Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген 2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде: 
      реттiк нөмiрi 29-жол алынып тасталсын; 
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 53-жолмен толықтырылсын: 
      "51. "Азаматтық авиация академиясы" АҚ (Алматы қаласы) 80 %"; 
2) "Азаматтық авиация академиясы" мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 мамырдағы N 718 қаулысында:
2-тармақтағы 4) тармақша алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
       Қазақстан Республикасы 
      Премьер-Министрінің 
      міндетін атқарушы