Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 30 маусым N 138-1

     Қаулы етемiн:
     "Қазақстан Республикасының экономикасына шет ел капиталын тарту процестерiн мемлекеттiк басқару мен реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қаңтардағы N 2035  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 4, 44-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
     2-тармақтың бесiншi абзацы алынып тасталсын. 

     Қазақстан Республикасының
     Президентi