Жаңа тұрғын үй саясаты туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1993 жылғы 6 қыркүйек N 1344. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997.08.13. N 3613 Жарлағымен. ~U973613

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазақстанда атом энергетикасының дамуы" және "Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық ақпаратының мемлекеттiк жүйесiн дамыту" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың негiзгi тапсырмалары мен көрсеткiштерi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және технологиялар министрлiгi:
      басты ұйымдармен бiрлесiп, бағдарламалардың негiзгi тапсырмалары мен көрсеткiштерiне сәйкес, олардың кеңейтiлген нұсқаларын бiр айлық мерзiмде қалыптастырсын және бекiтсiн.
      1993 жылдан бастап республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды мемлекеттiк бюджеттiң ғылымды қаржыландыру үшiн көзделген қаражаты есебiнен мақсатты қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулыда белгiленген бекiту мен қаржыландырудың аталған тәртiбi жаңадан жасалатын республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларға қолданылсын.
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi