Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3)

      тармақшасы сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай құрылымы белгіленсін:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 06.08.2014 N 875 Жарлығыымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 158; 06.05.2016 N 253; 13.09.2016 N 329; 05.10.2016 № 349; 06.10.2016 № 350 Жарлықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Президенттің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін;

      2) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Президенті