Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.
      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "почтаны", "почтаның" деген сөздер тиiсiнше "почта жөнелтiлiмдерiн", "почта жөнелтiлiмдерiнiң" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. № 596 Заңымен, мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - V" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 5" деген цифрлармен ауыстырылды - 2004.12.20. № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді) Заңымен.

1 бөлiм. Жалпы ережелер

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдау – тарифтердің қолжетімді деңгейін және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркін жүріп-тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын жолаушыларды тасымалдау;
      2) клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кеме жалдаушы) – тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес көлiктi пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға немесе мемлекет (атқарушы билiк органдарының атынан);
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 10.11.2014 № 249-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3) көлік инфрақұрылымы объектілері – теміржол, трамвай жолдарын, жеңіл рельстік, монорельстік жолдар мен ішкі су жолдарын, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, эстакадаларды, көпірлерді, вокзалдар мен станцияларды, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін, метрополитен желілерін, порттарды, порттағы құралдарды, кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды, әуеайлақтарды, әуежайларды, байланыс, навигация және көлік құралдарының қозғалысын басқару жүйелерінің объектілерін, магистральдық құбырды, сондай-ақ көлік кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғылар мен жабдықтарды қамтитын технологиялық кешен;
      4) көлiк кәсiпорны – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес iс-әрекет жасайтын, жүктердi, жолаушыларды, багажды тасымалдау, көлiк құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегі қызметпен айналысатын заңды тұлға;
      5) көліктік логистика – тасымалдың (тасымалдаудың) әрбір кезеңінде жүктер қозғалысының мониторингін қамтитын, әртүрлі көлік түрлерін (теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе) пайдалана отырып, оңтайлы маршрут бойынша жүк жөнелтушіден (өндірушіден) жүк алушыға дейінгі тасымалды (тасымалдауды) жоспарлау және басқару жөніндегі тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара байланысты іс-қимылдарының жиынтығы;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-бапты 5-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 10.11.2014 № 249-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6) Қазақстан Республикасының көлігі – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе көлігі, қалалық рельстік көлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық құбыр көлігі;
      7) қалалық рельстік көлік – қала және қала маңындағы аймақ шекараларында рельстермен жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, трамвай, жеңілрельстік, монорельстік көлік);
      8) метрополитен – көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі;
      9) тасымалдаушы – ақыға немесе жалданып жолаушыларды, багажды, жүктердi және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн және осыған лицензиясы немесе белгiленген тәртiппен берiлген тиісті рұқсаты бар, меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде көлiк құралын иеленушi жеке немесе заңды тұлға;
      10) тiкелей аралас қатынас – бiрыңғай көлiк құжаты бойынша әртүрлi көлiк түрлерiмен жүктердi, жолаушылар мен багажды тасымалдау;
      11) уәкiлеттi мемлекеттiк орган – көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2-бап. Көлiк туралы заңдар

      Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      Труба-құбыр көлiгi қызметiне байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi.
      Тасымалдау шарттары, көлiк құралдарын пайдалану, адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн көлiк құралдары мен олардың өмiрлiк циклiнiң процестерiн техникалық реттеу саласындағы қауiпсiздiктi (бұдан әрi - қауiпсiздiк) қамтамасыз ету тәртiбi тиiстi көлiк түрлерiнде қолданылатын, белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн және көлiк қатынастарының барлық қатысушылары үшiн мiндеттi болып табылатын нормативтiк актiлерде айқындалады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.12.28. № 338 Заңымен, 2004.12.20. № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2006.12.29. № 209 Заңдарымен.

      2-1-бап. Көліктік логистика қағидаттары

      Көліктік логистика қағидаттары мыналар болып табылады:
      1) заңдылық;
      2) клиенттердің қажеттіліктеріне бағдарлану;
      3) қауіпсіздік;
      4) сақталу;
      5) рәсімдердің тұтастығы;
      6) тең қолжетімділік;
      7) жаһандық көлік-логистика жүйесіне кірігу.
      Ескерту. 1-бөлім 2-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3-бап. Көлiк құралдарына меншiк туралы

      Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, кеме жүретiн су жолдары, шамшырақтар, кемелердiң қауiпсiз жүрiсiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер, шлюздер, әуе қозғалысын басқару органдарының аэронавигациялық құрылғылары, әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты инженерлiк желiлер, сондай-ақ метрополитен мемлекет меншiгi болып табылады және иеліктен шығаруға жатпайды.
      Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының аэронавигациялық құрылғылары мемлекет меншігі болып табылады, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жеке меншiкте болуы мүмкiн.
      Магистральдық теміржол желісі жекешелендіруге жатпайды және кейіннен Ұлттық инфрақұрылым операторына берумен Ұлттық теміржол компаниясына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттарда және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингке беріледі.
      Мемлекет меншігіндегі магистральдық, станциялық жолдар және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілері кейіннен Ұлттық инфрақұрылым операторына берумен Ұлттық теміржол компаниясына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттарда және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингке беріледі.
      Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттары жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттармен және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге берілуі мүмкін.
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілгендерді қоспағанда, кiрме жолдар мен тар табанды желiлер, сондай-ақ автомобиль жолдары мемлекет меншiгінде де, жеке меншiкте де болуы мүмкiн.
      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 35-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      4-бап. Көлiк жерлерi. Көлiк мұқтажы үшiн жерлер мен
             суларды беру тәртiбi

      Республикадағы көлiк жерлерi болып:
      - жердi пайдаланушыларға көлiк объектiлерiне деп бөлiнген жерлер;
      - жолдар мен желiлердi салуды және пайдалануға берудi жүзеге асыратын көлiк, жол және басқа ұйымдарға бөлiнген көлiк жолдары мен желiлерiне арналған жерлер танылады.
      Көлiкке жер бөлу мен су көлiгiне суларды беру кезiнде туындайтын жер және су қатынастары, оларды пайдаланудың тәртiбi жерсу және көлiк заңдарымен реттеледi.
      Опырылып құлауға, көшкiндеуге, су шайып кетуге, сел тасқыны болуға және басқа қатерлi табиғи құбылыстар әсерлерiне бейiм аудандардағы көлiк құрылыстарының және басқа объектiлерiнiң сенiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында қорғау аймақтар белгiленедi.
      Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өздерiне берiлген жерлердi оларды беру мақсаттары мен шарттарына сәйкес пайдалануға, өндiрiстiң табиғат қорғау технологияларын қолдануға және аумақта өз қызметi салдарынан экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеуге мiндеттi.
      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.12.28 № 338 Заңымен.

2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару
жүйесi

      5-бап. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу

      Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, салық салу, несие беру, қаржыландыру және баға белгiлеу, инвестициялық, бiртұтас әлеуметтiк және ғылыми-техникалық саясат жүргiзу, Қазақстан Республикасының заңдарын көлiк кәсiпорындарының орындауына бақылау және қадағалау жасау жолымен жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге реттерде мемлекеттiк органдардың көлiк кәсiпорындарының шаруашылық қызметiне араласуына, сондай-ақ көлiк кәсiпорындарының пайдалану қызметкерлерiн басқа жұмыстарға қатыстыруға құқығы жоқ.
      Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайларды жою мақсатында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қарауындағы теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігін пайдалану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер шығарады.
      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      6-бап. Көлiктi мемлекеттiк басқару

      Көлiктi мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен құрылған және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiткен Ережеге сәйкес iс-әрекет жасайтын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi мемлекеттiк органның негiзгi мiндеттерi:
      Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы экономикалық мүдделi қорғау;
      көлiк саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасындағы көлiк қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және ұлттық стандарттарды әзiрлеуге қатысу;
      инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты қалыптастыру және жүргiзу;
      республика экономикасы мен халқының тасымалдауларға, оның ішінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауларға және соларға байланысты көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
      көлiк қызметiн пайдаланушылар құқықтарының сақталуын бақылау және қадағалау;
      мемлекеттiң және халықтың тасымалдау қажеттерiне болжамдар әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру және мемлекеттiк реттеу iсiн жүзеге асыру болып табылады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.12.28 № 338 Заңымен, 2004.07.09 № 596 Заңымен, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      7-бап. Көлiк қызметiн лицензиялау

      Көлiктегi лицензиялануға тиiс қызмет түрлерiнiң тiзбесi заң актiлерiмен белгiленедi.
      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.12.28 № 338 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      8-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың
             көлiк саласындағы өкiлеттiгi

      Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың көлiк саласындағы өкiлеттiгi "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Жолаушылар көлiгінің республикаішілік тұрақты маршруттарында жолаушыларды тасымалдауларды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушылар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тиісті тасымалдауларды ұйымдастырған жергiлiктi атқарушы органдармен немесе олар уәкілеттік берген органдармен осы маршруттарға қызмет көрсетуге арналған шарттар жасасуы тиiс.
      Метрополитенмен жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауларды ұйымдастыруды метрополитен орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
      Метрополитенде қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін және техникалық құралдардың күтіп-ұсталуын бақылауды метрополитен орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.12.28 № 338, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

3 бөлiм. Көлiк қызметiнiң негiзгi ережелерi

      9-бап. Экономикалық және шаруашылық қызмет
             негiздерi

      Көлiкте экономикалық және шаруашылық қатынастардың негiзiн көлiк қызметтерiнiң сұраныс және ұсыныстар нарқы қалыптастырады.
      Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өз қызметiн коммерциялық негiзде жүзеге асырады.
      Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар жоспарды дербес әзiрлейдi, клиент қажеттерiне сәйкес жұмыстар мен қызметтердi орындауға шарттар жасасады.
      Рентабельдiлiгi қолданылып жүрген реттелетiн тарифтермен қамтамасыз етiлмейтiн жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жөнiнде шешiмдер қабылдаған мемлекеттік органдар тасымалдаушылар залалдарын субсидиялауды бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етедi.
      Метрополитенмен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын жергілікті атқарушы орган айқындайды.
      Кеме жолдарын, шлюздердi, кеме қатынасының қауiпсiздiгiн қадағалайтын инспекцияларды ұстау бюджет қаражаттары есебiнен жүргiзiледi.
      Қазақстан Республикасының мемлекет кемежайларын, магистралдық темiр жол желiсiн пайдаланғаны үшiн, әуе кеңiстiгінде ұшуды басқару мен аэронавигациялық қызмет көрсетiлгенi үшiн заңды және жеке тұлғалар, соның iшiнде шетелдердiң заңды және жеке тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде төлемдер төлейдi.
      Қазақстан Республикасының кеме жүретiн су жолдарын пайдалану ақылы түрде жүзеге асырылады.
      Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн ақының ставкалары, бюджетке есептеу және төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.12.28. № 338 Заңымен, 2001.12.15. № 272 Заңымен, 2001.12.24. № 276 Заңымен, 2004.07.09. № 596 Заңымен, 2004.12.20. № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      10-бап. Тарифтер

      Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктердi тасымалдауға және тасымалдауларға байланысты қызметтерге көлiк қызметiмен айналысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi қызметiн қамтамасыз ететiн ерiктi (шарттық) тарифтер (осы Заңның 9-бабының 4-бөлiгiнде көзделгеннен басқа реттерде) белгiленедi.
      Көлiк қызметтерiнiң жеке түрлерi бойынша мемлекеттiң әлеуметтiк саясатын жүргiзу құралы немесе көлiк саласындағы монополистiк қызметтi жою құралы ретiнде Қазақстан Республикасы заңдары анықтайтын тәртiпте реттелiп отыратын (мемлекет шегiнде бiрыңғай) тарифтер белгiленуi мүмкiн.
      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.12.28 № 338 Заңымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      11-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11-бап. Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi,
             почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау,
             көлiктiк-экспедициялық
             қызметтердi жүзеге асыру

      Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн  тасымалдау кезiнде және көлiктiк-экспедициялық қызметтердi жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы:
      - тасымалдау құқығын қамтамасыз ететiн лицензия алуға;
      - клиентпен белгiленген нысанда шарт (келiсiм-шарт) жасасуға;
      - сәйкестiктi растау саласындағы құжаттары бар көлiк құралдарын беруге;
      - клиентке және үшiншi тұлғаға келтiрген зияндарды, оның iшiнде зая жiберген уақытты ақшалай тепе-тең өтеуге;
      - жолаушы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, оған қажеттi қолайлы және қызмет көрсету жағдайларын жасауға, ал жолаушы теңдеме жүгiн өткiзген ретте, оның теңдеме жүгiнiң дер кезiнде тасымалдануы мен сақталуын қамтамасыз етуге;
      - қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
      - көлiк қызметтерi нарығында клиентке таңдау еркiндiгiн қамтамасыз етуге;
      - жөнелтiлетiн жүктiң өз сертификатына сәйкес келуiн растайтын құжаттарды алуға;
      - арнайы және әскери тасымалдауларды жүзеге асыруға өздерінің құзыреттері шегінде мемлекеттік органдардың талаптарын орындауға (бұл тасымалдауларды жүзеге асыруға жұмсалатын шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен өтеледі);
      - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде белгіленген  тәртіппен өзінің жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға міндетті.
      Тасымалдаушының, реттелетiн тасымалдарды қоспағанда, баға белгiлеу ережелерiне сәйкес тасымалдау бағасын еркiн белгiлеу құқығы бар.
      Тасымалдаушы, Қазақстан Республикасының көлiк туралы заң актiлерiнде көзделгендерден өзге реттерде, заңды және жеке тұлғаларға тасымалдаудан бас тартуға құқылы емес.
      Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау кезiнде және көлiк-экспедиция қызметтерiн жүзеге асыру кезiнде клиенттiң:
      - өзi мен тасымалдаушы арасында жасалған шарттың орындалуын талап етуге;
      - тасымалдау сапасы деңгейi оның сертификатына сай келуiне белгiленген тәртiппен дауласуға;
      - келтiрiлген зиянның, соның iшiнде босқа кеткен уақыттың  ақшалай өтелуiн талап етуге құқығы бар.
      Клиент:
      - тасымалдаушымен жасалған шарттың ережелерiн сақтауға;
      - жүктiң өз сертификатына сай келуiн растайтын құжатты тасымалдаушыға беруге;
      - тасымалдау ережелерiн орындауға;
      - жүк пен теңдеме жүктi тасымалдауға дайын күйiнде табыс
етуге мiндеттi.
      Жолаушы тасымалдау қағидаларында белгіленген уақыттан кешікпей тасымалдау басталғанға дейін жөнелту пунктіне келуге міндетті. Жөнелту пунктіне келу уақыты билетте көрсетіледі.
      Клиент пен тасымалдаушының жекелеген құқықтары мен мiндеттерi тараптардың келiсiмiмен тасымалдау шартында белгiленедi.
      Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау, көлiк-экспедициялық операцияларды жүзеге асыру шарттары, тараптардың тасымалдау және көлiк-экспедициялық операциялар жөнiндегi жауапкершiлiгi нормативтiк құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ тасымалдау шарттарымен белгiленедi.
      Метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын жергілікті атқарушы орган бекітеді.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.12.28 № 338, 2003.05.08 № 414, 2006.12.29 № 209; 04.07.2013 № 132-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      12-бап. Көлiктiң алуан түрi қатысатын тiкелей
              аралас қатынас

      Теміржол, теңіз, ішкі су, әуе және автомобиль көлігі көліктік логистика қағидаттарын қолдана отырып және көлік инфрақұрылымын пайдалана отырып, тікелей аралас қатынастар жүйесін құрайды.
      Тiкелей аралас қатынас кезiндегi көлiк ұйымдарының өзара қатынастары, сондай-ақ осы тасымалдауды ұйымдастырудың тәртiбi тиiстi көлiк түрлерiнiң ұйымдары арасындағы тiкелей аралас тасымалдау туралы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн ережелерге сәйкес жасалатын келiсiмдерде белгiленедi.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.12.28 N 338; 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      13-бап. Жолаушылар құқықтары. Жолаушылардың
              жекелеген санаттарының жолақысын төлеу
              жөнiндегi жеңiлдiктер

      Жолаушының мынадай құқықтары бар:
      - кез келген көлiк түрiне және жолаушылар тасымалы үшiн ашық кез келген бағытына билет сатып алуға;
      - сатып алған билетiне сәйкес орын алуға;
      - әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде, өзiмен бiрге 7 жасқа дейiнгi, ал халықаралық тасымалда 5 жасқа дейiнгi бiр баланы темiр жол, теңiз және iшкi су жолы көлiктерiнде, қалааралық автобустарда, сондай-ақ таксиден басқа, қалалық және қала маңындағы көлiкте балаға жеке орын берiлмей тегiн алып жүруге;
      - әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде, билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, халықаралық тасымалда 5 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға;
      - Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымалдау кезiнде, әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, 7 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға;
      - өзімен бірге 2 жасқа дейінгі бір баланы әуе көлігінде, оған жеке орын бермей тегін алып жүруге;
      - халықаралық тасымалдарды қоспағанда, әуе көлігінде 2 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға билетті оның толық құнының 50 процентін төлей отырып, сатып алуға;
      - Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын халықаралық тасымалдауларда әуе көлігінде 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға билетті оның толық құнының 50 процентін төлей отырып, сатып алуға.
      Егер тасымалдауды Қазақстан Республикасы тасымалдаушысының қатысуымен әртүрлi мемлекеттердiң бiрнеше тасымалдаушысы жүзеге асыратын болса, бұл құқық жолаушыларға оларды Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы тасымалдаған кезде берiледi:
      - жолда аялдаған кезде қалалық және қала маңындағы көлiктен басқа, барлық көлiк түрiне билеттiң күшiн 10 тәулiктен аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы. Тасымалдаушы жолда аялдаған кезде билеттiң қолданылу мерзiмiн ұлғайтуға құқылы;
      - көлiк қызметiн көрсететiн кез келген тасымалдаушы мекемеге билеттi тасымалдау басталғанға дейiн өткiзуге және тасымалдау үшiн төленген соманы қайтарып алуға құқығы бар. Қайтару тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      Әуе көлiгiндегi, қала және қала маңындағы автобус тасымалдарында тегiн алып жүретiн қол жүгi мен теңдеме жүктiң салмағы 20 килограмнан аспайтын болып белгiленедi. Әуе кемесінің салонына кіргізілетін қол жүгінің жалпы салмағын және оның шекті көлемін тасымалдаушы белгілейді.
      Темiр жол, теңiз, iшкi су жолы көлiктерiнде, сондай-ақ қалааралық автобустарда тегiн алып жүретiн қол жүгi мен теңдеме жүк салмағы 35 килограмнан аспайтын болып белгiленедi.
      Тасымалдаушылар көлiктiң барлық түрiнде тегiн тасымалданатын теңдеме жүктiң салмағын арттыруға және басқа жеңiлдiктер белгiлеуге.
      Тасымалдау жұмысын жалғастырудан бас тартқан тасымалдаушы жолаушыны межелi жерiне дейiн өз есебiнен жеткiзiп салуға немесе тасымалдау шартының бұзылуы салдарынан жолаушыға келтiрiлген залалды түгелдей өтеуге мiндеттi.
       Қазақстан Республикасы заңдарымен, Қазақстан Республикасы Үкiмет қаулыларымен, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмдерiмен жеңiлдiктер белгiленген жағдайда тасымалдаушылар жолаушылардың жекелеген санаттарын тегiн тасымалдауға немесе оларға жолақысын төлеу жөнiнде өзге де жеңiлдiктер беруге мiндеттi.
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар адамдардың жекелеген санаттарына көлiк қызметiне, тегiн жол жүру құқығын қоса алғанда, жеңiлдiктер белгiлеген кезде қаржыландыру көзiн белгiлейдi және бұл орайда атқарушы органдар тасымалдаушымен шарт жасасады.
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.12.28 № 338, 2005.09.29 № 77 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 № 340-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      14-бап. Жолаушылар мен жүктердi транзиттiк
              тасымалдау

      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жолаушылар мен жүктердi транзиттiк тасымалдау:
      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына, халықаралық келiсiмдер мен шарттарға сәйкес темiржол, әуе, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiктерiмен мемлекетаралық қатынастар үшiн ашылған жол трассалар мен су жолдары арқылы жүзеге асырылады.

4 бөлiм. Көліктегі қауіпсіздік, энергия тиімділігі және жауапкершілік

      Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.

      15-бап. Көлiк құралдарына қойылатын талаптар

      Көлiк құралдары көлiк саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген энергия тиімділігі, адам өмiрi мен денсаулығының, қоршаған ортаның қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарға сәйкес келуге, сәйкестiктi растау саласындағы құжаты болуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.
      Көлiк құралдарының сәйкестiгiн растау тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтiн көлiк құралдары әкелiнбеуге, сатылмауға және пайдаланылмауға тиiс.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 № 209, 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      15-1-бап. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын
                 мемлекеттік тіркеу

      Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
      Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
      Ескерту. 4-бөлім 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-бөлімді 15-2-баппен толықтыру көзделген - ҚР 10.11.2014 № 249-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16-бап. Көлiк құралдарын басқару құқығы

      Көлiк құралдарын басқару құқығы тиiстi бiлiктiлiгi бар және денсаулығы туралы медициналық куәландырудан өтiп, белгiленген үлгiдегi құжаттар тапсырылған адамға берiледi.
      Көлiк құралдарын басқару жөнiндегi бiлiктiлiк талаптары және олардың басқаруға денсаулық жағдайының жарамдылығын бағалау өлшемдерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен анықталады.
      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.12.28 № 338 Заңымен.

      17-бап. Тасымалдаушының жауапкершiлiгi

      Тасымалдаушының жолаушылармен және жүк иелерiмен жауапкершiлiктi шектеу немесе жою туралы жасасқан келiсiмдерiнiң күшi болмайды, бұған жүк тасымалы кезiнде осындай келiсiмдер мүмкiндiгi заң актiлерiнде көзделген реттер жатпайды.
      Тасымалдаушы жүктердiң, теңдеме жүктiң және почта жөнелтiлiмдерiнiң тасымалдауға қабылданған сәтiнен бастап алушыға берiлгенге дейiн сақталуын қамтамасыз етедi.
      Егер тасымалдаушы жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалуы, жетiспеуi немесе бүлiнуi өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, ол жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалғаны, жетiспегенi немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi.
      Тасымалдаушы жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдау кезiнде келтiрiлген нұқсанды:
      - жүк немесе теңдеме жүк жоғалған немесе жетiспеген жағдайда - жоғалған немесе жетiспеген жүктiң немесе теңдеме жүктiң құны мөлшерiнде;
      - жүк немесе теңдеме жүк зақымданған (бүлiнген) жағдайда - оның құны төмендеген сома мөлшерiнде, ал зақымданған жүктi немесе теңдеме жүктi қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайда - оның құны мөлшерiнде;
      - құндылығы жарияланып, тасымалдауға тапсырылған жүк немесе теңдеме жүк жоғалған жағдайда - жүктiң немесе теңдеме жүктiң жарияланған құны мөлшерiнде өтейдi.
      Жүктiң немесе теңдеме жүктiң құны уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн ережелер (әдiстеме) бойынша тасымалдау және көлiк түрлерiне байланысты немесе Қазақстан Республикасы қосылған тиiстi халықаралық конвенциялардың принциптерi негiзiнде белгiленетiн бағасы негiзге алына отырып айқындалады.
      Жүктiң немесе теңдеме жүктiң (коммерциялық акт, жалпы нысандағы акт және с.с.) сақталмауының себептерi туралы тасымалдаушы бiржақты тәртiппен жасаған құжаттарды, дау туған жағдайда, жүк немесе теңдеме жүк тасымалдаушының, жөнелтушiнiң не алушының жауапкершiлiгiне негiз болуы мүмкiн мән-жайларды куәландыратын басқа құжаттармен бiрге сот бағалауға тиiс.
      Егер тасымалдаушы жауап беретiн бүлiну салдарынан жүктiң немесе теңдеме жүктiң сапасы мүлдем өзгерiп, ол тiкелей мақсатына пайдаланылмайтындай болып қалса, жүктi немесе теңдеме жүктi алушы одан бас тартуға және оны жоғалтқаны үшiн өтем талап етуге құқылы.
      Жүк немесе теңдеме жүк жоғалған не жеткiзiп берiлмеген жағдайда тасымалдаушы өтем төлей отырып, жоғалған жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдағаны үшiн ақыны қайтарып бередi.
      Егер тiркелген теңдеме жүктi немесе жүктi тасымалдаушы жоғалды деп мойындаса немесе осы теңдеме жүк не жүк жеткiзу мерзiмi өткеннен кейiн 7 күн iшiнде тиiстi жерiне келiп жетпесе, олар жоғалды деп есептеледi.
      Алайда, егер жүк көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн келiп жеткен болса, жүк алушы жүктi қабылдауға және теңдеме жүктi не жүктi жоғалтқаны үшiн тасымалдаушы төлеген соманы қайтарып беруге құқылы.
      Заң құжаттарымен жауапкершiлiктiң өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.
      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.12.28 № 338 Заңымен.

      17-1-бап. Жүктердi және жолаушыларды тасымалдау
               бойынша талап қою мен талап-арыз беру

      Тасымалдаушыға тасымалға байланысты дау жөнiнде талап-арыз бергенге дейiн оған мiндеттi түрде талап қойылады.
      Талап үш айдың iшiнде, ал айыппұлдар мен өсiм төлеу туралы талап бiр айдың iшiнде қойылуы мүмкiн.
      Егер қойылған талап қабылданбаса немесе жауап осы бапта белгiленген мерзiмде алынбаса, мәлiмдеушiнiң талап-арыз беру құқығы пайда болады.
      Жүктi және (немесе) жолаушыларды тасымалдаудан туындайтын талаптар бойынша талап-арыз беру мерзiмi заңдарда белгiленген тәртiппен реттеледi.
      Халықаралық тасымалдауға байланысты даулар бойынша талап-арыз беру мерзiмi және талап-арыз беру тәртiбi халықаралық шарттарда, келiсiмдерде немесе конвенцияларда белгiленедi.
      Ескерту. 17-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.12.28 № 338 Заңымен, 2001.12.06. № 260 Заңымен.

      18-бап. Жолаушыны, жүк пен теңдеме жүктi жеткiзу
              мерзiмi және мерзiмiн өткiзгенi үшiн
              жауапкершiлiк

      Тасымалдаушы жүктi немесе теңдеме жүктi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн Жүк және теңдеме жүк тасымалдау ережелерiмен анықталған мерзiмде тиiстi жерiне жеткiзуге мiндеттi. Егер жеткiзу мерзiмi белгiленген тәртiпте анықталмаған болса, тараптар бұл мерзiмдi шартта белгiлеуге құқылы.
      Тасымалдаушының кiнәсiнен жолаушы тасымалы кiдiрген жағдайда тасымалдаушы, егер зиян келтiрiлген болса, жолаушыға оны өтеумен бiрге, кiдiрістiң әрбiр сағаты үшiн билет құнының 3 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
      Жолаушы өндiрiп алған айыппұлдың сомасы сатып алынған билеттiң құнынан аспауға тиiс.
      Теңдеме жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы теңдеме жүктi алушыға кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымал үшiн төленген ақының 10 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленетiн ақының 50 процентiнен аспауға тиiс.
      Жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы жүктi алушыға кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымал үшiн төленген ақының 5 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленетiн ақының 50 процентiнен аспауға тиiс.
      Егер жүктi немесе теңдеме жүктi жеткiзiп берудiң кешiктiрiлуi тасымалдаушының кiнәсiнен болмаса, ол кешiктiру жауапкершiлiгiнен босатылады.
      Тасымалдаудың кiдiруiне байланысты, егер мұндай жағдай орын алған болса, теңдеме жүктi немесе жүктi жөнелтушi немесе алушы шеккен зиян үшiн тасымалдаушы жауапты болады.
      Рейстер 10 сағатқа және одан да көп уақытқа кiдiрген жағдайда тасымалдаушы жолаушыларға өз есебiнен мейманханадан орын алып берiп тамақтандыруға мiндеттi.
      Жолаушының өтiнiшi бойынша оған тасымалдың кiдiру себебi туралы ресми құжат берiледi немесе билетiне белгi соғылады.
      Осы бапта көзделген зияндардың мөлшерi және оларды анықтау тәртiбi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн Жүк және теңдеме жүк тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.
      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.12.28 № 338 Заңымен.

      19-бап. Жолаушының, жүк немесе теңдеме жүк
              жөнелтушi мен алушының жауапкершiлiгi

      Жолаушылар, жүк немесе теңдеме жүк жөнелтушi мен алушы өздерiнiң кiнәсiнен басқа адамдарға, тасымалдаушының мүлкiне және тасымалдаушы жауап беретiн басқа адамдардың мүлкiне келтiрген зияны үшiн жауапты болады.
      Жүк жөнелтушi көлiк құжаттарында көрсетiлген мағлұматтардың дұрыс болмауына, дәл болмауына немесе толық болмауына байланысты тасымалдаушыға немесе тасымалдаушы жауап беретiн басқа адамға келтiрген зияны үшiн жауапты болады.
      Жүк жөнелтушi көлiк құжаттарында көрсетiлген мағлұматтардың дәл болмауына, толық болмауына немесе дұрыс болмауына байланысты барлық зиян үшiн тасымалдаушының алдында жауапты болады.

      20-бап. Тасымалдаушының жолаушыны өлiмге ұшыратқаны
              немесе оның денсаулығын зақымдағаны үшiн
              жауапкершiлiгi

      Тасымалдау кезiнде жолаушыны өлiмге ұшыратуы немесе денсаулығының зақымдануы салдарынан болған зиян үшiн, егер бұл зиян зардап шегушiнiң терiс ниетi немесе дүлей күш салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, тасымалдаушыға мүлiктiк жауапкершiлiк жүктеледi.
      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді) Заңымен.

      21-бап. Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзету

      Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзетудi, сондай-ақ теміржол, әуе көлiгiнде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзудi және өрт салдарын жоюды өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртiппен әскерилендiрiлген күзет қызметтерi мен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.
      Әскерилендiрiлген күзет қызметiнiң бөлiмдерi атыс қаруымен және арнайы құралдармен қамтамасыз етiледi.
      Қару мен арнайы құралдарды қолдану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
      Көлiктiң неғұрлым маңызды объектiлерi мен арнайы жүктердi күзетудi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлер бөлiмдерi, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң арнайы бөлiмдерi, сондай-ақ әскерилендiрiлген күзеттiң арнайы қызметтерi жүзеге асырады.
      Метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзудi және өрт салдарын жоюды жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртiппен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.12.28 № 338, 2004.12.20. № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      22-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде көлiк жұмысын
              ұйымдастыру

      Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай енгізген кезде төтенше жағдайларды және олардың зардаптарын жою үшiн көлiк кәсiпорындарының шарттық қатынастары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның, жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен тоқтатыла тұруы мүмкiн.
      Көлiк кәсiпорындары әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі кезінде көлік жұмысын ұйымдастыру үшін көлiк құралдарының иелеріне бірінші кезекте қызмет көрсету жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті.
      Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдай енгізілген кезде көлiк кәсiпорындарының жұмылдыру дайындығы іс-шараларын, азаматтық қорғаныс және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстар жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етумен байланысты тасымалдарды жүзеге асыру бойынша шығыстары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражатынан өтеледi.
      Көлiк кәсiпорындары дүлей зілзалалар мен авариялардың, сондай-ақ төтенше сипатқа ие өзге де мән-жайлардың зардаптарын жою жөнiнде дереу шаралар қолдануға мiндеттi.
      Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      22-1-бап. Құқық қорғау органдарына және арнаулы
                 мемлекеттік органдарға көлік беру міндеті

      Жеке және заңды тұлғалар (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне  жеткізу үшін көлікті пайдалану жөніндегі заңды талаптарын орындауға міндетті.
      Осы бапта көзделген жағдайларда көлік құралдары иелеріне олардың көлігін пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.
      Ескерту. Заң 22-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      23-бап. Көлiкте қауiпсiздiктi және экологиялық
              талаптарды қамтамасыз ету

      Тасымалдаушылар азаматтардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн, көлiк құралдары қозғалысының, кеме қатынасы мен ұшу қауiпсiздiгiн, сондай-ақ айналадағы ортаны қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Көлiк құралдарының қозғалысы және тиеу-түсiру жұмыстары жүзеге асырылатын метрополитеннің, станциялардың, порттардың, кемежайлардың, әуежайлардың, көлiк кәсiпорындары мен теміржол желілерінің аумақтары, сондай-ақ су жолдары қауiптiлігі жоғары аймақтар болып табылады. Қауіптілігі жоғары аймақта болу және онда жұмыстар жүргізу қағидаларын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
      Уәкілетті мемлекеттік орган бекiткен тiзбе бойынша қауiптi жүктердi күзету мен алып жүрудi бүкiл жүру жолында жүктi жөнелтушiлер немесе алушылар қамтамасыз етедi.
      Жарылғыш, тез тұтанғыш, радиоактивтi, улы және басқа қауiптi жүктердi жөнелтушi және алушы клиенттер оларды тасымалдау қауiпсiздiгiне кепiлдiк беруге, жүктердi тасымалдау кезiнде апат жағдайларынан алдын-ала сақтандыруға, сондай-ақ авариялар зардаптарын жоюға қажеттi құралдар мен жедел қимылдайтын бөлiмдердi ұстауға мiндеттi.
      Көлiк, оның iшiнде Қазақстан аумағында орналасқан немесе оны кесiп өтетiн шетел көлiктерi мен көлiк құралдары қызметi процесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген адам өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта үшiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптар сақталуға тиiс.
      Айрықша жағдайларда бұларға геология мен жер қойнауын қорғаудың уәкiлеттi мемлекеттiк органының рұқсаты бойынша жол берiледi.
      Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар табиғат қорғау шараларын жоспарлауға, ұйымдастыруға және қаржыландыруға, айналадағы табиғи орта мен жер қойнауын қорғау саласында өндiрiстiк және ведомстволық бақылау жасауға мiндеттi.
      Тасымалдаушылар айналадағы ортаны, әуе бассейнiн, су қоймаларын, жердi қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнiнде белгiленген нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Айналадағы ортаға келтiрiлген зиян үшiн тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жауапты болады.
      Метрополитеннің қауiптiлігі жоғары аймағында болу және онда жұмыстар жүргiзу қағидаларын жергілікті атқарушы орган бекітеді.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.12.28 № 338 Заңымен, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2006.12.29 № 209; 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      24-бап. Алып тасталды - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді) Заңымен.

      24-1-бап. Тексеріп қарау

      1. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес белгіленген қатер деңгейіне байланысты, жолаушылар және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдар, олардың алып жүретін заттары, оның ішінде қол жүгі мен багажы тексеріп қарауға жатады.
      Жолаушыларға және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарға, олардың алып жүретін заттарына, оның ішінде қол жүгі мен багажына тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      2. Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды (бұдан әрі – келушілерді), олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды көлік қызметі субъектісінің қызметкерлері не күзет қызметтерін көрсету жөнінде шарт жасасқан кезде күзет қызметі субъектісінің қызметкерлері жүргізеді.
      Осы баптың мақсаттары үшін көлік қызметінің субъектілері деп көлік инфрақұрылымы объектілері меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде болатын жеке және заңды тұлғалар түсініледі.
      3. Тексеріп қарау кезінде техникалық құралдар қолданылады, оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      4. Жолаушылар мен келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау алдында көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған, болуы ықтимал заттар мен құралдарды көрсету міндетті түрде ұсынылады.
      5. Техникалық тексеріп қарау құралдарымен көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың болу мүмкіндігінің контурлары және өзге де белгілері табылған кезде, жолаушылар мен келушілердің алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды қоса алғанда, оларды жеке тексеріп қарау жүргізіледі.
      Жеке тексеріп қарау көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдарды табу үшін қажетті шектерде жүзеге асырылады.
      Жеке тексеріп қарауды тексеріп қаралатын адаммен жынысы бір адамдар санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалардың талаптарына жауап беретін арнайы бөлінген үй-жайларда жүргізеді.
      Бір үй-жайда бір мезгілде бірнеше адамды жеке тексеріп қарауға тыйым салынады.
      Жеке тексеріп қараудың нәтижелері тексеріп қарауды жүргізетін адам мен өзіне қатысты жеке тексеріп қарау жүргізілген адам қол қоятын актімен ресімделеді.
      6. Тексеріп қараудан, жеке тексеріп қараудан жалтаратын адамдар көлік инфрақұрылымы объектілеріне жіберілмейді, бұл туралы тиісті акт жасалады.
      7. Егер жолаушыны және оның алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдар табылмаса, осындай тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектісінің әкімшілігі жолаушының оған билеті бар қатынаспен немесе кезекті осындай қатынаспен жөнелтілуін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қолдануға, ал жолаушы тасымалдаудан бас тартқан жағдайда, билеттің немесе оның пайдаланылмаған бөлігінің құнын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өтеуге міндетті.
      8. Тексеріп қарауды жүргізетін адамдар жолаушылар мен келушілерге қатысты ізетті және сыпайы болуға және олардың қадір-қасиетін түсіретін іс-әрекеттерге жол бермеуге міндетті.
      9. Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттауға жатады.
      Көлік қызметі субъектілерін аттестаттауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жергілікті атқарушы орган жүргізеді.
      10. Тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Ескерту. 4-бөлім 24-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (01.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      24-2-бап. Ақпараттық қамтамасыз ету

      1. Қазақстан Республикасының аумағына келетін (оның аумағынан кететін) немесе Қазақстан Республикасының аумағында ауысып мініп транзитпен жүретін жолаушыларды теміржол (қала маңы қатынасынан және билет кассаларымен жабдықталмаған жерлерде жолаушыларды отырғызу жағдайларынан басқа), әуе және теңіз көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар, оның ішінде шетелдік тасымалдаушылар, сондай-ақ әуежайлардың пайдаланушылары уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді, сондай-ақ автоматтандырылған жүйелер мен дерекқор арқылы мәліметтерді нақты уақыт режимінде ұсынуды қамтамасыз етеді.
      2. Уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерді беру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тасымалдауларға билеттерді ресімдеу кезінде билеттер сатуды жүзеге асыратын тасымалдаушы немесе өзге де адам мынадай деректерді:
      1) тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде);
      2) ол бойынша жол жүру құжаты (билет) сатып алынатын жеке басты куәландыратын құжаттың түрін және нөмірін;
      3) жөнелту орны мен күнін, межеленген пунктті, жүру маршрутының түрін (ауысып мінбейтін, транзиттік);
      4) билеттер сатуды жүзеге асыратын тасымалдаушы немесе өзге де адам осы жолаушымен байланыса алатын байланыс деректерін (электрондық почтасының мекенжайын және (немесе) телефон нөмірін) жолаушының келісімімен жазуды қамтамасыз етеді.
      4. Билеттерді сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар оларды ресімдеу кезінде мәліметтердің қазақ және орыс тілдерінде толтырылуын, ал халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде қосымша ағылшын тілінде толтырылуын қамтамасыз етуге міндетті.
      Ескерту. 4-бөлім 24-2-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (01.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5 бөлiм. Қорытынды ережелер

      РҚАО-ның ескертпесі!
      25-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      25-бап. Көлiктiк бақылау және қадағалау

      Көлiк құралдарын пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңнамасының, қозғалыс қауiпсiздiгi мен экология жөнiндегi талаптардың сақталуына көлiктiк бақылауды және қадағалауды уәкiлеттi орган және өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асыратын көлiктiк бақылау:
      1) жолаушылар мен жүктердi, оның iшiнде қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерiнiң сақталуын бақылауды;
      2) темiр жол көлiгiндегi, оның iшiнде магистральдық, стансалық және кiре берiс темiр жолдарындағы қозғалыс қауiпсiздiгінiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды;
      3) темiр жол қозғалыс құрамының мемлекеттiк тiркелуiн бақылауды;
      4) кеме қатынасы және теңiзде жүзу қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды және қадағалауды;
      4-1 жеке және заңды тұлғалардың су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауын бақылауды және қадағалауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қолдануды;
      5) халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде рұқсат беру жүйесi талаптарының сақталуын бақылауды;
      6) көлiктiк қызмет көрсету саласында Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;
      7) алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      8) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      9) ішкі су жолдарында жүзу қағидаларының сақталуын бақылауды және қадағалауды;
      10) техникалық пайдалану ережелерi мен кемелердегi қызмет жарғысының сақталуын бақылауды және қадағалауды;
      11) лоцмандық қызметті және өзге де теңіз қызметтерін бақылауды және қадағалауды;
      12) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуын бақылауды және қадағалауды;
      13) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      14) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының өтуiн бақылауды;
      15) автокөлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жолаушылар мен жүктердi, оның iшiнде қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде белгiленген еңбек және демалыс режимiн сақтауын бақылауды;
      16) автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналып рұқсат етiлген параметрлерiнiң сақталуын бақылауды қамтиды.
      17) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Уәкiлеттi мемлекеттік органның лауазымды адамдары көлiктiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiнде нысанды киім (погонсыз) киiп, талап ету бойынша қызметтiк куәлiгiн көрсетуге тиiс.
      Нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
      Нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.
      Уәкiлеттi мемлекеттiк орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бiрлескен бақылау және қадағалау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
      Мемлекеттiк органдар уәкiлеттi мемлекеттiк органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлiк саласындағы қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiне көлiктiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi орындауда жәрдем көрсетуге мiндеттi;
      18) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi ережелерiне сәйкес азаматтық авиация саласына жататын жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерiмен ұшуларды орындауын бақылауды және қадағалауды;
      19) азаматтық авиация ұйымдарының авиация қызметкерлерiнiң кәсiби дайындығы және денсаулық жағдайы мәселелерi бойынша белгiленген талаптар мен нормаларды қамтамасыз етуiн бақылауды және қадағалауды;
      20) азаматтық авиация ұйымдарының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу жарамдығы нормаларын қадағалап отыруын бақылауды және қадағалауды;
      21) авиациялық техниканың және оған жерде қызмет көрсететiн құралдардың ұшу және техникалық пайдалану талаптарына сәйкес болуын бақылауды және қадағалауды;
      22) аэродромдар (вертодромдар) объектiлерiнiң және ұшу-қону алаңдарының күтiп ұсталуын бақылауды;
      23) азаматтық авиация аэродромы ауданында объектiлердi таңбалаудың жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды;
      24) халықаралық әуе тасымалының жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды;
      25) авиациялық қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды және қадағалауды;
      26) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      27) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      28) жеке және заңды тұлғалардың темiржол көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерін, халықаралық шарттарын сақтауын бақылауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесу жөнiнде шаралар қолдануды қамтиды;
      29) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      25-1-бап. Көлік саласындағы мемлекеттік бақылау және
                қадағалау

      1. Көлік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      2. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 25-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      25-2-бап. Тексеру жүргiзудiң мерзiмдерi

       Ескерту. 25-2-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      26-бап. Көлiк саласындағы халықаралық қатынастар

      Уәкiлеттi мемлекеттiк орган көлiк саласындағы мемлекетаралық қатынастарда келiсiмдер мен шарттар жасау құқығына ие бола отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен республиканың мүддесiн бiлдiредi.
      Тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес басқа мемлекеттердiң заңды және жеке тұлғаларымен сыртқы экономиканы және ынтымақтастықты дамыта отырып, өнiмдер (жұмыстар, қызметтер, экспортын (импортын) жүзеге асыра алады.
      Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20. № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi