Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы заем туралы келісімді ("Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1 фаза)" жобасы) бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 20 наурыз N 307-ІІ

      Атқарушы, бақылау-қадағалау функцияларын және санаткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құрылымдарын оңтайландыру, сондай-ақ көрсетілген құқықтарды қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетіне (бұдан әрі - Комитет) "Қазақстан Республикасының патент заңы" Z990427_ 1999 жылғы 16 шілдедегі және "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Z990456_ Заңдарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның функциялары жүктелсін.
      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің "Қазақстан патенттік сараптама институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ҚПСИ) таратылсын.
      3. Комитет осы қаулының 1-тармағына сәйкес уәкілетті органның функцияларын орындауға байланысты мәселелер бойынша ҚПСИ-дің құқықтық мұрагері болып белгіленсін.
      4. Комитет ҚПСИ-дің таратылуын заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі