Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 22 қаңтар N 6

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы  Конституциясының  44-бабының 3) 
тармақшасы сәйкес қаулы етемін:
     1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы негізінде
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай құрылымы белгіленсін: 
     Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;     
     Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;
     Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі;
     Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі;
     Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі; 
     Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi;
     Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi;
     Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi;
     Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi;
     Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
     Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 1999.03.05. N 80  жарлығымен , 1999.05.13. N 139  жарлығымен , 1999.10.13. N 235  жарлығымен , 2000.12.13. N 507  Жарлығымен , 2001.10.17. N 705  Жарлығымен , 2002.08.28. N 931  Жарлығымен , 2003.06.13. N 1107  Жарлығымен , 2003.09.13. N 1189  Жарлығымен , 2003.12.23. N 1255  Жарлығымен , 2004.06.09. N 1382  Жарлығымен , 2004.09.29. N 1449  Жарлығымен , 2005.02.25. N 1521  Жарлығымен , 2006.03.27.  N 73 , 2007.03.27. N  302 , 2007.10.13.  N 425   Жарлықтарымен.

     2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
     1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Президенттің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін;
     2) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
     3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының 
     Президенті