Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кету тәртіптерін қолдану және шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағындағы заңсыз көші-қонының алдын алу және жолын кесу жөніндегі ішкі істер органдар

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі N 215, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 08-1/93, Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 35-П Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2889. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 135 және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 08-1-1-1/154 Бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 349-қосымшада :
      2-тармақ ", Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 534, 537-541-баптары" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ ", қылмыстық қудалау саласында алынған халықаралық мiндеттемелердi жедел орындау және қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ ", шетелде ұсталған Қазақстан Республикасының азаматтарын экстрадициялау саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ кестесi реттiк нөмiрi 2-жолының 5-бағаны ", арнайы экстрадициялық топтарды жiберу және анықталған әрi ұсталған қылмыскерлердi әлемнiң әр түрлi елдерiнен Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселелерiн жедел шешудi қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақ ", қылмыстарды ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапкершiлiкке тарту, қылмыстық iс-әрекет жасағаны үшiн жазаның бұлтартпастығы" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі