроттығы туралы іс қозғалған жағдайда, есептен шығару және тiркеу конкурстық басқарушының өтініші бойынша тарату комиссиясының шешiмi негiзiнде жүргiзіледi.
47. БАЖ-ға және БАЖ-да және КҚТК-де көрсетілген тіркеу деректерінен айырмашылығы бар КҚТК-ге өзгерiстер енгiзу ІІО қабылдаған қорытындының негiзiнде жүргiзiледi.
48. МТНБ-нің телнұсқасын беруді қоспағанда, КҚТК-ге өзгерiстер енгiзілген кезде КҚТК-ні ауыстыру жүргізіледі.
49. Жеңіл автомобильдің немесе автобустың шанағын, жүк автомобилінің шассиін ауыстырған, оның ішінде басқа модельге (модификацияға) ауыстырған жағдайда, КҚТК-ге көлік құралының бұрынғы шығарылған жылы, маркасы, моделі жазылады. КҚТК-нің «Ерекше белгiлер» деген бағанына тиісті өзгерістің күні көрсетiлiп, «Шанақ ауыстырылды» деп жазылады.
Тiркелген көлiк құралының конструкциясына өзгерiстер енгізілгеннен кейін қайта сертификаттау жүргізу қажет.
50. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралдарының ТЕП тіркелген босаған нөмірлiк агрегаттарға куәлiктер тиiстi нөмірлiк агрегаттарды ауыстыруға байланысты тiркеу деректерi өзгерген кезде, сондай-ақ олардың кәдеге жаратылуына байланысты көлік құралын есептен шығарған кезде берiледi.
51. КҚТК-ге өзгерiстер енгiзу кезінде КҚТК-нiң «Ерекше белгiлер» деген бағанында бұрынғы КҚТК-нің сериясы мен нөмірi, сондай-ақ жүргізілген өзгерістің негіздемесі көрсетiледi.
Егер меншік құқығын растайтын құжаттарда бірнеше меншік иесі көрсетілсе, онда көлік құралын тіркеу барлық меншік иелерінің жазбаша келiсiмi бойынша олардың біреуінің атына не КҚТК «Ерекше белгілер» деген бағанында қалған меншік иелерін көрсете отырып, олардың бiрінің атына жүзеге асырылады.
52. Сот шешімі бойынша тәркiленген немесе иесiз деп танылған көлiк құралдарының, сондай-ақ тіркеу құжаттары жоқ көлiк құралдарының КҚТК-сіне өзгерiстер енгiзу сот шешiмдерiнiң көшiрмелерімен расталған сауда нәтижелері негiзiнде жүргізіледі. Бұл ретте есептен шығару үшін ақпарат оның бұрынғы тiркелген жерi бойынша жіберіледі.
53. Уақытша есепке алу осы Қағидалардың 17-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) 7), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың негізінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын уақытша есепке алу талонын бере отырып жүргізіледі.
Кеден одағына қатысушы елдердің көлік құралдарын уақытша мемлекеттік тіркеу осыған ұқсас жүзеге асырылады.
3. Көлiк құралдарын есептен шығару
54. Көлiк құралын есептен шығару үшiн олардың иелерi (иелерінің өкілдері) ТЕП-ке осы Қағидалардың 17-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) 7), 10), 11) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсынады, МТНБ тапсырады. КҚТК-ке көлiк құралын есептен шығару мән-жайларына сәйкес келетін жазбалар жазылады, олар жол қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның мөрімен расталады.
Көлік құралының иесі ХҚО-ға жүгінген кезде осы Қағидалардың 17-тармағының 2), 7), 9), 10), 11) тармақшаларында, 13) тармақшасының бесінші абзацында көрсетiлген құжаттар ұсынылады.
Меншік иелері байқау сәтінде көлік құралының нақты орналасқан жері бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы берген, мөрмен расталған байқау актісін ұсынған кезде тіркеу орны бойынша көлік құралдарын қарауға көрсетпей есептен шығаруға рұқсат етіледі.
Есептен шығару көлік құралының бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығаруға қандай да бір шектеулердің жоқ екені туралы сұрау салу орындалғаннан кейін есепке алу деректері мен олардың мәлiметтері нақтыланған соң жүргізіледі.
Көлiк құралын есептен шығару туралы шешiм қабылданған соң бұл туралы ақпарат оның бұрынғы тiркелген жері бойынша ТЕП-ке дереу жіберіледі. Сұрау салуды және жауаптарды орындау мерзімі үш жұмыс күнінен аспайды.
55. Егер көлiк құралының иелері екi және одан да көп жеке тұлға болып табылса, есептен шығару иелерінің жазбаша келiсiмi немесе көлік құралдарын заңды негізде иеленуге, пайдалануға немесе иелік етуге құқық беретін құжаттарды ұсынуы бойынша жүргізіледі.
56. Кәдеге жаратылуға (жарамсыз деп белгілеуге, есептен шығаруға) жататын көлiк құралдары осы Қағидалардың 17-тармағының 1), 2), 5), 7), 9), 11) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар ұсынылған жағдайда байқау жүргiзiлмей, есептен шығарылады. КҚТК және МТНБ ТЕП-ке тапсырылады. Кәдеге жаратылатын көлiк құралына КҚТК, МТНБ болмаған жағдайда, жазбаша нысанда оларды жоғалтудың мән-жайлары көрсетіледі. Бұл ретте ІІО-ның ақпараттық ресурстары бойынша тексерулер жүзеге асырылады.
57. КҚТК болмаған кезде меншік иелері оларды жоғалтудың мән-жайларын көрсетеді. Көлік құралдары есептен КҚТК телнұсқасы берілмей шығарылады, бұл ретте меншік иесіне көлік құралын есептен шығару туралы қызметтік жазбасы бар көлік құралына растау анықтамасы беріледі.
58. Меншік иесінен айдап әкетілген және/немесе ұрланған және қайтарылмаған көлік құралдарын есептен шығару оның өтініші және көлік құралының іздеуде екені туралы ІІО берген құжат негізінде жүргізіледі. Іздестірудегі көлік құралы иесіне қайтарылған жағдайда, тіркеу иесінің өтініші, көлік құралын іздестіру туралы мәліметтердің ІІМ ақпараттық ресурстарында болмауы және көлік құралын байқау негізінде жүргізіледі.
59. Соттар, тергеу, кеден органдары не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен басқа да органдар мен меншiк құқығын өзгерту бойынша тыйымдар немесе шектеулер енгізген көлiк құралдарын есептен шығару, тиісті органдар берген және көрсетілген тыйымдардың немесе шектеулердiң жоқ екені туралы куәландыратын құжаттар ұсынылғаннан кейін не сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі.
60. Берілген кредит үшін банктерге кепіл ретінде ұсынылған заңды және жеке тұлғалардың көлiк құралдарына, сондай-ақ банктер берген кепіл туралы шарттың (немесе өзге құжаттардың) көшірмелерін ұсынған жағдайда заңды және жеке тұлғаларға кепілдік міндеттеме орындалғанға дейін оларды есептен шығаруға шектеу енгізіледі. Бұл ретте БАЖ-ға тиiстi белгiлер жасалады.
61. Заңды тұлғалардың көлік құралдарын жеке тұлғаларға сатқанда осы Қағидалардың 17-тармағының 1), 6), 7), 9), 10), 11), 12-тармақшаларында, 13) тармақшасының бесінші абзацында көрсетiлген құжаттардың негізінде заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік (коммуналдық) меншік құқығының субъектісі функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік (коммуналдық) органдардың (мемлекеттік меншіктегі заңды тұлғалар үшін) рұқсаты негізінде жүргізіледі. Бұл ретте КҚТК-ге «Автомобиль азамат Т.А.Ә., тұрғылықты мекенжайы, жеке басын кәуландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, сатылуына байланысты есептен шығарылды» деген жазба енгізіледі.
Көлік құралының иесі ХҚО-ға өтініш білдірген кезде осы Қағидалардың 17-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
62. Қазақстан Республикасына әкелiнген және белгіленген мерзімдерде әкетiлмеген немесе кеден заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын көлiк құралдары кеден органдарының тиісті құжаттарының негізінде ғана есептен шығарылады.
63. Кері әкету туралы міндеттемемен берілген Қазақстан Республикасына 2 айдан астам мерзімге уақытша әкелінген көлік құралдарын есептен шығарғанда Қазақстан Республикасының ҚКТК және МТНБ ТЕП-ке тапсырылып, өзге мемлекеттердің МТНБ мен құжаттардың түпнұсқасы иелеріне қайтарылады.
64. КҚТК және/немесе МТНБ болмаған кезде тұрған жері белгісіз көлік құралдарын есептен шығару осы көлік құралы соңғы үш жыл бойы пайдаланылмайтынын болжауға негіз беретін ақпаратты жаза отырып, жол қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган шығарған қорытынды негізінде жүргізіледі.
Көлік құралдарының сәйкестендіру
нөмірі бойынша көлік құралдарының
жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу
және есепке алу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісі
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (заңды тұлғаның атауы)
үшін мынадай құжаттарды ұсынды______________________________________
ұсынылған құжаттар
_____________________________________(БСН) ЖСК_____________________
Туған күні___________жеке басын куәландыратын құжат _________________
(күні, айы, жылы) (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді) Мекенжайы_______________________________________________________________________________________________ Телефоны ______________________
Көлік құралы туралы мәліметтер
VIN _______________________________ Мем. нөмірі _____________________
Шасси нөмірі ____________________Моделі _____________________________
Шанақ нөмірі ________________________________________________________
Дайындаушы кәсіпорын _______________ Түсі ___________________________
КҚ түрі ___________________ Қозғалтқыш қуаты (кВт/ж.к. V см3)________
КҚ санаты _____________ Рұқсат етілген ең жоғарғы масса, kg__________
Шығарылған жылы ____________________Жүктемесіз массасы, kg___________
КҚ тіркеу куәлігі____________________________________________________
(сериясы, нөмірі, берілген күні)
Иесінің өкілі
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Туған күні ____________ Жеке басын куәландыратын құжат_______________
(күні, айы, жылы) (атауы, сериясы,
____________________________________________________________________
нөмірі, қашан, кім берген)
Мекенжайы__________________________________Телефоны _______________
Сенімхат __________________________________________________________
(қашан, кім берген, тізілім нөмірі)
20__ж. "___"__________________Иесінің қолы ________________________
________________МТНБ __________________________КҚТК берілді.
ЖП қызметтік белгілері
ЖП лауазымды адамының қорытындысы
Байқау нәтижелері бойынша көлік құралы туралы мәліметтер:
МТНБ _______________________Дайындаушы кәсіпорын __________________
КҚ санаты __________________Сәйкестендіру нөмірі (VIN)______________
Шығарылған жылы ____________ Маркасы, моделі_______________
Шасси (рама) нөмірі___________________Шанақ нөмірі _________________
Түсі______________Байқау нәтижесі __________________________________
(ақаусыз, ақауы бар)
ЖП лауазымды адамы _________________________________________________
(қолы немесе коды) (тегі)
Айдап әкетілген және ұрланған автокөлік базасы бойынша тексеру жүргізілді ____________________________________________________________________
(нәтижесі, күні, уақыты) ____________________________________________________________________
(тексеру жүргізген лауазымды адамның қолы, тегі)
Иесінен қабылданды
______________________________________ сериясы ______№ ____________
(тіркеу құжатының атауы)
Тіркеу нөмірлері ____________________________саны __________________
КҚ паспортының сериясы _________ №_________ _________________________
_____________________________________ сериясы_________ № __________
(меншік құқығын растайтын құжат)
