Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N 225 (2007 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.05.05 № 253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

     Пайдаланушы сертификатын алу, Пайдаланушы сертификатын пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге өзгеріс енгізу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесін қарауды жеңілдету мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылдың 17 мамырындағы N 91 "Пайдаланушы сертификатын алу, Пайдаланушы сертификатын пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге өзгеріс енгізу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесін және Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттық тексерудің үлгілік бағдарламасын бекіту туралы" бұйрығына (нормативті-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2891 нөмірімен тіркелген) келесі қосымша енгізілсін:
     Бұйрықпен бекітілген Пайдаланушы сертификатын алу, Пайдаланушы сертификатын пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге өзгеріс енгізу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесінде:
     32-тармақ алынып тасталсын.
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

     Төраға