Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1119 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 Қаулысымен

      Ескерту. 3, 4, 5-тармақтарын қоспағанда, күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi туралы ереже;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.01.2013 № 66 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2013 № 66 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiне екі вице-министрi болуға рұқсат берiлсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.27 N 134 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегі функциялары берiле отырып, Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитеті құрылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi оған және фармацевтика және медицина өнеркәсiбiн реттеудi қоспағанда, қайта ұйымдастырылатын Комитеттiң функцияларын бере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Фармация комитетi болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      5. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгі мерзiмде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетi туралы ереженiң жобасын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
      2) ведомстволардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      7. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1117 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы
ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2013 № 66 қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.03.2014 № 263 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігін мынадай ведомстволары бар:
      1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1538 қаулысымен;
      2) Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті;
      3) Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1538 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.
      10. Министрліктің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің миссиясы: мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру және іске асыру, денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетуді салааралық үйлестіру мен мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру жолымен Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту.
      15. Міндеттері:
      1) азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      3) халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1538 қаулысымен.
      16. Функциялары:
      Орталық аппараттың функциялары:
      1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін әзірлеу;
      2) денсаулық сақтау саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру;
      3) денсаулық сақтау, оның ішінде медицина және фармацевтика ғылымы және медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      4) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын айқындау;
      5) денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
      6) медициналық көмекті ұйымдастыру;
      7) медицина және фармацевтика ғылымын дамытуды қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіру;
      8) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық, құқықтық актілерді және есепке алу мен есептілік құжаттамасының нысандарын әзірлеу және бекіту;
      9) денсаулық сақтау саласындағы мониторингті жүзеге асыру;
      10) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіру;
      11) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес қол жеткізуін ұйымдастыру;
      12) ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдардың ведомстволық медициналық ақпараттық жүйелерінің техникалық параметрлерін, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстарының мазмұнын келісу;
      13) профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін енгізу;
      14) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар (келісімдер) жасасу;
      15) салааралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      16) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын әзірлеу және бекіту;
      17) туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығарындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібін айқындау;
      18) iргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын қалыптастыру, денсаулық сақтау саласында ғылыми қолдауды үйлестіру, медицина ғылымының тұжырымдамасын әзірлеу;
      19) консультациялық-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құру;
      20) Интернатура және резидентура туралы ережелерді бекіту;
      21) интернатура, резидентураның клиникалық мамандықтарының тізбесін бекіту;
      22) босандыру мекемелерінде, балалар емханаларында, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету мекемелерiнде «қатер» тобындағы балаларды барынша ерте анықтау үшiн скрининг ұйымдастыру және анықталған «қатер» тобындағы және мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберу тәртібін айқындау;
      23) дене және (немесе) психикалық кемiстiктерi бар балалардың әртүрлi ауруларының түрлерiн диагностикалауды, емдеудi ұйымдастыру тәртiбiн айқындау;
      24) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекіту, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеу;
      25) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 833 қаулысымен;
      26) саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтануды үйлестіру және әдістемелік басшылық;
      27) денсаулық сақтау саласындағы салалық көтермелеу жүйесін және құрметті атақтар беру тәртібін әзірлеу мен бекіту;
      28) денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті айқындау;
      29) денсаулық сақтау саласында ведомстволық статистикалық қадағалауды қамтамасыз ету;
      30) медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша даярлауға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру мен қайта даярлау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
      31) денсаулық сақтау саласында медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру;
      32) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын тағайындауға келісу;
      33) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде медициналық және фармацевтикалық білім беру және ғылыми ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асыру, басшыларды және олардың орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;
      34) Этика мәселелері жөніндегі орталық комиссияның құрамын және ережесін бекіту;
      35) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп, «қатер» тобындағы балаларды ерте анықтау мәселелерi бойынша жалпы практика дәрiгерлерiн, педиатрлар мен орта буындағы медицина қызметкерлерiн даярлауды қамтамасыз ету;
      36) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
      37) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
      38) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      39) арнайы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      40) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
      41) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
      42) өз құзыреті шегінде электрондық қызметтер көрсету;
      43) жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
      44) халық арасында денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
      45) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жобаларының және бағдарламалардың ғылыми-медициналық сараптамасын, ғылыми-медициналық әзірлемелерді жүзеге асыру;
      46) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1538 қаулысымен;
      47) жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл;
      48) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 833 қаулысымен;
      49) медициналық айықтырғыштардағы адамдарды ұстауды бақылауды жүзеге асыру;
      50) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына ішкі бақылауды жүзеге асыру;
      51) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
      52) дәрілік заттарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі формулярлық комиссия қызметінің ережесі мен тәртібін бекіту;
      53) төтенше жағдайлар кезінде халықтың ауруларының алдын алу және оларды емдеу жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымдардың дайындығын қамтамасыз ету.
      Ведомстволардың функциялары:
      1) - 8) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1538 қаулысымен;
      9) өз құзыреті шегінде жобалардың мемлекеттік сараптамасына қатысу;
      10) - 11) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1538 қаулысымен;
      12) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру;
      13) лицензиялауға жататын қызметтердің түрлеріне лицензия берумен байланысты қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыру және лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
      14) - 26) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1538 қаулысымен;
      27) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жазалар қолдану;
      28) медициналық қызметтер көрсету, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласында бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      29) адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді лицензиялау;
      30) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы (оның ішінде тіркелмегендерін) ізгілік көмек немесе төтенше жағдайлар кезіндегі көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруді жүзеге асыру;
      31) фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулерді, сондай-ақ медициналық технологияларды клиникалық зерттеулерді жүргізуге рұқсаттар беру;
      32) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу, Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
      33) жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге қойылатын талаптарға денсаулық сақтау субъектісінің сәйкестігін айқындау;
      34) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясын әзірлеу және бекіту;
      35) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттанушылық дәрежесін айқындау;
      36) денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізуді ұйымдастыру;
      37) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;
      38) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын және олардың орынбасарларын (медициналық білімі бар) кәсіптік құзыреттілікке аттестаттауды жүргізу;
      39) денсаулық сақтау саласында мамандарды, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық және сарапшыларды кәсіптік құзыреттілікке аттестаттау;
      40) денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді ұйымдастыру және жүргізу;
      41) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізуі үшін жеке тұлғаларды аккредиттеу;
      42) аккредиттелген субъектілер мен денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылардың дерекқорын қалыптастыру;
      43) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.11.2013 N 1297 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      44) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.11.2013 N 1297 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      45) медициналық қызметтердi, профилактика, диагностика, емдеу мен медициналық оңалту әдiстерi мен құралдарын, дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, тамаққа қосылатын биологиялық белсендi қоспаларды жарнамалауға рұқсат беру;
      46) дәрілік заттардың және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін медициналық қызметтердің бағаларын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
      47) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды, медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу жөніндегі лицензиялау ережелерінің сақталуын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы хабарлама тәртібін бақылау;
      48) профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерінің енгізілуін бақылау;
      49) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылау;
      50) медициналық қызметтердiң, дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасын бақылау;
      51) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және қамтамасыз ету бойынша Бiрыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тiзiмiн айқындау;
      52) халықаралық және шетелдiк фармакопеялардың стандарттарын, фармакопеялық мақалаларды (монографияларды) және шетел мемлекеттерiнiң дәрiлiк заттарына, медициналық мақсаттағы бұйымдарына және медициналық техникасына арналған стандарттау жөнiндегi басқа да нормативтiк құжаттарды тану;
      53) медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәрілік заттардың ұтымды тағайындалуын бақылау;
      54) денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық техниканың тиімді пайдаланылуын бақылау;
      55) дәстүрлі медицина халық медицинасы (емшілік) қызметтерін көрсету субъектілерінің қызметін бақылау;
      56) әкiмшiлендiрiлетiн бюджеттiк бағдарламалар бойынша медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) көрсету бойынша медициналық қызметтерге ақы төлеу;
      57) ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру және шығыстарды жоспарлау әдістемесін айқындау;
      58) медициналық қызметтердің тиімділігін, толықтығын және стандарттарға сәйкестігін көрсететін индикаторларды пайдалана отырып, ТМККК шеңберінде медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілері қызметінің тиімділігін бағалауға бірыңғай тәсілдерді әзірлеу;
      59) республикалық бюджет қаражатынан ТМККК көрсету бойынша қызметті ұсынушыларды таңдауды ұйымдастыру;
      60) республикалық бюджет қаражатының есебінен ТМККК көлемін көрсету жөніндегі шығындарды өтеуді жүзеге асыру;
      61) ТМККК шеңберінде медициналық қызметтердің сапасына сыртқы сараптаманы жүзеге асыру;
      62) ұйымның медициналық көмекті тиімді басқаруын және ТМККК көрсету кезінде ресурстарды пайдалануын бағалау және мониторингі;
      63) ТМККК шеңберінде жұмыстың түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге бағдарланған медициналық ұйымдар қызметкерлерінің уәждемесінің жүйесін бағалауды жүргізу;
      64) Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде ТМККК қамтамасыз ету мен кеңейтуге нысаналы ағымдағы трансферттерді қоса алғанда іске асырылатын бағдарламалар мен бағыттардың енгізілуі мен орындалуын бақылауды, үйлестіруді және мониторингін жүзеге асыру.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 833; 03.10.2013 N 1046; 30.11.2013 N 1297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2013 № 1538; 26.03.2014 № 263 қаулыларымен.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
      3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      18. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне басшылықты Министрлікке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Министр жүзеге асырады.
      19. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Министрдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Министрдің өкілеттігі:
      1) денсаулық сақтау саласындағы саясатты қалыптастырады;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
      3) өз орынбасарларының өкілеттіліктерін айқындайды;
      4) ведомствоның құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;
      5) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
      6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
      7) Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді;
      8) регламенттерді және мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекітеді;
      9) ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
      10) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      Министр болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Министр өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн Казақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.
      23. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.

4. Министрліктің мүлкi

      24. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      Министрліктің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне бекiтiлген мүлік республикалық меншiкке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрлік өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi 1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар:

      Ескерту. 1-кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 833; 16.09.2013 N 959; 10.10.2013 N 1076; 31.12.2013 № 1538; 13.06.2014 № 653 қаулыларымен.

      1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.05.2014 № 501 қаулысымен.
      2. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты.
      3. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты.
      4. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті.
      5. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті.
      6. Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы.
      7. Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы.
      8. Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты.
      9. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы.
      10. Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті.
      11. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы.
      12. Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі.
      13. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы.
      14. Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты.
      15. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы.
      16. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1538 қаулысымен.
      17. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1538 қаулысымен.
      18. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.06.2014 № 653 қаулысымен.
      19. Республикалық санитариялық авиация орталығы.
      20. «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      21. Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы.

2. Қазыналық кәсіпорындар:

      Ескерту. 2-кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.07.2013 N 668; 26.08.2013 № 833; 16.09.2013 N 959; 20.12.2013 N 1366; 31.12.2013 № 1538; 17.04.2014 N 367 қаулыларымен.

      1. Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық аурухана жанындағы емдеу-еңбек шеберханасы.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Шаруашылық басқармасы.
      3. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті.
      4. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы.
      5. Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты.
      6. Республикалық қан орталығы.
      7. Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледжі.
      8. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 02.07.2013 N 668 қаулысымен.
      9. «Алатау» балалар клиникалық санаторийі.
      10. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 367 қаулысымен.
      11. Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы.
      12. Еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулар ұлттық орталығы.
      13. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.09.2013 N 959 қаулысымен.
      14. Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь.
      15. Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы.
      16. Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь.
      17. «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы.
      18. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1366 қаулысымен.
      19. «Бурабай» республикалық оңалту орталығы».
      20. Сот медицинасы орталығы.
      21 - 40. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1538 қаулысымен.

3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

      Ескерту. 3-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.05.2013 N 516; 26.08.2013 № 833 қаулыларымен.

      1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 833 қаулысымен.
      2. «СК-Фармация».

4. Акцияларының мемлекеттік пакеттері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне иелік етуге және пайдалануға берілген акционерлік қоғамдар

      1. Ұлттық ғылыми медициналық орталық.
      2. Астана медицина университеті.
      3. «Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты.
      4. Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы.
      5. А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы.
      6. «ҚазМедТех».

Ведомстволардың қарамағындағы аумақтық органдардың тiзбесi 1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің аумақтық департаменттері

      Ескерту. 1-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1538 қаулысымен.

2. Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттері

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті.
      6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.
      7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
      9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.
      11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
      12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.
      13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
      14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
      15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      16. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.

3. Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменттері

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті.
      6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.
      7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
      9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.
      11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
      12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.
      13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
      14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
      15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      16. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.

Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесi

      Ескерту. Тізімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1538 қаулысымен.

      1. Қазақ республикалық лепрозорийі.
      2. Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухана.
      3. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық.
      4. Республикалық арнайы медициналық қамтамасыз ету орталығы.
      5 - 13. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1538 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1117 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.01.2013 № 66 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1117 қаулысына  
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тізбесі

       1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 40, 508-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнің "Қазақстанның денсаулық сақтауы" журналының баспа үйі" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 20 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 1, 6-құжат) 3-тармағының 3) тармақшасы.

      3. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" және "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 28 наурыздағы N 366 қаулысы 4-тармағының 2) тармақшасы.

      4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 мамырдағы N 500 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы.

      5. "Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана" республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 22 мамырдағы N 553 қаулысының 3-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөнiндегі агенттігінің Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық ауруханасы" мемлекеттiк мекемесiн қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 17 шілдедегi N 795 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстердiң 3-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Дәрi-дәрмек" дәрілiк құралдар орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 қазандағы N 1081 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 33, 354-құжат) 6-тармағының 2) тармақшасы.

      8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 123 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 5, 57-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң "Ақмола мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 14 наурыздағы N 249 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 10, 123-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасы.

      10. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөнiндегi агенттігінің "Денсаулық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 мамырдағы N 463 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 21-22, 210-құжат) 4-тармағының 2) тармақшасы.

      11. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 19 маусымдағы N 577 қаулысы.

      12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық клиникалық аурухана" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 989 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 39, 403-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасы.

      13. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 7 қарашадағы N 1111 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 43, 454-құжат).