Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 22 қаңтар N 6

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3)
тармақшасы сәйкес қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы негізінде
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай құрылымы белгіленсін:
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі;
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi;
      Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі;
      Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi;
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;
      Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі;
      Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі;
      Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі;
      Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік);
      Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі;
      Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 1999.03.05 N 80; 1999.05.13 N 139; 1999.10.13 N 235; 2000.12.13 N 507; 2001.10.17 N 705; 2002.08.28 N 931; 2003.06.13 N 1107; 2003.09.13 N 1189; 2003.12.23 N 1255; 2004.06.09 N 1382, 2004.09.29 N 1449; 2005.02.25 N 1521; 2006.03.27 N 73; 2007.03.27 N 302; 2007.10.13 N 425; 2009.06.24 N 832, 2010.03.12 № 936 Жарлықтарымен.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Президенттің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін;
      2) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
      3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті