Қазақстан Республикасы
Конституциясының
44-бабының 3)
тармақшасы сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы негізінде
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай құрылымы белгіленсін:
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі;
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі;
Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі;
Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі; <*>
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi;
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi;
ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 1999.03.05. N 80
жарлығымен
, 1999.05.13. N 139
жарлығымен
, 1999.10.13. N 235
жарлығымен
, 2000.12.13. N 507
Жарлығымен
, 2001.10.17. N 705
Жарлығымен
, 2002.08.28. N 931
Жарлығымен
, 2003.06.13. N 1107
Жарлығымен
, 2003.09.13. N 1189
Жарлығымен
, 2003.12.23. N 1255
Жарлығымен
, 2004.06.09. N 1382
Жарлығымен
, 2004.09.29. N 1449
Жарлығымен
, 2005.02.25. N 1521
Жарлығымен
.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Президенттің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін;
2) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті