Жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2007 жылғы 7 наурыздағы N 59 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 12 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4568 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 211 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.04.27 № 211 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  18-бабына сәйкес, автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жаз мезгілінде көтергіштік қабілетін жоғалтуына байланысты  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында мынадай:
      1) халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын;
      2)  алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008.02.18.  N 56 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      3) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға тартылған;
      4) тез бұзылатын тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын;
      5) жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қауіпті, бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерін тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың автокөлік құралдарын қоспағанда, дара білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, ауаның температурасы 25 0 С жоғары болған жағдайда, күндізгі және кешкі сағат 10-00-ден 22-00-ге дейінгі уақытта осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шектеулер енгізілсін;
      7) Қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі қолданыстағы жамылғы бойынша жол-құрылыс жұмыстарына тартылған.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008.02.18. N 56 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.04.07 N 174 Бұйрықтарымен.

      2. Қозғалысты уақытша шектеулердің жыл сайынғы қолданылу мерзімі IV жол-климаттық аумаққа - тиісті жылдың 1 маусымынан бастап 31 тамызды қоса алғандағы, V жол-климаттық аумаққа - тиісті жылдың 15 мамырынан бастап 15 қыркүйекті қоса алғандағы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кезеңге белгіленсін.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008.02.18.  N 56 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      3. Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті:
      1) Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдаланушылардың назарына жаз мезгілінің күндізгі уақытында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдары қозғалысының ұйымдастырылғандығы туралы хабарлауды, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізуді;
      2) жолдарға енгізілетін шектеулерге сәйкес уақытша жол белгілерін орнатуды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасыз етсін.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008.02.18.  N 56 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      4. Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарын өткізуге бақылау жасалуын қамтамасыз етсін.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008.02.18.  N 56 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Д.Қ. Көтербековке жүктелсін.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008.02.18.  N 56 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      6. Осы бұйрық оны ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрі
      2007 жылғы 11 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Төтенше жағдайлар министрі
      2007 жылғы 11 наурыз

                                       Қазақстан Республикасы Көлік
                                      және коммуникация министрінің
                                         2007 жылғы 7 наурыздағы
                                         N 59 бұйрығына 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2010.04.07 N 174 Бұйрығымен.

     Жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында автокөлік
    құралдарының білігіне түсетін жүктемелерге шектеулер
енгізілетін Қазақстан Республикасының республикалық маңызы
        бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының
                          тізбесі

Р/сN

Авто-
жол-
дардың
индек-
сі

Жолдардың атауы

Жалпы ұзақтығы, км

Учас-
кенің
басы,
км

Учас-
кенің
соңы,
км

1

2

3

4

5

6

1

М - 32

РФ шекарасы (Самараға) -
Шымкент, Орал, Ақтөбе,
Қызылорда қалалары арқылы

2065

195

2260

2

М - 36

РФ шекарасы (Екатеринбургқа) -
Алматы, Қостанай, Астана,
Қарағанды қалалары арқылы

1675

374

544

963

2468

3

М - 38

РФ шекарасы (Омбыға) -
Майқапшағай (ҚХР-ға шығу),
Павлодар, Семей қалалары арқылы

1099

191

1321

4

М - 51

РФ шекарасы (Челябіге) - РФ
шекарасы (Новосибирге)
Петропавл, Омбы қалалары арқылы

190

465

655

5

А - 1

Астана - Петропавл, Көкшетау
қаласы арқылы

452

6

473

6

А - 2

Алматы -Тараз - Шымкент - Өзб.
Респ. шекарасы (Ташкентке),
Қырғызстан шекарасына кіребе.
рістерімен

792

14

806

Алматы-Қорғас, Көкпек, Көктал,
арқылы 

351

9

360

7

А - 3

Алматы - Өскемен

1036

13

1079

8

А - 5

Ақсай-Шонжы-Көлжат-ҚХР шекарасы

153

0

153

9

А - 7

Үшарал-Достық

184

0

184

10

А - 8

Таскескен - Бақты (ҚХР шек.)

187

0

187

11

А - 11

Семей - РФ шекарасы (Барнауылға)

111

2

113

12

А - 13

Көкшетау - Кішкенекөл - Бидайық
- РФ шекарасы (Омбы қаласына)

278

2

280

13

А - 14

Тараз - Үтмек - Қырғызстан
шекарасы

14

0

14

14

А - 15

"Жизақ-Гагарин-Жетісай-Киров-
Қызыләскер-Сарыағаш-Абай-Жібек
жолы" Сарыағаш санаториіне,
Атакент ауылы мен Өзб.Респ.
шекарасына (Сырдарияға,
Гүлстанға және Чиназға)
кіреберістерімен

221

74

220

15

А - 16

Жезқазған-Петропавл, Арқалық
қаласы арқылы

417

536

953

16

А - 17

Қызылорда-Павлодар

1115

420

1383

Павлодар-Успенка-РФ шекарасы

0

152

17

А - 22

Қарабұтақ-Комсомольское-Денисов
ка-Рудный-Қостанай

541

0

547

18

А - 24

Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы
(Орынбор қаласына)

102

0

102

19

А - 25

Ақтөбе - РФ шек. (Орск
қаласына)

127

0

127

20

А - 27

Ақтөбе - Атырау- РФ шекарасы
(Астрахань қаласына)

871

11

893

21

А - 28

Орал - Атырау

487

5

492

22

А - 29

Орал -Каменка-РФ шекарасы
(Озинки қаласына)

100

4

104

23

А - 30

Подстепное - Федоровка- РФ
шекарасы

144

0

144

24

А - 33

Доссор - Құлсары - Бейнеу -
Сай-Өтес - Шетпе - Жетібай -
Ақтау порты

798

0

798

25

Р - 4

Астана - Ерейментау - Шідерті

243

9

252

26

Р - 12

Жақсы-Есіл - Бұзылық

82

0

82

27

Р - 17

Қапшағай-Күрті

67

0

67

28

Р - 19

Сарыөзек-Көктал 

192

0

178

29

Р - 23

Өскемен - Семей

195

0

198

30

Р - 26

Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-
Ульяновский

324

0

324

31

Р - 28

Мерке-Бурылбайтал

273

0

273

32

Р - 29

Шу-Благовещенка

56

0

56

33

Р - 30

Кентау-Түркістан-Арыстанбаб-
Шәуілдір-Төрткөл

145

0

151

34

Р - 35

Қостанай-Әулиекөл-Сұрған

257

3

260

35

Р - 37

"Қостанай-Жақсы" а/ж -
"Қостанай-Қарабұтақ" а/ж

6

0

6

36

Р - 38

"Қостанай-Қарабұтақ" а/ж -
"Екатеринбург-Алматы" а/ж 

21

0

21



Жиыны 15371

                                         Қазақстан Республикасы Көлік
                                      және коммуникация министрінің
                                         2007 жылғы 7 наурыздағы
                                         N 59 бұйрығына 2-қосымша

         Қозғалысты уақытша шектеу кезеңінде Қазақстан
       Республикасының республикалық маңызы бар жалпы
   пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жүруге рұқсат
         етілген автокөлік құралдарының білік салмағы
                қосындыларының ең үлкен жиынтығы

Дара
білік-
тің
жүкте-
месі,
тонна

Білік
арасындағы
арақашық-
тық, м

Тіркемелер және жартылай тіркемелердің білік
салмағының ең үлкен жиынтығы, тонна

қосалқы білік

үштік білік

Екі
қатарлы
доңғалақ-
тар

Бір
қатарлы
доңғалақтар

Екі
қатарлы
доңғалақтар

Бір
қатарлы
доңғалақтар

10

1,0 дейін

12,5

12,0

17,5

16,5

1,0-1,3

15,0

14,0

21,0

19,5

1,3-1,8

16,5

16,0

24,0

22,5

1,8-2,5

18,0

17,5

26,5

24,5







8

1,0 дейін

10,0

9,6

14,0

13,2

1,0-1,3

12,0

11,2

16,8

15,6

1,3-1,8

13,2

12,8

19,2

18,0

1,8-2,5

14,4

14,0

21,2

19,6

кестенің жалғасы

Жүк автомобильдерінің білік салмағының
ең үлкен жиынтығы, тонна

Қосалқы білік

Екі қатарлы
доңғалақтар

Бір қатарлы доңғалақтар

12,0

11,0

14,0

13,0

16,0

15,0

18,0

17,0



9,6

8,8

11,2

10,4

12,8

12,0

14,4

13,6

      Ескерту: автокөлік құралдарының рұқсат етілген жалпы салмағы
көлік құралдарының білік жүктемесін жинақтау арқылы осы бұйрықпен
белгіленеді.

"Қазақстан Республикасы  
Көлік және коммуникация  
министрінің         
2007 жылғы 7 мамырдағы   
N 59 бұйрығына     
3-қосымша       

       Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008.02.18.  N 56 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

ІV жол-климаттық аумақта орналасқан облыстар тізбесі

      1. Ақмола облысы
      2. Ақтөбе облысы
      3. Шығыс Қазақстан облысы
      4. Батыс Қазақстан облысы
      5. Қарағанды облысы (Қарағанды өңірі)
      6. Қостанай облысы
      7. Павлодар облысы
      8. Солтүстік Қазақстан облысы

V жол-климаттық аумақта орналасқан облыстар тізбесі

      1. Алматы облысы
      2. Атырау облысы
      3. Жамбыл облысы
      4. Қарағанды облысы (Жезқазған өңірі)
      5. Қызылорда облысы
      6. Маңғыстау облысы
      7. Оңтүстік Қазақстан облысы