Қазақстан Республикасы
Конституциясының
44-бабының
3)
тармақшасы сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы негізінде
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай құрылымы белгіленсін:
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі;
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi;
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі;
Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі;
Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі;
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі;
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік);
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 1999.03.05
N 80
; 1999.05.13
N 139
; 1999.10.13
N 235
; 2000.12.13
N 507
; 2001.10.17
N 705
; 2002.08.28
N 931
; 2003.06.13
N 1107
; 2003.09.13
N 1189
; 2003.12.23
N 1255
; 2004.06.09
N 1382
, 2004.09.29
N 1449
; 2005.02.25
N 1521
; 2006.03.27
N 73
; 2007.03.27 N
302
; 2007.10.13
N 425
; 2009.06.24
N 832
Жарлықтарымен.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Президенттің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін;
2) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті