1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
126-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді" деген сөздер "мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне:
1) мазмұны алып тасталсын;
2) 15-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы алып тасталсын;
3) 16-баптың бірінші бөлігінің 19) тармақшасындағы "қағидаларды бекітеді." деген сөздер "қағидаларды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
"20) қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден босатылатын адамдардың өздері таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына бару жолында тегін жол жүрумен, сондай-ақ тамақ өнімдерімен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді.";
4) 165-баптың оныншы бөлігінде:
"таңдаған тұрғылықты жеріне" деген сөздер "өзі таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 10-баптың бесінші абзацындағы ", мүгедек деп танылған аурулары бар адамдардың балалары, олардың денсаулық жағдайы мен Заңда аталған аймақтарда ата-аналарының бiрiнiң болу факторы арасындағы себепті байланыстар анықталған ретте" деген сөздер "мүгедек деп танылған немесе иондаушы сәулеленудің әсерімен байланысты аурулар тізбесімен бекітілген аурулары бар адамдардың балалары, олардың денсаулық жағдайы мен Заңда көрсетілген аймақтарда ата-анасының біреуінің болу фактісі арасындағы себепті байланыс анықталған кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"18-бап. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар
салдарынан туындаған, иондаушы сәулеленудің әсерімен
байланысты аурулардың себепті байланысын анықтау
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан туындаған, иондаушы сәулеленудің әсерімен байланысты аурулардың себепті байланысын анықтау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".
4. "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 18-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"18-бап. Осы Заңға сәйкес ақталған адамдарға ақталу туралы анықтамасын не заңды күшіне енген сот актісінің көшірмесін ұсынуы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бірыңғай үлгідегі куәлік беріледі.";
2) 24-баптың үшінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген" деген сөздер "халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеруді жүргізудің тәртібі мен талаптарын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.";
3 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жете тексеру кезінде техникалық құралдар қолданылады, оларға қойылатын талаптарды уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.";
"10. Жете тексеру жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, өздеріне қатысты жете тексеру жүргізілмейтін адамдардың, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен нәрселердің тізбелерін уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.".
6. "Шаруашылық серіктестіктері туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
4-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "Үкіметі мазмұнын белгілейтін" деген сөздер "Әділет министрлігі мазмұнын айқындайтын" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. "Өндірістік кооператив туралы" 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
4-баптың екінші бөлігіндегі "Үкіметі мазмұнын белгілейтін" деген сөздер "Әділет министрлігі мазмұнын айқындайтын" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 68-баптың 4) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 69-баптың 6) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 75-баптың 4-тармағының бірінші сөйлеміндегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен мүгедектердiң жекелеген санаттарына және аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын азаматтарға дара (бөлек)" деген сөздер "Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiткен аурулар тiзiмiнде санамаланған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын азаматтарға жеке" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 101-3-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 5) тармақшасы "экономиканың" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 24-1-бап алып тасталсын;
3) 24-2-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;";
4) 25-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"25-1-бап. Ономастика комиссиялары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан – Республикалық ономастика комиссиясы құрылады, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жанынан тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары құрылады.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Республикалық ономастика комиссиясының құзыретіне:
1) ономастика мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
2) облыстарды, аудандар мен қалаларды атау, олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнінде қорытындылар беру;
3) Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттік меншіктегі әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол станцияларына, метрополитен станцияларына, автовокзалдарға, автостанцияларға, физикалық-географиялық және басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ олардың атауын өзгерту, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға адамдардың есімдерін беру жөнінде қорытындылар беру;
4) қаладағы аудандарды, облыстық маңызы бар қалалардың құрамдас бөлiктерiн атау, олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнінде қорытындылар беру;
5) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының қаладағы аудандарды, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрамдас бөліктерін атау, олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі қорытындыларын келісу жатады.".
10. "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
17-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мазмұнын айқындайтын үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыра алады.".
11. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
2) 7-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) аудиторлық қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актіні әзірлейді, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және оларды бекітеді;";
3) 10-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
12. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;
2) 14-баптың 1-тармағының екінші сөйлемі алып тасталсын.
13. "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-бапта:
тақырып ", оларды есепке алуды жүргізу" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарды есепке алуды жүргізу қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.";
2) 50-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Арнаулы мекемелерді қоғамдық байқау комиссияларының қызметі нысанында қоғамдық бақылау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 33, 34, 35, 37 және 38-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.";
3 және 4-тармақтар алып тасталсын.
14. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-2-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 4-3-бапта:
11) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;".
15. "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
тақырыптағы "Күзет қызметi субъектiлерiн" деген сөздер "Жекеше күзет ұйымдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Күзет қызметiнiң субъектiлерi", "қызметкерлерін олардың" деген сөздер тиісінше "Жекеше күзет ұйымдары", "жұмыскерлерін олар өздерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктегі "күзет қызметi субъектiлерiнiң", "Күзет қызметі субъектілері", "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді" деген сөздер тиісінше "жекеше күзет ұйымдарының", "Жекеше күзет ұйымдары", "уәкілетті орган бекітеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "күзет қызметі субъектілеріне" деген сөздер "жекеше күзет ұйымдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.
16. "Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 11-баптың 3-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздер "білім беру саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 22-баптың 2 және 3-тармақтарындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен" деген сөздер "білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен" деген сөздермен ауыстырылсын.
17. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
10-баптың 6) тармақшасы алып тасталсын.
18. "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
20-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген" деген сөздер алып тасталсын.
19. "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеу, есепке алу мен беру қағидаларын әзірлеу және рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;";
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және беруді жүзеге асыру;".
20. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
9-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қоғам өз қызметін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мазмұнын айқындайтын үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыра алады.".
21. "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 4-2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді;".
22. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 4) тармақшасы "әзірлейді" деген сөзден кейін "және бекітеді" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 12-баптың 4-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген" деген сөздер "уәкілетті орган айқындаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 13-баптың 3-тармағындағы "талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды" деген сөздер "талаптар ішкі сауда қағидаларында айқындалады" деген сөздермен ауыстырылсын.
23. "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 13-баптың 10-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 14-баптың 12-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
24. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 47-1) және 47-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"47-1) акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
47-2) инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
2) 10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-13) және 5-14) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-13) инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтейді;
5-14) акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар береді;".
25. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
22-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
"15-1) аумақтық әскерлердің аумақтық органдары үшін қару-жарақты, әскери техниканы және арнаулы құралдарды сақтауды ұйымдастырады және олардың запастарын құрады;".
26. "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 11-баптың 3-тармағы үшінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған" деген сөздер алып тасталсын;
2) 17-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.".
27. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 20-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.";
2) 25-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.".
28. "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 1-тармағы 41) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын;
2) 11-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасы алып тасталсын.
29. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 4) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтары алып тасталсын;
2) 8-баптың бірінші бөлігінде:
6) тармақша оныншы абзацындағы "қағидаларын бекіту" деген сөздер "қағидаларын" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
"биоәртүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар тізбесін бекіту;";
6-1) тармақша он екінші абзацындағы "қағидаларын әзірлеу және бекіту" деген сөздер "қағидаларын" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
"ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
14-1) тармақша "және бекіту" деген сөздермен толықтырылсын;
16-2) және 16-4) тармақшалар алып тасталсын;
3) 13-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын биоалуандылықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретiн үкiметтiк емес ұйымдар мен қорлардың тiзбесiне" деген сөздер "биоәртүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
30. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен" деген сөздер "кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына (бұдан әрі – акредиттеу қағидалары) сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен" деген сөздер "аккредиттеу қағидаларына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 19-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен жария мүдделі ұйымдар үшiн депозитарий құрылады, бұл ұйымдар осы депозитарийге уәкілетті орган айқындаған тәртiппен қаржылық есептiлiктi тапсыруға мiндеттi.";
3) 20-бапта:
1-1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармақтың 7) және 18) тармақшалары алып тасталсын.
31. "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-баптың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
2) 6-бапта:
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіру;";
5) тармақшадағы "техникалық регламентті бекітуді қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын.
32. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 10) және 22-1) тармақшалары алып тасталсын;
2) 5-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8-8) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"8-8) халықтың тығыздығына және елді мекендердің шалғайлығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін әзірлейді және бекітеді;";
"24-2) қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік беру мөлшерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;".
33. "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
4-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасуға;".
34. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 11-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.";
2) 16-баптың 13-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13-4) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;";
3) 18-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өздерінің ақпараттық жүйелері мен ресурстарынан мәліметтерді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсынуға;".
35. "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылу қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді және білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар жібереді.";
2) 11-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жергілікті атқарушы органдардың тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылу қажеттіліктеріне талдау жүргізуіне мониторинг жасауды қамтамасыз етеді;".
36. "Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
107-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жете тексеру кезінде техникалық құралдар қолданылады, оларға қойылатын талаптарды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.".
37. "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-баптың 11) тармақшасы алып тасталсын;
2) 25-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдар тізбесін салалық уәкілетті органдардың ұсыныстары негізінде уәкілетті орган қалыптастырады және бекітеді.".
38. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 11-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына беру туралы шешім қабылдайды;";
2) 14-бап мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
"25-1) Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша республикалық мемлекеттік мүлікті акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына беру туралы шешім қабылдайды;";
3) 15-бап мынадай мазмұндағы 20-2) тармақшамен толықтырылсын:
"20-2) Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді қоспағанда, республикалық мемлекеттік мүлікті акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына беру туралы шешімді келіседі;";
4) 114-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді қоспағанда, республикалық мемлекеттік мүлікті акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына беру туралы шешім қабылдайды.".
39. "Ғарыш қызметі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
2) 9-баптың 1-тармағында:
18) тармақшадағы "техникалық регламенттер мен" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
"18-1) ғарыш қызметі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді;";
3) 34-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген" деген сөздер "уәкілетті орган айқындаған" деген сөздермен ауыстырылсын.
40. "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
42-баптың 9-тармағының бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
41. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
50-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған, әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты ауру тапқан, сондай-ақ жиырма және одан көп еңбек сіңірген жылдары бар адамдарға мемлекет есебінен тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған аурулар тізбесі бойынша көрсеткіштері болған кезде – әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда) медициналық қамтамасыз ету, ал жиырма бес және одан көп еңбек сіңірген жылдары барларға санаторийлік-курорттық емделу беріледі.".
42. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 39-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Шекаралық аймаққа кіретін жерлерде жергілікті атқарушы органдар жол (ақпараттық) белгілерін орнатады.";
2) 51-баптың 5-тармағындағы "өз қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне" деген сөздер "осы қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп жүзеге асыратын жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 60-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын.
43. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 11-баптың 15), 52) және 59) тармақшалары алып тасталсын;
2) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1), 70-41) және 70-42) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) уәкілетті органның жедел резерві материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін айқындайды;";
"70-41) өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
70-42) медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
3) 31-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген" деген сөздер "уәкілетті орган айқындаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 101-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
44. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 10-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
2) 11-бапта:
24) тармақшаның бесінші абзацы алып тасталсын;
25) тармақша отыз үшінші абзацындағы "қағидаларды әзірлейді және бекітеді" деген сөздер "қағидаларды" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы отыз төртінші абзацпен толықтырылсын:
"азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынаудың криминалистикалық талаптары мен әдістерін, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;".
45. "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
2) 7-баптың 56) тармақшасындағы "құрамдары бойынша ұсыныстар енгізеді" деген сөздер "құрамдарын бекітеді" деген сөздермен ауыстырылсын.
46. "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
2) 9-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан негізінде ең төмен әлеуметтік стандарттарды әзірлейді және бекітеді;".
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |