Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 16 шілде N 440

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 Z952235_ заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184,188-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N 14, 197, 201-202-құжаттар; 1998 жылы 15 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығына толықтыру енгізу туралы" 1998 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылы 26 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылы 29 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылы 30 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының салық әкiмшiлiгiн жүргiзу мәселелерi бойынша кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылы 1 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылы 1 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Заңы
      Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы";
      2) кiрiспе алып тасталсын;
      3) бүкiл мәтiн бойынша "Жарлықтан", "Жарлықтың", "Жарлықта", "Жарлыққа", "Жарлықпен", "Жарлық" деген сөздер тиiсiнше "Заңнан" "Заңның", "Заңда", "Заңға", "Заңмен", "Заң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 2-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Осы Заңда көзделген, есептелген және төленбеген айыппұлдар мен өсiмақыларды төлеуден босату немесе олардың сомасын азайту осы Заңға толықтырулар енгiзу тәртiбiмен жүргiзiлуi мүмкiн. Есептелген және төленбеген айыппұлдар мен өсiмақыларды, оның iшiнде жеке сипаттағыларын төлеуден босатуды немесе олардың сомасын азайтуды басқа актiлермен беруге тыйым салынады.";
      5) 3-бапта:
      баптың атауы "алымдар және" деген сөздерден кейiн "басқа да" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      "алымдар және" деген сөздерден кейiн "басқа да" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша "эмиссиясын тiркегенi" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) бiрыңғай жер салығы;";
      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "16-1) заңды (мемлекеттiк кәсiпорындарды, мемлекеттiк мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда) және жеке тұлғалардың "Қазақстан", "Республика", "Ұлттық" деген сөздердi (түбiр сөз, сондай-ақ олардың кез келген туынды сөзi түрiнде) өздерiнiң фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны үшiн алым;";
      17) тармақша "жеке тұлғалардың" деген сөздерден кейiн "ставкасы есептеу базасының 1 процентiнен жоғары белгiленбейтiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ "11)-15)" деген цифрлардан кейiн ",16-1)" деген цифрлармен толықтырылсын.

      6) 5-бапта:
      20) тармақша "кредиттер," деген сөздерден кейiн "лизингке (қаржылық жалға) алынған мүлiк," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 45) - 48) тармақшалармен толықтырылсын:
      "45) "күмәнді міндеттемелер" - сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша туындаған және туындаған кезден бастап екi жыл iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер;
      46) "сатып алу бағасы" - салық салу мақсатында өзiне тауарлардың сатып алу құнын, сондай-ақ тауар (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) берушiлер қосымша құн салығының сомасын көрсете отырып, салық шотын-фактурасын қойған және қосымша құн салығының сомасы осы Заңға сәйкес есепке алынған, оларды сатып алу мен сатуға байланысты шығыстар құнын қамтиды;
      47) "электрондық құжат" - белгiленген электрондық форматта жасалған және берiлген, электрондық санмен қолтаңба түсiру арқылы шартбелгi салынып, расталған және ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнде iске қосылып, түпнұсқаландырудан өткеннен кейiн бастапқы құжат күшi бар құжат;
      48) "электрондық қолтаңба" - электрондық құжаттардың

түпнұсқалылығын, тұтастығын және авторлығын қамтамасыз ететiн 
арнайы криптографиялық құрал.".
     7) 6-бап мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
     "6. Табыс салығын төлеушілерге өзi өндiрген тауарларды өткiзуден
түсетiн кiрiстер бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер жатпайды.
     7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi
заңды тұлғаның арызы бойынша оның бөлiмшелерiн дербес салық төлеушiлер 
ретiнде қарай алады.";
     8) 11-бапта:
     мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
     "3-1) күмәндi мiндеттемелер бойынша кiрiстер;";
     мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
     "16) осы Заңның 138-1-бабына сәйкес бағаларды түзетуден түсетiн
кiрiстер.";
     9) 13-баптың 3) тармақшасындағы "бағалы қағаздарды" деген
сөздер "акцияларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
     10) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
     "1. Заңды және жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысынан, осы 
Заңға сәйкес шегеруге жатпайтын шығыстарынан басқа, оны алуға 
байланысты барлық шығыстары шегерiледi.
     Осы Заңмен нормалар шегiнде шығыстарды шегеруге жатқызу жағдайлары 
белгiленуi мүмкiн.
     Шегеру кәсiпкерлiк қызметтен табыс алуға байланысты шығыстарды 
растайтын құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады.";
     
     11) 20-бапта:
     3-тармақ мынадай мазмұндағы 8-жолмен толықтырылсын:
     "8. Коммуникация жабдықтары:
     коммутация мен деректер берудiң цифрлы
     электронды жабдығы, берудiң цифрлы
     жүйелерiнiң жабдығы, байланыстың
     цифрлы өлшеу техникасы                                25
     
     жер серiгi, ұялы байланыс, радиотелефон,
     пейджинг және транкинг байланысы жабдығы              15
     
     байланыс желiсi, коммутация мен беру
     жүйелерiнiң жабдығы                                   10";
     


      7-тармағының екiншi бөлiгiндегi "Инфляция деңгейiнен" деген сөздердiң алдынан "Құрылысы Қазақстан Республикасының үкiметтiк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген шетел валютасындағы заем қаражаттарымен жүзеге асырылған үй-жайдың құнын осы заем қаражаттарын қайтару кезiнде туындайтын терiс бағамдық айырмашылық сомасына қайта бағалау сомаларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      12) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "23-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерделеуге және өндiруге дайындық жұмыстарына жұмсалған шығыстар

      1. Бағалау, жайластыру жөнiндегi шығыстарды, жалпы әкiмшiлiк шығыстарын және жазылу жүргiзiлетiн бонус пен коммерциялық табу бонусын төлеуге байланысты шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерделеуге, барлауға және өндiруге дайындық жұмыстарына жер қойнауын пайдаланушы жұмсаған шығыстар жеке топ құрайды және жер қойнауын пайдаланушының қалауынша белгiленген нормалар бойынша пайдалы қазбаларды өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрiнде жиынтық жылдық табыстан шегерiледi, бiрақ олар осы Заңның 20-бабының 3-тармағында белгiленген 2-топтың негiзгi құрал-жабдықтары амортизациясының шектi нормаларынан аспауы тиiс.
      Осы шығыстар, пайдалы қазбаларды сату кезiнде алынған табыстарды (тәжiрибе-өнеркәсiптiк мақсаттарда өндiрiлгендерiнен басқасын) жылдық жиынтық табыстардан осы Заңның 13-бабына сәйкес алып тастауға жататын табыстарды және осы Заңның 34-бабына сәйкес салық салудан босатылған табыстарды қоспағанда, табиғи ресурстарды геологиялық зерделеуге және өндiруге дайындық жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде жасалған келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы алған табыстар сомасына оларды азайту арқылы түзетілуге тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп табиғи ресурстарды геологиялық зерделеу, әзiрлеу немесе пайдалану құқығын алуға байланысты салық төлеушiнiң материалдық емес активтерге жатқызылған шығыстарына да, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы бюджетке iс жүзiнде төлеген келiсiм-шарттық аумақтарда мемлекет жұмсаған тарихи шығындарды өтеу сомасына да қолданылады.";
      13) 27-баптағы "бес" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
      14) 34-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы "Қызыл Крест қоғамы," деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының "Чернобыль" Одағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      ", сондай-ақ жергілiктi атқарушы органдардың бағалы қағаздары бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
      "проценттер" деген сөзден кейiн "; зейнетақы активтерiн мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастырудан алынған инвестициялық табыс есебiнен қалыптасқан жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      15) 37-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Есептелген салық сомасы жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерiмдер туралы декларацияда көрсетiледi.";
      16) 52-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Резидент емес-заңды тұлғаның тұрақты мекемесi жиынтық жылдық табыс пен есептi кезеңде жасалған шегерiмдер туралы декларация ұсынылған күннен бастап 10 күн iшiнде, бiрақ есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей, осы тұрақты мекеменiң таза табысына салық төлейдi.";
      17) 55-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
      "1-2. Өзi өндiретiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату жөнiндегi айналым бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер қосылған құнға салынатын салық төлеушiлерге жатпайды. Өзi өндiрмейтiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату жөнiндегi айналым бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер қосылған құн салығын төлеудi осы бөлiмге сәйкес жалпыға белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.";
      18) 57-баптың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi сөйлемiндегi "жағдайда" деген сөзден кейiн "өткiзу жөнiндегі айналым үшiн пайдаланылған осы Заңның 64-бабында аталған тауарлардан (жұмыстардан, көрсетiлетiн қызметтерден) басқасына" деген сөздермен толықтырылсын;
      19) 58-бапта:
      1-тармақтағы "және өндiрiстiк қызмет үшiн толығымен есептi кезең iшiнде, ал маусымдық сипаттағы өндiрiстiк қызмет үшiн толығымен салықтық жыл iшiнде нақты қалыптасқан шығындардан төмен болмауы" деген сөздер алып тасталсын;
      4-тармақ алып тасталсын;
      6-тармақтағы ", сондай-ақ нормативтерден тыс ысырап болған кезде табиғи монополияшылар үшiн" және "және нормативтерден тыс ысыраптардың" деген сөздер алып тасталсын;
      6-1-тармақтағы:
      "және өндiрiстiк қызмет үшiн нақты қалыптасқан шығыннан" және "мен өндiрiстiк қызмет үшiн нақты туындаған шығындардың" деген сөздер алып тасталсын;
      "20 проценттiк ставка бойынша" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумағында осындай тауарларды өткiзу кезiнде осы Заңның 66-бабында белгiленген ставка бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Жылуды, электр энергиясын, суды және газды өндiру, тарату және тасымалдау жөнiндегi қызмет көрсетулер бойынша салық салынатын айналым өзiне ақысы төленген сату жөнiндегi айналымды, сондай-ақ сатқан кезден бастап 60 күн өткен айналымды қамтиды.
      Машина жасау, химия өнеркәсiбiнiң және резина мен пластмасса бұйымдары өндiрiсiнiң өнiмдерiн өндiру мен сату жөнiндегi салық салынатын айналым өзiне ақысы төленген сату жөнiндегi айналымды, сондай-ақ сатқан кезден бастап 90 күн өткен айналымды қамтиды.";
      20) 60-бапта:
      1-тармақтағы: "баждардың, салықтардың" және ", осы Жарлыққа сәйкес бұл тауарлар бойынша төленуi тиiс қосылған құнға салынатын салықтан басқасы," деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақ алып тасталсын;
      21) 61-баптың 1-тармағында:
      2) тармақшадағы "инкассацияларды" деген сөз алып тасталсын;
      18) тармақша "мекемелерi" деген сөзден кейiн ", Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiнiң республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары" деген сөздермен толықтырылсын;
      19) және 20) тармақшалардағы "ұйымдар" деген сөз "заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) мынадай мазмұндағы 64-баппен толықтырылсын:
      "64-бап. Тоқыма, тiгiн, былғары-аяқ киiм өнеркәсiбi салалары
               өнiмдерiне салық салу

      Қазақстан Республикасы аумағында тоқыма, тiгiн, былғары-аяқ киiм өнеркәсiбi салаларының өздерi өндiрген өнiмдерiн Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң өткiзуiне нөлдiк ставкамен салық салынады.";
      23) 66-баптың 2-тармағындағы "62, 63 және 65" деген цифрлар "62-65" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      24) 67-баптағы "1 және 2" деген цифрлар "1, 2 және 4" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      25) 73-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Осы Заңға сәйкес есепке алуға жатқызылмайтын қосылған құн салығы салық төлеушiлер шығындарының (амортизация сомалары арқылы ғимараттар, құрылыстар, жеңiл машиналар бойынша) құрамына кiргiзiледі.";
      26) 75-баптың 4-тармағы "иесiз" деген сөздiң алдынан "мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен" деген сөздермен толықтырылсын;
      27) 77-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген акцизделетiн тауарларға осы Заңның 76-бабының 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған акциз ставкасы оның құрамында таза (жүз проценттiк) спирттiң болу мөлшерiне байланысты белгiленуi мүмкiн.";
      28) 80-баптың 1-тармағындағы "үш" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
      29) Y бөлiмнің тақырыбы "және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн беру" деген сөздермен толықтырылсын;
      30) 19-тараудың тақырыбы "салық" деген сөзден кейiн "және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн беру" деген сөздермен толықтырылсын;
      31) 87-бап "эмиссиясын тiркегенi" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi" деген сөздермен толықтырылсын;
      32) 88-баптағы "бастапқы және қосымша эмиссия кезiндегi" деген сөздер "бiр эмиссиясының (бастапқы немесе кейiнгi, оның iшiнде сот шешiмi бойынша акциялардың қосымша эмиссиясының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      33) 20-тараудың атауы "эмиссиясын тiркегенi" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi" деген сөздермен толықтырылсын;
      34) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бағалы қағаздардың эмиссиясын тiркегенi және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi үшiн алынатын алым бағалы қағаздардың бiр эмиссиясының жалпы номиналды құнымен:
      бағалы қағаздардың бастапқы эмиссиясын тiркеген кезде 0,1 процент мөлшерiнде;
      бағалы қағаздардың келесi эмиссиясын тiркеген кезде (оның iшiнде сот шешiмi бойынша акциялардың қосымша эмиссиясын) 0,5 процент мөлшерiнде;
      мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн берген кезiнде 0,1 процент мөлшерiнде төленедi.";
      35) 92-бапта:
      1-тармақ "тiркеген" деген сөзден кейiн "және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн берген" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеуден және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн беруден бас тартқан жағдайда, төленген алым қайтаруға жатпайды және бағалы қағаздар эмиссиясын келесi тiркеу кезiнде немесе мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн келесi беру кезiнде ескеріледi.";
      3-тармақ "эмиссиясын тiркегенi" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi" деген сөздермен толықтырылсын;
      36) 93-бап "комиссиясын тiркегенi" деген сөздерден кейiн№"және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн бергенi" деген сөздермен толықтырылсын;
      37) 94-баптың 5-тармағының екiншi бөлiгi "Көп таралған пайдалы қазбаларды" деген сөздерден кейiн "және (немесе) жер асты суларын" деген сөздермен толықтырылсын;
      38) 96-1-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Жер қойнауын пайдаланушылар жазылу жүргiзiлетiн бонус бойынша декларацияны есептi айдан кейiнгi айдың оны күнiне дейiн тiркеу орны бойынша аумақтық салық органдарына ұсынады.";
      39) 97-1-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табу бонусы бойынша декларацияны коммерциялық табу жасалған жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiне дейiн тiркеу орны бойынша аумақтық салық органдарына ұсынады.";
      40) 101-баптың 3-тармағындағы және 104-баптың 2-тармағындағы "есеп айырысуды" және "есептердi" деген сөздер декларацияны" деген сөзбен ауыстырылсын;
      41) 104-7-баптың 3-тармағында:
      "Заңды тұлғалар" деген сөздер "Салық төлеушiлер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      "14) табыс салығы салынған жалақы аударымдарынан қалыптасқан кәсiподақ бюджетiнiң қаражаттарынан кәсiподақ мүшелерiне арналған материалдық көмекке."
      42) 104-9-бапта:
      1-тармақ "Қазақстан Республикасы азаматтарының" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Шаруа (фермер) қожалықтарынан басқа, заңды тұлғалар құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар әрбiр қызметкердiң айлық есептiк көрсеткiшiнiң 49 процентi, сондай-ақ осы Заңға сәйкес шегерiс жасауға жатпайтын шығындардан басқа, табысты алумен байланысты шығындарды алып тастағандағы айлық табыстың қосымша 5 процентi немесе патент құнын белгiлеу кезiнде (патент негiзiнде кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар үшiн) мәлімденген табысқа салық салу ұйғарылатын айлық табыс мөлшерінде әлеуметтiк салық төлейдi.
      Шаруа (фермер) қожалықтары шаруа (фермер) қожалықтарының әрбiр қызметкерi, басшысы және шаруа (фермер) қожалықтарының әрбiр мүшесi үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 35 процентi мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi.
      6. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасында еңбек етуге рұқсат бойынша уақытша жүрген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегiне ақы төлеу бөлiгiнде әлеуметтiк салықты:
      әрбiр шетелдiк маман үшiн - 5 айлық есептiк көрсеткiш;
      әрбiр шетелдiк жұмысшы үшiн - 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде төлейдi.";
      43) 104-10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның филиалдары, өкілдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi декларацияны оның орналасқан орны бойынша аумақтық салық органына ұсынуы және салық төлеуді дербес жүзеге асыруы мүмкiн.";
      44) 106-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бiрыңғай жер салығын төлеушiлердi қоспағанда, меншiгiнде, тұрақты пайдалануында немесе бастапқы өтеусiз уақытша пайдалануында жер учаскесi бар заңды тұлғалар (оның iшiнде резидент еместер), олардың филиалдары, өкілдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және жеке тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады."
      45) 108-баптың 4-тармағында:

     "0,12 гектарға дейiнгi" деген сөздер "0,50 гектарға дейiнгi" деген
сөздермен ауыстырылсын;
     "0,12 гектардан 0,25 гектарға дейiнгi" деген сөздер "0,50 гектардан
асатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "0,25 гектардан асатын жер алаңына - 0,01 гектар үшiн 400 теңге"
деген сөздер алып тасталсын;
     46) 112-бапта:
     1-тармақтағы "Павлодар 3,00 0,3" деген жол бойынша, "3,00" деген
цифрлар "5,00" деген цифрлармен ауыстырылсын;
     2-тармақта:
     "0,12 гектарға дейiнгi" деген сөздер "0,50 гектарға дейiнгi" деген
сөздермен ауыстырылсын;
     "0,12-ден 0,25 гектарға дейiнгi" деген сөздер "0,50 гектардан
асатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "0,25 гектардан асатын жер алаңына - 0,01 гектар үшін 400 теңге"
деген сөздер алып тасталсын;
     47) 123-баптың 3-тармағының 9) тармақшасы түзеу мекемелерi деген 
сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 
қылмыстық-атқару жүйесi түзеу мекемелерiнiң республикалық мемлекеттiк 
кәсiпорындары" деген сөздермен толықтырылсын;
     48) мынадай мазмұндағы YII-I бөлiммен толықтырылсын:
     "YII-I Бөлім. Бірыңғай жер салығы
     
     33-1-тарау. Бiрыңғай жер салығы бойынша жалпы ережелер 
     125-1-бап. Салық төлеушiлер


      Жеке меншiгiнде немесе жер пайдалану құқығында жер учаскелерi бар шаруа (фермер) қожалықтары бiрыңғай жер салығын төлеушiлер болып табылады.
      125-2-бап. Салық салынатын объектi
      Жеке меншiгiндегi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен айқындалатын жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiнiң бағалау құны салық салынатын объектi болып табылады.
      33-2-тарау. Салық төлеу
      125-3-бап. Салық ставкасы
      Бiрыңғай жер салығы осы Заңның 125-4-бабында көзделген тәртiппен және шарттарда жеке меншiгiндегi немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiн бағалау құнының 0,1 процент ставкасы бойынша жыл сайын төленедi.
      125-4-бап. Салықты есептеу және төлеу тәртiбi
      1. Салық төлеушiлер бiрыңғай жер салығын инфляция мен салық ставкасына орай түзетудi ескере отырып, жеке меншiгiндегi немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскесінiң бағалау құнын негiзге алып есептейдi.
      2. Есептi жылға арналған салық аумақтық салық органдарының келiсiмi бойынша төлемдердi бөле отырып, екi мерзiмде:
      есептi жылға арналған ұйғарылып отырған салық төлеудiң кемiнде 1/2 бөлiгi - 1 қазанға дейiн;
      салықтың жалпы сомасының қалған бөлiгi - есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 наурызына дейiн төленедi.
      Салық төлеушiлер есептi кезең аяқталғанға дейiн бiрыңғай жер салығының барлық сомасын алдын ала төлеуге құқылы.
      3. Шаруа (фермер) қожалығының қызметi тоқтатылған жағдайда төленген бiрыңғай жер салығы қайтаруға немесе қайта есептеуге жатпайды.
      4. Салық төлеушiлер бiрыңғай жер салығы бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген нысан бойынша есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей ұсынады.

     125-5-бап. Бiрыңғай жер салығы бойынша есептi кезең 
     Бiрыңғай жер салығы бойынша бюджетпен iс жүзiнде есеп айырысу 
жөнiндегi есептi кезең салық жылы болып табылады.";
     49) 126-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
     "Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн көлiк құралдарына 
қажеттiлiк нормативтерi шегiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер көлiк 
құралдарына салық төлеушiлерге жатпайды. Қажеттiлiктiң белгiленген 
нормативтерiнен жоғары көлiк құралдары бойынша салық осы бөлiмге сәйкес 
төленедi.";
     50) 128-бапта:
     1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
     "1. Жеңiл автомобильдер:
     қоса алғанда 1100*)-ге дейiн                  4,0
     1100-ден жоғары - 1500-дi қоса алғанда        6,0
     1500-ден жоғары - 2000-ды қоса алғанда        7,0
     2000-нан жоғары - 4000-ды қоса алғанда        22,0
     4000-нан жоғары                               117,0";


      2-тармақтағы "1500-ден 2000 текше сантиметрге дейiн" деген сөздер "1500-ден жоғары - қоса алғанда 2000 текше сантиметрге" деген сөздермен, "2000 текше сантиметрден жоғары - 4000 текше сантиметрге дейiн" деген сөздер "2000-нан жоғары - қоса алғанда 4000 текше сантиметрге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Көлiк құралын пайдалану мерзiмi техникалық паспортта (әуе кемесiн жазғы пайдалану жөнiндегi басшылықта) көрсетiлген көлiк құралының шығу кезiнен бастап есептеледi.";
      51) 129-баптың 4) және 9) тармақшаларындағы "бiр автокөлiк құралы" деген сөздердiң алдынан "меншiк құқығында бар" деген сөздермен толықтырылсын;
      52) 131-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мүлiкке қажеттiлiк нормативтерi шегiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер мүлiк салығын төлеушiлерге жатпайды. Қажеттiлiктiң белгiленген нормативтерiнен жоғары мүлiк бойынша салық осы бөлiмге сәйкес жалпы белгiленген тәртiппен төленедi.";
      53) 132-баптың 1) тармақшасындағы "және жер салығы салынатын жер учаскелерiн" деген сөздер алып тасталсын;
      54) 133-баптың 1-тармағында:
      "заңды тұлғалардың" деген сөздерден кейiн ", олардың филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      "аталған қорлардың" деген сөздер "амортизацияланатын активтерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      55) 134-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы "түзеу мекемелерi" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi түзеу мекемелерінiң республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары" деген сөздермен толықтырылсын;
      56) 135-баптың 1-тармағында:
      "заңды" деген сөзден кейiн "тұлғалар" деген сөзбен толықтырылсын;
      "Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын" деген сөздердiң алдынан "Заңды тұлға құрмай" деген сөздермен толықтырылсын;
      57) 138-баптың 1-тармағындағы үшiншi және төртiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жер ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрудiң негiзгi құралы болып табылатын немесе қызметi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшiн жердi пайдаланумен байланысты, сондай-ақ өздерi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмiн ұқсатушы заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлейтiн тәртiппен патент негiзiнде салық төлей алады.
      Патенттiң құнын есептеу кезiнде бюджетке төленуге тиiстi салық сомасы жер ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрудiң негiзгi құралы болып табылатын немесе қызметi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшiн жердi пайдаланумен байланысты заңды тұлғалар үшiн 80 процент кемiтiледi.".
      58) 139-бапта:
      1-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Салық төлеушiлердi тiркеу және салықтық есептен шығару жүйесiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi айқындайды.";
      4-тармақта:
      "Басқа салық төлеушiлер" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын резидент емес-заңды тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
      "салық қызметiне" деген сөздер "аумақтық салық органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      59) 142-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшадағы "тексеруге" деген сөзден кейiн "ол аяқталғанға дейiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осы тармақшаның ережесi, акцизделетiн өнiмдi сатушыларды қоспағанда, патент негiзінде тiркелген жиынтық салықты төлей отырып қызметiн жүзеге асыратын, сондай-ақ Астана, Алматы қалаларындағы және 100 000 адамнан астам тұрғыны бар облыстық маңызы бар қалалардағы белгiленген стационарлық үй-жайларда бөлшек сауданы жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қолданылмайды.";
      60) 145-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жөнелтудi және (немесе) тауар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төлемдi жүзеге асыратын салық төлеушiлер салық қызметiнiң талабы бойынша жөнелтiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) құны және (немесе) атқарушыға төлеген сомасы туралы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген нысандар бойынша ақпарат беруге мiндеттi.";
      61) 147-баптың 2) тармақшасында:
      бiрiншi бөлiктегi "салық қызметi органдарының" деген сөздер "аумақтық салық органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Салық төлеушiнiң банктiк шоттарында теңге қаражаты болмаған жағдайда, салықтар, айыппұлдар мен өсiмақылар бойынша берешектердi өндiрiп алуды салық төлеушiнiң банктiк шоттарындағы шетел валютасы қаражаттарынан осы шоттарға аумақтық салық органдарының инкассалық тапсырмалары (өкiмдерi) негiзiнде төлем жасау күнгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шетел валютасына белгiлеген теңге бағамын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртiппен және шарттарда жүргiзуге.";
      62) 152-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Салық төлеушiден негiзделген жазбаша өтiнiш алғаннан кейiн аумақтық салық органының басшысы тиiстi қаржы органының басшысымен келiсе отырып, жергiлiктi бюджетке толық көлемде төлеуге жататын осы Заңда белгiленген салық және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзiмiн бiр салық жылынан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.
      Жергiлiктi атқарушы органның өтiнiмiн алғаннан кейiн салық төлеушiнiң тiркеу орны бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталмаған, осы Заңмен белгiленген салық және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзiмiн ұзартуға құқылы, бiрақ бұл мерзiм бiр жылдан аспауға тиiс.
      Салық және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзiмiн ұзарту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Осы баптың 1-1-тармағында және осы Заңның 70-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, төлеу мерзiмiнiң ұзартылуы салық төлеушiнi салықты бюджетке уақтылы өткiзбегенi үшiн өсiм төлеуден босатпайды.
      Салық төлеушiлерге заңды тұлғалардың төлем көзiнен ұсталған табыстарынан табыс салығын төлеу мерзiмiн ұзарту берiлмейдi.
      Басқа адамға құқықтар ауысып берiлген жағдайда салықты және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзiмiн ұзарту құқығы ауыспайды.
      Салық және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзiмiн ұзарту салық төлеушi оларды төлеу жөнiнде өздерiнiң мiндеттемелерiн қамтамасыз етуге кепiл берiлгеннен кейiн берiледi.
      Салық органдары мен салық төлеушiлер арасындағы кепiл қатынастарына осы Заңмен реттелмеген бөлiкте кепiл туралы жалпы ереже қолданылады.";
      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
      "1-2. Акциялардың қосымша эмиссиясы туралы сот шешiмi күшiне енген күннен бастап қосымша эмиссияланатын акцияларды орналастыру аяқталғанға дейiн салық бойынша мерзiмi өткен берешек соманың бөлiгiне өсiмақы есептелмейдi.";
      63) 154-баптың 2 және 3-тармақтарындағы "салық төлеушiлердiң банктегi шоттарынан" деген сөздерден кейiн "(еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшуге байланысты қайта ресiмделген заңды және жеке тұлғалардың теңге депозиттерiн қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
      64) 163-баптың 2, 6 және 6-1-тармақтарындағы "100" деген цифрлар "50" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      65) 171-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      11) Салық төлеушiлерден Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген нысандар бойынша электрондық құжаттар түрiнде ақпарат алуға.";
      66) 179-бап мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
      "8. Осы тармақ күшiне енгiзiлген кездегi жағдай бойынша есептелген және төленбеген мерзiмi өткен салық төлемдерi бойынша өсiмақыларды аумақтық салық органдары есептен шығаруға тиiс.
      9. Осы Заңның 152-бабының ережелерiне қарамастан машина жасау, тоқыма, тiгiн, былғары-аяқ киiм, резинадан және пласмассадан жасалған бұйымдарды өндiру немесе химия өнеркәсiбi салаларындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың осы тармақ күшiне енгiзiлген кездегi жағдай бойынша пайда болған салықтарын және айыппұл санкцияларын (жергiлiктi бюджеттерге толық көлемде түсетiн салықтар мен акциздердi қоспағанда) төлеу мерзiмi, осындай қызметтен түсетiн табыстар өсiмақыны есептемей жиынтық жылдық табыстың көлемiнде кемiнде 51 проценттi құраған жағдайда, 2003 жылдың 1 қаңтарына дейiн ұзартылады. Осы тармақтың ережелерi акцизделетiн тауарларды өндiретiн және (немесе) сататын және (немесе) импорттайтын заңды тұлғаларға қолданылмайды.".

      2. 1999 жылы 2 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Z990357_ Заңында:
      1) 7-баптың 1) тармақшасының а) тармақшасы:
      "бағалы қағаздардың эмиссиясын тiркеу" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн беру" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы отыз екiншi азатжолмен толықтырылсын:
      "заңды (мемлекеттiк кәсiпорындарды, мемлекеттiк мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда) және жеке тұлғалардың "Қазақстан" "Республика" "Ұлттық" деген сөздердi (түбiр сөз, сондай-ақ олардың кез келген туынды сөзi түрiнде) олардың фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны үшiн алым;";
      2) 11-баптың 1) тармақшасының а) тармақшасы мынадай мазмұндағы он сегiзiншi азатжолмен толықтырылсын:
      "бiрыңғай жер салығы;".
      3. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде K941000_ (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1994 ж, N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; 1998 жылы 30 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская Правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк заңды тұлғалар мәселелерi бойынша кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      38-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Заңды (мемлекеттiк кәсiпорындарды, мемлекеттiк мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда) және жеке тұлғалардың "Қазақстан", "Республика", "Ұлттық" деген сөздердi (түбiр сөз, сондай-ақ олардың кез келген туынды сөзi түрiнде) олардың фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны үшiн алым салық заңдарымен белгiленген тәртiппен және мөлшерде төленедi.
      4. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында, Қазақстан Республикасының заң актілерiнде, Президентi мен Үкiметi актiлерiнде белгiленген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының ресми атауларына сiлтемелердi пайдалануға тыйым салынады.".
      4. "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Z990359_ Заңында; (1998 жылы 19 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған 1999 жылы 2 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 8 және 9-баптар алып тасталсын.

     2-бап. Осы Заң жарияланған күннен бастап күшіне енгізіледі, бұған 
осы Заңның 1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енгізілетін 1-бабының 
1-тармағының 45) және 46) тармақшалары мен осы Заңның 2000 жылғы 
1 қаңтардан бастап күшіне енгізілетін 1-бабының 1-тармағындағы 
50) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші азатжолдары кірмейді.
     
     Қазақстан Республикасының
            Президенті 
     
  Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Орынбекова Д.