Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 210 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
ҚОЛДАНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Заңы
2002 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП КҮШІН ЖОЯДЫ, бұған мыналар:
2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 57-бабының 1-тармағының 16), 19), 22) тармақшалары, 71-1-бабының 2-тармағы, 179-бабының 9 және 10-тармақтары;
2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 34-бабының 1-тармағының 7) тармақшасы, 57-бабының 1-тармағының 17) тармақшасы, 61-1-бабы;
2004 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын мынадай редакциядағы 57-бабы 1-тармағының 12) тармақшасы:
"12) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ өндіріс ұйымдарының тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату жөніндегі айналымдары сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату жөніндегі айналымдардан және акцизделетін тауарларды өндіру мен сату және қызмет түрлерін көрсету жөніндегі айналымдардан басқа), егер осындай бірлестіктер мен ұйымдар мынадай шарттарға сәйкес келсе:
мүгедектер осындай өндірістік ұйымдар қызметкерлері жалпы санының кемінде 51 процентін құраса;
мүгедектерге еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемінде 51 процентін құраса, (есіту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - 35 проценттен кем болмаса), қосылған құн салығынан босатылады;";
2004 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 57-бабының мынадай редакциядағы 15) тармақшасы:
"15) уәкілетті мемлекеттік орган пайдалануға рұқсат еткен мектеп оқулықтарын және мектеп оқу құралдарын, оқушы дәптерлерін, балалар әдебиетін, сондай-ақ арнаулы орта және жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдарын шығару және (немесе) сату жөніндегі айналымдар;";
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 179-бабының 4-1-тармағы қосылмайды.
ЕСКЕРТУ. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы
N 210
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы Заңымен.
ЕСКЕРТУ. Қазақстан Республикасы 2001.07.05. N 223 Заңымен енгізілген өзгерістер "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының жұмыс iстеу мерзiмi iшiнде, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмде қолданыста болады.
1-бап. Қазақстан Республикасының салық заңдары
1. Қазақстан Республикасының салық заңдары республикалық және жергілікті бюджеттерге салық сипатындағы міндетті төлемдерді (бұдан әрі - салықтар) белгілейтін және Қазақстан Республикасында салық қатынастарын реттейтін осы Заңмен (Қазақстан Республикасының кеден ісі жөніндегі заңдарымен реттелетін кеден төлемдері мәселелерін, қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемдерді, арнаулы заңдармен реттелетін табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төленетін міндетті төлемдерді, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда), Трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау туралы"
Z010136_
Қазақстан Республикасының Заңынан, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің актілерінен тұрады.
2. Осы Заңның қағидаларына қайшы келетiн заңдар мен өзге актiлердiң заң күшi болмайды. Салыққа қатысты емес заңдарға салық салуға байланысты мәселелердi енгiзуге тыйым салынады. Салық салуға қатысты нормативтiк құқықтық актiлер ресми жариялануға тиiс.
3. Егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартта Қазақстан Республикасының салық заңдарында бар ережелерден өзге ережелер белгiленген болса, онда аталған шарттың ережелерi қолданылады. Халықаралық шартты қолдану үшiн iшкi республикалық акт шығару қажеттiгi шарттың өзiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар салық қатынастарына тiкелей қолданылады.
Ескерту. 1-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1995.12.21.
N 2703
жарлығымен.
1-баптағы 2-тармақтың қолданылуы 1997 жылдың 1 қаңтарына дейiн тоқтатыла тұрсын - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 1-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 Заңымен.
Z960061_
ЕСКЕРТУ. 1-баптың 1-тармағы өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I Заңымен.
Z970134_
Бұл өзгерту 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
ЕСКЕРТУ. 1-баптың 1-тармағы өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 заңымен.
Z970200_
Ескерту. 1-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.24. N 333 Заңымен.
Z980333_
ЕСКЕРТУ. 1-баптың 1-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
2-бап. Қазақстан Республикасындағы салықтар, алымдар және
басқа да міндетті төлемдер
1. Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдер "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.<*>
2. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген салықтар тiкелей және жанама болып бөлiнедi. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық пен акциздер жатады. Басқа салықтар тiкелей салықтарға жатады.<*>
3. Салық Қазақстан Республикасының заң актілерінде және Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген Құзыреттi органның жер қойнауын пайдалануға жасасқан келiсiм-шарттарының ережелерiнде көзделген төлемнiң заттай түрi көзделген жағдайлардан басқа кезде сондай-ақ салық және алым төлеу Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес шетел валютасында жүзеге асырылған жағдайда теңгемен есептелiп, төленедi.<*>
4. Қандай да бiр салықтан және алымнан босату немесе осы Жарлықпен көзделген салық ставкасын кемiту осы Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiмен, сондай-ақ осы Заңға және "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Инвестициялар жөнiндегi уәкілетті органмен жасалған келiсiм-шарт негiзiнде жүргiзiлуi мүмкiн. "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган беретiн жеңiлдiктердi қоспағанда, басқа актiлермен салықтар мен алымдар бойынша жеңiлдiктер, ның iшiнде жеке сипаттағы жеңiлдiктер беруге тыйым салынады.<*>
4-1. Осы Заңда көзделген, есептелген және төленбеген айыппұлдар мен өсiмақыларды төлеуден босату немесе олардың сомасын азайту осы Заңға толықтырулар енгiзу тәртiбiмен жүргiзiлуi мүмкiн. Есептелген және төленбеген айыппұлдар мен өсiмақыларды, оның iшiнде жеке сипаттағыларын төлеуден босатуды немесе олардың сомасын азайтуды басқа актiлермен беруге тыйым салынады.
5. Арнайы экономикалық аймақтар бойынша салық, алым және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер арнайы экономикалық аймақтар туралы заңдарда белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың қаржы қорының (бюджетінің) кірісіне түседі.
Ескерту. 2-бап 4-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1996.01.26. N 2824 жарлығымен.
2-баптың 1-тармағы толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
2-баптың 2-тармағы толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1995.07.20. N 2370 жарлығымен.
U952370_
ЕСКЕРТУ. 2-бап жаңа 2-тармақпен толықтырылды, тармақтардың саны өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 Заңымен.
Z960061_
ЕСКЕРТУ. 2-баптың 4-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.02.28. N 76 Заңымен.
Z970076_
ЕСКЕРТУ. 2-баптың 1,3,4-тармақтары өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 заңымен.
Z970200_
ЕСКЕРТУ. 2-баптың атауы мен 1,5-тармақтары жаңа редакцияда және 3,4-тармақтары өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 2-бап 4-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
3-бап. Салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдер
1. Қазақстан Республикасында мынадай салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдер қолданылады:
1) заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
2) қосылған құнға салынатын салық;
3) акциздер;
4) бағалы қағаздар эмиссиясын тіркегені және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi үшін алынатын алымдар;
5) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
6) әлеуметтік салық;
7) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргені үшін алынатын алымдар;
8) жер салығы;
9) заңды және жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық;
10) көлік құралдарына салынатын салық;
10-1) бiрыңғай жер салығы;
11) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым;
12) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығын бергені үшін алынатын лицензиялық алым;
13) аукциондық сатудан алынатын алым;
14) Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығын бергені үшін алынатын алым;
15) Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
16) заңды және жеке тұлғалардың Алматы қаласының рәміздерін өз фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны үшін алынатын алым;
16-1) заңды (мемлекеттiк кәсiпорындарды, мемлекеттiк мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда) және жеке тұлғалардың "Қазақстан", "Республика", "Ұлттық" деген сөздердi (түбiр сөз, сондай-ақ олардың кез келген туынды сөзi түрiнде) өздерiнiң фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны үшiн алым;
17) жеке тұлғалардың ставкасы есептеу базасының 1 процентiнен жоғары белгiленбейтiн қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алым.
2. Осы баптың 1-тармағының 7), 11)-15), 16-1) және 17) тармақшаларында көзделген алымдарды төлеу тәртібін және олардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
Осы баптың 1-тармағының 16) тармақшасында көзделген алымдарды төлеу тәртібін және олардың ставкаларын Алматы қаласының өкілді органы белгілейді.
ЕСКЕРТУ. 3-баптың 4-тармақшасы өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 заңымен.
Z970200_
ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.24. N 333 Заңымен.
Z980333_
ЕСКЕРТУ. 3-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
ЕСКЕРТУ. 4-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен. Z990356_
5-бап. Осы Заңда пайдаланылатын ұғымдар
Салық заңдарында пайдаланылатын ұғымдар мынаны бiлдiредi:
1) активтер - тiркелген активтердi, оның iшiнде материалдық емес және ағымдағы қаражатты қамтитын есептiк санат;
2) бонус - пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, өндiруге байланысты төлем;
3) ұтыстар - жеке және заңды тұлғалардың конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда салымдар (ойынға қатысатын), лотереялар бойынша алатын заттай және ақшалай түрдегi табыстарының кез келген түрлерi;
4) ойын бизнесiнен алынатын түсiм - ұтысы шегерiлiп тастала отырып, ойын бизнесiнен алынатын ақша сомасы;
5) пайданың iшкi нормасы - жүргiзiлетiн инвестициялардың өтелу коэффициентi;
6) сыйақы (мүдде) - алынған кредиттер, қаржы лизингіне алынған мүлiк үшiн және алынған депозиттер және бағалы борыш қағаздары бойынша төлемдер;
7) жылдық есептiк көрсеткiш - жыл iшiндегi айлық есептiк көрсеткiштердiң жиынтығы;
8) грант - белгiлi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) қол жеткiзу үшiн мемлекеттер, мемлекеттер үкiметтері, мемлекеттiк, халықаралық және қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалар Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, заңды тұлғаларға (оның ішінде резидент еместерге), олардың филиалдарына, өкiлдiктерiне және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға өтеусіз негiзде берiлетiн мүлiк;
9) алыс-берiс шикiзаты - дайын өнiм етiп өңдеу мақсатымен меншiк иесiнiң дайындаушыға берiлетiн өнiмi;
10) дивидендтер - Заңды тұлға оның қатысушылары (акционерлерi) арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi, сондай-ақ заңды тұлғаны тарату кезiнде мүлiктi бөлуден түскен табыс та дивиденд деп түсiнiледi, бұған инфляцияны ескере отырып жарғылық капиталға қосылған қатысушының (акционердiң) меншiктi өз мүлкiнiң жарналары кiрмейдi;
11) ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарт - бiр жылдан астам уақытқа жұмыстар орындауға (қызметтер көрсетуге) жасалған келiсiм-шарт (шарт);
12) қатысу үлесi - акционерлiк қоғамдарды қоспағанда, бiрлесiп құрылатын ұйымдарға, консорциумдарға заңды және жеке тұлғалардың мүлiкпен үлес қосып қатысуы;
13) шетелдiк заңды және жеке тұлғалар үшiн қазақстандық көзден алынатын табыс:
а) осындай табыстың қай жерде төленгенiне қарамастан Қазақстан Республикасындағы еңбек шарты (келiсiм-шарты) немесе мердiгерлiк (жалдау) шарты бойынша табыс;
б) осындай табыстың қай жерде төленгенiне қарамастан Қазақстан Республикасында тауарлар өндiруден, жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған табыс;
в) кәсiпкерлiк қызметтен алынатын табыс:
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрақты мекеме алатын табыс;
Қазақстан Республикасында тауар сатудан пайда болатын табыс;
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызмет сияқты немесе соған ұқсас сипаттағы кәсiпкерлiк қызметтен пайда болатын табыс;
нақты қызмет көрсету орнына қарамастан, егер Қазақстан Республикасында орналасқан резидентке немесе тұрақты мекемеге шегерім ретінде есептелетін болса, басқарушылық, қаржылық, консультациялық, аудиторлық, маркетингтік, заңгерлік және адвокаттық қызметтен алынатын табыс;
егер Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметіне байланысты Қазақстан Республикасында орналасқан резидентке және (немесе) тұрақты мекемеге шегерім ретінде есептелетін болса, жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) жасалған келісім-шарттар (шарттар, келісімдер) бойынша және (немесе) тауарлар жеткізуге жасалған сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық төлемі (айыппұл санкциясы);
г) ашық акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарын өткізу кезінде құнның өсуінен түсетін табысты қоспағанда, резидент-заңды тұлғадан және осындай заңды тұлғадағы қатысу үлесін сатудан түсетiн дивиденд нысанындағы табыс;<*>
д) резиденттерден не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрақты мекемесi немесе мүлкi бар адамнан алынған, егер бұл адамның берешегi оның тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, сыйақы (мүдде) нысанындағы табыс;
е) Қазақстан Республикасында құқықтарды немесе мүлiктi пайдалану құқығын iске асыру, пайдалану немесе беру кезiнде пайда болатын роялти нысанындағы табыс;
ж) Қазақстан Республикасында тұрған жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс, бұған мұндай мүлiкке қатысу үлесiн iске асырудан алынатын табыс қосылады;
з) резидентке Қазақстан Республикасының аумағында мүлiктi сатудан түсетiн өзге де табыстар;
и) зейнетақы, егер оны резидент төлейтiн болса;
к) Қазақстан Республикасында тәуекелдi сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетiн сақтандыру сыйлықтары нысанындағы табыс;
л) Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы халықаралық байланыста немесе тасымалдарда телекоммуникациялық немесе көлiк қызметтерiн көрсетуден алынатын табыс;
м) Қазақстан Республикасындағы қызмет негiзiнде туындайтын осының алдындағы тармақшаларда қамтылмаған басқа да табыстар;
14) сауда-делдалдық қызметтен алынатын табыс сатып алу-сату операцияларынан және делдалдық қызметтер көрсетуден алынған табыс;
15) тауар импорты - Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына еркiн айналыс үшiн тауарлар шығару;
15-1) заңды тұлғаның өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшесi - орналасқан жеріне оның міндеттерiнiң бiр бөлігін орындайтын тұрақты жұмыс орны жабдықталған, заңды тұлғадан аумақтық оқшауланған кез келген бөлiмше. Егер жұмыс орны бiр айдан артық мерзімге құрылған болса, тұрақты деп есептеледі;
16) тарихи шығындар - осы келiсiм-шарттық аумақты барлау мен онда ашылған кен орындарын жайғастыруға байланысты және осы кен орындарын пайдалану кезiнде өтелуге тиiс мемлекеттiң бұрынғы шығындары;
17) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарт жер қойнауын пайдаланушы мен Қазақстан Республикасының Үкiметi жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге уәкiлдiк берген құзыреттi орган арасындағы шарт;
18) жанама салықтар - салық төлеушiнiң табысына немесе мүлкiне тiкелей байланысты емес, бағаға немесе тарифке үстеме түрiнде белгiленетiн, тауарлар мен қызметтерге салынатын салық (қосылған құнға салынатын салық пен акциздер);
19) негізгі құралдардың қаржы лизингі - осы Заңның 43-бабына сәйкес анықталатын келiсiм;
20) тұлға - заңды немесе жеке тұлға;
21) айлық есептiк көрсеткiш - республикалық бюджет туралы Заңда зейнетақыларды, жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа да төлемдерді қолдану үшiн жыл сайын белгiленетiн көрсеткiш;
22) есептеу әдiсi - салық есебiнiң әдiсi, оған сәйкес табыстар мен шегерiмдер төлем жасау уақытына қарамастан жұмыс орындалған, қызмет көрсетiлген, сату және табысқа енгiзу мақсатымен мүлiк жөнелтiлген кезден бастап есепке алынады;
23) халықаралық тасымалдар - Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) басқа мемлекеттердiң аумағына (аумағынан) тауарлар, жолаушылар, жүктер, почта тасымалдау, сондай-ақ транзит;
24) салық жылы - күнтiзбелiк жыл;
25) салық патентi (бұдан әрi - патент) - салық төлеушiлердiң жекелеген санаттары үшiн оңайлатылған салық режимiн белгiлейтiн құжат;
26) салық сараптамасы - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен заңдарға сәйкес салық режимiн айқындау, оның iшiнде жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдер мен салықтарын белгiлеу мақсатымен Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген құзыреттi орган жасасатын келiсiм-шарттың жобасына, оған толықтырулар мен өзгерiстерге жүргiзiлетiн талдау мен баға берудi қамтитын мiндеттi сараптама;
27) жылжымайтын мүлiк - үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге де мүлiк, яғни олардың мақсатына қисапсыз зиян келтiрмейiнше олардың орнын ауыстыру мүмкiн болмайтын объектiлер;
28) резидент емес - осы баптың 36-тармақшасына сәйкес резидент деп танылмайтын заңды немесе жеке тұлға;
29) негiзгi құрал-жабдықтар - сатып алу сәтiнде құны 40 айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайтын, қызмет мерзiмi бiр жылдан астам материалдық активтер;
30) меншiктi акцияларын бастапқы орналастыру - эмитенттiң жарғылық капиталды қалыптастыру кезiнде акцияларды орналастыруы;
31) тұрақты мекеме:
а) уәкiлдiк берiлген тұлға арқылы жүзеге асырылатын қызметтi қоса алғанда, салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметтi толық немесе iшiнара жүзеге асыратын тұрақты қызмет орны;
б) құрылыс алаңы, монтаждау немесе жинау объектiсi, сондай-ақ осындай объектiлермен байланысты бақылау қызметiн жүзеге асыру;
в) табиғи ресурстарды барлау үшiн пайдаланылатын қондырғы немесе конструкция, табиғи ресурстарды барлау үшiн пайдаланылатын бұрғылау қондырғысы немесе кеме, сондай-ақ солармен байланысты бақылау қызметiн жүзеге асыру;
г) қызметтер, соның iшiнде консультациялық қызметтер көрсету;
32) тiкелей салықтар - салық төлеушiнiң табысынан немесе мүлкiнен тiкелей төленетiн салықтар;
33) жұмыстар - нәтижелерiнiң материалдық көрiнiсi болатын және жеке және заңды тұлғалардың қажеттерiн қанағаттандыру үшiн сатылуы мүмкiн қызмет;
34) iске асыру - жұмыстар орындау, қызметтер көрсету, сату, айырбастау, тегiн беру мақсатымен тауарлар тиеп жөнелту, сондай-ақ кепiлге салынған тауарларды кепiл ұстаушының меншiгiне беру;
35) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi - салық мiндеттемелерi бар заңды немесе жеке тұлғаға салық қызметiнiң беретiн нөмiрi;
36) резидент:
басталған немесе аяқтала келген салық жылының кез келген жүйелi 12 айлық кезеңiнде 183 күн және одан да ұзақ күндер Қазақстанда болған немесе шет елде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметiнде жүрген жеке тұлға. Егер келген жылының алдындағы жылда Қазақстанның резидентi болса ғана жеке тұлға оның келуiнiң алдындағы кезең үшiн резидент ретiнде қаралады.
Егер ол өзiнiң Қазақстанға келуi аяқталатын жылдан кейiнгi жылы резидент болса ғана жеке тұлға Қазақстанға келген соңғы күннен кейiнгi кезең үшiн резидент ретiнде қаралады;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған немесе оның нақты басқару органдары (тиiмдi басқару орыны) Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлға;
37) роялти:
а) пайдалы қазбаларды өндiру және техногендiк құралымдарды қайта өңдеу процесiнде жер қойнауын пайдалану құқығы үшiн;
б) авторлық құқықтарды, бағдарламамен қамтамасыз етудi, патенттердi, сызбаларды немесе модельдердi, тауар белгiлерiн немесе құқықтың басқа да ұқсас түрлерiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; өнеркәсiп, сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн, ноу-хауды пайдаланғаны үшiн; кино фильмдердi, бейнефильмдердi, дыбыс жазбаларын немесе өзге де жазба құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; осыған байланысты техникалық көмек көрсетiлгенi үшiн төленетiн төлем;
38) жер қойнауын пайдаланушының үстеме пайдасы - жер қойнауын пайдаланушының осы Заңда белгiленген нормативтен тыс алған қосымша табыстары;
39) өзiндiк құн - тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетудi сатып алуға, өндiруге және сатуға байланысты шығындар;
40) отбасы - бiрге тұратын және ортақ шаруашылық жүргiзетiн жұбайлар, балалар мен ата-аналар;
41) жиынтық жылдық табыс - заңды және жеке тұлғалардың күнтiзбелiк жыл iшiнде түрлi көздерден алған табысы;
42) күмәндi мiндеттемелер - сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша, сондай-ақ есептелген еңбекақы төлеу қоры бойынша туындаған және туындаған кезден бастап екi жыл iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер;
43) күмәндi талаптар - тауарлар өткiзу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету (Қазақстан Республикасының резидентi еместерге өткiзудi қоспағанда) нәтижесiнде пайда болған және белгiленген тәртiппен ресiмделген тиiстi құжаттармен расталған табыс есептелген күннен бастап екi жыл iшiнде қанағаттандырылмаған талаптар;
44) мамандандырылған аукцион - мемлекеттiк бюджет алдындағы берешегiн өтеу үшiн салық төлеушiден алынған мүлiкпен, сондай-ақ тәркiленген немесе мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке берiлген мүлiкпен сауда өткiзетiн орын;
45) қызмет көрсету - нәтижелерiнiң материалдық көрiнiсi болмайтын қызмет, осы қызметтi жүзеге асыру процесiнде сатылады және тұтынылады;
46) қаржылық қызмет көрсету:
а) банк операциялары;
б) ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға тиiс бағалы қағаздар рыногында қызмет атқару жөнiндегi қызметтер көрсетуi, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының, бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың кәсiпқой қатысушыларының қызмет көрсетулерi;
в) сақтандыру және қайта сақтандыру жөнiндегi операциялар, сондай-ақ сақтандыру брокерлерінің (сақтандыру агенттерінің) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындау жөніндегі қызметтер көрсетуі;
г) чектермен, вексельдермен, депозиттiк сертификаттармен жүргiзiлетiн операциялар;
д) негiзгi құралдардың қаржы лизингi;
е) зейнетақы активтерiн басқару жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер;
ж) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi, зейнетақы активтерiнен алынған инвестициялық табыстарды бөлу мен есепке алу жөнiндегi қызметтерi;
47) таза табыс - осы табыс бойынша есептелген табыс салығы алып тасталған салық салынатын табыс;
48) сатып алу бағасы - тауарлардың сатып алу құны, сондай-ақ тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiлер қосымша құн салығының сомасын көрсете отырып, фактура-шоттар берген және қосымша құн салығының сомасы осы заңға сәйкес есепке алуға жатқызылған, оларды сатып алу мен сатуға байланысты жұмсалған шығыстардың құны;
49) тауарлар экспорты - Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету;
50) электрондық құжат - белгiленген электрондық форматта жасалған және берiлген, электрондық санмен қолтаңба түсiру арқылы шартбелгi салынып, расталған және ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнде iске қосылып, түпнұсқаландырудан өткеннен кейiн бастапқы құжат күшi бар құжат;
51) электрондық қолтаңба - электрондық құжаттардың түпнұсқалылығын, тұтастығын және авторлығын қамтамасыз ететiн арнайы криптографиялық құрал.
Ескерту. 5-баптағы 13,14-тармақшалар жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 5-бапқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 Заңымен.
Z960061_
ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.
Z970154_
ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
Z970200_
ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 5-бап өзгерді және 44-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.24. N 333 Заңымен.
Z980333_
Ескерту. 5-бап 29-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 336 Заңымен.
Z980336_
ЕСКЕРТУ. 5-баптың 6),17),20)-тармақшалары өзгертілді, жаңа 22-1)-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгерді және жаңа 45-48-тармақшалармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 5-бап 49) тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен.
Z990485_
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 42 заңымен.
Z000042_
Бұл өзгеріс Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
Ескерту. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 237 Заңымен.
Z010237_
1. Заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа), және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын (бұдан әрi - табыс салығын) төлеушiлер салық жылында салық салынатын табысы бар заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
Табыс салығын төлеушілер өздерінің орналасқан жерлері бойынша салық төлеуді жүзеге асырады.
Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өзiнiң филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi үшiн табыс салығын олардың орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджеттерге не Астана, Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне немесе облыстық бюджеттерге төлейдi.
2. Табыс салығын төлеушілерге сондай-ақ резидент емес - заңды тұлғалар, олардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер жатады.
3. Заңды тұлғаға өз қатысушыларынан (құрылтайшыларынан) бөлек салық салынады. Жай серiктестiктiң, соның iшiнде консорциумның шарты бойынша алынған табыс оған қатысушылардың арасында бөлiнедi әрi осы Заңның 94-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда олардың әрқайсысында сол табысқа салық салынады.
4. Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң құқықтық мәртебесiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайда салық қызметi өздiгiнен оны жеке салық төлеушi ретiнде белгiлеуге құқылы.
5. Табыс салығын төлеушi жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының азаматтары, шет мемлекеттердiң азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады.
6. Табыс салығын төлеушілерге өзi өндiрген ауыл шаруашылық өнiмдерiн, сондай-ақ өзi өндiрген ауыл шаруашылық өнiмдерiн қайта өңдеуден алынған өнiмдердi өткiзуден түсетiн кiрiстер бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер жатпайды.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi жеке баланс пен банктiк шоттар болған кезде заңды тұлғаның арызы бойынша оның бөлiмшелерiн дербес салық төлеушiлер ретiнде қарай алады.
ЕСКЕРТУ. 6-бапқа өзгерiстер және толықтырулар енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 Заңымен.
Z960061_
ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
Z970200_
ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 6-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.24. N 333 Заңымен.
Z980333_
ЕСКЕРТУ. 6-баптың 1-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 6-бап 6 және 7-тармақтармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 6-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен.
Z990485_
Ескерту. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
1. Табыс салығын салу объектiсi жылдық жиынтық табыс пен осы Заңда көзделген шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде есептелiп, салық салынатын табыс болып табылады;
2. Салық салынатын табыс теңгемен белгiленедi. Салық салынатын табыс шетел валютасымен көрсетiлген жағдайда ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң салық төленген кездегi бағамы бойынша ресми теңгемен қайта есептеледi.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 7-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 Заңымен.
Z960061_
ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.
Z970154_
8-бап. Шетел валютасымен жүргiзiлетiн операциялар
Салық салынатын табыс есептелген кезде түсiм, басқа да кiрiстер, сондай-ақ шетел валютасымен шеккен шығын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң операция (төлем) жасалған күнгi ресми бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi.
1. Резидент салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысы салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасында және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде алған табыстарынан тұрады.
2. Резидент емес салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысы қазақстандық көздерден алынған табыстарынан тұрады.
3. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеушi алуға тиiс, өзара есеп айырысу ретiнде үшiншi тұлғаларға немесе тiкелей не болмаса жанама шығыстарды өтеуге бағытталған, жөнелтiлген өнiм, орындалған жұмыс, көрсетiлген қызметтер мен басқа да операциялар үшiн ақшалай немесе басқа қаражат кiредi.
4. Жылдық жиынтық табысқа табыстың барлық түрлерi, соның iшiнде:
1) жеке тұлғалардың еңбекақы, сақтандыру және зейнетақы төлемдерi түрiнде алған табысы;
2) кәсiпкерлiк қызметтен алынған табыс;
3) жеке тұлғалардың мүлiктiк табысы жатады.
ЕСКЕРТУ. 9-баптың 4-тармағының 1)-тармақшасы сөздермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I Заңымен.
Z970134_
- бұл өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
10-бап. Жеке тұлғалардың еңбекақы, сақтандыру және
зейнетақы төлемдерi түрiнде алған табысы
1. Еңбекке ақы төлеу түрiнде алынған табыстарға жеке тұлғаны жалдау жөнiндегi жұмыстан алынған табыстар жатады.
2. Жеке тұлғалардың еңбекақы түрiнде алған табысына, сондай-ақ мыналар жатады:
1) қызметкерлерге көрсетiлген қызметтердiң немесе сатылған тауарлардың құны мен осы қызметтердiң не болмаса тауарлардың сатып алу бағасы немесе олардың өзiндiк құны арасындағы терiс айырма;
2) жұмыс берушiнiң өз қызметкерлерiнiң қызметiне қатыссыз шығындарын өтеу шығыстары;
3) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша қызметкердiң оған борышының немесе оның алдындағы мiндеттемесiнiң сомасын шығарып тастау;
4) жұмыс берушiнiң қызметкерлердi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықтарын төлеуге жұмсаған шығындары;
5) жеке тұлғадан ұстап қалуға жататын табыс салығы есебiне жұмыс берушiнiң төлеген сомасы;
6) өз қызметкерлерiнiң тiкелей немесе жанама табысы болып табылатын жұмыс берушiнiң басқа да шығыстары.
3. Қызметкерлердiң жылдық жиынтық табысына тұруға және жол жүруге арналған iссапар төлемдерiнiң құжатпен расталған нақты сомасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген нормалар шегiнде тұрған уақыты үшін төленетiн тәулiктiк шығындар енгiзiлмейдi.
4. Зейнетақы төлемдерi түрiнде алынатын кiрiстерге жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынған төлемдер жатады.
5. Сақтандыру төлемдерi түрiнде алынған табысқа сақтандыру ұйымдарының жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төленетiн, олар бойынша:
а) жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебiнен;
б) жұмыс берушiлердiң қаражаты есебiнен сақтандыру сыйлықтары төленген сақтандыру төлемдерi жатады.
ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгертiлдi және толықтырылды - ҚР Президентінiң 1997.06.19. N 134-I Заңымен - бұл өзгертулер мен толықтырулар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
11-бап. Кәсiпкерлiк қызметтен түскен табыстар
Кәсiпкерлiк қызметтен түскен табыстарға:
1) борышкерге тағылған немесе ол мойындаған айыппұлдарды, өсiмақылар мен санкциялардың басқа да түрлерiн ескере отырып, өнiмдi (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) өткiзуден түскен табыс;
2) үйлердi, ғимараттарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтердi, сату кезiндегi құнының өсiмiнен түскен табыс;
3) сыйақы (мүдде) нысанындағы табыс;
3-1) күмәндi мiндеттемелер бойынша кiрiстер;
4) дивидендтер;
5) ұтыстар;
6) тегiн алынған мүлiк пен ақша;
7) экспорттау кезiнде төмендетiлген құны бойынша активтердi сатудан түскен табыстар;
8) мүлiктi жалға беруден түскен табыстар;
9) роялти;
10) мемлекеттiк бюджеттен алынған жәрдемақыларды қоспағанда заңды тұлғалар алған жәрдемақылар;
11) кәсiпкерлiк қызметтi шектеуге немесе кәсiпорынды жабуға келiсiм бергенi үшiн алынған табыстар;
12) банктердiң бұрын шегерiмге жатқызып, мәжбүрлi шығындар жасаудың мөлшерiн азайтудан түскен табыстары;
12-1) жалпы сақтандыру саласы бойынша қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшiн бұрын шегерiмге жатқызылған, сақтандыру резервтерiн азайтудан түскен табыс;
13) міндеттемелерді жабудан түскен табыстар;
14) осы Заңның 20-4-бабының 3-тармағына, 20-6-бабының 1-тармағына және 47-бабына сәйкес табысқа кiретiн сомалар;
15) осы Заңның 20-бабына сәйкес өтелетiн шегерiстер кiредi;
16) осы Заңның 138-бабының 1-тармағына сәйкес бағаларды түзетуден түсетiн кiрiстер;
17) кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын объектілердi пайдалану кезiнде алынатын табыстардың шығындардан артуы;
ЕСКЕРТУ. 11-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.
Z970154_
ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
Z970200_
ЕСКЕРТУ. 11-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
ЕСКЕРТУ. 11-бап 3-1), 16)-тармақшалармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 11-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен.
Z990485_
Ескерту. 11-бап өзгерді және 17) тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
12-бап. Жеке тұлғалардың мүлiктiк табысы
Жеке тұлғалардың мүлiктiк табысына мынадай активтердiң түрлерiн:
1) салық төлеушiнiң тұрақты тұрғын-жайы болып табылмайтын жылжымайтын мүлiктi;
2) бағалы қағаздарды, заңды тұлғаға қатысу үлесi мен басқа да материалдық емес активтердi;
3) шетел валютасын;
4) асыл тастар мен бағалы металдарды, олардың жасалған зергерлiк бұйымдарды және асыл тастары мен бағалы металдары бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер шығармалары мен антиквариат дүниелердi, олардың құнын инфляцияға орай түзету енгiзудi ескере отырып, сатудан алынған құнының өсiмi ғана жатады.
13-бап. Жылдық жиынтық табысқа түзету енгiзу
Жылдық жиынтық табыстан:
1) жеке және заңды тұлғалар алған, бұрынырақ Қазақстан Республикасында төлем көзiнде оларға салық салынған дивидендтер;
2) заңды және жеке тұлғалар алған және олардың кәсiпкерлiк қызметiмен байланысты оңды бағамдық айырма;
3) ашық акционерлiк қоғамдардың акцияларын сату кезiнде құнның өсiмiнен түскен табыс;
4) төлем көзiне салынатын, жеке тұлғалар алған ұтыстар;
5) зейнетақы қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес алынған және жеке зейнетақы шотына жiберiлген инвестициялық кiрiстер;
6) заңды тұлға-резидентке қатысу үлесiн сатудан жеке адамдар алған, бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінде салық салынып келген табыс;
7) меншiгiндегi акциялар құнының оларды бағалы қағаздар рыногында алғашқы орналастыру кезiнде эмитент алған акциялардың нақты құнынан артығы;
8) шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң кәсiпкерлiк қызметке қатысы жоқ, шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң таза табысы есебiнен алынған, 15 процент ставка бойынша салық салынатын тiкелей және жанама табыстары.
9) бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінде салық салынып келген, жеке тұлғалардан алынған сыйақы (мүдде);
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк кәсiпорындардан, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың мемлекеттiк мекемелерден қайтарымсыз негiзде алған негiзгi құралдардың құны.
Ескерту. 13-баптың 2-тармақшасындағы сөздер алынып тасталған - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 13-бап 5-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.06.09. N 116-1 Заңымен.
Z970116_
ЕСКЕРТУ. 13-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I Заңымен - бұл толықтырулар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
ЕСКЕРТУ. 13-баптың 2)-тармақшасы алынып тасталды және өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 13-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 13-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
ЕСКЕРТУ. 13-баптың 6)-тармақшасы өзгертілді және 9)-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 13-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 13-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен. (өзгерістер 2000 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі)
Z990485_
ЕСКЕРТУ. 13-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
14-бап. Табыс алуға байланысты шығындар
1. Заңды және жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысынан, осы Заңға сәйкес шегеруге жатпайтын шығыстарынан басқа, оны алуға байланысты барлық шығыстары шегерiледi.
Осы Заңмен нормалар шегiнде шығыстарды шегеруге жатқызу жағдайлары белгiленуi мүмкiн.
Шегеру кәсiпкерлiк қызметтен табыс алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Егер белгiлi бiр шығындар шығыстардың бiрнеше бабында көзделген жағдайда, салық салынатын табыс есептелген кезде аталған шығындар бiр рет қана шегерiлiп тасталады.
3. Жеке тұлғаның өз тұтынуына жұмсаған шығындары, сондай-ақ еңбек шарты (контракт) немесе мердiгерлiк (жалдану шарты) бойынша iстелген жұмыстан табыс алуына байланысты шығындары шегерiлуге жатпайды.
4. Iссапарлық, өкiлдiк шығыстар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар шегiнде шегерiлiп тасталады.
Табиғи монополистердiң жасаған ысырабы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормалар шегiнде шегерiлiп тасталады.
Ескерту. 14-баптың 1-тармағына өзгерiс енгiзiлген - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
Ескерту. 14-бап 4-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I Заңымен.
Z970134_
- бұл өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
ЕСКЕРТУ. 14-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 14-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1998.12.24. N 333 Заңымен.
Z980333_
ЕСКЕРТУ. 14-баптың 1-тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 14-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
15-бап. Шегерiс жасауға жатпайтын шығыстар
1. Кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес шығыстар бойынша шегерiстер жасалмайды.
2. Терiс бағамдық айырма бойынша шегерiстер жасалмайды.
3. Осы тарауда көзделген шегерiстер, егер олар осы Заңның 14-бабының ережелерiне сәйкес келмесе, жасалмайды.
16-бап. Алынған кредит (займ) үшiн сыйақы (мүдде)
бойынша шегерiм жасау
Алынған кредит үшiн сыйақы (мүдде) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша есепті кезеңдегі есептелген, осы ставканың теңгемен, кредит (займ) бойынша 50 процентiне көбейтiлген сомасы және шет ел валютасымен кредит (займ) бойынша 100 процентiне көбейтiлген Лондон банкаралық рыногының ставкасы бойынша сома шегiнде шегерiлуге тиiс.
ЕСКЕРТУ. 16-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
Z970200_
Ескерту. 16-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 336 Заңымен.
Z980336_
ЕСКЕРТУ. 16-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
Ескерту. 16-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
17-бап. Күмәндi талаптар бойынша шегерiм жасау
1. Салық төлеушiнiң өткiзiлген өнiмге, атқарған жұмыс пен көрсетiлген қызметтерге байланысты, олардан тапқан табыстары бұрынырақ кәсiпкерлiк қызметтен алынған жылдық жиынтық табысқа енгiзiлген, күмәндi талаптары бойынша шегерiстер жасатуға құқылы.
2. Банктердiң провизиялар жөнiндегi күмәндi әрi сенiмсiз талаптардан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiленген мөлшерде шегерiс жасауға хақы бар.
3.
<*>
Ескерту. 17-баптың 2-шi тармағы жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200
Z970200_
ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
ЕСКЕРТУ. 17-бап 2-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
Ескерту. 17-баптың 3-тармағы алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
18-бап. Резервтiк қорларға аударымдар бойынша
шегерiс жасау
1. Жалпы сақтандыру саласы бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормаларға сәйкес сақтандыру резервiне жасалған аударымдар сомасын шегеруге құқығы бар.
V991052_
Қайта сақтандыру бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғаның өмiрдi сақтандыру саласы бойынша қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы жасаған, қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша аударымдар сомасын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормаларға сәйкес сақтандыру резервiне жасалған аударымдар сомасын шегеруге құқығы бар.
2. Өз қызметiн заңдарға сәйкес жасалған келiсiм-шарт негiзiнде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының осы кен орнында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың аяқталуына байланысты кен орнын игеру зардаптарын жою қорына (резервтiк қорға) аударылған аударымдар сомасын шегерiп тастауға құқығы бар.
Кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударымдар жасаудың мөлшерi мен тәртiбi Құзыреттi органмен келiсiм бойынша, кен орнын игеру зардаптарын жоюға жұмсалатын шығындардың жобалық сомасы негiзге алына отырып, келiсiм-шарттарға салық сараптамасын жүргiзу барысында жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шартта кен орнын игерудiң бүкiл мерзiмiне белгiленедi.
Егер кен орындарын игеру зардаптарын жою жөнiндегi нақты шығындар аталған қорға аударылған аударымдардан аз болса, оң айырма жер қойнауын пайдаланушының салық салынатын табысына қосылуға тиiс.
3. 17-баптың 2-тармағында және осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген шегерiстердi қоспағанда, резервтiк қорларға аударымдар бойынша шегерiстер жасалмайды.
ЕСКЕРТУ. 18-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 18-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
Z970200_
ЕСКЕРТУ. 18-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
ЕСКЕРТУ. 18-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
19-бап. Ғылыми-зерттеу, жобалау және тәжiрибе-
конструкторлық жұмыстарына шығыстар бойынша
шегерiс жасау
Табыс алуға байланысты ғылыми-зерттеу жобалау және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарына жұмсалған шығыстар бойынша шегерiстер жасалады, бұған негiзгi құрал-жабдықтарды сатып алуға, оларды орнатуға жұмсалған шығыстар мен күрделi сипаттағы басқа шығындар кiрмейдi.
1. Тiркелген активтер - салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн және кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер.
2. Тiркелген активтердің құны осы Заңда белгіленген тәртiппен және шарттарда амортизациялық аударымдарды есептеу арқылы шегерiмге жатқызылады.
3. Осы Заңның 5-бабының 29) тармақшасына сәйкес негiзгi құрал-жабдықтар болып табылмайтын материалдық активтердiң құны олар кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылған жағдайда бiр мезгiлде шегерiмге жатқызылуға тиiс.
4. Материалдық емес активтерге кәсiпкерлiк қызметте ұзақ мерзiмдi кезең iшiнде (бiр жылдан артық) пайдаланылатын материалдық емес объектiлерге заңды (құрылтайшылар мен қатысушылардың шығындарын қоса алғанда) және жеке тұлғалардың жұмсаған шығындары жатады.
Амортизациялауға жататын материалдық емес активтердiң құнына, егер олар салық төлеушiнiң салық салынатын табысын есептеген кезде шегерiлiп тасталған болса, оларды сатып алу немесе өндiру жөнiндегi шығындар кiрмейдi.
5. Амортизациялық аударымдар негiзгi құрал-жабдықтардың мынадай түрлерiне есептеледi:
1) үйлер;
2) ғимараттар;
3) берiлiс құрылғылары;
4) жұмыс және қуат машиналары мен жабдықтары;
5) компьютерлер, жер-жердегi құрылғылар мен деректердi өңдеу жөнiндегi жабдықтар;
6) көлiк құралдары;
7) аспаптар;
8) өлшеу және реттеу приборлары мен құрылғылары, зертханалық жабдықтар, өндiрiстiк және шаруашылық мүкәммал мен керек-жарақтар;
9) жұмыс малы;
10) көпжылдық екпелер;
11) алдыңғы тармақшаларда аталмаған негiзгi құрал-жабдықтардың басқа түрлерi.
Көпжылдық екпелер мен жұмыс малы бойынша амортизациялық аударымдар, осы аталған активтердi салық төлеушi кәсiпкерлiк қызметте пайдаланған жағдайда есептеледi.
6. Амортизациялық аударымдар негiзгi құрал-жабдықтардың мынадай түрлерiне есептелмейдi:
1) жер;
2)
<*>
3) өнiм малы;
4) мұражай құндылықтары;
5) сәулет және өнер ескерткiштерi;
6) жалпы жұрт пайдаланатын автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, скверлер;
7) аяқталмаған күрделi құрылыс;
8) фильм қорына жататын объектiлер;
9)
<*>
10)
<*>
11) сақталуда, жаңғыртуда және олар толығымен тоқтап қалған жағдайда техникалық қайта жарақтандыруда, монтаждауда, орнатуда, пайдалануға беру сәтiне дейiн қоймаларда тұрған объектiлер.
7. Амортизациялық аударымдар материалдық емес активтердiң мынадай түрлерiне есептеледi:
1) лицензиялық келiсiмдер;
2) сауда маркалары мен тауар таңбалары;
3) патенттер;
4) бағдарламалық қамтамасыз ету;
5) табиғи ресурстарды, жердi пайдалану құқықтары;
6) өнеркәсiптiк үлгiлер;
7) ұйымдастырушылық шығындар.
8. Өздерiн өндiруге (сатып алуға) iс жүзiнде шығындар жұмсалмаған материалдық емес активтер амортизациялауға жатпайды.
Ескерту. 20-бапқа өзгерiстер енгiзiлген - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 20-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
Z960061_
ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 20-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
ЕСКЕРТУ. 20-баптың 10-тармағы 3-шi бөлікпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 336 заңымен.
Z980336_
ЕСКЕРТУ. 20-баптың 10-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 заңымен.
Z990355_
ЕСКЕРТУ. 20-бап 6-тармағының 1-тармақшасы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
20-1-бап. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық
аударымдарды есептеу
1. Амортизациялық аударымдарды есептеу үшiн тiркелген активтер функционалдық белгiсi бойынша топтарға бiрiктiрiлген амортизациялық iшкi топтар бойынша бөлуге жатады.
2. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды анықтау үшiн есептi кезең салық жылы болып табылады.
3. Салық төлеушi салық жылының шегiнде өзге есептi кезең (ай, тоқсан) белгiлеуге және амортизациялық аударымдарды ай сайын немесе тоқсан сайын есептеуге құқылы.
4. Салық төлеушi амортизациялық аударымдарды есептеу үшiн қолданатын кезең, сондай-ақ амортизацияның қолданылатын нормалары салық жылы iшiнде өзгертiлмеуге тиiс.
5. Әрбiр iшкi топ бойынша амортизациялық аударымдар амортизация нормасын есептi кезеңнiң аяғындағы iшкi топтың құндық балансына қолдану арқылы есептеледi, бiрақ ол осы Заңның 20-4-бабымен белгiленген шектен жоғары болмауы керек.
Салық төлеушi таратылған немесе қайта құрылған жағдайда амортизациялық аударымдар салық жылындағы қызмет кезеңiне түзетiледi.
6. Үйлер, құрылыстар және ғимараттар бойынша амортизациялық аударымдар әрбiр объектi бойынша жеке-жеке айқындалады.
7. Салық төлеушi амортизациялық аударымдарды әрбiр тiркелген актив бойынша жеке-жеке есептеуге құқылы.
Бұл ретте, iшкi топтардың құндық балансы салық төлеушi әрбiр объект сайын жүргiзетiн есептiң деректерi негiзiнде айқындалады.
Ескерту. Жаңа 20-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
20-2-бап. Амортизациялық iшкi топтардың құндық
балансын айқындау
1. Есептi кезеңнiң басында әрбiр амортизациялық iшкi топ бойынша iшкi топтың құндық балансы деп аталатын қорытынды сома айқындалады.
2. Салық жылының аяғына iшкi топтың құндық балансы:
осының алдындағы салық жылында есептелген, сондай-ақ осы Заңның 20-6-бабына және 21-бабының 2-тармағына сәйкес жасалатын түзетулердi ескере отырып, амортизация сомасына кемiтiлген осының алдындағы салық жылының аяғындағы iшкi топтың құндық балансы ретiнде айқындалатын салық жылының басындағы iшкi топтың құндық балансы
қосу (алу)
тiркелген активтердi қосымша бағалау сомасы
қосу
осы Заңның 20-3-бабында айқындалған құн бойынша есептi кезеңде келiп түскен тiркелген активтер
алу
осы Заңның 20-3-бабына сәйкес айқындалған құн бойынша есептi кезеңде шығып қалған тiркелген активтер ретiнде анықталады.
Ескерту. Жаңа 20-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 20-2 бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
20-3-бап. Тiркелген активтердiң түсуi және шығуы
1. Түсiп жатқан тiркелген активтер:
а) сатып алу, өтеусiз алу кезiнде, жарғылық капиталға салым ретiнде - осы Заңның 46-бабына сәйкес айқындалған құн бойынша;
б) консервацияда, жаңғыртуда және олар толығымен тоқтап қалған жағдайда техникалық жағынан қайта жарақтандыруда тұрған негiзгi құрал-жабдықтар объектiлерiн пайдалануға берген кезде - баланстық құны бойынша iшкi топтардың құндық балансында ескерiледi.
2. Шығарылып жатқан тiркелген активтер:
а) сату, өтеусiз беру кезiнде, жарғылық капиталға салым ретiнде - сату құны бойынша;
б) негiзгi құралдар объектiлерiн уақытша консервацияға, қайта жаңғыртуға және техникалық қайта жарақтауға берген кезде, олар толық тоқтап тұрған жағдайда - баланстық құны бойынша;
в) тiркелген активтердi есептен шығарған, жоғалтқан, жойған, бүлдiрген, айырылып қалған кезде, тiркелген активтер сақтандырылған жағдайда - сақтандыру ұйымы сақтандыру шартына сәйкес сақтанушыға төлеген сақтандыру төлемдерi сомасы негiзге алынып анықталатын құны бойынша iшкi топтардың құндық балансында ескерiледi. Егер сақтандыру шартына сәйкес төленуге тиiс сақтандыру төлемдерi тiркелген активтiң бөлiгiне жатса, онда шығып қалған тiркелген активтiң құны сақтандыру төлемдерi мен тiркелген активтiң сақтандырылмаған бөлiгiне жататын баланстық құнның сомасы ретiнде анықталады.
Тiркелген активтердi есептен шығарған, жоғалтқан, жойған, бүлдiрген, айырылып қалған өзге жағдайларда баланстық құны бойынша iшкi топтардың құндық балансында ескерiледi.
Ескерту. Жаңа 20-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 20-3 бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
20-4-бап. Тіркелген активтер амортизациясының
шекті нормалары
1. Амортизациялауға жататын тіркелген активтер амортизацияның мынадай шекті нормаларымен ішкі топтар бойынша бөлінеді:
_______________________________________________________________
топ Тіркелген активтердің Амортиза. Жаңа негізгі
(ішкі атауы цияның құрал-жабдықтар
топ) шекті бойынша аморти.
N нормасы зацияның қосымша
(%) нормасы (%)
_______________________________________________________________
І Үйлер, құрылыстар
1 Үйлер, құрылыстар 8
ІІ Ғимараттар
1 Мұнай және№газ ұңғымалары 20
2 Мұнай-газ қоймалары 10
3 Кеме жүзетін, су каналдары 10
4 Көпірлер 7
5 Бөгеттер, плотиналар 7
6 Өзен және теңіз айлақ
ғимараттары 7
7 Кәсіпорындардың темір жол
қатынастары 8
8 Жағаны нығайту және жағаны
қорғау құрылыстары 7
9 Резервуарлар, цистерналар,
бактар және басқа да ыдыстар 8
10 Ішкі шаруашылық және
шаруашылық аралық суландыру
желісі 7
11 Жабық коллекторлық-дренаждық
жүйе 7
12 Ұшу-қону алаңдары, жолдары,
әуе кемелері тұратын орындар 8
13 Парктер мен хайуанаттар
парктерінің ғимараттары 8
14 Спорттық-сауықтыру ғимараттары 10
15 Жылыжайлар мен көшетханалар 10
16 Өзге де ғимараттар 7
_______________________________________________________________
ІІІ Беріліс құрылғылары
1 Электр берілісі және байланыс
құрылғылар мен желілері 10
2 Ішкі газ құбырлары мен
өткізгіш құбырлар 8
3 Су құбыры, канализация және
жылу желілері 7
4 Тағы басқалар 7
_______________________________________________________________
ІҮ Күш-қуат машиналары және жабдықтары
1 Жылу техникалық-жабдықтары 15 15
2 Турбиналық жабдықтар және
турбиналық газ құрылғылары 15 15
3 Электр двигательдері мен
дизель-генераторлары 10 10
4 Кешенді құрылғылар 8
5 Өзге де күш-қуат машиналары
мен жабдықтар (ұшқыр көлікті
қоспағанда) 7
_______________________________________________________________
Ү Қызмет түрі бойынша жұмыс машиналары мен
жабдықтары (ұшқыр көлікті қоспағанда)
1 Қара және түсті металлургия
машиналары мен жабдықтары 20 20
2 Химия өнеркәсібі машиналары
мен жабдықтары 20 20
3 Мұнай өңдеу және мұнай-химия
өнеркәсібі машиналары мен
жабдықтары 20 20
4 Мұнай-газ өндіру машиналары
мен жабдықтары 15 15
5 Жүк көтергіштігі 40 тоннадан
жоғары карьерлік автосамосвалдарды
қоса алғанда, тау-кен рудасы
өнеркәсібінің машиналары мен
жабдықтары 25 25
6 Электрондық өнеркәсіп жабдықтары 20 20
7 Құрылыс материалдарын өндіретін
машиналар мен жабдықтар 20 20
8 Ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз
өнеркәсібінің машиналары мен
жабдықтары 20 20
9 Полиграфия өнеркәсібінің
машиналары мен жабдықтары 15 15
10 Жеңіл өнеркәсіп машиналары
мен жабдықтары 20 20
11 Тамақ, балық, ет және сүт
өнеркәсібінің жабдықтары 20 20
12 Сауда және қоғамдық тамақтандыру
машиналары мен жабдықтары 5 5
13 Көлік, машиналар мен механизмдер
шығаруға арналған жабдықтар 20 20
14 Ауылшаруашылық тракторлары,
машиналары мен жабдықтары 20 20
15 Құю өндірісіне арналған
машиналар мен жабдықтар,
абразив және алмас өндірісінің
жабдықтары 20 20
16 Коммутацияларды және деректерді
берудің цифрлық электронды
жабдығы, сан жүйелерінің, оларды
берудің жабдықтары, сандық өлшегіш
байланыс техникасы 25
17 Спутник, ұялы байланыс,
радиотелефон, пейджинг және
транкинг байланысы жабдықтары 15
18 Беру жүйелері коммутацияларының
ұқсас жабдықтары 10
19 Киностудиялардың мамандандырылған
жабдықтары, медициналық және
микробиологиялық өнеркәсіп
жабдықтары 8
20 Өзге де салалардың
машиналары мен жабдықтары 10
_______________________________________________________________
ҮІ Басқа да машиналар мен жабдықтар
(ұшқыр көлікті қоспағанда)
_______________________________________________________________
1 Өнеркәсіптік тракторлар 20 20
2 Темір кескіш жабдықтар 15 15
3 Компрессорлық машиналар
мен жабдықтар 15 15
4 Ұста-пресс жабдықтары 15 15
5 Сорғылар 20 20
6 Көтеру-көлік, тиеу-түсіру
машиналары мен жабдықтары,
жер қазу, карьерлік және
жол-құрылыс жұмыстарына арналған
машиналар мен жабдықтар 15 15
7 Тіреу жұмыстарына арналған
машиналар мен жабдықтар,
уату-тарту, сұрыптау, байыту
жабдықтар 20 20
8 Су асты-техникалық жұмыстарына
арналған машиналар мен жабдықтар 20 20
9 Электрмен дәнекерлеуге және
кесуге арналған машиналар
мен жабдықтар 10 10
10 Технологиялық процестерге
арналған барлық түрдегі ыдыстар 8 8
11 Өзге де машиналар мен жабдықтар 10
_______________________________________________________________
ҮІІ Ұшқыр көлік
1 Темір жол жылжымалы тіркемесі 15 15
2 Теңіз, өзен флоты, балық
өнеркәсібі флоты 10
3 Автомобиль көлігінің жылжымалы
тіркемесі, өндіріс көлігі
(жеңіл автомобильдер мен таксиді
қоспағанда) 10
4 Жеңіл автомобильдер мен такси 7
5 Магистральдық өткізгіш
құбырлар 15 15
6 Коммуналдық көлік 10 10
7 Әуе көлігі 15 15
8 Өзге де көлік құралдары 7
_______________________________________________________________
ҮІІІ Компьютерлер, жер-жердегі құрылғылар
мен деректерді өңдеу жөніндегі
жабдықтар
1 Компьютерлер 30
2 Жер-жердегі құрылғылар мен
деректерді өңдеу жөніндегі жабдықтар 20
_______________________________________________________________
ІХ Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген
активтер
1 Көпжылдық екпелер 8
2 Материалдық емес активтер 15
3 Офис жиһазы 10
4 Аспаптар, өндірістік және
шаруашылық мүкәммал мен
керек-жарақтар 8
5 Көшіру-көбейту техникасы 15
6 Өлшеуіш және реттегіш
приборлар және құрылғылар,
зертханалық жабдықтар 10
7 Тағы басқалар 7
_______________________________________________________________
2. Егер есепті кезең ай (тоқсан болып) табылатын болса, амортизациялық аударымдардың нормасы мынадай формула бойынша анықталады:
n = (1 - (1-0,01N1/t) х 100, мұнда
n - амортизацияның ай сайынғы (тоқсан сайынғы) нормасы;
N - амортизацияның жылдық нормасы;
t - салық жылындағы есепті кезеңдердің саны.
3. Пайдалануға берiлген жаңа машиналар мен жабдықтар бойынша бiрiншi салық жылында салық төлеушi, аталған тiркелген активтердi кәсiпкерлiк қызметiнде кемiнде үш жыл пайдалану шартымен осы баппен белгiленген көтерiңкi нормалар бойынша амортизациялық аударымдарды қосымша есептеуге құқылы.
Оларды үш жылдық кезең аяқталғанға дейiн өткiзген жағдайда жүргiзiлген шегерiмнiң сомасы жылдық жиынтық табысты ұлғайтуға жатады.
Бұл норманы табиғи монополистер салық салу және босаған қаражатты күрделi салымдарды қаржыландыруға пайдалану мақсатында анықталатын таза табыс болған кезде қолданады.
Ескерту. Жаңа 20-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 20-4 бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
ЕСКЕРТУ. 20-5 бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен. Z010147_
20-6-бап. Тiркелген активтер бойынша басқа да
шегерiмдер
1. Егер шығып қалған тiркелген активтердiң құны салық жылының аяғындағы iшкi топтың құндық балансынан артып кеткен болса, арту мөлшерi салық төлеушiнiң жиынтық жылдық табысына енгiзуге жатады. Бұл ретте салық жылының аяғындағы осы iшкi топтың құндық балансы нөлге тең болып қалады.
2. Iшкi топтың барлық тiркелген активтерi шығып қалған кезде есептiк кезең аяғындағы осы iшкi топтың құндық балансы шегерiмге жатқызылады.
3. Егер осы Заңның 20-5-бабына сәйкес анықталған тiркелген активтiң қалдық құны есептiк кезең аяғында оның бастапқы құнының кемiнде 5 процентiн құраған жағдайда, салық төлеушiлер мұндай тiркелген активтiң қалдық құнын шегерiмге жатқызуға құқылы.
Ескерту. Жаңа 20-6-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
20-7-бап. Жалгерлiк, негiзгi құралдардың қаржы лизингi
шарттарымен берiлетiн (алынатын) тiркелген
активтер
1. Ағымдағы жалгерлiк шарттарымен берiлген (алынған) тiркелген активтердiң құны жалға берушiнің топтарының құндық балансында есепке алынады.
2. Қаржы лизингiне (қаржы лизингi бойынша) берiлген (алынған) негiзгi құралдардың құны лизинг алушы топтарының құндық балансында есепке алынады.
Бұл ретте, лизинг берушiнiң тиiстi iшкi тобының құндық балансы қаржы лизингiне берiлген негiзгi құралдардың құнына кемiтiлуi тиiс.
Ескерту. Жаңа 20-7-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 20-7 бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
20-8-бап. Негiзгi құрал-жабдықтарды қайта бағалау
1. Салық төлеушi салық салу мақсатында бухгалтерлiк есептi жүзеге асыру шартымен негiзгi құрал-жабдықтарға дербес қайта бағалау жүргiзуге құқылы.
Бұл ретте, салық салу мақсатында қолданылатын негiзгi құрал-жабдықтар құнының арту индексi бухгалтерлiк есепте тиiстi негiзгi құрал-жабдықтарға қайта бағалауды жүзеге асыру кезiнде пайдаланылған коэффициенттерден артып кетпеуге тиiс.
2.
<*>
3. Негiзгi құралдарды қосымша бағалау сомасына 15 процент ставка бойынша табыс салығы салынады.
Табыс салығын төлеу қосымша бағалау жүргiзiлген айдан кейiнгi айдың ішінде жүргiзіледі.
4. Қосымша бағалау нәтижесiнде есептелген амортизациялық аударымдарды шегерiмдерге жатқызудан салық төлеушi есептi кезеңнiң iшiнде шеккен зиян салық салу мақсатында есепке алынбайды.
5. Табиғи монополистердiң негiзгi құрал-жабдықтарды қайта бағалау табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттеушi уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша жүргiзiледi.
6. Құрылысы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (үкiметтiк) кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген заем қаражатымен жүзеге асырылған, үйлердiң құнын шетелдiк валютада терiс бағамдық айырмашылық сомасына қайта бағалау сомасы салық төлеушiнiң жиынтық жылдық табысына енгiзiлмейдi.
Ескерту. Жаңа 20-8-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 20-8 бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
20-9-бап. Тiркелген активтердi сатып алуға,
сондай-ақ меншiктi құрылысқа алынған
кредиттер (заемдар) үшiн сыйақы (мүдде)
1. Құрылыс жүргiзу кезеңiнде алынған кредиттер (заемдар) үшiн сыйақыны (мүдденi) қоспағанда, тiркелген активтердi сатып алуға алынған, оның iшiнде қаржы лизингi түрiндегi кредиттер (заемдар) үшiн сыйақы (мүдде) осы Заңның 16-бабында белгiленген тәртiппен шегерiмге жатады.
2.
<*>
3. Меншiктi құрылыс жүргiзу кезiнде алынған кредиттер (заемдар) үшiн сыйақы (мүдде) құрылыс объектiсiнiң құнына енгiзiледi және амортизациялық аударымдарды есептеу арқылы шегерiмге жатқызылады.
Құрылыс аяқталғаннан кейiн төленген кредиттер (заемдар) үшiн алынған сыйақы (мүдде) осы Заңның 16-бабына сәйкес шегерiмге жатқызылады.
Ескерту. Жаңа 20-9-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 20-9 бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
21-бап. Жөндеуге жұмсалатын шығыстар бойынша
шегерiмдер
1. Шегерiм осы iшкi топқа кiретiн негiзгi құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар бойынша әрбiр iшкi топқа қатысты рұқсат етiледi.
2. Әрбiр iшкi топ бойынша негiзгi құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар сомасы iшкi топтың салық жылының аяғындағы құндық балансының 15 процентi шегiнде шегерiледi. Аталған шектен асатын сома iшкi топтың құндық балансын арттырады.
Егер салық төлеушi өзге есептi кезеңдi (ай, тоқсан) қолданатын болса, жөндеуге жұмсалатын шығыстар iшкi топтың есептi кезеңнің аяғындағы құндық балансына қарай анықталады.
3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден алынған субсидиялардың есебiнен жүргiзiлген жөндеуге жұмсалатын шығыстар шегерiмге жатпайды және iшкi топтардың құндық балансын арттырмайды.
4. Егер тiркелген активтердiң есебi салық салу мақсатында әрбiр объектi бойынша жүргiзiлген жағдайда, осы баптың 2-тармағында белгiленген шектен тыс жөндеуге жұмсалатын шығыстар жөндеуге шығыстар жұмсалған тиiстi негiзгi құрал-жабдықтардың құнын арттыруға жатқызылады.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
22-бап. Сақтандыру сыйлықтары бойынша шығыстарға шегерiм жасау
Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықтарын қоспағанда, сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылар төлейтiн сақтандыру сыйлықтары, шегерiм жасауға жатады.
ЕСКЕРТУ. 22-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
22-1-бап. Әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар
бойынша шегерімдер
Салық төлеушілердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына, жүкті болуы және тууы жөніндегі демалысқа ақы төлеу жөніндегі шығыстары есепті кезең үшін есептелген еңбекке ақы төлеу қорының 1,5 проценті шегінде шегеріледі. Қызметкерлерге олардың жұмысына байланысты мертігу не денсаулығының өзгедей зақымдануы арқылы келтірілген зиянның орнын толтыруға, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар да заңдарда белгіленген мөлшерде шегерілуге тиіс.
ЕСКЕРТУ. 22-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
22-2-бап. Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне)
кепiлдiк беруге (оларды сақтандыруға)
байланысты жарналар бойынша шығыстар
шегерiмдерi
Банктер - жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) ұжымдық кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) жүйесiнiң қатысушылары жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) кепiлдiк беруге (оларды сақтандыруға) байланысты аударылған мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналар сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.
ЕСКЕРТУ. Жаңа 22-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 42 заңымен.
Z000042_
23-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерделеуге
және өндiруге дайындық жұмыстарына
жұмсалған шығыстар
1. Бағалау, жайластыру жөнiндегi шығыстарды, жалпы әкiмшiлiк шығыстарын және жазылу жүргiзiлетiн бонус пен коммерциялық табу бонусын төлеуге байланысты шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерделеуге, барлауға және өндiруге дайындық жұмыстарына жер қойнауын пайдаланушы жұмсаған шығыстар жеке топ құрайды және жер қойнауын пайдаланушының қалауынша белгiленген нормалар бойынша пайдалы қазбаларды өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрiнде жиынтық жылдық табыстан шегерiледi, бiрақ олар 25 процент мөлшерiндегi амортизациясының шектi нормаларынан аспауы тиiс.
Осы шығыстар, пайдалы қазбаларды сату кезiнде алынған табыстарды (тәжiрибе-өнеркәсiптiк мақсаттарда өндiрiлгендерiнен басқасын) жылдық жиынтық табыстардан осы Заңның 13-бабына сәйкес алып тастауға жататын табыстарды және осы Заңның 34-бабына сәйкес салық салудан босатылған табыстарды қоспағанда, табиғи ресурстарды геологиялық зерделеуге және өндiруге дайындық жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде жасалған келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы алған табыстар сомасына оларды азайту арқылы түзетілуге тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп табиғи ресурстарды геологиялық зерделеу, әзiрлеу немесе пайдалану құқығын алуға байланысты салық төлеушiнiң материалдық емес активтерге жатқызылған шығыстарына да, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы бюджетке iс жүзiнде төлеген келiсiм-шарттық аумақтарда мемлекет жұмсаған тарихи шығындарды өтеу сомасына да қолданылады.
ЕСКЕРТУ. 23-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
Z960061_
ЕСКЕРТУ. 23-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
ЕСКЕРТУ. 23-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 23-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
Ескерту. 24-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен. Z990492_
25-бап. Салықтарды, айыппұлдар мен өтемдiк
шығыстарды шегерiс жасау
Мыналар:
1) жылдық жиынтық табыс анықталғанға дейiн шығарылатын салықтардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында және басқа мемлекеттерде төленген табыс салығынан басқа есептелген шектегі төленген салықтар және үстеме пайдаға салынатын салықтар;
2) бюджетке енгiзiлуге тиiстiлерiнен өзге айыппұлдар мен өсiмдердi қоса алғанда төленген есептелген шектегі айыпақылар.<*><*>
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шығындар нормативтерiне сәйкес мемлекеттiк әлеуметтiк саланы ұстау үшiн заңды тұлғалар шеккен шығындар шегерiлуге жатады.
4) жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және аймақтардың әлеуметтiк саласын дамытуға жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарттарда белгiленген сома шегiнде iс жүзiнде жұмсаған шығындары.
ЕСКЕРТУ. 25-бапқа өзгерiс пен толықтыру енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1998.12.24. N 333 Заңымен.
Z980333_
ЕСКЕРТУ. 25-баптың 1),2)-тармақшалары толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
26-бап. Құрылыстар мен бағалы қағаздарды сату
кезiндегi шығын
1. Жиынтық жылдық табыс алу үшiн кәсiпкерлiк қызметте үш жылдан аса пайдаланылған құрылыстарды сату кезiнде пайда болған шығын шегерiс жасауға жатады.
2. Бағалы қағаздарды сату кезiнде пайда болған шығын шегерiс жасауға жатпайды. Аталған шығын басқа бағалы қағаздарды сату кезiнде алынған құнның өсiмiнен түскен табыстың есебiнен өтеледi.
3. Егер осы баптың 2-тармағында аталған шығын сол шығын жасалған жылы өтелмейтiндей болса, онда олар бес жылға дейiнгi мерзiмге алға көшiрiлуi және бағалы қағаздарды сату кезiнде алынған құнның өсiмiнен түскен табыстың есебiнен өтелуге тиiс.
4. Осы Заңның 12-бабында көзделген мүлiктi сату кезiнде пайда болған шығын шегерiс жасауға жатпайды. Аталған шығын осы Заңның 12-бабында көзделген мүлiктi сату кезiнде алынған құнның өсiмiнен түскен табыстың есебiнен өтеледi.
Кәсiпкерлiк қызметтен пайда болған шығын (жиынтық жылдық табыстан көзделген шегерiс жасаудың артып кетуi) алдағы кезеңдердегi салық салынатын табыстың есебiнен өтеу үшiн қоса алғанда үш жылға дейiнгi мерзiмге алға көшiрiледi.
Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарттар бойынша жүзеге асырылатын қызметке байланысты пайда болатын залалдар қоса алғанда жетi жылға дейiнгi мерзiмге кейiнге көшiрiледi.
Осы баптың жоғарыда көрсетiлген ережелерi қосымша бағалау нәтижесiнде есептелген амортизациялық аударымдарды шегерiмдерге жатқызудан салық жылы iшiнде келтiрiлген залалдарға қолданылмайды.
ЕСКЕРТУ. 27-бапқа өзгерiс және толықтыру енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 27-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 27-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 27-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 27 бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
28-бап. Жеке тұлғаларға берiлетiн шегерiстер
1. Жеке тұлғаның табыс алынған әрбiр ай үшiн айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде бiр салық жылы iшiнде шегерiс жасауға құқы бар.
2. Жеке тұлғаның салық жылы iшiнде өзiнiң қамқорлығында тұратын отбасының әрбiр мүшесiне табыс алынған әрбiр ай үшiн айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде бiр салық жылы iшiнде шегерiс жасауға құқы бар.
3. Егер отбасының аталған мүшесi орта есеппен айына айлық есептi көрсеткiш артық табыс тапса, осы баптың 2-тармағында көзделген шегерiс жасау құқы қолданылмайды.
4. Осы баптың 2-тармағында көзделген шегерiс тек бiр салық төлеушiнiң - отбасы мүшесiнiң табысына қолданылады.
5. Жеке тұлғаның жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарнасын төлеудi зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген мөлшерде шегеруге құқығы бар.
Ескерту. 28-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 28-бап 5-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I Заңымен.
Z970134_
- бұл толықтырулар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
4-1-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына салық салу
ЕСКЕРТУ. 4-1 тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен. Z010147_
28-1-бап. Салық салу объектiсi
1. Өмiрдi сақтандыру саласы бойынша қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының және қайта сақтандыру ұйымының өмiрдi, аннуитеттi, жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) жүргiзген жағдайда, салық жылы iшiнде алуға тиiс (алған) сақтандыру сыйлығы түрiндегi табысы табыс салығы салынатын объект болып табылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өмiрдi сақтандыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымымен жасасқан және бұдан кейiн тәуекелдердi қайта сақтандыру ұйымына берумен байланысты шарттар бойынша тәуекелдердi қайта сақтандырған кезде, осындай қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген тиiстi сақтандыру сыйлықтары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын объектiсi болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлгеннен және инвестициялық табыстан басқа алынған (алынуға тиiс), сондай-ақ жалпы сақтандыру саласы бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының және жалпы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) iсiн жүргiзген кезде қайта сақтандыру ұйымының табыстары бойынша табыс салығы салынатын объект жылдық жиынтық табыс пен осы Заңда көзделген шегерiмдердiң айырмасы ретiнде есептелген салық салынатын табыс болып табылады.
28-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
табыстарын есепке алу
Өмiрдi сақтандыру саласы бойынша қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары және қайта сақтандыру ұйымдары өмiрдi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) iсiн жүргiзген кезде салық салу мақсатында инвестициялық табысты қоса алғанда, осы Заңның 28-1-бабының 1-тармағында көрсетiлген табыс бойынша және өзге қызметтен болатын табыс, шығын бойынша бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.
28-3-бап. Табыс салығының ставкалары
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының 28-1-баптың 1-тармағында аталған табыстарына осы Заңда белгiленген шегерiмдер жасалмай, алынуға тиiс (алынған) сақтандыру сыйлықтарының сомасынан 2 процент ставка бойынша табыс салығы салынуға тиiс.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының осы Заңның 28-1-бабының 2-тармағында көрсетiлген, салық жылы ішінде алған (алуға тиiс) табыстарына осы Заңның 30-бабының 1-тармағында көрсетiлген ставка бойынша табыс салығы салынуға тиiс.
28-4-бап. Табыс салығын төлеу мерзiмдерi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары осы Заңның 28-1-бабының 1-тармағында көрсетiлген табыстары бойынша табыс салығын ай сайын ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей, салық жылы iшiнде алынады деп көзделген (алынған) сақтандыру сыйлықтары сомасының 1/12 бөлiгiн негiзге ала отырып төлейдi.
2. Осы Заңның 28-1-бабының 1-тармағында көрсетiлген табыстарды және инвестициялық табыстарды қоспағанда, салық жылы iшiнде алынған (алынуға тиiс) табыстар бойынша осы Заңның 51-бабында белгiленген тәртiппен аванстық төлемдер төленедi.
28-5. Табыс салығы бойынша декларация және есеп
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей, осы Заңның 28-1-бабының 1-тармағында көрсетiлген табыстар бойынша тоқсан үшiн есептелген табыс салығы жөнiнде есеп тапсырады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық жылының қорытындысы бойынша осы Заңның 49-бабында белгiленген мерзiмде барлық табыстар жөнiнде декларация тапсыруға мiндеттi.
3. Табыс салығын түпкiлiктi есептеу және төлеу осы Заңның 52-бабында белгiленген мерзiмдерде жүргiзіледi.
29-бап. Жеке тұлғалар үшiн табыс салығының
ставкалары
Жеке адамның салық салынатын табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
___________________________________________________________________
1) 15 еселенген жылдық есептiк салық салынатын табыс сома.
көрсеткiшке дейiн сынан 5 процент
___________________________________________________________________
2) 15 еселенгеннен 30 еселенген 15 еселенген жылдық есептiк
жылдық есептiк көрсеткiшке көрсеткiштен алынатын салық
дейiн сомасы + одан асатын соманың
10 процентi
___________________________________________________________________
3) 30 еселенгеннен 65 еселенген 30 еселенген жылдық есептiк
жылдық есептiк көрсеткiшке көрсеткiштен алынатын салық
дейiн сомасы + одан асатын соманың
20 процентi
___________________________________________________________________
4) 65 еселенген 65 еселенген жылдық есептiк
жылдық есептiк көрсеткiштен көрсеткiштен алынатын салық
бастап және одан жоғары сомасы + одан асатын сомадан
30 процент
___________________________________________________________________
5) <*>
___________________________________________________________________
6) <*>
___________________________________________________________________
Төлем көзiнен ұсталатын табыс салығын есептеу салық жылының iшiнде бiрқалыпты (ай сайын) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлiгi белгiлейтiн тәртiп бойынша жүргiзiледi.
Ескерту. 29-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21.N 2703 жарлығымен.
Ескерту. 29-бап 2-бөлiкпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
Z970200_
ЕСКЕРТУ. 29-баптың 1-бөлігінде 3)-4)-тармақшалары өзгертілді, 5)-6)-тармақшалары алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 заңымен.
Z990355_
ЕСКЕРТУ. 29-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
30-бап. Заңды тұлғалар үшiн табыс салығының
ставкалары
1. Заңды тұлғалардың салық салынатын табысы 30 процент ставка бойынша салық салуға жатады.
2.
<*>
3. Негiзгi өндiрiс құралы жер болып табылатын заңды тұлға оны тiкелей пайдаланудан алған табысынан 10 процент ставка бойынша салық төлейдi.
Ескерту. 30-бап жаңа 2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 30-баптың 2-тармағы алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
31-бап. Қатысушының үлесін сатудан алынатын табысқа
салынатын салық ставкасы және төлем көзінен
алынатын дивидендтер
1. Заңды тұлға-резиденттегі жеке тұлғаларға төленетін қатысу үлесін сатудан алынатын кіріс, сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларға төленетін дивидендтерге 15 процент ставка бойынша төлем көзінің өзінде салық салынуға тиіс және бұл салықтың төлем көздерінен ұсталғанын растайтын құжаттар болған жағдайда бұдан кейін оларға салық салынбайды.
2. Жарғылық капиталды ұлғайтуға бағытталған таза табыстың бiр бөлiгiне (әрбiр акционердiң акциялар үлесiн сақтауды есепке алғанда) салық салынбауға тиiс.
Қатысушы (акционер) заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған немесе сатқан жағдайда, инфляцияға сай түзетудi ескере отырып, алып қою және сату кезiндегi қатысу үлесiнiң құны мен қатысушының (акционердiң) жарна ретiнде жарғылық капиталға енгiзген меншiктi мүлкiнiң құны арасындағы айырма ретiнде анықталатын құн өсiмiнiң тек 15 процент ставкасы бойынша ғана төлем көзiне салық салынуға тиiс.
ЕСКЕРТУ. 31-бап 3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
Z970200_
ЕСКЕРТУ. 31-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
ЕСКЕРТУ. 31-баптың атауы және 1-тармағы жаңа редакцияда, 2-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
32-бап. Төлем көзiндегi сыйақыға (мүддеге) және
ұтыстарға салық ставкалары
1. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлгеннен басқа жағдайларда заңды тұлғаларға резидент-банктерге және жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетiндердi қоспағанда төленетiн сыйақыға (мүддеге) тиесiлi сомадан 15 процент ставка бойынша төлем кезiнде салық салынады. Төлем көздерiне осы салықтың ұсталып қалғанын растайтын құжаттар болған кезде ұсталып қалған салықтың сомасы салық жылы үшiн салық төлеушiге есептелген табыс салығы есебiне жатқызылады.
2. Жеке тұлғаларға жеке адамдар алған сыйақылар (мүдделер) ұтыстарға төлем көзiне 15 процент ставка бойынша салық салынады, және төлем көздерiне осы салықтың ұсталып қалғанын растайтын құжаттар болған кезде одан әрi салық салуға жатпайды.
3. Резидент-заңды тұлғаларға борыштық бағалы қағаздар бойынша төленетiн сыйақыға (мүддеге) төлем көзiнен салық салынбайды.
Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 32-бапқа өзгерiс және толықтыру енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 32-баптың 4-тармағы сөздермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.06.09. N 116-1 Заңымен.
Z970116_
ЕСКЕРТУ. 32-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.
Z970154_
ЕСКЕРТУ. 32-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
Z970200_
ЕСКЕРТУ. 32-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 32-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен. (өзгерістерді қолдану тәртібін 2-баптан қараңыз)
Z990485_
ЕСКЕРТУ. 32-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
32-1-бап. Қызметкерлердiң тiкелей және жанама
табыстарына салынатын салық ставкасы
Қызметкерлердiң жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыс берушi төлеген сақтандыру сыйлықтары сомасын қоспағанда, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қызметкерлерiнiң кәсiпкерлiк қызметпен байланыссыз, шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң таза табысының есебiнен алынған тiкелей немесе жанама табыстарына төлем кезiнде 15 процент ставка бойынша салық салынады.
ЕСКЕРТУ. 32-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 заңымен.
Z970200_
ЕСКЕРТУ. 32-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
33-бап. Резидент еместердiң табысына төлем
көзiнде салынатын салық ставкалары
Резидент еместiң тұрақты мекемеге қатысы жоқ қазақстандық көздерден алған табысы шегерiс жасауды жүзеге асырусыз, жиынтық табысы бойынша төлем кезiнде мына ставкалар бойынша салық салуға жатады:
1) дивидендтер мен сыйақы (мүдде) - 15 процент
2) тәуекелдiлiктi сақтандыру немесе
қайта сақтандыру шарттары бойынша
төленетiн сақтандыру төлемдерi - 5 процент
3) Қазақстан Республикасы мен басқа
мемлекетте арасындағы халықаралық
байланыста немесе тасымалда
телекоммуникациялық көлiк қызметi - 5 процент
4) роялти, басқару және консультация.
лық қызметтi қоса алғанда қызмет
көрсетуден түсетiн табыс, жал
жөнiндегi табыс және басқа табыс
(осы Жарлықтың 29-бабына сәйкес
ставкалар бойынша салық салынатын
еңбекке ақы төлеу түрiнде алынатын
табыстан басқасы) - 20 процент
ЕСКЕРТУ. 33-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.
Z970154_
1. Мынадай заңды тұлғалардың салық алынатын табысы салық салудан босатылады:
1) акцизделетiн тауарлар өндiру мен өткiзуден, сондай-ақ сауда-делдалдық қызметтен түскен кiрiстердi қоспағанда, Ауғанстан соғысы ардагерлерiнiң Қазақ республикалық ұйымы (кәсiпорындарсыз);
1-1) Қазақстан Республикасы мүгедектерi ерiктi қоғамының, Асырауында балалары бар мүгедек аналардың республикалық қоғамының ("Бибi-Ана"), Қазақ зағиптар қоғамының, Қазақ саңыраулар қоғамының, Ақыл-есi мен дене бiтiмi кемiс балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және оларды еңбекпен оңалту орталығының, Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамының, Қазақстан Республикасы "Чернобыль" одағының, сондай-ақ олардың өндiрiстiк ұйымдарының кiрiстерi (акцизделетiн тауарлар өндiру мен өткiзуден, сондай-ақ сауда-делдалдық қызметтен түскен кiрiстердi қоспағанда), егер осындай ұйымдар мынадай шарттарға сәйкес келсе:
мүгедектер осындай өндiрiстiк ұйымдар қызметкерлерi жалпы санының кем дегенде 51 процентiн құраса (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айырылған мүгедектер жұмыс iстейтiн өндiрiстiк ұйымдар үшiн кемiнде 35 процент);
мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу қоры жалпы еңбекке ақы төлеу қорының кем дегенде 51 процентiн құраса;
осы тармақшада аталған қоғамдардың (Одақтың, Орталықтың) меншiгi болып табылатын және толығымен солардың қаражаты есебiнен құрылған болса;
алынған кiрiстер оларды құрған қоғамдардың (Одақтың, Орталықтың) жарғылық мақсаттарын iске асыруға жұмсалады;
2)
<*>
3) коммерциялық емес ұйымдардың демеушiлiк көмек, кiру және мүшелiк жарналар, қайырымдылық көмек, аударымдар мен қайырмалдықтар түрiнде алған табыстары бойынша, бұл ретте жоғарыда аталған қаражат қайтарылмайтын негiзде берiлуге тиiс, сондай-ақ қайтарылмайтын етiп берiлген мүлiктер бойынша;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметi тiзбесiн белгiлейтiн халықаралық ұйымдар;
5) төтенше жағдайға душар болған жағдайда гуманитарлық көмек түрiнде мүлiк алған және оны өз мақсатында жұмсаған заңды тұлғалар;
6) мемлекет кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген шетелдiк кредит желiлерi бойынша, сондай-ақ тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген халықаралық ұйымдар желiсi бойынша алынған мүлiк бойынша мемлекеттік мекемелер;
6-1) "Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң мүлкi негiзiнде құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорын, негiзгі қызметпен байланысты кiрiс бойынша;
7) алынған (алынуға тиіс) сыйақы (мүдде) және тұрғын үй-жайларды кейіннен лизинг алушының меншігіне беретін болып, осы үй-жайларды үш жылдан аспайтын мерзімге лизинг бойынша және жеке мұқтаждары үшiн тұрғын үйлердi сатып алу мен салуға арнап үш жылдан астам мерзiмге жеке адамдарға берiлген ипотекалық кредиттер бойынша банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар негiзгi құрал-жабдықтарды жасау мен жаңғырту үшiн үш жылдан астам мерзiмге берiлген орташа және ұзақ мерзiмдi инвестициялық несиелер жөнiнен;
8) оларды кейiннен лизинг алушыға бере отырып, үш жылдан астам мерзiмге алынған негізгі құралдардың қаржы лизингi бойынша сыйақылар (мүдделер) жөнiндегi ұйымдар;
9) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, қызметінің айрықша түрі ауыл шаруашылығын кредиттеу болып табылатын ұйымдар;
10) халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттер өтеусіз негізде қаржыландыратын ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды орындаудан алынған табыстар бойынша ұйымдар.
2. Қызметкерлерінің жалпы санының кемінде 30 процентін мүгедектер құрайтын өндіріс ұйымдарының салық салынатын табысы мүгедектердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстардың 2 еселенген сомасына, сондай-ақ мүгедектерге қатысты әлеуметтік салық сомасының 50 процентіне қосымша қысқартылады.
3. Мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша сыйақы (мүдде); салық салудан босатылады.
4. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, оларға теңестiрiлген адамдардың, I және II топтағы мүгедектердiң, сондай-ақ жастайынан мүгедек болған жанның ата-анасының бiреуiнiң жылына 480 мәрте айлық есептi көрсеткiштiң шегiндегi табысына, III топтағы мүгедектердiң жылына 240 мәрте айлық есептi көрсеткiштiң шегiндегi табысына табыс салығы салынбайды.
5. Жеке тұлғалардың табысы мен төлемдерiнiң мына түрлерiне салық салынбайды:
1) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкердiң жалданып iстеген жұмысынан алынған ресми табысы;
2) шет мемлекетте табысына салық салынуға тиiс шет мемлекетте мемлекеттiк қызметте жүрген адамның жалданған жұмысынан алатын ресми табысы;
3) бiр жеке тұлғадан екiншi жеке тұлғаның сыйлық немесе мұра түрiнде, сондай-ақ iзгiлiк, қайырымдылық көмек пен гранттардың түрiнде алынған мүлiктiң құны, еңбекке ақы төлеу түрiнде алынған мүлiктен басқасы;
4) Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан зейнетақы төлемдерi;
бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттiк стипендиялар үшiн белгiленген мөлшерлерде төленетiн стипендиялар;
жалпы науқастануына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтiк жәрдемақыларды, пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшiн өтемақыларды, сондай-ақ жеке еңбек шартын бұзған кезде төленетiн, орташа айлық жалақы мөлшерiнен артық өтемақыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар, әлеуметтiк жеңiлдiктер;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкердiң еңбек мiндеттерiн атқаруға байланысты мертiгуiнен не денсаулығына өзге де зақым келуiнен болған залалдың орнын толтыру (жоғалтқан жалақысына қатысты өтеуден басқа);
P930201_
V930037_
қызметкерлерге бала туған кезде, жерлеу үшiн, құжатпен расталған, көрсетiлген медициналық қызмет (косметологиялық қызметтен басқа) ақысын төлеу үшiн 50 еселенген айлық есептiк көрсеткiш шегiнде берiлетiн материалдық көмек;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс берушiнiң қызметкерлердi өндiрiстiк қызметке байланысты мамандық бойынша оқытуға және бiлiктiлiгiн арттыруға жұмсаған шығындары;
жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы алушылардың жасасқан жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықтарын (аннуитет) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы;
жұмыс берушi өз қызметкерлерiнiң жеке жинақтаушы емес сақтандыру шарттары бойынша төлейтiн сақтандыру сыйлықтарының сомасы;
бұрын табыс салығы салынған ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен жүзеге асырылатын зейнетақы және сақтандыру төлемдерi;
5) балаларға және асырауындағыларға алынатын алименттер;
6) республикалық және жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен көрсетiлетiн бiржолғы төлемдер мен материалдық көмек;
6-1) табыс салығы салынған жалақыдан аударылған аударымдардан құралған кәсіподақ бюджеті қаражатынан кәсіподақ мүшелері үшін материалдық көмек;
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардағы сыйақы (мүдде) және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
8) әскери қызмет міндеттерін атқаруына байланысты әскери қызметшілер алатын ақшалай үлестер, ақшалай сыйақылар және басқа да төлемдер;
9) "Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" 2001 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Z010173_
Заңына сәйкес жеке тұлғалардың жария етілген ақшасы.
6. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың салық салынатын табысы кәсiпкерлiк қызметтен алынатын табысқа салынатын салықтың екi процентiнен аспайтын мөлшерде қайырымдылық қызметпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдарға ақша қаражатын қоса алғанда қайтарусыз берген мүлiгiнiң сомасына азайтылады. Коммерциялық емес ұйымдарда қайырымдылық және бiлiм беретiн мақсатына алынған, бiрақ нысаналы мақсатқа пайдаланылмаған қаражат салық салуға жатады.
Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың жиынтық жылдық табысы:
а)
<*>
б)Астана қаласында тұрғын үйлер салуға жұмсалған қаражат сомасына кемiтiледi.
7. Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында құрылған тұрмысы төмен азаматтарға қолдау көрсету жөнiндегi жалпы ұлттық және аймақтық қорларға қызмет көрсететiн банктердiң салық салынатын табысы осы қорларға өтеусiз аударылатын қаржының сомасына азайтылады.
8. Салық төлеушілер инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған келісім-шартқа сәйкес салық салынатын табысты алған кезінен бастап 5 жылға дейін, бірақ келісім-шарт жасалған кезден бастап 8 жылдан аспайтын мерзімге табыс салығын төлеуден босатылуы мүмкін.
Табыс салығы жөнiнде жеңiлдiктер берудiң нақты мерзiмi келiсiм-шарт әрбiр салық төлеушi бойынша және негізгі капитал мен экономиканың басым секторына инвестициялардың көлеміне қарай белгiленедi.
Аталған жеңiлдiк сәйкестендiрiлiп берiлген келiсiм-шарт бұзылған жағдайда табыс салығы Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген тиiстi айыппұл санкциялары қолданыла отырып, салық төлеушiнiң бүкiл қызмет ету кезеңiне есептелуге және бюджетке енгiзiлуге тиiс;
9.
<*>
10. Салық төлеушiнiң салық салынатын кiрiсi мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларына ерiктi зейнетақы жарналарының сомасына мынадай мөлшерде азайтылады:
1) жеке адам үшiн - айына он айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде;
2) заңды тұлға үшiн - айына әрбiр қызметкерге шаққанда жиырма есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде.
Ескерту. 34-баптың 1-тармағы 2 тармақшамен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1996.01.26. N 2827 жарлығымен.
U962827_
34-баптың 1-тармағы жаңа тармақшамен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
Ескерту. 34-баптың 1-тармағы 7 тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1996.06.26. N 13-1
Z960013_
заңымен.
ЕСКЕРТУ. 34-баптың 1-тармағының 7)-тармақшасы алынып тасталды, 8) тармақша 7) тармақша болып саналды - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I Заңымен.
Z970134_
Бұл өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Ескерту. 34-баптың 6-тармағына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлдi - КР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
Ескерту. 34-баптың 4,7-тармақтарындағы сөздер алмастырылды - ҚР Президентiнiң 1995.12.21.N 2703 жарлығымен.
Ескерту. 34-бапқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
Z960061_
ЕСКЕРТУ. 34-бап 8-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.02.28. N 76-I Заңымен.
Z970076_
ЕСКЕРТУ. Жаңа 9-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.06.09. N 116-1 Заңымен.
Z970116_
ЕСКЕРТУ. 34-баптың 5-тармағы 8-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.02. N 144-1 Заңымен.
Z970144_
ЕСКЕРТУ. 34-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I Заңымен - бұл өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
ЕСКЕРТУ. 33-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.
Z970154_
ЕСКЕРТУ. 34-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
Z970200_
ЕСКЕРТУ. 34-баптың 1-тармағының 2)-тармақшасы жаңа редакцияда және 8)-9)-тармақшалары тиiсiнше 7)-8)-тармақшалар болып есептелдi және басқа өзгертулер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 34-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1998.12.24. N 333 Заңымен.
Z980333_
Ескерту. 34-баптың 1-тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 336 Заңымен.
Z980336_
ЕСКЕРТУ. 34-баптың 1-тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 заңымен.
Z990355_
ЕСКЕРТУ. 34-баптың 1, 2, 6, 7, 8, 10-тармақтары өзгертілді, 3, 5-тармақтары толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 34-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
ЕСКЕРТУ. 34-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.08.02. N 466 Заңымен.
Z990466_
Ескерту. 34-бап өзгертілді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен. (өзгерістерді қолдану тәртібін 2-баптан қараңыз)
Z990485_
Ескерту. 34-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 34-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
ЕСКЕРТУ. 34-баптың 5-тармағы 9 тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.06.22. N 213 Заңымен.
Z010213_
35-бап. Резидент еместiң тұрақты мекемеден
алатын табысы
Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес салық төлеушi тұрақты мекемеге байланысты Қазақстандағы көздерден түскен табысы бойынша осы Заңмен осындай табысқа қатысты көзделген шегерiс сомасына азайтылған табыс салығын төлеушi болып табылады.
36-бап. Төлем көзiнен салық алу
1. Резидент еместiң тұрақты мекемемен байланысты емес табысына егер табыс көзi Қазақстан Республикасында болса, жиынтық табысы бойынша төлем көзiнде шегерiс жасамай, осы Заңның 33-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынуы керек.
Бұл тәртiп Қазақстан Республикасының резиденттерi сыртқы сауда келiсiм-шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн импорттық тауарларға ақы төлеген жағдайда қолданылмайды.
2. Төлем көзiнде салынатын салық төлемнiң Қазақстан Республикасының iшiнде немесе одан тыс жерлерде жасалғанына қарамай қолданылады.
ЕСКЕРТУ. 36-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
37-бап. Шет ел заңды тұлғасының тұрақты
мекемесiнiң таза табысына салынатын салық
Табыс салығына қосымша ретiнде резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесiне осы тұрақты мекеменiң таза табысына 15 процент ставка бойынша салық салынады.
Есептелген салық сомасы жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерiмдер туралы декларацияда көрсетiледi.
ЕСКЕРТУ. 37-бап 2-ші бөлікпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
38-бап. Шет ел салығын есептеу
1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде төленген салық сомасы Қазақстан Республикасында табыс салығын төлеген кезде есептеледi.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген есептелетiн соманың мөлшерi осы табысқа Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасында есептелуге тиiс сомадан аспауға тиіс.
39-бап. Жеңiлдiкпен салық салынатын елдерде
алынатын табыс
1. Егер шетелдiк заңды тұлғаның жарғылық капиталының 10 процентiнен астамы тiкелей және жанама түрде резидентке тиесiлі болса немесе ол өз кезегiнде елде жеңiлдiкпен салық салу арқылы кiрiс келтiретiн осы заңды тұлғаның дауысқа ие акциясының 10 процентiнен астамын алса, заңды тұлға кiрiсiнің резидентке тиесілі осы бөлiгi оның салық салынатын кiрiсiне енгiзiледi. Бұл ереже сондай-ақ резиденттiң заңды тұлға құрмайтын кәсiпкерлiк қызмет ұйымдастырудың басқа нысандарына қатысуына қолданылады.
2. Егер шет елдегi салық сомасы осы Заңмен белгiлегендегiден 1/3-ке төмен болса немесе қаржы ақпаратының құпиялылығы туралы немесе мүлiктiң нақты иесi немесе табыстың нақты иесi жөнiнде құпияны сақтауға мүмкiндiк беретiн компаниялар туралы заңдары болса, онда шет мемлекет жеңiлдiкпен салық салынатын мемлекет ретiнде қарайды.
ЕСКЕРТУ. 39-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-I заңымен.
Z960061_
Ескерту. 39-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен. (бұл өзгерістер 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Z990485_
40-бап. Салық есебiн жүргiзу әдiсi
Салық төлеушi кiрiстер мен шығыстарды салық салу мақсатында есептеу әдiсi осы Жарлықта белгiленген тәртiп пен шарттар негiзiнде анықтайды.
ЕСКЕРТУ. 40-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 жарлығымен.
41-бап. Ұзақ мерзiмдi контрактiлер бойынша
табыстар және шегерiс жасау
1. Ұзақ мерзiмдi контрактiлерге қатысты табыстар және шегерiс жасау салық жылы iшiнде олардың нақты орындалған бөлiгiнде ескерiледi.
2. Есептеу әдiсi қолданылған кезде контрактiнiң орындалған бөлiгiнiң мөлшерi салық жылының аяғына дейiн шеккен шығыстарды осы контракт бойынша жиынтық шығысымен салыстыру арқылы анықталады.
3.
<*>
ЕСКЕРТУ. 41-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
Z960061_
42-бап. Тауар-материалдық қорларды есепке алу тәртiбi
Салық мақсаттары үшiн тауар-материалдық қорларды есепке алу бухгалтерлiк есеп бойынша ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
ЕСКЕРТУ. 42-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 42-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
43-бап. Негiзгi құралдардың қаржы лизингi
1. Лизинг берушiнiң амортизацияға жататын негiзгi құралдарды лизинг алушыға беруi, егер ол мынадай шарттарға сәйкес келсе:
1) лизинг берушi лизинг шартында уағдаласқан негiзгi құралдарды сатушыдан өз меншiгiне алуға және лизинг алушыға оны белгiлi бiр ақысын төлеген кезде, белгiлi бiр мерзiмге, белгiлi бiр жағдайларда уақытша иелiк етуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн пайдалануға беруге мiндеттенсе;
2) негiзгi құралдарды лизинг алушының меншiгiне беру немесе лизинг алушыға тiркелген баға бойынша негiзгi құралдарды сатып алу жөнiнде құқық беру лизинг шартында белгiленсе;
3) қаржы лизингiнiң мерзiмi негiзгi құралдардың пайдалы қызмет ету мерзiмiнiң 80 процентiнен асып түссе, негiзгi құралдардың қаржы лизингi болып табылады.
Қаржы лизингiне (қаржы лизингi бойынша) берiлген (алынған) негiзгi құралдардың құны лизинг шартын жасасқан кезде анықталады.
Салық салу мақсатында мұндай мәмiле лизинг алушының негiзгi құралдарды сатып алуы ретiнде қаралады.
2. Осы баптың мақсаттары үшiн негiзгi құралдардың қаржы лизингiнiң мерзiмi лизинг алушы шартқа сәйкес негiзгi құралдардың қаржы лизингiн ұзартуға құқығы болатын қосымша мерзiмдi қамтиды.
Ескерту. 43-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 43-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
44-бап. Өтемақы жасалатын шегерiс жасау
Егер бұрын шегерiс жасалған шығыстарға, шығындарға немесе күмәндi талаптарға өтем жасалса, онда алынған сома оған өтем жасалған жылғы табыс болып табылады.
ЕСКЕРТУ. 44-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
45-бап. Құнның өсiмiнен алынған табыс және
тіркелген активтердi сату кезiндегi шығын
1. Амортизация сомасына кемiтiлген тіркелген активтердi сатудан алынған түсiм мен осы Жарлықтың 46-бабына сәйкес анықталған олардың құнының арасындағы оң айырма амортизация сомасына кемiтiлген тіркелген активтердi сату кезiнде олардың құнының өсiмiнен алынған табыс болып табылады.
2. Тіркелген активтердi өткiзуден алынған түсiм мен осы амортизация сомасына кемiтiлген құрал-жабдықтың осы Заңның 46-бабына сәйкес анықталған құнының арасындағы терiс айырма тіркелген активтердi өткiзу келтiрген шығын болып табылады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтары топтық әдiс бойынша амортизациялауға жататын тіркелген активтерге қолданылмайды.
ЕСКЕРТУ. 45-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
Z960061_
ЕСКЕРТУ. 45-баптың 3-тармағы алып тасталды, 4-тармақ 3-шi тармақ болып саналды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
Z970200_
ЕСКЕРТУ. 45-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 45-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
46-бап. Тіркелген активтердiң құны
1. Тіркелген активтердiң құнына оларды сатып алу, өндiру, құрылысын жүргiзу, монтаждау мен орнату жөнiндегi шығындар, сондай-ақ олардың құнын арттыратын басқа да шығындар енедi. Бұларға салық төлеушiнiң шегерiс жасауға құқығы бар шығындар қосылмайды.
2. Егер тіркелген активтердiң бiр бөлiгi ғана өткiзiлсе, онда өткiзу сәтiндегi тіркелген актив құны қалған және өткiзiлген бөлiк арасында бөлiнедi.
ЕСКЕРТУ. 46-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
Ескерту. 46-баптың 1-тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 336 Заңымен.
Z980336_
ЕСКЕРТУ. 46-баптың 1-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
Ескерту. 46-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
47-бап. Активтердi өтемсiз негiзде беруден және (немесе)
төмендетiлген құны бойынша сатудан түскен табыс
1. Активтердi өтемсiз негiзде беру және (немесе) төмендетiлген құны бойынша сату кезiнде берушi (сатушы) тұлға активтерiнiң құны - салық салу мақсатында айқындалатын өзiндiк құн негiзге алынып, ал алушы тұлға активтерiнiң құны - берiлетiн (сатылатын) активтердiң кiрiске алынған бағалау құны бойынша белгiленедi.
Бұл ретте активтердің құны, тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) атаулары бойынша бөлінбестен, есепті кезең үшін тұтастай белгіленеді.
2. Экспорттық операциялар бойынша төмендетiлген құнымен активтердi сату кезiндегi салық сату мақсатында айқындалған, сатылған активтердiң сатылатын бағасы мен өзiндiк құны арасындағы айырма сатушы тұлғаның табысы болып табылады.
ЕСКЕРТУ. 47-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 47-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 47-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.24. N 333 Заңымен.
Z980333_
48-бап. Таза табыс есебiнен жүзеге асырылатын
шығыстар
Шегерiлуге тиiстi емес таза табыс есебiнен жүзеге асырылатын шығыстарға мыналар жатады:
1) негiзгi құрал-жабдықтарды сатып алу мен құрылысын жүргiзуге арналған шығыстар және күрделi сипаттағы басқа да шығыстар.
2) бюджетке енгiзiлуге тиiс айыппұл санкциялары.
3) кәсiпкерлiк қызметке байланысы жоқ шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қызметкерлерiнiң тiкелей немесе жанама табыстары болып табылатын шығыстар;
4) кәсiпкерлiк қызметке пайдаланылмайтын объектiлердi салу, пайдалану және ұстау жөнiндегi шығыстар;
5) кәсiпкерлiк қызметке байланыссыз шығыстар.
ЕСКЕРТУ. 48-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 48-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 48-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 48-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1998.12.24. N 333 Заңымен.
Z980333_
49-бап. Кiрiстер туралы декларациялар және
кiрiстер мен мүлiк туралы мәлiметтер
беру
1. Жылдық жиынтық табыс пен шегерiс жасау туралы декларацияны мына салық төлеушiлер салықты тiркейтiн жердегi салық қызметi органдарына есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызына дейiн тапсырады:
1) заңды тұлғалар, олардың осы Заңның 6-бабының 7-тармағына сәйкес дербес салық төлеушiлер болып табылатын филиалдары, өкiлдiктерi мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi;
2) Қазақстан Республикасындағы төлем көздерiне салық салынбайтын табыстары бар жеке тұлғалар;
3) тұрғын үй салуды және осындай құрылыс үшiн құрылыс материалдарын iрi көлемде сатып алуды қоспағанда, салық жылында 2000 айлық есептiк көрсеткiштен астам сомаға құрылыс салған немесе iрi көлемде сатып алу жасаған жеке тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасынан тысқары орналасқан шетел банктерiндегi шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерден табыс алушы жеке тұлғалар;
6) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттардың депутаттары, сондай-ақ заңдардың мемлекеттiк қызметшiлер үшiн көзделген нормалары қолданылатын адамдар, мерзiмдiк әскери қызметiн өткерiп жүрген әскери қызметшiлердi қоспағанда;
7) Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметтi жүзеге асыратын резидент еместер.
2. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттардың депутаттары сайланған кезде, сондай-ақ заңдардың мемлекеттiк қызметшiлер үшiн көзделген нормалары қолданылатын адамдар, мерзiмдi әскери қызметiн өткерiп жүрген әскери қызметшiлердi қоспағанда, мемлекеттiк қызметке кiрiскен кезде, мемлекеттiк қызметтерге тағайындалған кезде, мемлекеттiк қызмет бойынша өскен кезде, салық қызметi органдарына өздерiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектiлерi болып табылатын кiрiстер мен мүлiк туралы мәлiметтер табыс етедi.
3. Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiк қызметi аяқталған кезде салық қызметi салық төлеушiден себебi мен күнi, декларацияның қашан және қай кезеңде тапсырылуы тиiс екенiн көрсете отырып, жазбаша хабарлама беру жолымен 12 айдан кем кезеңдегi табысы туралы декларацияны табыс етуiн талап ете алады.
4. Заңды тұлға таратылған кезде тарату комиссиясы немесе салық төлеушi бұл жайында салық қызметiне дереу жазбаша хабарлайды. Заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн 15 күн iшiнде салық төлеушi салық органдарына жылдық жиынтық табыс пен шегерiс жасау туралы декларация ұсынуға мiндеттi.
5. Резидент заңды тұлға құрмай жүзеге асырылған кәсiпкерлiк қызметтi тоқтатқан кезде ол 15 күн мерзiмде салық қызметiнiң органдарына жылдық жиынтық табыс пен шегерiс жасау туралы декларация табыс етедi.
6. Кез келген он екi айлық кезең iшiнде Қазақстан Республикасында 30 күннен астам тұрып жатқан немесе қазақстандық көзден 500 айлық есеп айырысу көрсеткiшiнен астам табыс алған жеке тұлғалар - резидент еместер қызметiн тоқтатқан немесе Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде салық қызметi органдарына жиынтық табыс пен шегерiмдер туралы декларация табыс етедi.
6-1. Түрлі ставкалар бойынша салық салынатын табысы бар және (немесе) табыс салығын төлеуден босатылған заңды тұлғалар және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке адамдар олар бойынша бөлек есеп жүргізуге және мұндай табыс бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген нысанда жеке есеп-қисап беріп, жылдық жиынтық табыс пен жасалған шегерістер туралы декларацияға қоса табыс етуге міндетті.
Ауыл шаруашылығына жатпайтын өнiмдi, өзi өндiрмеген өнiмдi, акцизделетiн өнiмдi және оларды қайта өңдеу өнiмдерiн сатудан табысы бар бiрыңғай жер салығын төлеушiлер бөлек есеп жүргiзуге және олар бойынша табыс салығын есептеудi және төлеудi жүзеге асыруға, сондай-ақ жылдық жиынтық табыс пен осы бөлiмге сәйкес жүргiзiлген шегерiмдер туралы декларацияны табыс етуге мiндеттi.
7. Кiрiстер туралы декларация және кiрiстер мен мүлiк туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген нысанда және тәртiппен берiледi.
Ескерту. 49-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 49-баптың 5-тармағы жаңа редакцияда, 5-тармақ 6-тармақ болып саналды - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 49-баптың атау жаңа редакцияда берiлген, 1-тармақ 6)-тармақшамен және 2-тармақпен толықтырылған, 2,3,4,5,6-тармақтар тиiсiнше 3,4,5,6,7-тармақтар болып саналған және 7-тармақ жаңа редакцияда берiлген - Қазақстан Республикасының 1997.04.11. N 92 Заңымен.
Z970092_
ЕСКЕРТУ. 49-баптың 1-тармағының 3)-тармақшасы сөздермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.05.27. N 114-I Заңымен.
Z970114_
ЕСКЕРТУ. 49-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 49-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 49-бап 6-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 336 Заңымен.
Z980336_
Ескерту. 49-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен.
Z990485_
ЕСКЕРТУ. 49-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
50-бап. Төлем көздерiнен салық ұстау
1. Төлем көздерiнен табыс салығын ұстауды мына тұлғалар:
1) еңбек шарты (келiсiм-шарты) бойынша немесе мердiгерлiк (жалдау) шарты бойынша жұмыс iстейтiн жеке тұлғаларға жасалған төлемдерден кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiсi ретiнде тiркелген жеке тұлғаларға жасалған төлемдердi қоспағанда кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар;
2)
<*>
2) заңды және жеке тұлғаларға дивиденд төлейтiн резидент - заңды тұлға;
3) заңды тұлғаларға сыйақы (мүдде) төлейтiн заңды немесе жеке тұлға;
4) осы Заңның 33-бабында көзделген төлемдердi жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға жүргiзуге мiндеттi;
5) жеке тұлғаларға ұтыстар төлейтiн заңды және жеке тұлға;
6) осы Заңның 48-бабының 3-тармақшасына сәйкес төлемдер төлейтiн заңды немесе жеке тұлға;
7) жеке тұлға резидент-заңды тұлғадағы қатысу үлесiн сатудан түскен табысты төлейтiн заңды немесе жеке тұлғалар.
2. Орналастырылған зейнетақы активтерi бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетiн инвестициялық кiрiстерге төлем көзiнде табыс салығы салынбауға тиiс.
3. Салықты ұстауға және бюджетке аударуға табыс төлеушi заңды немесе жеке тұлға жауап бередi. Салық сомасы ұсталмаған жағдайда табыс төлеушi заңды немесе жеке тұлға ұсталмаған салық сомасын және соған байланысты айыппұл мен өсiмдi бюджетке енгiзуге мiндеттi.
4. Төлем көзiнен салық ұстайтын заңды және жеке тұлғалар осы баптың 1-тармағына сәйкес:
1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа ұйымдардан осы баптың 1-тармағында көзделген төлемдердi төлеуге қаражат алған кезде бюджетке салық сол қаражатты алысымен бiр мезгiлде, басқа жағдайларда төлем жасалған ай аяқталған соң, шаруа (фермер) қожалықтарын қоспағанда, 5 банк күнi iшiнде аударуға;
шаруа (фермер) қожалықтары жалдамалы қызметкерлердiң табыстарынан ұсталатын салық сомасын бiрыңғай жер салығын төлеу үшiн белгiленген мерзiмде енгiзедi.
2) жалақы төлеген кезде табыс алушы жеке тұлғаға оның талап етуi бойынша тегi және аты-жөнi, табыстың сомасы мен түрi, сондай-ақ ұсталған салықтың сомасы (егер салық ұсталған болса) көрсетiлген анықтама беруге;
3) салық жылы аяқталғаннан кейiн 30 күн iшiнде жеке тұлғаның тiркелген нөмiрi, оның атауы немесе тегi мен аты-жөнi, табыстың жалпы сомасы мен есептi жылы ұсталған салықтың жалпы сомасы көрсетiлген анықтаманы салық қызметiнiң органдарына табыс етуге, сондай-ақ осы баптың 1-тармағына сәйкес табыс алушы заңды және жеке тұлғаларға олардың талап етуi бойынша жiберуге мiндеттi.
3-1)
<*>
5. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрақты мекемелер және (немесе) Қазақстан Республикасының резиденттерi салық жылында төленбеген қазақстандық көзден алынған табысты шегерiмдерге жатқызған кезде төлем көзiнен ұсталған салықты осы баптың 1-тармағына сәйкес, жылдық жиынтық табыс және салық жылында жүргiзiлген шегерiмдер туралы декларация табыс еткен күннен бастап 10 күн өткен соң, бiрақ есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей аударуға мiндеттi.
Ескерту. 50-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - КР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 50-бапқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 50-баптың 1-тармағынан 2) тармақша алынып тасталды, 3)-7) тармақшалар тиiсiнше 2)-6) тармақшалар болып саналды - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I Заңымен.
Z970134_
- бұл өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
ЕСКЕРТУ. 50-баптың 1-тармағының 3)-тармақшасы, 3-тармағының 1)-тармақшасы өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 50-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 50-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 50-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 50-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
51-бап. Табыс салығы бойынша аванстық төлемдер
1. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар аванстық төлемдер сомасын бюджетке салық қызметi органдарына мәлiмделген салық жылына болжалынып отырған табыс салығы сомасының 1/12 бөлiгiн негiзге ала отырып, әр айдың жиырмасынан кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.
2. Маусымдық жұмыс сипатындағы кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар салық жылы iшiнде төленуге тиiстi аванстық төлемдер сомасын салық қызметi органдарымен келiсiм бойынша айқындайды.
3. Еңбек шарты (келiсiм-шарт) бойынша немесе мердiгер-жалдау шарты бойынша жұмыс iстейтiн жеке тұлғалар - резидент еместер аванстық төлемдер сомасын бюджетке салық жылының 20 ақпанында, 20 мамырында, 20 тамызында және 20 қарашасында төлеуге мiндеттi.
4. Табыс салығының төленген аванстық төлемдер сомасы салық жылында салық төлеушiге есептелген табыс салығына есептеледi.
ЕСКЕРТУ. 51-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 51-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
52-бап. Жылдың қорытындысы бойынша салық төлеу
Салық төлеушi есептi жылға жиынтық жылдық табыс және шегерiс жасау жайындағы декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етiлген күннен бастап 10 күн өткен соң түпкiлiктi есеп айырысып, табыс салығын төлейдi.
Резидент емес-заңды тұлғаның тұрақты мекемесi жиынтық жылдық табыс пен есептi кезеңде жасалған шегерiмдер туралы декларация ұсынылған күннен бастап 10 күн iшiнде, бiрақ есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей, осы тұрақты мекеменiң таза табысына салық төлейдi.
ЕСКЕРТУ. 52-бап 2-ші бөлікпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
III бөлiм
ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
Ескерту. III бөлiм жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен. Z990492_
53-бап. Қосылған құнға салынатын салық ұғымы
Қосылған құнға салынатын салық дегенiмiз тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) өндiрiсi мен айналымы процесiне қосылған құн өсiмiнiң бiр бөлiгiнiң бюджетке аударымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына тауар импорттау кезiнде жасалатын аударым.
Бюджетке төлеуге жататын қосылған құнға салынатын салық сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер үшiн есептелiп қосылған құнға салынатын салық сомасы мен сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшiн төленуге тиiс қосылған құнға салынатын салық сомасының арасындағы айырма ретiнде анықталады.
ЕСКЕРТУ. 53-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
53-1-бап. Қосылған құнға салық салу объектiсi
1. Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт қосылған құнға салық салу объектiсi болып табылады.
2. Салықтан босатылған және меншiктi өндiрiсiнiң мұқтажы үшiн жүзеге асырылатыннан басқа, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөнiндегi айналым, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген ережелерге сәйкес анықталатын айналым салық салынатын айналым болып табылады.
3. Салық салудан босатылғандарды қоспағанда, импортталатын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
1. Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ осы Заңның 53-1-бабына сәйкес салық салу объектiлерi бар тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының резидент еместерi қосылған құнға салынатын салық төлеушiлер болып танылады.
2. Өзi шығаратын ауыл шаруашылық өнiмдерiн және оларды қайта өңдеуден алынатын өнiмдердi сатудан түсетiн айналымдар бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайды.
Ауыл шаруашылығына жатпайтын өнiмдi, өзi өндiрмеген өнiмді, акцизделетiн өнiмдi сатудан түсетiн айналымдар бойынша, сондай-ақ оларды қайта өңдеу өнiмдерiн сатудан түсетiн айналымдар бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер осы Заңға сәйкес қосылған құнға салынатын салықты есептеудi және төлеудi жүзеге асырады.<*>
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша заңды тұлғаның бөлiмшелерiн қосылған құнға салынатын салықты дербес төлеушiлер ретiнде қарай алады.
4. Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына осы тауарларды импорттайтын заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi, жеке тұлғалар мен резидент еместер импортталатын тауарларға қосылған құнға салық төлеушiлер болып табылады.
5. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстандық көзден кiрiс алатын резидент еместер (Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратындардан басқа) сатқан кезде қосылған құнға салынатын салықты Қазақстан Республикасының резиденттерi, сондай-ақ аталған резидент еместермен есеп айырысуды Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер толық мөлшерiнде төлейдi.
ЕСКЕРТУ. 54-баптан 5-тармақ алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 54-баптың 4-тармағы алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
Ескерту. 54-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 54-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес қосылған құнға салынатын салықты есептеудiң өзге де тәртiбi белгiленуi мүмкiн.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда жұмыстардың (қызметтердiң) экспорты мен импортына салық салу көзделсе, осы Заңның 58 және 70-1-баптарында көзделген ставкалар тиiсiнше қолданылады.
ЕСКЕРТУ. 55-бапқа өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 55-бап өзгертiлдi және 5-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 55-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
ЕСКЕРТУ. 55-баптың 4-тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 заңымен.
Z990355_
ЕСКЕРТУ. 55-баптың 2-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 55-бап 1-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 55-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
11-тарау. Салық салынатын айналымды анықтау
Ескерту. 11-тарау (56, 56-1, 56-2, 56-3, 56-4, 56-5, 56-6, 56-7, 56-8, 57-баптар) жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен. Z990492_
56-бап. Салық салынатын айналымның мөлшерi
1. Салық салынатын айналымның мөлшерi қолданылатын бағалар мен тарифтерге сүйенiп, оларға қосылған құнға салынатын салықты енгiзбей сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны негiзiнде, бiрақ сауда-делдалдық қызмет үшiн оларды сатып алу бағасынан төмен болмайтындай етiп анықталады.
2. Тауарларды (жұмыстардың, қызметтердiң) айырбастау кезiнде немесе оларды өтемсiз берген кезде салық салынатын айналым, айырбастау немесе беру кезiнде салық төлеушiде қалыптасқан қосылған құнға салынатын халықты оларға енгiзбей, бағалар деңгейiн негiзге ала отырып, бiрақ осы баптың 9-тармағына сәйкес белгiленетiн іс жүзiндегi қалыптасқан шығындардан төмен болмайтындай етiп анықталады.
3. Берiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құнына жалақы мен басқа да төлемдер заттай түрде төленген жағдайда осы Заңның 62-бабында көзделген ставкалар бойынша есептелiп, қосылған құнға салынатын салық сомасы енгiзiледi.
4. Егер тауарлар (жұмыстар, қызметтер) салық төлеушiге оның кәсiпкерлік мақсаты үшiн жеткiзiлсе, бiрақ салық төлеушi немесе өзге де тұлғалар жеке мақсаттарына өтемсiз пайдаланған болса, онда мұндай тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны салық салынатын айналым ретiнде қаралады.
5. Негiзгi құрал-жабдықтарды қоса алғанда, тауарлар бүлiнген, жойылған кезде (осы Заңның 64-бабына сәйкес қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке алу көзделмеген тауарларды, сондай-ақ табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесiнде пайда болған жағдайларды қоспағанда) осы тауарлардың құны салық салынатын айналым ретiнде қарастырылады.
Осы Заңның 64-бабына сәйкес қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке алу көзделмеген тауарларды бүлдiрген, жоғалтқан кезде олардың есепке алу құны қосылған құнға салынатын салық салуға жатпайды.
6. Тауарларды сауда-делдалдық қызмет бойынша экспортқа сатқан кезде сату бағасы мен сатып алу бағасының арасындағы айырма Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын осындай тауарларды сату кезiнде қолданылатын осы Заңның 62-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.
7. Қосылған құнға салынатын салықты төлеушi таратылған жағдайда оның тауарларының қалдығы, оның iшiнде осы Заңның 64-бабына сәйкес есепке алу көзделген қосылған құнға салынатын салықпен бiрге бұрын сатып алынған негiзгi құрал-жабдықтар бюджетпен есеп айырысу мақсатында салық салынатын айналым ретінде қарастырылады.
8. Қосылған құнға салынатын салықпен бірге бұрын сатып алынған қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке алу көзделмеген тауарларды сату кезiнде салық салынатын айналым сатып алу құны мен есепке алу құнының арасындағы айырма түрiнде алынған табыс болып табылады. Бұл орайда есептеу құны деп тауарлардың баланстық құны түсiнiледi.
9. Осы баптың 3-5, 7-тармақтарында көзделген жағдайлардағы салық салынатын айналымның мөлшерi қолданылатын бағалар мен тарифтерге сүйенiп, бiрақ iс жүзiнде қалыптасқан шығындардан кем болмайтындай етiп анықталады.
Осы баптың мақсаты үшiн салық төлеушiнiң iс жүзiнде қалыптасқан шығындарына тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құны, сондай-ақ салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметiмен байланысты ол бойынша жеткiзушiлер қосылған құнға салынатын салық сомасын көрсете отырып шот-фактурасын табыс еткен және ол бойынша қосылған құнға салынатын салық сомасы осы Заңға сәйкес есепке алуға жатқызылған шығындары енедi.
10. Акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомасы салық салынатын айналым мөлшерiне енгiзiледi.
ЕСКЕРТУ. 56-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
56-1-бап. Құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-құрылыс
жұмыстарын жүзеге асыру кезiндегi салық
салынатын айналымды анықтау
1. Үйдi тұрғызу және жөндеу жөнiндегi құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру кезiндегi салық салынатын айналым орындалған және тапсырысшы ақы төлеуге қабылдаған жұмыстардың құны болып табылады.
2. Меншiктi өндiрiстiк мұқтаждары үшiн шаруашылық әдiспен орындалған құрылыс, құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру кезiнде пайдаланылған тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша бұрын есепке алуға жатқызылған қосылған құнға салынатын салық сомасы есептен шығарылуға құрылыстың немесе объектiнiң құнын өсiруге жатқызылады. Аталған салық сомаларын есептен шығару құрылыс, құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыруға арналған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң берiлу шамасына қарай жүргiзiледi.
Шаруашылық әдiспен салынған объектi iске асырылған жағдайда бұрын объектiнiң құнын өсiруге жатқызылған қосылған құнға салынатын салық сомасы растайтын құжаттар бар болған жағдайда, оның құнынан шығарылып тастауға және есепке алуға жатқызылады.
56-2-бап. Тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде салық
салынатын айналымды анықтау
1. Тасымалдауды жүзеге асырушы салық төлеушiлерде жол жүру билеттерiн сату кезiнде салық салынатын айналымға осындай салық төлеушiлердiң өз күшiмен көрсететiн тасымалдау бойынша қызметтер бөлiгiндегi билеттер құны енгiзiледi.
Жасалған шарттар бойынша басқа тасымалдаушылардың жол жүру билеттерiн сату кезiнде салық салынатын айналым билеттердi сату жөнiндегi қызметтердiң құны негiзiнде анықталады. Тасымалдаудың өз құны осы тасымалдауды тiкелей жүзеге асыратын салық төлеушiнiң салық салынатын айналымына енгiзiледi.
2. Тасымалдауды тiкелей жүзеге асырмайтын көлiктiк-экспедиторлық қызметтер көрсететiн салық төлеушiлерде тасымалдау құны салық салынатын айналымға енгiзiлмейдi.
56-3-бап. Туристiк қызметтердi көрсету кезiнде
салық салынатын айналымды анықтау
1. Қазақстан Республикасының аумағында туристiк қызметтер көрсететiн және бағыттар бойынша жолдамалар сататын салық төлеушiлерде жолдама құны салық салынатын айналым болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде туристердiң болуына байланысты туристiк қызметтер көрсететiн және бағыттар бойынша жолдамалар сататын салық төлеушiлерде Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде туристерге қызмет көрсету жөнiнде шетелдiк әрiптестер атқаратын жолаушылар мен жүктердi тасымалдау құнынан және қызметтердiң құнынан басқа, осындай жолдамалар құны салық салынатын айналым болып табылады.
56-4-бап. Алыс-берiс шикiзаты мен материалдарынан
өнiм дайындау кезiнде салық салынатын
айналымды анықтау
1. Алыс-берiс шикiзаты мен материалдарынан өнiм дайындау кезiндегi салық салынатын айналым оларды қайта өңдеу (өңдеу, жөндеу) жөнiндегi қызметтердiң (жұмыстардың) құны болып табылады.
Егер олар Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды қайта өңдеу" режимiнде әкетiлген жағдайда Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қайта өңдеуге (өңдеу, жөндеу) әкетiлген алыс-берiс шикiзаты мен материалдары салық салынатын айналымға енгiзiлмейдi.
Кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды қайта өңдеу режимi тауарлар экспорты режимiне өзгерген жағдайда, бұрын әкетiлген шикiзаттар мен материалдар немесе олардың қайта өңделген өнiмдерi осы Заңға сәйкес салық салынатын айналымға енгiзiледi.
2. Алыс-берiс шикiзаты мен материалдарынан жасалған тауарларды қайта өңдеу (өңдеу, жөндеу) жөніндегi қызметтер (жұмыстар) төленген жағдайда осы тауарлардың құны салық салынатын айналымға енгiзiледi.
56-5-бап. Көп айналымды ыдысты пайдалану кезiнде
салық салынатын айналымды анықтау
1. Егер дайын өнiм салынатын ыдыстың құны осы ыдысты сатып алу құнына тең кепiл баға болып табылса, көп айналымды ыдысты пайдаланатын тауарларды сатуды жүзеге асыратын салық төлеушiлерде ыдыс құны салық салынатын айналымға енгiзiлмейдi.
2. Көп айналымды емес ыдыс құны салық салынатын айналымға енгiзiледi.
56-6-бап. Кепiл мүлiктi сату кезiндегi салық
салынатын айналымды анықтау
1. Кепiл берушi кепiл ұстаушыға кепiл мүлiктi (тауарларды) беру кезiнде кепiл берушiдегi салық салынатын айналым мөлшерi заемға алынған қаражат мөлшерi негiзге алына отырып анықталады.
2. Кепiл мүлiктi (тауарларды) сату кезiнде кепiл ұстаушыдағы салық салынатын айналым мөлшерi сатылатын мүлiктiң құны негiзiнде, бiрақ кепiл берушi кепiл ұстаушыға оны берген құнынан төмен болмайтындай етiп анықталады. Аталған мүлiктi сатып алу құны ол бойынша есептелетiн сыйақы (мүдде) есепке алынбай, берiлген заем қаражаты құнының мөлшерi негiзге алына отырып анықталады.
56-7-бап. Жылуды, электр энергиясын, су мен газды
өндiру, бөлу және тасымалдау жөнiндегi
қызметтер бойынша, сондай-ақ машина жасау,
химия өнеркәсiбi мен резеңке және пластмасса
бұйымдары өндiрiсi өнiмдерiн өндіру және
сату жөнiндегi салық салынатын айналымды
анықтау
1. Жылуды, электр энергиясын, су мен газды өндiру, бөлу және тасымалдау жөнiндегi қызметтер бойынша салық салынатын айналымға олар бойынша төлем жасалған сату жөнiндегi айналымдар, сондай-ақ олар сатылған сәттен бастап 60 күн өткен айналымдар енгiзiледi.
2. Машина жасау, химия өнеркәсiбi мен резеңке және пластмасса бұйымдары өндiрiсi өнiмдерiн өндiру және сату жөніндегі салық салынатын айналымға олар бойынша төлем жасалған сату жөнiндегi айналымдар, сондай-ақ олар сатылған сәттен бастап 90 күн өткен айналымдар енгiзiледi.
56-8-бап. Салық салынатын айналымды өзгерту
1. Сатылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) құны өзгерген жағдайда, тиiсiнше салық салынатын айналымның мөлшерi өзгертiледi.
Салық төлеушiде салық салынатын айналымды өзгерту жеткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн төлем алынған сәтте де жүргiзiледi, бұған шетелдiк валютамен осындай төлем алынған жағдайлар қосылмайды.
2.
<*>
ЕСКЕРТУ. 56-8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
57-бап. Қосылған құнға салынатын салықтан босатылған
айналымдар
1. Мынадай тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөнiндегi айналымдар қосылған құнға салынатын салықтан босатылады:
1) салынған объектiнi бастапқы сатуды, қонақүйлерде тұрғаны үшiн ақы төлеудi қоспағанда, үйлер мен үй-жайларды сату және (немесе) жалға беру жөнiндегi;
2) автомобильдердi немесе көлiк құралдарын қойғаны және сақтағаны үшiн берген учаскеге ақы төлеудi қоспағанда, жердi иелену мен пайдалану құқығын сату және (немесе) жер учаскелерiн жалға беру жөнiндегi;
3) сейфтiк операцияларды, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды қайта жiберудi, сондай-ақ бағалы қағаздарды құжаттамалық нысанда шығарылған сақтау жөнiндегi қызметтердi қоспағанда, қаржы қызметтерi;
4) почта маркалары (коллекциялықтан басқа), таңбаланған конверттер мен открыткалар, акциздiк алым маркалары;
5) егер олар балаларды, қарттарды және мүгедектердi қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi қызметтердi, мәдениет, ғылым, дене шынықтыру мен спорт салаларындағы қызметтердi көрсетумен, дiни ұйымдардың жоралғылар мен рәсiмдер өткiзуiмен байланысты болса, коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын жұмыстар мен қызметтер;
6) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар орындап, оларға байланысты мемлекеттiк баж алынатын қызметтер;
7) жерлеу-ғұрыптық қызметтер, бейiттермен крематорийлер қызметтерi;
8) геологиялық барлау және геологиялық iздестiру жұмыстары;
9) лотерея билеттерiн сату жөнiндегi қызметтердi қоспағанда, оларды сату жөнiндегi айналымдар;
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асыратын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөнiндегi айналымдар;
11) халықаралық тасымалдауларға байланысты жүзеге асырылатын жұмыстар мен қызметтер;
12) Қазақстан Республикасы Мүгедектерi ерiктi қоғамының, Асырауында балалары бар мүгедек әйелдердiң "Бибi-Ана" республикалық қоғамының, Қазақ зағиптар қоғамының, Қазақ саңыраулар қоғамының тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөнiндегi айналымы (сауда-делдалдық қызметтен және акцизделетiн тауарларды өндiру мен сату жөнiндегi айналымдардан түскен тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөнiндегi айналымдардан басқа), сондай-ақ, егер осындай ұйымдар мынадай шарттарға сәйкес келсе, олардың өндiрiстiк ұйымдары:
мүгедектер осындай өндiрiстiк ұйымдар қызметкерлерi жалпы санының кем дегенде 51 процентiн құраса;
мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу қоры жалпы еңбекке ақы төлеу қорының кем дегенде 51 процентiн құраса (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айырылған мүгедектер жұмыс iстейтiн өндiрiстiк ұйымдар үшiн кемiнде 35 процент);
осы тармақшада аталған қоғамдардың меншiгi болып табылатын және толығымен солардың қаражаты есебiнен құрылған болса;
алынған табыстар оларды құрған қоғамдардың жарғылық мақсаттарын iске асыруға жұмсалса;
13) мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру;
14) жарғылық капиталға жарналар;
14-1) бұрын жарғылық капиталға жарна ретiнде алынған мүлiктi қайтару;
15) уәкілеттi мемлекеттiк орган паЙдалануға рұқсат еткен мектеп оқулықтарын және мектеп оқу құралдарын, балалар әдебиетiн, сондай-ақ кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдарын шығару және(немесе) сату жөнiндегi айналымдар;
16) "SОS-Қазақстанның балалар қалашықтары" қорын ұйымдастырумен, салумен және олардың жұмыс iстеуiмен байланысты қызметтi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы резиденттерi сатып алатын және көрсететiн тауарлар (жұмыстар, қызметтер);
17) баспасөз материалдарының 3/2 көлемін жарнама құрайтын мерзімді баспа басылымдарын қоспағанда, жарнамалық қызмет көрсетулерді және (немесе) отандық шығарылымның газет және журнал өнімдерін сатуды қоса алғанда, шығарылым бойынша айналымдар;
18) дәрi-дәрмектер-субстанцияларды, соның iшiнде дәрiхана iшiнде дайындалатындарын; дәрiлiк заттарды; протез-ортопедия бұйымдарын; дәрiлiк заттар өндiрiсi үшiн материалдарды; медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдарды және жиынтықтаушы заттарды қоса алғанда, дәрiлiк заттарды сату жөнiндегi айналымдар.
Салықтан босатылатын дәрiлiк заттардың, протез-ортопедия бұйымдарының, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың, сондай-ақ материалдардың және олардың өндiрiсiне арналған жиынтықтағыштардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
19) Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң түзеу мекемелерi, қылмыстық-атқару жүйесi түзеу мекемелерiнiң республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары жүзеге асыратын өздерi өндiрген тауарды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөнiндегi айналым;
20) мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беру саласында заңды тұлға құрмай, бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензиясы бойынша кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалар жүзеге асыратын бiлiм беру қызметiн көрсету жөнiндегi айналымдар;
21) заңды тұлға құрмай, медициналық қызмет көрсету құқығына лицензиясы бойынша кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалар жүзеге асыратын, косметологиялық қызметтi қоспағанда, медициналық қызмет көрсету жөнiндегi айналымдар;
22) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары әскери бөлiмдер үшiн жүзеге асыратын коммуналдық қызметтер көрсету жөнiндегi айналымдар;
23) осы Заңның 61-бабында аталғандардан басқа, тазартылған бағалы металдар - алтын мен платинаны сату жөнiндегi айналым;
24) мемлекеттер, мемлекет үкiметтерi және халықаралық ұйымдар желiсi бойынша берiлетiн грант қаржылары есебiнен жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөнiндегi айналымдар;
25) "Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң мүлкi негiзiнде құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорын көрсететiн қызметтер;
26) анықтау, алдын ала тергеу органдарында және соттарда жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу және оларды қорғау жөнiндегi қызметтер.
27) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес негiзгi құралдарды мемлекеттiк мекемелер пайдасына өтеусiз негiзде беру, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк кәсiпорындар пайдасына негiзгi құралдарды өтеусiз негiзде беруi.
28) жобалау-смета құжаттамасына сәйкес инфрақұрылым объектiлерiн, әкiмшiлiк және тұрғын үй кешендерiн салу және iске қосу процесiнде толығымен тұтынылатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы аумағында сату жөнiндегi айналымдар.
Осы тармақшада көзделген жеңiлдiктер Астана қаласының аумағында тiркелген салық төлеушiлерге:
заңды тұлғаларға;
кәсiпкерлiк қызметтi заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларға;
тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент еместерге қолданылады.
2. Егер салық төлеушi жұмыс iстеп тұрған кәсiпорынды немесе кәсiпорынның дербес жұмыс iстейтiн бөлiгiн басқа салық төлеушiге берген (сатқан) жағдайда, онда мұндай беру (сату) қосылған құнға салынатын салықтан босатылады. Осы ереже жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шартпен берiлетiн құқықты басқа салық төлеушiге беруге де қолданылады.
Ескерту. 57-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.24. N 333 Заңымен.
Z980333_
ЕСКЕРТУ. 57-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 57-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 57-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 57-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
ЕСКЕРТУ. 57-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 183 Заңымен.
Z010183_
ЕСКЕРТУ. 57-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 207 Заңымен.
Z010207_
ЕСКЕРТУ. 57-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.07.05. N 223 Заңымен.
Z010223_
ЕСКЕРТУ. 57-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244 Заңымен.
Z010244_
1. Түсті және қара металл сынықтары экспортын, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды және Қазақстан Республикасына тауарлар экспорты кезінде қосылған құн салығы ескерілген бағаны қолданатын мемлекеттерге тауарлар экспортын қоспағанда, тауарлар экспортына нөлдік ставка бойынша салық салынады.
2. Мыналар экспортталатын тауарларды растау болып табылады:
1) экспортталатын тауарлар жеткiзiлiмiне арналған келiсiм-шарт (шарт);
2) тауарларды экспорт режимiнде шығаруды жүзеге асырған кеден органының және қызмет аймағында тауар сол арқылы Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге шығарылған өткiзу пунктi бар кеден органының белгiлерi соғылған кедендiк жүк декларациясы.
Тауарларды экспорт режимiнде құбырды пайдалану немесе электр желiлерi арқылы, не толық емес кезеңдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып шығарған жағдайда, салық органына кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiлерi соғылған толық кедендiк жүк декларациясы берiледi;
3) Қазақстан Республикасының және аумағы арқылы тауар өткiзу көзделетiн транзит мемлекеттердiң шекаралық кеден органдарының белгiлерi соғылған тауарлардың iлеспе құжаттары. Тауарлар экспорты жүзеге асырылатын көлiк түрiне қарай коносамент немесе оның көшiрмесi, халықаралық автокөлiкпен тасымалдау туралы халықаралық тауар-көлiк жөнелтпе құжаты, халықаралық авиациялық жөнелтпе құжаты немесе темiржол жөнелтпе құжаты осындай құжаттар болып табылады.
Тауарларды экспорт, режимiнде құбырды пайдалану немесе электр желiлерi арқылы шығарған жағдайда, тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнiң орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актiсi табыс етiледi;
4) қажет болған жағдайда салық органдары Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталған тауарлардың еркiн айналымы үшiн шығару режимiнде кедендiк ресiмдеу жүргiзілген фактiсiн растау жөнiндегi өтiнiшпен Қазақстан Республикасының кеден органдары экспорт режимiнде ресiмдеген кедендiк жүк декларациясында көрсетiлген тауарлар баратын елдiң органдарына жүгiне алады.
2-1. Осы Заңның 60-1-бабының 2-тармағында көрсетiлген құжаттар "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы аумағына еркiн кеден аймағы режимiнде тауарлар экспортын растау болып табылады.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған құжаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимiнде шығарылған тауарлар импорты елiнде ресiмделген кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi, Қазақстан Республикасымен тауарлар экспортына нөлдiк ставка бойынша қосылған құн салығын салуды көздейтiн халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
4. Осы Заңның 69-бабының 1-тармағына сәйкес қайтарылуға тиiс қосылған құнға салынатын салық сомасын анықтау кезiнде салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ашылған шотына валюта түсiмi келiп түскен тауарлар экспорты ескерiледi.
5. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар бар болған жағдайда, тауарлар экспортына осы шарттарда белгiленген тәртiппен қосылған құн салығы салынады.
Қазақстан Республикасымен тауарлар экспортына нөлдiк ставка бойынша қосылған құн салығын салуды көздейтiн халықаралық шарттар жасаспаған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге тауарлар экспортына Осы Заңның 62-бабында көзделген ставкалар бойынша қосылған құн салығы салынады.
ЕСКЕРТУ. 58-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 58-бап өзгертiлдi және 6-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
Ескерту. 58-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.24. N 333 Заңымен.
Z980333_
Ескерту. 58-бап 6-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 336 Заңымен.
Z980336_
ЕСКЕРТУ. 58-бап 1-тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 58-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 58-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 58-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.06.22. N 213 Заңымен.
Z010213_
(Бұл өзгеріс 2001 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі).
ЕСКЕРТУ. 58-бап 2-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.05. N 223 Заңымен.
Z010223_
59-бап. Халықаралық тасымалдарға салық салу
1. Қазақстан Республикасымен тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспортына нөлдiк ставка бойынша қосылған құн салығын салуды көздейтiн халықаралық шарт жасаспаған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде жүзеге асырылатын тасымалдауларды қоспағанда, жолаушыларды, тауарларды, жануарларды, жүктер мен поштаны халықаралық тасымалдауға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
2. Осы баптың 1-тармағындағы ереже халықаралық тасымалмен байланысты жүзеге асырылатын жұмыстар мен қызметтерге қолданылмайды.
ЕСКЕРТУ. 59-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
Ескерту. 59-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
60-бап. Тоқыма, тiгiн, терi-аяқ киiм өнеркәсiбi
салаларының өнiмдерiне салық салу
Қазақстан Республикасының резиденттерi Қазақстан Республикасы аумағында сататын тоқыма, тiгiн, терi-аяқ киiм өнеркәсiбi салаларының өз меншiгiндегi өндiрiсiнiң өнiмдерiне нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
ЕСКЕРТУ. 60-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 60-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
60-1-бап. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы
аумағына сатылатын тауарларға салық салу
1. Жобалау-смета құжаттамасына сәйкес инфрақұрылым объектiлерiн, әкiмшiлiк және тұрғын үй кешендерiн салу және iске қосу процесiнде толығымен тұтынылатын тауарлар мен жабдықтарды "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы аумағына сатуға нөлдiк ставка бойынша қосылған құн салығы салынады.
Осы Заңның мақсаттары үшiн үйлердi, ғимараттарды, инфрақұрылым объектiлерiн тұрғызу процесiне тiкелей тартылған тауарлар құрылыс процесiнде толығымен тұтынылатын тауарлар деп ұғынылады. Электр энергиясы, мұнай өнiмдерi мен су құрылыс процесiнде толығымен тұтынылатын тауарларға жатпайды.
2. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығы бойынша нөлдiк ставканы қолдану үшiн:
1) арнайы экономикалық аймақ аумағында инфрақұрылым объектiлерiн, әкiмшiлiк және тұрғын үй кешендерiн салуды жүзеге асыратын, осы Заңның 57-бабы 1-тармағының 28) тармақшасында көрсетiлген тұлғалармен тауарлар беруге жасалған шарт (келiсiм-шарт);
2) еркiн кеден аймағының кеден режимiнде тауарларды шығаруды жүзеге асырған кеден органы ресімдеген кедендік жүк декларациясының көшiрмесi;
3) осы Заңның 57-бабы 1-тармағының 28) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларға тауарлардың тиеп жөнелтiлгенiн растайтын тауарға iлеспе құжаттар;
4) осы Заңның 57-бабы 1-тармағының 28) тармақшасында көрсетiлген тұлғалардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi негiз болып табылады.
ЕСКЕРТУ. 60-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.05. N 223 Заңымен.
Z010223_
61-бап. Тазартылған бағалы металдар - алтын мен
платинаға салық салу
Қазақстан Республикасының резиденттерi сататын өз меншігіндегі өндірісінің - тазартылған бағалы металдарына алтын мен платинаға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
Ескерту. 61-баптың 1-тармағы толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 61-бапқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
Z960061_
ЕСКЕРТУ. 61-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.
Z970154_
ЕСКЕРТУ. 61-баптың 1-тармағы 18)-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.10.30. N 175-I Заңымен.
Z970175_
ЕСКЕРТУ. 61-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
Z970200_
ЕСКЕРТУ. 61-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 260 Заңымен.
Z980260_
ЕСКЕРТУ. 61-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 61-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.24. N 333 Заңымен.
Z980333_
Ескерту. 61-баптың 1-тармағының 17)-тармақшасы жаңа редакцияда және 17)-1-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 336 Заңымен.
Z980336_
ЕСКЕРТУ. 61-бап 1-тармағы толықтырылды,2 тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда және 10) тармақшасы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 61-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 61-бап өзгертілді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен. (өзгерістерді қолдану тәртібін 2-баптан қараңыз)
Z990485_
Ескерту. 61-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
61-1-бап. Теледидар және радиохабарларын тарату
ұйымдарының өнімдеріне салық салу
Қазақстан Республикасының теледидар және радиохабарларын тарату ұйымдары жүзеге асыратын өз шығарылымдарының теле- және радиоөнімдерін шығару мен (немесе) тарату, сондай-ақ жарнамалық қызмет көрсету (сату үшін әзірленген көркем киноөнімдерін, бейнеклиптерді және жарнамалық роликтерді қоспағанда) бойынша айналымға нөлдік ставкамен қосылған құн салығы салынады.
Бұл норма баспасөз істері және бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша байланыс саласындағы уәкілетті орган берген лицензия негізінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының теледидар және радиохабарларын тарату ұйымдарына қолданылады.
ЕСКЕРТУ. 61-1-баппен толықтырылды- Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 183 Заңымен.
Z010183_
62-бап. Салық салынатын айналым бойынша қосылған
құн салығының ставкалары
1. Қосылған құн салығының ставкасы, осы баптың 2-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, салық салынатын айналым мөлшерiнiң 16 процентiне теңестiрiледi.
2. Осы Заңның 58-61-баптарында көзделген тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтердi сату жөнiндегi айналымдарға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
3.
<*>
Ескерту. 62-бап сөздермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен.
Z990485_
Ескерту. 62-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 62-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
ЕСКЕРТУ. 62-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 183 Заңымен.
Z010183_
63-бап. Бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы
Бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының салық салынатын айналым бойынша сомасы осы Заңның 62-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есептелген салық сомасы мен осы Заңның 64-бабына сәйкес есепке алуға жататын салық сомасының арасындағы айырма ретiнде белгiленедi.
Ескерту. 63-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
64-бап. Бюджетке түсетiн жарналарды анықтау
кезiнде есепке алуға жатқызылатын қосылған
құн салығы
1. Салық төлеушi нақты түскен тауарлар бойынша, негiзгi құрал-жабдықтарды қоса алғанда (үйлер мен жеңiл автомобильдерден басқа), салық салынатын айналымның мақсаты үшiн пайдаланылып отырған немесе пайдаланатын есептi кезең iшiнде атқарылған жұмыс немесе көрсетiлген қызмет бойынша, нөлдiк ставка бойынша айналымды қоса алғанда, табыс етiлген шот-фактураларына орай, салық төлеушiлер жеткiзушiлерге төлеуге тиiстi салық сомасы есепке алуға жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
Негiзгi құрал-жабдықтарды қоса алғанда (жеңiл автомобильдерден басқа), импортталатын тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес ресiмделген, кедендiк жүк декларациясында көрсетiлген және кедендiк режим шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын салық, есепке алуға жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
2. Мемлекеттiк материалдық резервтен алынған тауарлар бойынша мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нысанда жазып берген, тиеуге арналған құжатта көрсетiлген қосылған құн салығының сомасы есепке алуға жатқызылады.
3. Негiзгi құрал-жабдықтарды жөндеуде атқарылған жұмыс бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке алуға жатқызылуға тиiс.
Үйлердi жөндеуге жұмсалған шығындар бойынша қосылған құн салығы амортизациялық аударымдарды есептеуге арналған кезеңде салық төлеушiнiң қолданғаны үшiн осы Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес шегерiмге жатқызылатын жөндеу жұмыстары бойынша шығыстар сомасы негiзге алынып есептелген мөлшерде есепке алуға жатқызылады, салықтың қалған сомасы үйдiң құнын арттыруға жатқызылады.
4. 3-тармақтың ережесi жалға берiлетiн негiзгi құрал-жабдықтарды жөндеуге қатысты да қолданылады.
Егер жалға берiлетiн негiзгi құрал-жабдықтарды, соның ішінде үйлердi жөндеу жөнiндегi шығындар жалдау ақысы құнына енгiзiлсе, сондай-ақ жалдау шартының мерзiмi аяқталған немесе ол бұзылған жағдайда жалдаушыда жөндеу құны салық салу объектiсi ретiнде қарастырылады.
5.
<*>
6. Қосылған құнға салынатын салық, егер салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметiне жатпайтын шаралар өткiзуiне орай тауарлар алуға, жұмыстарға немесе қызметтерге байланысты төлеуге жататын болса, есепке алынбайды.
7. Есепке алуға жатқызылмайтын қосылған құнға салынатын салық осы бапқа сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу құнын арттыруға жатқызылады және осы баптың 6-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнің шығындары құрамына енгiзiледi.
Үйлер мен жеңiл автомобильдер бойынша төленуге тиiс, есепке алуға жатқызылмайтын қосымша құнға салынатын салық амортизация сомасы арқылы салық төлеушiнiң шығындары құрамына енгiзiледi.
8. Қазақстан Республикасында қосылған құнға салынатын салықты төлеушi болып табылмайтын жеткiзушiлерге төленуге тиiс қосымша құнға салынатын салық сомасы есепке алуға жатқызылған жағдайда аталған сомалар есептен алып тасталуға және сатып алу құнын арттыруға жатқызылады.
ЕСКЕРТУ. 64-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. Жаңа 64-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 64-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 64-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 183 Заңымен.
Z010183_
64-1-бап. Қосылған құнға салынатын салықтан
босатылған, iске асыру бойынша айналымдар
кезiнде қосылған құнға салынатын салықты
есепке алуға жатқызу ерекшелiктерi
1. Кезеңдiк ресiмдеу кезiнде де жеткiзушiлерге төленуге тиіс қосылған құнға салынатын салық, қосылған құнға салынатын салықтан босатылған айналымдар бойынша есепке алуға жатқызылмайды, салық төлеушiнiң шығындары құрамына, ал негiзгi құрал-жабдықтар бойынша оларды сатып алу құнын арттыруға енгiзiледi.
2. Салық салынатын және салықтан босатылған айналымдар кезiнде салық төлеушiнiң таңдауы бойынша немесе төпе-тең бөлектеу әдiсiмен белгiленген қосылған құнға салынатын салық сомасы қабылданады.
Таңдап алынған әдiс бойынша есепке алуға жатқызылған қосылған құнға салынған салықтың сомасын анықтауды салық төлеушi бүкiл салық жылының iшiнде жүзеге асырады.
3. Тепе-теңдiк әдiсi бойынша есепке алуға жатқызылған қосылған құнға салынатын салық сомасы айналымның жалпы сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағына қарай анықталады.
Заңды және жеке тұлғалардың бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша мәмiлелердi жүзеге асыруы кезiнде осы тармақтың мақсаттары үшiн жалпы айналымға бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде алынған өсiм енгiзiледi.
4. Бөлектеу әдiсi бойынша есепке алуға жатқызылған қосылған құнға салынатын салық сомасын анықтау кезiнде салық төлеушi жеткiзушiлерге салық салынатын және салықтан босатылған айналымдар бойынша тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төленуге тиiс қосылған құнға салынатын салық сомасының бөлек есебiн жүргiзедi.
Тек салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша қосылған құнға салынатын салық осы Заңның 64-бабында көзделген тәртiппен толық көлемiнде есепке алуға жатқызылады.
Босатылған айналымдар мақсатында пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша қосылған құнға салынатын салық есепке алуға жатқызылмайды.
Салық салынатын да, салықтан босатылған да айналымдар мақсатында пайдаланылатын жұмыстар мен қызмет көрсетулер бойынша айналымның жалпы сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағы бойынша анықталған қосылған құнға салынатын салық сомасы есепке алуға жатқызылады.
Ескерту. 64-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
64-2-бап. Күдiктi талаптар мен күдiктi мiндеттемелер
бойынша төленуге тиiс қосылған құнға
салынатын салық сомасына түзету енгiзу
1. Егер тиелген тауарлар, атқарылған жұмыстар немесе көрсетiлген қызметтер үшiн төлемнiң бiр бөлiгi немесе бүкiл мөлшерi күмәндi талап туғызса, онда салық төлеушiнiң күмәндi талаптың туындауымен байланысты қосылған құнға салынатын салық ескерiлген есептi кезең аяқталғаннан кейiнгi екi жылдан соң ғана бюджетке төленуге тиiс жарна сомасын азайтуға құқығы бар.
Осы тармақта көзделген, салық төлеушi күмәндi талаптар бойынша қосылған құнға салынатын салық сомасын есепке алуға жатқызу құқығын пайдаланғаннан кейiн тиелген тауарлар, атқарылған жұмыстар немесе көрсетiлген қызметтер үшiн ақы алынған жағдайда салық салынатын айналым ақы төленген есептi кезеңдегi аталған ақы құнына өсiрiлуге тиiс.
2. Бұрын есепке алуға қабылданған қосылған құн салығының сомасы тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша күмәндi мiндеттемелердi есептен шығару кезiнде ол есепке алынған кезден бастап екi жыл өткеннен кейiн есепке алудан шығарып тасталуға тиiс.
Егер күмәндi мiндеттемелер есептен шығарылғаннан кейiн тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн салық төлеушi ақы төлеген жағдайда аталған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша салық сомасы есепке алуда сол ақы төленген есептi кезеңде қалпына келтiрiлуге тиiс.
Ескерту. 64-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
64-3-бап. Көлiк-экспедиторлық ұйымдардағы қосылған
құнға салынатын салықты есепке алуға
жатқызу ерекшелiктерi
Жүк тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар табыс еткен шот-фактураларда көрсетiлген қосылған құнға салынатын салық, осындай ұйымдардың тiкелей мұқтаждары үшiн жүзеге асырылатын тасымалдарды қоспағанда, көлiк-экспедиторлық ұйымдарда есепке алынуға жатпайды.
Ескерту. 64-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
1. Шот-фактура қосылған құнға салынатын салықты төлеушiлердiң барлығы үшiн мiндеттi құжат болып табылады. Қосылған құн салығы салынатын тауарларды тиеудi, жұмыстарды атқаруды немесе қызмет көрсетулердi жүргiзетiн салық төлеушi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жеке тұлғаларға (халыққа) қолма-қол есеп айырысып сату жағдайларын қоспағанда, аталған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) алушы тұлғаға шот-фактура табыс етуге мiндеттi.
2. Шот-фактуралар нысанын және оны қолдану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және статистика жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсім бойынша белгiлейдi.
Қосылған құнға салынатын салық бойынша есептесу кезiнде шот-фактурада мыналар көрсетiлуге тиiс:
1) рет нөмiрi және шот-фактураның жасалған күнi, айы, жылы;
2) тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) жеткiзушi мен сатып алушының атауы, мекен-жайы және тiркеу нөмiрi;
3) жеткiзiлетiн (тиелетiн) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) атауы (сипаттамасы);
4) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) салықсыз (салық салынатын айналым);
5)
<*>
6) қосылған құнға салынатын салық ставкасы;
7) қосылған құнға салынатын салық сомасы;
8) қосылған құнға салынатын салық ескерiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны;
9) жеткiзушiнiң мөрi (мөртабаны).
Шот-фактура тауарлар тиеп жiберiлген, жұмыстар атқарылған, қызметтер көрсетілген күннен кешiктiрілмей жазылады.
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны және қосылған құнға салынатын салықтың сомасы шот-фактурада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледi.
3. Осы Заңның 56-8-бабына сәйкес салық салынатын айналымды түзету құнына өзгерту кезiнде қосымша шот-фактура жазып берiледi, соның негiзiнде сатып алушының есепке алуға жатқызылатын салық сомасы өзгертiледi.
4.
<*>
Ескерту. 65-бап алынып тасталды - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 65-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 65-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 65-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 65-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
ЕСКЕРТУ. 65-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 183 Заңымен.
Z010183_
65-1 бап. Көлiк-экспедиторлық қызмет пен жол жүру
билеттерiн сату жөнiнде қызмет көрсету
кезiнде шот-фактураларды жасаудың
ерекшелiктерi
1. Көлiк-экспедиторлық қызметтер көрсететiн, тасымалды тiкелей жүзеге асырмайтын салық төлеушiлер осындай салық төлеушiлер көрсеткен қызметтер құны мен нақты жүк жөнелтушiге қатысты тасымалдаушылар көрсеткен қызметтер құнын көрсете отырып шот-фактура жазып бередi.
2. Жүк жөнелтушiлер үшiн шот-фактураның көшiрмесiн жазып беру тiкелей тасымалдаушылар берген шот-фактуралар негiзiнде жүргiзiледi, осы баптың 1-тармағында аталған салық төлеушiлер онда әрбiр жүк жөнелтушiнiң тасымал көлемiн көрсете отырып, олардың тiзiлiмiн жүргiзедi.
3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес табыс етiлген шот-фактура жүк жөнелтушiнiң қосылған құнға салынатын салығына есептеуге жатқызу үшiн негiз болып табылады.
4. Жол жүру билеттерiн сатуды жүзуге асыратын және тасымалды тiкелей жүзеге асырмайтын салық төлеушiлер жол ақысы құнын және билеттердi сату жөнiндегi қызметтердi есепке ала отырып, оларда билет құнын көрсетiп шот-фактуралар жазып бередi.
Ескерту. 65-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 65-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
65-2-бап. Дипломатиялық және соларға теңестiрiлген
өкiлдiктерге салықты қайтарып беру
1. Шетелдiк дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануына, сондай-ақ осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiнiң, соның iшiнде олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң тiкелей өздерiнiң пайдалануына арналған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктер жеткiзушiлерге төлеген қосылған құнға салынатын салық Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын тиiстi халықаралық шарттарда көзделетiн мөлшерде дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерге қайтарылуға тиiс.
2. Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң қосылған құнға салынатын салық сомасын қайтарып беру осы дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер жасаған жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) және қосылған құнға салынатын салықтың төленген фактiсiн растайтын құжаттар көшiрмелерi (шот-фактуралар, чектер және т.б.) негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген нысанда орындалады және жанама салықтар бойынша (қосылған құнға салынатын салыққа және акцизге) жеңiлдiктер беру кезiнде өзара iс-қимыл принципiн сақтау жөнiндегi Ноталар алмасуды растау үшiн оларды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер табыс етедi. Жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) расталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi уәкiлеттiк берген салық органына берiлуге тиiс, ол салықты қайтарып беру iсiн жүргiзедi.
4. Бюджеттен қайтарылуға тиiс салық сомасы дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң тиiстi шотына аударылады.
Егер жиынтық ведомостарға (тiзiлiмдерге) қоса тiркелген Құжаттарда Қосылған Құнға салынатын салық сомасы бөлек көрсетілмесе, салық бойынша қайтарып алуға құқық тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) жеткiзушiлердiң шот-фактураға қосылған құн салығы енгiзілгендiгi туралы растау алынған кезде ғана мүмкiн болады.
5. Дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге салықтың қайтарылуын салық органдары Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнен жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) алғаннан кейiнгi 20 күн iшiнде жүзеге асырады.
Ескерту. 65-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
66-бап. Қосылған құнға салынатын салық жөнiндегi
есептi кезең
1. Күнтiзбелiк ай қосылған Құнға салынатын салық бойынша бюджетпен нақтылы есеп айырысу жөнiндегi есептi кезең болып табылады.
2. Егер қосылған құнға салынатын салық бойынша тоқсан iшiндегi орташа айлық төлемдер 500 айлық есептiк көрсеткiштен аз болатын болса, онда тоқсан есептi кезең болып саналады.
ЕСКЕРТУ. 66-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 66-бап өзгертiлдi және 4-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 260 Заңымен.
Z980260_
Ескерту. 66-баптың 4-тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 336 Заңымен.
Z980336_
Ескерту. 66-баптың 4-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 66-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 66-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
67-бап. Декларацияны табыс ету және қосылған құнға
салынатын салықты төлеу
1. Әрбiр салық төлеушi:
1) әрбiр есептi кезең үшiн қосылған құнға салынатын салық жөнiнде декларация тапсырып отыруға;
2) декларация табыс ету үшiн белгiленген мерзiмге дейiн немесе сол белгiленген күнi әрбiр есептi кезең үшiн бюджетке салық төлеуге мiндеттi.
2. Қосылған құнға салынатын салық жөнiндегi декларация әрбiр есептi кезең үшiн одан кейiнгi айдың 15-i күнiнен кешiктiрiлмей табыс етiледi.
Есепті кезең үшін декларациямен бір мезгілде міндетті түрде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген нысанда сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша шот-фактуралардың тізілімі табыс етіледі.
3. Қазақстан Республикасының шикiзат (спирттiң барлық түрлерiнен басқа) өндiрушi резиденттерi оны Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы өнеркәсiптiк қайта өңдеу үшiн сату кезiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша белгiлеген тәртiпте есепке алу әдiсiмен қосылған құнға салынатын салық төлейдi.
Осы тармақта көзделген шарттар сақталмаған жағдайда қосылған құнға салынатын салық осы Заңның 56-бабына сәйкес шикiзатты өткiзу кезiнен басталған өсiмақы қосыла отырып есептеледi.
ЕСКЕРТУ. 67-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 67-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 67-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 183 Заңымен.
Z010183_
68-бап. Қосылған құнға салынатын салық бойынша
ағымдағы төлемдер
1. Қосылған құнға салынатын салық жөнiнде тоқсан iшiнде 1000 айлық есептiк көрсеткiштен астам мөлшерде орташа айлық төлем төлейтiн салық төлеушi ағымдағы төлемдерiн айдың жиырма бесi күнi және есептi айдан кейiнгi айдың бесi күнi төлейдi.
Салық төлеушiнiң таңдауы бойынша бүкiл салық жылы ішiнде ағымдағы төлемдердiң мөлшерi өткен тоқсан бойынша және есептi кезеңнiң өткен кезеңi iшiндегi нақты айналым бойынша салық сомасының алтыдан бiрi мөлшерiнде анықталады.
2. Салық жөнiндегi ағымдағы төлемдердiң енгiзiлген сомалары төлемнiң есептi кезеңдегi декларацияда мәлiмделген салықтың есебiне қосылады.
3. Ағымдағы төлем артық төленген жағдайда артық төленген сома мерзiмi жөнiнен келесi ағымдағы төлемнiң мөлшерiн анықтаған кезде есептеледi.
4. Салықтың ағымдағы төлемдерiн дер кезiнде төлемегенi үшiн осы Заңның 164-бабына сәйкес өсiмақы қоса есептеледi.
ЕСКЕРТУ. 68-бапқа өзгерiс енгiзiлдi және 5-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 68-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08.N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 68-баптың 5-тармағы алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 260 Заңымен.
Z980260_
ЕСКЕРТУ. 68-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 68-баптың 1-тармағы толықтырылды, 2-тармағының 2-ші абзацы алынып тасталды және 4-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 336 Заңымен.
Z980336_
ЕСКЕРТУ. 68-бап 1-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 заңымен.
Z990355_
Ескерту. 68-баптың 1-тармағы өзгертілді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
Ескерту. 68-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен.
Z990485_
Ескерту. 68-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
69-бап. Есепке алуға жатқызылатын салық сомасы
есептi кезеңге есептелген салық сомасынан
асып кеткен жағдайда бюджетпен өзара
қарым-қатынас
1. Есепке алуға жатқызылатын салық сомасының есептi кезеңге есептелген салық сомасынан артығы, егер осы Заңның 179-бабының 12-тармағында өзгеше көзделмесе, қосылған құнға салынатын салық бойынша алдағы төлемдердiң есебiне қосылады.
Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналым бойынша салық төлеушiлерге (осы Заңның 138-2, 138-3 және 138-4-баптарына сәйкес салық салудың оңайлатылған режимiн қолданатындарды қоспағанда) мұндай сома қосылған құнға салынатын салық бойынша салық төлеушi табыс еткен декларация және жеткiзушiлер салық органдарына табыс еткен қосылған құнға салынатын салық бойынша декларацияларда ескерiлген салық сомасын қоса алғанда, қайтарылуға табыс етiлген салық сомасының растығын тексеру негiзiнде салық төлеушiнiң өтiнiшiн салық органы алған кезден бастап 90 күн iшiнде қайтарылады.
Егер дұрыстығын тексеру кезiнде нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында одан әрi пайдалану үшiн салық төлеушiлерге тиеп жiберiлген тауарлар бойынша қосылған құнға салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртiбiн жеткiзушiлердiң бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, аталған артық сома жеткiзушiнiң белгiлi болған тәртiп бұзушылығын жойғаннан кейiн қайтарылады. Қайтарылуға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығы расталған жағдайда, берушіге тексеру тағайындау туралы шешімді салық органының басшысы мынадай ережелерді ескере отырып қабылдайды:
аталған салық төлеушіге осындай салық төлеуші қосылған құн салығын қайтаруға өтініш берген кездің алдындағы он екі айлық кезең ішінде айына кемінде бір рет тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатуды жүзеге асырған берушілерге қарсы тексеру жүргізілмейді;
1 миллион теңгеден астам сомаға қосылған құн салығын көрсете отырып, шот-фактура жазып берген берушілер (жоғарыда аталғандарды қоспағанда) міндетті түрде тексерілуге тиіс.
2.
<*>
ЕСКЕРТУ. 69-бап өзгертiлдi және 3-тармақ алып тасталды, 4,5-тармақтар тиiсiнше 3 және 4-тармақтар болып есептелдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08.N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 69-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 69-баптың 2-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
Ескерту. 69-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен.
Z990485_
Ескерту. 69-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 69-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
ЕСКЕРТУ. 69-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 183 Заңымен.
Z010183_
70-бап. Салық салынатын импорт мөлшерi
1. Осы Заңның 71-бабына сәйкес салықтан босатылғандардан басқа Қазақстан Республикасының кеден аумағында еркiн айналыс үшiн импортталатын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы тауарлар импортына қосылған құн салығын салуды көздейтiн халықаралық шарттар жасаспаған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден тауарлар әкелген кезде салық салынатын импорт, олар шыққан ел - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер болып табылмайтын, импортталатын тауарлар құны болып табылады.
Тауарлар шыққан ел кеден төлемдерiн алу үшiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес анықталады.
3. Егер экспорт елiнде белгiленген қосылған құнға салынатын салық ставкасы Қазақстан Республикасында белгiленген қосылған құнға салынған салық ставкасынан төмен болған жағдайда, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден шығарылған импортталатын тауарлардың құны салық салынатын импортқа енгiзiледi.
4. Салық салынатын импорт мөлшерiне Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгiленген кеден құны, сондай-ақ, қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес тауарларды импорттау кезiнде төленуге тиiс алымдар, баждар, салықтар сомасы енгiзiледi.
Ескерту. 70-баптың 3-тармағы сөздер мен және 4-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 70-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 70-баптың 4-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.12.08.N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 70-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 70-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1998.12.24. N 333 Заңымен.
Z980333_
Ескерту. 70-баптың 3,4,5-тармақтары өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
Ескерту. 70-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен.
Z990485_
Ескерту. 70-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 70-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
ЕСКЕРТУ. 70-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 183 Заңымен.
Z010183_
70-1-бап. Салық салынатын импорт бойынша қосылған
құнға салынатын салық ставкалары
1. Салық салынатын импорт бойынша қосылған құнға салынатын салық ставкасы, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлгеннен басқа жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 70-бабында белгiленген салық салынатын импорт мөлшерiнiң 16 процентiне теңестiрiледi.
2.
<*>
3. Осы Заңның 70-бабының 3-тармағында көрсетiлген импортталатын тауарлар бойынша қосылған құнға салынатын салық, ставкалардағы айырмашылықтар бойынша төленедi.
Ставкалардағы айырмашылық тауар жеткiзушiлер табыс еткен шот-фактурада көрсетiлген, қосылған құнға салынатын салық есептелген салық ставкасы мен осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес осы тауарлар импорты кезiнде Қазақстан Республикасында қолданылатын салық ставкасы арасында айқындалады.
Ескерту. 70-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 70-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
ЕСКЕРТУ. 70-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 183 Заңымен.
Z010183_
71-бап. Қосылған құнға салынатын салықтан
босатылатын тауарлар импорты
Мынадай тауарлардың импорты:
1) ұлттық валютаның, шетелдік валютаның (нумизматикалық мақсаттарда пайдаланылатындарынан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздардың импорты;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалардың тауарлар импорты;
3) мемлекеттік сыртқы займдар есебінен алынған тауарлар импорты;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өз қажеттіліктері үшін жүзеге асыратын тауарлар импорты;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен гуманитарлық көмек ретінде әкелінген, акцизделетін тауарлардан басқа, тауарлар импорты;
6) техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша қайырымдылық мақсаттарда әкелінетін акцизделетін тауарлардан басқа тауарлар импорты;
7) шетелдер елшіліктері мен оларға теңестірілген өкілдіктер ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің, олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса, жеке пайдалануы үшін әкелінген және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлар импорты;
8) "Еркін айналым үшін тауарлар шығару" режимін қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген кеден режимдері шеңберінде босатылатын, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілген тауарларды әкелу;
9) субстанция дәрілерді, оның ішінде аптеканың ішінде дайындалғандарын қоса, дәрілік заттардың; протездік-ортопедиялық бұйымдардың; дәрілік заттар шығаратын материалдардың; медициналық мақсаттағы және медициналық техника бұйымдары, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар және жиынтықтаушы заттар импорты қосылған құнға салынатын салықтан босатылады.
Импорты қосылған құнға салынатын салықтан босатылатын дәрілік заттардың, протездік-ортопедиялық бұйымдардың, медициналық мақсаттағы және медициналық техника бұйымдарының, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жиынтықтаушы заттардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
10) мемлекеттер, мемлекет үкіметтері және халықаралық ұйымдар желілері бойынша берілетін гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар импорты қосылған құнға салынатын салықтан босатылады.
Ескерту. 71-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
Ескерту. 71-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
71-1-бап. Импортталатын тауарларға салынатын қосылған
құн салығын төлеу мерзімдері
1. Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы, осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда салық төлеуші төлеуге тиіс қосылған құн салығын қоспағанда, кеден төлемдерін төлеуге арналған Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген күнде төленеді.
Салық органдары өнеркәсiптiк қайта өңдеуге арналған импортталатын шикiзат пен материалдарға, сондай-ақ импортталатын суға, газға және электр энергиясына салынатын қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн үш айға ұзартады.
Үш ай мерзiм iшiнде берешектердiң аталған сомасын өтеудi сатылған өнiм бойынша қосылған құн салығына орай бюджетпен өзара есептесу әдiсiмен салық органдары жүргiзедi. Өтелмеген берешек сомасына, аталған үш айлық мерзiм бiткеннен кейiнгi алғашқы күннен бастап, өсiмақы есептеледi.
Осындай шикiзат пен материалдарды өнеркәсiптiк қайта өңдеусiз сатқан жағдайда қосылған құн салығы осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен өсiмақы қосылып есептеледi.
2. Салық төлеушi ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде пайдаланылатын тауарлар импорты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша осы Заңның 71-бабына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, құрал-жабдық, шикiзат, материалдар, қосалқы бөлшектер мен дәрi-дәрмектер импорты бойынша қосылған құн салығын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша белгiлеген тәртiппен төлейді.
72-бап. Салық салынатын айналымды анықтаудың
ерекшелiктерi
1. Осы Заңның 54-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында салық төлеушi болып танылмайтын резидент еместер Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сату кезiнде аталған резидент еместердiң Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сату бойынша айналымы салық салу объектiсi болып табылады.
Резидент емес үшiн бюджетке аударылуға тиiс қосылған құнға салынатын салықты есептеу кезiнде салық салынатын айналымға осы Заңның 36-бабына сәйкес табыстың төлем көзiнде ұсталатын салық сомасымен қоса, алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн резидент емес төлеуге тиiс тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны енгiзiледi.
Алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) үшiн ақы төлеу шетел валютасымен жүргiзiлген жағдайда, аталған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) алынған кездегi бағамы бойынша белгiлеген теңгемен қайта есептелген құны салық салынатын айналымға енгiзiледi.
2.
<*>
ЕСКЕРТУ. 72-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 72-бап 1-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 336 Заңымен.
Z980336_
Ескерту. 72-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1998.11.22. N 485 Заңымен.
Z990485_
Ескерту. 72-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 72-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
ЕСКЕРТУ. 72-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 183 Заңымен.
Z010183_
73-бап. Резидент еместер үшiн салық төлеу тәртiбi
1. Резидент еместер үшiн төленуге тиiстi қосылған құнға салынатын салық тауарлар (жұмыстар, қызметтер) жеткiзiлген айдан кейiнгi айдың бесi күнiнен кешiктiрiлмей бюджетке аударылады.
Резидент еместер үшiн қосылған құнға салынатын салық сомасын бюджетке төлеу фактiсiн растайтын құжаттар болса, төленген салық сомасы осы Заңның 64-бабына сәйкес қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке алуға жатқызылуға тиiс.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп сыртқы сауда келiсiм-шарттары бойынша жүзеге асырылатын және Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес кедендiк ресiмдеуден өткен тауарлар импортына қолданылмайды.
ЕСКЕРТУ. 73-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 73-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.12.08.N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 73-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 73-баптың 1-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 336 Заңымен.
Z980336_
ЕСКЕРТУ. 73-бап 2,3-тармақтары толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 заңымен.
Z990355_
Ескерту. 73-баптың 1-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 73-баптың 4-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 73-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 73-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
1. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, тiзбесi осы Заңның 76-бабында көрсетiлген тауарларға, сондай-ақ ойын бизнесiне акциз салынады.
2. Тауар өндiрушi тауарлардың экспортқа шығарылуын растаған жағдайда экспортқа шығарылған акцизделетiн тауарларға акциз салынбайды. Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар бұған кiрмейдi.
3. Алыс-беріс шикізатының меншік иесі осындай шикізаттан өндірілген акцизделетін тауарларды экспорттаған кезде өнімді беру кезінде төленген акциз осы Заңның 80-бабының 3-тармағына сәйкес алыс-беріс шикізатына меншік иесінің осы салық бойынша алда төлейтін төлемі есебіне жатқызылады не салық органы оның өтінішін алған кезден бастап 60 күн ішінде қайтарылады.
Бұл тармақ, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, алыс-беріс шикізатының меншік иесі осы Заңның 80-бабының 3-тармағына сәйкес акцизді төлеу және тауарларды экспортқа әкету фактісін құжаттай растаған жағдайда қолданылады.
Ескерту. 74-бап 3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
1. Заңды тұлғалар және:
Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар өндіретін;
бензинмен (авиация бензинiн қоспағанда), дизель отынымен көтерме және бөлшек сауданы жүзеге асыратын;
Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетін тауарларды импорттайтын;
Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін жүзеге асыратын жеке тұлғалар акциздерді төлеушілер болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерін ескере отырып, резидент емес - заңды тұлғалар, олардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері де акциздерді төлеушілерге жатады.
3. Қазақстан Республикасы аумағында осы Заңның 76-бабының 1-тармағының 1)-9) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларды өндіретін, бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынының көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асыратын және (немесе) ойын бизнесін жүзеге асыратын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы аумағында акцизделетін тауарлар өндіретін және (немесе) ойын бизнесін жүзеге асыратын өз филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері үшін, олардың орналасқан жері бойынша, Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттерге акциздер төлеуді жүзеге асырады.
4. Тәркіленген, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен иесіз және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарлар бойынша, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ол бойынша бұрын акциз төленбеген тауарлар бойынша аталған тауарларды сатуды жүзеге асыратын тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.
ЕСКЕРТУ. 75-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 75-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 75-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.24. N 333 Заңымен.
Z980333_
Ескерту. 75-баптың 1-тармағы өзгертілді, 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 75-баптың 4-тармағы өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 75-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 75-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
76-бап. Акцизделетiн тауарлар тiзбесi
1. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар акцизделетiн тауарлар болып табылады:
1) спирттiң барлық түрлерi;
2) арақ;
3) ликер-арақ өнiмдерi;
4) күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар мен бальзамдар;
5) шарап;
6) коньяк;
7) шампан шарабы;
8) сыра;
9) шарап өнiмдерi;
10) темекi өнiмдерi;
11) құрамында темекi бар басқа да өнiмдер;
12) бекiре мен қызыл балық, бекiре мен қызыл балық уылдырығы, бекiре мен қызыл балықтан және уылдырықтан дайындалған жеңсiк тағамдар;
13) алтыннан, платинадан немесе күмiстен жасалған зергерлiк бұйымдар;
14) хрусталь бұйымдар, жарық беретiн хрусталь приборлар;
15) бензин (авиация бензинiнен басқасы), дизель отыны;
16) жеңiл автомобильдер (мүгедектерге арнайы арналған қолмен басқарылатын автомобильдерден басқасы);
17) атыс және газ қаруы (мемлекеттiк өкiмет органдарының мұқтажы үшiн сатып алынғандардан басқасы);
18) өңделмеген мұнай, газ конденсатын қоса алғанда;
19) электр қуаты.
2. Осы баптың 1) - 11)-тармақшаларында көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және шарттарға сәйкес акциздiк алым маркаларымен немесе есеп-бақылау маркаларымен таңбалануы мүмкiн.
Ескерту. 76-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 76-бапқа өзгерiс және толықтыру енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 76-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I Заңымен.
Z970134_
- бұл толықтырулар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
ЕСКЕРТУ. 76-баптың 14)-17)-тармақшалары алып тасталды, 18)-23)-тармақшалар тиiсiнше 14)-19)-тармақшалар болып есептелдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 76-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
Акциз ставкаларын тауардың құнына немесе белгіленген мөлшерде заттай күйiндегi физикалық көлемiне шаққанда процентпен Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген акцизделетiн тауарларға осы Заңның 76-бабының 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған акциз ставкасы оның құрамында таза (жүз проценттiк) спирттiң болу мөлшерiне байланысты белгiленуi мүмкiн.
ЕСКЕРТУ. 77-бап 2-ші бөлікпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 77-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен.
Z990485_
Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акциздер қосылатын бағалар бойынша тауарлар берiп тұрғаны үшiн өзара есеп айырысулар көзделуi мүмкiн.
1. Отандық өндiрiлген тауарлар үшiн өндiрушi осы тауарды немесе даяр өнiмнiң нақты көлемiн берiп тұратын, акциздер қосылмайтын бағалар бойынша белгiленген құн салық салу объектiсi болып табылады.
2. Тауар өндiрушi акцизделетiн тауарды заттай төлем, сый ретiнде берген кезде, кепiлге салынған тауарларды кепiл ұстаушының меншiгiне берген немесе айырбастау операциялары кезiнде өзi өндiрген тауар бағасы бойынша белгiленген, акциздер немесе даяр өнiмнiң нақты көлемi қосылмайтын тауар құны салық салу объектiсi болып табылады.
3. Акциздеуге жататын, өзi өндiрген шикiзаттан акцизделетiн өнiмдi өндiрген кезде, осы шикiзаттың құны немесе оның заттай көлемi салық салу объектiсi болып табылады.
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтары тауардың өз шикiзатынан немесе алыс-берiс шикiзатынан өндiрiлген-өндiрiлмегенiне қарамастан қолданылады. Алыс-берiс шикiзатынан өндiрiлген өнiмдер бойынша акциз тапсырысшыға өнiм берiлген кезде және осы баптың 1-тармағына сәйкес белгiленген баға бойынша есептеледi.
5. Ойын бизнесi бойынша (лотереялардан басқа) салық салу объектiсi - ойын бизнесiнен түскен түсiм, лотереялар бойынша (олардың үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан) салық салу объектiсi лотереяны өткiзуден түскен мәлiмделген түсiм болып табылады.
5-1. Есепті кезеңде электр қуатының өзін өндіретін технологиялық процесте нақты пайдаланылғанын қоспағанда, электр қуатын өндіру және сату кезінде өндірілген электр қуатының бүкіл көлемі салық салу объектісі болып табылады.
ЕСКЕРТУ. 79-бап жаңа 4-тармақпен толықтырылды, 4-тармақ 5-тармақ болып саналды - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 79-баптың 4-тармағы алып тасталды, 5-тармақ тиiсiнше 4-тармақ болып саналды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 79-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 79-бап 5-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 336 Заңымен.
Z980336_
Ескерту. 79-баптың 5-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
1. Осы Заңның 76-бабының 1) - 9)-тармақшаларында көрсетiлген тауарлар акцизi тауарлар сатылған күннен кейiн он күннен кешiктiрiлмей бюджетке аударылуға тиiс.
2. Өзге де акцизделетiн тауарлардың акциздерi мынадай мерзiмнен кешiктiрiлмей бюджетке аударылуға тиiс:
1) айдың алғашқы он күнi iшiнде сатуды жүзеге асырғаны үшiн айдың он үшiншi күнi;
2) айдың екiншi он күнi iшiнде сатуды жүзеге асырғаны үшiн айдың жиырма үшiншi күнi;
3) есептi айдың қалған күндерiнде сатқаны үшiн есептi айдан кейiнгi айдың үшiншi күнi.
3. Алыс-берiс шикiзатынан шығарылған өнiмдер бойынша акциз өнiмдi тапсырысшыға берген кезде төленедi.
Акциздеуге жататын, өзi өндiрген шикiзаттан акцизделетiн өнiмдi өндiрген кезде, осы шикiзаттың акцизi осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген мерзiмде ұқсатылған өнiмдi сату кезiнде төленедi.
4. Ойын бизнесiнен (лотереялардан басқа) түскен түсiм бойынша акциз осы баптың 3-тармағында көрсетiлген мерзiмде төленедi.
Лотереяларды өткiзуден алынған акциздердi төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша белгiлейдi.
5.
<*>
ЕСКЕРТУ. 80-баптан 2-тармақ алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 80-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
ЕСКЕРТУ. 80-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 80-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 80-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
81-бап. Салық төлеушiлердiң жауапкершiлiгi
1. Акциздердiң дұрыс есептелуi мен уақтылы төленуi үшiн жауапкершiлiк салық төлеушiлерге жүктеледi.
2. Салық төлеушi тиiстi салық қызметi органдарына есептi айдың әрбiр он күнi үшiн төленуге жататын акциздер сомасын көрсетiп, есептi айдан кейiнгi айдың он бесiнен кешiктiрмей ай сайын декларация тапсыруға мiндеттi.
82-бап. Акциздердi бюджетке аудару
Бюджетке аударылуға жататын акциздердi банк төлем тапсырмасын (өкiмдi) алған күнi тиiстi бюджеттерге есептейдi. Акциздердi тиiстi бюджетке уақытылы аудармағаны үшiн банк осы Заңға сәйкес жауап бередi.
Лотереяларды өткiзуден алынған акциздердiң бюджетке төленген сомасы қайта есептеуге және қайтаруға жатпайды.
Ескерту. 82-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
1. Қазақстан Республикасының аумағында акциз төленген шикiзаттан акцизделетiн өнiм (газ конденсатын қоса алғанда, өңделмеген мұнайды және спирттiң барлық түрлерiн қоспағанда) өндiрiлген жағдайда, сатылған өнiм бойынша акциз сомасы есептi кезеңде аталған өнiмдi әзiрлеуге нақты пайдаланылған шикiзаттың көлемiне қарай белгiленетiн акциз сомасына кемiтiлуге жатады.
Акциз алымы маркаларымен таңбалануға жататын, акцизделетін өнім бойынша сатылған өнім жөніндегі акциз сомасы акциз алымы маркаларының құнына (оларды дайындау құнын қоспағанда) кемітілуге жатады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген өңделмеген мұнайды өндiрiстiк ұқсатуға беру кезiнде акциз оны берген кезде төленедi.
3. Iшкi өндiрiс үшiн сатып алынған акциздiк алым маркалары жоғалған және бүлiнген жағдайда табиғи сипаттағы төтенше оқиғалардың салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда, акциз мәлiмделген түр-түрi мөлшерiнде төленедi.
4. Акциздеуге жататын өнiм жоғалған және бүлiнген жағдайда табиғи сипаттағы төтенше оқиғалардың салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда, акциз толық мөлшерiнде төленедi.
ЕСКЕРТУ. 83-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 83-бап өзгертiлдi және 2,3,4-тармақтармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 83-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 83-баптың 1-тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 336 Заңымен.
Z980336_
84-бап. Импортталған тауарлар бойынша салық салу
объектiсi
1. Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгiленген кеден құны немесе заттай күйiндегi физикалық көлем импортталған акцизделетiн тауарлар бойынша салық салу объектiсi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi акцизделетiн өнiмдердi акцизделетiн алым маркаларымен таңбалау тәртiбiн енгiзген жағдайда импортталған акцизделетiн тауарлар бойынша есептелген акциз сомасы әкелiнген тауарлардың көлемi бойынша акциз алымы маркаларының (оларды дайындау құнын қоспағанда) құнына кемiтiлуге жатады.
Ескерту. 84-баптың 2-тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 336 Заңымен.
Z980336_
Импортталған тауарларға акциздер кеден төлемдерiн жасау үшiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген күнi төленедi.
1. Қазақстан Республикасының Үкiметiн бекiткен нормалар бойынша жеке тұлғалар импорттаған акцизделетiн тауарларға акциз салығы салынбайды.
2. Мынадай импортталған тауарлар акциз төлеуден босатылады:
1) халықаралық жүк, қол жүгi мен жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көлiк құралдарын жол үстiнде және аралық аялдау бекеттерiнде пайдалану үшiн қажеттi акцизделетiн тауарлар, сондай-ақ аварияны (iстен шығуды) жою үшiн шет елде сатып алынған тауарлар;
2) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлгенге дейiн бүлiну салдарынан бұйымдар мен материалдар ретiнде пайдалануға жарамсыз болып қалған тауарлар;
3)
<*>
4)
<*>
5)
<*>
5) шетелдiк дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы үшiн, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық әрi әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiнiң, сондай-ақ олармен бiрге тұратын және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес босатылатын олардың отбасы мүшелерiн қоса, жеке пайдалануы үшiн әкелiнген тауарлар;
6) "Еркiн айналыс үшiн тауарлар шығару" режимiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн, Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген кеден режимдерi шеңберiнде босатылған тауарлар.
ЕСКЕРТУ. 86-баптан 5)-тармақша алып тасталды 6),7)-тармақшалар тиiсiнше 5),6)-тармақшалар болып саналды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
Ескерту. 86-баптың 2-тармағы 3-4-тармақшалары алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
V бөлiм
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЭМИССИЯСЫН ТIРКЕГЕНI ҮШIН АЛЫНАТЫН
АЛЫМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУГЕ ЖАТПАЙТЫН АКЦИЯЛАР
ЭМИССИЯСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙЛАНДЫРУ НӨМІРІН БЕРУ
ЕСКЕРТУ. V-бөлім жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. V-бөлімнің тақырыбы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
19-тарау. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЭМИССИЯСЫН ТIРКЕГЕНI ҮШIН
АЛЫНАТЫН АЛЫМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУГЕ ЖАТПАЙТЫН
АКЦИЯЛАР ЭМИССИЯСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙЛАНДЫРУ
НӨМІРІН БЕРУ ЖӨНIНДЕГI ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
ЕСКЕРТУ.19-тараудың тақырыбы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен. Z990440_
Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн беру үшiн алым төлеушiлер олардың эмиссиясын жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып табылады.
ЕСКЕРТУ. 87-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссияларының ұлттық сәйкестендiрме нөмiрiн бергенi үшiн алым алудың объектiсi барлық бағалы қағаздардың және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi жалпы нақты құны болып табылады.
ЕСКЕРТУ. 88-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 88-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
20-тарау. Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi және
мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының
ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi үшiн алым төлеу
ЕСКЕРТУ.20-тараудың атауы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен. Z990440_
Бағалы қағаздардың эмиссиясын тiркегенi және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi үшiн алынатын алым бағалы қағаздардың бiр эмиссиясының жалпы номиналды құнымен:
бағалы қағаздардың бастапқы эмиссиясын тiркеген кезде 0,1 процент мөлшерiнде;
бағалы қағаздардың келесi эмиссиясын тiркеген кезде (оның iшiнде сот шешiмi бойынша акциялардың қосымша эмиссиясын) 0,5 процент мөлшерiнде;
мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн берген кезiнде 0,1 процент мөлшерiнде төленедi.
ЕСКЕРТУ. 89-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Төлем жасаушылар бағалы қағаздардың жалпы нақты құнын және алым ставкаларын негiзге ала отырып, алым сомасын дербес есептеп шығарады.
92-бап. Алым төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi
1. Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеген және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн берген кезде эмитент тiркеушi органға алымның бюджетке тиесiлi сомасын төлегенiн растайтын құжат тапсыруға мiндеттi.<*>
2. Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеуден және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн беруден бас тартқан жағдайда, төленген алым қайтаруға жатпайды және бағалы қағаздар эмиссиясын келесi тiркеу кезiнде немесе мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн келесi беру кезiнде ескеріледi.
Заңдарға сәйкес бағалы қағаздардың эмиссиялары шығарылмады деп танылған жағдайда бұрын төленген алым қайтарылмайды және бағалы қағаздардың одан кейiнгi эмиссиялары кезiнде есепке алынбайды. Бағалы қағаздардың эмиссиялары қайталанып тiркелген және бұрын шығарылмады деп танылған, мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялардың эмиссияларына ұлттық сәйкестендiрме нөмiрi берiлген жағдайда алым осы Заңда көзделген ставкалар бойынша төленуге тиiс.
3. Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi үшiн алымдар жөнiндегi декларацияны эмитент Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлiгi белгiлеген нысан бойынша есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызына дейiн салық қызметi органдарына табыс етедi.
ЕСКЕРТУ. 92-бап 3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
Ескерту. 92-баптың 3-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 92-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 92-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
93-бап. Төлеушiнiң жауапкершiлiгi
Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi үшiн және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi алымның бюджетке толық және уақтылы төленуiне төлеушi жауап бердi. Алымды есептеу мен төлеудегi тәртiп бұзушылық үшiн төлеушiлерге осы Заңда көзделген санкциялар қолданылады.
ЕСКЕРТУ. 93-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
ЕСКЕРТУ. V-бөлiм, 19,20-тарау және 87,88,89,90,91,92,93-баптар жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
VI бөлiм
ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ
ЕСКЕРТУ. VI-бөлiм жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен. Z960061_
94-бап. Жер қойнауын пайдалануға жасалған
келiсiм-шарттарда салық режимiн белгiлеу
1. Жер қойнауын пайдаланушылар үшiн салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер жөнiнде белгiленетiн талаптар (салық режимi) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдаланушы мен Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген Құзыреттi орган арасында жер қойнауын пайдалануға жасалатын келiсiм-шарттарда айқындалады.
2. Келiсiм-шартта белгiленетiн салық режимi заңды және жеке тұлғалардың салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуiн реттейтiн, келiсiм-шарт жасалған күнi қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуға тиiс.
Жер қойнауын пайдалануға бұрын жасалған келiсiм-шартты атқаруға жер қойнауын пайдаланушымен немесе оның құқықтық мұрагерiмен жаңа келiсiм-шарт жасалған жағдайда, бұрынғы келiсiм-шарттың салық режимi сол жер қойнауы учаскелерiнде жер қойнауын пайдалануға жасалатын болашақ келiсiм-шарттағы салық режимiн iшiнара немесе толық көшiру көзделген шекте ғана қолданылады.
3. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарттарды қоспағанда, салық пен төлемдер төлеуге қатысты мәселелердi лицензияларға және жер қойнауын пайдалануға байланысты басқа да актiлерге енгiзуге тыйым салынады.
4. Құрамында ұйымдар мен жеке тұлғалар бiр келiсiм-шарт бойынша қызмет атқаратын жер қойнауын пайдаланушы салық салу мақсаты жөнiнен бiртұтас салық төлеушi деп саналады және келiсiм-шартта белгiленген салықтар мен төлемдердi төлеуге мiндеттi.
5. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөнiндегi келiсiм-шарт бойынша салықтар мен төлемдердi есептеу мақсатында табыстар мен шегерiмдердi жер қойнауын пайдалану жөнiндегi аталған келiсiм-шарттың шеңберiнен тыс қызмет жөнiндегi табыстармен және шегерiмдермен бiрiктiре алмайды.
Көп таралған пайдалы қазбаларды және (немесе) жер асты суларын өндiру жөнiндегi келiсiм-шарттарда пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiру көзделмеген жағдайда бұл ереже ондай келiсiм-шарттарға қолданылмайды.
5-1. Келiсiм-шартта көрсетiлмеген iлеспе пайдалы қазбаларды шығарған ретте жер қойнауын пайдаланушы олар бойынша осы Заңның 94-7-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен төлем жүргiзедi.
ЕСКЕРТУ. 94-баптың 2,5-тармақтары жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 94-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 94-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
94-1-бап. Жер қойнауын пайдалануға жасалатын
келiсiм-шарттардың салық режимiнiң үлгiлерi
1. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу келiсiм-шарттардың негiзгi түрлерiне қарай мынадай екi үлгiге бөлiнедi:
1) бiрiншi үлгi жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерiн төлеп отыруын көздейдi;
2) екiншi үлгi жер қойнауын пайдаланушылардың өнiмдi бөлiсу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн), сондай-ақ салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң мынадай түрлерiн төлеуiн көздейдi: төлем көзiнен ұсталып қалатын табыс салығы мен шетелдiк заңды тұлғаның тұрақты мекемесiнiң таза табысына салынатын салықты ескере отырып, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, бонустар, роялти, әлеуметтiк салық, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алынатын лицензиялық алым, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын алымдар, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген және осы Заңның 3-бабында көзделмеген басқа да мiндеттi төлемдер.<*>
2. Салық режимiнiң бiрiншi үлгiсi келiсiм-шарттардың барлық түрлерiне белгiленедi, бұған салық режимiнiң екiншi үлгiсi белгiленетiн "Өнiмнiң бөлiнуi туралы" түрiндегi келiсiм-шарттар қосылмайды.
3. "Өнiмнiң бөлiнуi туралы" келiсiм-шарттар бойынша алынатын өнiмнiң бөлiнуi жөнiндегi Қазақстан Республикасының үлесi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң көзi болып табылады және кезектi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңында белгiленген мөлшерде тиiстi бюджеттердiң кiрiсiне түседi.
Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесiн төлеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
4. Жер қойнауын пайдаланушының салық мiндеттемелерiнiң деңгейi салық режимiнiң екi үлгiсiнiң бiрi қолданылуына қарамастан тең болуға тиiс.
ЕСКЕРТУ. 94-1-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
Ескерту. 94-1-баптың 1-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
Ескерту. 94-1-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен.
Z990485_
94-2-бап. Жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға
қатысы жоқ операциялар бойынша салық режимi
Жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт ережелерi бойынша төлейтiн төлемдерi оны келiсiм-шартта көзделмеген қызметтi жүзеге асырғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген салықтар мен төлемдердi төлеу мiндеттемелерiнен босатпайды.
94-3-бап. Салық режимiнiң тұрақтылығы
1. Жер қойнауын пайдалануға белгiленген тәртiппен жасалған келiсiм-шартта белгiленген және мiндеттi салық сараптамасынан өткен салық режимi, сол келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi бiткенге дейiн өзгерiссiз қолданыла бередi, бұған келiсiм-шарттың салық режимiне өзгерiстер келiсiм-шарт тараптарының келiсiмi бойынша енгiзiлiп, Қазақстан Республикасы мен келiсiм-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының бастапқы экономикалық мүдделерi арақатынасының өзгеруiне әкеп соқпайтын жағдайлар қосылмайды.
2.
<*>
ЕСКЕРТУ. 94-3-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда, 2-тармақ алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.04.15.N 216 Заңымен.
Z980216_
94-4-бап. Құқықтарды қайта беруге салық салу
Келiсiм-шартта берiлген құқықтарды қайта беруден алынатын табыстарға осы Заңда белгiленген тәртiп бойынша салық салынуға тиiс.
94-5-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы
төлемдерi мен салықтары
1. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салықтары:
1) жазылу жүргiзiлетiн, коммерциялық табу, бонустарын;
2) роялтидi;
3) үстеме пайдаға салынатын салықты қамтиды;
4) өнiм бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi.
2. Бонустар мен роялтидiң барлық түрлерi табыс салығы мен үстеме пайдаға салынатын салыққа арналған салық салынатын табысты айқындаған жағдайдағы шегерiмдер болып табылады.
ЕСКЕРТУ. 94-5-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен.
Z980255_
1. Уағдаласушы тараптар арасында жасалатын барлық келiсiм-шарттар олар жасалған кезге дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен мiндеттi салық сараптамасынан өтуге тиiс. Бұл ереже бұрын жасалған келiсiм-шарттарға енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға да қолданылады.
2. Келiсiлген салық режимi келiсiм-шарттың түпкiлiктi мәтiнiне мiндеттi түрде енгiзiлуге тиiс.
94-7-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған
келiсiм-шарт жасалғанға дейiн жер қойнауын
пайдаланушыларға салық салу
Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарт жасағанға дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мөлшерде және шарттарда республикалық бюджеттiң кiрiсiне роялти есебiне аударым жасайды.
Бұл орайда, салық салу объектiсi мен осы аударымдарды төлеудiң мерзiмдерiн белгiлеу де роялтилерге арналған тәртiппен жүргiзiледi.
Ескерту. Жаңа 94-7-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
95-бап. Бонустар туралы жалпы ережелер
1. Бонустар жер қойнауын пайдаланушылардың тiркелген төлемдерi болып табылады және жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарттар белгiленген мөлшер мен тәртiп бойынша ақшалай түрде төленедi.
2. Жер қойнауын пайдалануды жүргiзудiң жеке шарттары негiзге ала отырып, жер қойнауын пайдаланушылар бонустардың мынадай түрлерiн төлейдi:
1) жазылу жүргiзiлетiн бонус;
2) коммерциялық табу бонусы;
Жасалатын келiсiм-шарттар жобасының экономикасына сәйкес бонустардың бiр немесе бiрнеше түрi қолданылуы мүмкiн.
ЕСКЕРТУ. 95-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
96-бап. Жазылу жүргiзiлетiн бонус
Жазылу жүргiзiлетiн бонус жер қойнауын пайдаланушының заңдарда белгiленген тәртiп бойынша келiсiм-шарт жасалған кезде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығы үшiн бiр жолғы тiркелген төлемi болып табылады.
96-1-бап. Жазылу жүргiзiлетiн бонусты белгiлеу
тәртiбi, оның мөлшерi мен төлену мерзiмi
1. Жазылу жүргiзiлетiн бонустардың бастапқы мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Құзыреттi орган белгiлейдi не ол тендер өткiзу ережелерi бойынша белгiленедi.
2. Жазылу жүргiзiлетiн бонустың түпкiлiктi мөлшерi келiсiм-шартта жер қойнауын пайдалану үшiн берiлген кен орындарының (аумақтардың) экономикалық құндылығына байланысты, бiрақ бастапқы мөлшерден кем емес болып белгiленедi.
3. Жазылу жүргiзiлетiн бонусты төлеу мерзiмi тараптардың келiсiм-шартымен немесе келiсiмiмен, бiрақ келiсiм-шарт жасасқан уақыттан бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей берiледi.
4. Жер қойнауын пайдаланушылар жазылу жүргiзiлетiн бонус бойынша декларацияны есептi айдан кейiнгi айдың оны күнiне дейiн тiркеу орны бойынша аумақтық салық органдарына ұсынады.
ЕСКЕРТУ. 96-1-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 96-1-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
97-бап. Коммерциялық табу бонусы
1. Коммерциялық табу бонусы тiркелген төлем болып табылады және жер қойнауын пайдаланушы оны келiсiм-шарт жасалған аумақтағы әрбiр коммерциялық табу үшiн төлейдi.
2. Пайдалы қазбаларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн кен орнына барлау жүргiзуге жасалған келiсiм-шарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейдi.
97-1-бап. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртiбi,
оның мөлшерi мен төлену мерзiмi
1. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
2. Коммерциялық табу бонусының мөлшерi келiсiм-шартпен белгiленедi.
3. Коммерциялық табу бонусы белгiленген тәртiпке сәйкес коммерциялық табу расталған уақыттан бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей төленедi.
4. Жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табу бонусы бойынша декларацияны коммерциялық табу жасалған жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiне дейiн тiркеу орны бойынша аумақтық салық органдарына ұсынады.
ЕСКЕРТУ. 97-1-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
98-бап.
<*>
98-1-бап.
<*>
ЕСКЕРТУ. 98, 98-1-баптар алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 заңымен. Z980255_
99-бап. Роялти туралы жалпы ережелер
Роялтидi жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының аумағындағы пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша жеке-жеке төлейдi.
99-1-бап. Роялтидiң төлену түрi
1. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарттарда, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, роялтидi ақшалай түрде төлеу белгiленедi.
2. Келiсiм-шарттар бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында, тараптардың қосымша келiсiмi негiзiнде, роялтидi ақшалай төлеу түрi белгiленген мерзiмде ақшалай түрiне балама төлеуiнiң заттай нысанына толық немесе iшiнара уақытша ауыстырылуы мүмкiн.
99-2-бап. Роялти белгiлеудiң жалпы шарттары
1. Жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбiр келiсiм-шартта роялтидiң ставкалары пайдалы қазбалардың түрiне қарай:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген кесiмдi ставкалармен кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiп бойынша техникалық-экономикалық есеп-қисаптарға негiзделген жоба экономикасын негiзге ала отырып, әрбiр келiсiм-шартта жеке-дара барлық қалған пайдалы қазбалар бойынша белгiленедi.
2. Бiр келiсiм-шарт бойынша пайдалы қазбалардың бiрнеше түрiн өндiрген жағдайда роялти пайдалы қазбалардың әрбiр түрi бойынша белгiленiп, төленедi.
2-1. Роялтидiң тiркелген ставкасы белгiленген пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiру жөнiндегi келiсiм-шарттардың мерзiмi ұзартылған жағдайда құзыреттi орган роялти ставкасын ұлғайту жағына қарай қайта қарауға құқылы.
Ескерту. 99-2-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
100-бап. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты
сулары бойынша роялти
Есептi кезең iшiндегi орташа сату бағасын негiзге ала отырып, өндiрiлген пайдалы қазбалар мен жерасты сулары көлемiнiң құны өндiрiлген пайдалы қазбалар мен жерасты суларының құн түрiнде есептелген көлемi жанама салықтарды және жөнелту орнынан тасымалдауға арналған іс жүзіндегі шығыстардың сомасын есептемегенде кеңтаралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялти салынатын объектiлер болып табылады.
Роялтидi есептеудiң бұл тәртiбi жер қойнауын пайдаланушының өз қажетiне пайдалану үшiн өндiрiлген кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларына да қолданылады.
Ескерту. 100-баптың 1-бөлігі толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
Ескерту. 100-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
100-1-бап. Бағалы металдар мен асыл тастар бойынша
роялти
1. Алтын, күмiс және платина бойынша роялти салу объектiсi өндiрiлген металдың Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн халықаралық металл биржасында есептi кезеңдегi орташа сату бағасы негiзге алынып, құн түрiнде есептелген көлемi болып табылады.
2. Бағалы металдар (осы баптың 1-тармағында аталғандарын қоспағанда) және асыл тастар бойынша роялти салудың объектiсi өндiрiлген бағалы металдар мен асыл тастардың есептi кезеңдегi жанама салықтарды есепке алмағандағы орташа сату бағасы негiзге алынып, құн түрiнде есептелген көлемi болып табылады.
ЕСКЕРТУ. 100-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
Ескерту. 100-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
100-2-бап. Көмiрсутектер бойынша роялти
1. Есептi кезең iшiнде көмiрсутектердi өткiзудiң орташа бағасы негiзге алынып өндiрiлген көмiрсутектердiң құн түрiнде есептелген көлемi көмiрсутектер бойынша роялти салынатын объект болып табылады.
2. Көмiрсутектер өндiруге жасалған келiсiм-шарттарда роялти өндiру көлемiне қарай айқындалған процент ретiнде өзгермелi шкала бойынша белгiленедi.
ЕСКЕРТУ. 100-2-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 100-2-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
Ескерту. 100-2-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
100-3-бап. Кең таралған пайдалы қазбалардан, сондай-ақ
бағалы металдар мен асыл тастардан басқа қатты пайдалы
қазбалар бойынша роялти
1. 100 және 100-1-баптарда көрсетiлгендерiн қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша роялти салудың объектiсi өндiрiлген пайдалы қазбалардың есептi кезеңде нақты өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған бiрiншi тауарлы өнiмдi сатудың жанама салықтар есепке алынбаған орташа сату бағасы негiзге алынып, құн түрiнде есептелген көлемi болып табылады.
2. Осы бапта көрсетiлген қатты пайдалы қазбалар өндiруге жасалған келiсiм-шарттар бойынша роялти келiсiм-шарт қолданылатын барлық кезең үшiн кесiмдi проценттiк мөлшерде, 99-2-баптың 3-тармағының ережелері ескеріле отырып белгiленедi.
ЕСКЕРТУ. 100-3-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
Ескерту. 100-3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
101-бап. Роялтидi төлеу тәртiбi
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, күнтiзбелiк ай роялти төлеудi белгiлеу жөнiндегi есептi кезең болып табылады.
2. Егер роялти бойынша тоқсандық төлемдердiң орташа айлық мөлшерi есеп айырысатын айлық 1000 көрсеткiштен кем болса, есептi кезең тоқсан болып табылады.
2-1. Есептi кезеңде пайдалы қазбаларды (бiрiншi тауарлық өнiмдi) сату болмаған жағдайда, осы Заңның 100-1-бабының 1-тармағында көрсетiлгендердi қоспағанда, сатудың орташа бағасына соңғы сату болған кезеңдегi пайдалы қазбаларды (бiріншi тауарлық өнiмдi) сатудың орташа бағасы қабылданады.
2-2. Осы Заңның 100-1-бабының 1-тармағында көрсетiлгендердi қоспағанда, пайдалы қазбаларды (бiрiншi тауарлық өнiмдi) сату мүлде болмаған жағдайда, есептi кезеңде роялтиге салық салу объектiсiн есептеу үшiн пайдалы қазбалар өндiруге жұмсалған iс жүзiндегi шығындар сатудың орташа бағасы ретiнде қабылданады.
Бұл орайда, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалардың (бiрiншi тауарлық өнiмнiң) iс жүзiндегi сату бағасын негiзге ала отырып, роялтиге осыдан кейiнгi түзету жасауға мiндеттi.
3. Төлеушiлер роялти жөнiндегi декларацияны салық тiркеу орны бойынша салық қызметi органдарына есептi кезеңнен кейiнгi айдың онына дейiн табыс етедi.
4. Роялти есептi кезеңнен кейiнгi айдың он бесiнен кешiктiрiлмей төленедi.
ЕСКЕРТУ. 101-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 101-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен.
Z990485_
Ескерту. 101-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
102-бап. Үстеме пайдаға салынатын салық жөнiндегi
жалпы ережелер
"Өнiмнiң бөлiнуi туралы" келiсiм-шарттар және кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өндiруге жасалған келiсiм-шарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардан басқаларға осы келiсiм-шарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемейтiн жағдайда, үстеме пайдаға салық 103 және 104-баптарда белгiленген тәртiп пен ставкалар бойынша салынады.
103-бап. Үстеме пайдаға салық салынатын объект және
оны есептеу тәртiбi
1. Жер қойнауын пайдаланушы пайданың жиырма процентiнен жоғары iшкi нормасын алған жағдайда жер қойнауын пайдаланушының есептi жылғы әрбiр жеке келiсiм-шарт бойынша алған таза табысының сомасы үстеме пайдаға салық салынатын объект болып табылады.
2. Үстеме пайдаға салынатын салық пайданың есептi жылдың аяғындағы iшкi нормасының қол жеткен деңгейiн негiзге ала отырып, 104-бапта белгiленген ставкалар бойынша есептеледi. Пайданың iшкi нормасын анықтау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
104-бап. Үстеме пайдаға салынатын салық ставкалары
және оны төлеу мерзiмдерi
1. Үстеме пайдаға салынатын салық ставкалары мынадай мөлшерде белгiленедi:
___________________________________________________________________
Пайданың iшкi нормасы Есептi жылғы таза табысқа
(ПIН), % шаққанда %-пен алынған
үстеме пайдаға салынатын
салық ставкасы
___________________________________________________________________
20-дан кем немесе оған тең 0
20-дан артық, бiрақ 22-ден кем немесе
оған тең 4
22-ден артық, бiрақ 24-тен кем немесе
оған тең 8
24-тен артық, бiрақ 26-дан кем немесе
оған тең 12
26-дан артық, бiрақ 28-ден кем немесе
оған тең 18
28-ден артық, бiрақ 30-дан кем немесе
оған тең 24
30-дан артық 30
___________________________________________________________________
2. Үстеме пайдаға салынатын салық жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушылар салық тiркейтiн орын бойынша салық қызметiнiң органдарына есептi жылдан кейiнгi жылдың оныншы сәуiрiне дейiн табыс етедi.
3. Үстеме пайдаға салынатын салық есептi жылдан кейiнгi жылдың он бесiншi сәуiрiне дейiн төленедi.
ЕСКЕРТУ. 104-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
ЕСКЕРТУ. VI-I, VI-II және VI-III-бөлімдермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.24. N 333 заңымен.
Z980333_
Ескерту. VI-I-бөлім алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
104-7-бап. Салық салу объектісі
1. Салық салу объектісі еңбекке ақы төлеу қоры болып табылады.
2. Әлеуметтік салық қаржыландыру көздеріне қарамастан тиісті салықтарды ұстағанға дейін есептеледі.
3. Салық төлеушiлер төлемнің мынадай түрлеріне әлеуметтік салық төлемейді:
1) заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адамдар жеке тұлғалардан (қызметкерлерден) жинақтаушы зейнетақы қорларына ұстайтын міндетті зейнетақы жарналарына;
2) пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыға;
3) ұйым таратылған немесе жұмыс берушiнiң қызметі тоқтатылған, қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда жеке еңбек шарты бұзылған кезде, қызметкер әскери қызметке шақырылған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орташа айлық жалақы мөлшерінде төленетін өтемақыға;
4) геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшердегі далалық жабдықталымына;
5) вахталық әдiспен жұмыс істейтін немесе жылжымалы сипатқа байланысты жұмыстарды орындайтын қызметкерлердің жалақысына қосылатын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшердегі үстеме ақыларға;
6) берілген арнаулы киімдердің, арнаулы аяқкиімдердің және басқа да жеке қорғаныс құралдарының, сабынның, майды кетіретін құралдардың, сүттің және емдеу-алдын алу тамағының құнына;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруға байланысты мертігуінен не денсаулығына өзге де зақым келуінен болған залалдың орнын толтыруға (жоғалтқан жалақысына қатысты өтемнен басқа);
P930201_
V980612_
8) спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда және тағы басқаларда жүлделі орын үшін берілетін ақшалай сыйлықтарға;
9) әскери қызметшілерге әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты олар алатын және ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін орындауға байланысты олар алатын төлемдердің барлық түрлеріне;
10) қызметкерлерге бала туған кезде, ақылы медициналық операция жасату үшін, жерлеуге берілетін материалдық көмекке;
11) ұйыммен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқан не көшкен кезде жол жүру, мүлікті жеткізу және үй-жайды жалдау бойынша құжатпен расталған шығындардың өтемақысына;
12) жалпы науқастануына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша, жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік жәрдемақыларға және бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берілетін әлеуметтік жәрдемақыларға;
13) экологиялық апаттың немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтарға берілген төлемдерге;
14) табыс салығы салынған жалақы аударымдарынан қалыптасқан кәсiподақ бюджетiнiң қаражаттарынан кәсiподақ мүшелерiне арналған материалдық көмекке;
15) мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтерi және халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілетін гранттардың қаражаты есебінен жүргізілетін төлемдерге;
16) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі берген мемлекеттік сыйлықтарға, стипендияларға;
17) жұмыс берушінің өз қызметкерлерінің жеке жинақтаушы емес сақтандыру шарттары бойынша төлейтін сақтандыру сыйлықтарына;
Ескерту. 104-7-бап 3-тармағының 1-тармақшасы жаңа редакцияда - Қазақстан Президентiнiң 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 104-7-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 104-7-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен.
Z990485_
Ескерту. 104-7-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 104-7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
ЕСКЕРТУ. 104-7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.31. N 277 Заңымен.
Z010277_
Салықты төлеушілер мыналар:
заңды тұлғалар (шетелдіктер қатысқан заңды тұлғаларды, шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктері мен филиалдарын қоса);
осы Заңның 104-7-бабына сәйкес салық салу объектісі бар, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар.
Әлеуметтік салықты төлеушілер салық төлеуді өздерінің орналасқан жерлері бойынша жүзеге асырады.
Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгіленген тәртіппен Астана, Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне немесе облыстық бюджеттерге өз филиалдары, өкілдіктері мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері үшін әлеуметтік салық төлеуді тиісті бюджеттерге бойынша жүзеге асырады.
Ескерту. 104-8-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
Ескерту. 104-8-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен.
Z990485_
ЕСКЕРТУ. 104-8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
1. Әлеуметтік салықты заңды тұлғалар қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу қорының 21 процент ставкасы бойынша төлейді.
1-1.
<*>
2. Ақыл-ойы мен дене дамуы жөнінен кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту орталығы әлеуметтік салықты еңбекке ақы төлеу қорының 20,5 проценті ставкасы бойынша төлейді.
3. "Ардагер" зейнеткерлер кәсіпорындарының Республикалық бірлестігі, сондай-ақ тек қана зейнеткерлер жұмыс істейтін, осы бірлестіктің меншігі болып табылатын және оның қаражаттары есебінен құрылған өндірістік, оқу- өндірістік ұйымдар; "SOS - Қазақстанның Балалар қалашықтары" Балалар қайырымдылық қоры, Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест Қоғамы, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Қазақ республикалық ұйымы кәсіпорындарының Республикалық бірлестігі (өндірістік ұйымдарсыз), Ауғанстандағы соғыс мүгедектерінің Ерікті қоғамы (өндірістік ұйымдарсыз) еңбекке ақы төлеу қорының 7,5 процент ставкасы бойынша салық төлейді. Олар сауда-делдалдық қызметтен, акцизделетін тауарларды өндіруден және сатудан табыс тапқан жағдайда салық 8 процент ставка бойынша төленеді.
4. Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, қызметкерлерінің жалпы санының кемінде 50 процентін мүгедектер құрайтын, осы қоғамдардың меншіктері болып табылатын және солардың қаражаттары есебінен құрылған өндірістік, оқу- өндірістік ұйымдар, асырауында балалары бар мүгедек аналардың "Бибі-Ана" республикалық қоғамы, мүгедектерді және психикалық-дене дамуы бұзылған балаларды қорғау жөніндегі "Ақ бота" Лига қоғамдық бірлестігі еңбекке ақы төлеу қорының 6,5 процент ставкасы бойынша төлейді.
Олар сауда-делдалдық қызметтен, акцизделетін тауарлар өндіру мен сатудан табыс тапқан жағдайда, салық 7 проценттік ставка бойынша төленеді.
5. Шаруа (фермер) қожалықтарын, сондай-ақ заңды тұлға құрмай патент негiзiнде кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адамдар әрбiр қызметкерi үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 60 процентi, сондай-ақ осы Заңға сәйкес шегерiм жасауға жатпайтын шығындарды қоспағанда, табыс алумен байланысты шығындарды алып тастағандағы айлық табыстың қосымша 10 процентi мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi.
Заңды тұлға құрмай патент негiзiнде кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адамдар әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 49 процентi, сондай-ақ патент құнын анықтау кезiнде мәлiмделген салық салынатын болып жорамалданған айлық табыстың қосымша 5 процентi мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi.
Шаруа (фермер) қожалықтары шаруа (фермер) қожалығының әрбiр қызметкерi, басшысы және шаруа (фермер) қожалығының әрбiр мүшесі үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 20 процентi мөлшерiнде әлеуметтік салық төлейдi.
6.
<*>
ЕСКЕРТУ. 104-9-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 104-9-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен.
Z990485_
ЕСКЕРТУ. 104-9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
ЕСКЕРТУ. 104-9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 183 Заңымен.
Z010183_
104-10-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
1. Әлеуметтік салық төлеу, жалақының төленуіне қарамастан, бірақ келесі айдың 15-інен кешіктірілмей, айдың екінші жартысы үшін жалақы төлеуге белгіленген мерзімде ай сайын жүргізіледі.
Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер бiрыңғай жер салығын төлеу үшiн осы Заңда белгiленген мерзiмдерде есептi кезеңнiң әрбiр айына әлеуметтiк салық төлейдi.
1-1. Мемлекеттік мекемелер есепті кезең ішінде аударған салық сомасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындалған жұмысқа уақытша жарамсыздығы жөніндегі, жүкті болуы және бала тууы жөніндегі жәрдемақылар сомасына еңбекке ақы төлеу қорының 1,5 проценті шегінде азайтылады. Жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша, жүктiлiгi мен бала тууы бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындалған жәрдемақылардың есептi кезеңнiң еңбекке ақы төлеу қорының 1,5 процентiнен асатын сомасы келесi есептi кезеңдерге ауыстырылады және осы тармақта белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мекемелер есептеген соманы азайтады.
2. Әлеуметтiк салық бойынша декларация тоқсаннан кейiнгi айдың 15-i күнiнен кешiктiрiлмей тапсырылады.
Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер бiрыңғай жер салығы бойынша декларация табыс ету үшiн осы Заңда белгiленген мерзiмдерде әлеуметтiк салық бойынша декларация табыс етедi.
Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның филиалдары, өкілдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi декларацияны оның орналасқан орны бойынша аумақтық салық органына ұсынуы және салық төлеуді дербес жүзеге асыруы мүмкiн.
3. Есептелген шекте төленген салық сомасы шегеріске жатқызылады.
Ескерту. 104-10-бап 1-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 104-10-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 104-10-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен. (өзгерістерді қолдану тәртібін 2-баптан қараңыз)
Z990485_
Ескерту. 104-10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
104-11-бап. Әлеуметтік салық бойынша есепті кезең
Әлеуметтік салық бойынша бюджетпен нақтылы есеп айырысу жөніндегі есепті кезең күнтізбелік ай болып табылады.
Ескерту. VI-III Бөлім алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен. Z990356_
1. Жер учаскесi салық салу объектiсi болып табылады.
2. Мыналар:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы;
2) елдi мекендердегi;
3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге мақсаттағы;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жерлер;
5) орман қорының;
6) су қорының жерi салық салу объектiлерi болып табылады.
ЕСКЕРТУ. 105-баптың 2-тармақтың 4-тармақшасы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
106-бап. Жер салығын төлеушiлер
Бiрыңғай жер салығын төлеушiлердi қоспағанда, меншiгiнде, тұрақты пайдалануында немесе бастапқы өтеусiз уақытша пайдалануында жер учаскесi бар заңды тұлғалар (оның iшiнде резидент еместер), олардың филиалдары, өкілдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және жеке тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.
ЕСКЕРТУ. 106-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 106-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 заңымен.
Z990355_
ЕСКЕРТУ. 106-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
107-бап. Салық салу принциптерi
1. Жер салығының мөлшерi жер учаскесiнiң сапасына, орналасу өңiрiне және сумен қамтамасыз етiлуiне қарай анықталады және жер иесi мен жердi пайдаланушының шаруашылық және өзге де қызметiнiң нәтижесiне байланысты болмайды.
2. Жер салығы жер алаңының бiрлiгi үшiн жыл сайынғы тiркелген төлем түрiнде белгiленедi.
3. Басқа мемлекеттерге берiлген жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн салық салудың тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының осы мемлекеттермен жасасқан шарттарымен анықталады.
4. 108, 112 және 114-баптар бойынша жер салығының негiзге алынатын ставкаларына Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын белгiлеп отыратын коэффициент қолданылады.
ЕСКЕРТУ. 107-бап 4-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
108-бап. Жер салығының базалық ставкасы
1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары, 1 гектар есебiмен белгiленiп, топырақ сапасы бойынша сараланады.
2. Далалық және қуаң далалық аймақтардың кәдiмгi және оңтүстiк қара топырақты, күңгiрт қызыл қоңыр және қызыл қоңыр топырақты жазықтағы аумақтары жерлерiне, сондай-ақ тау бөктерлерiндегi күңгiрт (сұрғылт қоңыр), қызыл қоңыр (қоңыр), сұр топырақты және тау бөктерлерiндегi қара топырақты аумақтарға бонитет балына бара-бар жер салығының мынадай базалық ставкалары белгiленедi:
Бонитет балы Салықтың базалық ставкасы,
теңгемен
-----------------------------------------------------
1-10 0,25-1,25
11-20 1,50-2,50
21-30 2,75-5,00
31-40 7,50-12,50
41-50 15,00-20,00
51-60 22,50-27,50
61-70 30,00-42,50
71-80 45,00-57,50
81-90 60,00-75,00
91-100 77,50-100,00
100-ден артық 105,00
-----------------------------------------------------
3. Жартылай шөлейт, шөлейт және тау бөктерiндегi шөлейт аумақтардағы бозғылт қызыл қоңыр, қоңыр, сұр қоңыр, бозғылт және кәдiмгi сұр топырақты, сондай-ақ таулы-далалық, таулы шалғындық-далалық және таулы альпiлiк және субальпiлiк топырақты таулы аумақтардағы жерлерге бонитет балына бара-бар жер салығының мынадай базалық ставкалары белгiленедi:
Бонитет балы Салықтың базалық ставкасы,
теңгемен
----------------------------------------------------
1-10 0,25-0,50
11-20 0,75-2,50
21-30 2,75-5,00
31-40 5,25-7,50
41-50 7,75-10,00
51-60 10,25-12,50
61-100 12,75-25,00
100-ден артық 26,00
----------------------------------------------------
4. Азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, бақша өсіру және саяжай салу үшін берілген жерлерге, оның ішінде қосалқы құрылыстар орналасқан жерлерге салықтың базалық ставкасы, теңгемен мынадай мөлшерде белгіленеді:
0,50 гектарға дейінгі жер алаңына - 0,01 гектар үшін 20 теңге;
0,50 гектардан асатын жер алаңына - 0,01 гектар үшін 100 теңге;
ЕСКЕРТУ. 108-бап өзгертiлдi және 4-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 108-баптың 4-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 заңымен.
Z990355_
ЕСКЕРТУ. 108-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
ЕСКЕРТУ. 108-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
109-бап. Салық ставкасын айқындау
Жергiлiктi өкiлдi органдар өз құзыры шегiнде жер учаскесiнiң орналасқан өңiрiне, оның сумен қамтамасыз етiлуiне, шаруашылық жүргiзудiң өндiрiстiк және басқа жағдайларына байланысты жер салығының базалық ставкасын азайтуға немесе көтеруге құқылы, бiрақ 20 проценттен артық көтермеуге тиiс.
110-бап. Ауыл шаруашылығы үшiн пайдаланылып жүрген
ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған
жерлерге салынатын салық
Елдi мекендердiң, өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi, орман және су қорлары жерiнiң құрамына кiретiн ауыл шаруашылығы үшiн пайдаланылып жүрген учаскелерге осы Заңның 108 және 109-баптарында көзделген тәртiп пен шарт бойынша салық салынады.
ЕСКЕРТУ. 110-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
Салық салынатын алаңға құрылыстар мен ғимараттар алып тұрған жер учаскелерi, оларды ұстауға қажеттi учаскелер, сондай-ақ, егер олар басқа азаматтар мен ұйымдарға берiлмеген болса және жалпы пайдаланымдағы жерлер болмаса, санитарлық-қорғау аймақтары, техникалық және өзге де аймақтар енедi.
112-бап. Салықтың базалық ставкалары
1. Елді мекендердің жеріне салынатын салықтың базалық ставкасы бір шаршы метр алаңға есептеліп мынадай мөлшерде белгіленеді:
___________________________________________________________________
Елді мекеннің түрі |Тұрғын емес құрылыстар, |Жанындағы құрылыстары
|ғимараттар, оларды ұс. |мен ғимараттарын қоса
|тауға арналған учаске. |тұрғын үй қоры алып
|лер, сондай-ақ объекті. |жатқан жерге теңгемен
|лердің санитариялық-қор.|салынатын салықтың
|ғаныш аймақтары, техни. |базалық ставкасы
|калық және өзге де ай. |
|мақтар алып жатқан жерге|
|теңгемен салынатын салық|
|тың базалық ставкасы |
____________________|________________________|_____________________
1 | 2 | 3
____________________|________________________|_____________________
Қалалар: | |
____________________|________________________|_____________________
Алматы: | 15,00 | 0,5
____________________|________________________|_____________________
Астана | 10,00 | 0,5
____________________|________________________|_____________________
Ақтау | 5,00 | 0,3
____________________|________________________|_____________________
Ақтөбе | 3,50 | 0,3
____________________|________________________|_____________________
Атырау | 4,25 | 0,3
____________________|________________________|_____________________
Тараз | 4,75 | 0,3
____________________|________________________|_____________________
Қарағанды | 5,00 | 0,3
____________________|________________________|_____________________
Қызылорда | 4,50 | 0,3
____________________|________________________|_____________________
Қостанай | 3,25 | 0,3
____________________|________________________|_____________________
Павлодар | 5,00 | 0,3
____________________|________________________|_____________________
Петропавл | 3,00 | 0,3
____________________|________________________|_____________________
Орал | 3,00 | 0,3
____________________|________________________|_____________________
Өскемен | 5,00 | 0,3
____________________|________________________|_____________________
Шымкент | 4,75 | 0,3
____________________|________________________|_____________________
Алматы облысы: | |
____________________|________________________|_____________________
облыстық маңызы | 3,50 | 0,2
бар қалалар | |
____________________|________________________|_____________________
аудандық маңызы | 3,00 | 0,2
бар қалалар | |
____________________|________________________|_____________________
Ақмола облысы: | |
____________________|________________________|_____________________
облыстық маңызы | 3,00 | 0,2
бар қалалар | |
____________________|________________________|_____________________
аудандық маңызы | 2,60 | 0,2
бар қалалар | |
____________________|________________________|_____________________
Облыстық маңызы |Облыс орталығы үшін | 0,2
бар басқа да қалалар|белгіленген ставканың |
|85 проценті |
____________________|________________________|_____________________
Аудандық маңызы |Облыстық орталығы үшін | 0,1
бар басқа да қалалар|белгіленген ставканың |
|75 проценті |
____________________|________________________|_____________________
Поселкелер | 0,50 | 0,07
____________________|________________________|_____________________
Селолар (ауылдар) | 0,25 | 0,05
____________________|________________________|_____________________
2. Астана, Алматы қалалары мен облыстық маңызы бар қалалар үшін үй маңындағы жер учаскелеріне салынатын салықтың базалық ставкасы, жанындағы құрылыстары мен ғимараттарын қоса алғанда тұрғын үй қоры алып жатқан жерлерді қоспағанда, мынадай мөлшерде белгіленеді:
0,1 гектарға дейінгі жер алаңына - 0,01 гектар үшін 20 теңге;
0,1 гектардан асатын жер алаңына - 0,01 гектар үшін 600 теңге.
Қалған елді мекендер үшін үй маңындағы жер учаскелеріне салынатын салық тың базалық ставкасы, жанындағы құрылыстары мен ғимараттарын қоса тұрғын үй қоры алып жатқан жерлерді қоспағанда, мынадай мөлшерде белгіленеді:
0,50 гектарға дейінгі жер алаңына - 0,01 гектар үшін 20 теңге;
0,50-ден асатын жер алаңына - 0,01 гектар үшін 100 теңге;
2-1. Астана, Алматы қалаларының, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалалар шегiне енгiзiлген елдi мекендер үшiн, осы қалалардың шекарасы өзгеруiне байланысты, жанындағы құрылғылар мен құрылыстарды қоса, тұрғын үй қоры алып жатқан жерден басқа, үй жанындағы 0,1 гектардан асатын жер учаскелерiне жер салығының ставкасын жергiлiктi өкiлдi органдар 0,01 гектар үшiн 20 теңгеден 600 теңгеге дейiнгi мөлшерде белгiлейдi.
3. Елді мекендердің Қазақстан Республикасының базарларында тауарлар сату құқығы үшін алым алынатын қызметті жүзеге асыруға, автотұрақтарға, май құю станцияларына бөлінген жеріне тұрғын емес құрылыстар, ғимараттар, оларды ұстауға қажетті учаскелер, сондай-ақ объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтары, осы баптың 1-тармағында көзделген техникалық және өзге де аймақтар алып жатқан жерлердің базалық ставкалары бойынша 2 еседен 10 есеге дейiн ұлғайтылған салық салынады.
Ставкаларды ұлғайтудың нақты мөлшерiн жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлейдi.
ЕСКЕРТУ. 112-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.12.08.N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 112-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 заңымен.
Z990355_
Ескерту. 112-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 112-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
ЕСКЕРТУ. 112-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
113-бап. Салық ставкасын анықтау
1. Елдi мекендердiң жерiне салынатын салық ставкасын әрбiр жер иеленушi мен жер пайдаланушыға осы Заңның 112-бабында белгiленген базалық ставкаларға және осы баптың 4-тармағының шарттарына қарай жергiлiктi өкiлдi органдар анықтайды. Аудандарға бөлiнетiн қалаларда салық ставкасын қалалық өкiлдi өкiмет органдары анықтайды.
2.
<*>
3. Елдi мекеннiң шегiнде, бiрақ игерiлген аумақтардан тысқары орналасқан өнеркәсiп, көлiк, байланыс және өзге де ауыл шаруашылық мақсатындағы емес (шахталарды, карьерлердi және олардың санитариялық-қорғаныш, техникалық және өзге аймақтарын қоса) жерлерге 112-бапта көзделген базалық ставкалар бойынша жетпiс процентке дейiн төмендетiлген салық салынады. Төмендетудiң нақты мөлшерi жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлейдi.
4. Жергiлiктi өкiлдi органдар учаскенiң көлiк қатынауына қолайлылығына, сәулет-көркемдiк және құрылыс салудың ландшафтық құндылығына, айналадағы ортаның, микроклиматтық және санитарлық-гигиеналық жағдайына, аумақтық табиғи күштердiң қиратушы әсерiне ұшырауына, халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету орталықтарының өркендеуiне және басқа да факторларға байланысты жер салығының базалық ставкасын 20 проценттен асырмай азайтуға немесе арттыруға құқылы.
ЕСКЕРТУ. 113-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 113-баптың 2-тармағы алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 заңымен.
Z990355_
ЕСКЕРТУ. 113-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
28-тарау. ӨНЕРКӘСIП, КӨЛIК, БАЙЛАНЫС, ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ
БАСҚА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНА АРНАЛМАҒАН ЖЕРГЕ
САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
114-бап. Салықтың базалық ставкалары
1. Базалық салық ставкалары елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп, көлiк, байланыс және басқа ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер үшiн бiр гектарға есептелiп бонитеттiң балына бара-бар мынадай мөлшерде белгiленедi:
Бонитет балы Салықтың базалық ставкасы,
теңгемен
-------------------------------------------------
0-10 25-250
11-20 275-562
21-30 590-825
31-40 853-1075
41-50 1102-1338
51-60 1365-1625
61-70 1652-1925
71-80 1953-2238
81-90 2265-2550
91-100 2578-2950
100-ден астам 3000
-------------------------------------------------
2. Салық төлеушiлер алып отырған жер учаскелерiне бонитет балын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда жер салығының мөлшерi аралас орналасқан жер бонитетi балын негiзге ала отырып анықталады.
ЕСКЕРТУ. 114-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
115-бап. салықтың базалық ставкасын анықтау
Аудандық өкiлдi органдардың салықтың базалық ставкасын учаскенiң орналасқан өңiрiне коммуникациялар болуына және басқа факторларға қарай 20 проценттен асырмай азайтуға немесе арттыруға құқығы бар.
ЕСКЕРТУ. 115-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
116-бап. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жерге
салынатын салық
1. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жерлерге, Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес басқа жер пайдаланушылар уақытша пайдаланып отырған жерлерден басқасына, осы Заңның 114-бабында көзделген базалық ставкаларға сәйкес салық салынады.
2. Қорғаныс мұқтажына уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылық мақсаты үшiн басқа жер пайдаланушыларға берiлген жерлер осы Заңның 108 және 109-баптарында көзделген тәртiп пен шарттар негiзiнде салық салуға жатады.
3. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жер үшiн салық төлету тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайды.
117-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы
жерлерге салынатын салық
Заңды және жеке тұлғаларға иелену немесе пайдалану үшiн берiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жерлерге салық салынуға тиiс.
ЕСКЕРТУ. 117-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
118-бап. Салық төлету тәртiбi мен шарттары
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жерлердiң құрамына кiретiн ауыл шаруашылық мақсатына пайдаланылатын учаскелер осы Заңның 108 және 109-баптарында көзделген тәртiп пен шарттар негiзiнде салық салуға жатады.
2. Сауықтыру және қалпына келтiру мақсатындағы жерлердiң құрамына кiретiн, заңды және жеке тұлғалардың иеленуiне немесе өзге мақсат үшiн пайдалануына берiлген учаскелер, ауыл шаруашылық мақсатына пайдаланылатынынан басқасы, осы Заңның 114 және 115-баптарында көзделген тәртiп пен шарттар негiзiнде салық салуға жатады.
ЕСКЕРТУ. 118-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
119-бап. Салық салуға жататын орман қорының жерлерi
Орман қорының:
1) ауыл шаруашылығы мақсаты үшiн пайдаланылатын;
2) орман шаруашылығы органдарының үйлерi, ғимараттары және басқа да объектiлерi тұрған;
3) ағаш дайындаушы кәсiпорындардың пайдалануына берiлген жерлерi салық салуға жатады.
120-бап. Салық төлету тәртiбi мен шарттары
1. Орман қоры жерлерiнiң құрамына кiретiн және ауыл шаруашылығы мақсатына пайдаланылатын учаскелер осы Заңның 108 және 109-баптарында көзделген тәртiп пен шарттар негiзiнде салық салуға жатады.
2. Орман шаруашылығы органдарының үйлерi, ғимараттары және басқа объектiлерi тұрған орман қоры жерлерi осы Заңның 114 және 115-баптарында көзделген тәртiп пен шарттар негiзiнде салық салуға жатады.
3. Орман қоры жерлерiне салынатын салық ағаш дайындау үшiн пайдалануға арналып игерiлген әрбiр орман алқабынан орманды пайдалану кезеңiне белгiленедi және оны пайдаланғаны үшiн төлемақы құрамында өсiп тұрғанда босатылатын ағаштың кесiмдi құнының бес процентi мөлшерiнде төлетiледi.
121-бап. Салық салуға жататын су қорының жерлерi
Су қорының:
1) ауыл шаруашылық мақсаты үшiн пайдаланылатын;
2) су шаруашылығы органдарының үйлерi, ғимараттары және басқа объектiлерi тұрған жерлерi салық салуға жатады.
122-бап. Салық төлету тәртiбi мен шарттары
1. Су қоры жерлерiнiң құрамына кiретiн және ауыл шаруашылық мақсатына пайдаланылатын учаскелер осы Заңның 108 және 109-баптарында көзделген тәртiп пен шарттар негiзiнде салық салуға жатады.
2. Су шаруашылығы органдарының үйлерi, ғимараттары және басқа объектiлерi тұрған су қорының жерлерi осы Заңның 114 және 115-баптарында көзделген тәртiп пен шарттар негiзiнде салық салуға жатады.
Ескерту. 122-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
123-бап. Салық төлеуден босату
1. Қорға деп сақталған жерлер және әдетте, ерекше қорғалатын
табиғи аумақтардағы, орман және су қорының жерлерi, осы Заңның 117, 119, 121-баптарында көрсетiлген жерлерден басқасына, салық салуға жатпайды.
2. Мынадай:
1) елдi мекендердiң жалпы пайдаланымындағы;
2) жалпы пайдаланымдағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiлерi алып жатқан;
3)
<*>
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша тұмшаланып отырған объектiлерi алып жатқан;
5) "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы аумағындағы құрылыс жүзеге асырылатын немесе аталған аймақ жұмыс iстеп тұрған кезеңде онда инфрақұрылым объектiлерi, әкiмшiлiк және тұрғын үй кешендерi салынған жер учаскелерiнен салық алынбайды.
3. Жер салығын төлеуден:
1) балаларды сауықтыру мекемелерi, қорықтар, ұлттық, дендрологиялық және зоологиялық парктер, ботаника бақтары, зираттар;
2) мемлекеттiк мекемелер;
2-1) қызметінің негізгі түрі ғылым және кітапхана қызметін көрсету саласындағы жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
2-2) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;
2-3) қызметінің негізгі түрі театр-ойын-сауық және (немесе) концерттік шараларды жүзеге асыру, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау жөнінде, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында, спорт саласында қызметтер көрсету болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
3) Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Ақыл-есi мен дене бiтiмiнiң кемiстiгi бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және еңбек ету қабiлетiн қалпына келтiру орталығы, Ауғанстан соғысы ардагерлерiнiң Қазақ республикалық ұйымы (кәсiпорындарсыз) Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай және Қызыл крест ұлттық қоғамы (кәсiпорындарсыз) және балалардың қайырымдылық қорлары (кәсiпорындарсыз);
4) мүгедектер жалпы қызметкерлер санының кемiнде 50 процентiн құрайтын өндiрiстiк кәсiпорындар мен ұйымдар - есептi кезеңде алынған табыстың кемiнде 50 процентiн мүгедектерге әлеуметтiк қорғауға нақтылы пайдаланған жағдайда;
5) Қазақстан Ұлттық Банкi оның филиалдары, өкiлдiктерi және ұйымдары;
6) ауыл шаруашылық мақсаты үшiн иеленуге немесе пайдалануға бүлiнген немесе өнiмдiлiгi аз жерлердi алған Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары, пайдаланудың алғашқы он жылында;
6-1) "Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң мүлкi негiзiнде құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорын "Байқоңыр" кешенiне енгiзiлген жер учаскелерi бойынша;
7) осы Заңның 34-бабының 4-тармағына сәйкес табыс салығы бойынша жеңiлдiктерді пайдаланатын жеке тұлғалар;
8) салық төлеушілер инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған келісім-шартқа сәйкес келісім-шарт жасалған кезден бастап 5 жылға дейінгі мерзімге жер салығын төлеуден босатылуы мүмкін;
Жер салығы жөнiнде жеңiлдiктер берудiң нақты мерзiмi келiсiм-шартта әрбiр салық төлеушi бойынша және негізгі капитал мен экономиканың басым секторына инвестициялардың көлеміне қарай белгiленедi.<*>
Аталған жеңiлдiк сәйкестендiрiлiп берiлген келiсiм-шарт бұзылған жағдайда жер салығы осы Заңда көзделген тиiстi айыппұл санкциялары қолданыла отырып, салық төлеушiнiң бүкiл қызмет ету кезеңiне есептелуге және бюджетке енгiзiлуге тиiс.
9) түзеу мекемелері, Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi түзеу мекемелерiнiң республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары;
10) мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары бiлiм беру саласында медициналық көмек (косметологиялық қызмет көрсетуді қоспағанда) және (немесе) білім беру қызметін көрсетуге байланысты жұмысты қызметтің осы түрлерін жүргізуге құқық беретін тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асыратын ұйымдар, осындай қызметтен алынатын табысы жылдық жиынтық табыс көлемінің кем дегенде 50 процентін құраған жағдайда босатылады.
4. Осы баптың 3-тармағының 1)-5), 9), 10) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар жерге салынатын салықтан оны пайдалануға немесе жалға берген кезде босатылмайды.
Ескерту. 123-баптың 3-тармағы 7-тармақшамен толықтырылсын - ҚР Президентiнiң 1996.01.26. N 2827 жарлығымен.
123-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 123-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 123-баптың 3-тармағы 10-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.02.28. N 76-I Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 123-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 123-бап 4-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 123-баптың 2-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
ЕСКЕРТУ. 123-баптың 3-тармағының 2)-тармақшасы өзгертiлдi және 9)-10)-тармақшалармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.24. N 333 Заңымен.
Z980333_
ЕСКЕРТУ. 123-баптың 3-тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 заңымен.
Z990355_
ЕСКЕРТУ. 123-баптың 3-тармағы толықтырылды және өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 123-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
ЕСКЕРТУ. 123-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.08.02. N 466 Заңымен.
Z990466_
Ескерту. 123-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен.
Z990485_
Ескерту. 123-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 123-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
ЕСКЕРТУ. 123-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 207 Заңымен.
Z010207_
ЕСКЕРТУ. 123-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.07.05. N 223-II Заңымен.
Z010223_
ЕСКЕРТУ. 123-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244 Заңымен.
Z010244_
1. Заңды тұлғалар ақы төлеуге жататын жер салығының мөлшерiн дербес есептейдi және жыл сайын, ағымдағы жылдың бiрiншi шiлдесiнен кешiктiрмей, өзi тұрған жердегi аумақтық салық органдарына әрбiр жер учаскесi бойынша есептелетiн салықтың декларациясын берiп отырады. Жаңадан бөлiнген жер учаскелерi бойынша салық сомасының есебi олар берiлген сәттен бастап бiр ай iшiнде табыс етiледi.
2. Азаматтарға жер салығын есептеудi аумақтық салық органдары жүргiзiп, ағымдағы жылдың бiрiншi тамызынан кешiктiрмей оларға салықты төлеу туралы төлем хабарламасын тапсырып отырады.
3. Төлеушiлердiң есебiн алу және жер салығын есептеу жыл сайын ағымдағы жылдың бiрiншi маусымындағы жағдай бойынша жүргiзiледi.
4. Заңды және жеке тұлғалардан алынатын жер салығы оларға жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдан бастап есептеледi.
ЕСКЕРТУ. 124-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
Ескерту. 124-бап 1,2-тармақтары өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
1. Жер салығын ауыл шаруашылық жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылар және жеке тұлғалар - жер учаскелерінiң иелерi ағымдағы жылдың бiрiншi қазанынан кешiктiрмей төлейдi.
Ауыл шаруашылығына арналмаған жердi пайдаланушы - заңды тұлғалар жер салығын ағымдағы жылдың жиырмасыншы ақпанында, жиырмасыншы мамырында, жиырмасыншы тамызында және жиырмасыншы қарашасында тең үлеспен төлейдi.
Салықтарды төлеу жер учаскелерi орналасқан жерде жүргiзiледi.
2. Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы учаскенi пайдаланудың нақты мерзiмi үшiн төленедi. Артық төленген салық сомасы төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша оған қайтарылады.
Ескерту. 125-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
YII-I Бөлім. Бірыңғай жер салығы
ЕСКЕРТУ. Жаңа YII-I бөліммен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен. Z990440_
Жер пайдалану құқығында жер учаскелерi бар шаруа (фермер) қожалықтары бiрыңғай жер салығын төлеушiлер болып табылады.
ЕСКЕРТУ. 125-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
125-2-бап. Салық салынатын объектi
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен айқындалатын жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiнiң бағалау құны салық салынатын объектi болып табылады.
ЕСКЕРТУ. 125-2-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
Бiрыңғай жер салығы осы Заңның 125-4-бабында көзделген тәртiппен және шарттарда жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiн бағалау құнының 0,1 процент ставкасы бойынша жыл сайын төленедi.
ЕСКЕРТУ. 125-3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
125-4-бап. Салықты есептеу, төлеу және декларация тапсыру тәртiбi
1. Салық төлеушiлер бiрыңғай жер салығын жердi пайдалану құқығындағы жер учаскесiнiң бағалау құнын және салық ставкасын ескере отырып есептейдi.
2. Бiрыңғай жер салығы жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджетке екi мерзiмде - ағымдағы есептi кезеңнiң 20 қазанынан және есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрiлмей төленедi.
Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер төлемнiң бiрiншi мерзiмiнде ағымдағы есептi кезеңде есептелген бiрыңғай жер салығы жалпы сомасының кемiнде 1/2 бөлiгiн төлейдi. 20 қазаннан кейiн құрылған бiрыңғай жер салығын төлеушiлер ағымдағы есептi кезең үшiн төленуге тиiс салықтың жалпы сомасын есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төлейдi.
Декларация бойынша бiрыңғай жер салығының қалдық сомасын төлеу есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзiледi.
3. Салық төлеушiлер жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша аумақтық салық органдарына есептi кезең үшiн бiрыңғай жер салығы бойынша декларацияны есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 15 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тапсырады.
Ағымдағы есептi кезеңге арналған тиiстi құжаттармен бiрге салық сомасының есебі де ағымдағы жылдың 15 наурызынан кешiктірiлмей тапсырылады.
Декларацияның және салық сомасы есебiнiң нысанын, оларды толтыру тәртiбiн, сондай-ақ салық есебiмен бiрге тапсырылатын тиiстi құжаттардың тiзбесiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлейдi.
Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы есептi кезеңге арналған қосымшаларымен бiрге салық бойынша есептi жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк алған кезде тапсырады.
Салық төлеушiлер қызметiн тоқтатқан кезде бiрыңғай жер салығын төлеу бойынша декларацияны жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша аумақтық салық органына қызметтiң тоқтатылғаны туралы шешiм қабылданған кезден бастап 15 күн мерзiмде тапсырады.
4. Салық төлеушiлер жер учаскесiн жер пайдалану құқығында иеленудiң нақты кезеңi үшiн (салық салу объектiсiнiң өзгерiстерiн ескере отырып) бiрыңғай жер салығын есептейдi және төлейдi.
5. Шаруа (фермер) қожалығы жер учаскесiн басқа шаруа (фермер) қожалығына кейiнгi пайдалануға берген кезде тараптардың әрқайсысы жер учаскесiн иеленудiң нақты кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығын есептейдi және төлейдi.
6. Шаруа (фермер) қожалығы жер учаскесiн кейiнгi пайдалануға бiрыңғай жер салығын төлеушi болып табылмайтын басқа салық төлеушiге берген кезде, берiлген жер учаскесi бойынша бiрыңғай жер салығын жалға берушi төлейдi.
7. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында белгiленген жағдайларда жалға берушi жер учаскелерiн жалға беруден алынған табыстар бойынша тиiстi салық пен бюджетке төлемдердi жалпы белгiленген тәртiппен төлейдi. Жер учаскесiн иеленудiң нақты кезеңiн айқындау үшiн жер учаскесiн жалға беру жүргiзiлген ай жалға берушiнiң иелену кезеңiне қосылады.
ЕСКЕРТУ. 125-4-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
125-5-бап. Бiрыңғай жер салығы бойынша есептi кезең
Бiрыңғай жер салығы бойынша бюджетпен iс жүзiнде есеп айырысу жөнiндегi есептi кезең салық жылы болып табылады.
Мемлекет есебiнде тұрған, меншiк иесi, меншiктi сенiм бiлдiрiп басқару, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы көлiк құралдары бар заңды және жеке тұлғалар көлiк құралдарына салынатын салықты төлеушiлер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн көлiк құралдарына қажеттiлiк нормативтерi шегiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер көлiк құралдарына салық төлеушiлерге жатпайды. Қажеттiлiктiң белгiленген нормативтерiнен жоғары көлiк құралдары бойынша салық осы бөлiмге сәйкес төленедi.
ЕСКЕРТУ. 126-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
127-бап. Салық салынатын объектiлер
Осы Заңның 128-бабында атап көрсетiлген, Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiк құралдарының барлық түрi салық салынатын объектiлер болып табылады.
1. Көлік құралдарына салынатын салық жылына бір рет төленіп отырады және айлық есептік көрсеткіштен мынадай ставкалар бойынша есептеледі:
__________________________________________________________________
Салық салынатын объект |Салық мөлшері (айлық есептік |
|көрсеткішпен) |
_________________________________|________________________________|
1. Жеңіл автомобильдер:<*> | |
қоса алғанда 1100<*>) -ге дейін | 4,0 |
1100-ден жоғары - 1500-ді қоса | 6,0 |
алғанда | |
1500-ден жоғары - 2000-ды қоса | 7,0 |
алғанда | |
2000-нан жоғары - 4000-ды қоса | 22,0 |
алғанда | |
4000-нан жоғары | 117,0 |
2. Жүк автомобильдері: | |
жүк көтерімділігі | |
1,5 тоннаға дейін | 9,0 |
жүк көтерімділігі | |
1,5 тоннадан 5 тоннаға дейін | 12,0 |
жүк көтерімділігі | |
5 тоннадан жоғары | |
| 15,0 <*> |
3. Пайдаланылу мерзімі 6 жылдан | |
асатын жеңіл автокөлік құралдары | |
бойынша салық төлеудің белгілен. | |
ген мерзімі аяқталғанға дейін мы.| |
надай түзету коэффициенттері қол.| |
данылады: | |
ТМД елдері шығарған машиналар үшін: |
6 жылдан 20 жылға дейін - | 0,3 |
20 жылдан 30 жылға дейін - | 0,2 |
30 жылдан астам - | 0,1 |
двигателінің көлеміне қарай қалған машиналар үшін: |
3000 текше сантиметрге дейін - | 0,5 |
3000-нан 4000 текше сантиметрге | |
дейін - | 0,7 |
4000-нан және одан да жоғары - | 1,0<*> |
| |
| 3,0 |
4. Автобустар: | |
12 отыру орнына дейінгі | 9,0 |
12 отыру орнынан 25 отыру | |
орнына дейінгі | 14,0 |
25 отыру орнынан жоғары | 20,0 |
5. Мотоциклдер, мотороллерлер,| |
мотошаналар, шағын кемелер | |
(двигателінің қуаты | |
55 кВт-тан кем). | 1,0 |
6. Катерлер, кемелер, | |
буксирлер, баржалар, яхталар: | |
160<**>) дейін | 6,0 |
160-тан 500-ге дейін | 18,0 |
500-ден 1000-ға дейін | 32,0 |
1000-нан жоғары | 55,0 |
7. Ұшу аппараттары | Әр киловатт қуаттан айлық |
|есептік көрсеткіштің 8,0 проценті|
_________________________________|________________________________|
<*>
- двигательдің текше саниметрлік жұмыс көлемі;
<**>
- ат күші.
2. Двигателінің көлемі 1500-ден жоғары - қоса алғанда 2000 текше сантиметрге дейін болған кезде, 7 айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын және двигатель көлемі 2000-нан жоғары - қоса алғанда 4000 текше сантиметрге дейін болғанда, 22 айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын жеңіл автомобильдерге салық сомасы двигательдің аталған көлемінен асқан әр бірлік үшін 12 теңгеге ұлғайтылады.
3. Пайдаланылу мерзімі 6 жылдан асатын жеңіл автокөлік құралдары бойынша салық төлеудің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
ТМД елдері шығарған машиналар үшін - 0,3;
двигателінің көлеміне қарай қалған машиналар үшін:
3000 текше сантиметрге дейін - 0,5;
3000-нан 4000 текше сантиметрге дейін - 0,7;
4000-нан және одан жоғары - 1,0.
4. Пайдаланылу мерзіміне байланысты ұшу аппараттарына салынатын салық ставкасына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
1999 жылғы 1 сәуірден кейін сатып алынған ұшу аппараттарына:
5 жылға дейін пайдаланылғанына - 1,0;
5 жылдан 15 жылға дейін пайдаланылғанына - 2,0;
15 жылдан көп пайдаланылғанына - 3,0;
1999 жылғы 1 сәуірге дейін сатып алынған ұшу аппараттарына:
5 жылға дейін пайдаланылғанына - 1,0;
5 жылдан 15 жылға дейін пайдаланылғанына - 0,5;
15 жылдан көп пайдаланылғанына - 0,3.
5. Көлiк құралын пайдалану мерзiмi техникалық паспортта (әуе кемесiн жазғы пайдалану жөнiндегi басшылықта) көрсетiлген көлiк құралының шығу кезiнен бастап есептеледi.
Ескерту. 128-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 128-бап өзгертiлдi және 2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08.N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 128-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
ЕСКЕРТУ. 128-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 заңымен.
Z990355_
ЕСКЕРТУ. 128-бап өзгертілді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
ЕСКЕРТУ. 128-бап өзгертілді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.07.05. N 65 Заңымен.
Z000065_
129-бап. Салық жөнiндегi жеңiлдiктер
Көлiк құралдарына салынатын салықты төлеуден:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi тiзбесiн белгiлейтiн ауыл шаруашылығы өнiмiн мамандандырылған ауыл шаруашылық техникасымен өндiрушiлер, бірыңғай жер салығын төлеушiлердi қоса алғанда;
2) жүк көтерiмi 40 тоннадан асатын карьерлiк автоаударғыштар;
3) бiр автокөлiк құралдары бойынша - меншiгiнде мотоколяскалар мен автомобильдерi бар мүгедектерi;
4) меншiк құқығында бар бiр автокөлiк құралы бойынша - Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы" атағы барлар, Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және "Отан" орденiмен наградталғандар, "Алтын алқа" және "Ардақты ана" атағына ие болған көп балалы аналар;
5) Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Ақыл-есi мен дене бiтiмiнiң кемiстiгi бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және еңбек ету қабiлетiн қалпына келтiру орталығы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және олардың қаражаты есебiнен салынған өндiрiстiк кәсiпорындар, Ауғанстандағы соғысының ардагерлерiнiң Қазақ республикалық ұйымы (кәсiпорындарынсыз);
6) қызметкерлерiнiң жалпы санының кемiнде 50 процентi мүгедектерден тұратын өндiрiстiк кәсiпорындар мен ұйымдар, мұнда алынған табыстың кемiнде 50 процентi есептi кезеңде iс жүзiнде мүгедектердi әлеуметтiк қорғауға нақтылы пайдаланылған жағдайда;
7) Қазақстан Ұлттық Банкi оның филиалдары, өкiлдiктерi және ұйымдары;
8) мемлекеттік мекемелер және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын көлік құралдары бойынша коммерциялық емес ұйымдар босатылады;
8-1) мамандандырылған медициналық көлік құралдары;
8-2) "Байқоңыр" кешенi объектілерiнiң мүлкi негiзiнде құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорын "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерi болып табылатын көлiк құралдары бойынша;
9) меншiк құқығында бар бiр автокөлiк құралы бойынша - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар;
10) ауылшаруашылық құрамасынан шығу нәтижесінде пай ретінде алған жүк автомобильдері мен автобустар бойынша жеке адамдар босатылады.
Ескерту. 129-бап толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 129-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 129-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.24. N 333 Заңымен.
Z980333_
Ескерту. 129-бап 8-1)-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 129-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 129-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен.
Z990485_
Ескерту. 129-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 129-бап өзгертілді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.07.05. N 65 Заңымен.
Z000065_
130-бап. Салықты есептеу және төлеу тәртібі
1. Көлік құралдарына салынатын салықты салық төлеушілер салық ставкаларын ескере отырып, көлік құралдарының түрлеріне қарай есептейді.
2. Заңды тұлғалар көлік құралдарына салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген нысан бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
3. Көлік құралдарының иелері салықты ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде төлейді, ал көлік құралдары тіркелген және қайта тіркелген жағдайларда салық төлеу көлік құралдарының тіркелген және есепке алынған жері бойынша аталған әрекеттер аяқталғанға дейін жүргізіледі. Иесінің өзгеруіне немесе ағымдағы жылда Қазақстан Республикасы аумағында тұратын жерін ауыстыруына байланысты көлік құралдарын қайта тіркеген кезде салық екінші рет төленбейді.
4. Жол полициясы органдары көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу немесе техникалық жағынан тексеру кезінде көлік құралдарының иелерінен көлік құралдарына салықтың толық төленгенін растайтын құжатты талап етуге міндетті. Осы Заңның 128-бабында көзделген мөлшерде салықтың толық төленгенін растайтын құжат болмаған жағдайда тіркеу, қайта тіркеу немесе техникалық жағынан тексеру жүргізілмейді.
5. Көлік құралына меншік құқығынан айырылған кезде салық төлеушінің жыл ішінде төлеген салық сомасы қайтаруға жатпайды.
Ескерту. 130-бап толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 130-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
ЕСКЕРТУ. 130-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 заңымен.
Z990355_
Меншiк иесi, меншiктi сенiм бiлдiрiп басқару, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар (оның ішінде резидент еместер), олардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері және жеке тұлғалар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мүлiкке қажеттiлiк нормативтерi шегiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер мүлiк салығын төлеушiлерге жатпайды. Қажеттiлiктiң белгiленген нормативтерiнен жоғары мүлiк бойынша салық осы бөлiмге сәйкес жалпы белгiленген тәртiппен төленедi.
Ескерту. 131-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 131-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
132-бап. Салық салу объектiлерi
Салық салу объектiлерi:
1) кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар және жеке тұлғалардың заңды тұлға құрмай, көлiк құралдарының салық салынатын көлiк құралдарын қоспағандағы, амортизацияланатын активтерінің қалдық құны;
2) жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын, азаматтардың жеке пайдалануындағы, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғын үй-жайларының, саяжай құрылыстарының, гараждарының, өзге де құрылыстарының, ғимараттарының, үй-жайларының құны.
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы жұмыс iстеп тұрған кезеңiнде оның аумағында салынған заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың үйлерi мен ғимараттарының қалдық құны мүлiк салығын салу объектiсi болып табылмайды.
ЕСКЕРТУ. 132-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 132-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
ЕСКЕРТУ. 132-баптың 1) тармақшасы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 заңымен.
Z990355_
ЕСКЕРТУ. 132-баптың 1 тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 132-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
ЕСКЕРТУ. 132-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.07.05. N 223-II Заңымен.
Z010223_
1. Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерiнiң және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық осы Заңның 135-бабында көзделген тәртiп пен шарттар негiзiнде амортизацияланатын активтерiнiң құнынан 1 проценттiк ставка бойынша жыл сайын төленедi.
2. Жеке тұлғаның кәсiпкерлiк қызметке пайдаланылмайтын мүлкiне салынатын салық Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген органның төмендегiдей ставкалар бойынша белгiлеген жылжымайтын мүлiк құнынан жыл сайын төленiп отырады:
1) 1 000 000 теңгеге дейiн жылжымайтын мүлiк құнының 0,1 процентi;
2) 1 000 000 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейiн 1 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан артық соманың 0,15 процентi;
3) 2 000 000 теңгеден 3 000 000 теңгеге дейiн 2 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан артық соманың 0,2 процентi;
4) 3 000 000 теңгеден 4 000 000 теңгеге дейiн 3 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 0,3 процентi;
5) 4 000 000 теңгеден 5 000 000 теңгеге дейiн 4 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 0,4 процентi;
6) 5 000 000 теңгеден 6 000 000 теңгеге дейiн 5 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 0,5 процентi;
7) 6 000 000 теңгеден 7 000 000 теңгеге дейiн 6 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 0,6 процентi;
8) 7 000 000 теңгеден 8 000 000 теңгеге дейiн 7 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 0,7 процентi;
9) 8 000 000 теңгеден 9 000 000 теңгеге дейiн 8 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 0,8 процентi;
10) 9 000 000 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейiн 9 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 0,9 процентi;
11) 10 000 000 теңгеден және одан жоғары 10 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 1 процентi.
ЕСКЕРТУ. 133-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 133-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 133-баптың 1 тармағы өзгертілді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 заңымен.
Z990355_
ЕСКЕРТУ. 133-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
134-бап. Салық жөнiндегi жеңiлдiктер
1. Мүлiк салығын төлеуден:
1) мемлекеттік мекемелер және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мүліктер бойынша коммерциялық емес ұйымдар;
2) өндiрiстiк мақсатта және әлеуметтiк салада пайдаланылатын мүлiк бойынша - осы Заңның 129-бабының 5-тармағында көрсетiлген ұйымдар;
2-1) қызметінің негізгі түрі ғылым және кітапхана қызметін көрсету саласындағы жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
2-2) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;
2-3) қызметінің негізгі түрі театр-ойын-сауық және (немесе) концерттік шараларды жүзеге асыру, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау жөнінде, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында, спорт саласында қызметтер көрсету болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
3) негiзгi қызметiнде пайдаланатын мүлкi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi босатылады.
4) жалпы пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарын және олардағы жол құрылыстарын жедел басқаруға құқығы бар ұйымдар;
5) салық төлеушілер инвестиция жөніндегі уәкілетті органмен жасалған келісім-шартқа сәйкес келісім-шарт жасалған кезден бастап 5 жылға дейінгі мерзімге мүлікке салынатын салықты төлеуден босатылуы мүмкін.
Мүлiкке салынатын салық жөнiнде жеңiлдiктер берудiң нақты мерзiмi келiсiм-шартта әрбiр салық төлеушi бойынша және негізгі капитал мен экономиканың басым секторына инвестициялардың көлеміне қарай белгiленедi.
Аталған жеңiлдiк сәйкестендiрiлiп берiлген келiсiм-шарт бұзылған жағдайда мүлiкке салынатын салық Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген тиiстi айыппұл санкциялары қолданыла отырып, салық төлеушiнiң бүкiл қызмет ету кезеңiне есептелуге және бюджетке енгiзiлуге тиiс.
6) түзеу мекемелері, Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi түзеу мекемелерінiң республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары;
7) мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары бiлiм беру саласында медициналық көмек (косметологиялық қызмет көрсетуді қоспағанда) және (немесе) білім беру қызметін көрсетуге байланысты жұмысты жүзеге асыратын, қызметтің осы түрлерін жүргізуге құқық беретін тиісті лицензиялары бар ұйымдар осындай қызметтен алынатын табысы жылдық жиынтық табыс көлемінің кем дегенде 50 процентін құраған жағдайда босатылады.
8) "Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң мүлкi негiзiнде құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорын "Байқоңыр" кешенiнiң объектiсi болып табылатын мүлiк бойынша;
2. Мына санаттардағы азаматтардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын мүлкi бойынша есеп айырысатын 1000 айлық көрсеткiш мөлшерiнде салық салынбайтын ең төменгi деңгей белгiленедi:
1) Кеңестер Одағының Батырларына, Социалистiк Еңбек Ерлерiне, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соларға теңестiрiлген адамдарға, "Халық қаhарманы" атағына ие болған, Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдарға;
2) "Алтын алқа" және "Ардақты ана" атағына ие болған көп балалы аналарға;
3) I және II топтағы мүгедектерге;
4) жеке тұратын зейнеткерлерге белгiленедi.
2-1. Кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын мүлік бойынша әскери қызметшілер мүлікке салық төлеуден босатылады.
3. Осы баптың 1-тармағының 1)-7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар мүлiкке салынатын салықты төлеуден оны пайдалануға немесе жалға беру кезiнде босатылмайды.
Ескерту. 134-баптың 1-тармағы 5-тармақшамен толықтырылған - ҚР Президентiнiң 1996.01.26. N 2827 жарлығымен.
134-бап 4-тармақшамен толықтырылды және 2-тармағынан сөздер алынып тасталған - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 134-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 134-баптың 1-тармағы 6-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.02.28. N 76-I Заңымен.
Z970076_
ЕСКЕРТУ. 134-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 134-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 134-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
ЕСКЕРТУ. 134-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.24. N 333 Заңымен.
Z980333_
ЕСКЕРТУ. 134-баптың 1 тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 заңымен.
Z990355_
ЕСКЕРТУ. 134-баптың 1 тармағы тармақшалармен және жаңа 2-1-тармақпен толықтырылды, 3-тармақ өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 134-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
ЕСКЕРТУ. 134-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.08.02. N 466 Заңымен.
Z990466_
Ескерту. 134-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен.
Z990485_
Ескерту. 134-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 134-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 207 Заңымен.
Z010207_
ЕСКЕРТУ. 134-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244 Заңымен.
Z010244_
135-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар және жеке тұлғалар мүлiк құнынан 1 проценттiк ставка бойынша есептелетiн салықтың ағымдағы сомасын салық жылының жиырмасыншы ақпанында, жиырмасыншы мамырында, жиырмасыншы тамызында және жиырмасыншы қарашасында тең үлеспен төлейдi. Есептi жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша нақтылы есептелетiн салықты төлеу немесе артық төленгенiн қайтару салық төлеушiлер декларация табыс еткеннен кейiнгi он күн iшiнде салық жылының нәтижелерi бойынша, табыс салығы жөнiндегi декларацияны ұсыну үшiн көзделген мерзiмде жүргiзiледi.
2. Жеке пайдалануындағы мүлкi бойынша жеке тұлғалар ағымдағы жылдың бiрiншi қазанынан кешiктiрiлмей салық төлейдi.
Салықты есептеу салық жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлiк құнын негiзге ала отырып жүргiзiледi.
3. Салық салу объектiлер тұрған жерде төленедi.
Ескерту. 135-бапқа өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 135-бапқа өзгерiс пен толықтыру енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 135-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
136-бап. Әкiмшiлiк ережелерi мен салық есебiн қолдану
тәртiбi
1. Егер осы Заңның өзге бөлiмдерiнде басқадай белгiленбесе, осы бөлiмде көзделген әкiмшiлiк ережелер салықтардың барлық түрлерiне қолданылады.
2.
<*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
137-бап. Төлемдердiң бюджетке толық және уақтылы
түсуiн тексеру
1. Салықты және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiне төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудiң дұрыстығы және оларды дер кезiнде төлеу мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғаларды тексерудi салық қызметi органдары, ал осы Заңда көзделген жағдайларда қаржы полициясы органдарымен бiрлесiп жүзеге асырады.
2. Салықтың белгiлi бiр түрi бойынша тексеру жарты жылда бiр реттен, ал кешендi тексеру - жылына бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi.
Нақты салық төлеушіге қатысты кезектен тыс тексерулер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің нормативтік бұйрығына сәйкес, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңдарында белгіленген жағдайларда жүргізіледі.
3. Тексеру актілері бойынша есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдармен өсімдер сомалары бойынша салық қызметінің органы осы Заңның 149-бабына сәйкес хабарлама жазады.
Ескерту. 137-баптың 2-тармағы толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 137-бап 3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 заңымен.
Z990355_
ЕСКЕРТУ. 137-баптың 2-тармағының екінші бөлігі жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 заңымен.
Z990355_
Ескерту. 137-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 240 Заңымен.
Z010240_
138-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн
анықтау тәртiбi
1. Мәмiленi жасау кезiнде қолданылатын бағаның нарықтық бағадан ауытқуы кезiнде салық қызметi органдары салық салу объектiлерiн трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау туралы заңдарға сәйкес түзетедi.
1-1. Кәсiпкерлiк қызметi кезеңдiк сипаттағы (яғни кәсiпкерлiк қызметтi бiр айға жетпейтiн уақытта жүзеге асыратын) жеке тұлғалар бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша қызмет түрлерiнiң тiзбесiн және бiржолғы талондар негiзiнде салық төлеу тәртiбiн айқындайды.
2. Салықтық және бухгалтерлiк есеп жүргiзу тәртiбi бұзылған, есеп құжаттары жойылған немесе жоғалған, сондай-ақ салық салу объектiсiн анықтау мүмкiн емес жағдайда, салық қызметi органдары салық салу объектiсi мен салықты тiкелей және жанама әдiстер (активтер, айналым, өндiрiс шығасысы және т.б.) негiзiнде анықтайды.
Тиеп жөнелту құжаттарының, сондай-ақ салықтық есеп-фактуралардың дұрыстығы үшiн тауар жеткiзiп берушi (жұмыс орындаушы, қызмет көрсетушi) жауап бередi.
3. Егер жеке тұлға өз тұтынуы үшiн, оның iшiнде мүлiк сатып алуға, жұмсаған шығыстарына сәйкес келмейтiн табысын көрсетсе, салық қызметi өткен кезеңдердегi табыстарын ескере отырып, оның жұмсаған шығыстарының негiзiнде табыс пен салықты анықтайды.
4. Сол сияқты басқа тұлғалар мен органдар аталған табыстың алыну заңдылығын даулаған жағдайда, табыс салық салуға жатады.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша табыс бюджетке алынуға жататын болса, онда аталған табыс одан төленген салық сомасы шегерiлiп алынады.
6.
<*>
7. Барлық салықтарға қатысты баспа-бас операциялар бұл операцияларды шот-фактуралармен міндетті түрде ресімдей отырып, қолданылып жүрген баға бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату ретінде қарастырылады.
ЕСКЕРТУ. 138-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-I Заңымен.
Z960061_
ЕСКЕРТУ. 138-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 138-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 138-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
Ескерту. 138-баптың 6-тармағы алып тасталды, 7-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 336 Заңымен.
Z980336_
ЕСКЕРТУ. 138-баптың 1-тармағы өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 138-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 138-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен.
Z990485_
Ескерту. 138-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 138-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
138-1-бап. Салық салудың оңайлатылған режимi
1. Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттары үшiн патент және оңайлатылған декларация негiзiнде салықтарды есептеудiң және төлеудiң ерекше тәртiбiн көздейтiн салық салудың оңайлатылған режимi белгiленедi.
2. Осы Заңның 138-2, 133-3, 138-4-баптарында көрсетiлген жағдайларға сәйкес келетiн салық төлеушiлерге (құмар ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асырушыларды қоспағанда) жалпы белгiленген тәртiппен немесе салық салудың оңайлатылған режимiнде салықтарды есептеу және төлеу тәртiбiн таңдауға құқық берiледi.
Құмар ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер бюджетпен есеп айырысуды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген тәртiппен патент негiзiнде жүзеге асырады.
3. Салық төлеудiң оңайлатылған режимдерiн қолдану үшiн белгiленген шарттар сақталмаған жағдайда, оның iшiнде дұрыс емес деректер бергенi үшiн салық төлеушi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.
ЕСКЕРТУ. Жаңа 138-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 336 Заңымен.
Z980336_
ЕСКЕРТУ. 138-1-баптың 2,3,15-тармақтары толықтырылды, - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 Заңымен.
Z990355_
ЕСКЕРТУ. 138-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
138-2 бап. Патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимi
1. Патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимi негiзiнен қолма-қол ақшамен жұмыс iстейтiн және тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi жүзеге асыру бойынша шектеулi айналымы бар, сондай-ақ жұмыспен қамтылған қызметкерлердiң саны шектеулi жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн қолдану шарттарын, салықтарды есептеу тәртiбiн және төлеу мерзiмiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлейдi.
Патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған кезде салық төлеушi оңайлатылған декларация негiзiнде салық төлеудiң оңайлатылған режимiне не салықты есептеу мен төлеудiң жалпы белгiленген тәртiбiне көшедi.
Осы баптың ережелерi 138-3-баптың 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайды.
ЕСКЕРТУ. 138-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
138-3-бап. Ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн
патент негізінде салық салудың оңайлатылған режимі
1. Осы бапта көзделген салық салудың оңайлатылған режимi:
1) жердi пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiретiн және өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн және өткiзетiн;
2) мал шаруашылығының және құс шаруашылығының (оның iшiнде асыл тұқымды) ауыл шаруашылығы өнiмiн төлдi өсiруден бастап толық циклмен өндiретiн, омарташылық өнiмiн өндiретiн, өзi өндiрген осы өнiмдi қайта өңдейтiн және өткiзетiн заңды тұлғаларға қолданылады.
Патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн:
филиалдары мен өкiлдiктерi бар,
тәуелдi (оның iшiнде еншiлес) ұйымдары бар заңды тұлғалардың қолдануға құқығы жоқ.
2. Патент бойынша салық салудың оңайлатылған режимi негiзiнде салықтарды есептеу және төлеу үшiн салық төлеуші жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша аумақтық салық органына Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген нысан және тәртiп бойынша өтiнiш пен құжаттарды ағымдағы салық жылының 20 ақпанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тапсырады.
Салық төлеушiнiң көрсетiлген мерзiмде өтiнiш тапсырмауы оның салықтарды жалпы белгiленген тәртiппен есептеп төлеуге келiсiмi болып есептеледi.
Оңайлатылған режимдi қоса алғанда, салық жылының басында таңдап алынған салықтарды есептеу мен төлеу тәртiбi салық жылының iшiнде өзгертiлуге жатпайды.
3. Патенттiң құнына заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, әлеуметтiк салық, жер салығы, мүлiкке салынатын салық, көлiк құралдарына салынатын салық енгiзiледi.
Патент құнын есептеу кезiнде бюджетке төленуге тиiс салық сомасы 80 процентке кемiтiледi.
Патент құнын есептеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлейдi.
4. Патент құнының есебiне енгiзiлген салықтарды төлеу Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген тәртiппен мынадай үш мерзiмде:
1) ағымдағы салық жылының 20 мамырынан кешiктiрiлмей;
2) ағымдағы салық жылының 20 қазанынан кешiктiрiлмей;
3) есептi жылдан кейiнгi салық жылының 20 наурызынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
Салық төлеушiлер патент құнына енгiзiлген салықтар бойынша декларация ұсынудан босатылады.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде, оның iшiнде акцизделетiн өнiмдердi өндiру және (немесе) қайта өңдеу кезiнде салық төлеушiлер табыстар мен шығыстардың (жалақы төлемдерiн қоса алғанда), мүлiктiң (оның iшiнде көлiк құралдары мен жер учаскелерi) бөлек есебiн жүргiзуге және қызметтердiң осы түрлерi бойынша тиiстi салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жалпы белгiленген тәртiппен есептеуге және төлеуге мiндеттi.
ЕСКЕРТУ. 138-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
138-4 бап. Оңайлатылған декларация негiзiнде салық
салудың оңайлатылған режимi
1. Оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимi, төлем көзiнен ұсталатын табыс салығын қоспағанда, заңды тұлғалардан және заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын (бұдан әрi - табыс салығы) және әлеуметтiк салықты есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi.
Осы тармақта көрсетiлмеген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеу жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiнде бюджетпен есеп айырысу үшiн есептi кезең тоқсан болып табылады.
3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн мынадай шарттарға сәйкес келетiн:
1) заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшiн:
есептi кезеңде қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк саны кәсiпкердiң өзiн қоса алғанда 15 адамнан аспайтын;
кәсiпкерлiк қызметтiң 5-тен аспайтын түрiн жүзеге асыратын;
есептi кезеңдегi табысы 4500 мың теңгеден аспайтын;
2) заңды тұлғалар үшiн:
есептi кезеңде қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк саны 25 адамнан аспайтын;
кәсiпкерлiк қызметтiң 7-ден аспайтын түрiн жүзеге асыратын;
есептi кезеңдегi табысы 9 000 мың теңгеден аспайтын салық төлеушi қолданады.
4. Оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн қызметтердiң мынадай түрлерiн:
1) акцизделетiн өнiм шығаруды;
2) консультациялық, қаржылық, бухгалтерлiк қызмет көрсетудi;
3) мұнай өнiмдерiн сатуды;
4) шыны ыдыстарын жинау мен қабылдауды;
5) жер қойнауын пайдалануды;
6) құмар ойындары бизнесiн;
7) лицензияланатын:
медициналық, дәрiгерлiк және мал дәрiгерлiк қызметтердi;
тұрғын үй, коммуналдық-тұрмыстық объектiлердi газдандыру бойынша өндiру, жөндеу және құрылыс жұмыстарын;
күзет, өрт дабылы және өртке қарсы автоматтық құралдарды жобалауды, монтаждауды, жөндеудi және оларға техникалық қызмет көрсетудi; өртке қарсы техникаларды, жабдықтарды және өрттен қорғау құралдарын өндiру мен сатуды;
жолаушылар лифтiлерiн монтаждауды, жөндеудi және оларға қызмет көрсетудi;
дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын әзiрлеудi, өндiрудi, қайта өңдеудi және көтере сатуды, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсету түрлерін;
жолаушылар мен жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдауды;
емдеу препараттарын әзiрлеудi және (немесе) сатуды;
жобалау-iздеу, сараптау, құрылыс-монтаж жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар өндiру жөнiндегi жұмыстарды;
алкогольдi өнiмдердi бөлшек саудада сатуды қоспағанда, жүзеге асыратын салық төлеушiлер қолданбайды.
5. Осы баптың 3-тармағында белгiленген шарттарға қарамастан, салық салудың осы оңайлатылған режимiн қолдануға:
1) филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушiлердiң;
2) салық төлеушiлер филиалдарының, өкiлдiктерi мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерiнiң;
3) заңды тұлғалардың еншiлес ұйымдарының және тәуелдi акционерлiк қоғамдардың;
4) бiрыңғай жер салығын төлеушiлердiң және осы Заңның 138-3-бабының 1-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлердiң құқығы жоқ.
6. Оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн таңдау кезiнде салық төлеушi тiркелген жерi бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген мерзiмдерде және нысан бойынша өтiнiшiн аумақтық салық органына тапсырады.
Салықтарды есептеу мен төлеудiң таңдап алынған тәртiбi, осы баптың 11-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық жылының iшiнде өзгертiлуге жатпайды.
7. Салық төлеушi есептi кезеңнiң қорытындысы бойынша оңайлатылған декларацияны аумақтық салық органына есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-ына дейiн тапсырады.
8. Есептi кезең үшiн оңайлатылған декларация бойынша төленуге тиiс табыс салығы мен әлеуметтiк салықтың сомасы (бұдан әрi - салық) салық салу объектiсiне осы баптың 10-тармағында белгiленген ставканы қолдану арқылы айқындалады.
Төлем көзiнен салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар бар болған жағдайда, бұрын салық салынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнен тыс жерлерде алынған (алынуға тиiс) табыстарды қамтитын есептi кезеңде алынған (алынуға тиiс) табыс салық салу объектiсi болып табылады.
Салық төлеушi оңайлатылған декларация бойынша төленуге тиiс салық сомасын қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санын негiзге алып, әрбiр қызметкер үшiн салық сомасының 1,5 процентi мөлшерiндегi сомаға кемiтедi.
9. Осы баптың 8-тармағына сәйкес оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасы табыс салығы мен әлеуметтiк салыққа тең үлесте бөлiнедi және есептi кезеңнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей бюджетке төленуге тиiс.
10. Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалардың табыстарына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
-------------------------------------------------------------------
Тоқсандағы табыстың мөлшерi ! Салық ставкасы
-------------------------------------------------------------------
1500,0 мың теңгеге дейiн қоса алғанда Табыс сомасынан 4 процент
1500,0 мың теңгеден жоғары 60,0 мың теңге + 1500,0 мың
3000,0 мың теңгеге дейiн қоса теңгеден асатын табыс
алғанда сомасынан 7 процент
3000,0 мың теңгеден жоғары 165,0 мың теңге + 3000,0 мың
4500,0 мың теңгеге дейiн қоса теңгеден асатын табыс
алғанда сомасынан 11 процент
-------------------------------------------------------------------
Заңды тұлғалардың табысына мынадай
ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
-------------------------------------------------------------------
Тоқсандағы табыстың мөлшерi ! Салық ставкасы
-------------------------------------------------------------------
1500,0 мың теңгеге дейiн қоса Табыс сомасынан 5 процент
алғанда
1500,0 мың теңгеден жоғары 75,0 мың теңге + 1500,0 мың
3000,0 мың теңгеге дейiн қоса теңгеден асатын табыс
алғанда сомасынан 7 процент
3000,0 мың теңгеден жоғары 180,0 мың теңге + 3000,0 мың
4500,0 мың теңгеге дейiн қоса алғанда теңгеден асатын табыс
сомасынан 9 процент
4500,0 мың теңгеден жоғары 315,0 мың теңге + 4500,0 мың
6500,0 мың теңгеге дейiн қоса алғанда теңгеден асатын табыс
сомасынан 11 процент
6500,0 мың теңгеден жоғары 535,0 мың теңге + 6500,0 мың
9000 мың теңгеге дейiн қоса алғанда теңгеден асатын табыс
сомасынан 13 процент
-------------------------------------------------------------------
11. Осы баптың 3-5-тармақтарында белгiленген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда, салық төлеушi есептi кезеңнен кейiнгi тоқсаннан бастап салықтарды есептеу мен төлеудiң жалпы белгiленген тәртiбiне көшедi.
12. Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлға осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгiленген шарттар өзгерген кезде (көрсеткiштердiң артуы), заңды тұлға ретiнде тиiстi тiркеуден өткеннен кейiн оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн қолдануға құқылы.
ЕСКЕРТУ. 138-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
139-бап. Салық төлеушiлердi есепке алу
1. Аумақтық салық органдарында салық төлеушi ретiнде есепке қою қандайда бiр салық бойынша салық мiндеттемесiнiң туындауы мен орындалуына байланысты болатын, осы Заңда көзделген жағдайларға қарамастан жүзеге асырылады.
2. Заңды немесе жеке тұлғаны есепке қою олардың өтiнiштерi бойынша аумақтық салық органында, тиiсiнше Заңды тұлғаның орналасқан жері немесе жеке тұлғаның тұратын жерi бойынша жүргiзiледi. Бұл орайда, заңды тұлға мемлекеттiк тiркеуге тұрған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал жеке тұлға - өзi келу тәртiбiмен өтiнiш беруге мiндеттi.
3. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекеме құрмай кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруды бастағаннан не салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша басқа мiндеттемелер туындағаннан кейiн 10 күн iшiнде салық есебiне қою үшiн аумақтық салық органдарына өтiнiш бiлдiруге мiндеттi.
ЕСКЕРТУ. 139-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 139-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
Ескерту. 139-баптың 1-4 тармақтары өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31.N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 139-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 139-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
139-1-бап. Салық органдарында есепке қою және есептен
шығару тәртiбi. Салық төлеушiнiң тiркеу
нөмiрi
1. Есепке қою және есептен шығару туралы өтiнiштердiң нысанын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлейдi.
2. Заңды тұлға өтiнiш беру кезiнде есепке қою туралы өтiнiшпен бiрге тiркеу туралы куәлiктiң, құрылтай құжаттарының белгiлеген тәртiппен расталған бiр дана көшiрмесiн табыс етедi.
Есепке қою кезiнде салық төлеушiлер - жеке тұлғалар туралы мәлiметтердiң құрамына олардың дербес деректерi:
1) тегi, аты және әкесiнiң аты;
2) туған күнi, айы, жылы және туған жерi;
3) жынысы;
4) мекен-жайы;
5) жеке куәлiгiнiң немесе салық төлеушiнiң жеке басын куәландыратын өзге құжаттың нөмiрi енгiзiледi.
3. Аумақтық салық органдары салық төлеушi өтiнiш берген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнi есепке қоюды жүзеге асыруға мiндеттi.
4. Әрбiр салық төлеушiге аумақтық салық органында Қазақстан Республикасының барлық аумағында бiрыңғай салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi берiледi.
5. Салық төлеушiнiң орналасқан жерi немесе тұрған жерi өзгерген жағдайда бұрынғы аумақтық салық органынан есептен шығару және жаңа аумақтық салық органында есепке қою салық төлеушiнiң бұрынғы тiркеу нөмiрi сақтала отырып, көрсетiлген аумақтық салық органдары белгiленген тәртiппен қажеттi құжаттарды (мәлiметтердi) алған күннен бастап он күн iшiнде жүргiзiледi.
6. Заңды тұлға (банкте жеке балансы және есеп шоты жоқ оның оқшауландырылған бөлiмшелерi) таратылған немесе қайта құрылған жағдайда не жеке тұлға кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатқан жағдайда есептен шығаруды аумақтық салық органдары көрсетiлген заңды немесе жеке тұлғалардың өтiнiштерi бойынша жүргiзедi.
7. Аумақтық салық органдарында есепке қою фактiсi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген нысанда және тәртiппен салық төлеушiге берiлген құжаттармен расталады.
Аумақтық салық органы салық төлеушiге берiлетiн барлық құжаттарда оның тiркеу нөмiрiн көрсетедi.
8. Әрбiр салық төлеушi салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн заңды және жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте қолданатын бланкаларында, құжаттарында, салық декларациясында және аумақтық салық органдарына берiлетiн өзге де құжаттарда көрсетедi.
Салық төлеушiлер есеп айырысу құжаттарында, оның iшiнде шот-фактураларында салық төлеушiнiң өз тiркеу нөмiрiн көрсетуге мiндеттi.
9. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн берудiң, өзгертудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлейдi.
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi есеп деректерi негiзiнде Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi.
Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Ескерту. Жаңа 139-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
139-2-бап. Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiнiң
жүзеге асырыла бастауының салық
органдарында тiркелуi
1. Салық төлеушілер аумақтық салық органдарында тиісінше заңды тұлғаны, филиалын, өкілдігін орналасқан жерi бойынша, кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғаны тұратын жерi бойынша кәсiпкерлiк қызметтiң мынадай түрлерiн:
1) бензиннiң (авиация бензинiн қоспағанда), дизель отынының көтерме және бөлшек саудасын;
2) алкогольдi өнiмдер өндiрудi және сатуды;
3) шыны ыдыстарды қабылдауды;
4) лотереяларды ұйымдастыруды, өткiзудi және сатуды;
5) ойын бизнесiн жүзеге асыра бастағанын тiркеуге мiндеттi.
2. Лицензиялауды жүзеге асыратын органдар лицензия берiлгеннен кейiн 3 күн iшiнде лицензия алушыға лицензия берiлгендiгi туралы тиiстi аумақтық салық органдарын хабардар етуге мiндеттi.
Ескерту. Жаңа 139-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
140-бап. Салық төлеушiлермен хат-хабар алысу
Салық қызметiнiң салық төлеушiге жiберетiн хабарлама қағазы немесе басқа да құжаттары жазбаша жасалып, оларға тегi мен аты-жөнi көрсетiлген бастықтың немесе уәкiлдi лауазымды адамның қолы қойылуға, сондай-ақ елтаңбалы мөрмен расталып, салық төлеушiге жiберiлуге не болмаса тапсырылуға тиiс. Құжаттар оның мекен-жайына хабарламамен жеткiзiлсе немесе тапсырыс почтасымен жiберiлсе, белгiленген тәртiппен тапсырылған болып саналады.
Осы Заңмен белгiленген мерзiмнiң саналуы, оның басталуы белгiленген нақты оқиғадан немесе заңды әрекеттен кейiн келесi күнi басталады. Мерзiм осы Заңмен белгiленген уақыттың соңғы күнi бiтедi. Егер мерзiмнiң соңғы күнi демалыс күнiне сәйкес келсе, онда мерзiм келесi жұмыс күнiнiң соңында бiтедi.
142-бап. Салық төлеушiнiң құқығы және мiндеттерi
1. Салық төлеушiнiң:
1) салық жөнiнде жеңiлдiктерге құқығын растайтын құжаттарды табыс етуге;
2) жүргiзiлген тексеру актiлерiмен танысуға;
3) салық органдарына салықтарды есептеу мен төлеу және жүргiзiлген тексеру актiлерi жөнiнде түсiндiрмелердi ұсынуға;
4) заңда белгiленген тәртiппен салық органдарының шешiмдерiне шағымдануға;
5) салық салуға қатыссыз ақпарат пен құжаттарды тапсырмауға құқығы бар.
2. Салық төлеушi:
1) табыс етiлген жазбаша нұсқау негiзiнде салық қызметi органдары қызметкерлерiнiң талап етуi бойынша салықты және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi есептеуге және төлеуге байланысты есеп құжаттамасы мен мүлiктi тексеруге ол аяқталғанға дейiн ұсынуға;
1-1) осы Заңға сәйкес салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi уақтылы және толық көлемiнде төлеу;
2) табыс етiлген жазбаша нұсқау негiзiнде салық қызметi органдары қызметкерлерiн табыс алу үшiн пайдаланылатын не салық салынатын объектiлердi ұстауға байланысты пайдаланылатын өндiрiстiк, қойма, сауда, өзге де үй-жайларды және көлiктi тексеруге жiберуге;
3) қолма-қол ақша, банктiң төлем карточкалары, чектер арқылы сауда операцияларын жасау немесе қызмет көрсету кезiнде тұтынушылармен жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуды мiндеттi түрде фискалды зердесi бар бақылау-касса аппаратын пайдалана отырып және тұтынушының қолына бақылау чегiн бере отырып жүргiзуге мiндеттi.
Фискалды зердесi бар бақылау-касса машиналарын пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Фискалды зердесi бар бақылау-касса машиналары - тауарлар сату және қызмет көрсету кезiнде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды тiркеу үшiн пайдаланылатын, ауысым сайынғы түзетусiз тiркеудi және энергияға тәуелсіз ұзақ мерзiм бойы ақпарат сақтауды қамтамасыз ететiн фискалды зерде блогы бар электронды құрылғы және (немесе) банктiң компьютерлiк жүйесi. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген фискалды зердесi бар бақылау-касса машиналарының Мемлекеттiк тiзiлiмiн бекiтедi.
Осы тармақшаның ережесi:
акцизделетiн тауарларды (темекi бұйымдарынан басқа) сатушыларды қоспағанда, қызметiн патент негiзiнде, тiркелген жиынтық салық төлей отырып жүзеге асыратын және Астана, Алматы қалаларындағы және 100 000 адамнан астам тұрғыны бар облыстық маңызы бар қалалардағы тұрақты белгiленген үй-жайларда бөлшек сауданы жүзеге асыратын жеке тұлғаларға;
акцизделетiн тауарлар (темекi бұйымдарынан басқа) сататын жеке тұлғаларды қоспағанда, жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап алты ай мерзiм өтпеген жеке кәсiпкерлерге қолданылмайды.
3. Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн тiзбемен айқындалатын салық төлеушiлер Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген нысандар бойынша электронды құжаттар түрiнде ақпарат табыс етуге мiндеттi.
ЕСКЕРТУ. 142-бап өзгертiлдi және 2-тармақпен толықтырылды, 2-тармақтың 3)-тармақшасы 1998 жылғы 1 сәуiрден бастап күшiне енедi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 142-бап өзгертілді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 142-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен. (өзгерістерді қолдану тәртібін 2-баптан қараңыз)
Z990485_
ЕСКЕРТУ. 142-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
143-бап. Есеп құжаттамаларын жасау және сақтау
1. Салық төлеушiлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлiгi актiлерiне сәйкес салық есебi бойынша құжаттама жүргiзуге мiндеттi.
2. Салық төлеушiлер салық есебi жөнiндегi құжаттаманы қағаз, электрондық немесе магниттiк көздерде бес жыл бойы сақтауға мiндеттi.
3. Егер салық төлеушiнiң жекелеген құжаттары шет тiлдерде жасалған болса, салық қызметi оларды қазақ немесе орыс тiлдерiне аударуды талап етуге құқылы.
ЕСКЕРТУ. 143-баптың 1,2-тармақтары жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
Ескерту. 143-баптың 1-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31.N 356 Заңымен.
Z990356_
144-бап. Салық декларацияларын және кiрiстер мен
мүлiк туралы мәлiметтер беру
1. Салық төлеушiлер салық қызметi органдарына салық декларациясын осы Жарлықта белгiленген мерзiмде және Мемлекеттiк кіріс министрлігі бекiткен нысан бойынша табыс етедi.
2. Салық декларациясына және кiрiстер мен мүлiк туралы мәлiметтерге салық төлеушi немесе ол болмаған не оның әрекет қабiлетi болмаған жағдайда, оның заңды өкiлi қол қоюға тиiс.
3. Салық декларацияларын және салық төлеушiнiң кiрiстер мен мүлкi туралы мәлiметтердi жасау жөнiндегi қызметтердi көрсеткен аудитор аталған декларацияға және кiрiстер мен мүлiк туралы мәлiметтерге қол қоюға, мөр басуға және салық төлеушiнiң өз тiркелу нөмiрiн көрсетуге мiндеттi.
4. Салық төлеушiлер аумақтық салық органдарына салық декларацияларын: өзi келу тәртiбiмен; почтамен, табыс етiлгенi хабарланатын тапсырыс хатымен; заңды тұлға бастығының және (немесе) бас бухгалтерiнiң электрондық қол қоюымен расталған, ақпараттары компьютерлiк өңдеуге болатын электрондық түрде, бiрақ белгіленген мерзiмнен кешiктiрмей және белгiленген нысандарға сәйкес табыс етуге құқылы.
Осы Заңда белгiленген мерзiмнiң соңғы күнiне жиырма төрт сағат қалғанға дейiн почтаға, телеграфқа немесе өзге байланыс мекемелерiне тапсырылған салық декларациялары мерзiмiнде тапсырылды деп есептеледi.
ЕСКЕРТУ. 144-баптың атауы және 2,3-тармақтары жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.04.11. N 92-I Заңымен.
Z970092_
ЕСКЕРТУ. 144-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
Ескерту. 144-баптың 1-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31.N 356 Заңымен.
Z990356_
Ескерту. 144-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
145-бап. Төлемдер туралы ақпарат беру
Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жөнелтудi және (немесе) тауар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төлемдi жүзеге асыратын салық төлеушiлер салық қызметiнiң талабы бойынша жөнелтiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) құны және (немесе) атқарушыға төлеген сомасы туралы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген нысандар бойынша ақпарат беруге мiндеттi.
ЕСКЕРТУ. 145-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
146-бап. Салық декларациясын тапсыру мерзiмiн ұзарту
Салық комитетi органының басшысы салық декларациясын тапсырудың осы Жарлықта белгiленген мерзiмiн, егер салық төлеушi осы мерзiм жеткенге дейiн оны ұзарту жөнiнде өтiнiш берсе, үш айдан аспайтын уақытқа ұзарта алады. Осы бапқа сәйкес декларация тапсыру мерзiмiн ұзарту салық төлеу мерзiмiн өзгертпейдi.
ЕСКЕРТУ. 146-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы банктер мен басқа ұйымдар:
1) салық төлеушiге (резидент емес жеке тұлғалардан басқасына) банк шоттарын ашқан кезде салық қызметі органдары хабарлаған салық төлеушінің тіркелу нөмірін ескеруге, салық қызметі органдарын салық төлеушiге - заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаға аталған шоттардың ашылғаны жайында үш банк күні ішінде хабардар етуге және төлем құжаттарында (банк шоттарынан банктің нақты ақша қабылдауына және беруіне негіз болатын немесе көмектесетін вексельді және төлем құжаттарын қоспағанда) салық төлеушілердің тіркелу нөмірлерін көрсетпей, клиенттердің шоттары бойынша операциялар жүргізбеуге;
2) салық төлеушiлердiң банктiк шоттардан салық төлеуге арналған төлем тапсырмаларын бiрiншi кезекте атқаруға мiндеттi. Салық төлеушiлер белгiленген мерзiмде бюджетке өткiзбеген салық, айыппұл және өсiм сомаларын өндiрiп алуға арналған аумақтық салық органдарының инкассалық өкiмдерiн осындай ретпен, салық органынан нұсқау алған күннен бастап үш күннен кешiктiрмей атқаруға мiндеттi.
Салық төлеушiнiң банктiк шоттарында теңге қаражаты болмаған жағдайда, салықтар, айыппұлдар мен өсiмақылар бойынша берешектердi өндiрiп алуды салық төлеушiнiң банктiк шоттарындағы шетел валютасы қаражаттарынан осы шоттарға аумақтық салық органдарының инкассалық өкiмдерi негiзiнде төлем жасау күнгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шетел валютасына белгiлеген теңге бағамын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртiппен және шарттарда жүргiзуге.
Салық төлеушi заңды тұлғалардың банктердегi шоттарында ақшасы жоқ немесе жеткiлiксiз болса салықтар бойынша кем берiлген төлемдi, сондай-ақ айыппұл мен өсiм сомаларын өндiрiп алуды төлемдi кем берушiге тиесiлi сомалар шегiнде олардың дебиторларының банк шоттарындағы ақшасына қолдануға;
Салық төлеушінің немесе оның дебиторының банктік шотында салық органының инкассалық өкімінде аталған соманы толық төлеу үшін жеткілікті ақша болмаған жағдайда салық органының инкассалық тапсырмасы (өкімі) салық төлеушінің немесе оның тиісті дебиторының банктік шотына ақша түсу шамасына қарай орындалады.
Банк салық төлеушiнiң бiр банк шотынан салық (алым), айыппұл және өсiмақы жөнiндегi берешектi өндiрiп алуға салық органының инкассолық тапсырмасын (өкiмiн) орындаған кезде, салық төлеушiнiң аталған банкте ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассолық тапсырмалары (өкiмдерi), егер салық органы мұндай инкассолық тапсырмаларды (өкiмдердi) сол сомаға, берешектiң сол түрiне, сол есептiк кезеңге шығарған болса, банк салық органының инкассолық тапсырмасын (өкiмiн) орындау фактiсiн растайтын төлем құжатын қоса тiркей отырып, салық органына оны орындамай қайтарады.
3) салық сомаларын салық төлеушiнiң банктiк шотынан ақшаны шығарып тастау жөнiндегi операциялар жасалған күнi тиiстi бюджеттiң кiрiсiне есептеуге (банкке немесе бюджет жүйесiнiң кассалық атқарылуын жүзеге асыратын басқа қаржы мекемесiне аударуға);
4) салық қызметiнiң қызметкерлерiне тексерiлiп отырған салық төлеушiнiң - заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаның банктiк шоттар бойынша жасалған (немесе ағымдағы) операцияларды, осы шоттарда ақшаның бар-жоғын тексеруге рұқсат етуге;
5) салық қызметiнiң шешiмi бойынша, осы Заңның 171-бабының 1-тармақтың 4) тармақшасында көзделген жағдайларда, салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың банктiк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтатуға және бiрiншi кезекте тиiстi салықтарды сөзсiз аударуға қатысты нұсқаларды атқаруға;
6) жазбаша сұратып алу негiзiнде белгiлi бiр кезең iшiнде банк шоттарымен жасалған операциялар туралы, тексерiлiп отырған салық төлеушiнiң шоттарында ақшаның бар-жоғы туралы, оның өткен жыл iшiндегi қаржы операциялары туралы және сыйақы (мүдде) ставкасын белгiлеу туралы Мемлекеттік кіріс министрлiгiнiң белгiлеген нысан мен мерзiмде салық қызметi органдарына Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып ақпарат табыс етуге мiндеттi.
ЕСКЕРТУ. 147-баптан сөздер алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1996.09.27. N 37 Заңымен.
Z960037_
ЕСКЕРТУ. 147-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 147-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 147-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 147-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
ЕСКЕРТУ. 147-баптың 1)-тармақшасы жаңа редакцияда және 5)-тармақша өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 336 Заңымен.
Z980336_
Ескерту. 147-баптың 2)-тармақшасы толықтырылды, 6)-тармақшасы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 147-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 147-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
Ескерту. 147-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 42 Заңымен.
Z000042_
ЕСКЕРТУ. 147-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
148-бап. Талаптың ескiру мерзiмi
Салық қызметi органдарының қайта қаралған салық сомасын немесе есептелген салық сомасын төлеу туралы талаптарына, сондай-ақ төлеушiлердiң артық төленген салық сомасын қайтару немесе есепке алу туралы талаптарына жасалатын талаптың ескiру мерзiмi 5 жыл болып белгiленедi.
Ескерту. 148-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
149-бап. Есептелген салық, алым және басқа да
міндетті төлемдердің сомасы туралы хабарлама
Тексеру актісі бойынша есептелген салық, алым және басқа міндетті төлемдер сомасы туралы хабарламада мынадай мәліметтер болуға тиіс:
1) салық төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты (немесе атауы);
2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
3) хабарланған күні;
4) есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер мен айыппұл санкцияларының сомалары;
5) төлеу туралы талап және төлеу мерзімдері;
6) төленетін орны мен әдісі;
7) шағымдану тәртібі.
ЕСКЕРТУ. 149-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 заңымен.
Z990355_
150-бап. Салық, алым және басқа да міндетті төлемдерді
төлеу
Салық, алым және басқа да міндетті төлемдер осы Заңда, Қазақстан Республикасы Үкiметi Мемлекеттiк кіріс министрлігінің актiлерiнде, сондай-ақ салық қызметi органдарының хабарламаларында көзделген мерзiмде төленедi.
Ескерту. 150-баптың атауы жаңа редакцияда және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
151-бап. Артық төленген салық сомасын қайтару
1. Егер төленген салық сомасы есептелген сомадан асып кетсе, салық қызметi:
1) артық төленген салық сомасын салық төлеушi төлейтiн басқа салықтардың есебiне жатқызады;
2) салық төлеушiнiң келiсуi бар болған жағдайда қалдығын алдағы төлемдер жөнiндегi мiндеттемелер есебiне жатқызады;
3) қалдығын 20 күн мерзiм iшiнде төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша салық төлеушiге қайтарады.
2. Егер салық төлеушiнiң артық төлеген салық сомасы басқа салықтар бойынша мiндеттемелердiң есебiне жатқызылса, жоғарыда аталған соманы пайдалануға қатысты мәлiметтер есептелген салық сомасы туралы хабарламада жазылуға тиiс.
Ескерту. 151-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен.
Z990485_
152-бап. Салық төлеу мерзiмiн ұзарту және айыппұл
санкциялары
1. Салық төлеушiден негiзделген жазбаша өтiнiш алғаннан кейiн аумақтық салық органының басшысы тиiстi қаржы органының басшысымен келiсе отырып, жергiлiктi бюджетке толық көлемде төлеуге жататын осы Заңда белгiленген салық және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзiмiн бiр салық жылынан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.
Жергiлiктi атқарушы органның өтiнiмiн алғаннан кейiн салық төлеушiнiң тiркеу орны бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталмаған, осы Заңмен белгiленген салық және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзiмiн ұзартуға құқылы, бiрақ бұл мерзiм бiр жылдан аспауға тиiс.
Салық және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзiмiн ұзарту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Осы баптың 1-1-тармағында және осы Заңның 71-1-баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, төлеу мерзiмiнiң ұзартылуы салық төлеушiнi салықты бюджетке уақтылы өткiзбегенi үшiн өсiм төлеуден босатпайды.
Салық төлеушiлерге заңды тұлғалардың төлем көзiнен ұсталған табыстарынан табыс салығын төлеу мерзiмiн ұзарту берiлмейдi.
Басқа адамға құқықтар ауысып берiлген жағдайда салықты және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзiмiн ұзарту құқығы ауыспайды.
Салық және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзiмiн ұзарту салық төлеушi оларды төлеу жөнiнде өздерiнiң мiндеттемелерiн қамтамасыз етуге кепiл берiлгеннен кейiн берiледi.
Салық органдары мен салық төлеушiлер арасындағы кепiл қатынастарына осы Заңмен реттелмеген бөлiкте кепiл туралы жалпы ереже қолданылады.
1-1. Қызметінің бірден-бір түрі жылу өндіру, бөлу және жеткізіп беру салаларында қызмет көрсету болып табылатын заңды тұлғаларға салық және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзімін ұзартқан кезде ұзартылған кезеңге өсім есептелмейді.
1-2. Акциялардың қосымша эмиссиясы туралы сот шешiмi күшiне енген күннен бастап қосымша эмиссияланатын акцияларды орналастыру аяқталғанға дейiн салық бойынша мерзiмi өткен берешек соманың бөлiгiне өсiмақы есептелмейдi.
2. Акциздi төлеу мерзiмдерi ұзартылмайды.
3. Салық қызметi органдары бюджетке төленуге тиiстi салық сомасының бұрын ашылмаған кемiтiлуiн анықтаса, кемiту сомасы өсiм есептелмей және айыппұл санкциялары қолданылмай өндiрiп алынады.
4. Мәжбүрлi түрде таратылатын банктердiң кредит берушiлерiне банктiң таратылуына байланысты пайда болған салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi уақтылы төлемегенi үшiн айыппұлдар мен өсiмақылар банктi мәжбүрлi тарату басталғанын растайтын ресми құжат күшiне енген кезден бастап есептелмейдi.
Ескерту. 152-бап нақтыланған.
ЕСКЕРТУ. 152-бап 3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 152-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
ЕСКЕРТУ. 152-баптың 1-тармағы сөзбен және 1-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 336 Заңымен.
Z980336_
ЕСКЕРТУ. 152-бап өзгертілді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
ЕСКЕРТУ. 152-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
153-бап. Салық бойынша берешектi өтеу тәртiбi
Мемлекеттiк бюджетке берешектi өтеу мынадай кезектiлiкпен жүргiзiледi:
1) салық сомасы;
2) есептелген өсiм;
3) есептелген айыппұл.
Ескерту. 153-баптың қолданылуы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн тоқтатыла тұрсын - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. Қазақстан Республикасының 1997.12.08 N 200 заңымен - 153-бабының қолданылуы 2001 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын, бұл орайда мемлекеттiк бюджет алдындағы берешектердi өтеудi мынадай кезектiлiгi белгiленсiн:
1) салық сомасы;
2) есептелген өсiмақылар;
3) есептелген айыппұлдар.
154-бап. Салық қызметі органдарының салық, алым және
басқа да міндетті төлемдер бойынша
берешектерді өндіріп алуы
1. Осы Заңда белгіленген салық, алым және басқа да міндетті төлемдерді төлеу мемлекет алдындағы борыш болып табылады.
2. Аумақтық салық органдарына тапсырылған декларациялар және (немесе) есептер бойынша салық төлеуші есептеген салық немесе ағымдағы және аванстық төлемдер, сондай-ақ алымдар мен басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген мерзімдерде төленбеген жағдайда аумақтық салық органдары салық төлеушілердің заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаның банктегі шоттарынан (еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшуге байланысты қайта ресiмделген заңды және жеке тұлғалардың теңге депозиттерiн қоспағанда) салық, ағымдағы және аванстық төлемдер, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсімдер бойынша пайда болған берешек мөлшерінде салық төлеушінің келісімінсіз қаражат өндіріп алуға құқылы.
3. Салық төлеушi салық қызметi органдарының тексеру актiсi бойынша есептелген салықпен, алыммен, басқа да мiндеттi төлемдермен, айыппұлдармен және өсiмақылармен келiскен жағдайда, салық төлеушiнiң аталған сомаларды төлеу мерзiмдерi 60 күнге ұзартылады және оларды салық төлеушi еркiн нысанда жасап, аумақтық салық органымен келiсiлген графикке сәйкес салық төлеушi осы кезең iшiнде әрбiр 15 күн сайын теңбе-тең үлестермен төлеп отыруға тиiс.
Осы тармақтың ережелерiне сәйкес салық қызметi органдарының тексеру актiсi бойынша есептелген салық, алым, басқа да мiндеттi төлемдер, айыппұлдар мен өсiмақылар төлеу мерзiмiн ұзарту салық төлеушiнi осы Заңның 152-бабының 1-1-тармағында және 70-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджетке төленетiн салық жарнасын уақтылы төлемегенi үшiн өсiмақы төлеуден босатпайды.
Осы тармақтың ережелерi салық қызметi органдарының тексеру актiсi бойынша есептелген акциз сомасына және заңды тұлғалардың кiрiсiнен төлем көзiнен ұсталып қалуға тиiстi табыс салығына қатысты қолданылмайды.
Салық төлеушi тексеру актiсi бойынша есептелiп, өтеу графигiмен белгіленген салықты, алымды, басқа да мiндеттi төлемдердi, айыппұлдар мен өсiмақыларды төлеу мерзiмдерiн бұзған жағдайда, өтеу графигiнiң әрекетi тоқтатылады да, аумақтық салық органдары тексеру актiсi бойынша есептелген және төленбеген сомаларды салық төлеушi заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаның банк шотынан өндiрiп алады.
4. Тексеру актісі бойынша анықталған және есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім сомасына осы Заңның 165 және 166-баптарында белгіленген тәртіппен 5 банк күні ішінде шағым жасалмауы, осы баптың 3-тармағы бойынша келісім білдіру болып есептеледі.
Осы баптың 3-тармағы бойынша салық төлеуші тексеру актісі бойынша анықталған және есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім сомасына келісім білдірмей, осы Заңның 165 және 166-баптарында белгіленген тәртіппен 5 банк күні ішінде шағым жасаған жағдайда аталған соманы салық төлеушінің банктегі шоттарынан өндіріп алу тоқтатыла тұрады.
Тексеру актісі бойынша анықталған және есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім сомасын салық төлеушінің келісімінсіз өндіріп алу осы Заңның 165-бабында белгіленген тәртіппен және шарттарда тексеру актісі бойынша есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім сомасы туралы хабарламада көрсетілген төлеу мерзімінен бастап өсім есептеле отырып жүргізіледі.<*>
5. Салық төлеушінің банктегі шоттарында қаражат болмаған жағдайда аумақтық салық органдары, салық төлеушіге берешегі бар екенін растайтын салық төлеуші мен оның дебиторы арасында өзара есеп айырысуды салыстыру актісі болған жағдайда, оның дебиторларының, заңды тұлғалардың немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың банк шотынан салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім бойынша пайда болған берешек және (немесе) тексеру актісі бойынша есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім сомасы шегінде қаражат өндіріп алуға құқылы.
ЕСКЕРТУ. 154-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 154-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
ЕСКЕРТУ. 154-баптың 2 және 3-тармақтары жаңа редакцияда, 4, 5-тармақтармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 заңымен.
Z990355_
ЕСКЕРТУ. 154-баптың атауы және 1-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 154-бап өзгертілді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 154-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен.
Z990485_
Ескерту. 154-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 42 Заңымен.
Z000042_
155-бап. Салық төлетудi қамтамасыз ету
1. Осы Заңның 154-бабына сәйкес пайда болған берешектiң төленуiн қамтамасыз ету үшiн салық қызметi органдары салық төлеушi немесе оның дебиторларының шотында қаражат болмаған жағдайда, Үкiмет белгiлеген тәртiппен салық төлеушiнiң мүлкiне билiк етудi шектеу туралы шешiм шығаруға құқылы.
2. Билiк ету шектелген мүлiк алынып қойылады не салық төлеушiнiң иеленуi мен пайдалануында қалдырылады, ол мүлiктiң сақталуы үшiн жауап бередi.
3. Берешек өтелген жағдайда мүлiктi билiк етуiн шектеу туралы шешiм жойылуға тиiс.
Ескерту. 155-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 155-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 155-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
156-бап. Салық төлеушiнiң мүлкiнен өндiрiп алуды
қолдау тәртiбi
1. Салық қызметi салық төлеушiнiң келiсуiмен айыпақыны оның билiк етуi шектелген мүлкiнен берешек сомасы шегiнде өндiрiп алуды қолдану құқығы бар.
2. Осы баптың 1-тармағы бойынша салық төлеушiнiң мүлiктi билiк етуiн шектеу туралы салық органының шешiмiне осы Заңның 165 және 166-баптарында белгiленген тәртiппен 5 банктiк күн iшiнде шағымданбауы келiскені болып табылады.
Ескерту. 156-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
157-бап. Билiк етуi шектелген мүлiктi сату
1. Салық төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкi мамандандырылған ашық аукционда сатылады, оны өткiзудiң тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайды.
2. Мүлiктi сатудан алынған түсiм бiрiншi кезекте өндiрiп алуды қолдану мен сату шығындары есебiне, сонан соң өсiмдi, айыппұлды, салықтың өзiн төлеу есебiне жатқызылады. Қаражаттың қалдығы салық төлеушiге банктiк үш күн iшiнде қайтарылады.
Ескерту. 157-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
158-бап. Салық төлеушiге тиесiлi соманы өндiрiп алу
Өндiрiп алу процедурасына сәйкес салық қызметiнiң үшiншi тұлға (соның iшiнде жұмыс берушiге, банкке немесе басқа қаржы мекемесiне) мүлкiнен өндiрiп алуды қолдану туралы хабарлама тапсырылған күнге дейiн салық төлеушiге тиесiлi кез-келген соманы тиiстi бюджетке төлеудi ұйғарған хабарлама жiберуге, сондай-ақ үшiншi тараптың - дебиторлардың - заңды тұлғалардың немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың банк шотынан осындай соманы алуға құқығы бар.
ЕСКЕРТУ. 158-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
Ескерту. 158-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 42 Заңымен.
Z000042_
159-бап. Экспорт операцияларын кiдiрту
Салық төлеушiнiң мүлкiнен өндiрiп алу қолданылған кезде Қазақстан Республикасының кеден органдары салық қызметi органдары жiберген хабарлама негiзiнде экспортталатын тауарларды тұмшалау жолымен салық төлеушiнiң экспорттық операцияларын кiдiрте тұрады.
160-бап. Салықтық құқық бұзушылық ұғымы
Тұлғалардың (салық төлеушiнiң, салық немесе басқа уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасының) осы Заңда немесе соған сәйкес салық заңдары актiлерiнде шығарылатын белгiленген нормаларды және (немесе) ережелердi орындамауынан немесе тиiсiнше орындамауынан туындаған заңға қайшы iстер (әрекеттер немесе әрекетсiздiк) салықтық құқық бұзушылық деп танылады.
Ескерту. 160-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
161-бап. Салықтық құқық бұзушылық жасағаны үшiн
жауапқа тартудың жалпы ережелерi
1. Салықтық құқық бұзушылық жасағаны үшiн ешкiм де Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген негiздерден және тәртiптен өзгеше реттермен жауапқа тартылмайды.
2. Бiр салықтық құқық бұзушылық жасағаны үшiн ешкiмдi де қайталап салықтық жауапқа тартуға болмайды.
3. Заңды тұлғалардың салықтық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жауапқа тартылуы тиiстi негiздер болған жағдайда олардың лауазымды тұлғаларын Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген қаржылық, әкiмшiлiк, қылмыстық немесе өзге де жауапкершiлiктерден босатпайды.
4. Салықтық құқық бұзушылық жасағаны үшiн салық төлеушiнiң жауапқа тартылуы оны тиесiлi салық сомасын төлеу мiндеттемесiнен босатпайды.
5. Салық төлеушi салық салу объектiсiн есепке алу, есептеу және салық төлеу кезiнде өзi жiберген қателiктердi өз бетiнше жөндеуге және заңдарда белгiленген тәртiппен тиiстi аумақтық салық органына хабарлауға құқылы.
Ескерту. 161-бап толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 161-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 161-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 161-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
Ескерту. 161-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
1. Салықтық санкциялар салықтық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жауапкершiлiк өлшемi болып табылады.
2. Салықтық санкциялар осы Заңда көзделген мөлшерде өндiрiп алу (айыппұл, өсiмақы) түрiнде белгiленедi және қолданылады.
3. Бiр тұлға екi және одан да көп салықтық құқық бұзушылық жасаған жағдайда аса қатал емес санкция қатал санкцияның тасасында қалдырылмай, әрбiр құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке салықтық санкция қолданылады.
ЕСКЕРТУ. 162-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
Ескерту. 162-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
163-бап. Салық органында есепке қою мерзiмiнiң бұзылуы
Салық төлеушiнiң осы Заңның 139-бабында белгiленген аумақтық салық органдарында есепке қою туралы өтiнiштi беру мерзiмiн бұзуы, сондай-ақ аумақтық салық органы лауазымды адамының салық төлеушiнi есепке қоюдан негiзсiз бас тартуы он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
ЕСКЕРТУ. 163-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 163-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 163-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
ЕСКЕРТУ. 163-бап 6-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 336 Заңымен.
Z980336_
ЕСКЕРТУ. 163-баптың 1 және 4-тармақтары өзгертілді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 заңымен.
Z990355_
ЕСКЕРТУ. 163-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 163-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
163-1-бап. Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiн
аумақтық салық органдарында тiркемей
жүзеге асырудың басталуы
Осы Заңның 139-2-бабында белгiленген кәсiпкерлiк қызметтің жекелеген түрлерін аумақтық салық органдарында осындай қызметтi жүзеге асыруды бастағанын тiркемей жүзеге асырған салық төлеушiлер, сондай-ақ аумақтық салық органы лауазымды адамының кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асырудың басталуын тiркеуден негiзсiз бас тартуы жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
Ескерту. Жаңа 163-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
163-2-бап. Салық декларациясын тапсыру мерзiмiнің бұзылуы
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнiң есепте тұрған жерi бойынша аумақтық салық органына заңдарда белгiленген мерзiмде салық декларациясын тапсырмауы, осы декларация негiзiнде төлеуге жататын, бiрақ төленбеген салық сомасының он процентi мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
2. Салық төлеушiнiң салық декларациясын осындай декларацияны тапсырудың заңдарда белгiленген мерзiмi аяқталғаннан кейiн 180 күннен астам уақыт iшiнде аумақтық салық органына тапсырмауы, осы декларация негiзiнде төленуге тиiстi, бiрақ төленбеген салық сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
Ескерту. Жаңа 163-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
163-3-бап. Кiрiстер мен шығыстарды және салық салу
объектiлерiн есепке алу ережелерiнің бұзылуы
1. Салық төлеушi кiрiстер мен шығыстарды және салық салу объектiлерiн есепке алу ережелерiн бұзса, егер осы iс-әрекет бiр есептiк кезеңде жасалған болса, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген iс-әрекет, егер бiр есептi кезеңнен астам уақыт iшiнде жасалса немесе кiрiстi төмендетуге әкеп соқса, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
3. Осы баптың мақсаттары үшiн кiрiстер мен шығыстарды және салық салу объектiлерiн есепке алу ережелерiнiң бұзылу ұғымы салық төлеушiнiң бастапқы құжаттарының, бухгалтерлiк есеп тiзiлiмдерiнiң болмауын, бухгалтерлiк есептiң шоттарында және қаржылық есептемелерде активтердiң және мiндеттемелердiң жүйелi түрде дер кезiнде көрсетілмеуiн немесе қате көрсетiлуiн бiлдiредi.
Ескерту. Жаңа 163-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
163-4-бап. Салық сомаларын төлемеу немесе толық
төлемеу, ағымдағы төлем сомаларының
мөлшерiн кемiтiп көрсету
Салық салынатын базаны кемiтiп көрсету нәтижесiнде салық сомасын төлемеу немесе толық төлемеу немесе салықтық кезеңнiң қорытындылары бойынша салықты дұрыс есептемеу төленбеген салық сомасының 50 процентi мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
Ағымдағы төлем сомасының мөлшерi кемiтiп көрсетiлгенi үшiн айына ағымдағы төлемдердiң кемiтiп көрсетiлген сомасының 50 процентi мөлшерiнде айыппұл салынады.
Ескерту. Жаңа 163-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
163-5-бап. Салық органы лауазымды адамының кәсiпкерлiк
қызметке пайдаланылатын аумаққа немесе
үй-жайға кiруiне заңсыз кедергi жасау
Осы Заңға сәйкес тексеру жүргiзетiн салық органы лауазымды адамының салық төлеушi кәсiпкерлiк қызметке пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайды қоспағанда) кiруiне салық төлеушiнiң заңсыз кедергi жасауы салық төлеушiден жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
Ескерту. Жаңа 163-5-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
163-6-бап. Салық органының сұрау салуы бойынша
құжаттарды беруден бас тарту
Салық төлеушiнiң осы Заңда белгiленген құжаттарды (оның iшiнде электрондық түрде) беруден бас тартуы жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
Ескерту. Жаңа 163-6-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
163-7-бап. Банктердiң және банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардың жауапкершiлiгi
1. Осы Заңның 147-бабының талаптарын орындамайтын (орындамаған) банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай:
1) заңды және жеке тұлғалар осы Заңның 147-бабының 1) және 5) тармақшаларының талаптарын орындамаған жағдайда олардың банктегi шоттары бойынша жасаған шығыс операциялар сомасынан 5 процент өндiрiп алу санкциясы қолданылады.
Осы Заңның 147-бабының 1) тармақшасына қатысты санкция банктегi шот ашылғаннан кейiн банктiк төртiншi күннен бастап банктегi шот ашылғаны туралы аумақтық салық органына iс жүзiнде хабарлағанға дейiнгi кезең үшiн қолданылады;
2) заңды тұлғалардың банктегi шоттарынан салық сомаларын бюджетке аударып есептен шығару кезектiлiгiн сақтамағаны үшiн өсiмақы және салық төлеушi-клиенттердiң банктегi шоттарынан есептен шығарылған сомаларды бюджет кiрiсiне есептеудi (аударуды) кешiктiргенi үшiн, сондай-ақ салық төлеушiлердiң осы Заңның 164-бабында көзделген мөлшерде бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмаларын орындамай қайтарғаны үшiн санкциялар сомасын өндiрiп алу түрiндегi санкциялар қолданылады. Салық төлеушiлерден бұл күндер үшiн өсiмақы алынбайды.
2. Банктерден клиенттердiң тапсырмалары бойынша салық төлемдерiн кешiктiргенi үшiн белгiленген мерзiмнен өтiп кеткен әрбiр күн үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы мөлшерiнде өсiмақы өндiрiп алынып, ол жергiлiктi бюджетке аударылады.
Ескерту. Жаңа 163-7-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
164-бап. Мерзiмi өткен салық төлемдерi бойынша өсiмақы
1. Уақтылы төленбеген салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары, оның iшiнде ағымдағы және мәлiмделген аванстық төлемдер мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (төленген күндi қоса алғанда) осы сомалар төленген күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген ресми ставкасы мөлшерiнде өсiмақы есептеле отырып бюджетке өндiрiп алынады.
2. Салық төлеушiлердiң өтiнiшi бойынша қосылған құнға салынатын салықтың өтеуге жататын сомаларын қоспағанда, салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомаларын немесе қате ұсталған сомаларды уақтылы қайтармау мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (төленген күндi қоса алғанда) осы сомалар төленген күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген ресми ставкасы мөлшерiнде тұрақсыздық төлемi төлене отырып салық төлеушiге қайтарылады.
Ескерту. 164-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 164-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.
Ескерту. 164-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.12.10. N 492 Заңымен.
Z990492_
ЕСКЕРТУ. 164-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
165-бап. Салық қызметiнiң шешiмдерiн қайта қарау
1. Есептелген салық сомасына немесе салық қызметiнiң өзге шешiмдерiне келiспеген салық төлеушi осы шешiмдi шығарған салық қызметiнiң бөлiмшелерiне оны әкiмшiлiк тәртiппен қайта қарау жайында өтiнiш жасай алады. Өтiнiште салық төлеушi өтiнiшiн негiздейтiн дәлелдерiн баяндап, құжаттарын көрсетуi керек.
2. Салық қызметi салық төлеушiнiң қайта қарау туралы өтiнiшiн қарап, ол бойынша негiзделген шешiм шығарады және бұл жайында салық төлеушiнi 30 күн iшiнде хабардар етедi.
3. Салық қызметi органының шешiмiне салық қызметiнiң жоғары тұрған органынан немесе сотқа шағым жасауға болады. Егер салық қызметiнiң жоғары тұрған органы шағымға 30 күн iшiнде жауап бермесе, салық қызметiнiң одан жоғары тұрған органына өтiнiш беруге болады.
3-1. Егер салық төлеушіге тексеру актісі бойынша есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім туралы хабарланған күннен 30 банк күні өткеннен кейін салық төлеушінің өтініші қанағаттандырылмаса немесе салық төлеуші сотқа салық қызметі органы шешіміне шағымданбаса, аумақтық салық органы салық төлеушінің келісімінсіз оның банктегі шоттарынан салық қызметі органының тексеру актісі бойынша есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім сомаларын өндіріп алуға құқылы.
Егер салық төлеуші хабардар етілген күннен бастап 30 күн ішінде салық қызметі органының шешіміне сотқа шағымданса, аумақтық салық органы салық төлеушінің келісімінсіз оның банктегі шоттарынан салық қызметі органының тексеру актісі бойынша есептелген, сот шешімімен дұрыс (заңды) деп танылған салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім сомаларын хабарланған күннен бастап өсімді есептей отырып өндіріп алуға құқылы.
4. Соттың шешiмi бойынша негiзсiз өндiрiп алынған сома салық төлеушiге оларды салық қызметі органдарының өндiрiп алған кезден бастап әр күн үшiн бұл сома төленген күнi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген ресми ставкасы мөлшерiнде өсiм есептеле отырып үш күн iшiнде қайтарылады.
ЕСКЕРТУ. 165-бап 4-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 165-баптың 1 және 3-тармақтары өзгертілді және 3-1-тармақпен толықтырылды, 4-тармақтың 1-ші азатжолы алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 355 заңымен.
Z990355_
ЕСКЕРТУ. 165-баптың 4-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
Салық төлеушi салық қызметiнiң шешiмдерiне қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiп пен шарттардың негiзiнде сотқа шағым беруге құқылы.
ХII бөлiм
САЛЫҚ ҚЫЗМЕТI ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ
МӘРТЕБЕСI МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Ескерту. XXII бөлім тақырыбы өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 240 Заңымен. Z010240_
ЕСКЕРТУ. 167,168,169,170-баптар жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
167-бап. Салық қызметi және қаржы полициясы
органдарының мәртебесi, құрылымы мен мiндеттерi
1. Салық қызметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің орталық аппаратынан және оның аумақтық салық органдарынан тұрады.
Аумақтық салық органдарына:
мемлекеттiк бюджетке төленетiн төлемдердiң түсуiн және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердi көздейтiн салық заңдары мен басқа да заң актiлерi негiзiнде барлық деңгейлердегi бюджеттерге салықтар алымы мен басқа да мiндеттi төлемдердiң толық жиналуын қамтамасыз ету;
салық заңдарының тиiмдiлiгiн зерделеу;
салық салу мәселелерi жөнiнде заң жобаларын, және басқа мемлекеттермен шарттарды әзiрлеуге қатысу;
салық төлеушiлерге олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру, салық төлеушiлерге салық заңдары мен салық салу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердегi өзгерiстер туралы уақытылы хабарлап отыру жөнiндегi мiндеттер жүктеледi.
Қаржы полициясы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, заңдарда белгiленген шекте қылмыстық қудалау жөнiндегi құқықтық орган болып табылады.
Қаржы полициясы органдарына заңды және жеке тұлғалардың салық төлемеуiне байланысты не табысын жасыру немесе кемiтiп көрсету, салық салынатын объектiлерiн жасыру мақсатымен жасаған қылмыстары мен өзге де құқық бұзушылықтарын, салықтарды төлеуден және мемлекет алдындағы басқа да қаржы мiндеттемелерiн орындаудан өзгедей жалтаруды, мемлекетке зиян келтiруге әкеп соққан өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жөнiндегi мiндеттер жүктеледi.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрi салық қызметi органдарына жалпы басшылықты жүзеге асырады.
3. Салық қызметiнiң құрылымына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлiгiнiң орталық аппараты, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерi, ауданаралық (аймақтық) салық комитеттерi, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерi кiредi.
Салық қызметiнiң аумақтық органдары жоғары тұрған тиiстi салық қызметi органына тiкелей жоғарыдан төмен қарай бағынады және жергiлiктi атқарушы органдарға кiрмейдi.
4. Салық комитетiн Төраға басқарады, оны қызметке Қаржы министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi, ал оның орынбасарларын - Салық комитетi төрағасының ұсынысы бойынша Қаржы министрi тағайындайды.
5. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерiнiң төрағаларын, ауданаралық (аймақтық) салық комитеттерiнiң, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерiнiң төрағаларын қызметке Қаржы министрлiгi Салық комитетi төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi тағайындайды. Салық комитетi орталық аппаратының қызметкерлерiн қызметке Төраға тағайындайды.
6. Қаржы полициясы агенттiгiн Төраға басқарады, оны қызметке Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды. Төрағаның орынбасарлары болады, оларды Қаржы полициясы агенттiгi төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi тағайындайды.
Облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша, көлiктегi қаржы полициясы департаменттерiнiң бастықтарын, аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар бойынша ауданаралық (аймақтық) қаржы полициясы бөлiмдерiнiң бастықтарын және олардың орынбасарларын қызметке Қаржы полициясы агенттiгiнiң төрағасы тағайындайды.
Облыстық және қалалық қаржы полициясы басқармаларының, ауданаралық (аймақтық), аудандық қаржы полициясы бөлімдерінің қызметкерлерін облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша, көліктегі қаржы полициясы департаменттерінің бастықтары тағайындайды.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
8. Барлық деңгейдегi салық қызметiнiң органдары заңды тұлғалар болып табылады, олардың белгiленген үлгiдегi бланкiлерi және мөрлерi болады, сондай-ақ банктерде шоттары болуы мүмкiн.
9. Салық қызметiнiң органдары республикалық бюджет қаражаты есебiнен қамтылады.
ЕСКЕРТУ. 167-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 167-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
Ескерту. 167-баптың 1-3,5,6 өзгертілді, 4-тармақ алып тасталды, 7-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
Ескерту. 167-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 240 Заңымен.
Z010240_
168-бап. Салық қызметi жұмысының құқықтық негiзi
Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де заңдары салық қызметi жұмысының құқықтық негiзi болып табылады.
169-бап.
<*>
ЕСКЕРТУ. 169-бап сөздермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I Заңымен - бұл толықтырулар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
ЕСКЕРТУ. 169-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 169-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
45-тарау. САЛЫҚ ҚЫЗМЕТI ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ
ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
Ескерту. 45-тараудың тақырыбы өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 240 Заңымен.
Z010240_
ЕСКЕРТУ. 170-173-баптар жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
170-бап. Салық қызметi және қаржы полициясы
органдарының мiндеттерi
1. Салық қызметi органдары:
1) салық төлеушiлердiң құқықтары мен мемлекеттiң мүдделерiн сақтауға және қорғауға;
2) тәркiленiп және иесiз қалып мемлекет меншiгiне көшкен мүлiктердi есепке алу, бағалау және сату жөнiнде жұмыс жүргiзуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлiгi бекiткен көлемде және тәртiппен жүргiзiлген жұмыстар туралы есептiлiк әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берiп отыруға;
3) осы Заңның 175-бабының ережелерiне сәйкес салық төлеушiлер туралы ақпараттың құпиясын сақтауға;
4) салық заңдарын бұзу фактiлерiн жинауға талдау мен бағалауға және салық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарының орын алуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзуге;
5) салық қызметi органдары басшыларының ұйғарымы бойынша салық төлеушiлерге тексеру жүргiзуге мiндеттi.
2. Аумақтық салық органдары:
1) салық төлеушiлер мен салық салынатын объектiлердiң уақтылы есебiн алуды қамтамасыз етуге, бюджетке есептелген және төленген салықтар есебiн жүргiзуге;
2) есептелген салық сомасымен салыстырғанда артық төленген соманы осы Заңның 151-бабының ережелерiне сәйкес салық төлеушiлерге қайтарып беруге;
3)
<*>
4) салықтардың және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердiң келiп түсуi, салық органдарының жұмысы туралы мемлекеттiк статистикаға басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органның келiсiмiмен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрi бекiткен көлемде және тәртiппен есептiлiк жасауға;
5) келiп түскен салықтардың және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердiң сомасы туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлiгi белгiлеген нысан мен мерзiмде қаржы органдарына есептер берiп отыруға;
6) заңдарда белгiленген жағдайларда қаржы полициясы органдарына материалдар беруге;
7) дивидендтердiң дұрыс есептелуiне және оларды мемлекеттiк акция пакеттерi бар акционерлiк қоғамдардың уақытылы төлеуiне бақылауды жүзеге асыруға;
8) салықтың және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердiң есептелуiнiң дұрыстығына, толықтығына және олардың уақытылы төленуiне, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарының толықтығы мен уақтылы аударылуына бақылауды жүзеге асыруға;
9) Қазақстан Республикасының салық заңдарының бұзылуы туралы арыздарды, хабарларды және басқа ақпаратты тексеруге мiндеттi.
3. Қаржы полициясы органдары:
1) заңда көзделген негiздерде және тәртiппен салықтардың төленбеуiне, салық салынудан жалтаруға немесе мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелерiн орындамауына байланысты қылмыстарды ашу және тергеу мақсатында жедел iздестiру қимылдарын, анықтау, алдын ала тергеу жүргiзуге;
2) заңды және жеке тұлғалардың салық төлемеуiне байланысты не табысын бүркемелеу немесе кемiтiп көрсету, салық салынатын объектiлердi жасыру мақсатымен жасаған өзге де құқық бұзушылықтарын, салықтар төлеуден және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелерiн орындаудан өзгедей жалтаруын мемлекетке зиян келтiруге әкеп соққан өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ашуға және олардың жолын кесуге;
3) салық және кеден қызметi органдарындағы сыбайлас жемқорлық фактiлерiнiң алдын алуға, ашуға және олардың жолын кесуге;
4) өз құзыретi шегiнде салық қызметi жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, олардың қызметкерлерiн қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға;
5) салықтарды төлеуден, мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелерiн орындаудан, мiндеттi зейнетақы жарналарын толық және уақтылы аударудан, олардың мемлекет алдындағы қарызы туралы, мiндеттi зейнетақы жарналарын толық және уақтылы аудармағаны не декларация толтырудан жалтарған туралы мәлiметтер түскен жеке және заңды тұлғаларды iздестiруді жүзеге асыруға мiндеттi.
3-1. Салықты есептеу мен төлеуге байланысты декларациялар мен өзге де құжаттардың нысандарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісе отырып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі әзірлейді және бекітеді.
4. Осы Заңды қолдану жөнiндегi актiлердi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісе отырып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі әзiрлеп, бекiтедi.
Ескерту. 170-баптың 1, 2-тармақтар өзгертілді және 3-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
Ескерту. 170-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 240 Заңымен.
Z010240_
171-бап. Салық қызметi және қаржы полициясы
органдарының құқықтары
1. Салық қызметi органдарының:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiппен және шарттарда заңды тұлғалардың (ерекше жұмыс режимiндегi заңды тұлғаларды қоса алғанда) және заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарын, бухгалтерлiк кiтаптарын, есептерiн, сметаларын, қолда бар ақшасын, бағалы қағаздарын және басқа да құндылықтарын, есеп айырысуларын, декларацияларын және бюджетке салық пен басқа да төлемдердi есептеу мен төлеуге және мемлекет алдындағы өзге де қаржы мiндеттемелерiне байланысты, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын толығымен және уақтылы аудару жөнiндегi өзге де құжаттарын тексеруге, ұйымдардың лауазымды адамдарынан және басқа қызметкерлерiнен, сондай-ақ азаматтардан Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып аталған тексерулер барысында туындайтын мәселелер жөнiнде анықтамалар, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер алуға, салық төлеушiлердi тiркеу есебi;
салық салу объектiлерiн және салық салумен байланысты объектiлердi есепке алу;
бюджетке түскен түсiмдердi есепке алу;
қосылған құнға салық төлеушiлердi есепке алу;
камералдық бақылау;
салық төлеушiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң мониторингi;
фискалды зердесi бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану ережелерiнiң сақталуын бақылау;
акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн маркалау ережелерiнiң сақталуын бақылау;
мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу, бағалау және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын бақылау нысанындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген тәртiппен акциздiк бекеттер құру жолымен бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.
Бұл ретте жүргiзiлетiн тексерулердi қоса алғанда, жүзеге асырылатын бақылау салық төлеушiлердiң қызметiн тоқтата тұруға әкеп соқпауға тиiс;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде, оның филиалдарында, өкiлдiктерi мен ұйымдарында заңдарда белгiленген қорларға аударымдар жасалғаннан кейiн қалған пайданың бюджетке толығымен және уақытылы түсуi мәселесi бойынша тексерулер жүргiзуге;
3) ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарына, сондай-ақ азаматтарға анықталған салық заңдарын бұзушылықты жою туралы орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге және олардың орындалуын бақылап отыруға;
4) заңды тұлғалар салықты есептеу мен төлеуге байланысты есептердi осы Заңда белгiленген мерзiмнен бастап 10 күн iшiнде салық қызметiне табыс етпеген жағдайда, сондай-ақ салық төлеушiлер 142-баптың 3-тармағында аталған электрондық құжат түрiндегi ақпараттарды Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген нысандар бойынша табыс етпеген жағдайда, олардың банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы банк шоттары (корреспонденттiк шоттардан басқа) бойынша шығыс операцияларын анықталған тәртiп бұзушылықтар жойылғанға дейiн прокурорға мiндеттi түрде хабарлай отырып тоқтата тұруға құқылы. Салық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда салық қызметiнiң органдары осыны куәландыратын құжаттарды, ақша қаражатын және материалдық құралдарды, алып қойылған заттардың тiзбесi бар акт көшiрмесiн төлеушiге тапсыра отырып, алып қоюға құқылы;
5) салық заңдарын бұзған ұйымдарға, лауазымды тұлғалар мен азаматтарға осы Жарлыққа сәйкес салық санкциясын және қолданылып жүрген заңдарда көзделген айыппұл салуды қолдануға;
6) ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен азаматтардың салық заңдарын бұзу фактiлерi бойынша осы тармақтың 4), 5) тармақшаларында және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген негiздер бойынша салық қызметi органының басшысы немесе оның орынбасарлары бекiтетiн актiлер (хаттама) жасауға және қаулы шығаруға;
7) сауда ұйымдары мен басқа да ұйымдардан, жеке кәсiпкерлерден тауарларды (өнiмдердi), атқарылатын жұмыс пен көрсетiлетiн қызметтi бақылау ретiнде сатып алуға;
8) басқа заңды тұлғалардан, биржалардан және азаматтардан мәлiметтердi, анықтамаларды, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызмет туралы құжаттарды тек қана қызмет бабындағы мақсатта және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып алуға;
8-1) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтаЙ отырып, банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан тексеру жүргiзiлетiн заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша оның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен оның ақша қозғалысы туралы мәлiметтердi, сондай-ақ тексеру жүргiзiлетiн тұлғаның банктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтарында және үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің сипаты және құны туралы қолда бар мәлiметтердi алуға;
9) ұйымдардың бiлiктi мамандарын, басқа да бақылаушы органдардың қызметкерлерiн салық қызметi органдарының қаражаты есебiнен ақы төлей отырып, тексерулер мен сараптамалар жүргiзуге тартуға;
10) қолданылып жүрген заңдарды сақтай отырып, өз өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде ұйымдар мен азаматтардың табыс түсiру үшiн пайдаланатын не тұрған жерiне қарамастан салық салынатын объектiлердi ұстауға байланысты кез келген өндiрiстiк, қойма, сауда және басқа үй-жайларын тексеруге құқығы бар.
11) Салық төлеушiлерден Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген нысандар бойынша электрондық құжаттар түрiнде ақпарат алуға.
2. Аумақтық салық органдарының:
1) белгiленген мерзiмде төленбеген салықты, айыппұлды және өсiмдi, сондай-ақ әкiмшiлiк жолымен салынған айыппұлды ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларымен азаматтардан бiрiншi кезектi тәртiппен өндiрiп алуға, салық салу кезеңi аяқталғаннан кейiн 5 жыл iшiнде бұрын есептелген салық сомасын есептеуге немесе қайта қарауға;
2) салық, айыппұл және өсiм белгiленген мерзiмде төленбеген жағдайда Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес ұйымдар мен азаматтардың жылжымалы және жылжымайтын мүлкiн ақшасын хаттауға құқығы бар;
3) Салық комитетi органдарының басшылары осы Заңның ережелерiне сәйкес ұйымдар мен азаматтардың бюджетке салықтар мен басқа да төлемдер жасау мерзiмiн ұзартуға және оларды дүркiн-дүркiн бөлiп төлеуге мұрсат бередi.
3. Қаржы полициясы органдарының:
1) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес салық тексерiстерiн жүргiзуге;
2) егер азаматтар мен лауазымды адамдар қылмыс жасады деп күдiктенетiн жеткiлiктi негiздер болса немесе олар әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда қаржы полицияларының бөлiмшелерi арқылы олардың жеке басын анықтау үшiн қажеттi құжаттарды талап етiп алуға және тексеруге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiзде және тәртiппен қаржы полицияларының бөлiмшелерiмен жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға;
4) салықтардың төленбеуiне, салық салудан жалтаруға немесе мемлекет алдындағы басқа қаржылық мiндеттемелердiң орындалмауына, байланысты қылмыстар туралы iстер жөнiнде, мемлекетке зиян келтiруге әкеп соққан өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды қаржы полицияларының бөлiмшелерiмен анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асыруға;
5) салық полициялары бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiзде және тәртiппен қаруды, арнаулы құралдарды сақтауға, алып жүруге, оларды қолдануға және күш жұмсауға;
6) салық полициялары бөлiмшелерiнiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыруға, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарда көзделген басқа да шараларды қолдануға;
7) салық төлеуден жалтаруға байланысты қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті негіздер болған кезде салық органдарының нұсқамалары негізінде салық органдарымен бірлесіп салық тексерістерін жүргізуге құқығы бар.
ЕСКЕРТУ. 171-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 171-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I Заңымен - бұл толықтырулар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
ЕСКЕРТУ. 171-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
Ескерту. 171-баптың 2-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
ЕСКЕРТУ. 171-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
Ескерту. 171-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 42 Заңымен.
Z000042_
ЕСКЕРТУ. 171-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
Ескерту. 171-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 240 Заңымен.
Z010240_
172-бап. Салық қызметi органдарының жауапкершiлiгi
1. Салық қызметi органдары лауазымды тұлғасының қызмет бабындағы мiндеттерiн атқармауы немесе тиiсiнше атқармауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiптiк, материалдық немесе өзге жауапкершiлiкке әкеп соғады.
2. Салық қызметi қызметкерлерiнiң заңсыз iс-әрекетi салдарынан салық төлеушiге келтiрiлген зиян сот шешiмi бойынша республикалық бюджеттен (бес жылдан аспайтын кезең үшiн) төленедi.
Ескерту. 172-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 172-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 172-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
173-бап. Салық қызметi органдарының басқа мемлекеттiк
органдармен және өзара қарым-қатынастары
1. Салық қызметi органдары орталық және жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарымен, құқық қорғау, қаржы және басқа да мемлекеттiк бақылау органдарымен өзара iс-қимыл жасап отырады, бiрлескен бақылау шараларын қолданады, осы Заңның 174-бабының ережелерiн ескере отырып, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
2. Мемлекеттiк органдар салық қызметi органдарына Қазақстан Республикасының салық заңдары мен мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелер туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi мiндеттердi атқаруына, салық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарына қарсы күресте жәрдемдесiп отыруға мiндеттi.
3. Салықтың, бюджетке төленетiн басқа да төлемдердiң және мемлекет алдындағы өзге де қаржылық мiндеттемелердiң толық және уақытылы төленуiне мемлекеттiк бақылау жасауды қамтамасыз етуге салық қызметiнiң органдары ғана уәкiлеттi.
4. Салық қызметi органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi өзара iс-қимыл жасай отырып атқарады.
5. Салық қызметі және қаржы полициясы органдары жедел деректер алған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы істерді қозғауға себептер мен негіздер болған кезде салық төлеушiлердi бiрлесiп тексерудi жүзеге асыру үшiн өздерiнiң лауазымды адамдарын жiбередi.
Өздерiнiң лауазымды адамдарын жiберу туралы шешiм тиiстi сұрау салу келiп түскен күннен бастап бес күн iшiнде қабылданады.
6. Аумақтық салық органдары заңдарда қаржы полициясы органдарының тергеуiне жатқызылатын қылмыстар жасалды деп жорамалдауға мүмкiндiк беретiн фактiлердi ашу кезiнде аталған фактiлер ашылған күннен бастап үш күн iшiнде олар жөнiнде анықтау, алдын ала тексеру жүргiзудi және заңдарға сәйкес шешiм қабылдауды жүзеге асыру үшiн тиiстi қаржы полициясы органына материалдарды жолдауға мiндеттi.
7. Салық қызметi органдары өздерiнiң арасындағы келiсiм бойынша белгiленген тәртiппен салық жолсыздықтары мен қылмыстар туралы өздерiнде бар материалдар мен олардың жолын кесу жөнiнде қолданылған шаралар, өздерi жүргiзген бақылаушылық салық тексерулерi туралы бiрiне-бiрi хабарлап отырады, сондай-ақ өздерiне жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында басқа да қажеттi ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
Ескерту. 173-баптың 6-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.03.31. N 356 Заңымен.
Z990356_
Ескерту. 173-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 240 Заңымен.
Z010240_
Салық қызметiнiң қызметкерлерiне салық төлеушiге қатысты кәсiби мiндеттерiн жүзеге асыруға:
1) егер бұл қызметкердiң онымен тiкелей туыстық қатысы болса;
2) қызметкердiң немесе оның жақын туысының оған қатысты тiкелей немесе жанама қаржылық мүдделiлiгi болса тыйым салынады.
1. Салық қызметi және оның қызметкерлерi болып табылатын немесе болған барлық адамдар салық төлеушiлер туралы өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында алған мәлiметтердi құпия ұстауға мiндеттi және осы ақпаратты мына адамдарға ғана:
1) салық қызметiнiң басқа қызметкерлерiне олардың осы Жарлыққа сәйкес өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында және мақсатында;
2) салық құқық бұзушылығы мен қылмыс жасаған адамдарды қудалауы үшiн құқық қорғау органдарына;
3) салық тәртiбiн бұзғаны және қылмысы үшiн салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерiн немесе жауапкершiлiгiн белгiлеу туралы iстi қарау барысында соттарға;
4) халықаралық шарттарға сәйкес басқа елдердiң салық органдарына беруге құқылы.
1-1. Жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушi төлеген салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жалпы сомасы туралы мәлiметтер құпия болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес мәлiмет алған аталған органдардың қызметкерлерi, мұндай ақпаратты ашуға рұқсат етiлген мақсатқа қол жеткiзу үшiн қажеттi дәрежеде ғана ақпарат берудi қоспағанда, осы баптың ережелерiне сәйкес осы мәлiметтердi құпия сақтауға мiндеттi.
ЕСКЕРТУ. 175-бап 1-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 147 Заңымен.
Z010147_
46-тарау. САЛЫҚ ҚЫЗМЕТIНIҢ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIН ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ
Ескерту. 46-тараудың тақырыбы өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 240 Заңымен. Z010240_
176-бап. Салық қызметiнiң және қаржы полициясының
қызметкерлерiн құқықтық және әлеуметтiк
қорғау
1. Салық қызметiнiң және қаржы полициясының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару барысында заңмен қорғалады.
2. Салық қызметiнiң және қаржы полициясының қызметкерлерi республикалық бюджет қаражаты есебiнен мiндеттi түрде жеке сақтандырылуға тиiс.
3. Қызметiн жүзеге асыруына байланысты салық қызметiнiң және қаржы полициясының қызметкерлерiне ауырлығы орташа дене жарақаты түсiрiлген жағдайда, оған республикалық бюджет қаражатынан есебiнен бес айлық жалақы мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi, кейiн бұл сома Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес кiнәлi адамдардан өндiрiлiп алынады.
4. Қызметiн жүзеге асыруына байланысты салық қызметiнiң және қаржы полициясының қызметкерiне кәсiби қызметiмен одан әрi шұғылдануына мүмкiндiк бермейтiн ауыр дене жарақаты түсiрiлген жағдайда, оған республикалық бюджет қаражатынан бесжылдық ақшалай үлесi мөлшерiнде, кiнәлi адамдардан сомасы кейiн өндiрiлiп алынатын, бiржолғы жәрдемақы берiледi, сондай-ақ оның лауазымдық жалақысы мен зейнетақысының мөлшерi арасындағы айырма (өмiр бойы) төленедi.
5. Жұмыс iстеген кезінде және жұмыстан босағаннан кейiн өз қызметiн жүзеге асыруына байланысты салық қызметiнiң және қаржы полициясының қызметкерi қаза тапқан жағдайда қаза тапқан адамның (қайтыс болған адамның) отбасына немесе оның асырауындағы жандарға (мұрагерлерiне):
1) қаза тапқан адамның (қайтыс болған адамның) соңғы лауазымы бойынша республикалық бюджет қаражатынан онжылдық ақшалай үлес мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi;
2) асыраушысынан айрылуына байланысты қаза тапқан адамның (қайтыс болған адамның) соңғы лауазымы бойынша республикалық бюджет қаражатынан айлық ақшалай үлесi мөлшерiнде мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы тағайындалады.
6. Қызметтiк мiндетiн орындауына байланысты салық қызметi қызметкерiнiң мүлкiне келтiрiлген зиян, сондай-ақ салық қызметi қызметкерiнiң отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян, осы соманы кейiн кiнәлi адамдардан өндiрiп ала отырып, республикалық бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтеледi.
7. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi үшiн бiрыңғай киiм нысаны мен мынадай атақтар берiледi:
кiшi басшы құрам:
қаржы полициясының прапорщигi;
қаржы полициясының аға прапорщигi;
орта басшы құрам:
қаржы полициясының кiшi лейтенанты;
қаржы полициясының лейтенанты;
қаржы полициясының аға лейтенанты;
қаржы полициясының капитаны;
аға басшы құрам:
қаржы полициясының майоры;
қаржы полициясының подполковнигi;
қаржы полициясының полковнигi;
жоғары басшы құрам:
қаржы полициясының генерал-майоры;
салық полициясының генерал-лейтенанты.
Кiшi, орта және аға басшы құрам арнаулы атақтары Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережеге сәйкес берiледi.<*>
Қаржы полициясы органы қызметкерi лауазымына тұңғыш рет тағайындалып отырған адам мәтiнiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн ант қабылдайды.
8. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтiк жәрдемақы төлеу iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
9.
<*>
Ескерту. 176-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 176-баптың 7-тармағы алынып тасталды, 8,9,10-тармақтар тиiсiнше 7,8,9-тармақтар болып саналды, 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
ЕСКЕРТУ. 176-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I Заңымен - бұл өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
ЕСКЕРТУ. 176-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 176-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен.
Z980255_
Ескерту. 176-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 240 Заңымен.
Z010240_
177-бап. Салық қызметi және қаржы полициясы
қызметкерлерiне еңбекақы төлеу және олардың
жұмыс iстеу шарттары
1. Салық қызметi және қаржы полициясы қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттарын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 3-тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда салық қызметi қызметкерлерiне:
1) басқа ұйымдарда жұмыс iстеуге;
2) кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануға тыйым салынады.
3. Салық қызметi қызметкерлерiне салық органдарындағы қызметтен басқа ғылыми және оқытушылық қызметпен шұғылдануға рұқсат етiледi.
Ескерту. 177-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 240 Заңымен.
Z010240_
Ескерту. 177-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.10.10. N 247 Заңымен.
Z010247_
178-бап. Салық қызметі және қаржы полициясы органдарын
қаржыландыру және материалдық-техникалық
жағынан қамтамасыз ету
Салық қызметі және қаржы полициясы органдарын қаржыландыру мен материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. 178-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 178-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 178-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 178-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.22. N 327 Заңымен.
Z980327_
Ескерту. 178-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 240 Заңымен.
Z010240_
ЕСКЕРТУ. Жаңа ХIII-бөлiм енгiзiлдi, оған 179-бап кiргiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 255 Заңымен. Z980255_
179-бап. Күшiне енгiзу тәртiбi
1. Осы Заң 1995 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiледi.
2. Заңды және жеке тұлғалар 1995 жылғы 9 тамыздағы жағдай бойынша салық және кеден органдары деректерiнiң негiзiнде 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн пайда болған құқық қатынастары бойынша есептелген айыппұлдар мен өсiмдер жөнiндегi берешек сомаларын төлеуден босатылады.
3. Заңды және жеке тұлғалар 1995 жылғы 9 тамыздағы жағдай бойынша салық органдары деректерiнiң негiзiнде 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн пайда болған құқық қатынастары бойынша есептелген Экономиканы жаңғырту қоры мен Кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекелестiктi дамыту қорына төлемдер бойынша, қоғамдық қалалық көлiктi дамытуға заңды тұлғалардан алынатын алымдар бойынша және тұтынуға жұмсалатын қаражаттың олардың нормативтiк шамасынан асып түскен сомасынан алынатын пайдаға салынатын салық бойынша (тұтыну қоры), сондай-ақ 1997 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша аталған берешектер жөнiнде айыппұлдар мен өсiмнiң есептелген сомаларын төлеу бойынша берешек сомаларын төлеуден босатылады.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң немесе Құзыреттi орган мен отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылардың арасында 1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда, сондай-ақ осы жер қойнауын пайдаланушылармен бұрын жасалған келiсiм-шарттарды орындау үшiн аталған күннен кейiн жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда және 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалып, мiндеттi салық сараптамасынан өткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда айқындалған салық салу талаптары сақталады және олардың қолданылуының күллi белгiленген мерзiмi бойы күшiнде болады.
4-1. Акцизделетiн өнiм өндiрушiлерге 1994 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес тiкелей салықтар бойынша берiлген салық режимi осы келiсiм-шарттарда белгiленген талаптарда сақталады.
4-2. Осы баптың 4-3-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар мынадай шарттарды орындаған жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен келісім-шарттарда белгіленген салық режиміне өзгерістер енгізгенде. Бұл ретте, өзгертілген салық режимі 2001 жылғы 1 шілдеден бастап қолданылады;
2) жер қойнауын пайдаланушылар 2001 жылғы 1 шілдеден бастап өзгерістер енгізілген күнге дейін өсім мен айыппұл санкцияларын қолданбай, салық режимінің өзгеруіне байланысты бюджет алдындағы міндеттемелер бойынша қайта есептеу жүргізгенде, 2001 жылғы 1 шілдеден бастап қосылған құн салығына 16 процент, әлеуметтік салыққа 21 процент мөлшерінде ставка қолданады.
4-3. Кең таралған пайдалы қазбаларды және (немесе) жерасты суларын барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізбеген жағдайда, осы жер қойнауын пайдаланушылар 2001 жылғы 1 шілдеден бастап қосылған құн салығына 16 процент, әлеуметтік салыққа 21 процент мөлшерінде ставка қолданады.
5. Осы Заңның 94-104-баптары Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан жер қойнауын пайдаланушылармен тиiстi контрактiлер жасасуына қарай күшiне енедi.
6. Осы Заңның II бөлiмiнiң ережелерi үшiн 1995 жылғы 1 шiлдеден 31 желтоқсанға дейiнгi уақыт салық жылы болып саналсын.
7. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн 1997 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша пайда болған мерзiмi өткен және мерзiмi ұзартылған салық төлемдерi бойынша өсiм есептеу тоқтатыла тұрады.
1997 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша есептелген айыппұлдар мен өсiмдер салық қызметi органдарының 1997 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша пайда болған, төленген мерзiмi өткен және мерзiмi ұзартылған салық төлемдерiнiң сомасына барабар кемiтiлуге тиiс.
8. Осы тармақ күшiне енгiзiлген кездегi жағдай бойынша есептелген және төленбеген мерзiмi өткен салық төлемдерi бойынша өсiмақыларды аумақтық салық органдары есептен шығаруға тиiс.
9. Осы Заңның 152-бабының ережелерiне қарамастан машина жасау, тоқыма, тiгiн, былғары-аяқ киiм, резинадан және пластмассадан жасалған бұйымдарды өндiру немесе химия өнеркәсiбi салаларындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың осы тармақ күшiне енгiзiлген кездегi жағдай бойынша пайда болған салықтарын және айыппұл санкцияларын (жергiлiктi бюджеттерге толық көлемде түсетiн салықтар мен акциздердi қоспағанда) төлеу мерзiмi, осындай қызметтен түсетiн табыстар өсiмақыны есептемей жиынтық жылдық табыстың көлемiнде кемiнде 51 проценттi құраған жағдайда, 2003 жылдың 1 қаңтарына дейiн ұзартылады. Осы тармақтың ережелерi акцизделетiн тауарларды өндiретiн және (немесе) сататын және (немесе) импорттайтын заңды тұлғаларға қолданылмайды.
10. Жер негізгі өндіріс құралы болып табылатын немесе қызметі ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін жерді пайдаланумен байланысты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне - заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін өңдеушілерге 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақталған салықтар мен айыппұл санкцияларын төлеу мерзімдері, осы Заңның 152-бабының ережелеріне қарамастан, өсім есептелмей, 3 жыл мерзімге ұзартылады.
Осы тармақтың ережесі акцизделетін тауарларды өндіретін және (немесе) импортқа шығаратын заңды және жеке тұлғаларға қолданылмайды.
11. Заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент еместері 2001 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей салық органдарына мынадай ақпаратты табыс етуге міндетті:
1) 2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қолда бар деп есептелетін негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, тауар-материалдық запастардың қалдықтары туралы мәліметтер;
2) көрсетілген күні жауапты сақтаудағы негізгі құралдар, тауар-материалдық запастар туралы мәліметтер. Аталған мәліметтерді тауарларды жауапты сақтауға тиеп жіберген салық төлеушілер де, тауарларды жауапты сақтауға қабылдаған салық төлеушілер де табыс етеді;
3) көрсетілген күні жолда келе жатқан негізгі құралдар, тауар-материалдық запастар туралы мәліметтер;
4) өнеркәсіптік ұқсатуға арналып импортталған шикізат пен материалдар, сондай-ақ 2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша осы Заңның 71-1-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзімін үш айға кейінге қалдыруға рұқсат берілген және салықтың кейінге қалдырылған сомасы бойынша көрсетілген күнге берешек өтелмеген импортталған су, газ және электр энергиясы туралы мәліметтер;
5) 2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ұйымның бухгалтерлік балансы.
Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер осы Заңның 64-бабына сәйкес есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығымен сатып алынған негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауар-материалдық запастар бойынша табыс етіледі. Мәліметтер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіппен және нысанда табыс етіледі. <*>
12. 2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығының сомасы есептелген салық сомасынан асып кеткен салық төлеушілер сол асып кеткен соманы осы баптың 11-тармағында көрсетілген мәліметтерге енгізілген тауар-материалдық запастардың өндірістік қызметте пайдаланылуына және (немесе) сатылуына қарай қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызады.
Аталған салық төлеушілер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген нысанда осы баптың 11-тармағында көрсетілген тауарлардың қалдығын пайдалану туралы мәліметтерді қосылған құн салығы жөніндегі декларациямен бір мезгілде салық органдарына табыс етеді.
2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жолда келе жатқан, төлемі 2001 жылғы 1 шілдеге дейін төленген, бірақ көрсетілген күннен кейін алынған негізгі құралдар, тауар-материалдық запастар бойынша қосылған құн салығы 2001 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылған ставкаға негізделіп есептелген мөлшерде есепке жатқызылады. 2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жолда келе жатқан, көрсетілген күнге дейін төлемі төленбеген, 2001 жылғы 1 шілдеден кейін алынған негізгі құралдар, тауар-материалдық запастар бойынша қосылған құн салығы 2001 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылған ставкаға негізделіп есептелген, бірақ 16 проценттен аспайтын ставка мөлшерінде есепке жатқызылады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің берушілерімен 2001 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған келісім-шарттар (шарттар) бойынша 2001 жылғы 1 шілдеден кейін қосылған құн салығы ескерілген бағамен алынған тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) қосылған құн салығы есепке жатқызылуға тиіс емес.
13. Осы Заңның 137-бабы 2-тармағының ережелеріне қарамастан, салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.
ЕСКЕРТУ. 179-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 61-1 заңымен.
Z960061_
Ескерту. 179-баптың 2-тармағы жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 179-бап 2-3-тармақтармен толықтырылды, 2, 3, 4, 5-тармақтар 4, 5, 6, 7-тармақтар болып саналды, 7-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.06.30. N 138-1 Заңымен.
Z970138_
ЕСКЕРТУ. 179-баптың 4-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.04.15. N 216-1 заңымен.
Z980216_
ЕСКЕРТУ. 179-бап 4-1 тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.14. N 316-1 заңымен.
Z980316_
ЕСКЕРТУ. 179-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен.
Z990440_
ЕСКЕРТУ. 179-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 41 Заңымен.
Z000041_
ЕСКЕРТУ. 179-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 183 Заңымен.
Z010183_
Қазақстан Республикасының
Президентi