Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
188
,
189
,
190
,
191
,
192
,
193
,
194
,
195
,
196
,
197
,
198
,
199
,
200
,
201
,
202
,
203
,
204
,
205
,
206
,
207
,
208-қосымшаларға
сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
§
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
188-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
"Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және оның атқарылуына
бақылауды қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1.
Құны
:
31271056 мың теңге (отыз бір миллиард екі жүз жетпіс бір миллион елу алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
:
»
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі)
21,
373
,
368
,
397
,
531-баптары
; 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден
кодексі
; 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет
кодексі
; "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңының
13-бабы
; "Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының
3 ,
13-баптары
; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі
Заңы
; "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы
Заңы
; "Қазақстан Республикасында этил спирті мен алкогольді өнімдер импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031
қаулысы
; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894
қаулысы
; "Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының нысанды киімі мен айырым белгілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1247
қаулысы
; "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бірыңғай мемлекеттік бақылау жүйесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 қыркүйектегі N 1358
қаулысы
;»"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің "Кинологиялық орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 ақпандағы N 230
қаулысы
; "Халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағалар қолдану кезінде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлеріне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 маусымдағы N 788
қаулысы
; "Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586
қаулысы
; "Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі N 449
қаулысы
; "Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы N 850
қаулысы
; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1127
қаулысы
; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1129
қаулысы
; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1133
қаулысы
; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1470
қаулысы
; Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110
қаулысы
; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы N 96
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
:
Мемлекеттік бюджетті атқару, кедендік бақылау, бюджетке салықтарды түсіруді және басқа да міндетті түсімдерді түсіруді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударудың толықтығы және уақтылылығы, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, темекі бұйымдарын, этил спирті мен алкоголь өнімдерін, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттық (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсімі, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдері, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік және аудит салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
Мемлекеттік бюджетті атқару, бюджеттік есепке алу, кедендік, салықтық бақылау, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, темекі бұйымдарын, этил спирті мен алкоголь өнімдерін, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттық (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсімі, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдері, мемлекеттік меншікті басқару, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік және аудит салаларында салааралық үйлестіру, әдістемелік басқару және бақылауды жүзеге асыру.
Республикалық бюджеттің тиімді атқарылуын және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы ұлттық қорының қалыптасуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету, бюджеттік есепті жүргізуді қамтамасыз ету, бюджет жүйесінде бюджеттік және бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамыту және жетілдіру.
Өзінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ
|
Кіші
|
Бағдарламаның (кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және оның атқарылуына бақылауды қамтамасыз ету |
|
|
|
2 |
|
001 |
Орталық органның аппараты |
Республикалық бюджет түсімдері мен қаржыландыруының жиынтық жоспарын қалыптастыру, бюджетті атқару жөніндегі есептілікті жасау, сондай-ақ мемлекеттік қаржы және меншік жөніндегі статистикалық есептілікті жасау. Салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және бюджетке түсетін түсімдердің толық түсуін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударудың толықтығын және уақтылылығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдердің бөлігін аудару, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі бұйымдарының, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу, салық төлеушінің салық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылау, республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі атқару, есепке алуды және есептілікті жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің билігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақшаны пайдалану бөлігінде мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетіндігіне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында кеден ісін басқаруды жүзеге асыру, банкроттық рәсімдерді (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда),
|
Жыл бойында |
Қазақстан Республикасы Қаржы
|
3 |
|
002 |
Аумақтық органдардың аппараттары |
Республикалық бюджет түсімдері мен қаржыландыруының жоспарларын қалыптастыру, бюджетті атқару жөніндегі есептілікті жасау, сондай-ақ мемлекеттік қаржы мен меншік жөніндегі статистикалық есепті жасау. Салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және бюджетке түсетін түсімдердің толық түсуін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударудың толықтығын және уақтылылығын қамтамасыз ету саласындағы іске асырушылық және бақылау-қадағалау функцияларын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдердің бөлігін аудару, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі бұйымдарының, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу, салық төлеушінің салық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылау, республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі атқару, есепке алуды және есептілікті жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің билігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақшаны пайдалану бөлігінде мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетіндігіне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін, ұлттық және экономикалық қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларды және көлік құралдарын кедендік ресімдеуді және оларға кедендік бақылауды жүзеге асыру, банкроттық рәсімдерді (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімін, сондай-ақ дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдерін өткізуге мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті және жекешелендіруді басқару жүйесін ұйымдастыру.
|
Жыл бойында |
Қазақстан Республикасы Қаржы
|
4 |
|
007 |
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру |
9 тематика бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөнінде мынадай қызметтерді сатып алу:
|
Жыл бойында |
Қазақстан Республикасы Қаржы
|
5 |
|
008 |
Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу |
Министрліктің ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізуді ұйымдастыру. |
Жыл бойында |
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі |
6 |
|
009 |
Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру |
Министрлікті және оның комитеттерін материалдық-техникалық жарақтандыру. |
Жыл бойында |
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі |
7 |
|
017 |
Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының ақпараттық жүйелерін және міндеттерін сүйемелдеу.
|
Жыл бойында |
Қазақстан Республикасы Қаржы
|
8 |
|
101 |
Кинология орталығы |
Кеден органдарын асыл тұқымды иттермен қамтамасыз ету.
|
Жыл бойында |
Қазақстан Республикасы Қаржы
|
9 |
|
102 |
Кедендік сараптама жүргізу |
Зертханаларды аккредиттеу бойынша жұмыстар жүргізу. Зертханаларды аккредиттеу бойынша консалтингтік қызмет көрсетулер. Менеджмент сапасының жүйесін сертификаттау. Мемстандарт органдарында өлшеуіштерді орындаудың әдісін әзірлеу және аттестаттау. Аспаптар мен жабдықтардың өлшеу құралдарын тексеру. Қазақстан Республикасы Өлшеу құралдарын есепке алудың мемлекеттік тізіліміне аспаптар мен жабдықтарды енгізу. Қазақстан Республикасы Өлшеу құралдарын есепке алудың мемлекеттік тізіліміне мемлекеттік стандарттық үлгілерді енгізу. Ғылыми-техникалық әдебиеттерді сатып алу Ғылыми-техникалық мерзімді басылымға жазылу.
|
Жыл бойында |
Қазақстан Республикасы Қаржы
|
10 |
|
103 |
Оқу-әдістемелік орталық |
Қазақстан Республикасы Кеден органдарының қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру және оқу-әдістемелік әдебиет сатып алу. Басқа да көрсетілетін қызметтерді сатып алу. |
Жыл бойында |
Қазақстан Республикасы Қаржы
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
бюджетті атқару жөніндегі рәсімдерді уақтылы ұйымдастыру, бюджеттер атқарылуының мониторингі, республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында бюджет қаражатымен уақтылы қамтамасыз ету;
Қаржы министрлігі жүйесі органдарының әкімшілендіру рәсімдерінің тиімділігін, ақпараттық ашықтығын және айқындылығын арттыруды қамтамасыз ету, ақпараттық-техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
орташа 2884 адамның, оның ішінде аумақтық органдардағы 2658 адамның кәсіби деңгейін арттыру;
орташа 8583 адамға, оның ішінде аумақтық органдардағы 8202 адамға мемлекеттік тілді оқыту;
орташа 89 адамға ағылшын тілін оқыту.
Түпкі нәтиже:
Мемлекеттік органдардың республикалық бюджетті сапалы, уақытылы атқару;
Қаржы министрлігі жүйесінің органдарын ұстауға бөлінген қаражатты 100% игеру;
Салық төлеушілердің республикалық және өңірлік мониторингіне жататын, салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген ірі салық төлеушілер салықтық міндеттемелерді сақтамаған кезде тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ақпараттық жүйесінің 100% уақыт үздіксіз жұмыс істеуі, айқын уақыт режимінде техникалық, жүйелік және бағдарламалық қамтамасыз ету;
дүниежүзілік Internet желісі арқылы күн сайын ақпараттық жүйелердің клиенттермен және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара әрекет етуін қамтамасыз ету;
министрлік ведомстволарының корпоративтік телекоммуникациялық желілерінің жедел байланыс арналары бойынша берілетін деректер санының 100%-ы және/немесе ақпараттың жоғалуы мен деректер пакетінің бұрмалануы 0%.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
салық және Қазақстан Республикасының бюджетіне басқа міндетті төлемдерді төлеуге жеке тұлғалар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің күн сайын өткізетін қолма-қол ақшасының көлемі 19 млн. теңгеден асатын соманы құрайды;
Агенттер қабылдаған бюджеттің кірісіне аударылған салық және салыққа жатпайтын түсімдердің жалпы көлемінен қолма-қол ақшаның үлес салмағы 0,4%-ды құрайды;
мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің жалпы сомасындағы кедендік төлемдер мен салықтардың үлес салмағы 20,1 %-ға дейін;
қатаң есептілік бланкілерінің бір бірлігін басып шығарудың шартты құны орташа есеппен 3 теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға арналған шығындардың шартты құны орташа есеппен 22 350 теңгені құрайды.
кеден органы бойынша қызметтік-іздестіру итінің бір бірлігін ұстауға арналған шығынның орташа шартты құны 737 теңгені құрайды.
1 кеден сарапшысын ұстауға жүргізілген шығындардың шартты құны орташа есеппен 7,88 теңгені құрайды.
бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттырудың орташа шығыны - 14,05 мың теңге.
бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқытудың орташа шығыны - 14,7 мың теңге.
бір мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілін оқытудың орташа шығыны - 16,7 мың теңге.
Уақтылылығы:
Белгіленген мерзімге сәйкес жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы:
мемлекеттік бюджетті атқару, бюджеттік есепке алу, кеден, салықтық бақылау, ішкі қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу, темекі өнімдерінің, этил спирті мен алкоголь өнімінің, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), соттан тыс борышкерді тарату рәсімі, мемлекеттік меншікті басқару, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдері, бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік пен аудит салаларында заң бұзушылықтарға жол бермеу;
қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқытудың курстарын өткеннен кейін мемлекеттік тіл бойынша іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшінің үлесі - 10,19 %; ағылшын тілін оқытудың курстарын өткеннен кейін ағылшын тілі бойынша іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшінің үлесі - 1,54 %; біліктілігін арттыру курстарын өткеннен кейін жоғары тұрған лауазымдыққа тағайындалатын мемлекеттік қызметшінің үлесі - 1,9 %.
ақпараттың жеделдігін және дұрыстығын арттыру, мемлекеттік қызметті жедел ұсыну.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N№1220 қаулысына
189-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
"Инвестициялық жобалардың аудитін жүзеге асыру"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
:
13500 мың теңге (он үш миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
:
"Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Несие жөніндегі келісімді (Арнайы операциялар) (Су қорларын басқару және жерді қалпына келтіру жобасы) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі
Заңы
; "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Қарыз туралы келісімді (Кәдімгі операциялар) (Су қорларын басқару және жерді қалпына келтіру жобасы) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі
Заңы
; "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің арасындағы (Жол көлігі саласын қайта құрылымдау жобасы) Қарыз туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 20 шілдедегі
Заңы
; "Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы автомобиль жолдары саласын дамыту жобасы жөніндегі заем туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы
Заңы
; "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Қарапайым операциялар) (Аймақтық маңызы бар Алматы - Бішкек жолын қайта жаңарту жобасы) (Қазақстандық құрауыш) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы
Заңы
; "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Заем туралы Келісімді ("Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1 фаза)" жобасы) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 20 наурыздағы
Заңы
; "Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы "Автожол саласын (Атырау-Ақтау) қайта құрылымдау" Қарыз туралы келісімді бекіту туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі
Заңы
; "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкінің арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәріз салалық жобасы) бекіту туралы" (Жай операциялар) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 желтоқсандағы
Заңы
; "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендіруден кейінгі екінші жобасы) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы
Заңы
; Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы) ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі
Заңы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
:
республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
:
Қазақстан Республикасының имиджін және инвестициялық тартымдылық рейтингін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
инвестициялық жобалар аудитін уақтылы өткізу және тиісті халықаралық қаржы ұйымдарына аудиторлық тексеру есептерін беру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдарламаның (кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
002 |
|
Инвестициялық жобалардың аудитін жүзеге асыру |
Үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылатын тоғыз инвестициялық жобалардың аудитін жүргізу:
|
Қаңтар-маусым |
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
:
Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен Қарыз туралы келісімінің міндетті шарттарының бірін орындау.
Тікелей нәтиже: 13500 мың теңге сомасына 9 инвестициялық жобалар аудитін жүргізу.
Түпкі нәтиже: қарыз қаражатын пайдалану айқындылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін 9 инвестициялық жобалар аудитін жүргізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір инвестициялық жобаның аудитін жүргізуге арналған шығынның шартты құны 2007 жылы 1500 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: 2007 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде 9 инвестициялық жобалар аудитін 100% жүргізу.
Сапасы: халықаралық қаржы институттарының тәуелсіз аудиторлық есептерге мұқтаждығын 100% қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
190-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
"Тарату және банкроттық рәсімдерді жүргізу" деген
003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
:
112352 мың теңге (бір жүз он екі миллион үш жүз елу екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
:
Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексі
, "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы
Заңы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
:
жоқ және әрекетсіз борышкерлерді тарату және банкроттау, оның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің
49-бабына
сәйкес ұйымдарды тарату рәсімдерін жүргізу жолымен салық төлеушілердің тізілімін тазартуды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
жоқ және әрекетсіз борышкерлердің санын қысқарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның (кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
003 |
|
Тарату және банкроттық рәсімдерді жүргізу |
Жоқ және әрекетсіз борышкерлерді тарату және банкроттық рәсімдерді жүргізу.
|
Қаңтар-желтоқсан |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
: - клиент: салық органдары;
- тікелей нәтиже: 1400 жоқ және әрекетсіз борышкерлерді тарату;
- түпкі нәтиже: салық төлеуші - дәрменсіз борышкерлердің тізілімін тазарту (жоқ және әрекетсіз);
- қаржы - экономикалық нәтиже: бір ұйымды таратуға жұмсалатын шығындар орта есеппен 80 251 (сексен мың екі жүз елу бір) теңгені құрайды;
- уақтылығы: "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес дәрменсіз борышкерді таратудың негізгі мерзімі 9 айды құрайды;
- сапасы: Қазақстан Республикасының салық салынатын базасын тазарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N№1220 қаулысына
191-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
"Республикалық бюджет алдындағы борышты өтеуге арналған
облыстық бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 116984 мың теңге (бір жүз он алты миллион тоғыз жүз сексен төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
:
»
"Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі шаралар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қыркүйектегі N 908
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
:
Атырау облысы жергілікті бюджеті шығындарының орнын толтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттің алдындағы борышын өтеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның (кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
004 |
|
Республикалық бюджет алдындағы борышты өтеуге арналған облыстық бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер |
|
|
|
2 |
|
100 |
Атырау облысының облыстық бюджетіне төтенше жағдайлар салдарын жою жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін борышты өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер |
Төтенше жағдайларды жоюмен байланысты Үкіметтің арнайы резервінен кассалық алшақтықты жабуға арналған кредитті алудан туындаған республикалық бюджеттің алдындағы борышты өтеуге және сол бойынша сыйақы мен өсімпұл төлеуге жұмсалған жергілікті бюджет шығыстарының орнын толтыру үшін Атырау облыстық бюджетіне 116 984,0 мың. теңге сомасында республикалық бюджеттен ақша қаражатының бөлінуі. |
Қаңтар |
Қаржы Министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
:
Тікелей нәтиже: Атырау облыстық бюджетіне қаражаттың 100 пайыз аударылуы.
Түпкі нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет алдындағы борышының төмендеуі.
Уақтылығы: республикалық бюджет алдындағы борыштың уақытылы жабылуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N№1220 қаулысына
192-ҚОСЫМША
217
-
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
"Халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 369494 мың теңге (үш жүз алпыс тоғыз миллион төрт жүз тоқсан төрт мың теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
:
"Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңының
1-бабы
,
2-бабының
1, 2-тармақтары,
4-бабы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
:
Қазақстан Республикасының оларға мүше болу Қазақстан Республикасына кредит ресурстарына, оның ішінде экономика мен қаржы саласындағы реформаларды қолдауға, техникалық көмек пен гранттарды алуға жеңілдікті шарттарда қол жеткізу құқығын беретін Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам Даму Банкі сияқты бірқатар ірі беделді халықаралық қаржылық ұйымдарында акционер мәртебесін сатып алуға байланысты қабылданған өз міндеттемелерін орындауы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
Халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу. Халықаралық қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасы үшін көздеген төлемдер кестесіне сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарына мүшелік жарналарды тұрақты төлеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның (кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
006 |
|
Халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу |
1. ХҚДБ - ХҚДБ акционерлік капиталына негізгі жазылу есебіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған 30.06.1997 ж. N 5/5025 қарапайым вексель қаражатының бөлігін инкассациялау;
|
2007 жылғы II, IV тоқсан
2007 жылғы II тоқсан
2007 жылғы III тоқсан
2007 жылғы IV тоқсан 2007 жылғы IV тоқсан |
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
:
Тікелей нәтиже: жалпы сомасы 55943,7 мың теңгеге Банк төлемдерінің кестесіне сәйкес құны 10000 Ислам динары Ислам Даму Банкінің 30 акцияларын сатып алу, ХДҚ жалпы жарғылық капиталының 0,26 пайызға мөлшерінде Қазақстан Республикасының Қауымдастықтағы үлесін қолдау мақсатында ХДҚ акционерлік капиталына қосымша жазылу бойынша 5316,5 мың теңге төлеу, сондай-ақ жалпы сомасы 315599,7 мың теңге мөлшерінде Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкінің акционерлік капиталына жазылу есебіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған жай векселдерді инкассациялау.
Түпкі нәтиже: халықаралық ұйымдарға төлеуді 100 пайыз қамтамасыз ету.
Уақтылығы: төлем кестелеріне сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарына мүшелік жарналарды уақтылы төлеу.
Сапасы: халықаралық қаржы ұйымдарына мүшелік жарналар төлеу бойынша осы ұйымдардың кінә қоюларын 100 пайыз болдырмау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N№1220 қаулысына
193-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының ақпараттық
жүйелерін құру және дамыту"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
:
1814293 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз он төрт миллион екі жүз тоқсан үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
:
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет
Кодексі
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
:
ақпараттық технологиялар негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдары қызметінің айқындылығын және тиімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
басқа мемлекеттік органдармен ақпараттық-технологиялық өзара іс-әрекеттің тиімділігін арттыру; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін дамыту және жетілдіру; мемлекеттік бюджеттің атқарылуына бақылау рәсімдерінің тиімділігін, ақпараттық ашықтығын және айқындылығын арттыру; ақпараттық жүйелердің ақпараттық-техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның (кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
007 |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының ақпараттық жүйелерін құру және дамыту |
|
|
|
2 |
|
100 |
Қазынашылықтың ақпараттық жүйесін құру |
1. Қазынашылықтың ақпараттық жүйелерін дамыту, жұмыс істеуін кеңейту.
|
Жыл
|
Қазақстан
|
3 |
|
102 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін құру және дамыту |
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін дамыту және жұмыс істеуін кеңейту. Пайдаланушыларды оқыту.
|
Жыл бойы |
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
: Тікелей нәтиже: ақпараттық жүйені қолдану негізінде мынадай рәсімдерді орындауды қамтамасыз ету:
- барлық деңгейдегі мемлекеттік бюджеттің атқарылуын бақылауды, уақытылы және негізделген қаржы-экономикалық шешімдерді қабылдауды; мемлекеттік органдардың жұмысына талдау мен бағалау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметін және басқа да мүдделі тараптарды мемлекеттік бюджеттің атқарылуына және оны бақылауға қатысы бар жедел ақпаратпен қамтамасыз ету.
- қаражат мониторингі және кірістердің түсімін, мемлекеттің шығыстардың тиімділігін, дәлелсіз шығындар жібермеуін, нысаналы мақсат бойынша пайдалануды талдау;
- мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарларын және жиынтық қаржыландыру жоспарын жасауды, бекітуді, өзгерістер мен толықтырулар енгізу процесін;
- мемлекеттік бюджеттің атқарылу барысы туралы жедел деректерді қалыптастыру, мемлекеттік бюджеттің күтілетін атқарылуын болжамдау, есептілікті қалыптастыру және мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау;
Түпкі нәтиже:
- қазынашылық ақпараттық жүйесінің 100% тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуі;
- мемлекеттің қаржы ресурстарын, мемлекеттің міндеттемелері мен төлемдерін 100% тиімді және уақтылы басқару;
- республика бюджетінің кез келген деңгейін атқару бойынша операцияның 100% айқындылығы;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің бақылау қызметін тиімді жоспарлау және жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша мәліметтерді жинау және жинақтау мерзімін қысқарту;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі органдарының қаржы-шаруашылық қызметін тиімді жедел басқару;
- күрделі сұрау салуларды өңдеу уақытын азайту үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары қызметкерлерінің уақтылы ақпаратқа қол жетімділігі.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдарында бюджеттік процестерді және мемлекеттік бюджетке қазынашылық қызмет көрсетуді автоматтандыруды ескере отырып еңбек шығындарын төмендету.
Уақтылығы:
- міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына сәйкес белгіленген мерзімге сай жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы:
- төлемдерді жүргізу және есептерді беру айқындылығы, уақтылығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
194-ҚОСЫМША
217
-
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және
Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне жалақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
:
89469724 мың теңге (сексен тоғыз миллиард төрт жүз алпыс тоғыз миллион жеті жүз жиырма төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
:
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет
кодексі
; Елбасының»"Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында" 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына
Жолдауы
; Қазақстан Республикасы Президентінің»"Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284
Жарлығы
; "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41
қаулысы
; "Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қаңтардағы N 74
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік
бағдарламаның мақсаты
: бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын жеке сектордың жалақысына біртіндеп жақындату.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
жалақының 2005 жылғы 1 шілдеден бастап 32%-ға, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап орташа есеппен 30%-ға көтерілуіне байланысты 89 469 724 мың теңге сомасында жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюіне өтемақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның (кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
009 |
|
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне жалақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер |
Республикалық бюджеттен Ақмола облысының бюджетіне - 455388 мың теңге, Ақтөбе облысының бюджетіне - 4490992 мың теңге, Алматы облысының бюджетіне - 6215893 мың теңге, Атырау облысының бюджетіне - 3420551 мың теңге, Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне - 7338533 мың теңге, Жамбыл облысының бюджетіне - 5735978 мың теңге, Батыс Қазақстан облысының бюджетіне - 4178255 мың теңге, Қарағанды облысының бюджетіне - 7975494 мың теңге, Қостанай облысының бюджетіне - 5204640 мың теңге Қызылорда облысының бюджетіне - 6922919 мың теңге, Маңғыстау облысының бюджетіне - 2831552 мың теңге, Павлодар облысының бюджетіне - 4476595 мың теңге, Солтүстік Қазақстан облысының бюджетіне - 4363444 мың теңге, Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне - 13090070 мың теңге, Алматы қаласы бюджетіне - 5566789 мың теңге, Астана қаласы бюджетіне - 3104138 мың теңге, мақсатты трансферттер аудару. |
Жыл
|
Қаржы министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жалақының 2005 жылғы 1 шілдеден бастап 32%-ға, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап орташа есеппен 30%-ға көтерілуіне байланысты 89 469 724 мың теңге сомасында жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюіне өтемақы төлеу.
Түпкі нәтиже: мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне жалақының 2005 жылғы 1 шілдеден бастап 32 %-ға, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап орташа есеппен 30%-ға артатынын, сондай-ақ 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық қызметкерлер еңбек ақысының медициналық көмектегі еңбектің сапасына, көлемі мен күрделілігіне, сонымен қатар біліктілік деңгейіне байланысты қосымша көтерілетінін және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыруды ескере отырып, оны төлеу.
Уақтылығы: бюджеттік сала қызметкерлерінің көтерілген жалақысын уақтылы алуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
195-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
:
16237035 мың теңге (он алты миллиард екі жүз отыз жеті миллион отыз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
:
2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің
17-бабы
,
117-бабы
; "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңының
10,
11-баптары
; "Қазақстан Республикасы Үкіметінің
және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
:
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін республикалық және жергілікті бюджеттерде жоспарланбаған шығындарды қаржыландыру; Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігіне, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды жою; өзге күтілмеген шығындар; сот шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен анықталған және табиғи және техногендік-сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі, Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігіне, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды жою жөнінде іс-шаралар жүргізуге, өзге де күтілмеген шығындарға бағытталған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ Үкіметтің, орталық мемлекеттік органдардың, аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелері бойынша сот шешімдерін орындауға бағытталған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның (кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
010 |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві |
|
|
|
2 |
|
100 |
Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлуді қамтамасыз ету. |
Жыл бойы |
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың, әкімшелері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары. |
3 |
|
101 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлуді қамтамасыз ету. |
Жыл бойы |
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың, әкімшелері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары. |
4 |
|
102 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттар шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерві |
Сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлуді қамтамасыз ету. |
Жыл бойы |
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың, әкімшелері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
196-ҚОСЫМША
217
-
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
"Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді
орындау" деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны:
3551406 мың теңге (үш миллиард бес жүз елу бір миллион төрт жүз алты мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексінің
213-бабы
; "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
:
Қарыз алушы қарыз туралы шартқа сәйкес оған тиесілі төлемдерді төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасының кредит берушілер алдындағы мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі міндеттемелерін орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бар мемлекеттік емес қарыздар бойынша дефолт фактісіне жол бермеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
Егер қарыз алушы кепілдікпен қамтамасыз етілген қарызды төлем мерзімі басталған күні толық немесе ішінара және 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде өтемеген жағдайда қарыз берушілер алдындағы мемлекеттік кепілдікпен қамтамсыз етілген мемлекеттік қарыздарды өтеу және қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерді толық және уақтылы орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның (кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
011 |
|
Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау |
Заңнамада белгіленген тәртіппен негізгі борыштың, сыйақылардың, мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша өзге төлемдердің сомасын төлеу. |
Қаңтар-желтоқсан |
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
:
Тікелей нәтиже: кепілдікпен қамтамасыз етілген қарызды қарыз алушы төлем мерзімі басталған күнге толық немесе ішінара өтемеген жағдайда толық көлемде мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерді орындау.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі міндеттемелерін 100 пайыз орындау.
Уақтылығы:
1) қарыз шарттарында белгіленген мерзімде негізгі борышты, сыйақыларды, кредит берушілерден ақы төлеуге шоттардың негізінде мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша өзге төлемдерді уақтылы төлеу.
2) бюджеттік бағдарламаны іске асыру мерзімі ішінде мемлекет кепілдік берген қарыздар жөніндегі мерзімі өткен төлемдердің болмауы.
Сапасы: қарыз берушілердің мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және қызмет көрсету жөніндегі мүдделерін 100 пайыз қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
197-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджеттер
бойынша қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерві"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
:
600000 мың теңге (алты жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
:
»
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405
қаулысы
;»"Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы"»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
:
қолма-қол ақша тапшылығын жабуға төмен тұрған бюджеттердің шығыс бөлігінің орындалуын қамтамасыз ету
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
қолма-қол ақша тапшылығын жабуға төмен тұрған бюджеттерге кредит беру
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның (кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
012 |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджеттер бойынша қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерві |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері болған кезде қолма-қол ақша тапшылығын жабуға төмен тұрған бюджеттерге кредит беру. |
Жыл бойы |
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
:
Тікелей нәтиже: жергілікті атқарушы органдарға жасалған кредит келісімдеріне сәйкес қолма-қол ақша тапшылығын жабуға 600 000 мың теңге сомасына кредит қаражатын беру.
Түпкі нәтиже: төмен тұрған бюджеттер бойынша қолма-қол ақша қаражатын 100%-ға жабу.
Сапасы: жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне сәйкес толық көлемде кредит қаражатын бөлу, бюджеттер бойынша қолма-қол ақша тапшылығын толық жабу үшін кредит қаражатында жергілікті атқарушы органдардың мұқтаждығын 100%-ға қамтамасыз ету.
Уақтылығы: қолма-қол ақша тапшылығын толық жабуға жергілікті бюджеттерге бюджет кредиттерін уақытылы бөлу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N№1220 қаулысына
198-ҚОСЫМША
217
-
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
"Үкіметтік борышқа қызмет көрсету",
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
:
36747450 мың теңге (отыз алты миллиард жеті жүз қырық жеті миллион төрт жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
:
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің
201-бабы
; "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
:
Қазақстан Республикасының үкіметтік борышын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін орындау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары бойынша дефолт фактісіне жол бермеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
қарыз берушілер алдындағы үкіметтік қарыздар бойынша сыйақыларды (мүдделерді) төлеу және үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша міндеттемелерді толық және уақтылы орындау; мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және қарыз шарттарының ережелеріне сәйкес үкіметтік қарыздарды тартқаны үшін комиссиялық сыйақыларды төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
013 |
|
Үкіметтік борышқа қызмет көрсету |
|
|
|
2 |
|
100 |
Қарыздар бойынша сыйақыларды (мүдделерді) төлеу |
Үкіметтік қарыздар бойынша сыйақыларды (мүдделерді) төлеу және үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлеу. |
Қаңтар-желтоқсан |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
3 |
|
101 |
Қарыздарды орналастырғаны үшін комиссиялық төлем |
Үкіметтік қарыздарды тартудың комиссиялық сыйақыларын төлеу. |
Қаңтар-желтоқсан |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
:
Тікелей нәтиже:
үкіметтік қарыздар бойынша сыйақыларды және үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша мөлшері 36744850 мың теңге, үкіметтік қарыздарды тартудың мөлшері 2600 мың теңге комиссиялық сыйақыларды төлеу.
Түпкі нәтиже:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің үкіметтік борышты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін 100 пайыз орындау.
Уақтылығы:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тікелей міндеттемелері болып табылатын үкіметтік борышқа қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерді қарыз шарттарында және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру шарттарында белгіленген мерзімде орындау.
2) бюджеттік бағдарламаны іске асыру мерзімі ішінде үкіметтік борышты қамтамасыз ету жөнінде мерзімі өткен төлемдердің жоқ болуы;
Сапасы: Үкіметтік борышты қамтамасыз ету жөнінде қарыз берушілердің мүдделерін 100 пайыз қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
199-ҚОСЫМША
217
-
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
"Жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет, осымен және кредит беруге байланысты дауларды реттеу, кредиттер және мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау есебінен алынған немесе
өндіріп алынған мүлікті есепке алу, сақтау"
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 629400 мың теңге (алты жүз жиырма тоғыз миллион төрт жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: "Жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
2 ,
17-баптары
;»"Стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
7 ,
13-баптары
;»"Мемлекеттік меншік бойынша ақпараттық алмасуын қамтамасыз ету және ақпараттық деректер қорын енгізу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246
қаулысы
;»"Мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің жұмыс істеуіне және оларды басқарудың тиімділігіне кешенді мониторинг жүйесін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 шілдедегі N 998
қаулысы
;»"Экономикалық стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асыратын объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі N 810
қаулысы
; "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі орындаудың желілік кестесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: Республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
:
мемлекеттік меншікті, жекешелендіруді және жекешелендіруден кейінгі қызметті басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
жекешелендірудің барлық құралдарын пайдалана отырып, оның ішінде брокерлерді тарту жолымен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында жекешелендіру объектілерін сатуды әзірлеу және жүзеге асыру; жекешелендіруден кейінгі бақылауды қамтамасыз ету; республикалық меншіктің, мемлекеттің меншік үлесі бар кәсіпорындардың активтерін басқару тиімділігінің мониторингі; стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін ұйымдастыру және жүргізу; мониторингі есебінің бірыңғай ақпараттық деректер қорын сүйемелдеу және дамыту; Жарғылық капиталда мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, заңды тұлғалардың тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) жүргізу; сотқа және сотқа дейінгі тәртіпте заңды консультанттарды тарта отырып, жекешелендіруге, республикалық меншікті басқаруға және жекешелендіруден кейінгі қызметке байланысты дауларды шешу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның (кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
016 |
|
Жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет, осымен және кредит беруге байланысты дауларды реттеу, кредиттер және мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау есебінен алынған немесе өндіріп алынған мүлікті есепке алу, сақтау |
Мыналарды:
|
Ай сайын, жыл ішінде |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
:
Тікелей нәтиже:
республикалық бюджетке республикалық меншік объектілерін жекешелендіруден жоспарланған мөлшерде ақшаның, республикалық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакеттеріне дивидендтердің, оның бөлігінде республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістерінің түсуі.
Түпкі нәтиже:
Республикалық меншіктің, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы 70 объектілерді басқарудың тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеп шығару; республикалық мемлекеттің 10 пайдасыз кәсіпорындарын қалпына келтіру жоспарын әзірлеу; стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы 40 объектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды, және жекешелендірілген 70 объектілер бойынша келісім-шарттық міндеттемелердің орындауын жүзеге асыру; Мемлекеттік меншік объектілерінің тізілімінде толық, сенімді, жүйелік есепті қамтамасыз ету, басқарушылық шешімдер қабылдау үшін есепке алу қызметінің объектілерін талдау кезінде Тізімнің деректер қорын пайдалану.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Орташа алғанда бір сағат ішінде мынадай:
- 3,7 мың теңге - жекешелендіру объектілері құнының бағасына арналған;
- 3,7 мың теңге - келісім-шарттық міндеттемелердің орындалуын тексеруге арналған;
- 6,9 мың теңге - активтерді басқару тиімділігінің мониторингіне арналған;
- 7,3 мың теңге - мониторингі деректер қорын сүйемелдеу және дамытуға арналған;
- 8,7 мың теңге - отандық заңды консулътанттар және 50 мың теңге шетел заңды консультанттар сатып алынатын қызметтердің шығындары.
Мынадай:
- 21,5 мың теңге - акциялар иесі тізіліміндегі бір акционерлік қоғамның бағалы қағаздары бар мәміле жүргізуге арналған;
- 12,0 мың теңге - бір жер телімінің құнын бағалауға арналған орташа шығындар.
0,25 мың теңге - ақпараттық хабарламаны жариялаудың бір шаршы сантиметр алаңының орташа құны.
Уақытылығы:
Белгіленген мерзімде толық көлемде жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы:
Тиімді басқару, менеджментті және зерттелген объектілердің қаржы-шаруашылық қызметін жақсарту, мемлекеттік меншіктің бірыңғай деректер қорын жүргізу мақсатында республикалық меншіктің құрылымын оңтайландыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N№1220 қаулысына
200-ҚОСЫМША
217 -
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
""Министрліктер үйі" ғимаратын күтіп-ұстау және сақтандыру"
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 508179 мың теңге (бес жүз сегіз миллион бір жүз жетпіс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
:
»
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы
Заңы
;»"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1119
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
:
"Министрліктер үйі" ғимаратына (бұдан әрі - Ғимарат) шаруашылық қызмет көрсету; Ғимараттың технологиялық жабдықтарының іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, сақтандыру жағдайы туындаған кезде шығындарды өтеу, Ғимаратты жабдықтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
Ғимараттың техникалық жабдықтарын қолдау және техникалық қызмет көрсету, Ғимаратты телекоммуникациялық қамтамасыз ету, қорғау, шаруашылық қызмет көрсету, конференц-залдарын, мәжіліс залдарын жабдықтау, Ғимаратты табиғи зілзала, өрт, жарылыс және басқа да тәуекел жағдайларына сақтандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның (кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
017 |
|
"Министрліктер үйі" ғимаратын күтіп-ұстау және сақтандыру |
Мыналарды: электр техникалық жабдықтарды, инженерлік желілер мен коммуникацияларды,
|
Жыл
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
: Тікелей нәтиже: жұмыс істейтін лифтілердің, желдеткіш және электротехникалық, санитарлық-техникалық жабдықтың, инженерлік желілер мен коммуникациялардың, эфир-кабельдік теледидардың, желдеткіштің шығару-сорғы жүйесінің, өрт қауіпсіздігінің, өрт дабылының және түтін шығарудың, кіруді бейне қадағалау мен бақылау жүйелерінің, сыртқы және ішкі желілері бар автоматты телефон станциясының үлес салмағы олардың жалпы санының 100 %-ын құрайды.
Түпкі нәтиже: Ғимараттың бүкіл технологиялық жабдықтарының іркіліссіз және апатсыз жұмыс істеуі, Ғимаратты сенімді сақтандыру жағынан қорғау, сондай-ақ сақтандыру жағдайлары туындаған кезде сақтандыру төлемдерін уақтылы төлеу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Ғимараттың 1 шаршы метрін ұстауға жұмсалатын шығындардың шартты құны 30 683,61 теңгені құрайды. Сапасы: мемлекеттік қызметшілер үшін қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
201-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
"Жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу"
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
:
42884 мың теңге (қырық екі миллион сегіз жүз сексен төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
:
Қазақстан Республикасы Президентінің»"Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" 1993 жылғы 6 қыркүйектегі N 1344
Жарлығына
сәйкес»"Тұрғын үй құрылыс банкі" ЖАҚ берген жеңілдікті тұрғын үй несиелерін алған азаматтардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 304
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
:
жеңілдікті тұрғын үй кредиттерін алған азаматтар үшін теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшудің әлеуметтік салдарларын жеңілдету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшкеннен кейін туындаған жеңілдікті тұрғын үй кредиттерін алған азаматтардың ығысуына ішінара өтемақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның (кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
019 |
|
Жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу |
2006 жыл үшін "Тұрғын үйқұрылысбанкі" ЖАҚ берген жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу. |
20 ақпанға дейін |
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
:
Тікелей нәтиже:»"ЦентрКредитБанкі" АҚ жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырмасын төлеу.
Түпкі нәтиже: жасалған кредит келісімдерінің ережелеріне сәйкес кредиттер бойынша берешекті өтеу бөлігінде орындалған міндеттемелер жөніндегі бағамдық айырманы өтеу жолымен жеңілдікті тұрғын үй кредиттерін алған азаматтарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы өтеуді алған салымшылардың үлесі.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің»"ЦентрКредитБанкі" АҚ алдындағы міндеттемелерінің орындалу уақтылығы.
Сапасы:»"ЦентКредитБанкі" АҚ бағамдық айырмасын өтеу толықтығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N№1220 қаулысына
202-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне
бюджеттік түсімдердің шығындарын өтеуге
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
:
29205219 мың теңге (жиырма тоғыз миллиард екі жүз бес миллион екі жүз он тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
:
»
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы
кодексі
, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің
38-бабы
, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі
Заңы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
:
жеке табыс салығының бірыңғай ставкасын 10% көлемінде белгілеу мен салық салу кезінде кірістерден есептік көрсеткіштің орнына жалақының ең төменгі мөлшерін алып тастаудан туындаған жергілікті бюджеттердің жоғалуларын өтеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
жергілікті бюджеттердің шығыстарын уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның (кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
021 |
|
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне бюджеттік түсімдердің шығындарын өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің шығынын өтеуге республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттерді аудару. |
Жыл бойы |
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
:
Тікелей нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметінің стандарттық деңгейін ұсынуы.
Түпкі нәтиже: жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегінің болмауы.
Уақтылығы: жергілікті бюджеттік бағдарламаларды уақтылы қаржыландыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
203-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
"Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақылар төлеу" деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
:
346700 мың теңге (үш жүз қырық алты миллион жеті жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
:
»
"Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы
Заңы
,»"Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының дамуының мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388
Жарлығы
, "Тұрғын үй құрылысы ұзақ мерзімді қаржыландыру және ипотекалық несие беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 тамыздағы N 1290
қаулысы
, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 364
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
:
тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы бойынша мемлекеттік сыйлықақылар беру бөлігінде Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамытудың мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы бойынша мемлекеттік сыйлықақылар беру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның (кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
024 |
|
Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлақылар төлеу |
"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ салымшыларына мемлекеттің сыйлықақысын төлеу. |
10 ақпанға дейін |
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
:
Тікелей нәтиже: тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша мемлекеттік сыйлықақыларды төлеу.
Түпкі нәтиже: тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы банктерінің салымшылары санын көбейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша мемлекеттік сыйлықақыларды төлеу ережелеріне сәйкес мемлекеттің сыйлықақысын алған "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ салымшыларының саны.
Уақтылығы: заңнамаға сәйкес мемлекеттің сыйлықақысын төлеуге "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ корреспонденттік шотына қаражатты уақтылы аудару.
Сапасы: тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша мемлекеттің сыйлықақысын дұрыс және толық есептеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
204-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
"Кедендік бақылау және кедендік инфрақұрылым объектілерін салу" деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
:
1530818 мың теңге (бір миллиард бес жүз отыз миллион сегіз жүз он сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
:
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден
кодексі
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
:
халықаралық стандарттарға және талаптарға сәйкес мемлекеттік шекарада тауарлар мен көлік-құралдарына бірлескен бақылауды, мемлекеттік шекараны қорғау мен сақтауды, Қазақстанның егемендігіне және аумақтық тұтастығына қол сұғушылыққа тыйым салуды, орын ауыстыратын объектілердің ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, өсімдіктердің карантині жөнінде бақылауды, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын сақтауды жүзеге асыру, ұлттық, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасау, қарудың, есірткі заттарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың контрабандасын анықтау тұрғысынан нақты тексерудің сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік әлеуетті арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның (кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
026 |
|
Кедендік бақылау және кедендік инфрақұрылым объектілерін салу |
"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкес сомалардың шегінде инвестициялық жобаларды мыналар бойынша іс-шараларға арналған белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес іске асыру:
|
Қаңтар-желтоқсан |
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
:
Тікелей нәтиже: Атырау, Маңғыстау облыстарында 3 объектіні аяқтау; Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында 7 объекті бойынша мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама; Батыс Қазақстан облысының "Бірлік", Солтүстік Қазақстан облысының "Бидайық" бірыңғай бақылау-өткізу пункттерінің, Ақтөбе облысының "Қарғалы", Маңғыстау облысының»"Морпорт Ақтау", Жамбыл облысы "Қордай" кеденінің "Ауқатты", Жамбыл облысы "Қордай" кеденінің "Сортөбе" кеден бекеттері инфрақұрылымының, Солтүстік Қазақстан облысы "Жаңажол" кеден бекеті жолаушылар терминалының құрылысы жөніндегі орындалған жұмыстардың көлемі.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігін нығайту үшін кедендік бақылау және кедендік инфрақұрылым объектілерін пайдалануға енгізу.
Уақтылығы: жұмыстарды жүргізу кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
205-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
"Еуразия даму банкіне қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасының қалыптасуы мен дамуына, олардың экономикалық өсуі мен сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге жәрдемдесу"
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
:
23400000 мың теңге (жиырма үш миллиард төрт жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық-негізі
:
"Еуразия даму банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 12 сәуірдегі
Заңы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
:
халықаралық қаржылық-экономикалық ынтымақтастықтың нығаюына септігін тигізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
Қазақстан Республикасының Еуразия даму банкінің жарғылық капиталын қалыптастыруға қатысуы.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның (кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
027 |
|
Еуразия даму банкіне қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасының қалыптасуы мен дамуына, олардың экономикалық өсуі мен сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге жәрдемдесу |
Қазақстан Республикасының Еуразия даму банкінің жарғылық капиталындағы үлесін төлеу |
Қаңтар-желтоқсан |
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
:
Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының Еуразия даму банкінің жарғылық капиталындағы акциялардың 40 пайызын сатып алуы.
Түпкі нәтиже: Еуразия даму банкінің жарғылық капиталына төлемдерді 100 пайыз қамтамасыз ету.
Уақтылығы: Еуразия даму банкін құру туралы келісімде көрініс тапқан қаржыландыру мерзімдері мен шарттарын сақтау.
Сапасы: жүзеге асырылатын инвестициялар арқылы Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N№1220 қаулысына
206-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған "Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне
қарсы күрес" деген 104 республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 45883 мың теңге (қырық бес миллион сегіз жүз сексен үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
:
"Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған Стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1678
Жарлығы
,»"Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 240
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
:
Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесінің одан әрі таралуына қарсы тиімді мемлекеттік және қоғамдық іс-қимыл жүйесінің негізгі буындарын нығайту, кеден органдарын техникалық жарақтандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы әрекет тетігін дамыту, есірткі құралдарының заңсыз айналымына және олардың теріс пайдаланылуына бақылау жасау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың контрабандасын анықтау нысанына кедендік тексеріс сапасын жақсарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның (кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
104 |
|
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес |
Қазақстан Республикасына есірткі құралдарының әкелінуінің алдын алу, елдегі есірткі ахуалын тұрақтандыруға жәрдем көрсету; нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-әрекет жасау саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту; есірткі құралдарының контрабандасы фактілерін анықтау; нашақорлықтың алдын алу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасауды күшейту. |
Жыл бойы |
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
:
Тікелей нәтиже: есірткілердің заңсыз айналымына қарсы күресті тиімді ұйымдастыру үшін кедендік бақылау органдарына қажетті жабдықтарды сатып алу жолымен есірткі және жарылыс заттары контрабандасының жолын кесу.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігін нығайту, кедендік бақылау сапасын жақсарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: есірткі құралдарын айқындаудың фактісіне арналған шығындардың орташа құны - 228 мың теңге.
Уақтылығы: іс-шаралар жоспарының мерзіміне сәйкес қойылған міндеттерді іске асыру.
Сапасы: есірткі құралдарының кіруіне жол бермеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
207-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
"Электрондық үкімет құру"
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
:
3253225 мың теңге (үш миллиард екі жүз елу үш миллион екі жүз жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
:
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет
Кодексі
; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы N
1471
Жарлығы
; "Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246
қаулысы
; "Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы N 579
қаулысы
; "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1286
қаулысы
; "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
:
ақпараттық технологияларды дамыту негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары қызметінің айқындылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
1) азаматтармен, шаруашылық жүргізуші субъектілермен, басқа органдармен ақпараттық-технологиялық өзара іс-әрекеттердің тиімділігін қамтамасыз ету;
2) мемлекет алдындағы міндеттемелерін орындау рәсімдерін біржолғы оңайлату кезінде азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерге көрсетілетін қызметтердің аясын кеңейту;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін кешенді дамыту мен жетілдіру, оның ішінде:
- Салықтардың, алымдардың және басқа міндетті төлемдердің және бюджетке түсетін өзге түсімдердің түсімін қамтамасыз ету, бюджетке міндетті төлемдердің толық және уақтылы аударылуы, шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсімдер бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аудару бойынша;
- алкоголь өнімінің және этил спиртінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу бойынша;
- кеден төлемдері мен алымдарының бюджетке түсу толықтығын қамтамасыз ету бойынша;
- электрондық мемлекеттік сатып алудың көмегімен мемлекеттік сатып алудың жүргізілуін бақылау;
- республикалық меншік және жекешелендіру объектілерін басқару бойынша.
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесі органдарының құзыретін әкімшілендіру рәсімдерінің тиімділігін, ақпараттық ашықтығын және айқындылығын арттыру;
5) Қаржы министрлігінің жүйесінде ақпараттық технологиялардың жұмыс қабілетін қамтамасыз ету үшін Қаржы министрлігі жүйесінің ақпараттық-техникалық және аппаратты инфрақұрылымын қайта жарақтандыру мен жаңғырту;
6) ақпараттық қызметтерді біріктіру, мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-әрекеттерді жетілдіру мен арттыру;
7) ақпараттық жүйелердің ақпараттық-техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның (кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
112 |
|
Электрондық үкімет құру |
|
|
|
2 |
|
100 |
"Электрондық кеден" ақпараттық жүйесін құру |
1. Жаңа компоненттерді әзірлеу бөлігінде "Электрондық кеден" ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін дамыту және кеңейту. Жүйені енгізу және оны пайдаланушыларды оқыту.
|
Жыл ішінде |
Қазақстан
|
3 |
|
101 |
Кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесін дамыту "КААЖ" |
1. "Сыртқы сауданың кеден статистикасы деректерінің статистикасы, талдау, оған қол жеткізуді ұйымдастыру" компоненттерін әзірлеу бөлігінде КААЖ ақпараттық жүйесін дамыту және кеңейту. Жүйені енгізу және оны пайдаланушыларды оқыту.
|
Жыл ішінде |
Қазақстан
|
4 |
|
102 |
Біріккен салықтық ақпараттық жүйесін дамыту "ҚР БСАЖ" |
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ақпараттық жүйелерін дамыту және жұмыс істеуін кеңейту.
|
Жыл ішінде |
Қазақстан
|
5 |
|
103 |
"СТжСО" Салық төлеушілердің және салық салынатын объектілердің тізілімі" ақпараттық жүйесін дамыту |
1. "Салық төлеушілердің және салық салу объектілерінің тізілімі" ақпараттық жүйесін дамыту және жұмыс істеуін кеңейту, енгізу және даналау, оның ішінде "МДҚ-мен өзара байланыс" және "Біржолғы талондарды" беруді есепке алу компоненті.
|
Жыл ішінде |
Қазақстан
|
6 |
|
104 |
Мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесін құру |
1.»"Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған біріктірілген ақпараттық жүйесін дамыту және жұмыс істеуін кеңейту.
|
Жыл ішінде |
Қазақстан
|
7 |
|
107 |
"Мемлекеттік меншік тізілімі" ақпараттық жүйесін дамыту |
1. "Мемлекеттік меншік тізілімі" ақпараттық жүйесін дамыту және жұмыс істеуін кеңейту.
|
Жыл ішінде |
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
:
Тікелей нәтиже: кедендік төлемдер мен алымдардың бюджетке түсу толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді жетілдіру, оның ішінде:
кедендік рәсімдерге теріс пиғылды қатысушыларды анықтау;
кедендік рәсімдерді оңайлату және жеделдету;
контрабандаға және әкімшілік кедендік құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру;
лицензиялар мен квоталарды пайдалану бойынша бақылаудың тиімділігін арттыру;
кедендік төлемдердің дұрыстығы мен есептелу жеделдігін арттыру және кедендік төлемдердің түсуін бақылаудың тиімділігін арттыру;
кеден статистикасы мен сыртқы сауда статистикасын жүргізу;
басқа ведомстволармен және басқа мемлекеттердің кеден органдарымен ақпараттық өзара байланыс;
кедендік төлемдер мен алымдардың бюджетке түсу толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі ақпараттың жеделдігін арттыру және оның сапасын қамтамасыз ету; қабылданатын шешімдердің жеделдігі мен сапасын арттыру;
салықтардың, алымдардың және басқа да міндетті төлемдердің және бюджетке өзге де түсімдердің түсуін, міндетті төлемдерді бюджетке аударудың, шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсімдер бөлігі ҚР Ұлттық қорына аударудың толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді жетілдіру, оның ішінде:
салық төлеушілердің салық және басқа есептілігін жедел қабылдау және өңдеу;
салық әкімшілендіру рәсімдерін автоматтандыру;
салық есептілігін электрондық камералдық бақылау тізбесін кеңейту; ҚҚС төлеушілердің тізілімін жүргізу;
салық төлеушілерді жедел тіркеу, салық төлеушілердің тізілімін жүргізу;
салықтар мен алымдар туралы заңнаманың толық сақталуын, анықталған жолсыздықтар жөніндегі шараларды жедел қабылдау және осының салдары ретінде, салықтар мен алымдардың барлық деңгейлі бюджеттерге және мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға тұрақты түсуін бақылауды арттыру;
екінші деңгейлі банктермен, басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет;
уәкілетті органдардан ССОТ-қа мәліметтерді қабылдау және өңдеу;
салық төлеушілерге ақпараттық сервис пен көрсетілетін қызметтерді кеңейту;
салық міндеттемелерін орындау кезінде салық төлеушілерге тең, белгілі және бірыңғай шарттарды қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салықтық сауаттылығын және хабардар болуын арттыру;
салық салу объектілерінің қызметін барлық көлемін қамтитын салық төлеушілердің есеп жүйесін құру және оны шұғыл бақылау. Азаматтардың кірістері мен мүлкі туралы деректерді жинау оларды әлеуметтік сипаттағы мәселелерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
алкоголь өнімі мен этил спиртінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу бойынша қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді жетілдіру;
электрондық мемлекеттік сатып алудың көмегімен мемлекеттік сатып алу өткізуді бақылау бойынша қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді жетілдіру; оның ішінде:
мемлекеттік сатып алу процесінің барлық кезеңдерінің айқындылық деңгейін, мемлекеттік сатып алу жүйесінің барлық ықтимал берушілері үшін ашық және қол жетімділікті арттыру;
банкроттық рәсімдердің (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ дәрменсіз борышкерді соттан тыс таратудың жүргізілуін бақылау бойынша қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді жетілдіру;
қосымша мамандандырылған бағдарламалық өнімдерді пайдаланушыларды инсталляциялауды болдырмауға мүмкіндік беретін веб-технологиялар арқылы "Мемлекеттік меншік тізілімі" ақпараттық жүйесіне пайдаланушылардың төте және тікелей қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже:
Бюджеттік бағдарламаның іс-шараларын іске асыру мемлекеттік бюджетті есепке алудың барлық салаларына, оның ішінде, басқару шешімдерін қабылдау мерзімін жеделдетуге және оның сапасы мен тиімділігін арттыруға кезеңді ықпал етеді.
Ақпараттық жүйелерді, атап айтқанда, салық, кеден, қазынашылық жүйесін, оның ішінде мемлекеттік сатып алу жүйесін, банкроттық рәсімдерді, мемлекеттік меншіктің тізілімін жүргізу рәсімдерін жүзеге асыру жүйесін, қаражат мониторингі және кірістер түсімін талдау, мемлекет шығыстарының тиімділігі бойынша жүйелерді біріктіру елеулі мәнге ие болады.
Бюджеттік бағдарламаның осы бөлігінің әсері салықтардың жиналымдылығын арттыру мен олардың түсу толықтығын қамтамасыз етуден көрінетін болады, салық, кеден органдарының, қазынашылық және қаржылық бақылау органдарының және мемлекеттік бюджет қаржысын есепке алу жүйесінің басқа органдарының іс-әрекеттерін үйлестіру мүмкіндігін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны түбірімен жою мүмкіндігін арттырады, елдің қауіпсіздігін арттыруға қабілет береді.
Бюджеттік бағдарламаның іс-шарасы Қаржы министрлігінің жүйесі органдарының ішіндегі сынды, азаматтармен және шаруашылық жүргізуші субъектілермен де ақпараттық алмасу процесін жылдамдатуды қамтамасыз етеді. Қажетті өндірістік функцияларды жүзеге асыруға шығынды қысқартуға, қағазсыз құжат айналымының үлесін ұлғайтуға мүмкіндік беретін, оның ішінде халықпен жұмыс кезінде ақпараттық технологиялардың құралдары мен аспаптарын пайдаланатын халық және шаруашылық жүргізуші субъектілер үлесінің өсуіне жанама индикатор болады.
Қазақстанның географиялық ережелерінің ерекшеліктері, өндірісті орналастыру құрылымы ақпараттық технологиялардың ерекше маңызын және халық пен бизнесті қажетті консультациялық қызметтермен қамтамасыз ету үшін ақпаратқа үзілген қол жеткізу жүйесін анықтайды. Қаржы министрлігінің жүйесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу әлеуетті түрде барлық азаматтарға "электрондық үкімет" шеңберінде мемлекеттік қызметтерді жедел алуға мүмкіндік береді. Бұл жариялылықты дамыту және ақпарат саласында барлық азаматтардың тең құқықтарын анық қамтамасыз ету жолында маңызды қадам болады. Іnternet пайдаланушылардың саны және үзілген қол жеткізу жүйесінің көмегімен берілетін қызметтердің көлемі индикатор болады.
Бағдарламаны іске асыру Қазақстанды дүниежүзілік коммуникация мен стандарттар жүйесіне біріктіру үшін қажетті және жеткілікті жағдайлар құрады.
ҚР Қаржы министрлігінің жүйесінде "электрондық үкімет" технологиясын енгізу қызметтің тиімділігін арттырады, сыбайлас жемқорлықтың және әкімшілік барьерлердің азаюына әкеледі.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
30 %-дан аспайтын деңгейге дейін кеден шекарасында физикалық инспекциялардан алынатын импорт декларацияларының санын қысқарту;
10 %-ға алдын ала операцияларды ескере отырып, шекарада кедендік тазалаудың орташа уақытын қысқарту;
50 %-ға кедендік тазалаудан кейін тауарлардың кеден аумағына кіргеннен бастап шыққанға дейінгі уақытын өлшеу кезінде кедендік тазалаудың орташа ұзақтығын қысқарту;
декларация берілгеннен бастап 50 %-ға тауарларды шығаруға рұқсат берілгенге дейінгі уақытты өлшеу кезіндегі кедендік тазалаудың орташа ұзақтығын қысқарту;
тапсырыстарды өңдеу, статистикалық және талдамалы есептілікті (сағат) қалыптастыру уақытын қысқарту;
камералдық бақылау қорытындылары және салықтық тексеру актілері бойынша есептеулерге дейінгі соманы ұлғайту (теңге);
мемлекеттік мұқтаждықтар үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға бюджет шығыстарын азайту, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуге шығындарды азайту, өнім берушілер арасында бәсекелестіктің тең жағдайларын құру, жиналған ақпаратқа жедел қол жеткізу;
мәні бар ақпараттан шығындарды қысқарту;
инспекторлардың уақытын тиімсіз пайдалануынан болатын шығынды қысқарту;
мемлекеттік мұқтаждықтар үшін сатып алуды ұйымдастыруға, дайындауға және жүргізуге бюджет қаражатын 15 %-ға дейін үнемдеу;
әртүрлі берушілердің баға конъюнктурасының айқындығын қамтамасыз ету есебінен бюджет қаражатын 8-10 %-ға үнемдеу; берушілердің арасында бәсекелестікті күшейту есебінен сатып алу бағасын 5-7 %-ға қосымша төмендетуден бюджет қаражатын үнемдеу және шоғырландырылған лоттар бойынша бір түрлі өнімдердің сатып алынатын топтамаларын ірілендіру. Осылайша, жиынтық экономикалық әсер мемлекеттік сатып алуға бөлінетін бюджет қаражаты сомасының кем дегенде 30 %-ын құрай алады;
қазынашылық органдарына құжаттарды беру кезіндегі мемлекеттік мекемелердің шығынын азайту, құжат айналымы уақытын қысқарту және басқалар.
Уақтылығы:
Қарттардың белгіленген мерзіміне сәйкес.
Сапасы:
Есептер, ақпараттық қызметтер беретін ақпараттық жүйелердің жұмыс сапасы қанағаттандаратын пайдаланушылардың ең жоғарғы санына қол жеткізуге талпыну.
Мемлекеттік сатып алу процесін қалыптастыру және жүргізудің бірыңғай тәртібі, мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушылардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтауын сапалы бақылау, мемлекеттік сатып алу процесінде құқық бұзушылықтардың санын азайту, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ақпараттық мәдениет деңгейін арттыру.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығын арттыру және олардың қызметінің үлкен айқындылығы мемлекетке деген азаматтардың сенімін арттыруға мүмкіндік береді және мемлекеттік шығыстарды бақылауды күшейтуге қабілет береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
208-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге субвенциялар беру"
деген 400 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 192790980 мың теңге (бip жүз тоқсан екі миллиард жетi жүз тоқсан миллион тоғыз жүз сексен мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк кұқықтық негiзi
: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет
кодексi
; "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi арасындағы 2005-2007 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемдерi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы
Заңы
; "Жалпы сипаттағы ресми трансферттердi есептеу Әдiстемесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 916
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: Бюджет кодексiмен облыстық және аудандық бюджеттерге бекiтілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттiк қызметтердің стандарттық деңгейiн ұсыну.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: жергiлiктi бюджеттердің бiрiншi кезектегi шығыстарын уақтылы қаржыландыру үшiн жергілiктi бюджеттерге субвенцияның барлық сомасының түсуiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның (кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
400 |
|
Облыстық бюджеттерге субвенциялар беру |
Республикалық бюджеттен мынадай облыстардың бюджеттерiне субвенциялар аудару:
|
Жыл бойы |
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
: Тікелей нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметінің стандарттық деңгейін ұсынуы.
Түпкі нәтиже: жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегінің болмауы.
Уақтылығы: жергілікті бюджеттік бағдарламаларды уақтылы қаржыландыру.