Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.
Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "почтаны", "почтаның" деген сөздер тиiсiнше "почта жөнелтiлiмдерiн", "почта жөнелтiлiмдерiнiң" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596
Заңымен
, мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - V" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 5" деген цифрлармен ауыстырылды - 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Қазақстан Республикасының көлiгi - оның аумағында тiркелген теміржол, автомобиль, теңiз, iшкi су, әуе, қалалық электр, соның iшiнде метрополитен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық труба-құбыр көлiгi.
Көлiк кәсiпорны - жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi тасымалдау, көлiк құралдарын сақтау, оларда техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiнде шаруашылық-коммерциялық қызметпен айналысатын заңды тұлға, ол Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iс-әрекет жасайды.
Тасымалдаушы - ақыға немесе жалданып жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүктердi және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызмет көрсететiн әрi осыған белгiленген тәртiппен берiлген лицензиясы немесе рұқсаты бар, меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде көлiк құралдарын иеленушi заңды немесе жеке тұлға.
Клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы) - тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес көлiктi пайдаланатын заңды тұлға немесе жеке тұлға, немесе мемлекет.
Тiкелей аралас қатынас - бiрыңғай көлiк құжаты бойынша әртүрлi көлiк түрiмен жүктердi, жолаушылар мен теңдеме жүктердi тасымалдау.
Уәкiлеттi мемлекеттiк орган - көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Ескерту. 1-бап өзгердi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 338
Заңымен.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596
Заңымен
.
Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Труба-құбыр көлiгi қызметiне байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi.
Тасымалдау шарттары, көлiк құралдарын пайдалану, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, еңбектi қорғау, өртке қарсы қауiпсiздiк, техникалық-технологиялық және санитарлық қалыптар ережелерiн сақтау тәртiбi белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн және көлiк қатынастарына қатысушылардың бәрiне мiндеттi болып табылатын көлiктiң тиiстi түрлерiнде қолданылып жүрген қалыптық құжаттармен айқындалады.
Ескерту. 2-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 338
Заңымен
, 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
3-бап. Көлiк құралдарына меншiк туралы
Мемлекеттiк халықаралық маршруттар желiсiне белгiленген тәртiппен енгiзiлген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге сәйкес қорғаныстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы магистральдық темiр жол желiлерi, республикалық автомобиль жолдары, олардың бойындағы инженерлiк құрылыстарды қоса, кеме жүретiн су жолдары, шамшырақтар, сондай-ақ кемелердiң қауiпсiз жүрiсiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер, әуе қозғалысын басқару жүйесiнiң аэронавигациялық құрылғылары, әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты телекоммуникациялар желiлерi, инженерлiк желiлер, сондай-ақ метрополитен мемлекет меншiгi болып табылады. <*>
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталғандарды қоспағанда, кiрме жолдар мен тар табанды желiлерi, сондай-ақ автомобиль жолдары мемлекеттiк меншiкте де, жеке меншiкте де болуы мүмкiн. <*>
Ескерту. 3-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 338
Заңымен.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596
Заңымен
, 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
4-бап. Көлiк жерлерi. Көлiк мұқтажы үшiн жерлер мен
суларды беру тәртiбi
Республикадағы көлiк жерлерi болып:
- жердi пайдаланушыларға көлiк объектiлерiне деп бөлiнген жерлер;
- жолдар мен желiлердi салуды және пайдалануға берудi жүзеге асыратын көлiк, жол және басқа ұйымдарға бөлiнген көлiк жолдары мен желiлерiне арналған жерлер танылады.
Көлiкке жер бөлу мен су көлiгiне суларды беру кезiнде туындайтын жер және су қатынастары, оларды пайдаланудың тәртiбi жер, су және көлiк заңдарымен реттеледi.
Опырылып құлауға, көшкiндеуге, су шайып кетуге, сел тасқыны болуға және басқа қатерлi табиғи құбылыстар әсерлерiне бейiм аудандардағы көлiк құрылыстарының және басқа объектiлерiнiң сенiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында қорғау аймақтар белгiленедi.
Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өздерiне берiлген жерлердi оларды беру мақсаттары мен шарттарына сәйкес пайдалануға, өндiрiстiң табиғат қорғау технологияларын қолдануға және аумақта өз қызметi салдарынан экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеуге мiндеттi.
Ескерту. 4-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 338
Заңымен
.
5-бап. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу
Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, салық салу, несие беру, қаржыландыру және баға белгiлеу, инвестициялық, бiртұтас әлеуметтiк және ғылыми-техникалық саясат жүргiзу, Қазақстан Республикасының заңдарын көлiк кәсiпорындарының орындауына бақылау жасау жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге реттерде мемлекеттiк органдардың көлiк кәсiпорындарының шаруашылық қызметiне араласуына, сондай-ақ көлiк кәсiпорындарының пайдалану қызметкерлерiн басқа жұмыстарға қатыстыруға құқығы жоқ.
6-бап. Көлiктi мемлекеттiк басқару
Көлiктi мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен құрылған және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiткен Ережеге сәйкес iс-әрекет жасайтын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
Уәкiлеттi мемлекеттiк органның негiзгi мiндеттерi:
Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы экономикалық мүдделi қорғау;
көлiк саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасындағы көлiк қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеуге қатысу; <*>
көлiктiң барлық түрлерiн дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамаларын әзiрлеу, инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты қалыптастыру және жүргiзу;
республика экономикасы мен халқының тасымалдауға және соларға байланысты қызметтерге деген қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;
көлiк қызметiн пайдаланушылар құқықтарының сақталуын бақылау;
мемлекеттiң және халықтың тасымалдау қажеттерiне болжамдар әзiрлеу;
Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру және мемлекеттiк реттеу iсiн жүзеге асыру болып табылады.
Ескерту. 6-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 338
Заңымен.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596
Заңымен
, 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
7-бап. Көлiк қызметiн лицензиялау
Көлiктегi лицензиялануға тиiс қызмет түрлерiнiң тiзбесi заң актiлерiмен белгiленедi.
Екi және одан көп көлiк құралының иелерi - жеке және заңды тұлғаларға лицензия беру кезiнде әрбiр жеке көлiкке лицензияның бар екенiн растайтын құжат ресiмделедi.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 338
Заңымен.
8-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың
көлiк саласындағы өкiлеттiгi
Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың көлiк саласындағы өкiлеттiгi "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Қалалық жолаушылар таситын көлiктiң тұрақты маршруттарында жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушылар жергiлiктi атқарушы органдармен немесе олар осы маршруттарға қызмет көрсетуге уәкiлеттiк берген органдармен шарт жасасуға тиiс.
Ескерту. 8-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 338
Заңымен
, 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
9-бап. Экономикалық және шаруашылық қызмет
негiздерi
Көлiкте экономикалық және шаруашылық қатынастардың негiзiн көлiк қызметтерiнiң сұраныс және ұсыныстар нарқы қалыптастырады.
Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өз қызметiн коммерциялық негiзде жүзеге асырады.
Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар жоспарды дербес әзiрлейдi, клиент қажеттерiне сәйкес жұмыстар мен қызметтердi орындауға шарттар жасасады.
Тиiмдiлiгi қолданылып жүрген реттелетiн тарифтермен қамтамасыз етiлмейтiн жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру жөнiндегi шешiм қабылдаған жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi бюджеттен:
қала iшiндегi, аудандық маршруттар кезiнде - қалалық, аудандық бюджеттерден;
ауданаралық қатынас кезiнде - облыстық бюджеттен субсидия берудi қамтамасыз етедi.
Кеме жолдарын, шлюздердi, кеме қатынасының қауiпсiздiгiн қадағалайтын инспекцияларды ұстау республикалық бюджет қаражаттары есебiнен жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының мемлекет кемежайларын, магистралдық темiр жол желiсiн пайдаланғаны үшiн, әуе кеңiстiгінде ұшуды басқару мен аэронавигациялық қызмет көрсетiлгенi үшiн заңды және жеке тұлғалар, соның iшiнде шетелдердiң заңды және жеке тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде төлемдер төлейдi. <*>
Қазақстан Республикасының кеме жүретiн су жолдарын пайдалану ақылы түрде жүзеге асырылады.
Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн ақының ставкалары, бюджетке есептеу және төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.
