Білім туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 7 маусым N 389. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 320 Заңымен.

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.17.  N 778  қаулысымен.  

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 
      1) "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278   қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 427-құжат): 
      осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің ережелерінде: 
      3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркеуге қайта тапсырылған жағдайда, ол тиісті органның қайта бекітуіне (қайта қол қоюға) жатады"; 
      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1120  қаулысымен. 
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі