Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 22 қаңтар N 6

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Конституциясының  44-бабының 3)
тармақшасы сәйкес қаулы етемін:
     1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы негізінде
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай құрылымы белгіленсін:
     Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі; <*>
     Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі. <*>
     Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;    
     Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;
     Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі;
     Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі;
     Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі;
     Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі;
     Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі;
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі;
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі;
     Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі;
     Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі; <*>    
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Президентінің 1999.03.05. N 80 жарлығымен.
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Президентінің 1999.05.13. N 139 жарлығымен.
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Президентінің 1999.10.13. N 235 жарлығымен.
     ЕСКЕРТУ. 1 тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Президентінің 2000.12.13. N 507 Жарлығымен.
     ЕСКЕРТУ. 1 тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2001.10.17. N 705 Жарлығымен.
      ЕСКЕРТУ. 1 тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2002.08.28. N 931 Жарлығымен.
      ЕСКЕРТУ. 1 тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2003.06.13. N 1107 Жарлығымен.
      ЕСКЕРТУ. 1 тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2003.09.13. N 1189 Жарлығымен.

     2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
     1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Президенттің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін;
     2) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
     3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Президенті