Заң күшi бар "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 26 қаңтар N 2827

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi  N 2368  Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, бiрыңғай кеден саясатын жүзеге асыру, кедендiк бақылау мен ресiмдеудi жетiлдiру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында кеден қоймаларын құру жөнiндегi iс-қимылдарды тәртiпке келтiру мақсатында қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң Алматы қаласының Сүйiнбай даңғылы, 353 үйде орналасқан терминал аумағында "Темiр-Жол-Терминал" кеденiн құру туралы ұсынысы қабылдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Темiр-Жол-Терминал" кеденiн ұйымдастыру үшiн 40 адамға қосымша штат бөлсiн және оны ұстауға қажеттi қаражат көздесiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi кеден органдарымен бiрлесiп, Алматы қаласына темiр жол көлiгiмен "Темiр-Жол-Терминал" кеденiне кедендiк ресiмдеу үшiн әкелiнген жүктердiң жеткiзiлуiн қамтамасыз етсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi