Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1227 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 903 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
      1) Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын
қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне жыл сайын 10 қаңтардан кешіктірмей Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын 25 қаңтардан кешіктірмей Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жинақтық ақпарат ұсынсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2005 жылғы 9 желтоқсандағы 
N 1227 қаулысымен     
бекітілген         

  Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың
2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы

Мазмұны

Бағдарламаның паспорты
1. Кіріспе
1.1.  Автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың негізгі қорытындылары
2.   Автожол саласының қазіргі жай-күйін талдау
2.1.  Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы автомобиль жолдарының рөлі
2.2.  Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желілерінің көлікті пайдалану жай-күйі
2.3.  Жол қозғалысының қауіпсіздігі
2.4.  Автокөлік тасымалдарын дамыту
2.5.  Транзиттік көліктік әлеует
3.   Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4.   Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігі
4.1.  Басымдылықтар және жұмыстардың негізгі көлемдері
4.2.  Автомобиль жолдарын пайдалануды жетілдіру және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру
       Автомобиль жолдарын пайдаланылуды жетілдіру
       Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру
4.3.  Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және шаруашылық жолдарын есепке алу
4.4.   Автожол саласын басқару жүйесін жетілдіру
4.5.  Бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру
4.6.  Техникалық саясат
       Салаға сапаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу
       Ғылыми және инновациялық даму
       Құқықтық және нормативтік-техникалық базаны жетілдіру
4.7.  Қоршаған ортаны қорғау
4.8.  Кадрлық әлеуетті жоғарылату
4.9.  Жол бойы инфрақұрылымын дамыту
4.10.  Ақылы жолдарды құру үшін құқықтық негізді қалыптастыру
5.   Қажетті ресурстар мен қаржыландырудың көздері
6.   Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
7.   Саланы одан әрі дамыту перспективалары
8.   Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

  Бағдарламаның паспорты

Атауы               Қазақстан Республикасының автожол саласын
                     дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған
                     бағдарламасы

Бағдарламаны        "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006
әзірлеу үшін        жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру
негіз               жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан
                     Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5
                     қыркүйектегі N 903 қаулысы

Әзірлеуші           Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
                     министрлігі

Бағдарламаның       Тұрғындардың және ел экономикасының автокөлік
мақсаты             тасымалдарына қажеттіліктерін қанағаттандыру
                     үшін жалпы пайдаланымдағы автомобиль
                     жолдарының желісін жетілдіру

Бағдарламаның       Автомобиль жолдары желісін сақтау және дамыту;
міндеттері          автомобиль жолдары желісін дамытудың
                     басымдықтарын белгілеу;
                     автомобиль жолдарының, көпірлердің көліктік-
                     пайдаланымдық көрсеткіштерін жақсарту және
                     олардың тұтынушылық қасиеттерін арттыру;
                     автомобиль жолдарын қайта жаңартқаннан және
                     күрделі жөндегеннен кейін олардың
                     учаскелеріндегі жөндеу аралық мерзімдерді
                     сақтау;
                     автомобиль жолдарының бойындағы
                     орманды қорғау көшеттерін дамыту;
                     автомобиль жолдарының пайдалану ресурстарын
                     көбейту, озық технологияларды және
                     материалдарды енгізу, жол төсемелерінің
                     конструкцияларын жетілдіру есебінен автожол
                     саласына инвестициялардың тиімділігін арттыру;
                     сапаны басқарудың халықаралық стандарттарын
                     автожол саласына енгізу;
                     саланың құқықтық және нормативтік техникалық
                     базасын жетілдіру, техникалық реттеуге көшу;
                     саланың кадр әлеуетін арттыру;
                     ақылы автомобиль жолдарының жүйесін
                     қалыптастыру үшін нормативтік құқықтық базаны
                     құру, мемлекеттік жеке серіктестіктің
                     тетіктерін қоса алып, балама қаржыландыру
                     көздерін енгізу;
                     басым ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және
                     олардың нәтижелерін енгізу;
                     басқару құрылымын және жергілікті жолдар
                     желісіндегі мемлекеттік реттеуді оңтайландыру

Іске асыру          2006-2012 жылдар
кезеңдері      

Қажетті             Бағдарламаны іске асыру үшін жұмсалатын қаржы
ресурстар мен       ресурстарының жалпы көлемі 1283 млрд. теңгені
қаржыландыру        құрайды, оның ішінде:
көздері             1) Республикалық бюджеттік комиссияның шешіміне
                     сәйкес 830 млрд. теңге республикалық бюджеттен
                     республикалық маңызы бар жолдарға 2006 жылға -
                     62 млрд. теңге; 2007 жылға - 93 млрд. теңге;
                     2008 жылға - 113 млрд. теңге; 2009 жылға - 125
                     млрд. теңге; 2010 жылға - 133 млрд. теңге;
                     2011 жылға - 144 млрд. теңге; 2012 жылға - 160
                     млрд. теңге;
                     2) 271 млрд. теңге облыстық және аудандық
                     маңызы бар жолдарға жергілікті бюджеттен және
                     мақсатты трансферттер республикалық бюджеттен,
                     оның ішінде:
                     республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер
                     есебінен 2007 жылға - 15 млрд. теңге; 2008
                     жылға - 19 млрд. теңге; 2009 жылға - 24 млрд.
                     теңге; 2010 жылға - 26 млрд. теңге; 2011 жылға
                     - 27 млрд. теңге; 2012 жылға - 30 млрд. теңге;
                     жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен 2006
                     жылға - 11 млрд. теңге; 2007 жылға - 13 млрд.
                     теңге; 2008 жылға - 15 млрд. теңге; 2009 жылға
                     - 18 млрд. теңге; 2010 жылға - 21 млрд. теңге;
                     2011 жылға - 24 млрд. теңге; 2012 жылға - 28
                     млрд. теңге;
                     3) 182 млрд. теңге мемлекетті-жеке меншік
                     серіктестіктің тетіктерін енгізумен автожол
                     саласындағы инвестициялық жобаларды іске
                     асыруға.
                     Бұл ретте республикалық және жергілікті
                     бюджеттерден қаржыландыру көлемдері тиісті
                     жылдың бюджетін құру мен нақтылау кезінде жыл
                     сайын белгіленген тәртіппен нақтыланатын болады

Күтілетін            Жалпы ұзақтығы 7205 км республикалық маңызы бар
нәтижелер           автомобиль жолдарының учаскелерінде қайта
                     жаңартуды, 1660 км күрделі жөндеуді және 16800
                     км орташа жөндеуді орындау, жалпы ұзақтығы
                     18089 км автомобиль жолдарының жергілікті
                     желілерінің учаскелерін қайта жаңарту, күрделі
                     және орташа жөндеуді, мемлекеттік-жеке меншік
                     серіктестіктің тетіктерін енгізумен ұзақтығы
                     1281 км республикалық маңызы бар автожолдардың
                     учаскелерін салу және қайта жаңарту;
                     республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын
                     ақаусыз күтіп ұстау деңгейін 86 пайызға дейін
                     жеткізу;
                     елді мекендерді жыл бойына үздіксіз көліктік
                     қатынаспен қамтамасыз етуді арттыру;
                     жол шарттары бойынша апат деңгейін төмендету;
                     автомобиль жолдарының республикалық
                     желісіндегі жүк көтеру қабілеттігі мен
                     көлемдері бойынша талаптарға сәйкес келмейтін
                     412 көпірді қайта жаңарту мен күрделі жөндеу.

  1. Кіріспе

      Қазақстан соңғы он жылдықта дүниежүзілік интеграциялық процестерге белсенді қатысушы болды. Жүктер мен жолаушыларды қызмет көрсету сервисінің жоғары деңгейімен ішкі және транзиттік тасымалдауды қамтамасыз ететін сапалы көліктік инфрақұрылымы экономикалық интеграцияның маңызды бөлігі болып табылады.
      Автомобиль жолдарының сапасына және жол бойғы сервисінің деңгейіне қойылатын қазіргі заманғы талаптар автожол саласы алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осы проблеманың жанжақтылығы автомобиль жолдарын дамытуға бірізді мемлекеттік саясатты жүргізуді талап етеді.
      Осы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735  Жарлығымен  бекітілген Автожол саласының дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейін дамуының стратегиялық жоспарының және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 903  қаулысының  негізінде әзірленді.
      Бағдарлама автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламаның іске асырылуы нәтижелеріне және республиканың автомобиль жолдары желісінің қазіргі заманғы жай-күйіне талдау жасаудың нәтижелеріне негізделген. Ол автокөлік тасымалында тұрғындар мен ел экономикасының қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру үшін жалпы пайдаланымдағы жолдар желісін жетілдіру мақсатында автожол саласындағы техникалық және экономикалық реформаларды одан әрі дамыту мен тереңдетуге бағытталған.
      Бағдарламаны іске асыру шеңберінде автомобиль жолдарының жүк жүктемесі жоғары учаскелерінің техникалық жай-күйін жақсарту және авариялық көпірлерді қайта жаңарту болжанып отыр. Автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген басым бағыттар бойынша автомобиль жолдарын дамыту жобаларын іске асыру жалғасын табады.

  1.1. Автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың негізгі қорытындылары

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қарашадағы N 730  Жарлығымен  бекітілген Автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) іске асыру барысында мемлекеттік бағдарламада көзделген 16487 шақырымның және 65 көпірдің, жалпы ұзақтығы 11346 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерін және 45 көпірді салу, қалпына келтіру, күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр.
      Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде жол құрылысының мынадай объектілері аяқталады:
      1) қайта жаңарту және қалпына келтіру:
      Алматы - Астана - 937 км;
      Астана - Бурабай (шипажай аймағының жолдарын қоса алғанда) - 249 км;
      Астана қаласының Солтүстік Батыс айналымы - 7 км;
      Бейнеу - Ақжігіт - 27 км;
      Қарағанды қаласы арқылы өту - 33 км;
      Рудный қаласының Батыс айналымы - 7 км;
      Алматы - Бішкек - 205,4 км;
      Батыс Қазақстан автожолдары - 932 км.
      2) Жолдар мен көпірлерді салу:
      Қызыләскер - Киров (Сырдария өзені арқылы өтетін көпірмен) - 54 км;
      Астана қаласының Солтүстік айналымы - 15 км;
      Риддер - Алтай Республикасының шекарасы (учаскесі) - 40 км;
      Жайық және Сырдария өзендері арқылы өтетін көпір өткелдері.
      Самара - Шымкент автожолының Қарабұтақ - Ырғыз - Қызылорда облысының шекарасы учаскесінде, Астана - Қостанай - Челябі, Үшарал - Достық, Қызылорда - Жезқазған автожолдарының учаскелерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
      Орындалған жұмыстар бұзылған жамылғылары бар учаскелерді қалпына келтіруге және автожолдардың жалпы көліктік пайдаланымдық жай-күйін жақсартуға мүмкіндік береді. Алайда жеткіліксіз қаржыландырылуы себебінен (1-диаграмма) Мемлекеттік бағдарламада жоспарланған жолдарды салу, қайта жаңарту және жөндеу жөніндегі жұмыстар толық көлемде жүргізілмейтін болады. Сонымен қатар, көзделген қаржыландыру көлемімен салыстырғанда, автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстауға арналған бюджет шығыстарының артуы, республикалық маңызы бар жолдардың көліктік-пайдаланымдық жай-күйін, Мемлекеттік бағдарламада көзделген 70% болжамдық деңгейде 53% - ға жақсартуға мүмкіндік береді.

      Диаграмма 1. Қазақстан Республикасының автожол саласын
 дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
   іске асырудың қаржылық қамтамасыз етілуін талдау (млн.теңге).

       (Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

      2000-2005 жылдардағы шығыстар бабы бойынша автожол саласын қаржыландыру көлемі 1-кестеде берілген.

  1-кесте. Автожол саласындағы бюджет шығыстарының құрылымын талдау

Шы-
ғыстар
бабы

2001

2002

2003

2004

2005

млн. тг.

Менш. сал-
мақ %

млн. тг.

Ме-
нш. сал-
мақ %

млн. тг.

Ме-
нш. сал-
мақ %

млн. тг.

Ме-
нш. сал-
мақ %

млн. тг.

Менш. сал-
мақ %

Автожол
салу, қайта
жаңарту
және
қалпына
келтіру

18164

76,5

22562

73,9

27482

79,9

30662

74,6

39339

71,5

Күр-
делі,
орташа 
және
ағым-
дағы
жөндеу,
күтіп
ұстау
және
көгал-
дандыру

5155

21,7

6020

19,7

6710

19,5

9743

23,7

15601

28,4

Қолдан-
балы
ғылыми
зерт-
теулер

44

0,2

50

0,2

138

0,4

110

0,3

60

0,1

Өзге-
лері
(жаб-
дық,
жол
қоры-
ның
қарыз-
дары)

375

1,6

1916

6,3

81

0,2

575

1,4

0

0,0

Саланың
жалпы
бюджеті

23738

100

30548

100

34411

100

41090

100

55000

100

      Шығыстар құрылымын талдау жолдарды салу, қайта жаңарту және қалпына келтіру бойынша жұмыстардың басым орын алатынын көрсетеді (сала бюджетінің 75%-ы). Берілген үрдіс жылдар бойы сақталуда және инвестициялар көлемінің өсуі кезінде жолдарды күтіп ұстауға қаражаттың бұрынғыдай жеткіліксіз бөлінуіне әкеліп соқтырады. Одан басқа, қаражаттың жетіспеушілігі, күрделі және орташа жөндеуді орындау бойынша жөндеу аралық мерзімдердің сақталмауына соқтырады.
      Мемлекеттік Бағдарламаны іске асыру шеңберінде саланы институционалдық дамыту мен тұтастай алғанда саланың қызмет ету тиімділігін арттыру мәселелерін шешуге ерекше назар аударылған.
      Аталған кезең ішінде саладағы ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру 400 млн. астам теңгені құрады. Соның есебінен кең көлемде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілді. Негізінде ғылыми зерттеулер жаңа материалдар мен технологияларды әзірлеуге, жол саласының нормативтік техникалық базасын халықаралық стандарттармен үйлестіруге, бағдарламалық кешендерді және деректер базасын әзірлеу және енгізуге және автожол саласын дамытудың басқа да мәселелеріне бағытталған.
      Үйлестіру бойынша жұмыстар шеңберінде автожол саласында қолданылатын Қазақстан Республикасының 62 стандарты және 27 өзге де нормативтік-техникалық құжаттарды қайта жасау көзделуде. Республикалық маңызы бар жолдардың көліктік-пайдаланымдық жай-күйінің электрондық дерекқорын қалыптастыру үшін бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленген.
      2001 жылдан бастап "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорны техникалық қайта жарақтандыру жүргізілуде, саланың жол-пайдалану қызметтері үшін мыңнан астам техника сатылып алынды.
      Шетелдік компаниялармен бірлескен жұмыс отандық мердігерлерге тәжірибе игеруге, жұмыскерлердің біліктілігін жоғарылатуға, жұмыстардың басқару мен жоспарлау жүйесін жетілдіруге, озық жоғарғы технологиялық жабдықтарды сатып алу жолымен негізгі құралдар паркін жаңартуға жағдай жасады. Салаға жұмыс өндірісінің жаңа технологиясы және мұздатылған ресайклирование, геотекстиль, полимерлік түрлендіргіш және т.б. секілді жаңа жол құрылыс материалдары ендірілуде. Мердігерлік ұйымдар сапаны басқарудың халықаралық жүйесін енгізуде, көптеген мердігерлердің ІSО 9001-2000 сертификаттары бар.

  2. Автожол саласының қазіргі жай-күйін талдау

  2.1. Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуындағы автомобиль жолдарының рөлі

      Соңғы 5-6 жыл ішінде Қазақстан экономикасында шамамен 8-10% жылдық өсу қарқыны орын алды. Бұл кезеңде ауқымды ресурстар жалпы ұлттық маңызы бар инфрақұрылымды қалпына келтіруге бағытталды. Экономиканы дамытудың көптеген әлеуметтік-экономикалық индикаторлары көліктік инфрақұрылымның сандық және сапалық жағдайын болашақтық қажеттілігіне сәйкес қалыпқа келтіру қажеттілігі туралы куәландыра отырып, дағдарыс алдындағы деңгейге дейін жеткен.
      Автомобиль жолдары аймақтардың экономикалық белсенділік деңгейіне айтарлықтай әсер етеді, өнімді еткізу рыногына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Жолдар халықтың еңбекпен қамтылу мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтеді, ал олардың болмауы ауылдық жерлердегі жұмыссыздық себептерінің бірі болып табыла отырып және тұрғындардың өркениеттен қол үзіп қалу сезімдерін туғыза отырып теріс әлеуметтік әсер қалдырады. Автомобиль жолдарының торабы тиісінше дамымаған елдерде халыққа әлеуметтік қызмет көрсету құны инфрақұрылымы дамыған елдерге қарағанда 2-3 есе жоғары.
      Ішкі көліктік қажеттіліктерге қызмет көрсетуден басқа, жол инфрақұрылымы халықаралық және транзиттік тасымалдарға қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, өңіраралық және мемлекетаралық көлік көпірінің қызметін атқарады.
      Қазіргі жағдайда көлік саласы өзінің дамуын тұтынушылар тарапынан автожол инфрақұрылымының қызметтеріне қазіргі және болашақтағы сұранысты толығымен қанағаттандыра алатындай етіп жоспарлауы тиіс.
      Республикада жүргізіліп жатқан Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық 2015 жылға дейінгі стратегиясы автомобиль көлігінің қызметтеріне сұраныстың өсуімен және жүк және жолаушылар тасымалының жалпы көлеміндегі оның үлесінің бұдан әрі ұлғаюымен қатар жүретін болады.
      Әлеуметтік-экономикалық даму жағдайында автомобиль көлігін қолдану саласы қарқынды кеңеюде. Автомобиль көлігі жоғары бағалы және тез бұзылатын жүктерді үлкен қашықтыққа тасымалдау үшін қолданылады, сондай-ақ 500-1000 шақырым орта қашықтыққа тасымалдауда, әсіресе 100 шақырымға дейінгі қысқа қашықтыққа тасымалдауда біртіндеп алдыңғы орынға шығуда.
      Елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын ескере отырып, автомобиль көлігінде 2012 жылға қарай жүк айналымы 33-ден 55 млрд. тонна километрге дейін өседі деп болжануда.
      Автомобиль көлігінде тасымалдау көлемінің әрі қарай өсуі өндіріс көлемінің ұлғаюымен, кәсіпкерлік қызметтің дамуымен, қызметтер көрсету аясының кеңеюімен, халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауымен, жаңа аумақтар мен пайдалы қазба орындарын игерумен, халықаралық сауданың кеңеюімен, Қазақстан аумағы бойынша өтетін халықаралық көлік дәліздері бойынша транзиттік тасымалдаудың, дамуымен байланысты болады.

  2.2. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желісінің
көліктік-пайдаланымдық жай-күйі

      Еуропа және азия тас жолдары (1-қосымша) желісінің бөлігі болып табылатын халықаралық дәліздерді қоса алғанда республикалық маңызы бар жолдар желісінің ұзындығы 23 мың шақырымды құрайды. Жолдардың көп бөлігі қатты жабынды (2-кесте). Жерасты бөлінуінің жалпы ұзындығы 144 шақырымды құрайды.

 2-кесте. Республикалық маңызы бар жолдардың жамылғыларын
             санаты және үлгісі бойынша бөлу

Жалпы
ұзындығы

Санаттар

І

ІІ

ІІІ

ІV

V

км

км

км

км

км

км

22996

705

3424

16667

2059

141

кестенің жалғасы

Жамылғы үлгісі

Көпірлер

Құбырлар

А/б

Қара қиыр-
шықты тас

Қиыршық
тасты

Топырақты

км

км

км

км

дана

дана

7427

13584

1841

144

1177

13828

      Автомобиль жолдарының 2006 жылдың басына қарай күтілетін жай-күйі 2-диаграммада берілген.

      2-диаграмма. Автожолдар желісінің 2006 жылғы 1 қаңтарда жалпы ұзындығы 22996 шақырым кезіндегі күтілетін жай-күйі

        (Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

      Қазіргі уақытта күрделі үлгідегі жол төсемесі қызметінің жөндеуаралық мерзімі күрделі жөндеу үшін 15-16 жыл және орташа жөндеу үшін 5 жылды құрайды. Осьтік жүктеменің және ауыр салмақты автокөлік құралдары сандарының өсуімен жамылғылардың бұзылу қарқыны айтарлықтай тездетіледі.
      Жалпы күрделі көпірлердің (1117) ішінен 32% қанағаттанарлықсыз жағдайда және жөндеу жұмыстарын қажет етеді, олардың ішіндегі 8% авариялық жағдайларда (3-диаграмма).

      3-диаграмма. Республикалық маңызы бар жолдардағы көпірлердің жай-күйі

        (Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

      2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 65365 шақырымды немесе жалпы пайдаланымдағы барлық жолдар торабы ұзындығының 74 % құрайды. Сарапшылардың бағалауы бойынша жеткілікті қаржыландырмау себебінен жергілікті жолдардың 1200 шақырымға дейіні жыл сайын қанағаттанарлықсыз жағдайға өтеді.
      Қазіргі уақытта қанағаттанарлықсыз жағдайдағы жол учаскелері жергілікті жол желісінің жалпы ұзындығының 40% құрайды. Жергілікті желіде, көктем-күз мезгілінде олар бойынша жол жүру толықтай немесе ішінара тоқтатылатын, үш мың шақырымнан астам жер асты топырақ бұзылуы бар. Жергілікті маңызы бар жолдардың жабынды түрі бойынша жай-күйі мен санаты 3-кестеде және 4-диаграммада көрініс тапқан.

  3-кесте. Жамылғы түрлері және санаттары бойынша жергілікті
                          жолдар желісі

Жалпы
ұзын-
дығы

Санаттар

Жамылғы үлгісі

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Ү

б/к

А/б

Қара
қиыр
шық
тасты

Қиыр-
шық
тасты

топы-
рақты

км

км

км

км

км

км

км

км

км

км

км

65365

72

751

18714

39289

4675

1864

6322

29163

24566

5314

      4-диаграмма. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың
                     көліктік-пайдалану жай-күйі

        (Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

      Бүгінгі уақытқа дейін республикада қатты жабынды автомобиль жолдары бойынша облыстық немесе аудандық орталықтармен байланысы жоқ шамамен 2000-ға тарта ауылдық елді мекендер бар.
      Жергілікті маңызы бар жол торабындағы автожол көпірлері мен жол құбырларының көліктік-пайдаланымдық жағдайы күрделі және маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Зерттеу жүргізілген 1911 көпірдің 502-сі күрделі және орташа жөндеуді, ал 25 көпір толықтай ауыстыруды қажет етеді.
      Автожол саласын қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігі және оның 2000 жылға дейінгі төмен деңгейде болуы жолдар жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырады, бұл ақауларды бүгінгі күні де толықтай жою мүмкін болмай отыр.
      Жол саласын қаржыландырудың шектелген кезеңінде жөндеуаралық мерзім бойынша жүргізілуі тиіс 2-3 күрделі және орташа жөндеу жіберіліп қалды, бұл автожолдардың едәуір бөлігінде жол төсемесінің нашарлауына әкелді. Мәселен, 1993 жылмен салыстырғанда республикалық торап бойынша жүру жолының негізгі элементтерінде ақау бар жолдың жалпы ұзындығы 3 есеге артты және 2004 жылғы тексеріс деректері бойынша 50% құрады.
      Қазіргі уақытта жолдың техникалық жағдайын қалпына келтіру үшін қайта жаңарту және қалпына келтіруге көп қаражат бөлінуде, сонымен бірге пайдалану шығынына жеткілікті назар аударылмауда. Нәтижесінде жылдан жылға, автомобиль жолдарын жөндемеу жинақталуда, бұл кейіннен оларды толық қалпына келтіруді қажет етеді.
      Қаражаттың шектеулі болғанына байланысты автомобиль жолдарын күтіп ұстау және алдын ала жөндеу жұмыстары толық деңгейде жүргізілмейді, бұл жол төсемінің, жер төсемесі мен жасанды құрылыстардың қызмет ету мерзімінің қысқаруына және мезгілінен бұрын бұзылуына әкеліп соқтырады. Көгалдандыру бойынша орман жолақтарын механикалық өңдеу бойынша ғана жұмыстар жүргізіледі, жаңадан көшет отырғызу және оны күтіп баптау жұмыстары жүргізілмейді.
      Уақытынан бұрын бұзылу процесін тоқтату, күтіп-ұстау нормалары қатаң түрде сақталған жағдайда ғана мүмкін болады, бұл ең алдымен қайта жаңарту және қалпына келтіруден өткен жол учаскелеріне қатысты.
      Іс-жүзіндегі бақылау көрсетіп отырғандай, жыл сайын орташа есеппен республикалық маңызы бар жолдардың 1500 шақырымға дейіні бұзылып жатады, орташа есеппен жылына 2000 шақырымға жуық жол жөндеудің барлық түрімен ретке келтіріледі. Қайта жаңартуды және жөндеуді қажет ететін республикалық жолдардың ұзындығы 19 мың шақырымнан астам екендігін ескере отырып, қолда бар қаржыландыру деңгейін сақтай отырып барлық жол тораптарын қалпына келтіру үшін 35 жылдан астам уақыт керек.

  2.3. Жол қозғалысының қауіпсіздігі

      Жалпы пайдаланымдағы жолдағы авариялық жағдайларын төмендету жол саласының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
      Қазіргі уақытта қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін арттыру жөніндегі жұмыстар жолдардағы авариялық себептерін талдау негізінде қалыптастырылатын жыл сайынғы жоспарларға сәйкес жүргізіледі. Көктемгі-күзгі тексеріс нәтижесі жолды қауіпсіз күтіп ұстаудың барлық жақтарын көрсетеді, бұл автомобиль жолдарында қауіпсіз қозғалыс жағдайын арттыру жөніндегі қажетті іс-шараларды уақтылы жоспарлауға мүмкіндік береді.
      2003-2004 жылдарда автомобиль жолдарында авариялық қауіпті жерлерді анықтау, есепке алу және жою бойынша нұсқаулық әзірленді. Жол полициясы органдары үшін жол көлік оқиғалары (бұдан әрі - ЖКО) тіркеу және талдау жөнінде бағдарламалық кешен және ЖКО шеккен экономикалық зиянды бағалау бойынша әдістемелік оқу құралы әзірленді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мәселелерді реттейтін бірқатар нормативтік техникалық құжаттар, атап айтқанда жол белгілеріне, жол қозғалысын ұйымдастыру құралдарына, таңбалауға және қоршауларға талаптар қолданысқа енгізілді.
      Сонымен қатар, қолданылып жатқан шараларға қарамастан ЖКО саны, сондай-ақ жалпы пайдаланымдағы жолдарда ЖКО жарақаттанғандар мен қайтыс болғандар саны жыл сайын аса қарқынды өсіп келеді, бұл автокөлік құралдары паркі санының өсуімен түсіндіріледі.
      ЖКО саны туралы статистикалық деректерді талдау (5-диаграмма), соңғы бес жыл ішінде олардың санының үздіксіз, өсіп отырғандығын көрсетеді, ол жалпы алғанда 35 % құрады.

      5-диаграмма. Жол көлік оқиғаларын талдау

        (Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

      2000-2004 жылдарда Қазақстанның барлық жолдарында шамамен 9,5 мың ЖКО болды. Орташа алғанда жыл сайын ЖКО нәтижесінде шамамен мыңдай адам қаза тапты және төрт мыңға жуық адам жарақат алды. Бұл ретте ЖКО төрттен үш бөлігі республиканың елді мекендерінде болады. Жалпы пайдаланымдағы жолдарда ЖКО саны 23% құрайды. 2003 жылы елді мекендерде ЖКО салдарының ауырлық көрсеткіші 9-ға жетті (ЖКО салдарының ауырлығы - бұл ЖКО кезіндегі қаза тапқандар санының 100 зардап шеккендер санына көбейтілген зардап шеккендердің жалпы (қаза тапқандар мен зардап шеккендер) санына қатынасы); республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында осындай көрсеткіш 2,7 есеге көп.
      Республикадағы халық тығыздығының төмендігін және автомобильдендірудің салыстырмалы төмен деңгейін ескерсек, ұсынылған деректер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында күрделі мәселелердің бар екендігін көрсетеді.
      Жоғарыда айтылғандар, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған бағдарлама құжаттарын әзірлеу кезінде, жалпы пайдаланымдағы жолдарда ЖКО себептерін талдауға және олардың алдын-алу шараларына ерекше көңіл бөлу қажет деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

  2.4. Автокөлік тасымалдарын дамыту

      Соңғы жылдарда экономиканың серпінді дамуы қозғалыс қарқындылығының өсу шапшаңдығына және еліміздің автомобиль жолдарындағы жүк тасымалдау көлемдеріне әсерін тигізді. Бүгінде республикалық маңызы бар жол желісінің едәуір бөлігінде қозғалыс қарқындылығы күніне 1000-4000 автокөлік құралдары шегінде жатыр және жылына 7-8% дейін өсіп келеді.
      Облыстық маңызы бар жолдардағы қозғалыс қарқындылығы тұтас алғанда төменірек, бірақ, жекелеген учаскелерде ол республикалық желінің жүктемесімен тең келеді.
      Аса маңызды республикалық маңызы бар бірқатар автомобиль жолдары өткізу қабілеттілігі қазірдің өзінде шын мәніндегі қозғалыс қарқындылығына сәйкес келмейді (2-қосымша). Бұл ретте Қазақстанның жолдарындағы автокөлік қозғалысының қарқындылығы Еуропа елдеріне қарағанда анағұрлым төмен.
      Қарқындылықтың бұдан әрі өсуін ескере отырып, үздіксіз автокөлік қатынасын қамтамасыз ету үшін жақын перспективада, төртжолақты автомагистральдарды салуды қоса алғанда, 7 мың км-ден артық жолды, жоғарылатылған техникалық санатқа ауыстыруды жүзеге асыру қажет.
      Өңіраралық және халықаралық сауданы жандандырумен қатар, автомобиль тасымалдарының барынша өсуі көбіне қарқынды автомобильдендіру процесіне байланысты. Соңғы жылдарда автокөлік құралдары санының өсуі (4-кесте) айтарлықтай баяу болды - жылына 4%-дан аз, бірақ жанар-жағармай құралдарын пайдалану көрсеткіштері автомобильдер санының шын мәнінде өсуін және осымен байланысты қозғалыс қарқындылығының 2 еседен артық өсуін көрсетеді.

   4-кесте. Қазақстан Республикасының автокөлік құралдары
           паркінің 1999-2003 жылдардағы өсу серпіні

Автокөлік
құралдары

2000

2001

2002

2003

2003
жылды
2000
жылға %

Барлық автомобиль-
дер, бірлік

1279009

1349491

1365050

1471472

115%

соның
ішінде жүк

196980

204568

214191

223063

113,2%

автобустар

45666

50162

51367

61391

134,4%

Жеңіл

1000298

1055529

1062554

1148754

114,8%

Арнайы

36065

36960

36938

38264

106,09%

Жартылай
тіркемелер,
бірлік

13945

13765

14778

16044

115,05%

Тіркемелер,
бірлік

42493

39825

39750

43339

101,9%

      Қозғалыс қарқындылығының өсуімен қатар автомобиль көлігімен тасымалдау көлемдерінің жылдам өсуі байқалады. 5-кестеде көрсетілген жүктер мен жолаушыларды тасымалдау көлемдерінің өсу серпінін талдау 2001 жылмен салыстырғанда 2004 жылы тиісінше 24% және 17%   өскендігін көрсетеді.

   5-кесте. Жүктерді тасымалдау көлемдерінің өсу серпіні

Жылдар

Жүк тасымалы

Жүктер, млн. тн

Жүк айналымы,
млн. тн. км

2001

1076,9

33023

2002

1219,3

37589

2003

1318,2

40158,4

2004

1445,9

43435,7

2006 (болжам)

1700

51000,0

2012 (болжам)

2350

55000,0

      Индустриалдық-инновациялық саясатты іске асыруды ескере отырып, барынша жоғары технологиялық тауарлар мен өнімдер өндірістерінің дамуымен автомобиль көлігінің рөлі айтарлықтай артады. Бұл көліктің басқа түрлерінен тасымалдау көлемінің бір бөлігінің ауысуымен қозғалыс қарқындылығының еріксіз өсуіне әкеледі. Осы процесс көліктің жеке түрлері арасындағы адал бәсекелестік қағидаттарымен реттелетін, нарықтың ажырамас бөлігі бола отырып, табиғи түрде жүріп өтеді.
      Автомобиль жолдарының дамуы мүмкіндігінше автомобиль көлігі қызметіне сұраныстың өсуінен озық болуы және тасымалдаудың бұл түріне экономикасының және ел тұрғындарының қажеттілігін уақытында қанағаттандыруы тиіс. Осы Бағдарламаның негізгі бағыттары автомобиль жолдары бойынша көліктік тасымалдардың өсуін есепке ала отырып белгіленген.

  2.5. Транзиттік көліктік әлеует

      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздері, мемлекетаралық және өңіраралық деңгейде көлік қатынасын қамтамасыз ете отырып, ерекше маңызды байланыс рөлін атқарады.
      Қолданыстағы автомобильдік транзиттік дәліздер өзінің географиялық орналасуы бойынша халықаралық жүктерді тасымалдаудың негізгі бағыттарына сәйкес келеді. Оңтүстік Шығыс Азия және Қытай мемлекеттерінің дамуының жоғарғы қарқындылығын есепке ала отырып, Қазақстанның халықаралық көлік дәліздері транзиттік тасымалдар көлемдерін игерудің қолайлы перспективаларына ие.
      Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің деректеріне сәйкес, экспорттық-импорттық автомобиль тасымалының негізгі көлемі Қырғызстан, Ресей және Қытаймен жүзеге асырылады (6-диаграмма). Халықаралық тасымалдардың қалған көлемі Еуропа және Азия елдерімен жүзеге асырылады.

      6-диаграмма. Экспорттық-импорттық автомобиль тасымалдары көлемдерінің бөлінуі

        (Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

      Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік автотасымалдарын негізінен Қырғызстан (10,5 %), Өзбекстан (5,5 %) және Ресей (3,6 %) және Қытай жүктерін Қазақстандық тасымалдаушылар (85,8 %) жүзеге асырылады.

      Сонымен бірге, транзиттік жүріп өтуден алынған алым ставкасының айтарлықтай төмендеуі нәтижесінде 2004 жылы автокөліктің жүріп өткені үшін алынатын алымдардың жалпы сомасы 41% кеміді.
      Қазақстан аумағы бойынша халықаралық маңызы бар екі бағдарғыны: Хоргос - Алматы - Мерке - Шымкент - Өзбекстан шекарасы (N АН5-бағдарғысы) және Қарақоға - Петропавл - Чистое (N АН6-бағдарғысы) қоса алғанда, бірнеше Азиялық бағыттар өтеді. Екі бағыт Қазақстанның солтүстік және оңтүстік бөліктеріндегі Шығыс - Батыс басты автокөлік дәліздерінде орналасқан.
      Мемлекеттік бағдарламада жалпы ұзақтығы 8290 км болатын алты негізгі халықаралық транзиттік дәліздер белгіленген. Бірқатар дәліздердің өткізу қабілеттілігін пайдалану дәрежесі жойылған немесе орташа мәні 70% (6-кесте) болғанда жойылуға таяу.
      Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің деректері бойынша республиканың автомобиль жолдары бойынша транзиттік көлік қозғалысы қарқындылығының өсуі байқалады. Егер 2003 жылы көліктік бақылау посттары арқылы шамамен 130 мың жүк автокөлік құралдары өтсе, ал 2004 жылы транзиттік жүк ағынының қарқындылығы 203 мың бірлікке дейін артты.
      Транзиттік дәліздердің өткізу қабілеттілігін ағымдағы және перспективалық қажеттіліктермен сәйкестікке келтіру үшін жақын уақыттың өзінде оларды жоғарылатылған техникалық санатқа (ең кемінде, екінші) ауыстыру арқылы қайта құрылымдауды жүргізу қажет болады. Атап айтқанда, халықаралық транзиттік дәліздердің жекелеген учаскелерінде қозғалыс қарқындылығының бүгінгі өсу үрдісі сақталған кезде, ол күніне 12 мың және одан да көп автомобильге дейін жетеді.

              6-кесте. Халықаралық автокөлік
           дәліздеріндегі қозғалыс қарқындылығы

Дәліздің атауы

ұзақтығы, км

Бір күнгі қозғалыс қарқындылығы авт/күн

Қолдану дәрежесі, %

1

2

3

4

Өзбекстан шекарасы - Шымкент - Тараз - Бішкек - Алматы - Қорғас - Қытай шекарасы

1137

>7000

>100

Өзбекстан шекарасы - Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Ресей Федерациясының шекарасы

2048

>3000

>100

Алматы - Қарағанды - Астана - Петропавл

1669

>2500

~80

Ресей Федерациясының шекарасы - Атырау - Ақтау - Түркіменстан шекарасы

1420

>1800

~50

Ресей Федерациясының шекарасы - Павлодар - Семей - Майқапшағай - Қытай шекарасы

1105

>1500

~50

Астана - Қостанай - Ресей Федерациясының шекарасы

879

>1300

~40

Жиыны

8258 2850 70

      Транзиттік тасымалдаушылар үшін халықаралық автокөлік дәліздерінің тартымдылығының маңызды бөлігі олардың жолбойғы сервис объектілерімен қамтамасыз етілуі мен қызмет көрсету сапасы болып табылады.
      Төменде 7-кестеде 2005 жылдың басындағы жай-күй бойынша алты негізгі халықаралық транзиттік дәліздердегі мотелдер және кемпингтер, автотұрақ, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциялары, автожанармай құю станциялары, тамақтану және сауда пункттері туралы деректер келтірілген.
      Халықаралық бағдарғылар техникалық қызмет көрсету, автожанармай станциясы, мотелдер және т.б. қоса алғанда жолбойы инфрақұрылымының бұдан әрі дамуын қажет етеді. Олардың орналасуы және техникалық жарақталуы қазіргі уақытқа барлық тұтынушылардың, ең алдымен - ірі тоннажды автокөлік құралдары жүргізушілерін қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді.
      Қолданыстағы мотелдер мен кемпингтер көбінесе жеңіл автомобиль жүргізушілеріне қызмет көрсетуге арналған және жүк көлігіне арналған тұрақтар саны жеткіліксіз. Демалыс пункттері, көп жағдайда көркемдік жағынан да, көрсететін қызметінің деңгейі жағынан да мотелдер мен кемпингтерге қойылатын талаптарға сәйкес келмейді.
      Күзетілетін тұрақтары бар демалыс пункттері санының жеткіліксіздігі жол қозғалысының қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді және операторларға Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 16-1  бұйрығымен  бекітілген Жүргізушілердің еңбек және демалысын ұйымдастыру ережесінің талаптарын, бақылау құрылғысымен автокөлік құралдарын жарақтандыру жөніндегі талаптарды, еңбек және демалыс тәртібін тіркеуді, сондай-ақ халықаралық автомобиль тасымалдарын орындайтын көлік құралдарының экипажының жұмысына қатысты  Еуропалық келісімінің  талаптарын (тахографтармен) сақтауға мүмкіндік бермейді.

     7-кесте. Негізгі халықаралық транзиттік дәліздердің
       жолбойғы сервис объектілерімен қамтамасыз етілуі

Бағдарғы атауы


Мотелдер,
кемпингтер,
мейрамханалар

Күзетілетін
тұрақтар

ТҚС

дана

орын

дана

орын

дана

посттар

1

2

3

4

5

6

7

Өзбекстан шека-
расы - Шымкент
- Тараз - Біш-
кек - Алматы -
Қорғас - Қытай
шекарасы

13(6)

344
(194)

16 (6)

673 (541)

48(5)

147 (59)

Өзбекстан шека-
расы - Шымкент
- Қызылорда -
Ақтөбе - Орал
- Ресей Феде-
рациясының
шекарасы

4 (2)

77 (27)

3(1)

26 (6)

15(2)

59(9)

Алматы - Қара-
ғанды - Астана
- Петропавл

21 (8)

456 (169)

3(3)

80 (80)

16(4)

47 (22)

Ресей Федера-
циясының шека-
расы - Атырау
- Ақтау -
Түркіменстан
шекарасы

2 (0)

16 (0)

1 (1)

30 (30)

6(10)

21(4)

Ресей Федера-
циясының шека-
расы - Павлодар
- Семей - Май-
қапшағай -
Қытай шекарасы

8 (6)

175 (141)

0 (0)

0 (0)

10(1)

33(16)

Астана - Қос-
танай - Ресей
Федерациясының
шекарасы

(6)3

120 (50)

3 (0)

50 (0)

4(1)

20 (10)

Жиыны

54 (25)

1191 (581)

26 (11)

859 (657)

99 (14)

327 (120)

кестенің жалғасы

Бағдарғы атауы


АЖС

Тамақтану
пункттері

Сауда
пункттері

дана

колон-
калар

дана

орын

дана

1

8

9

10

11

12

Өзбекстан шека-
расы - Шымкент
- Тараз - Біш-
кек - Алматы -
Қорғас - Қытай
шекарасы

 129

344

162

3610

55

Өзбекстан шека-
расы - Шымкент
- Қызылорда -
Ақтөбе - Орал
- Ресей Феде-
рациясының
шекарасы

98

261

65

1346

4

Алматы - Қара-
ғанды - Астана
- Петропавл

134

339

185

3218

19

Ресей Федера-
циясының шека-
расы - Атырау
- Ақтау -
Түркіменстан
шекарасы

28

72

51

658

14

Ресей Федера-
циясының шека-
расы - Павлодар
- Семей - Май-
қапшағай -
Қытай шекарасы

71

224

49

679

12

Астана - Қос-
танай - Ресей
Федерациясының
шекарасы

47

177

43

758

18

Жиыны

507

1417

555

10269

122

      Ескерту: Жақшаның ішінде қала шегінде орналасқан объектілер саны көрсетілген ("Инжиниринг" СК мәліметі бойынша).
      Қолданушыларға жолбойы сервисі объектілерінің бар екендігі және орналасу жайындағы, сондай-ақ жүріс бағдарғысы бойынша жолдардың ағымдағы жай-күйі туралы ақпараттық қызмет көрсетулер жеткілікті дамымаған.
      Аталған факторлар жол қозғалысы қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді және республиканың транзит-көлік әлеуетін төмендетеді, өйткені қазір қазақстандық бағдарғының ең қысқа арақашықтығының өзі шетелдік тасымалдаушылардың жүру бағдарғысын таңдаудағы анықтаушы факторы болып табылмайды.
      Осылайша, транзиттік әлеуетті қолдану тиімділігін арттыру транзиттік дәліздердің жеткілікті өткізу қабілеттілігін, олардың көліктік-пайдалану және жолбойғы сервисі объектілерінің дамытуға жағдай жасауды қоса алғанда, жол бойғы сервистің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге негізделуі тиіс.

  3. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Бағдарламаның мақсаты автокөлік тасымалдарына тұрғындардың және еліміздің экономикасының қажеттілігін барынша қанағаттандыру үшін жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желісін дамыту болып табылады.
      Бағдарламаның алға қойған мақсатына жету үшін мынадай міндеттерді:
      автомобиль жолдары желісін сақтауды және дамытуды;
      автомобиль жолдары желісін дамытудың басымдылықтарын анықтауды;
      автомобиль жолдарының, көпірлердің көліктік-пайдаланымдық көрсеткіштерін жақсартуды және олардың тұтынушылық қасиеттерін арттыруды;
      қайта жаңарту және күрделі жөндеуден кейін автомобиль жолдары учаскелеріндегі жөндеуаралық мерзімдердің сақталуын;
      автомобиль жолдары бойындағы орманды қорғау көшеттерін дамыту, күту және күтіп ұстауды;
      автомобиль жолдарының пайдаланымдық ресурсын көбейту есебінен автожол саласындағы инвестициялардың тиімділігін арттыруды, озық технологиялар мен материалдарды енгізуді, жол төсемесінің құрылымдарын жетілдіруді;
      сапаны басқарудың халықаралық стандарттарын автожол саласына енгізуді;
      саланың құқықтық және нормативтік-техникалық базаларын жетілдіруді, техникалық реттеуге көшуді;
      саланың кадрлық әлеуетін арттыруды;
      ақылы автомобиль жолдарының жүйесін қалыптастыру үшін нормативтік-құқықтық базаны жасауды;
      мемлекет-жеке әріптестігін қоса алғанда, баламалы қаржыландыру көздерін енгізуді;
      басым ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды және олардың нәтижелерін енгізуді;
      жергілікті жолдар желісіндегі басқару құрылымын және мемлекеттік реттеуді оңтайландыруды іске асыру қажет болады.

  4. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігі

  4.1. Басымдылықтар және жұмыстардың негізгі көлемдері

      Бағдарламада мынадай басымдылықтар көзделеді:
      негізгі халықаралық транзиттік дәліздерді бірінші кезекте қайта жаңарту;
      автомобиль жолдары торабындағы бұзушылықтарды кезең-кезеңмен жою;
      жүк көтергіштігі және габариттері жөніндегі талаптарға жауап бермейтін 412 көпір мен жолөткелдерді қайта жаңарту және күрделі жөндеу;
      қайта жаңартудан және қалпына келтіруден өткен учаскелерде жөндеуаралық мерзімдердің сақталуы;
      республикалық маңызы бар автожолдардағы топырақ бөлінуін жою;
      ауылдық жерлердегі елді мекендердің автомобиль көлігі қатынасына жыл бойы қол жеткізуін қамтамасыз ету;
      облыс орталықтарының айналма автомобиль жолдары учаскелерін салу және қайта жаңарту;
      облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын сақтау және қалпына келтіру;
      ауылдық жерлерде өзіндік құны төмен автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу;
      ішкі және келімді туристік қызметті және кластерлік бастамаларды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының тарихи, мәдени және табиғи туристік объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерін қайта жаңарту және күрделі жөндеу.
      Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерін қайта жаңарту жоғарыда көрсетілген басымдылықтарға сәйкес мынадай бағыттарда жүргізілетін болады:
      Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас;
      Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Самара, Түркістан және Ақтөбе қалаларының айналма жолдарын қоса алғанда;
      Алматы - Қарағанды - Астана - Петропавл - Ресей Федерациясының шекарасы "Астана - Щучин", "Бурабай - Көкшетау - Петропавл - Ресей Федерациясының шекарасы" учаскелерінде;
      Астрахань - Атырау - Ақтау - Түркменстан шекарасы;
      Қиғаш өзені арқылы өтетін көпір салу;
      Омбы - Павлодар - Семей - Майқапшағай (іріктеліп);
      Астана - Қостанай - Челябі - Екатеринбург;
      Алматы - Аякөз - Георгиевка;
      Таскескен - Бақты;
      Шонжы - Көлжат; Үшарал - Достық (іріктеліп);
      Қызылорда - Жезқазған - Павлодар - Ресей Федерациясының шекарасы (іріктеліп);
      Жезқазған - Петропавл - Ресей Федерациясының шекарасы (іріктеліп);
      Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан шекарасы (екінші кезең).
      Автомобиль жолдары учаскелерін қайта жаңарту жөніндегі жұмыстардың көлемі қозғалыс қарқындылығының нормативтік өсімін ескере отырып әзірленген және қарасты өсуінің оське 10 тн. есептік жүктемесі бар III техникалық санат талаптарына сәйкес қолда бар жобалық-сметалық құжаттамалардың ішінара қайта жасалуын ескерумен жоспарланды. Автомобиль жолдарының жаңа учаскелерін қайта жаңартудың жобаларын әзірлеу кезінде есептік осьтік жүктемесі кемінде 13 тонна болатындай етіп жол төсемесінің құрылымын күшейту арқылы халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын ең төмен дегенде II техникалық санатқа ауыстыруды көздейтін қайта жасалған құрылыс нормалары және ережелерінің талаптары ескерілетін болады.
      Осылайша 2006-2012 жылдар ішінде республикалық маңызы бар жолдардағы жұмыстардың көлемі мыналарды құрайды:
      салу және қайта жаңарту - 7205 км;
      күрделі жөндеу - 1660 км;
      орташа жөндеу - 16800 км;
      көпірлерді қайта жаңарту және күрделі жөндеу - 412 дана.
      Бағдарламаны іске асыру шеңберінде орындалу жоспарланған негізгі инвестициялық жобалар картаға түсірілген және 3-қосымшада көрсетілген.
      Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерін салу, қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеу бойынша жұмыстардың болжанған көлемдері - 18089 км құрайды.
      Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын ескере отырып, келешекте жетіспейтін автожолдарды салудың қажеттілігін анықтау үшін, республикамыздың транзит көлік әлеуетін кешенді зерттеу жүргізілуі тиіс. Зерттеу шеңберінде мемлекет-жекеменшік серіктестігі тетіктерін енгізу арқылы жаңа учаскелер салудың мынадай басым бағыттары қамтылуы тиіс:
      ұзақтығы 200 км Шалқар - Арал (Алматы - Қызылорда - Ақтау бағдарғысын 200-нан астам км-ге қысқарту);
      ұзақтығы 500 км Бейнеу - Шалқар (батыс, орталық және шығыс өңірлерінің толассыз автомобиль қатынасын қамтамасыз ету);
      ұзақтығы 200 км Қарабұтақ - Торғай ("Астана - Атбасар - Қостанай - Денисовка - Ақтөбе облысының шекарасы - Қарабұтақ" бағдарғысын 500-ден астам км-ге қысқарту);
      ұзақтығы 200 км Арал - Жезқазған автожолының (Арал - Қоскөл учаскесінде) (орталық және шығыс өңірлердің Ақтау портымен толассыз қатынасын қамтамасыз ету және тасымалдау қашықтығын 2500-ден астам км-ге қысқарту);
      ұзақтығы 62 км Алматы - Ыстықкөл (Ыстықкөлге дейінгі бағдарғыны 200-ден астам км қысқартады);
      Одан басқа, ұзақтығы 119 км Төрткөл - Шәуілдір - Түркістан учаскесін республикалық бюджет қаражатынан кейіннен өтеу арқылы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетігін енгізу есебінен қайта жаңарту көзделіп отыр.
      Бағдарламаны орындау оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізінде жүзеге асырылады.

  4.2. Автомобиль жолдарын пайдалануды жетілдіру
жеке жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру

  Автомобиль жолдарын пайдалануды жетілдіру

      Бағдарламада автомобиль жолдарын пайдалану сапасын арттыру және бөлінген қаражатты тиімді пайдалану мақсатында мынадай шараларды іске асыру көзделген:
      ақауларды уақтылы анықтау және жою;
      жол-пайдаланымдық қызметтерін барынша тиімді орналастыру;
      жол-пайдаланымдық қызметтерін техникалық жарақтауды нормативтік талаптарға дейін жеткізу;
      пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде үйлесімді халықаралық стандарттарды енгізу ("Қазақстан Республикасындағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдалану кезінде жұмыстарды жіктеу жөніндегі нұсқаулық" РД 218 ҚР 69-95 сәйкес күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау);
      ақаусыз күтіп ұстау деңгейі бойынша бекітілген желілерді күтіп ұстау сапасын бағалауға бірте-бірте ауысу;
      автомобиль жолдарын диагностикалауды және аспаптық тексеруді жүйелі жүргізу;
      автомобиль жолдарының және көпірлердің техникалық-пайдаланымдық жай-күйі туралы дерекқорды толықтыру және қамтамасыз ету;
      жол-пайдаланымдық кешендердің техникалық жай-күйін жақсарту;
      көпір құрылыстарының көліктік-пайдаланымдық жай-күйін жақсарту.
      Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың көліктік-пайдаланымдық жай-күйін жақсарту жөніндегі міндеттерді шешуге жөндеу мен күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау және жүргізу стратегиясын өзгерту есебінен қол жеткізіледі. Облыс орталықтарын аудан орталықтарымен байланыстыратын жолдарда жөндеудің жаңа әдістері кеңінен қолдану көзделеді.
      Пайдалануды басқарудың басты міндеттерінің бірі остік жүктемелер және көлік ағыны қарқындылығы артып отырған жағдайларда қолданыстағы жол төсемелерін сақтау болып табылады. Осы міндеттерді шешу үшін:
      осьтік жүктемелермен және қозғалыс қарқындылығымен жолдарды сәйкестікке келтіру үшін қайта жаңарту және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстардың қажеттілігін бағалауды;
      есепке алу пункттерін көшіруді қоса алғанда, остік жүктемелерді өлшеу және мониторингі үшін осы заманғы технологияларды енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық жұмыс бағдарламасы шеңберінде ұсыныстарды әзірлеуді қамтитын жол төсемелерінің, жер төсемінің және жасанды құрылыстардың осьтік жүктемелермен қозғалыс қарқындылығының осы заманғы деңгейіне сәйкестігіне кешенді талдау жүргізу қажет.

  Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру

      Автомобиль жолдарындағы авариялық деңгейді төмендету үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаментімен бірлесіп жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған, мыналарды қамтитын жұмыстар жүргізілетін болады:
      автомобиль жолдарындағы қауіпті учаскелерді анықтау және оларды жою;
      жалпы пайдаланымдағы, бірінші кезекте халықаралық бағыттардағы жолдарды жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
      жолдардағы авариялық себептерін талдау және оларды төмендету жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      республикалық маңызы бар автожолдардың барлық желілерінде жол белгілерін, қорғаныс және қоршайтын құрылыстарды орналастыруды әзірлеу.

  4.3. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль
жолдарын және шаруашылық жолдарын есепке алу

      Бағдарламаны іске асыру шеңберінде шаруашылық жолдарын қоса алғанда, автомобиль жолдарын толық түгендеу көзделеді.
      Түгендеу қорытындысы бойынша облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары тиістілігі бойынша жіктеуге жатады. Баланс ұстаушысы жоқ барлық жолдар олардың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығына сәйкес жіктелуі және тиісті жергілікті атқарушы органдарға немесе өзге де шаруашылық субъектілеріне бекітілуі қажет. Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша жергілікті жолдардың неғұрлым жүк тасымалды учаскелерін республикалық желіге ауыстыру жоспарлануда.
      Жалпы пайдаланымдағы барлық автомобиль жолдары жерді пайдаланудың техникалық паспорттарын және актілерін беру арқылы мемлекеттік және техникалық есепке алуға жатады.

  4.4. Автожол саласын басқару жүйесін жетілдіру

      Автожол саласын басқарудағы негізгі тірек уәкілетті мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының барлық желілерінде бірыңғай техникалық саясатты жүргізу, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды дамытудың өңірлік бағдарламаларын келісу, жол-пайдаланымдық қызметтерін орналастыру орындарын келісу саласында өзара қарым-қатынасты жетілдіруге бағытталатын болады.
      Барлық облыстарда жергілікті жолдарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша Тапсырыс берушінің біріздендірілген қызметін қалыптастыруға қолдау көрсету және облыстарда мамандандырылған коммуналдық жол-пайдалану кәсіпорындарын құру жөнінде іс жүзінде шаралар қабылданатын болады.
      Техникалық қадағалау қызметтерін материалдық-техникалық нығайту жөніндегі жүргізіліп отырған саясат одан әрі дамиды. Шаруашылық есепті жол-пайдалану учаскелері деңгейінде енгізу жөніндегі жұмыс жалғасады.
      Бағдарламаны іске асыру шеңберінде автомобиль жолдарын пайдалануды басқару мәселелерін шешуде "Қазақавтожол" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ролін күшейту жоспарлануда, мердігерлік жол ұйымдары мен инжинирингтік компаниялар қауымдастығын құру ынталандырылады.

  4.5. Бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру

      Бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру және алдағы жылдарға жұмыстар көлемін қалыптастыру мақсатында мынадай іс-шараларды іске асыру белгіленіп отыр:
      жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының көліктік-пайдаланымдық жай-күйі және жол қозғалысы қарқындылығы туралы электронды дерекқорларды қалыптастыру және мерзімді жаңартып отыру бойынша жұмыстарды жалғастыру;
      салаға қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеу бойынша жұмыстарды неғұрлым тиімді жоспарлауға мүмкіндік беретін, бюджеттік шектеулер жағдайында инвестицияларды жоспарлау жөніндегі осы заманғы ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық кешендерді одан әрі енгізу;
      жол-пайдалану қызметтерінде автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстарды тиімді жоспарлау үшін ақпараттарды автоматтандырылған өңдеу бойынша бағдарламалық кешендерді әзірлеу және енгізу;
      автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстарды нормативтік қаржыландыруға кезең-кезеңмен көшіру;
      жергілікті жерлерді дамытудың индикативтік жоспарларын уәкілетті органмен міндетті келісудің іс-тәжірибесін енгізу.

  4.6. Техникалық саясат

      Автожол саласындағы техникалық саясат жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, автомобиль жолдарының және жасанды құрылыстардың шыдам мерзімін және сенімділігін арттыруға, жол жұмыстарының құнын төмендетуге, сондай-ақ автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және пайдаланудың сапасын арттыруға бағытталатын болады.
      Жол шаруашылығындағы техникалық реттеу автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын жобалау және пайдалану кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігі мен экологиялық қауіпсіздік жөніндегі міндетті талаптарды арнайы техникалық регламенттерде белгілеу жолымен жүзеге асырылатын болады.
      Жол шаруашылығының нормативтік-техникалық базасын әзірлеу және жасау және оны озық халықаралық стандарттармен үйлестіру айрықша басымдыққа ие болады.

  Салаға сапа басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу

      Салаға сапа басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу техникалық саясат саласында жүргізілетін басым бағыттардың бірі болып табылады.
      Бағдарламада сапаны басқарудың жүйесін мынадай шаралар кешенін іске асыра отырып жетілдіру көзделеді:
      уәкілетті органның қызметінің тиімділігін және сапасын мемлекеттік қызметкерлер үшін сапа менеджментін (ІSО) енгізу арқылы жоғарылату;
      сала кәсіпорындарына сапаны басқарудың (ІSО) халықаралық стандарттарын енгізу;
      сапаны басқару жүйесіне жаңа институтты - автомобиль жолдарын салудың, қайта жаңартудың және күрделі жөндеудің жобаларын технологиялық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсету үшін инжинирингтік ұйымдарды енгізу;
      жол-пайдалану қызметтерінің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту;
      ұлттық техникалық ерекшеліктерді халықаралық талаптарға сәйкестендіру мақсатында жетілдіру және оларды салада қолдану;
      орындалатын жұмыстардың сапасы үшін мердігерлік ұйымдардың жауапкершілігін арттыру;
      жол төсемесінің және көпір құрылымдарының қызмет ету мерзімдерін болжау әдістемесін жетілдіру;
      материалдарды, бұйымдарды және құрылымдарды сынау әдістерін жетілдіру.
      Осы мәселе алдағы уақытта Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына енуіне байланысты ерекше өзектілікке ие болады.

  Ғылыми және инновациялық даму

      Автожол саласын ғылыми және инновациялық дамытуды іске асыру мақсатында мыналар көзделеді:
      ресурстарды үнемдейтін технологиялар әзірлеуді және жол құрылымдарының пайдаланымдық сенімділігін жоғарылатуды көздейтін басым бағыттар бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;
      қозғалыс қарқындылығын және көлік ағыны құрамын есепке алудың қазіргі заманғы технологиялары мен құралдарын енгізу;
      ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тәжірибелік учаскелер салу және олардың мониторингін ұйымдастыру жолымен енгізу;
      саланың кәсіпорындарын прогрессивтік материалдар мен технологияларды енгізуге ынталандыратын жағдайлар туғызу;
      жаңа материалдар мен технологиялардың сапасын анықтау, сынау үшін алдыңғы қатарлы жол технологиялары орталығын құру туралы мәселені қарастыру;
      автомобильдердің перспективті салмақтық габариттік көрсеткіштерін және остік жүктемелерін анықтау үшін автомобиль көлігінің даму үдерісін зерттеу және есептік остік жүктемені 13 т. және одан жоғарыға көтерудің орындылығы анықталған жағдайда оларды есепке алу.

  Құқықтық және нормативтік техникалық базаны жетілдіру

      Саланың құқықтық және нормативтік-техникалық базасын жетілдіру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      жол төсемесінің қызмет ету мерзімдерін, оларды 25 жылға дейін және одан да ұзаққа ұлғайтуды есепке ала отырып, регламенттейтін нормативтік құжаттарды қайта әзірлеу;
      қазіргі заманғы экономикалық үдерісті есепке ала отырып, қозғалыс қарқынын болжау әдістемесін қайта әзірлеу;
      қазіргі заманғы жүктемелерді және көлік ағынының құрамын есепке ала отырып, жол төсемелерінің құрылымын және жолдардың геометриялық параметрлерін жетілдіру;
      жер қатынастары және қойнауларды пайдалану туралы қолданыстағы заңнамаға, трасса жанындағы карьерлерге, уақытша айналма жолдарға және уақытша ғимараттар мен құрылыстарға жер учаскелерін уақытша бөлу рәсімін оңайлату бөлігінде, өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      автожол саласының нормативтік-техникалық құжаттамасы туралы электрондық дерекқорларды одан әрі жетілдіру және оны іс жүзінде қолдану үшін жағдайлар жасау;
      ауыспалы үлгідегі жамылғыларды пайдалану арқылы ауылдық жерлерде автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту үшін нормативтік құқықтық базаны қайта әзірлеу.

  4.7. Қоршаған ортаны қорғау

      Автомобиль жолдарын салу мен пайдалану жергілікті жердің ландшафтын бұзумен, жер топырағын бұзумен, жер асты және жер бетіндегі сулардың табиғи қозғалысын бұзумен тығыз байланысты. Жол саласының өндірістік кәсіпорындары қоршаған орта объектілеріне айтарлықтай қауіп төндіреді. Бұдан басқа, қысқы тайғанақтылықтың түрлерімен күресу үшін пайдаланылатын химиялық реагенттер жол бойғы аумақтарды ластауға және көпірлер мен жол өтпелдерінің темір-бетон және металл бөлшектерін коррозияға ұшыратады, сол арқылы олардың беріктілігі мен қызмет ету мерзімін төмендетеді.
      Автомобиль жолдарын пайдалану және жол-құрылыс материалдарын өндіру кезінде осы мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2003 жылғы 9 маусымдағы N 129-п  бұйрығымен  бекітілген Өндірістік күштерді орналастыру сызбасының экономика саласын дамытудың мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларын әзірлеу кезінде қоршаған ортаға әсерін бағалау ережесіне сәйкес және ISO 14000 стандарттарына сәйкес мынадай негізгі бағыттар бойынша шаралар қабылданатын болады:
      көлік-жол кешені әсерінен жол бойғы қоршаған ортаның ластануын төмендету мақсатында және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнінде жол шаруашылығында экологиялық мониторинг жүйесін әзірлеу және енгізу;
      жергілікті жердің климаттық жағдайларын ескере отырып, жол бойғы ортаның ластануына және көлік құрылыстары элементтерінің бұзылуына теріс әсерін төмендетуге мүмкіндік беретін әрекеттерді бағалап, автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстаудың жаңа әдістері мен тәсілдерін әзірлеу және енгізу және нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу;
      өнеркәсіп қалдықтарын құрылыстық және технологиялық материалдар ретінде пайдаланудың жаңа технологияларын енгізу есебінен табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу және экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, осы материалдардың жарамдылығын бақылауды жүзеге асыру;
      жасанды тосқауылдарды, көгалдандыруды және қорғаныш торларын жасауды қоса алғанда, қарқынды қозғалысты жолдарды қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың қазіргі заманғы құралдарымен жайғастыру;
      уақытша айналма және жергілікті қара жолдарда, өндірістік стационарлық аумақтарда төменгі үлгідегі жамылғылы жолдарда тозаң қалыптасуды төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа тозансыздандыратын материалдар мен технологияларды әзірлеу және енгізу және осы аймақтарда атмосфералық ауа тазалығына мониторинг ұйымдастыру;
      көлік-жол кешеніндегі экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау.
      Аталған шараларды іске асыру автомобиль жолдары мен жол кәсіпорындарының қоршаған ортаға әсерін төмендетуді көздейтін нормативтік техникалық базаны жетілдіру негізінде жүзеге асырылады.

  4.8. Кадр әлеуетін жоғарылату

      Бағдарламаны сәтті іске асыру үшін жоғары біліктілікті, едәуір еңбек ресурстарын тарту қажет болады. Саладағы жұмысшылардың жалпы саны 18 мыңға жуық адамды құрайды. Жұмыстар көлемінің болжанып отырған өсуі мен бір жұмыс істеушіге жұмыс өндіруін ұлғайтуды есепке ала отырып, салада жұмыс істейтіндердің санын 40 мыңға дейін өсіру күтіледі, бұл негізінен мердігерлік ұйымдардағы жұмысшылардың санын көбейту есебінен.
      Саланың кадр әлеуетін дамытуда жұмыс сапасын және жол қозғалысы қауіпсіздігін, көпірлерді пайдалануды бақылау қызметінің тиісті тораптық қызметшілерін және жобаларды басқару жөніндегі мамандарды жасақтауға және нығайтуға ерекше көңіл бөлінетін болады.
      Бағдарламаның сұранысын есепке ала отырып жұмысшылар мен мамандардың әртүрлі санаттары үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесі жетілдірілетін болады. Автожол саласы бюджетінде Комитеттің және оның аумақтық органдарының қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату үшін мақсаттық көздерді қарастыру жоспарланып отыр.
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқу орындарында жыл сайынғы мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруды көздейтін кадрлардың біліктілігін көтеру бағдарламасын іске асыру жалғастырылады.
      Кадр әлеуетін дамыту басқару, техникалық мәселелер, өндірістік қызмет жүйелерін қолдану және ұйымдастыру сияқты бағыттарды қамтуы тиіс. Персоналдың ұйымдастырушылық нормаларды сақтап қана қоймай, оларға талдау жасай алатын, сондай-ақ қол жеткізілімді нұсқалардың ішінен оңтайлысын таңдай білуі маңызды. Бұл үшін ішкі оқу жүргізумен қатар персоналды автожол саласын басқарудың барлық салаларындағы озық халықаралық жетістіктермен тұрақты түрде таныстырып отыру қажет. Басқарудың қолданыстағы жүйесі мен технологиясын жетілдіру қазіргі күнгі талаптарды ескере отырып жүргізілуі тиіс. Басқарушы және инженерлік-техникалық қызметкерлер балама шешімдер қабылдау үшін тиісті біліктілікке ие болулары тиіс.
      Автожол саласындағы кадрлардың кәсіптік деңгейін жоғарылату жөніндегі нақты шараларға мыналар кіреді:
      жыл сайын саланың кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі қажеттілігін анықтау, оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысу, кадрлардың біліктілігін жоғарылату жөніндегі оқу курстарын ұйымдастыру;
      алдағы уақытта қолданылатын перспективалы технологияларды анықтау және жаңа технологиялар үшін қажетті кадрларды даярлауды ұйымдастыру;
      кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу;
      автожол саласындағы кадрлардың біліктілігін жоғарылату институтын қалыптастыруды және дамытуды жалғастыру.
      Автожол саласының кәсіби мамандарға болашақтағы қажеттілігін қамтамасыз ету орта-арнаулы және кәсіби-техникалық білім беру жүйесін дамыту жөнінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен өзара іс-әрекет жасау және оқу бітірушілерді жұмысқа орналастыру жөнінде нақты шаралар қабылдау арқылы көзделеді.

  4.9. Жол бойғы инфрақұрылымды дамыту

      Автомобиль жолдарының қазіргі заманғы желісі қауіпсіз жүріп өту, жүктердің сақталуын қамтамасыз ету, жолды пайдаланушылардың демалысы және автотуризмді дамыту үшін жол бойы сервис деңгейін жоғарылату арқылы қажетті жағдайлар жасауы тиіс.
      Жол бойғы сервис объектілерін мемлекеттік реттеу және қаржыландыру тетігі Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 274-ө  өкімімен  бекітілген Халықаралық транзиттік дәліздердегі жол бойғы инфрақұрылымды дамыту жөніндегі 2004-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында белгіленген.
      Бағдарламада автомобиль жолдары кешеніне кіретін жол бойғы инфрақұрылым объектілерін одан әрі дамыту және оларды қайта жаңарту жобалары мен күрделі жөндеуді іске асыру кезінде халықаралық талаптармен сәйкестікке келтіру көзделеді.
      Жоспарды іске асыру барысында жол бойғы сервис объектілерін олардың қысқаша сипаттамасымен көшіру жөніндегі электрондық дерекқорды қалыптастыру және жаңарту жалғастырылады. Мұндай дерекқорлар барлық пайдаланушылар мен кәсіпкерлер үшін ашық болады.

  4.10. Ақылы жолдарды құру үшін құқықтық негізді қалыптастыру

      Басқа елдердегі ақылы жолдар жобаларын іске асыру тәжірибесі ақылы жолдарды ойдағыдай жасау мен пайдалану қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 10-15 мың автомобиль болған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін екендігін көрсетеді. Осыған байланысты Бағдарламаны іске асыру кезеңінде жолдарды қаржыландырудың балама жүйесіне көшу мүмкіндігі зерттелетін және ақылы жолдар жүйесін құру үшін құқықтық негіз қалыптастырылатын болады.
      Қарастырылып отырған кезеңде ақылы автомобиль жолдары мен көпірлерді салу үшін жеке инвестицияларды тарту тетіктері зерттелетін болады. Автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту жобаларын іске асыру кезінде мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктерін зерттеу және енгізуге ерекше көңіл бөлінетін болады.
      Бағдарламаны іске асыру барысында ақылы автомобиль жолдарын пайдаланушылардың, инвесторлардың және мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық негіз әзірленеді. Ақылы автомобиль жолдарының көліктік-пайдаланылымдық және техникалық жай-күйіне ең аз талап регламенттейтін және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құқықтық құжаттар әзірленеді.

  5. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері

      Қазақстан Республикасының Көлік стратегиясына сәйкес жолдардың бүкіл желісін кезең-кезеңмен қалпына келтіруді, инвестициялардың жалпы сомасы 1,9 трлн. теңгеге жуық, болған жағдайда 2020 жылы аяқтау күтіліп отыр.
      Осы Бағдарламаны қаржыландыру көлемі республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісін дамытудың ағымдағы басымдықтарын және ұзақтығы 22996 км бүкіл желідегі пайдаланымдық жұмыстардың толық кешенінің орындалуын негізге ала отырып анықталды.
      Осылайша, Автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру үшін ресурстардың жалпы қажеттілігі республикалық маңызы бар жолдарға 830 млрд. теңгені, жергілікті маңызы бар жолдарға 271 млрд. теңге және мемлекеттік-жеке серіктестік қағидаттарында тартылған 182 млрд. теңгені қоса алғанда, 1283 млрд. теңгені құрайды.
      Сараптамашылардың бағалауы бойынша жолдардың жай-күйін ескере отырып, республикалық маңызы бар барлық желілерді қалпына келтіру үшін қаржы қаражаттарына нақты қажеттілік 1,56 трлн. теңгені құрайды.
      Барлық желілерді 7 жылда қалпына келтіру талаптары кезінде Бағдарламада көзделген қаржылық ресурстар мен қаражаттарға саланың жыл сайынғы қажеттілігін салыстырмалы талдау 7-диаграммада келтірілген.

7-диаграмма. Саланың нақты қажеттілігін және
қаржыландыру көлемін салыстырмалы талдау (млрд. теңге).

  (Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

      Шығындарды жылдар бойынша және шығыстардың негізгі баптары бойынша бөлу 8-кестеде ұсынылған.

   8-кесте. Шығындарды жылдар және шығыс баптары бойынша бөлу

NN


Атауы


2006-2012 жылдарға
жоспарланып отырған бюджет

Бар-
лығы

2006
жылға
ар-
нал-
ған
бюд-
жет
жо-
басы

2007

2008

2009

2010

2011

2012

1.

Жөндеу
жоспар-
ланған
(км),
оның
ішінде:

2698

3137

3412

3853

4037

4118

4410

25665

1.1

Салу,
қайта
жаңарту
және
қалпына
келтіру

488

737

882

1203

1277

1228

1390

7205

1.2

Күрделі
және
орташа
жөндеу

2210

2400

2530

2650

2760

2890

3020

18460

2.

Қаржы-
ландыру
көлемі
(млн.
тг.) оның
ішінде:

61606

93066

112503

125176

133157

143755

160326

829589

2.1

Салу және
қайта
жаңарту

44283

69166

85253

95026

100557

107805

121526

623616

2.2

Күрделі
жөндеу

4128

9000

10350

11250

11700

13050

14400

73878

2.3

Орташа
жөндеу

7800

8800

9800

10800

11800

12800

13800

75600

2.4.

Ағымдағы
жөндеу,
күтіп ұс-
тау және
көгал-
дандыру

5349

6000

7000

8000

9000

10000

10500

55849

2.5

Қолданба-
лы ғылыми
зерт-
теулер

46

100

100

100

100

100

100

646

      Мамандардың бағалауы бойынша, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың желілерін толығымен қалпына келтіру үшін 800 млрд. астам теңге қажет. Облыстардың ұсыныстары бойынша осы Бағдарламада 271 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру көзделіп отыр (9-кесте).

     9-кесте. Облыстардың облыстық және аудандық маңызы
     бар жолдарды қаржыландыру көлемі бойынша ұсыныстары
                     (млн. теңге).

Жұмыс түрлері

2006-
2012
жылдар

Оның ішінде жылдар бойынша

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

Құрылыс, барлығы

8724

376

1385

1496

972

1194

1697

1604

оның ішінде РБ мақсатты трансферттері есебінен

5964

0

873

907

792

1009

1472

1404

ЖБ қаражаты есебінен

2760

376

512

589

180

185

225

200

Қайта жаңарту, барлығы

69042

676

6482

9873

13796

13901

11954

12360

оның ішінде РБ мақсатты трансферттері есебінен

58532

0

5807

8754

12232

12048

9482

10209

ЖБ қаражаты есебінен

10510

676

675

1119

1564

1853

2472

2151

Күрделі жөндеу, барлығы

110967

2842

11762

13179

16436

19553

22656

24539

оның ішінде РБ мақсатты трансферттері есебінен

76084

0

8638

9544

11357

13268

15528

17749

ЖБ қаражаты есебінен

34883

2842

3124

3635

5079

6285

7128

6790

Орташа жөндеу, барлығы

41322

3279

4113

4940

5480

5965

7228

10317

оның ішінде ЖБ қаражаты есебінен

41322

3279

4113

4940

5480

5965

7228

10317

Ағымдағы жөн-
деу, күтіп
ұстау және
көгалдандыру,
барлығы

40963

3662

4502

5005

5614

6364

7360

8456

соның ішінде ЖБ қаражаты есебінен

40963

3662

4502

5005

5614

6364

7360

8456

Қаржыландыру көлемі, барлығы

271018

10835

28244

34493

42298

46977

50895

57276

соның ішінде РБ мақсатты трансферттер есебінен

141073

0

15318

19205

24381

26325

26482

29362

ЖБ қаражаты есебінен

129945

10835

12926

15288

17917

20652

24413

27914

       Жұмыстардың есептік құны қалыптасқан рыноктық бағаларды талдаудың нәтижелері бойынша инфляцияны есепке ала отырып белгіленді.
      Республикалық және жергілікті бюджеттер Бағдарламаны қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады.
      2006-2012 жылдары іс-шараларды іске асыру үшін қажетті бюджет қаражаттары көлемі тиісті жылдың бюджетін қалыптастыру және нақтылауы кезінде белгіленген тәртіппен жыл сайын нақтыланып отырады.

  6. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

      Бағдарламаны іске асыру мемлекет экономикасын дамытуға оң әсер етеді, оның макро және микро көрсеткіштерін жақсартады. Жол желісінің көліктік-пайдаланымдық жай-күйінің деңгейін жоғарылату өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының айтарлықтай өсуіне ықпал жасайды.
      Бағдарламаны іске асырудың негізгі нәтижелері ретінде мыналар күтіледі:
      1) жалпы ұзақтығы 7205 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелеріндегі қайта жаңартуды, 1660 км күрделі жөндеуді, 16800 км орташа жөндеуді орындау, жалпы ұзақтығы 18089 км автомобиль жолдарының жергілікті желілері учаскелерін салу, қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеуді орындау;
      2) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ақаусыз күтіп ұстау деңгейін 86 пайызға дейін жеткізу;
      3) елді мекендерді жыл бойына үздіксіз көліктік қатынаспен қамтамасыз етуді жоғарылату;
      4) жол жағдайлары бойынша авариялық деңгейін төмендету;
      5) жүк көтергіштігі мен габариті бойынша талаптарға жауап бермейтін 412 көпірлер мен жол өтпелерін қайта жаңарту және күрделі жөндеу.
      Автомобиль жолдарының 2013 жылдың басына қарай күтілетін жай-күйі 8-диаграммада берілген.

    8-диаграмма. Автожолдар желісінің 2013 жылғы 1 қаңтарда
   жалпы ұзындығы 22996 шақырым кезіндегі күтілетін жай-күйі
                                                            (км)  

                 (Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

  7. Саланы одан әрі дамыту перспективалары

      Автомобиль жолдарының желісі қызмет етудің барлық мерзіміне инвестициялық және ресурстық жұмсалымдарды талап ететін активтер болып табылады. Автожол саласының орнықты дамуына қол жеткізу және жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін ұзақ мерзімді перспективада мынадай міндеттерді шешу қажет болады:
      автожол саласын қаржыландыру көлемін жол жұмыстарының барлық кешенін орындау және жөндеуаралық мерзімдерді сақтау үшін қажетті нақты сұранысқа сәйкес келетін деңгейге жеткізу және сақтау;
      салаға сапаны басқарудың халықаралық стандарттарын толығымен енгізу;
      қаражаттарды пайдаланудың жалпы тиімділігін жоғарылату үшін жұмыстарды жүргізудің әдістері мен технологияларын жетілдіру;
      персоналдың кәсіптік деңгейін және сала ұйымдары қызметінің жалпы тиімділігін арттыру;
      автожол саласын дамытудың бағдарламасын әзірлеуге жұртшылықтың және жолды пайдаланушылардың қатысуын арттыру;
      Қазақстанның автожол саласын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын әзірлеу.

      8. Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың
     2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру
                  бойынша іс-шаралар жоспары

N

Іс-шаралардың
атауы

Аяқтау
нысаны

Орын-
дауға
жауап-
ты

Орындау
мер-
зімдері

Алдын-ала
болжанған
шығыстар
(млрд.
теңге)

Қаржы-
ландыру
көзі

1

2

3

4

5

6

   7

Басымдылықтар және жұмыстардың негізгі көлемдері

1

Жалпы ұзындығы 7205
км республикалық
маңызы бар автомо-
биль жолдарының
учаскелерін салу
және қайта жаңарту,
412 көпір мен жол
өткелдерді қайта
жаңарту және күрде-
лі жөндеу бойынша
жұмыстарды ұйымдас-
тыру, соның ішінде:
2006 ж. - 488 км;
2007 ж. - 737 км;
2008 ж. - 882 км;
2009 ж. - 1203 км;
2010 ж. - 1277 км;
2011 ж. - 1228 км;
2012 ж. - 1390 км.

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкі-
метіне
есеп

ККМ

Жыл
сайын
25
қаңтар

2006 ж.
- 44,28;
2007 ж.
- 69,17*;
2008 ж.
- 85,25*;
2009 ж.
- 95,02*;
2010 ж.
- 100,56*;
2011 ж.
- 107,81*;
2012 ж.
- 121,53*.

РБ

2

Автомобиль жолдары
желісіндегі бұзушы-
лықтарды кезең-ке-
зеңмен жою; бұзыл-
ған жерлерді кезең-
кезеңмен жою; облыс
орталықтарының ай-
налма жолдарын салу
және қайта жаңарту;
туризмді және клас-
терлік бастамаларды
дамытуды қамтамасыз
ететін автожолдарды
қалпына келтіру жө-
ніндегі жұмыстарды
ұйымдастыру.

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкі-
метіне
есеп

ККМ

Жыл
сайын
25
қаңтар

Талап
етілмейді

-

3

Ұзындығы 18460 км
республикалық маңы-
зы бар автомобиль
жолдарының учаске-
лерін күрделі және
орташа жөндеу бо-
йынша жұмыстарды
ұйымдастыру, соның
ішінде:
2006 ж. - 2210 км;
2007 ж. - 2400 км;
2008 ж. - 2530 км;
2009 ж. - 2650 км;
2010 ж. - 2760 км;
2011 ж. - 2890 км;
2012 ж. - 3020 км.

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкі-
метіне
есеп

ККМ

Жыл
сайын
25
қаңтар

2006 ж.
- 11,92;
2007 ж.
- 17,8*;
2008 ж.
- 20,15*;
2009 ж.
- 22,05*;
2010 ж.
- 23,5*;
2011 ж.
- 25,85*;
2012 ж.
- 28,2*.

РБ

4

Жалпы ұзындығы 231
км облыстық және
аудандық маңызы бар
автомобиль жолдары-
ның учаскелерін
салу бойынша жұмыс-
тарды ұйымдастыру,
соның ішінде:
2006 ж. - 11 км;
2007 ж. - 53 км;
2008 ж. - 27 км;
2009 ж. - 23 км;
2010 ж. - 48 км;
2011 ж. - 44 км;
2012 ж. - 25 км.

ККМ-ға
есеп

Облыс
әкім-
дік-
тері

Жыл
сайын
10
қаңтар

РБ мақсат-
ты тран-
сферттер
есебінен:
2007 ж.
- 0,87*;
2008 ж.
- 0,91*;
2009 ж.
- 0,79*;
2010 ж.
- 1,0*;
2011 ж.
- 1,47*;
2012 ж. -
1,4*.
ЖБ қара-
жаттары
есебінен:
2006 ж.
- 0,38;
2007 ж.
- 0,51*;
2008 ж. -
0,59*;
2009 ж.
- 0,18*;
2010 ж. -
0,18*;
2011 ж. -
0,23*;
2012 ж.
- 0,20*.

Жергі-
лікті
бюджет-
тер,
РБ-дан
мақсатты
транс-
ферттер

5

Жалпы ұзындығы 1542
км облыстық және
аудандық маңызы бар
автомобиль жолдары-
ның учаскелерін
қайта жаңарту бо-
йынша жұмыстарды
ұйымдастыру, соның
ішінде:
2006 ж. - 1 км;
2007 ж. - 131 км;
2008 ж. - 206 км;
2009 ж. - 313 км;
2010 ж. - 321 км;
2011 ж. - 282 км;
2012 ж. - 288 км.

ККМ-ға
есеп

Облыс
әкім-
дік-
тері

Жыл
сайын
10
қаңтар

РБ мақсат-
ты тран-
сферттер
есебінен:
2007 ж.
- 5,8*;
2008 ж.
- 8,75*;
2009 ж.
- 12,23*;
2010 ж.
- 12,04*;
2011 ж.
- 9,48*;
2012 ж.
- 10,2*.
ЖБ қара-
жаттары
есебінен:
2006 ж.
- 0,68;
2007 ж.
- 0,67*;
2008 ж.
- 1,11*;
2009 ж.
- 1,56*;
2010 ж.
- 1,85*;
2011 ж.
- 2,47*;
2012 ж. -
2,15*.

Жергі-
лікті
бюджет-
тер,
РБ-дан
мақсатты
транс-
ферттер

6

Облыстық және
аудандық маңызы бар
жолдарды күрделі
жөндеу бойынша жұ-
мыстарды ұйымдасты-
ру, соның ішінде:
2006 ж. - 206 км;
2007 ж. - 546 км;
2008 ж. - 634 км;
2009 ж. - 721 км;
2010 ж. - 989 км;
2011 ж. - 1160 км;
2012 ж. - 1169 км.

ККМ-ға
есеп

Облыс
әкім-
дік-
тері

Жыл
сайын
10
қаңтар

РБ мақсат-
ты тран-
сферттер
есебінен:
2007 ж.
- 8,64*;
2008 ж.
- 9,54*;
2009 ж.
- 11,35*;
2010 ж.
- 13,27*;
2011 ж.
- 15,53*;
2012 ж.
- 17,75*.
ЖБ қара-
жаттары
есебінен:
2006 ж.
- 2,84*;
2007 ж.
- 3,12*;
2008 ж.
- 3,64*;
2009 ж.
- 5,08*;
2010 ж.
- 6,28*;
2011 ж.
- 7,13*;
2012 ж.
- 6,79*.

Жергі-
лікті
бюджет-
тер,
РБ-дан
мақсатты
транс-
ферттер

7

Облыстық және
аудандық маңызы бар
жолдарды орташа
жөндеу бойынша жұ-
мыстарды ұйымдасты-
ру, соның ішінде:
2006 ж. - 840 км;
2007 ж. - 1028 км;
2008 ж. - 1322 км;
2009 ж. - 1353 км;
2010 ж. - 1648 км;
2011 ж. - 1995 км;
2012 ж. - 2705 км.

ККМ-ға
есеп

 Облыс
әкім-
дік-
тері

Жыл
сайын
10
қаңтар

2006 ж.
- 3,28;
2007 ж.
- 4,11*;
2008 ж.
- 4,94*;
2009 ж.
- 5,48*;
2010 ж.
- 5,97*;
2011 ж.
- 7,23*;
2012 ж.
- 10,32*.

Жергі-
лікті
бюд-
жеттер

Автомобиль жолдарын пайдалануды жетілдіру

8

Республикалық маңы-
зы бар автомобиль
жолдарын ағымдағы
жөндеу, күтіп ұстау
және көгалдандыру
бойынша жұмыстарды
ұйымдастыру

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкі-
метіне
есеп

ККМ

Жыл
сайын
25
қаңтар

2006 ж.
- 5,35;
2007 ж.
- 6,0*;
2008 ж.
- 7,0*;
2009 ж.
- 8,0*;
2010 ж.
- 9,0*;
2011 ж.
- 10,0*;
2012 ж.
- 10,5*.

РБ

9

Облыстық және
аудандық маңызы
бар автомобиль
жолдарын ағымдағы
жөндеу, күтіп ұстау
және көгалдандыру
бойынша жұмыстарды
ұйымдастыру

ККМ-ға
есеп

Облыс
әкім-
дік-
тері

Жыл
сайын
10
қаңтар

2006 ж.
- 3,66;
2007 ж.
- 4,50*;
2008 ж.
- 5,01*;
2009 ж.
- 5,61*;
2010 ж.
- 6,36*;
2011 ж.
- 7,36*;
2012 ж.
- 8,45*.

Жергі-
лікті
бюд-
жеттер

10

Жол-құрылыс жұмыс-
тарының және қолда-
нылатын жол-құрылыс
материалдарының
сапасын бақылауды
қамтамасыз ету
үшін ведомствоға
қарасты мемлекеттік
мекеме құру

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкі-
меті
қаулы-
сының
жобасы

ККМ

2006
жылғы
30
наурыз

Бөлінген
қаражаттар
шеңберінде

РБ

Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру

11

Автомобиль жолда-
рындағы апат деңге-
йін төмендету және
жол қозғалысы
қауіпсіздігін
арттыру жөніндегі
мақсатты жұмыстар

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкі-
метіне
есеп

ККМ
(жи-
нақ-
тау),
облыс
әкім-
дік-
тері

Жыл
сайын
25
қаңтар

Талап
етілмейді

-

Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын
және шаруашылық жолдарды есепке алу

12

Жалпы пайдаланымда-
ғы автомобиль жол-
дарын және шаруашы-
лық жолдарды есепке
алу, тіркеу және
жіктеуді ұйымдастыру

Техни-
калық
паспо-
рттар,
жер
пайда-
лану
акті-
лері

ККМ
(жи-
нақ-
тау),
облыс
әкім-
дік-
тері

Жыл
сайын
25
қаңтар

Автомобиль
жолдарын
күтіп
ұстауға
бөлінген
қаражат
шеңберінде

РБ және
жергі-
лікті
бюд-
жеттер

Автожол саласын басқарудың жүйесін жетілдіру

13

Облыстық және
аудандық маңызы
бар жолдардың
басқару құрылымын
жетілдіру

ККМ-ға
есеп

Облыс
әкім-
дік-
тері

Жыл
сайын
10
қаңтар

Талап
етілмейді

-

Бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру

14

Автомобиль жолдарын
жөндеу және күтіп
ұстау бойынша нор-
мативтік қаржылан-
дыру жұмыстарына
кезең-кезеңмен
ауысу

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкі-
метіне
есеп

ККМ

жыл
сайын
25
қаңтар

Талап
етілмейді

-

Техникалық саясат және кадрларды даярлау

15

Автожол саласында
ғылыми зерттеулерді
ұйымдастыру

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкі-
метіне
есеп

ККМ

жыл
сайын
25
қаңтар

2006 ж.
- 0,05;
2007 ж.
- 0,1*;
2008 ж.
- 0,1*;
2009 ж.
- 0,1*;
2010 ж.
- 0,1*;
2011 ж.
- 0,1*;
2012 ж.
- 0,1*.

РБ

16

Көлік және коммуни-
кация министрлігі
Көлік инфрақұрылы-
мын дамыту комите-
тінің мамандарын
даярлау және қайта
даярлау

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкі-
метіне
ақпа-
рат

ККМ
(жи-
нақ-
тау),
БҒМ

жыл
сайын
25
қаңтар

ККМ Көлік
инфрақұ-
рылымын
дамыту ко-
митетінің
аппаратын
ұстауға
бөлінген
қаражат
шеңберінде

РБ

17

Жол құрылысында жа-
ңа технологияларды
және жаңа жол-құры-
лыс материалдарын
қабылдау бойынша
орталық құру

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкі-
метіне
ұсы-
ныстар

ККМ
(жи-
нақ-
тау),
ИСМ

жыл
сайын
25
қаңтар

Респу-
бликалық
бюджеттік
комис-
сияның
шешіміне
сәйкес са-
ланы қар-
жыландыру-
ға ба-
ғытталған
қаражат
шегінде

РБ

18

Жол құрылысында
инжинирингтік қыз-
меттерді дамытуға
ықпал ету

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкі-
метіне
есеп

ККМ

жыл
сайын
25
қаңтар

Талап
етілмейді

-

19

Жол бойындағы қыз-
мет көрсету объек-
тілерін дамытуға
жәрдемдесу

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкі-
метіне
есеп

ККМ
(жи-
нақ-
тау),
ИСМ,
облыс
әкім-
дік-
тері

жыл
сайын
25
қаңтар

Талап
етілмейді

Жеке
инвес-
тициялар

20

ISO 9000 сапаны
басқарудың халықа-
ралық стандарттарын
автожол саласына
енгізу

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкі-
метіне
ақпа-
рат

ККМ
(жи-
нақ-
тау),
ИСМ

жыл
сайын
25
қаңтар

Талап
етілмейді

-

21

Мемлекеттік-жеке
серіктестік тетік-
терін енгізу арқылы
автомобиль жолдары
учаскелерін салу,
қайта жаңартудың
сынақтық жобаларын
дайындау

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкі-
метіне
ұсы-
ныстар

ККМ

жыл
сайын
25
қаңтар

2006-2012
жылдар -
182,0

Жеке
инвес-
тициялар
және РБ

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша барлығы :
                                               2006 ж. - 62;
                                               2007 ж. - 93*;
                                               2008 ж. - 113*;
                                               2009 ж. - 125*;
                                               2010 ж. - 133*;
                                               2011 ж. - 144*;
                                               2012 ж. - 160*.

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша
барлығы :                                      2006 ж. - 11;
                                               2007 ж. - 28*;
                                               2008 ж. - 35*;
                                               2009 ж. - 42*;
                                               2010 ж. - 47*;
                                               2011 ж. - 51*;
                                               2012 ж. - 57*.

      Ескерту:
* - тиісті жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру
кезінде жыл сайын анықталатын қаржыландыру көлемі.

Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі;
РБ - республикалық бюджет;
ЖБ - жергілікті бюджет.

                           1-қосымша
                (Суретті қағаз мәтінінен қараңыз)

                           2-қосымша
                (Суретті қағаз мәтінінен қараңыз)
 
                            3-қосымша
                (Суретті қағаз мәтінінен қараңыз)