Кеме жүретiн су жолдарын пайдалану құқығы көлiктi бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган әр күнтiзбелiк жылға беретiн рұқсаттық құжатпен берiледi.
Кеме иеленушi техникалық ақаулық себептермен немесе өзгедей себептермен кеменi пайдаланбаған жағдайда, ол мұндай фактiлердi растау үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға бұл туралы хабарлайды. Бұл ретте уәкiлеттi мемлекеттiк орган мұндай фактiлердi тексергеннен және анықтағаннан кейiн рұқсаттық құжатқа тиiстi өзгерiстер енгiзедi.
Ескерту. 9-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 338
Заңымен.
Ескерту. 9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.15. N 272
Заңымен.
Ескерту. 9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276
Заңымен.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596
Заңымен
, 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктердi тасымалдауға және тасымалдауларға байланысты қызметтерге көлiк қызметiмен айналысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi қызметiн қамтамасыз ететiн ерiктi (шарттық) тарифтер (осы Заңның 9-бабының 4-бөлiгiнде көзделгеннен басқа реттерде) белгiленедi.
Көлiк қызметтерiнiң жеке түрлерi бойынша мемлекеттiң әлеуметтiк саясатын жүргiзу құралы немесе көлiк саласындағы монополистiк қызметтi жою құралы ретiнде Қазақстан Республикасы заңдары анықтайтын тәртiпте реттелiп отыратын (мемлекет шегiнде бiрыңғай) тарифтер белгiленуi мүмкiн.
Ескерту. 10-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 338
Заңымен.
11-бап. Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi,
почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау,
көлiктiк-экспедициялық
қызметтердi жүзеге асыру
Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау кезiнде және көлiктiк-экспедициялық қызметтердi жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы:
- тасымалдау құқығын қамтамасыз ететiн лицензия алуға;
- клиентпен белгiленген нысанда шарт (келiсiм-шарт) жасасуға;
- сертификаты бар көлiк құралдарын беруге;
- клиентке және үшiншi тұлғаға келтiрген зияндарды, оның iшiнде зая жiберген уақытты ақшалай тепе-тең өтеуге;
- жолаушы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, оған қажеттi қолайлы және қызмет көрсету жағдайларын жасауға, ал жолаушы теңдеме жүгiн өткiзген ретте, оның теңдеме жүгiнiң дер кезiнде тасымалдануы мен сақталуын қамтамасыз етуге;
- қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
- көлiк қызметтерi нарығында клиентке таңдау еркiндiгiн қамтамасыз етуге;
- жөнелтiлетiн жүктiң өз сертификатына сәйкес келуiн растайтын құжаттарды алуға;
- мемлекеттiк және жергiлiктi өкiлдi әрi атқарушы органдардың әлеуметтiк маңызды және қорғаныс тасымалдарын жүзеге асыру жөнiндегi талаптарын орындауға (егер бұл тасымалдар бағасы көлiк шығындарын өтемеген жағдайларда, тиiстi өтем дотациясы берiлуге тиiс);
- Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен өзінің жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға міндетті. <*>
Тасымалдаушының, реттелетiн тасымалдарды қоспағанда, баға белгiлеу ережелерiне сәйкес тасымалдау бағасын еркiн белгiлеу құқығы бар.
Тасымалдаушы, Қазақстан Республикасының көлiк туралы заң актiлерiнде көзделгендерден өзге реттерде, заңды және жеке тұлғаларға тасымалдаудан бас тартуға құқылы емес.
Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау кезiнде және көлiк-экспедиция қызметтерiн жүзеге асыру кезiнде клиенттiң:
- өзi мен тасымалдаушы арасында жасалған шарттың орындалуын талап етуге;
- тасымалдау сапасы деңгейi оның сертификатына сай келуiне белгiленген тәртiппен дауласуға;
- келтiрiлген зиянның, соның iшiнде босқа кеткен уақыттың ақшалай өтелуiн талап етуге құқығы бар.
Клиент:
- тасымалдаушымен жасалған шарттың ережелерiн сақтауға;
- жүктiң өз сертификатына сай келуiн растайтын құжатты тасымалдаушыға беруге;
- тасымалдау ережелерiн орындауға;
- жүк пен теңдеме жүктi тасымалдауға дайын күйiнде табыс
етуге мiндеттi.
Клиент пен тасымалдаушының жекелеген құқықтары мен мiндеттерi тараптардың келiсiмiмен тасымалдау шартында белгiленедi.
Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау, көлiк-экспедициялық операцияларды жүзеге асыру шарттары, тараптардың тасымалдау және көлiк-экспедициялық операциялар жөнiндегi жауапкершiлiгi нормативтiк құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ тасымалдау шарттарымен белгiленедi.
Ескерту. 11-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 338
Заңымен.
Ескерту. 11-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.05.08. N 414
Заңымен.
12-бап. Көлiктiң алуан түрi қатысатын тiкелей
аралас қатынас
Темiржол, теңiз, iшкi су, әуе және автомобиль көлiктерi тiкелей аралас қатынастар жүйесiн ұйымдастырады.
Тiкелей аралас қатынас кезiндегi көлiк ұйымдарының өзара қатынастары, сондай-ақ осы тасымалдауды ұйымдастырудың тәртiбi тиiстi көлiк түрлерiнiң ұйымдары арасындағы тiкелей аралас тасымалдау туралы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн ережелерге сәйкес жасалатын келiсiмдерде белгiленедi.
Ескерту. 12-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 338
Заңымен.
13-бап. Жолаушылар құқықтары. Жолаушылардың
жекелеген санаттарының жолақысын төлеу
жөнiндегi жеңiлдiктер
Жолаушының мынадай құқықтары бар:
- кез келген көлiк түрiне және жолаушылар тасымалы үшiн ашық кез келген бағытына билет сатып алуға;
- сатып алған билетiне сәйкес орын алуға;
- өзiмен бiрге 7 жасқа дейiнгi, ал халықаралық тасымалда 5 жасқа дейiнгi бiр баланы әуе, темiр жол, теңiз және iшкi су жолы көлiктерiнде, қалааралық автобустарда, сондай-ақ таксиден басқа, қалалық және қала маңындағы көлiкте балаға жеке орын берiлмей тегiн алып жүруге;
- билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, халықаралық тасымалда 5 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға;
- Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымалдау кезiнде билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, 7 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға;
Егер тасымалдауды Қазақстан Республикасы тасымалдаушысының қатысуымен әртүрлi мемлекеттердiң бiрнеше тасымалдаушысы жүзеге асыратын болса, бұл құқық жолаушыларға оларды Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы тасымалдаған кезде берiледi:
- жолда аялдаған кезде қалалық және қала маңындағы көлiктен басқа, барлық көлiк түрiне билеттiң күшiн 10 тәулiктен аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы. Тасымалдаушы жолда аялдаған кезде билеттiң қолданылу мерзiмiн ұлғайтуға құқылы;
- көлiк қызметiн көрсететiн кез келген тасымалдаушы мекемеге билеттi тасымалдау басталғанға дейiн өткiзуге және тасымалдау үшiн төленген соманы қайтарып алуға құқығы бар. Қайтару тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Әуе көлiгiндегi, қала және қала маңындағы автобус тасымалдарында тегiн алып жүретiн қол жүгi мен теңдеме жүктiң салмағы 20 килограмнан аспайтын болып белгiленедi.
Темiр жол, теңiз, iшкi су жолы көлiктерiнде, сондай-ақ қалааралық автобустарда тегiн алып жүретiн қол жүгi мен теңдеме жүк салмағы 35 килограмнан аспайтын болып белгiленедi.
Тасымалдаушылар көлiктiң барлық түрiнде тегiн тасымалданатын теңдеме жүктiң салмағын арттыруға және басқа жеңiлдiктер белгiлеуге.
Тасымалдау жұмысын жалғастырудан бас тартқан тасымалдаушы жолаушыны межелi жерiне дейiн өз есебiнен жеткiзiп салуға немесе тасымалдау шартының бұзылуы салдарынан жолаушыға келтiрiлген залалды түгелдей өтеуге мiндеттi.
Қазақстан Республикасы заңдарымен, Қазақстан Республикасы Үкiмет қаулыларымен, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмдерiмен жеңiлдiктер белгiленген жағдайда тасымалдаушылар жолаушылардың жекелеген санаттарын тегiн тасымалдауға немесе оларға жолақысын төлеу жөнiнде өзге де жеңiлдiктер беруге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар адамдардың жекелеген санаттарына көлiк қызметiне, тегiн жол жүру құқығын қоса алғанда, жеңiлдiктер белгiлеген кезде қаржыландыру көзiн белгiлейдi және бұл орайда атқарушы органдар тасымалдаушымен шарт жасасады.
Ескерту. 13-бап өзгердi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 338
Заңымен.
14-бап. Жолаушылар мен жүктердi транзиттiк тасымалдау
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жолаушылар мен жүктердi транзиттiк тасымалдау:
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына, халықаралық келiсiмдер мен шарттарға сәйкес темiржол, әуе, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiктерiмен мемлекетаралық қатынастар үшiн ашылған жол трассалар мен су жолдары арқылы жүзеге асырылады.
15-бап. Көлiк құралдарына қойылатын талаптар
Көлiк құралдарының қауiпсiздiк талаптарына, медициналық-санитарлық қалыптарға, еңбек пен экологияны қорғау қалыптарына, халықаралық және мемлекеттiк стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес келетiнiн айқындайтын сертификаты болуға, сондай-ақ олар заңмен белгiленген тәртiпте тiркелуге тиiс.
Сертификаттаудан өтпеген және белгiленген тәртiпте тiркелмеген көлiк құралдары пайдалануға жiберiлмейдi.
Сертификаттау тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi, теңiз, өзен кемелерiн және шағын көлемдi кемелердi, азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде
K010209_
белгiленген тәртiпте алым алынады.
Ескерту. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276
Заңымен.
16-бап. Көлiк құралдарын басқару құқығы
Көлiк құралдарын басқару құқығы тиiстi бiлiктiлiгi бар және денсаулығы туралы медициналық куәландырудан өтiп, белгiленген үлгiдегi құжаттар тапсырылған адамға берiледi.
Көлiк құралдарын басқару жөнiндегi бiлiктiлiк талаптары және олардың басқаруға денсаулық жағдайының жарамдылығын бағалау өлшемдерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен анықталады.
Көлiк құралдарын басқаруға денсаулық жағдайының жарамдылығын бағалау өлшемiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi белгiлеген тәртiпте медицина қызметкерлерi жүзеге асырады.
Ескерту. 16-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 338
Заңымен.
17-бап. Тасымалдаушының жауапкершiлiгi
Тасымалдаушының жолаушылармен және жүк иелерiмен жауапкершiлiктi шектеу немесе жою туралы жасасқан келiсiмдерiнiң күшi болмайды, бұған жүк тасымалы кезiнде осындай келiсiмдер мүмкiндiгi заң актiлерiнде көзделген реттер жатпайды.
Тасымалдаушы жүктердiң, теңдеме жүктiң және почта жөнелтiлiмдерiнiң тасымалдауға қабылданған сәтiнен бастап алушыға берiлгенге дейiн сақталуын қамтамасыз етедi.
Егер тасымалдаушы жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалуы, жетiспеуi немесе бүлiнуi өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, ол жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалғаны, жетiспегенi немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi.
Тасымалдаушы жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдау кезiнде келтiрiлген нұқсанды:
- жүк немесе теңдеме жүк жоғалған немесе жетiспеген жағдайда - жоғалған немесе жетiспеген жүктiң немесе теңдеме жүктiң құны мөлшерiнде;
- жүк немесе теңдеме жүк зақымданған (бүлiнген) жағдайда - оның құны төмендеген сома мөлшерiнде, ал зақымданған жүктi немесе теңдеме жүктi қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайда - оның құны мөлшерiнде;
- құндылығы жарияланып, тасымалдауға тапсырылған жүк немесе теңдеме жүк жоғалған жағдайда - жүктiң немесе теңдеме жүктiң жарияланған құны мөлшерiнде өтейдi.
Жүктiң немесе теңдеме жүктiң құны уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн ережелер (әдiстеме) бойынша тасымалдау және көлiк түрлерiне байланысты немесе Қазақстан Республикасы қосылған тиiстi халықаралық конвенциялардың принциптерi негiзiнде белгiленетiн бағасы негiзге алына отырып айқындалады.
Жүктiң немесе теңдеме жүктiң (коммерциялық акт, жалпы нысандағы акт және с.с.) сақталмауының себептерi туралы тасымалдаушы бiржақты тәртiппен жасаған құжаттарды, дау туған жағдайда, жүк немесе теңдеме жүк тасымалдаушының, жөнелтушiнiң не алушының жауапкершiлiгiне негiз болуы мүмкiн мән-жайларды куәландыратын басқа құжаттармен бiрге сот бағалауға тиiс.
Егер тасымалдаушы жауап беретiн бүлiну салдарынан жүктiң немесе теңдеме жүктiң сапасы мүлдем өзгерiп, ол тiкелей мақсатына пайдаланылмайтындай болып қалса, жүктi немесе теңдеме жүктi алушы одан бас тартуға және оны жоғалтқаны үшiн өтем талап етуге құқылы.
Жүк немесе теңдеме жүк жоғалған не жеткiзiп берiлмеген жағдайда тасымалдаушы өтем төлей отырып, жоғалған жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдағаны үшiн ақыны қайтарып бередi.
Егер тiркелген теңдеме жүктi немесе жүктi тасымалдаушы жоғалды деп мойындаса немесе осы теңдеме жүк не жүк жеткiзу мерзiмi өткеннен кейiн 7 күн iшiнде тиiстi жерiне келiп жетпесе, олар жоғалды деп есептеледi.
Алайда, егер жүк көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн келiп жеткен болса, жүк алушы жүктi қабылдауға және теңдеме жүктi не жүктi жоғалтқаны үшiн тасымалдаушы төлеген соманы қайтарып беруге құқылы.
Заң құжаттарымен жауапкершiлiктiң өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.
Ескерту. 17-бап өзгердi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 338
Заңымен.
17-1-бап. Жүктердi және жолаушыларды тасымалдау
бойынша талап қою мен талап-арыз беру
Тасымалдаушыға тасымалға байланысты дау жөнiнде талап-арыз бергенге дейiн оған мiндеттi түрде талап қойылады.
Талап үш айдың iшiнде, ал айыппұлдар мен өсiм төлеу туралы талап бiр айдың iшiнде қойылуы мүмкiн.
Егер қойылған талап қабылданбаса немесе жауап осы бапта белгiленген мерзiмде алынбаса, мәлiмдеушiнiң талап-арыз беру құқығы пайда болады.
Жүктi және (немесе) жолаушыларды тасымалдаудан туындайтын талаптар бойынша талап-арыз беру мерзiмi заңдарда белгiленген тәртiппен реттеледi.
Халықаралық тасымалдауға байланысты даулар бойынша талап-арыз беру мерзiмi және талап-арыз беру тәртiбi халықаралық шарттарда, келiсiмдерде немесе конвенцияларда белгiленедi.
Ескерту. 17-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 338
Заңымен.
Ескерту. 17-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 260
Заңымен.
18-бап. Жолаушыны, жүк пен теңдеме жүктi жеткiзу
мерзiмi және мерзiмiн өткiзгенi үшiн
жауапкершiлiк
Тасымалдаушы жүктi немесе теңдеме жүктi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн Жүк және теңдеме жүк тасымалдау ережелерiмен анықталған мерзiмде тиiстi жерiне жеткiзуге мiндеттi. Егер жеткiзу мерзiмi белгiленген тәртiпте анықталмаған болса, тараптар бұл мерзiмдi шартта белгiлеуге құқылы.
Тасымалдаушының кiнәсiнен жолаушы тасымалы кiдiрген жағдайда тасымалдаушы, егер зиян келтiрiлген болса, жолаушыға оны өтеумен бiрге, кiдiрстiң әрбiр сағаты үшiн билет құнының 3 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
Жолаушы өндiрiп алған айыппұлдың сомасы сатып алынған билеттiң құнынан аспауға тиiс.
Теңдеме жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы теңдеме жүктi алушыға кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымал үшiн төленген ақының 10 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленетiн ақының 50 процентiнен аспауға тиiс.
Жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы жүктi алушыға кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымал үшiн төленген ақының 5 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленетiн ақының 50 процентiнен аспауға тиiс.
Егер жүктi немесе теңдеме жүктi жеткiзiп берудiң кешiктiрiлуi тасымалдаушының кiнәсiнен болмаса, ол кешiктiру жауапкершiлiгiнен босатылады.
Тасымалдаудың кiдiруiне байланысты, егер мұндай жағдай орын алған болса, теңдеме жүктi немесе жүктi жөнелтушi немесе алушы шеккен зиян үшiн тасымалдаушы жауапты болады.
Рейстер 10 сағатқа және одан да көп уақытқа кiдiрген жағдайда тасымалдаушы жолаушыларға өз есебiнен мейманханадан орын алып берiп тамақтандыруға мiндеттi.
Жолаушының өтiнiшi бойынша оған тасымалдың кiдiру себебi туралы ресми құжат берiледi немесе билетiне белгi соғылады.
Осы бапта көзделген зияндардың мөлшерi және оларды анықтау тәртiбi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн Жүк және теңдеме жүк тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.
Ескерту. 18-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 338
Заңымен.
19-бап. Жолаушының, жүк немесе теңдеме жүк жөнелтушi
мен алушының жауапкершiлiгi
Жолаушылар, жүк немесе теңдеме жүк жөнелтушi мен алушы өздерiнiң кiнәсiнен басқа адамдарға, тасымалдаушының мүлкiне және тасымалдаушы жауап беретiн басқа адамдардың мүлкiне келтiрген зияны үшiн жауапты болады.
Жүк жөнелтушi көлiк құжаттарында көрсетiлген мағлұматтардың дұрыс болмауына, дәл болмауына немесе толық болмауына байланысты тасымалдаушыға немесе тасымалдаушы жауап беретiн басқа адамға келтiрген зияны үшiн жауапты болады.
Жүк жөнелтушi көлiк құжаттарында көрсетiлген мағлұматтардың дәл болмауына, толық болмауына немесе дұрыс болмауына байланысты барлық зиян үшiн тасымалдаушының алдында жауапты болады.
20-бап. Тасымалдаушының жолаушыны өлiмге ұшыратқаны
немесе оның денсаулығын зақымдағаны үшiн
жауапкершiлiгi
Тасымалдау кезiнде жолаушыны өлiмге ұшыратуы немесе денсаулығының зақымдануы салдарынан болған зиян үшiн, егер бұл зиян зардап шегушiнiң терiс ниетi немесе дүлей күш салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, тасымалдаушыға мүлiктiк жауапкершiлiк жүктеледi.
Ескерту. 18-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
21-бап. Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзету
Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзетудi, сондай-ақ темiр жол, әуе көлiгiнде өртке қарсы алдын алу жұмыстарын жүргiзудi және өрт зардаптарын жоюды Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен әскерилендiрiлген күзет қызметтерi мен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.
Әскерилендiрiлген күзет қызметiнiң бөлiмдерi атыс қаруымен және арнайы құралдармен қамтамасыз етiледi.
Қару мен арнайы құралдарды қолдану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Көлiктiң неғұрлым маңызды объектiлерi мен арнайы жүктердi күзетудi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлер бөлiмдерi, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң арнайы бөлiмдерi, сондай-ақ әскерилендiрiлген күзеттiң арнайы қызметтерi жүзеге асырады.
Ескерту. 21-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 338
Заңымен
, 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
22-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде көлiк жұмысын
ұйымдастыру
Төтенше жағдайлар (жер сiлкiнiстерi, су басу, өрт, қар көшкiнi, мiндеттер және басқа дүлей апаттар) туындаған кезде апаттарды және олардың зардаптарын жою жөнiнде шаралар қолдану үшiн көлiк кәсiпорындарының шарттық қатынастары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен осы кезеңге тоқтатылуы мүмкiн.
Төтенше жағдайлар кезiнде көлiк кәсiпорындарының республикада жұмылдыру әзiрлiгiн қамтамасыз етуге байланысты тасымалдарды, азаматтың қорғаныс және авариялық-құтқару жұмыстары жөнiндегi шараларын жүзеге асыру жөнiндегi шығындары бюджеттен өтеледi.
Көлiк кәсiпорындары дүлей апаттар мен авариялардың, сондай-ақ төтенше санаттағы өзге де жағдайлардың зардаптарын жою жөнiнде дереу шаралар пайдалануға мiндеттi.
Ескерту. 22-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 338
Заңымен.
23-бап. Көлiкте қауiпсiздiктi және экологиялық
талаптарды қамтамасыз ету
Тасымалдаушылар азаматтардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн, көлiк құралдары қозғалысының, кеме қатынасы мен ұшу қауiпсiздiгiн, сондай-ақ айналадағы ортаны қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Көлiк құралдары қозғалысы және жүк тиеу-түсiру жұмыстары жүзеге асырылатын стансалардың, кемежайлардың, айлақтардың, әуежайлардың, автокөлiк кәсiпорындары мен темiржол тораптарының аумақтары, сондай-ақ су жолдары аса қауiптi аймақтар болып табылады. Аса қауiптi аймақта болу және онда жұмыстар жүргiзу ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Аталған ережелердiң бұзылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша қауiптi жүктердi күзету мен алып жүрудi бүкiл жол бойында жүктi жөнелтушiлер немесе алушылар қамтамасыз етедi.
Жарылғыш, тез тұтанғыш, радиоактивтi, улы және басқа қауiптi жүктердi жөнелтушi және алушы клиенттер оларды тасымалдау қауiпсiздiгiне кепiлдiк беруге, жүктердi тасымалдау кезiнде апат жағдайларынан алдын-ала сақтандыруға, сондай-ақ авариялар зардаптарын жоюға қажеттi құралдар мен жедел қимылдайтын бөлiмдердi ұстауға мiндеттi.
Көлiк, оның iшiнде Қазақстан аумағында орналасқан немесе оны кесiп өтетiн шетел көлiктерi мен көлiк құралдары қызметi процесiнде экологиялық қауiпсiздiкке және халықтың денсаулығын қорғауға кепiлдiк беретiн, қоршаған ортаның ластауына жол бермеудi, табиғи ресурстарды молайту мен ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететiн қоршаған орта сапасының нормативтерi сақталуға тиiс.
Айрықша жағдайларда бұларға геология мен жер қойнауын қорғаудың уәкiлеттi мемлекеттiк органының рұқсаты бойынша жол берiледi.
Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар табиғат қорғау шараларын жоспарлауға, ұйымдастыруға және қаржыландыруға, айналадағы табиғи орта мен жер қойнауын қорғау саласында өндiрiстiк және ведомстволық бақылау жасауға мiндеттi.
Тасымалдаушылар айналадағы ортаны, әуе бассейнiн, су қоймаларын, жердi қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға қажеттi шаралардың бәрiн жүзеге асыруға мiндеттi айналадағы ортаға келтiрiлген зиян үшiн тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жауапты болады.
Ескерту. 23-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.28. N 338
Заңымен
, 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
Ескерту. 24-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
25-бап. Көлiк саласындағы бақылау
Көлiк құралдарын пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңдарының, қозғалыс қауiпсiздiгi мен экология талаптарының сақталуын бақылауды уәкiлеттi мемлекеттiк орган және Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген басқа да мемлекеттiк басқару органдары жүзеге асырады.
Көлiк құралдарын қарап-тексеру Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген ретте ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276
Заңымен
, 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
26-бап. Көлiк саласындағы халықаралық қатынастар
Уәкiлеттi мемлекеттiк орган көлiк саласындағы мемлекетаралық қатынастарда келiсiмдер мен шарттар жасау құқығына ие бола отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен республиканың мүддесiн бiлдiредi.
Тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес басқа мемлекеттердiң заңды және жеке тұлғаларымен сыртқы экономиканы және ынтымақтастықты дамыта отырып, өнiмдер (жұмыстар, қызметтер, экспортын (импортын) жүзеге асыра алады.
Ескерту. 26-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президентi
"Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы"
Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
1. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жарияланған күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
- Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне Қазақстан Республикасының заң құжаттарын "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендiру туралы ұсыныстар табыс ететiн болсын;
- Қазақстан Республикасының көлiк кодекстерiн әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзсiн;
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Заңға сәйкестендiрсiн.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы