Қазақстан Республикасы
Конституциясының
44-бабының 3)
тармақшасы сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы негізінде
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай құрылымы белгіленсін:
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі; <*>
Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі. <*>
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі;
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі;
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі;
Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі;
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі;
Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі;
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі;
Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі; <*>
Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы). <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Президентінің 1999.03.05. N 80
жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Президентінің 1999.05.13. N 139
жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Президентінің 1999.10.13. N 235
жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 1 тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Президентінің 2000.12.13. N 507
Жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 1 тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2001.10.17. N 705
Жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 1 тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2002.08.28. N 931
Жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 1 тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2003.06.13. N 1107
Жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 1 тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2003.09.13. N 1189
Жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 1 тармақ толықтырылды - ҚР Президентінің 2003.12.23. N 1255
Жарлығымен
.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Президенттің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін;
2) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті