АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы N 176-XIII Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Заңымен.

      ТМД мемлекеттерiнiң, әлемдiк қауымдастықтың басқа да елдерiнiң экономикада, саясатта, мәдениетте, өндiрiстiк және әлеуметтiк салаларда ынтымақтасу процесiн нығайту мен дамытудың маңызын, мемлекетаралық байланыстар қызметiнiң тетiгiн қалпына келтiру мен одан әрi жетiлдiру, сондай-ақ Евразиялық Одақ құру жөнiндегi идеялар мен ой-ниеттердi iске асыру қажеттiгiн ескерiп, қаулы етемiн:
      1. Халықаралық "Интеграция" қорын (бұдан әрi Қор) құру мен оның жарғылық мақсаты мақұлдансын.
      2. Қорға ТМД елдерiмен және әлемдiк қауымдастықтың басқа да елдерiмен әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларда ынтымақтасудың үкiмет бағдарламаларын әзiрлеу мәселелерiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi құқығы берiлсiн.
      3. Министрлер Кабинетi, министрлiктер, ведомстволар, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Қордың және оның жергiлiктi жерлердегi құрылымдарының қалыптасу мен дамуына жан-жақты жәрдем мен көмек көрсететiн болсын.
             Қазақстан Республикасының
                 Президентi