Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольді өнімдер импортын лицензиялау туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысымен

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi 1997 жылдың 31 қарашасына дейiн мемлекеттiк резервке қайтару және Жамбыл облысы әкiмiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы кепiлдiктi мiндеттемесiмен тауар несиесiн пайдаланған кезең үшiн республикалық бюджеттiң кiрiсiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасы бойынша проценттер төлеу шарттарында ала тұру тәртiбiмен мемлекеттiк резервтен 16,6 мың тонна дизель отынын босатсын.
      2. Дизель отынының пайдаланылуына және мемлекеттiк резервке қайтарылуына бақылау жасау Жамбыл облысының әкiмiне жүктелсiн.

      Премьер-Министр