Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 22 қараша N 485-I

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі Z952235_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N 14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; 1999 жылғы 29 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 30 шілде мен 3 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Z990440_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 4 тамызда "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 5 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының инвестициялар мәселелерi бойынша кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Z990466_ Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 5-бап мынадай мазмұндағы 49) тармақшамен толықтырылсын:
      "49) "грант" - белгiлi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) жету үшiн Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Yкiметiне, заңды тұлғаларға (оның iшiнде резидент еместерге), олардың филиалдарына, өкiлдiктерiне және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерiне, сондай-ақ жеке адамдарға мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, мемлекеттiк, халықаралық және қоғамдық ұйымдар мен жеке адамдар қайтарылмайтын негiзде беретiн мүлiк.";
      2) 6-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгiндегi "тиiстi бюджеттерге" деген сөздер "Астана, Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне немесе облыстардың бюджеттерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 11-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
      1) тармақша "өнiмдi" деген сөздің алдынан "борышкерге тағылған немесе ол мойындаған айыппұлдарды, өсiмақылар мен санкциялардың басқа да түрлерiн ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      13) тармақшадағы "талаптарды" деген сөз "мiндеттемелердi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) 13-баптың 9) тармақшасындағы "заңды және" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 32-бапта:
      1-тармақта:
      "және төлем көздерiнде осы салықтың төленгенiн растайтын құжаттар болғанда бұдан әрi салық салуға жатпайды" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Төлем көздерiне осы салықтың ұсталып қалғанын растайтын құжаттар болған кезде ұсталып қалған салықтың сомасы салық жылы үшiн салық төлеушiге есептелген табыс салығы есебiне жатқызылады.";
      2-тармақтағы "мемлекеттiк (ұлттық) лотерея бойынша ұтыстардан басқа" деген сөздер "және төлем көздерiне осы салықтың ұсталып қалғанын растайтын құжаттар болған кезде одан әрi салық салуға жатпайды." деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 34-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) акцизделетiн тауарлар өндiру мен өткiзуден, сондай-ақ сауда-делдалдық қызметтен түскен кiрiстердi қоспағанда, Ауғанстан соғысы ардагерлерiнiң Қазақ республикалық ұйымы (кәсiпорындарсыз);";
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) Қазақстан Республикасы мүгедектерi ерiктi қоғамының, Асырауында балалары бар мүгедек аналардың республикалық қоғамының ("Бибi-Ана"), Қазақ зағиптар қоғамының, Қазақ саңыраулар қоғамының, Ақыл-есi мен дене бiтiмi кемiс балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және оларды еңбекпен оңалту орталығының, Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамының, Қазақстан Республикасы "Чернобыль" одағының, сондай-ақ олардың өндiрiстiк ұйымдарының кiрiстерi (акцизделетiн тауарлар өндiру мен өткiзуден, сондай-ақ сауда-делдалдық қызметтен түскен кiрiстердi қоспағанда), егер осындай ұйымдар мынадай шарттарға сәйкес келсе:
      мүгедектер осындай өндiрiстiк ұйымдар қызметкерлерi жалпы санының кем дегенде 30 процентiн құраса;
      мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу қоры жалпы еңбекке ақы төлеу қорының кем дегенде 30 процентiн құраса;
      осы тармақшада аталған қоғамдардың (Одақтың, Орталықтың) меншiгi болып табылатын және толығымен солардың қаражаты есебiнен құрылған болса;
      алынған кiрiстер оларды құрған қоғамдардың (Одақтың, Орталықтың) жарғылық мақсаттарын iске асыруға жұмсалады;";
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) "Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң мүлкi негiзiнде құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорын, негiзгі қызметпен байланысты кiрiс бойынша;";
      3-тармақтағы "зейнетақы активтерiн мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастырудан алынған инвестициялық табыс есебiнен қалыптасқан жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi" деген сөздер алып тасталсын;
      7) 39-баптың 1-тармағының бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Егер шетелдiк заңды тұлғаның жарғылық капиталының 10 процентiнен астамы тiкелей және жанама түрде резидентке тиесiлі болса немесе ол өз кезегiнде елде жеңiлдiкпен салық салу арқылы кiрiс келтiретiн осы заңды тұлғаның дауысқа ие акциясының 10 процентiнен астамын алса, заңды тұлға кiрiсiнің резидентке тиесілі осы бөлiгi оның салық салынатын кiрiсiне енгiзiледi.";
      8) 49-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы ", олардың осы Заңның 6-бабының 7-тармағына сәйкес дербес салық төлеушiлер болып табылатын филиалдары, өкiлдiктерi мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 61-бапта:
      1-тармақта:
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) Қазақстан Республикасы мүгедектерi ерiктi қоғамының, Қазақ зағиптар қоғамының, Қазақ саңыраулар қоғамының, сондай-ақ олардың өндiрiстiк ұйымдарының тауар өткiзу (жұмыс, қызмет көрсету) жөнiндегi айналымдары (сауда-делдалдық қызмет арқылы тауар өткiзу (жұмыс, қызмет көрсету) жөнiндегi айналымдарды және акцизделетiн тауарларды өндiру мен өткiзу жөнiндегi айналымдарды қоспағанда), егер бұл ұйымдар мынадай шарттарға сәйкес келсе:
      мүгедектер мұндай өндiрiстiк ұйымдар қызметкерлерi жалпы санының кем дегенде 30 процентiн құраса;
      мүгедектердің еңбегiне ақы төлеу қоры жалпы еңбекке ақы төлеу қорының кем дегенде 30 процентiн құраса;
      осы тармақшада аталған қоғамдардың (Одақтың, Орталықтың) меншігі болса және толығымен солардың қаражаты есебiнен құрылған болса;
      алынған кiрiстер оларды құрған қоғамдардың (Одақтың, Орталықтың) жарғылық мақсаттарын iске асыруға жұмсалады;";
      14) және 16) тармақшалар "шығару және" деген сөздерден кейiн "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "18-1) "Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң мүлкi негiзiнде құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорын көрсететiн қызмет;";
      мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
      "23) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi және халықаралық ұйымдар желiсi бойынша берiлетiн гранттар қаражатының есебiнен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi өткiзу жөнiндегi айналымдар.";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi және халықаралық ұйымдар желiсi бойынша берiлетiн гранттар қаражатының есебiнен сатып алынатын тауарлардың импорты;";
      10) 62-бап "көзделгеннен басқа жағдайларда" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ тауарларды Қазақстан Республикасына экспорттау кезiнде бағаны қосылған құн салығын ескере отырып қолданатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге тауарларды экспорттау жағдайында" деген сөздермен толықтырылсын;
      11) 68-бапта:
      1-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "осы Заңның 73-бабының тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Заңды және жеке тұлғалар бағалы қағаздарды сату-сатып алу жөніндегі мәмiлелердi жүзеге асырған кезде сату жөнiндегi айналымның жалпы сомасына бағалы қағаздарды сату кезiнде алынған құнның өсiмi енгiзіледi.";
      12) 69-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) акциз сомасы (акцизделетiн тауарлар бойынша);";
      13) 70-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгi "материалдарға" деген

сөзден кейiн ", сондай-ақ импортталатын суға, газға және электр 
энергиясына" деген сөздермен толықтырылсын;
     14) 72-бапта:
     "онкүндiк", "онкүндiктегi" деген сөздер алып тасталсын;
     1-тармақта:
     "ең төменгi айлық жалақы" деген сөздер "айлық есептiк көрсеткіш" 
деген сөздермен ауыстырылсын;
     "ағымдағы онкүндiк" деген сөздер "есептi кезеңнiң өткен күндерiндегi" 
деген сөздермен ауыстырылсын;
     15) 77-баптың бiрiншi бөлiгi "немесе" деген сөзден кейiн "белгіленген 
мөлшерде" деген сөздермен толықтырылсын;
     16) 94-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы "роялти," деген сөзден 
кейiн "әлеуметтiк салық," деген сөздермен толықтырылсын;
     17) 101-баптың 2-тармағындағы "ең төменгi" деген сөздер алып 
тасталсын;


      18) 104-7-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы "заңды тұлғалар" деген сөздерден кейiн "және заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;
      19) 104-8-баптың үшiншi бөлiгiндегi "тиiстi бюджеттерге" деген сөздер "Астана, Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне немесе облыстардың бюджеттерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 104-9-бапта:
      1-тармақтағы "21 процент" деген сөздер "26 процент" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Мемлекеттiк мекемелер әлеуметтiк салықты еңбекке ақы төлеу қорынан 25,5 проценттiк ставка бойынша әлеуметтiк салық төлейді.";
      2-тармақтағы "Мемлекеттiк мекемелер және" деген сөздер алып тасталсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Шаруа (фермер) қожалықтарын, сондай-ақ заңды тұлға құрмай патент негiзiнде кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адамдар әрбiр қызметкерi үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 60 процентi, сондай-ақ осы Заңға сәйкес шегерiм жасауға жатпайтын шығындарды қоспағанда, табыс алумен байланысты шығындарды алып тастағандағы айлық табыстың қосымша 10 процентi мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi.
      Заңды тұлға құрмай патент негiзiнде кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адамдар әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 49 процентi, сондай-ақ патент құнын анықтау кезiнде мәлiмделген салық салынатын болып жорамалданған айлық табыстың қосымша 5 процентi мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi.
      Шаруа (фермер) қожалықтары шаруа (фермер) қожалығының әрбiр қызметкерi, басшысы және шаруа (фермер) қожалығының әрбiр мүшесі үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 35 процентi мөлшерiнде әлеуметтік салық төлейдi.";
      21) 104-10-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер бiрыңғай жер салығын төлеу үшiн осы Заңда белгiленген мерзiмдерде есептi кезеңнiң әрбiр айына әлеуметтiк салық төлейдi.";
      1-тармақта:
      "осы есептi кезеңде" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша, жүктiлiгi мен бала тууы бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындалған жәрдемақылардың есептi кезеңнiң еңбекке ақы төлеу қорының 1,5 процентiнен асатын сомасы келесi есептi кезеңдерге ауыстырылады және осы тармақта белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мекемелер есептеген соманы азайтады.";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екіншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер бiрыңғай жер салығы бойынша декларация табыс ету үшiн осы Заңда белгiленген мерзiмдерде әлеуметтiк салық бойынша декларация табыс етедi.";

      3-тармақ "Төленген" деген сөздiң алдынан "Есептелген шекте" деген сөздермен толықтырылсын;
      22) 123-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) "Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң мүлкi негiзiнде құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорын "Байқоңыр" кешенiне енгiзiлген жер учаскелерi бойынша;";
      23) 129-бап мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-2) "Байқоңыр" кешенi объектілерiнiң мүлкi негiзiнде құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорын "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерi болып табылатын көлiк құралдары бойынша;".
      24) 134-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) "Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң мүлкi негiзiнде құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорын "Байқоңыр" кешенiнiң объектiсi болып табылатын мүлiк бойынша;";
      25) 138-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл орайда патент беру заңды тұлға құрған кезден бастап бiр айдың iшiнде жүзеге асырылатын күнтiзбелiк жыл iшiнде құрылған заңды тұлғаларды қоспағанда, патент беру тұтас алғанда салық жылына күнтiзбелiк жылдың екiншi айының 1-күнiне дейiн жүзеге асырылады.";
      26) 142-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының үшiншi бөлiгiндегi "акцизделетiн өнiмдi" деген сөздер "акцизделетiн тауарларды (темекi бұйымдарынан басқасын)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      27) 151-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "артығын" деген сөздер "артық төленген салық сомасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      28) 154-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Салық төлеушi салық қызметi органдарының тексеру актiсi бойынша есептелген салықпен, алыммен, басқа да мiндеттi төлемдермен, айыппұлдармен және өсiмақылармен келiскен жағдайда, салық төлеушiнiң аталған сомаларды төлеу мерзiмдерi 60 күнге ұзартылады және оларды салық төлеушi еркiн нысанда жасап, аумақтық салық органымен келiсiлген графикке сәйкес салық төлеушi осы кезең iшiнде әрбiр 15 күн сайын теңбе-тең үлестермен төлеп отыруға тиiс.
      Осы тармақтың ережелерiне сәйкес салық қызметi органдарының тексеру актiсi бойынша есептелген салық, алым, басқа да мiндеттi төлемдер, айыппұлдар мен өсiмақылар төлеу мерзiмiн ұзарту салық төлеушiнi осы Заңның 152-бабының 1-1-тармағында және 70-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджетке төленетiн салық жарнасын уақтылы төлемегенi үшiн өсiмақы төлеуден босатпайды.
      Осы тармақтың ережелерi салық қызметi органдарының тексеру актiсi бойынша есептелген акциз сомасына және заңды тұлғалардың кiрiсiнен төлем көзiнен ұсталып қалуға тиiстi табыс салығына қатысты қолданылмайды.
      Салық төлеушi тексеру актiсi бойынша есептелiп, өтеу графигiмен белгіленген салықты, алымды, басқа да мiндеттi төлемдердi, айыппұлдар мен өсiмақыларды төлеу мерзiмдерiн бұзған жағдайда, өтеу графигiнiң әрекетi тоқтатылады да, аумақтық салық органдары тексеру актiсi бойынша есептелген және төленбеген сомаларды салық төлеушiнiң банк шотынан өндiрiп алады.".
      2. "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Z990357_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 7, 225-құжат; 1999 жылғы 29 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 30 шiлде мен 3 тамызда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының салық салу мәселелерi бойынша кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Z990440_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 21 тамызда "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 24 тамызда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылғы 26 шілдедегі Z990463_ Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 7-баптың 1) тармақшасының а) тармақшасы мынадай мазмұндағы жиырма бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "заңды тұлға құрмай, патент негiзiнде кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адамдар, шаруа (фермер) қожалықтары, Ақыл-есi мен дене бiтiмiнiң кемiстiгi бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және оларды еңбекпен оңалту орталығы, Зейнеткерлердің республикалық "Ардагер" кәсiпорындар бiрлестiгi, сондай-ақ осы бiрлестiктiң меншiгi болып табылатын және соның қаражаты есебiнен құрылған, зейнеткерлер ғана жұмыс iстейтiн өндiрiстiк, оқу-өндiрiстiк ұйымдары, "SOS - Қазақстанның балалар қалашықтары" балалар қайырымдылық қоры, Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамы, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерiнiң Қазақ республикалық ұйымы кәсiпорындарының республикалық бiрлестiгi (өндiрiс ұйымдарынсыз), Ауғанстандағы соғыс мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы (өндiрiс ұйымдарынсыз), Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және солардың қаражаты есебiнен құрылған, жұмыс істейтіндердің жалпы санының кемiнде 50 процентiн мүгедектер құрайтын өндiрiстiк, оқу-өндiрiстiк ұйымдары, асырауында балалары бар мүгедек аналардың "Бибi-Ана" республикалық қоғамы, психикасы мен дене бiтiмi дамуында ауытқулары бар мүгедектер мен балаларға қамқорлық жөнiндегi "Ақ бота" қоғамдық бiрлестiктер Лигасы төлеген әлеуметтiк салықты, сондай-ақ еңбек қызметiне рұқсат бойынша Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегiне ақы төлеу бөлiгiнде төленген әлеуметтiк салықты қоспағанда, әлеуметтiк салық - 19,2%;";
      2) 11-баптың 1) тармақшасы а) тармақшасының он бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "заңды тұлға құрмай, патент негiзiнде кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адамдар, шаруа (фермер) қожалықтары, Ақыл-есi мен дене бiтiмiнің кемiстiгi бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және оларды еңбекпен оңалту орталығы, Зейнеткерлердiң республикалық "Ардагер" кәсiпорындар бiрлестiгi, сондай-ақ осы бiрлестiктiң меншiгi болып табылатын және соның қаражаты есебiнен құрылған, зейнеткерлер ғана жұмыс iстейтiн өндiрiстiк, оқу-өндiрiстiк ұйымдары, "SOS - Қазақстанның балалар қалашықтары" балалар қайырымдылық қоры, Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамы, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерi Қазақ республикалық ұйымы кәсiпорындарының республикалық бiрлестiгi (өндiрiс ұйымдарынсыз), Ауғанстандағы соғыс мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы (өндiрiс ұйымдарынсыз), Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және солардың қаражаты есебiнен құрылған, жұмыс iстейтiндердiң жалпы санының кемiнде 50 процентiн мүгедектер құрайтын өндiрiстiк, оқу-өндiрiстiк ұйымдары, асырауында балалары бар мүгедек аналардың "Бибi-Ана" республикалық қоғамы, психикасы мен дене бiтiмi дамуында ауытқулары бар мүгедектер мен балаларға қамқорлық жөнiндегi "Ақ бота" қоғамдық бiрлестiктер Лигасы төлеген әлеуметтiк салықты, сондай-ақ еңбек қызметiне рұқсат бойынша Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегiне ақы төлеу бөлiгiнде төленген әлеуметтiк салықты қоспағанда, әлеуметтiк салық - 80,8 %;
      заңды тұлға құрмай, патент негiзiнде кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар, шаруа (фермер) қожалықтары, Ақыл-есi мен дене бiтiмiнiң кемiстiгi бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және оларды еңбекпен оңалту орталығы, Зейнеткерлердiң республикалық "Ардагер" кәсiпорындар бiрлестiгi, сондай-ақ осы бiрлестiктiң меншiгi болып табылатын және соның қаражаты есебiнен құрылған, зейнеткерлер ғана жұмыс iстейтiн өндiрiстiк, оқу-өндiрiстiк ұйымдары, "S0S - Қазақстанның балалар қалашықтары" балалар қайырымдылық қоры, Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамы, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерiнiң Қазақ республикалық ұйымы кәсiпорындарының республикалық бiрлестiгi (өндiрiс ұйымдарынсыз), Ауғанстандағы соғыс мүгедектерi ерiктi қоғамы (өндiрiс ұйымдарынсыз), Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және солардың қаражаты есебiнен құрылған, жұмыс iстейтiндердiң жалпы санының кемiнде 50 процентiн мүгедектер құрайтын өндiрiстiк ұйымдары, асырауында балалары бар мүгедек аналардың "Бибi-Ана" республикалық қоғамы, психикасы мен дене бiтiмi дамуында ауытқулары бар мүгедектер мен балаларға қамқорлық жөнiндегi "Ақ бота" қоғамдық бiрлестiктер Лигасы төлеген әлеуметтiк салық, сондай-ақ еңбек қызметiне рұқсат бойынша Қазақстан Республикасына уақытша келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегiне ақы төлеу бөлiгінде төлеген әлеуметтiк салық - 100 %;".
      2-бап. Осы Заң:
      осы Заңның 1999 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзілетiн 1-бабының 1-тармағы 21) тармақшасының төртiншi-жетiншi абзацтарын;
      осы Заңның 1999 жылғы 29 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабының 1-тармағы 21) тармақшасының екiншi, үшiншi, сегiзiншi және тоғызыншы абзацтарын және 26) тармақшасын;
      осы Заңның 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін

1-бабының 1-тармағы 4) тармақшасын, 5) тармақшасының үшінші абзацын, 
6) тармақшасының үшінші-алтыншы абзацтарын, 7) тармақшасын, 
9) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын қоспағанда, жарияланған 
күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
     Осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 20) тармақшасы мен 2-тармағы 2002 
жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
     
     Қазақстан Республикасының
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Багарова Ж.А.