Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.07.27 N 325 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Ескерту: Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда - Ішкі істер министрінің 2008.04.14 N 139 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
Ішкі істер министрлігінің органдары мен ішкі әскерлерді қолайлы іріктеу, жеке құрамды медициналық қамтамасыз етуді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дәрігерлік-әлеуметтік көмекті жетілдіру мақсатында Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік сараптама туралы ереже (N 1 қосымша) бекітілсін.
Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда - Ішкі істер министрінің 2008.04.14 N 139 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
2. Бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары дәрігерлік куәландыру ережесі (N 2 қосымша) бекітілсін.
Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда - Ішкі істер министрінің 2008.04.14 N 139 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
3. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 1992 жылғы 13 тамыздағы N 258 бұйрығы күшін жойған деп есептелсін.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі -
Ішкі әскерлері қолбасшысы
Ескерту: Бұйрықтың қосымшасының мемлекеттік тілдегі аудармасы болмағандықтан ресми тілдегі мәтінді қараңыз.
Ескерту: Ережеге өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрлігінің 2004.02.10 N 99, 2006.05.24 N 237, 2008.04.14 N 139(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрықтарымен.