Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3)
тармақшасы сәйкес қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай құрылымы белгіленсін:
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;
      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің
06.08.2014 N 875 Жарлығыымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 158; 06.05.2016 N 253; 13.09.2016 N 329 Жарлықтарымен.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Президенттің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін;
      2) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
      3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті