"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және кейбiр заң актiлерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 28 ақпандағы N 76

      1-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88, 89-құжаттар; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар, N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 2-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қандай да бiр салықтан босату немесе осы Жарлықпен көзделген салық ставкасын кемiту осы Жарлыққа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiмен, сондай-ақ осы Жарлыққа және Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен жасалған келiсiм-шарт негiзiнде жүргiзiлуi мүмкiн. "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi беретiн жеңiлдiктердi қоспағанда, басқа актiлермен салық жеңiлдiктерiн, соның iшiнде жеке сипаттағы жеңiлдiктер беруге тыйым салынады".
      2. 34-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      "8. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен жасалған келiсiм-шартқа сәйкес салық төлеушiлерге:
      келiсiм-шарт жасалған кезден бастап 5 жылға дейiнгi мерзiмге негiзгi ставканың 100 процентiне дейiн табыс салығының кемiтiлген ставкасы;
      одан кейiнгi 5 жылға дейiнгi кезеңге негiзгi ставканың 50 процентiнен аспайтын шекте табыс салығының кемiтiлген ставкасы белгiленуi мүмкiн.
      Табыс салығы жөнiнде жеңiлдiктер берудiң нақты мерзiмi мен мөлшерi келiсiм-шартта әрбiр салық төлеушi бойынша және жобаның басымдығына, өтемдiлiк мерзiмi мен шарттарына қарай белгiленедi.
      Аталған жеңiлдiк сәйкестендiрiлiп берiлген келiсiм-шарт бұзылған жағдайда табыс салығы Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген тиiстi айыппұл санкциялары қолданыла отырып, салық төлеушiнiң бүкiл қызмет ету кезеңiне есептелуге және бюджетке енгiзiлуге тиiс".
      3. 123-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 10)-тармақшамен толықтырылсын:
      "10) Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен жасалған келiсiм-шартқа сәйкес салық төлеушiлерге:
      келiсiм-шарт жасалған кезден бастап 5 жылға дейiнгi мерзiмге негiзгi ставканың 100 процентiне дейiн жер салығының кемiтiлген ставкасы;
      одан кейiнгi 5 жылға дейiнгi кезеңге негiзгi ставканың 50 процентiнен аспайтын шекте жер салығының кемiтiлген ставкасы белгiленуi мүмкiн.
      Жер салығы жөнiнде жеңiлдiктер берудiң нақты мерзiмi мен мөлшерi келiсiм-шартта әрбiр салық төлеушi бойынша және жобаның басымдығына, өтемдiлiк мерзiмi мен шарттарына қарай белгiленедi.
      Аталған жеңiлдiк сәйкестендiрiлiп берiлген келiсiм-шарт бұзылған жағдайда жер салығы Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген тиiстi айыппұл санкциялары қолданыла отырып, салық төлеушiнiң бүкiл қызмет ету кезеңiне есептелуге және бюджетке енгiзiлуге тиiс".
      4. 134-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6)-тармақшамен толықтырылсын:
      "6) Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен жасалған келiсiм-шартқа сәйкес салық төлеушiлерге:
      келiсiм-шарт жасалған кезден бастап 5 жылға дейiнгi мерзiмге негiзгi ставканың 100 процентiне дейiн мүлiкке салынатын салықтың кемiтiлген ставкасы;
      одан кейiнгi 5 жылға дейiнгi кезеңге негiзгi ставканың 50 процентiнен аспайтын шекте мүлiкке салынатын салықтың кемiтiлген ставкасы белгiленуi мүмкiн.
      Мүлiкке салынатын салық жөнiнде жеңiлдiктер берудiң нақты мерзiмi мен мөлшерi келiсiм-шартта әрбiр салық төлеушi бойынша және жобаның басымдығына, өтемдiлiк мерзiмi мен шарттарына қарай белгiленедi.
      Аталған жеңiлдiк сәйкестендiрiлiп берiлген келiсiм-шарт бұзылған жағдайда мүлiкке салынатын салық Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген тиiстi айыппұл санкциялары қолданыла отырып, салық төлеушiнiң бүкiл қызмет ету кезеңiне есептелуге және бюджетке енгiзiлуге тиiс".
 

 

     2-бап. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

     1."Қазақ КСР-iндегi инвестициялық қызмет туралы" 1991 жылғы

10 мауысымдағы Қазақ КСР Заңы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы,

1991 ж., N 24, 280-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң

Жаршысы, 1995 ж., N 20, 120-құжат);

     2. "Қазақ КСР-iндегi инвестициялық қызмет туралы" Қазақ КСР

Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1991 жылғы 10 маусымдағы Қазақ

КСР Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы,

1991 ж., N 24, 281-құжат).


     Қазақстан Республикасының

          Президентi