Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3)
тармақшасы сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай құрылымы белгіленсін:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі;
Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Сауда жəне интеграция министрлігі;
Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 06.08.2014 N 875 Жарлығыымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 158; 06.05.2016 N 253; 13.09.2016 N 329; 05.10.2016 № 349; 06.10.2016 № 350; 25.01.2017 № 412; 28.06.2018 № 707; 26.12.2018 № 806; 25.02.2019 № 848; 17.06.2019 № 17; 17.06.2019 № 24; 09.09.2020 № 408; 11.06.2022 № 917 Жарлықтарымен.2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Президенттің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін;
2) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті |