Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 22 қаңтар N 6

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасы 
сәйкес қаулы етемін:
     1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы негізінде 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай құрылымы белгіленсін:
     Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
     Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім 
министрлігі;
     
<*>

     Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
     
<*>

     Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 
министрлігі;
     
<*>

     
     Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны 
қорғау 
министрлігі;
     Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;
     Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі;
     
<*>

     Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі;
     Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі;
     Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі 
агенттігі; 
<*>

     Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі 
агенттігі;
<*>

     Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
<*>

     Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі;
<*>

     Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, 
бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі;
<*>

     Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі;
<*>

     Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі;
<*>

     Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі 
агенттігі;
<*>

     Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар 
министрлігі;
<*>

     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі 
агенттігі;
<*>

     Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі.
<*>

     
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Президентінің 1999.03.05. N 80 
              жарлығымен.  

U990080_

 
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Президентінің 1999.05.13. N 139 
              жарлығымен.  

U990139_

 
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Президентінің        
              1999.10.13. N 235 жарлығымен.  

U990235_

 
     ЕСКЕРТУ. 1 тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Президентінің        
              2000.12.13. N 507 Жарлығымен.  

U000507_

 
     2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
     1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Президенттің бұрын 
шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін;
     2) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
     
     3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          (Қасымбеков Б.А.) 
          (Үмбетова А.М.)