Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3)
тармақшасы сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы негізінде
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай құрылымы белгіленсін:
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі;
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі;
Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі;
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі;
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік);
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі;
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі;
Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі;
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 1999.03.05 N 80; 1999.05.13 N 139; 1999.10.13 N 235; 2000.12.13 N 507; 2001.10.17 N 705; 2002.08.28 N 931; 2003.06.13 N 1107; 2003.09.13 N 1189; 2003.12.23 N 1255; 2004.06.09 N 1382, 2004.09.29 N 1449; 2005.02.25 N 1521; 2006.03.27 N 73; 2007.03.27 N 302; 2007.10.13 N 425; 2009.06.24 N 832, 2010.03.12 № 936, 2011.05.18 N 84, 2012.01.20 N 226, 2012.05.07 N 321 Жарлықтарымен.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Президенттің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін;
2) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті