"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 3 мамыр N 183-II

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" жабық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану жөніндегі құқықтар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесінде:
      "Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-44-жолмен толықтырылсын:
      "123-44 "Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" ЖАҚ";
      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі" деген бөліммен

 

және мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 239-жолмен толықтырылсын:

     "239 "Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" ЖАҚ";

     3) "Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" республикалық

мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы N 447 


P000447_


  қаулысына (Қазақстан

Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 17, 173-құжат):

     2-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.