Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы N 136 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 67-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен

      "Үлбі металлургия зауыты" ашық акционерлік қоғамының бірегей өндірістерін қажетті жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 41, 480-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
     "9. "Үлбі металлургия зауыты" ашық тұрпатты акционерлік қоғамында жұмыс істейтін шақырылушылар мына мамандықтар бойынша:
     аппаратшы (барлық атаудағы);
     зертханашы (барлық атаудағы);
     бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі (реттеуші);
     жөндеуші-слесарь;
     токарь (жұмыстың барлық түрінің);
     электр монтері;
     зерттеуші-инженер;
     технолог-инженер;
     физик-инженер;
     химик-инженер;
     бағдарламашы-инженер;
     электрик-инженер;
     технологиялық процесті басқару автоматтандырылған жүйесінің инженері;
     топ жетекшісі;
     шебер (аға шебер)".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрі