Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3)
тармақшасы сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай құрылымы белгіленсін:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 06.08.2014 N 875 Жарлығыымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 158; 06.05.2016 N 253; 13.09.2016 N 329; 05.10.2016 № 349 Жарлықтарымен.2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Президенттің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін;
2) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті |