Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 11 маусым N 207-ІІ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. "Қазақ ССР-iнде ауылды, селоны және аграрлық-өнеркәсiптiк кешендi басым дамыту туралы" 1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Заңына (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 8, 93-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 327-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 927-құжат):
      1) Заңның тақырыбындағы және бүкiл мәтiнi бойынша:
      "Қазақ ССР-iнде", "Қазақ ССР-i", "Қазақ ССР", "Қазақ ССР-iне" "Қазақ ССР-iнен", "Министрлер Кабинетi", "Министрлер Кабинетiнiң" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасында", "Қазақстан Республикасы", "Қазақстан Республикасына", "Қазақстан Республикасынан", "Yкiметi", "Yкiметiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) Заңның тақырыбындағы және бүкiл мәтiнi бойынша "ауыл, село", "ауылдардан, селолардан", "ауылды, селоны", "ауылдың, селоның", "селодағы", "село халқы", "село халқын", "село халқына", "село халқының", "селолық қоныс", "селолық қоныстар", "селолық мектептер", "селолық мектептердiң", "селолық мектеп", "село жастары", "село жастарының", "селолық жерде", "селолық жердегi", "ауылдық жерлерде", "селолық жерлерде", "селолық жерлердегi", "селолық жерлерден" деген сөздер тиiсiнше "ауыл (село)", "ауылдардан (селолардан)", "ауылды (селоны)", "ауылдың (селоның)", "ауылдағы (селодағы), "ауыл (село) халқы", "ауыл (село) халқын", "ауыл (село) халқына", "ауыл (село) халқының", "ауылдық (селолық) қоныс", "ауылдық (селолық) қоныстар", "ауылдық (селолық) бiлiм беру ұйымдары", "ауылдық (селолық) бiлiм беру ұйымдарының", "ауылдық (селолық) бiлiм беру ұйымы", "ауыл (село) жастары", "ауыл (село) жастарының", "ауылдық (селолық) жерде", "ауылдық (селолық) жердегi", "ауылдық (селолық) жерлерде", "ауылдық (селолық) жерлердегi", "ауылдық (селолық) жерлерден" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) "Денсаулық сақтау, халыққа бiлiм беру және мәдениет" деген VIII бөлiмiнде:
      бөлiмнiң тақырыбындағы "халыққа" деген сөз алып тасталсын;
      4) 42-бапта:
      тақырыптағы және 1-тармақтағы "мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi", "мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнiң" деген сөздер "мектепке дейiнгi ұйымдар", "мектепке дейiнгi ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "халық депутаттары жергiлiктi Советтерiнiң" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Ауылдық (селолық) жерлердегi жалпы бiлiм беретiн мектептердiң оқушыларын мектептерге үнемi тегiн апару мен алып қайтуды жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастырады және ол жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.";
      5) 47-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен үшiн кадрларды кәсiптiк даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру мен оларды қайта даярлау iсi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.";
      6) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "48-бап. Ауыл (село) халқын кәсіптік орта және кәсіптік жоғары
               бiлiм беру саласында мемлекеттік қолдау

      Ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар кәсіптік орта және кәсіптік жоғары бiлiм беретін бiлiм беру ұйымдарына ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша оқуға түскен кезде, Қазақстан Республикасының Үкіметi белгілейтiн мөлшерде олар үшін қабылдау квотасы көзделеді.".
      2. "Қазақ ССР-iнде мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Заңына (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 26, 345-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1994 ж., N 9-10, 158-құжат; N 15, 208-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 17-18, 219-құжат; 1998 ж., N 24, 432-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат):
      1) 3аңның тақырыбындағы және бүкіл мәтінi бойынша "Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы", "Қазақ Советтік Социалистік Республикасының", "Министрлер Кабинетi", "Министрлер Кабинетiнің" деген сөздер тиiсінше "Қазақстан Республикасы", "Қазақстан Республикасының", "Үкіметі", "Үкіметінiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 20-бапта:
      бiрiнші бөліктегі "мемлекеттік емес мекемелерде және" деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөлiктегі "орта, арнаулы орта және жоғары" деген сөздер "және кәсiптiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кәсіптiк білiм беретiн білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдарда оқитын мылқаулар мен зағиптарға мемлекеттік стипендияның мөлшері стипендиялардың жалпыға бірдей белгіленген мөлшерден жетпіс бес процент жоғары болып белгіленеді. Кәсіптік бiлiм беретін ұйымдарда оқитын өзге мүгедектердi стипендиямен қамтамасыз ету жөнiндегi жеңiлдiктердi Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.";
      3) 21-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "балалар" деген сөз алып тасталсын;
      бiрiншi және екiншi бөлiктердегi "мектеп жасына дейiнгi жалпы үлгiдегi балалар мекемелерiнде", "мектеп жасына дейiнгi жалпы үлгiдегi мекемелерде", "мекемелер" деген сөздер "жалпы үлгiдегi мектепке дейiнгi ұйымдарда", "жалпы үлгiдегi мектепке дейiнгi ұйымдарда", "ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "22-бап. Мүгедектерге жалпы және кәсiптiк орта бiлiм
               беру
      Мүгедектерге жалпы және кәсiптiк орта бiлiм беру жалпы немесе арнаулы үлгiдегi бiлiм беру ұйымдарында, ал қажет болған жағдайда үйде жүзеге асырылады.
      Стационарлық емдеу-профилактикалық, оңалту және басқа да денсаулық сақтау ұйымдарында емделу курсынан өтіп жатқан мүгедек балалар үшiн жалпы бiлiм беру бағдарламасы көлемiнде оқу сабақтары ұйымдастырылады. Оқу сабақтарын ұйымдастыру тәртiбiн бiлiм беру және денсаулық сақтау саласындағы орталық атқарушы органдар белгiлейдi.
      Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек балалар үшiн арнаулы бiлiм беру ұйымдары, оңалту орталықтары, мүгедектерге арналған үйлер мен орталықтар жанынан арнаулы сыныптар құрылады.
      Бiлiм беру гранттары мен кредиттерiн бюджеттен қаржыландыру арқылы тегiн мемлекеттiк бiлiм алуға конкурс өткiзу кезiнде көрсеткiштер бiрдей болған жағдайда, медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссияларының қорытындысы бойынша кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында оқуына болатын бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердiң, сондай-ақ бала кезiнен мүгедектердiң артықшылықты құқығы бар.
      Кәсiптiк жоғары, орта және бастауыш бiлiм беру ұйымдарын бiтiрген бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердi жұмысқа орналастыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың тұрғылықты жерiнде, алған мамандығы бойынша жүзеге асырылады.";
      5) 23-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "мекемелер" деген сөз "ұйымдар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiкте:
      "мекемелерi" деген сөз "ұйымдары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "оқытуда" деген сөзден кейiн "бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 24-бапта:
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мүгедек балалардың жан-жақты әрi үйлесiмдi дамуы, оларды қоғамдық белсендiлiкке, еңбекке, ынталылыққа тәрбиелеу, ғылымға, техникаға, өнерге және спортқа баулу мақсатында бiлiм беру органдары мен басқа да мемлекеттiк органдар мүгедек балалардың мектептен тыс тәрбиеленуге қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге, осыған қажет жағдайлар жасауға мiндеттi.";
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бес-алты жасар мүгедек балаларды мектепке барар алдында даярлау мiндеттi болып табылады және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымда немесе мектепте жалпы білiм беру бағдарламасы көлемiнде жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында ол тегiн жүзеге асырылады.";
      7) 25-баптың тақырыбы мен мәтiнiндегi "мекемелерде", "мекемелер" деген сөздер "ұйымдарда", "ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 26-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "мекемелерде", "жұмыспен қамту қызметiнiң" деген сөздер "ұйымдарда", "жұмыспен қамту мәселелері жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "27-бап. Мүгедектердiң бiлiм алу, кәсiптiк даярлықтан өту және бiлiктiлiгiн арттыру нысандары
      Мүгедектердiң бiлiм алуы, кәсiптiк даярлықтан өтуi және бiлiктiлiгiн арттыруы Қазақстан Республикасының бiлiм беру туралы заңдарында белгiленген тәртiппен және нысандарда жүзеге асырылады.".
      3. "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Z939000_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 2, 28-құжат; 1995 ж., N 8, 56-құжат; N 22, 135-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат):
      1) 8-1-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әскерге шақырылуға дейiнгi және әскерге шақырылу жасындағы жiгiттермен және қыздармен бастапқы әскери дайындықты жалпы бiлiм беретiн мектептерде, бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында штаттағы оқытушылар жүргiзедi.";
      2) 9-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "министрлiктер мен ведомстволардың оқу ұйымдарында және Республиканың мемлекеттiк бiлiм беру жүйесiндегi оқу орындарында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 15-бапта:
      3-тармақта:
      а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "а) бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензиясы бар, жалпы бiлiм беретiн мектептер мен кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарында күндiзгi оқыту нысаны бойынша оқитын әскерге шақырылушыларға, оларды бiтiргенге дейiн;";
      б) тармақшасының бiрiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң" деген сөздер "бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "а) ауылдық (селолық) жерлерде орналасқан жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарының кәсiптiк орта немесе кәсiптiк жоғары педагогтiк бiлiмi бар және мамандығы бойынша жұмыс iстеп жүрген мұғалiмдерiне (оқытушыларына), барлық жұмыс iстеген кезеңiне;";
      4) 26-баптың е) және ж) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "е) бiлiм беру ұйымдарының педагогтары - оқу жылы кезеңiнде;
      ж) күндiзгi оқыту нысаны бойынша оқытатын барлық бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылар;".
      4. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Z952200_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; 2001 жылғы 13 наурызда "Егемен Қазақстан" газетiнде және 2001 жылғы 12 наурызда "Казахстанская правда" газетiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне банк қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Z010162_ Заңы):
      10-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта бiлiм; кәсiптiк бастауыш бiлiм, оның iшiнде кәсiптер бойынша; кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм, оның iшiнде мамандықтар бойынша бiлiм беретiн заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметі, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметi;";
      10-бап мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-2) бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, электронды оқулықтар мен қосымша оқу әдебиетiн басып шығару жөнiндегi қызмет;";
      5. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Z952235_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N 14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; N 20, 731-құжат; N 21, 786-құжат; N 23, 928-құжат; N 24, 1067-құжат; 2000 ж., N 3-4, 65, 66-құжаттар; N 10, 234-құжат; 2001 ж., N 3, 16-құжат; 2001 жылғы 5 мамырда "Егемен Қазақстан" газетiнде және 2001 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газетiнде жарияланған "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" 2001 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасының Z010183_ Заңы):
      1) 57-бапта:
      1-тармақта:
      15) тармақшадағы "арнаулы орта және жоғары" деген сөздер "кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) тармақшадағы "мектеп жасына дейiнгi балалар, орта, арнаулы орта және жоғары бiлiм" деген сөздер "мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 123-баптың 3-тармағының 10) тармақшасындағы "мектепке дейiнгi балалар мекемелерi, орта, арнаулы орта және жоғары бiлiм" деген сөздер "мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары бiлiм беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 134-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "мектепке дейiнгi балалар мекемелерi, орта, арнаулы орта және жоғары бiлiм" деген сөздер "мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары бiлiм беру" деген сөздермен ауыстырылсын.
      6. "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" 1998 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Z980258_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 14, 200-құжат; N 22, 308-құжат; N 24, 443-құжат):
      4-баптың 5) тармақшасының он екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Алматы қаласының аумағындағы жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта және кәсiптiк бастауыш бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарының, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметiне;".
      7. "Бiлiм туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Z990389_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат):
      1) 28-баптың 3-тармағын, 46-баптың 3-тармағын қоспағанда, Заңның бүкiл мәтiнi бойынша "орталық атқарушы органдары", "орталық атқарушы органдар", "орталық атқарушы органдардың" деген сөздер тиiсiнше "орталық атқарушы органы", "орталық атқарушы орган", "орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) Заңның бүкiл мәтiнi бойынша "селолық жерлер", "село жастары" деген сөздер тиiсiнше "ауылдық (селолық) жерлер", "ауыл (село) жастары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 1-бап:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) бiлiм беру ұйымдарын аккредитациялау - кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк жоғары бiлiм берудiң білiм бағдарламаларын iске асыратын ұйымдардың мәртебесiн бiлiм бағдарламаларының тiзбесiн белгiлей отырып, олардың үлгiсi (жоғары оқу орны) мен түрiне қарай (институт, академия, университет) мемлекеттiң тануы (кезектi мерзiмге растауы). Бұл ұйымдардың бiтiрушiлерге аталған бағдарламалар бойынша бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттар беруге құқығы бар;";
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) ассистентура-тағылымдама - өнер оқу орындарында жоғары бiлiктi ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны;";
      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "20-1) қабылдау квотасы - ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн бiлiм беру гранттары мен кредиттерiнің шектi саны;";
      32) тармақшадағы "резидентура" деген сөз "клиникалық ординатура" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 40-1) және 41-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "40-1) мектеп-гимназия (мектеп-лицей) - гимназияның жалпы бiлiм беру бағдарламаларын - гимназия сыныптарында; лицейдiң жалпы бiлiм беру бағдарламаларын лицей сыныптарында iске асыратын жалпы бiлiм беретiн орта оқу орны;
      41-1) эксперименттiк алаң - жаңа педагогикалық технологиялар мен бiлiм беру бағдарламаларын мақұлдаудан өткiзуге арналған эксперимент режимiнде жұмыс iстейтiн орта оқу орны.";
      4) 9-бапта:
      6-тармақтың үшiншi бөлiгi алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аккредитациялау Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен мемлекеттiк аттестаттау негiзiнде жүзеге асырылады.";
      5) 12-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың (бұдан әрi - лицензиат) бiлiм беру қызметi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес мамандықтар бойынша лицензиялануға тиiс.";
      3-тармақта:
      "бiлiм беру ұйымдарына" деген сөздер "заңды тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақша "жалпы бастауыш" деген сөздердiң алдынан "осы тармақтың
3) тармақшасында аталғандардан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
      қазақша мәтiнде 2) тармақшадағы "бередi." деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) жалпы орта бiлiм беретiн халықаралық, шетелдiк, мемлекеттiк емес, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарына Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бередi.";
      6) 13-баптың 3-тармағы:
      мынадай мазмұндағы төртiншi, бесiншi, алтыншы бөлiктермен толықтырылсын:
      "Жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарының жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың ағымдағы жылғы жеңiмпаздары болып табылатын (I, II, III дәрежелi дипломдармен марапатталған) түлектерi, сондай-ақ республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының (I, II, III дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары таңдаған мамандықтар олимпиаданың, ғылыми жарыстың, конкурстың олар жеңiмпаз болып табылатын пәнiне сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк бiлiм беру гранттарын алуға құқығы бар және олар Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын тапсырмай қабылданады.
      Ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша оқуға түскен кезде, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мөлшерде оларды қабылдау квотасы көзделедi.
      Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарына оқуға түскен кезде, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мөлшерде оларды қабылдау квотасы көзделедi.";
      7) 16-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен

толықтырылсын:
     "Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау тәртiбiн бiлiм беру 
саласындағы орталық атқарушы орган белгiлейдi.";
     8) 17-бапта:
     бiрiншi бөлiк "әдiстемелiк" деген сөзден кейiн "және оқу-әдiстемелiк"
деген сөздермен толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
     "Оқу-әдiстемелiк бiрлестiктер қызметiнiң ережесiн бiлiм беру 
саласындағы орталық атқарушы орган бекiтедi.";
     9) 24-баптың 5-тармағы "лицей" деген сөзден кейiн ", мектеп-гимназия, 
мектеп-лицей" деген сөздермен толықтырылсын;
     24-баптың 7-тармағы мынадай редакциядағы төртiншi және бесiншi 
бөлiктермен толықтырылсын:


      "Кәсiптiк орта бiлiмi бар азаматтар қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша қысқартылған мерзiмде ақылы негiзде екiншi кәсiптiк орта бiлiм ала алады.
      Колледждер мен училищелерде ұқсас мамандықтар бойынша республикалық оқу-әдiстемелiк бiрлестiктер құрылады.";
      10) 25-бапта:
      4-тармақтың екiншi бөлiгi "ұйымдары" деген сөзден кейiн "қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
      11) 26-бапта:
      2-тармақта:
      "резидентурасында" деген сөз "клиникалық ординатурасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "аспирантурасында," деген сөзден кейiн "ассистентура-тағылымдамасында" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Ассистентура-тағылымдамада тағылымдамадан өту мерзiмi күндiзгi оқу нысаны бойынша - екi жылдан, сырттай оқу нысаны бойынша үш жылдан аспауға тиiс.";
      12) 29-баптың 3) тармақшасындағы "жергiлiктi бюджеттен қаражат алатын колледждерде кәсiптiк орта бiлiмi бар" деген сөздер "республикалық бюджеттен қаражат алатын ұйымдарда кәсiптiк орта бiлiмi бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 30-бапта:
      2) тармақша алып тасталсын;
      4) тармақша "лицензиялау" деген сөзден кейiн ", мемлекеттiк аккредитациялау" деген сөзбен толықтырылсын;
      9) тармақша "лицензиялау" деген сөзден кейiн ", мемлекеттiк аккредитациялау" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) оқу-әдiстемелiк бiрлестiктер мен кәсiптiк-бiлiм беру бағдарламаларын оқу- және ғылыми-әдiстемелiк, ақпараттық қамтамасыз ету жөнiндегi кеңестердiң жұмысын үйлестiредi;
      мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-2) кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аккредитациялауды ұйымдастырады және жүргiзедi;";
      мынадай редакциядағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "24-1) бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау тәртiбiн белгiлейдi;";
      14) 32-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес педагог қызметкерлердi аттестаттауды өткiзедi және оларға бiлiктiлiк разрядтарын бередi;";
      15) 33-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;
      16) 35-бапта:
      2-тармақтың екiншi бөлігiндегi "аттестаттау" деген сөзден кейiн "мен аккредитациялау" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ "аттестаттау" деген сөзден кейiн "мен аккредитациялау" деген сөздермен толықтырылсын;
      17) 40-баптың 5-тармағының 5) тармақшасы "күндiзгi оқу нысаны үшiн - 8:1," деген сөздерден кейiн "ал медициналық жоғары оқу орындары үшiн - 6:1," деген сөздермен толықтырылсын;
      18) 41-баптың 2-тармағының екiншi сөйлемi "оларға теңестiрiлген адамдар қызметiнiң тiзбесiн" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      19) 42-баптың 1-тармағындағы "еңбек шартымен не еңбек келiсiм-шартымен", "Еңбек шартының не еңбек келiсiм-шартының" деген сөздер "жеке еңбек шартымен", "Жеке еңбек шартының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 43-бапта:
      4-тармақта:
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыру бiлiм беру деңгейлерi бойынша жалпыға бiрдей мiндеттi мемлекеттiк стандарттармен белгiленген талаптарды сақтау арқылы және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн ақшалай және заттай нормаларды, сондай-ақ еңбекке ақы төлеу нормаларын ескере отырып, республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.";
      екiншi бөлiк алып тасталсын;
      үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шағын жинақталған мектептердi қаржыландыру iсiнде бiлiм алушылар санына қатысы жоқ шығындар ескерiлуге тиiс.";
      21) 45-баптың 4-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге құқылы.";
      22) 46-бапта:
      6-тармақта:
      "мемлекеттерде" деген сөз "мемлекеттердiң" деген сөзбен ауыстырылып, одан кейiн "зайырлы оқу орындарында" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақтағы "бiлiм алу және педагогтiк қызметпен айналысу құқығын пайдалана алады" деген сөздер алып тасталып, "келiсiм-шарттар бойынша" деген сөздерден кейiн "бiлiмге және педагогтiк қызметпен айналысуға құқықты" деген сөздермен және "Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең" деген сөздерден кейiн "пайдаланады." деген сөзбен толықтырылсын;
      23) 47-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың Қазақстан Республикасында бiлiм алуға құқығы бар.";
      2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
     Қазақстан Республикасының
             Президенті