«Транзит» белгісі __________________________ саны____ _______________
Кепілді тіркеу туралы куәлік ___________________________________
№№ түбіртектер_____________________________________________________
Өзге құжаттар:_______________________________________________________
_________________________________________________________ қабылданды.
(тіркеу әрекеттерін жүргізу немесе жүргізуден бас тарту туралы ЖП лауазымды адамының қорытындысы)
20__ж. «___»_________________ ___________________________________
(қолы)
Иесіне берілді
Сериясы ________________ № _________________
(тіркеу құжатының атауы)
Тіркеу белгілері _________________«Транзит» белгісі _________________
ҚК паспорты сериясы ______________№ ________________________________
Өзге де құжаттар ____________________________________________________
________________________________20_____ ж « » _______________берілді.
Оператор ______________________________________________(қолы, тегі)
Көлік құралдарының сәйкестендіру
нөмірі бойынша көлік құралдарының
жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу
және есепке алу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
№ ____ көлік құралын байқау актісі
20__ жылғы «___»______________
Мемлекеттік тіркеу нөмірі_____________________________________
Сәйкестендіру нөмірі (VIN)____________________________________
Маркасы, үлгісі ______________________________________________
Дайындаушы кәсіпорын__________________________________________
КҚ түрі ___________________ КҚ санаты_________________________
Шығарылған жылы ____________ Шасси (рама) нөмірі _____________
Шанақ нөмірі _________________________________________________
Түсі _________________________________________________________
Сериясы ________ №____________________________ (тіркеу құжаты)
Сериясы ________ № ____________(меншік құқығын растайтын құжат)
_______________________________________________________ тиесілі
(ұйым) (иесінің Т.А.Ә)
______________________________________________________________
Иесінің мекенжайы_____________________________________________
Сенім білдірілген адам________________________________________
(Т.А.Ә., мекенжайы, сенімхат нөмірі, сериясы, кім, қашан берген)
______________________________________________________________
Байқау жүргізген______________________________________________
(байқау жүргізген қызметкердің лауазымы, бөлінісі, атағы, Т.А.Ә)
_______________________________________________________________
Анықталған техникалық ақаулары_________________________________
______________________________________________________________
Техникалық жағдайы туралы қорытынды:__________________________
_______________байланысты автомобиль конструкциясына өзгерістер енгізілді.
Қорытынды:_________________________________________________________
(байқау жүргізген қызметкердің қолы)
Көлік құралдарының сәйкестендіру
нөмірі бойынша көлік құралдарының
жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу
және есепке алу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Босаған нөмірлік агрегатқа куәлік
____________________________________________________________________
(тіркеу пунктінің атауы)
____________________________________________________________ растайды
(агрегаттың атауы және нөмірі)
Нөмірлік агрегат орнатылған (тіркелген) көлік құралы туралы мәліметтер:
мемлекеттік тіркеу белгісі__________________________________________
сәйкестендіру нөмірі (VIN)__________________________________________
маркасы, үлгісі _________________ дайындаушы кәсіпорын______________
КҚ түрі ______________ КҚ санаты ___________________________________
шығарылған жылы_________________ шасси (рама) нөмірі________________
шанақ нөмірі ___________________ түсі ______________________________
сериясы ____________№ ______________________________________________
(тіркеу құжаты)
_____________________________________________________________тиесілі
(тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
(мекенжайы, паспорты немесе оны алмастыратын құжаты, кім, қашан берілген)____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, мекенжайы)
М.О.
20__жылғы «___» _____________
қолы ________________
Көлік құралдарының сәйкестендіру
нөмірі бойынша көлік құралдарының
жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу
және есепке алу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Көлік құралын уақытша есепке алу талоны
Иесі ________________________________________________________________
Тіркеу нөмірі ___________________Маркасы ____________________________
КҚ шығарылған жылы _______________КҚ санаты________________________
Шасси № ______________________Шанақ №_______________________
Түсі_________________________________________________________________
Иесінің мекенжайы____________________________________________________
Сенім білдірілген адам және мекенжайы________________________________
____________________________________________________________________
_______________________________________________________ дейін жарамды
Жарамдылық мерзімі ________________________________________ұзартылды
ТЕП қызметкері______________________________________________________
(лауазымы, атағы, Т.А.Ә қолы)
МО
Берілген күні 20___жылғы «___» ______________