Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2012.07.12 № 354 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2003 жылғы 7 мамырдағы N 1085 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:
      мәтіндегі "басқару органдары" деген сөздердің алдынан "әскери" деген сөзбен толықтырылсын;

      2) тармақшада:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жедел-стратегиялық - Қарулы Күштер түрлерінің құрамына кіретін бас қолбасшылардың, Қарулы Күштер әскер тектерінің қолбасшылары мен Қарулы Күштер Тылы бастығының басқармалары";

      бесінші абзац ", арнайы әскерлердің бас басқармалары" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақшаның екінші абзацындағы "басқару органдары,", "әскери оқу орындары," деген сөздер алынып тасталсын;

      5) тармақшадағы "жауынгерлік" деген сөзден кейін ", арнайы" деген сөзбен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының басқармасы" мемлекеттік мекемесін таратсын;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті