Фиcкальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі N 449 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229  қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде: 
      2 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" бөлімінде:
      "Республикалық карантин лабораториясы" деген жолдың 3-бағанында "11" деген сан "35" деген санмен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі