Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) бағалаушы (тәуелсіз сарапшы) – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – уәкілетті орган) өзі белгілеген тәртіпке сәйкес аккредиттеген, мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
      2) «бонус-малус» жүйесі – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеген кезде осы жүйе бойынша тиісті сыныпты бере отырып, сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай оған арттыратын немесе төмендететін коэффициенттерді қолдану арқылы пайдаланылатын жеңілдіктер мен үстемеақылар жүйесі;
      3) жәбiрленушi – көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген, оны өтеу жөнiндегi мiндет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлiк құралының иесi ретiнде сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелген тұлға;
      4) жолаушы – тасымалдаушымен ауызша немесе жазбаша нысанда тасымалдау шартын жасасқан жеке тұлға;
      5) кешендi шарт – сақтандыру полисiнде көрсетiлген екі және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғамен жасалатын және бiр ғана сақтандырылушы жеке тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты;
      6) көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi – жеке және заңды тұлғалардың жоғары қауiптiлiк көзi ретiндегi көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өтеу мiндетi;
      7) көлік құралын пайдалану – көлік құралдарын жолмен жүру, сондай-ақ жайластырылып немесе ыңғайластырылып оларға іргелес салынған және көлiк құралдарының қозғалысына пайдаланылатын аумақтарда жүру үшiн пайдалану;
      8) көлiк құралының иесi – көлiк құралын меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен не кез келген басқа да заңды негiзде (мүлiктiк жалдау шартымен, құзыреттi органның көлiк құралын беру туралы өкiмiне орай көлiк құралын басқаруға арналған сенiмхатпен және басқаша) иеленетiн жеке немесе заңды тұлға;
      9) көлiк оқиғасы – көлiк құралын пайдалану процесiнде және оның қатысуынан туындаған оқиға, сондай-ақ көлiк құралынан ажырап кеткен бөлшектер мен ондағы жүктiң қозғалысы нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиян;
      10) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
      11) сақтандыру жағдайы – басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;
      12) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
      13) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушы сақтандырушыға соңғысы сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
      14) сақтандыру төлемi – сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
      15) сақтандырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегiнде сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға;
      16) сақтандырылушы – өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;
      17) сақтанушы – сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылушы болып табылады;
      18) стандартты шарт – сақтандыру полисiнде көрсетiлген көлiк құралының иесi болып табылатын жеке немесе заңды тұлғамен жасалатын және бiр немесе бiрнеше сақтандырылушы тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты;
      19) тікелей реттеу – көлік оқиғасында жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді жәбірленушімен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемін жүзеге асыру тетігі.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының көлiк құралдары
              иелерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн
              мiндеттi сақтандыру туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық
              жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандырудың объектiсi

      Сақтандырылушы тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген, жоғары қауiптілік көзi ретiндегi көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру (бұдан әрi - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру) объектiсi болып табылады.

      4-бап. Көлiк құралдары иелерінiң жауапкершiлігін
              міндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi
              принциптерi

      1. Көлiк құралдарын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген үшiншi тұлғалардың мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады.
      2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi:
      жәбiрленушiлердiң мүлiктiк мүдделерiн осы Заңда белгiленген көлемде және тәртiппен қорғауды қамтамасыз ету;
      көлiк құралын оның иесiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегі сақтандыру полисi болған кезде пайдалану;
      тараптардың көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету;
      көлiк құралдары иелерінiң жол жүрiсi қауiпсіздiгiн арттырудағы экономикалық мүдделілігi болып табылады.

      5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндеттi
              сақтандырылуға жататын тұлғалар

      1. Мынадай көлік құралдары:
      1) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнде тiркелген (мемлекеттiк тiркеуге жататын) жеңiл, жүк автомобильдері, автобустар, шағын автобустар және олардың негiзiнде жасалған көлiк құралдары, мотокөлiк пен олардың тiркемелерi (жартылай тiркемелерi), сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустар;
      2) Қазақстан Республикасының аумағына уақытша енген (әкелiнген) көлік құралы;
      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген, жасаушы ұйымдардан, жөндеу және сауда ұйымдарынан, кедендік бақылау органдарынан тіркеу орнына өз бетінше жүргізіліп әкелінетін, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшесі көлік иесінің тұрғылықты жерінің өзгеруіне немесе меншік құқығының өзгеруіне байланысты тіркеуден шығарған көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады.
      2. Көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi өзi пайдаланатын көлiк құралының әр бiрлiгi бойынша сақтандырылуға жатады.
      Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру шартын жасасу көлiк құралының иесiн көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттен босатпайды.
      3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты, басқа мемлекетте тiркелген, иесi осы мемлекет пен Қазақстан Республикасының арасында жасалған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасында танылатын көлiк құралдары иелерi жауапкершiлiгінiң сақтандыру шартын жасаған көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына енген жағдайда жасалмайды.
      4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнде мемлекеттiк тiркеуге және есепке алуға жатпайтын (трамвайлар мен троллейбустарды қоспағанда) көлiк құралдарының иелерi көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспайды.
      5. Өзiнiң қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiн атқаруына орай, оның iшiнде көлiк құралының иесiмен еңбек немесе өзге де шарт жасасу негiзiнде не мәмiленiң жазбаша нысанын ресiмдемей, көлiк құралы иесiнiң ерiк бiлдiруi негiзiнде оның қатысуымен көлiк құралын жүргiзушi адамның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатпайды.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті
сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету      

      6-бап. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігін
              мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк
              бақылау және қадағалау

      1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттiк қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.
      2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері көлік құралдарын тіркеу және жол жүрісі қағидаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын бақылау саласындағы өзінің өзге де өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетін орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
      3. Көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын мемлекеттік бақылауды Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.02.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.24 № 399-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      7-бап. Көлік құралын көлік құралдары иелерінің
              жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынсыз
              пайдалануға жол бермеу

      1. Иесiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты болмаған жағдайда, көлiк құралын пайдалануға жол берiлмейдi.
      2. Көлiк құралын басқаратын адам көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисiн өзiмен бiрге алып жүруге және оны Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес уәкiлеттік берілген жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерiне және көліктік бақылау органдарының лауазымды адамдарына тексеру үшiн көрсетуге мiндеттi.
      Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері және көліктік бақылау органдары құжаттарды тексерген кезде көлiк құралын басқаратын адамнан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисiн көрсетуді талап етуге мiндеттi.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      8-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершілiгiн
              мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың
              ерекшелiктерi

      1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алғанға дейін сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға:
      1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасуға және көрсетілген Қорды құру және оның қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен оның акционері болуға;
      2) осы Заңда және өкілдер кеңесі бекіткен сақтандыру омбудсманының ішкі ережелерінде айқындалған тәртіппен және жағдайда өкілдер кеңесінің құрамына кіруге;
      3) оның астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдары және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы міндетті;
      4) алып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін және аудиторлық есебін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспа басылымында қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын жариялауға міндетті.
      3. Бәсекелестiктi шектеуге немесе болғызбауға, бiр сақтандырушыға екiншi сақтандырушының алдында көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу жөнiнде негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасауға бағытталған қызметке жол берiлмейдi.
      4. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      5. Алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      8-1-бап. Деректер базасы

      Ескерту. 8-1-бап алып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8-2-бап. Деректер базасын қалыптастыру үшін ұсынылатын
                ақпарат берілетін ақпарат және оны табыс ету
                мерзімі

      Ескерту. 8-2-бап алып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8-3-бап. Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін
                алу туралы шарттың міндетті талаптары

      Ескерту. 8-3-бап алып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9-бап. Ақпараттық өзара iс-қимыл

      1. Iшкi iстер органдары көлiк оқиғасына қатысушыларға не олардың өкiлдерiне, сондай-ақ сұрау салуы бойынша сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру омбудсманына сақтандыру жағдайының, сондай-ақ көлiк оқиғасы орнынан жасырынған адам жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрген жағдайдың басталу фактiсiн растайтын құжаттардың бiр-бiр данасын, оның iшiнде жол оқиғасының схемасымен қоса, жол жүрiсi қағидаларының бұзылуы туралы хаттаманың көшiрмесiн бередi.
      2. ішкi iстер органдары, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдар көлiк оқиғасы және оның салдары туралы қолдағы ақпаратты сақтандырушы, сақтандыру омбудсманы және Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры өтiнiш жасаған кезде оларға осы ақпаратты жазбаша нысанда, мөрмен куәландырып, тегiн беруге мiндеттi.
      3. Сақтанушының (сақтандырылушының), жәбiрленушiнің немесе олардың мұрагерлерiнің көлік оқиғасының басталғаны туралы хабарлауға мүмкiндiгi болмаған кезде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерi тиiстi сақтандырушыға осы көлiк оқиғасы туралы хабар беруді жүзеге асырады.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.04.2014 № 195-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті
сақтандыру шарты

      10-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін
               міндетті сақтандыру шарты және оны жасасу
               тәртiбі

      1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында мүлiктің тауарлық құнының жоғалтылуын, сондай-ақ жәбiрленушiнің тауарларды жеткiзудiң немесе жұмыстарды жүргiзудiң (қызметтер көрсетудiң) мерзiмдерiн, оның келiсiм-шарттар (шарттар) бойынша өзге де мiндеттемелердi бұзуына байланысты тұрақсыздық айыбын өтеудi қоса алғанда, жәбiрленушінің моральдық зиянын және ала алмаған пайдасын өтеудi есептемегенде, жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi.
      3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi (сыныбы) бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс.
      Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi.
      Сақтандырушының сақтанушыға көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқығы жоқ.
      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға міндеттенедi.
      4. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттары мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) стандартты;
      2) кешендi.
      5. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисiн беруi арқылы жазбаша нысанда жасалады.
      Сақтандыру полисі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес беріледі және онда деректер базасынан алынған ақпарат, сондай-ақ бірегей нөмір болады.
      Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушының өтініші негіз болып табылады. Өтініштің мазмұнына қойылатын талаптар және өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар көшірмелерінің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
      6. Сақтандыру полисiнде, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 826-бабында тiзiп көрсетiлген талаптардан басқа, сақтандырушының бiр сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiнiң мөлшерi және шарттың түрi көрсетiлуге тиiс.
      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисiн ресiмдеу жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарында белгiленедi.
      6-1. Сақтандыру полисіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      7. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң телнұсқасын беруге мiндеттi.
      Жоғалған сақтандыру полисі телнұсқа берілгеннен кейін жарамсыз деп есептеледі және ол бойынша сақтандыру төлемі жүргізілмейді.
      Сақтандыру полисі жоғалған жағдайда оның телнұсқасын ресімдеу кезінде іс жүргізуге жұмсалған сақтандырушының шығынын сақтанушы (сақтандырылушы) тиісті өтініш берілген күні Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңына сәйкес белгіленген 0,1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтейді.
      8. Егер сақтандырушы көлiк құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбiрленушiнiң жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасасса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) және жәбiрленушiнiң алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттемелер атқарады.
      9. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді жеке тұлға біржолғы төлеммен жүргізеді.
      10. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын оларды міндетті техникалық қарап тексеру өткізілетін жерлерде және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның тіркеу бөлімшелерінде жасасуға тыйым салынады.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.24 № 399-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      11-бап. Стандартты шарт

      1. Стандартты шарт бойынша бiр немесе бiрнеше көлiк иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгi сақтандырылуы мүмкiн.
      2. Стандартты шарт сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) пайдаланылатын көлiк құралының әр бiрлiгiне жеке сақтандыру полисiн беру жолымен жасалады.
      3. Сақтандыру полисiнде сақтанушы (сақтандырылушы, сақтандырылушылар) және пайдаланылатын көлiк құралы туралы мәлiметтер болуға тиiс.
      4. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      5. Стандартты шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан не:
      1) көлiк құралын оны жүргiзуге құқылы адам сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен жүргiзген;
      2) адам көлiк құралын сақтанушымен (сақтандырушымен) жазбаша нысанда ресiмделген еңбек шарты немесе өзге де шарт негiзiнде жүргiзген;
      3) көлiк құралын заңсыз иеленген адам, егер келтiрiлген зиян үшiн жауапкершілік сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелсе, көлiк құралын жүргiзген жағдайда туындаса, сақтандырылған деп есептелiнедi.
      6. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      12-бап. Кешендi шарт

      1. Кешендi шарт бойынша екi және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтандырылуы мүмкiн.
      2. Кешендi шарт сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) пайдаланылатын барлық көлiк құралдарына сақтандыру полисiн беру жолымен жасалады.
      3. Сақтандыру полисiнде сақтанушы (сақтандырылушы) - жеке тұлға және ол пайдаланатын көлiк құралдары туралы мәлiметтер болуға тиiс.
      4. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      5. Кешендi шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан не:
      1) көлiк құралын оны жүргізуге құқылы адам сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен жүргiзген;
      2) көлiк құралын заңға қайшы иеленген адам, егер келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелсе, көлiк құралын жүргiзген жағдайда туындаса, сақтандырылған деп есептелiнедi.
      6. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      13-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершiлігiн
               мiндетті сақтандыру шартының қолданылуы

      1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес жәбiрленушi деп танылған, оның iшiнде зиян келтiруге кiнәлi болып табылған сақтанушының (сақтандырылушының) көлiк құралында болған барлық адамдарға қатысты қолданылады, оған мыналар:
      1) осы көлiк құралын сақтанушымен (сақтандырылушымен) қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiн атқаруға орай, оның iшiнде көлiк құралының иесiмен еңбек немесе өзге де шарт негiзiнде не сақтанушының (сақтандырылушының) ерiк бiлдiруi негiзiнде, мәмiленiң жазбаша нысанын ресiмдемей, оның қатысуымен жүргiзген адам;
      2) егер сақтанушы (сақтандырылушы) тасымалдаушы болып табылса, оған Қазақстан Республикасы заң актісінің тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыруды регламенттейтiн талабы қолданылса, жолаушылар;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақшадағы өзгерту 2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2-б. қараңыз) Заңымен.
      3) егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен сақтанушыға (сақтандырылушыға) жұмыс берушi ретiнде қызметкердiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауы кезiнде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру міндетi жүктелсе, сақтанушының (сақтандырылушының) қызметкерлерi кiрмейдi.
      2. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында белгiленген күннен бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
      3. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты күшіне енген күнінен бастап он екi ай мерзiмге жасасылады.
      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты жеке немесе заңды тұлғада көлiк құралын иелену құқығы пайда болған кезден бастап, бiрақ осы көлiк құралы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнде мемлекеттiк тiркелген (қайта тiркелген) кезден бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасасылуға тиiс.
      4. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын осы баптың 3-тармағында көзделгеннен өзгеше мерзімге:
      1) көлік құралын маусымдық, бірақ кемінде алты ай пайдаланған кезде;
      2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің мәжбүрлеп таратылатын қатысушысы-сақтандыру ұйымының кредиторларымен (сақтанушыларымен);
      3) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, көлік құралының мемлекеттік тіркелуінің алдындағы мерзімге, бірақ кемінде күнтізбелік бес күнге;
      4) көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген жағдайда уақытша кірген бүкiл кезеңге, бiрақ кемінде күнтiзбелiк бес күнге жасасуға жол беріледі.
      5. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      6. Егер Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      14-бап. Көлік құралдары иелері жауапкершілігінің
               міндетті сақтандыру шартының қолданылуын
               тоқтату

      1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндетті сақтандыру шарты:
      1) шарттың қолданылу мерзiмi бiткен;
      2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған;
      3) сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттейтін алғашқы сақтандыру жағдайы басталған жағдайларда тоқтатылған деп есептелiнедi.
      2. Сақтандыру төлемi жүзеге асырылған кезде сақтандырушы сақтандыру полисiн алып қоюға тиiс. Бұл ретте көлiк құралының (егер ол жойылмаса) иесi өзiнiң таңдауы бойынша мiндеттi сақтандырудың осы түрiн (сыныбын) жүзеге асыруға құқығы бар кез келген сақтандырушымен жаңа кезеңге көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      15-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін
               міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын
               тоқтату

      1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
      2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату үшін сақтанушы (сақтанушы қайтыс болған жағдайда – оның мұрагері (мұрагерлері) сақтандырушыға жазбаша өтініш береді.
      3. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату және осы сақтандырушымен жаңадан көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушының мына формула бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақысының бөлігін қайтарып алуға құқығы бар:
      ССБ = СС*n / N, мұнда:
      ССБ - сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);
      СС - көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);
      n - көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап өтініш берілген күнді қоса алғанда, оны мерзімінен бұрын тоқтатқан кезге дейінгі мерзім (күнмен);
      N - көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының жасалған мерзімі (күнмен).
      4. Осы баптың 3-тармағында көзделген талаптар сақталмаған кезде, сақтанушының көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін мынадай мөлшерде қайтарып алуға құқығы бар:

Рет №

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап оны мерзімінен бұрын тоқтатқан кезге дейін өткен мерзім

Сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (жылдық сақтандыру сыйлықақысынан процент есебімен)

1

2

3

1

15 күнге дейін, қоса алғанда

15

2

16 күннен 1 айға дейін, қоса алғанда

20

3

1 айдан 2 айға дейін, қоса алғанда

30

4

2 айдан 3 айға дейін, қоса алғанда

40

5

3 айдан 4 айға дейін, қоса алғанда

50

6

4 айдан 5 айға дейін, қоса алғанда

60

7

5 айдан 6 айға дейін, қоса алғанда

70

8

6 айдан 7 айға дейін, қоса алғанда

75

9

7 айдан 8 айға дейін, қоса алғанда

80

10

8 айдан 9 айға дейін, қоса алғанда

85

11

9 айдан 10 айға дейін, қоса алғанда

90

12

10 айдан 11 айға дейін, қоса алғанда

95

13

11 айдан жоғары

100

        Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      16-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері

      1. Сақтанушы:
      1) сақтандырушыдан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптарын, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
      1-1) сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды (бұдан әрі - дерекқор) қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан міндетіне сақтанушы жөніндегі мәліметтерді деректер базасына енгізу кіретін сақтандырушының сақтанушымен жасасқан көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты туралы мәліметтердің деректер базасында бар екендігі туралы ақпаратты сұратуға құқылы. Осы құқық сақтандырылған адамға да қолданылады;
      2) сақтандыру полисiн жоғалтып алған жағдайда оның дубликатын алуға;
      3) жәбiрленушiнің мүлкiне келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметтердi пайдалануға;
      4) келтiрiлген зиянның мөлшерiне тәуелсiз сарапшы жүргiзген бағалаудың нәтижелерiмен және сақтандырушы жүзеге асырған сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есеп-қисабымен танысуға;
      5) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға;
      5-1) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына өтініш жасауға;
      6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерiн азайту туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дауласуға;
      7) сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген жағдайларда алуға құқылы.
      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.
      2. Сақтанушы:
      1) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде сақтандырушыға өзі, сақтандыру полисіне енгізілген әрбір сақтандырылушы, көлік құралы (көлік құралдары), қосарланған сақтандыру, көлік құралдарын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру және осы Заңда көзделген тәртіппен сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға берілген құқық туралы өтінішке енгізу үшін қажетті мәлiметтердi және өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын қажетті құжаттардың көшірмелерін ұсынуға;
      2) сақтандыру сыйлықақыларын көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге;
      3) көлік оқиғасының және сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап кiдiрiссiз, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қолдан келетiн тәсiлмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан caқтандырушыға хабарлауға мiндеттi. Ауызша нысандағы хабарлама кейiннен (жетпiс екi сағат iшiнде) жазбаша түрде расталуға тиiс. Сақтанушы мен сақтандырылушы бiр тұлға болып табылмайтын жағдайларда, көлік оқиғасының және сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлау жөнiндегi мiндет сақтандырылушыға жүктеледi. Егер сақтанушының (сақтандырылушының) дәлелдi себептермен аталған iс-әрекеттердi орындау мүмкiндiгi болмаса, ол мұны құжаттармен растауға тиiс;
      4) көлiк оқиғасын жасаған кезде жәбiрленушілерге және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерiне көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушының атауын және орналасқан жерiн хабарлауға;
      5) көлiк оқиғасы болған кезде ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшiн қалыптасқан мән-жайларға ақылға қонымды және қолдан келетiн шараларды, оның iшiнде зардап шеккен адамдардың мүлкiн құтқару және оларға көмек көрсету шараларын қолдануға;
      6) көлiк оқиғасы және зардап шеккен адамдар туралы тиiстi органдар мен ұйымдарға олардың құзыретiне қарай (жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiне, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметiне, авариялық қызметтерге) хабарлауға;
      6-1) көлік оқиғасы жасалған кезде кідіріссіз, бірақ уәкілетті лауазымды тұлғаның жазбаша жолдамасын алған кезден бастап екі сағаттан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуге;
      7) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлаған күннен бастап кідірiссiз, бiрақ екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей бұл туралы жәбiрленушiге хабарлауға;
      8) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
      3. Сақтанушының осы баптың 2-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында аталған мiндеттерi көлiк оқиғасы болған кезде көлiк құралын тiкелей жүргiзген адамға жүктеледi.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      17-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi

      1. Сақтандырушы:
      1) көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мәлiметтерден басқа, осы Заңға сәйкес көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартына енгiзу үшiн қажетті мәлiметтердi, оның iшiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандырудың осының алдындағы шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдерi туралы ақпаратты беруiн талап етуге;
      2) тиiстi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретiне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжаттарды сұратуға;
      3) көлік оқиғасының себептерін және өзге де мән-жайларын анықтауға;
      4) Алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
      5) осы Заңның 28-бабында көзделген жағдайларда, зиян келтiргенi үшiн жауапты тұлғаға, керi талап қоюға;
      6) осы Заңның 29-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.
      2. Сақтандырушы:
      1) caқтанушыны (сақтандырылушыны) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптарымен таныстыруға, оның көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге;
      2) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқаннан кейiн сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисiн беруге;
      3) Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      4) осы Заңның 20-бабы 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға сақтандыру сыйлықақыларын төлеу жөнiнде жеңiлдiк жасауға;
      5) көлiк оқиғасы туралы хабар алынған кезде оны кiдiрiссiз тiркеуге;
      5-1) жәбірленушінің немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтеткізуге құқығы бар адамдардың жазбаша өтінішін алған күнінен бастап жұмыс күні ішінде сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде көлік оқиғасына кінәлі болып табылатын сақтанушының сақтандыру полисінің (сақтанушының тегі, аты, болған жағдайда - әкесінің аты, көлік құралын тіркеудің мемлекеттік нөмірі, нөмірі және берілген күні) бар екендігі туралы жазбаша мәліметті беруге;
      6) осы Заңда белгіленген мерзімде және тәртіппен сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің өтініші бойынша зақымдалған (жойылған) мүлікке тәуелсіз сарапшыда бағалау жүргізуді ұйымдастыруға және бағалау туралы есепті пайда алушыға танысу үшін ұсынуға;
      6-1) сақтанушы осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, жетіспейтін құжаттар туралы оны кідірiссiз, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша хабардар етуге;
      7) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемiн осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде жасауға;
      8) сақтанушыға (сақтандырылушыға) олардың сақтандыру жағдайы кезiнде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатымен жұмсаған шығыстарын өтеуге;
      9) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      18-бап. Жәбiрленушiнің құқықтары

      1. Жәбiрленушi:
      1) болуы салдарынан сақтанушы (сақтандырылушы) өзiне зиян келтiрген көлiк оқиғасы туралы сақтандырушыға хабарлауға;
      2) сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшін қажеттi құжаттарды жинауға және оларды сақтандырушыға табыс етуге;
      3) мүлкiне келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметтердi пайдалануға;
      3-1) кез келген медициналық мекеменің қызметін пайдалануға;
      4) келтiрiлген зиянның мөлшерiне тәуелсiз сарапшы жүргiзген бағалаудың нәтижелерiмен және сақтандырушы жүзеге асырған сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есеп-қисабымен танысуға;
      4-1) жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіргеніне кінәлі адамның сақтандырушысына осы Заңның 17-бабының 5-1) тармақшасында көзделген тәртіппен аталған адамның сақтандыру полисінің (сақтанушының тегі, аты, болған жағдайда - әкесінің аты, көлік құралын тіркеудің мемлекеттік нөмірі, нөмірі және берілген күні) бар екендігі туралы мәліметтерді растау жөнінде жазбаша өтініш жасауға;
      4-2) деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіргеніне кінәлі адамның сақтандыру полисінің (сақтанушының тегі, аты, болған жағдайда - әкесінің аты, көлік құралын тіркеудің мемлекеттік нөмірі, нөмірі және берілген күні) бар не жоқ екендігі туралы мәліметтерді беру жөнінде жазбаша өтініш жасауға;
      5) осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде сақтандыру төлемiн алуға;
      5-1) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына өтініш жасауға;
      6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы немесе оның мөлшерiн азайтуы туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дау айтуға;
      7) көлiк құралының иесiне келтiрiлген зиянды келтiрiлген зиян сомасының алынған сақтандыру төлемi сомасынан асатын мөлшерде өтеуi туралы талап қоюға құқылы.
      2. Осы Заңда көзделген жағдайларда жәбiрленушiнiң осы баптың 1-тармағында белгiленген құқықтары пайда алушы ретiнде әрекет жасаушы өзге тұлғаларға өтедi.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      18-1-бап. Тәуелсіз сарапшыны аккредиттеу ережесі

      1. Өтініш беруші аккредиттеуден өту үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген нысан бойынша өтініш;
      2) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) құрылтай құжаттарының көшiрмелері;
      5) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      6) растайтын құжаттар (мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензияның көшірмесі) қоса беріліп, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген нысан бойынша мүлікті бағалау бойынша бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар кемінде екі қызметкердің штатта бар екендігі туралы мәліметтер (заңды тұлғалар үшін).
      2. Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиялары бар заңды тұлға қызметкерлерінің құрамы өзгерген кезде заңды тұлға мұндай өзгерту күнінен бастап бір ай мерзімде уәкілетті органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жаңа қызметкерлердің тізімін ұсынады.
      3. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлік беру туралы  шешім немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімі өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнiнен аспауға тиіс.
      4. Аккредиттеу туралы куәлік қолданылу мерзімі шектелместен беріледі.
      5. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптардың сақталмауы уәкілетті органда аккредиттеуден өту үшін бас тартуға негіз болып табылады.
      6. Уәкілетті орган мынадай:
      1) аккредиттеуге табыс етілген құжаттарда дұрыс емес немесе бұрмаланған деректер анықталған;
      2) бағалаудың уақтылы жүргізілмеуінің және (немесе) пайда алушыға және сақтандырушыға бағалау туралы есептің уақтылы жіберілмеуінің екі және одан да көп фактісі анықталған;
      3) мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған;
      4) бүлінген мүлікті бағалау кезінде уәкілетті орган бекіткен әдістеме сақталмаған;
      5) тәуелсіз сарапшы сақтандырушыға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылса не оның лауазымды тұлғаларымен немесе осы сақтандырушының аффилиирленген тұлғалары ұйымдарының лауазымды тұлғаларымен бағыныстылық байланыста болған;
      6) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының және осы Заңның талаптары бұзылған жағдайларда аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.
      7. Аккредиттеу туралы куәлік мынадай:
      1) мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензияның қолданылуы тоқтатылған;
      2) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, дара кәсіпкер банкрот болған;
      3) аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын ерікті түрде тоқтату туралы өтініш ұсынылған;
      4) уәкілетті органның аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұруының себептері жойылмаған;
      5) аккредиттеу туралы куәлік бірнеше рет (соңғы он екі ай ішінде екі рет) тоқтатыла тұрған жағдайларда өзінің қолданылуын тоқтатады.
      Осы баптың 5-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тұлғада тәуелсіз сарапшының аккредиттеу туралы куәлігінің қолданылуы тоқтатылған жағдайда, осы тұлға екі жыл ішінде аккредиттеуден өту мақсатында уәкілетті органға жүгінуге құқылы емес.
      Ескерту. Заң 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

4-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары

      19-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi

      1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде төленуге тиіс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, оған көлік құралының тіркелген жеріне, көлік құралының түріне, сақтанушының (сақтандырылушының) жасына және жүргізу стажына, көлік құралының пайдаланылу мерзіміне, азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған адамдардың кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай («бонус-малус» жүйесі) осы баптың 3-10-тармақтарында белгіленген коэффициенттер қолданылады.
      Осы Заңда көзделмеген өзге негіздер бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға немесе ұлғайтуға жол берілмейді.
      2. Базалық сақтандыру сыйлықақысы 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.
      3. Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Рет

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы

Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициент мөлшері (астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін)

1

2

3

1.

Алматы облысы

1,78

2.

Оңтүстік Қазақстан облысы

1,01

3.

Шығыс Қазақстан облысы

1,96

4.

Қостанай облысы

1,95

5.

Қарағанды облысы

1,39

6.

Солтүстік Қазақстан облысы

1,33

7.

Ақмола облысы

1,32

8.

Павлодар облысы

1,63

9.

Жамбыл облысы

1,00

10.

Ақтөбе облысы

1,35

11.

Батыс Қазақстан облысы

1,17

12.

Қызылорда облысы

1,09

13.

Атырау облысы

2,69

14.

Маңғыстау облысы

1,15

15.

Алматы

2,96

16.

Астана

2,2

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген облыстардағы өзге де қалалар мен елді мекендер үшін жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін 0,8 мөлшеріндегі түзету коэффициенті қосымша пайдаланылады.
      5. Көлік құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген жағдайларға тіркеу аумағы бойынша 2,96 мөлшеріндегі коэффициент қолданылады.
      Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларға көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер қолданылмайды.
      6. Көлік құралының түрі бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Рет №

Көлік құралының түрі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жіктеу

Көлік құралының түрі бойынша коэффициент мөлшері

1

2

3

4

1

Жеңіл автомобильдер

«В» - толық массасы 3500 кг аспайтын және жүргізушінің отыратын орнынан басқа отыратын орындарының саны 8-ден аспайтын автомобильдер

2,09

2

Жолаушылар орны қоса алғанда 16-ға дейінгі автобустар

«Д» - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші отыратын орыннан басқа, 8-ден астам отыратын орны бар автомобильдер

3,26

3

Жолаушылар орны 16-дан артық автобустар

«Д» - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші отыратын орыннан басқа, 8-ден астам отыратын орны бар автомобильдер

3,45

4

Жүк автомобильдері

«С» - толық массасы 3500 кг асатын жүк автомобильдері

3,98

5

Троллейбустар, трамвайлар

Троллейбустар, трамвайлар

2,33

6

Мотокөлік

«А» - мотоциклдер, мотороллерлер және басқа мотокөлік құралдары

1,00

7

Тіркемелер (жартылай тіркемелер)

«Е» - көлік құралдарының «В», «С» немесе «Д» санаттарына жататын сүйреуіштері бар көлік құралдарының құрамдары

1,00

      7. Жеке тұлғалар үшін жасына және жүргізу стажына қарай коэффициент мөлшері мынадай мөлшерде белгіленеді:

Рет

Жасы және жүргізу стажы

Жасына және жүргізу стажына қарай коэффициент мөлшері

1

2

3

1.

25 жасқа толмаған/жүргізу стажы 2 жылдан аз

1,10

2.

25 жасқа толмаған/жүргізу стажы 2 жылдан астам

1,05

3.

25 жас және одан үлкен/жүргізу стажы 2 жылдан аз

1,05

4.

25 жас және одан үлкен/жүргізу стажы 2 жылдан астам

1,00

      8. Заңды тұлғалар үшін осы баптың 7-тармағында көзделген коэффициент 1,2 мөлшерінде белгіленеді.
      9. Көлік құралының пайдаланылу мерзіміне қарай коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Рет

Көлік құралының пайдаланылу мерзімі

Көлік құралының пайдаланылу мерзіміне қарай коэффициент мөлшері

1

2

3

1.

7 жылға дейін, қоса алғанда

1,00

2.

7 жылдан жоғары

1,10

      10. Сақтандыру мерзімі аяқталған соң тиісті сынып беріле отырып, «бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Сақтандыру мерзімі басталғандағы сынып

Коэффициент мөлшері

Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайларының болғаны ескерілген, сақтандыру мерзімінің аяқталуы бойынша сынып

0 сақтандыру жағдайы

1 сақтандыру жағдайы

2 сақтандыру жағдайы

3 сақтандыру жағдайы

4 және одан көп сақтандыру жағдайы

1

2

3

4

5

6

7

М сыныбы

2,45

0

М

М

М

М

0-сыныбы

2,30

1

М

М

М

М

1-сыныбы

1,55

2

М

М

М

М

2-сыныбы

1,40

3

1

М

М

М

3-сыныбы

1,00

4

1

М

М

М

4-сыныбы

0,95

5

2

1

М

М

5-сыныбы

0,90

6

3

1

М

М

6-сыныбы

0,85

7

4

2

М

М

7-сыныбы

0,80

8

4

2

М

М

8-сыныбы

0,75

9

5

2

М

М

9-сыныбы

0,70

10

5

2

1

М

10-сыныбы

0,65

11

6

3

1

М

11-сыныбы

0,60

12

6

3

1

М

12-сыныбы

0,55

13

6

3

1

М

13-сыныбы

0,50

13

7

3

1

М

      Сақтанушыға (сақтандырылушыға) берілетін «бонус-малус» жүйесі бойынша сыныптың есебі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.
      11. Сақтанушыға (сақтандырылушыға) берілген сынып туралы ақпараты бар, сақтандырушы деректер базасынан алған сақтандыру есебі сақтандырушының «бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициенттерді қолдануы үшін негіз болып табылады.
      Деректер базасында сақтанушы (сақтандырылушы) туралы ақпарат болмаған жағдайда, сақтанушы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың алдыңғы шартының түпнұсқасын берген жағдайда, сақтандырушы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жаңа мерзімге жасасу кезінде осы баптың 10-тармағында келтірілген кестеге сәйкес төмендетілген коэффициентті қолданады.
      Сақтандырушы бұл туралы деректер базасын қалыптастырып, жүргізуді жүзеге асыратын ұйымды және уәкілетті органды көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
      12. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын алғаш рет жасасқан кезде сақтанушыға 3-сынып беріледі.
      13. Осы баптың 10-тармағында көзделген коэффициенттер азаматтық-құқықтық жауапкершілігі осы Заңның 11 және 12-баптарының 5-тармағында көзделген жағдайларда басталған жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға қолданылмайды.
      14. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты он екі айдан аз мерзімге жасалған кезде көлік құралының бірлігіне сақтандыру сыйлықақысының мөлшері мына формула бойынша есептеледі:
      СС = ЖСС*n/N, мұнда:
      СС - он екі айдан аз мерзімге жасалған көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);
      ЖСС – жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);
      n - көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу мерзімі (күнмен);
      N – 365 күн (кібісе жылы 366 күн).
      15. Кешенді сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы көлік құралының бір бірлігі үшін төленеді, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру полисінде көрсетілген көлік құралдары үшін белгіленген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерінің ең көп шамасына тең болып белгіленеді.
      16. Стандартты шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы әр сақтандырылушы бойынша есептеледі және әр сақтандырылушы бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерінің ең көп шамасына тең мөлшерде сақтанушының төлеуіне жатады.
      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      20-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерiн азайту

      1. Көлiк құралдарының иелерi - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер, зейнеткерлер стандартты шартты жасасқан кезде осы Заңның 19-бабына сәйкес есептелген, төленуге тиiстi сақтандыру сыйлықақысының елу процентi мөлшерiндегi сақтандыру сыйлықақысын төлейдi.
      Егер көлiк құралын осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар санатына жатпайтын басқа иелер де пайдаланатын болса, онда көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру мұндай жеңiлдiк берiлмей жүзеге асырылады.
      2. Алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
      3. Алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      20-1-бап. Сақтандырушы көрсететін қосымша қызметтер

      Сақтандырушы сақтанушының келісімі болған кезде сақтанушыға (сақтандырылушыға) зақымдалған көлік құралын жөндеу уақытында көлік құралын беруді, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинау бойынша қызмет көрсетуді, сақтанушыға көмек көрсету үшін сақтандырушы өкілінің (авария комиссарының) көлік оқиғасы орнына баруын қоса алғанда, көлік оқиғасы жағдайында көмек көрсетумен байланысты қосымша ақылы қызмет көрсетуге құқылы.
      Ескерту. 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      21-бап. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу тәртiбi

      1. Егер көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын біржолғы төлеммен төлейдi.
      2. Сақтандырушы көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысын мерзiмiн ұзартып төлеудi көздеуге құқылы. Бұл ретте сақтандырушы көлiк құралы иелерiнің жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартының барлық қолданылу мерзiмi iшiнде сақтанушы алдында жауапты болады. Сақтанушының кезектi сақтандыру жарнасын төлемеуi сақтандырушы үшiн көлік құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға негiз болып табылмайды.
      3. Кезектi сақтандыру жарнасы уақтылы төленбеген кезде сақтанушы сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 353-бабында белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.

5-тарау. Сақтандыру жағдайын, келтірілген зиянның және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау

      22-бап. Сақтандыру жағдайын және келтiрiлген зиянның
               мөлшерiн айқындау

      1. Сақтандырылушының көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлген көлiк құралдарын пайдалануы нәтижесiнде жәбiрленушi деп танылған адамдардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактіci сақтандыру жағдайы деп танылады.
      2. Жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi тиiстi ұйымдар берген құжаттар негiзiнде осы Заңға сәйкес айқындалады.
      3. Мүлiктiң бүлінуі кезiнде келтiрiлген зиянның мөлшерi бүлінген мүлiктi қалпына келтiру құнының есебi негiзге алынып, мүлiктiң сақтандыру жағдайы басталғанға дейiн болған, есептелген амортизациясы (тозуы) шегеріле отырып айқындалады.
      Бүлінген мүлiктi қалпына келтiру құны сақтандыру жағдайы басталған күнгi қолданыстағы нарықтық бағалар негiзге алынып есептелiнедi.
      4. Мүлiк жойылған кезде келтiрiлген зиянның мөлшерi оның сақтандыру жағдайы басталған күнгi нарықтық құны негiзге алынып айқындалады.
      Егер мүлiктi қалпына келтiру техникалық жағынан мүмкiн болмаса немесе экономикалық тұрғыдан негiзсiз болса ол жойылған болып есептеледi. Мүлiктi қалпына келтiру, егер бұл ретте мүлiктi қалпына келтiруге арналған шығыстар оның сақтандыру жағдайы басталған күнгi нарықтық құнының сексен процентiнен асып кетсе, экономикалық тұрғыдан негiзсiз болып есептеледi.
      5. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін тәуелсіз сарапшы жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша бағалау жүргізуге берілген өтініштің негізінде бағалайды.
      Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды тәуелсіз сарапшы бағалау стандарттарын ескере отырып, уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нормативтік құқықтық актіге сәйкес жүзеге асырады.
      Бағалаудың нәтижесі сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.
      6. Сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметтерді дербес пайдалануға құқылы. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауға жұмсалған шығындарды сақтандырушы көтереді.
      Тәуелсіз сарапшының бағалау жүргізу шартына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      Осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзім бұзылған жағдайда тәуелсіз сарапшы өтініш берушіге тиісті қаржы жылына арналып белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу проценті мөлшерінде өтіп кеткен әр күн үшін тұрақсыздық айыппұлын төлейді.
      Тәуелсіз сарапшы, егер ол осы сақтандырушыға қатысты аффилиирленген тұлға болса не оның лауазымды адамдарына немесе осы сақтандырушы ұйымдарының – аффилиирленген тұлғаларының лауазымды адамдарына бағыныстылық байланыста болса, сақтандырушының өтініші бойынша бағалауды жүзеге асыруға құқылы емес.
      7. Сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері өтініш берген кезде сақтандырушы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша бағалауды ұйымдастыруға сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері табыс еткен өтініш негізінде мүлікке келтірілген зиян мөлшерінің аталған тұлғалар таңдаған тәуелсіз сарапшыда бағалануын он жұмыс күні ішінде өз есебінен ұйымдастырады.
      Бүлінген мүлікті бағалауды ұйымдастыру мынадай:
      1) тәуелсіз сарапшылардың сақтандырушы берген тізбесіне және олардың орналасқан орны, байланыс телефондары туралы ақпаратқа сәйкес пайда алушының немесе оның өкілінің тәуелсіз сарапшыны таңдауы;
      2) пайда алушымен және тәуелсіз сарапшымен келісім бойынша бағалауды жүргізу орнын айқындау;
      3) бүлінген мүлікті тексеріп-қарау;
      4) тәуелсіз сарапшының бүлінген мүлікке бағалау жүргізуі;
      5) пайда алушыға танысу үшін бағалау жөніндегі есепті беру кезеңдерін қамтиды.
      Мүлкіне зиян келтiрiлген пайда алушы өзі немесе сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандырушыға бағалау ұйымдастыруға өтініш берген күннен бастап жеті жұмыс күнi iшiнде көлік оқиғасынан кейін қандай жағдайда болса, сол жағдайда осы мүлікті сақтауға және сақтандырушының бүлінген мүлікті тексеріп-қарауына, сондай-ақ тәуелсіз сарапшының келтірілген зиянға бағалау жүргізуіне мүмкiндiк жасауға мiндеттi.
      Өзгеше дәлелдеуге құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері үшін бағалаудың нәтижелері міндетті болып табылмайды.
      Сақтандырушы пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемінен бағалау жүргізуге жұмсалған өз шығыстарын ұстап қалуға құқылы емес.
      8. Егер сақтандырушы келтірілген зиянды тәуелсіз сарапшының бағалауын осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзімде ұйымдастырмаса, онда сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметтерді дербес пайдалануына және мүлікті қалпына келтіруді (кәдеге жаратуды) бастауына болады. Сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметке жұмсаған шығындарын сақтандыру төлеміне қарамастан өтеуге тиіс.
      9. Сақтандыру жағдайын қасақана жасау, сондай-ақ сақтандыру төлемiн заңсыз алуға бағытталған өзге де алаяқтық iс-әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

       22-1-бап. Өміріне, денсаулығына зиян келтірілген
                  жәбірленушілер болмаған жағдайда көлік
                  оқиғасы басталған кездегі тұлғалардың
                  іс-әрекеттері

      Көлік оқиғасы жасалған кезде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда, оның қатысушылары мүмкіндік болған кезде орын алған көлік оқиғасы туралы сақтандырушыларды хабардар етуге тиіс.
      Сақтандырушылар өз өкілдерін көлік оқиғасы болған орынға жіберуге құқылы.
      Көлік оқиғасына қатысушылар болған мән-жайды бағалауға және болжамды мөлшері елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне өзара келісе отырып, оқиғаның схемасын өз бетінше жасауға және оған қол қойып, оны ресімдеу үшін жақын постқа немесе ішкі істер органдарының бөлімшелеріне баруға құқылы.
      Көлік оқиғасының схемасын жасау тәртібі мен үлгі нысандары уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      Ескерту. 22-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      23-бап. Келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындаудың
               ерекше шарттары

      Ескерту. 23-бап алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      24-бап. Сақтандыру төлемiнің мөлшерiн айқындау

      1. Бiр сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша сақтандырушы жауапкершілігiнiң шектi көлемi мынаны құрайды (айлық есептiк көрсеткiшпен):
      1) әрбiр жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн және ол мыналарға әкеп соқса:
      қайтыс болуына - 1000,
      мүгедектiктiң:
      I тобы белгiленуiне - 800,
      II тобы белгiленуiне - 600,
      III тобы белгiленуiне - 500,
      "мүгедек балаға" - 500;
      мертiгуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектiк белгіленбеген өзге де бұзылуына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 300-ден көп емес. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерi стационарлық емделудiң әрбiр күнi үшiн кемiнде 10 айлық есептiк көрсеткiштi құрауы тиiс;
      2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден көп емес;
      3) бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері барлық жәбiрленушiге 2000-нан аспауға тиіс. Зиян мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асқан жағдайда сақтандыру төлемі әрбір жәбірленушіге оның мүлкіне келтірілген зиянға мөлшерлес дәрежеде жүзеге асырылады.
      2. Қаза болуына немесе мүгедектiк белгiленуiне әкеп соққан, жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi осы баптың 1-тармағында белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiнiң мөлшерiнде жүзеге асырылады.
      3. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн есептеу үшiн Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес белгiленген сақтандыру төлемi жүзеге асырылған күнгi айлық есептiк көрсеткiш пайдаланылады.
      4. Сақтанушының (сақтандырылушының) шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстары, eгep мұндай шығыстар қажеттi болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жұмсалса, егер тиiстi шаралар тiптi сәтсiз болса да, сақтандырушының өтеуiне жатады.
      Мұндай шығыстар нақты мөлшерiнде өтеледi, бұл ретте сақтандыру төлемiнiң және шығыстар өтемақысының жалпы сомасы көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасынан аспауға тиiс. Егер шығыстар сақтанушының сақтандырушы нұсқауларын орындауы нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз, толық мөлшерiнде өтеледi.
      Аталған шығыстарды сақтандырушы тiкелей шығыстарды шеккен адамға өтейдi.
      5. Сақтандыру сомасы келтiрiлген зиянды толығымен өтеу үшiн жетпеген кезде сақтанушы жәбiрленушiге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшерi арасындағы айырманы өтейдi.
      6. Жәбiрленушi қайтыс болған жағдайда сақтандырушы жәбiрленушiнi жерлеген адамға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеу шығыстарын өтейдi.
      Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      25-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      25-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы
               шарттары

      1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты жерін, байланыс телефондарын, банктік деректемелерін (қажет болғанда), сақтандыру төлемін қолма-қол ақшамен не банктік шотқа аударым жасау арқылы сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті құжаттарды қоса тіркей отырып, алу тәртібін көрсетіп, жазбаша нысанда қояды.
      2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғаның сақтандыру полисi (оның телнұсқасы), ол болмаған жағдайда сақтандыру полисінің көшірмесі не бар болған кезде көрсетілген сақтандыру полисі бойынша (сақтандырушының атауы, сақтандыру полисінің нөмірі, берілген күні) немесе сақтанушы туралы (сақтанушының тегі, аты, болған жағдайда - әкесінің аты, көлік құралын тіркеудің мемлекеттік нөмірі) мәліметтердің бірі;
      2) сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжат;
      3) жәбірленушінің өміріне, денсаулығына зиян келтіру фактісі болған жағдайда жәбiрленушiнiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiнiң мерзiмi туралы денсаулық сақтау ұйымдары анықтамасының немесе мүгедектiк белгiленген жағдайда мамандандырылған мекемелердiң жәбiрленушiге мүгедектiк белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
      4) жәбiрленушiнiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесi;
      4-1) пайда алушының зиянды өтеттіру құқығын растайтын құжат (көшiрмесi);
      4-2) осы Заңның 22-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда, бағалауды ұйымдастыруға арналған өтініш;
      5) осы Заңның 22-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау жөнiнде тәуелсiз сарапшы жасаған құжаттар;
      6) пайда алушының жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi (жеке тұлға үшiн) немесе заңды тұлғаның өкiлiне берiлген сенiмхаттың түпнұсқасы;
      7) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (сақтандырылушының) шығынды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын растайтын құжаттар, олар болған кезде;
      8) сақтанушының (сақтандырылушының) немесе көлiк құралын жүргiзушi адамның жүргiзушi куәлiгiнiң көшiрмесi және оның осы көлiк құралын жүргiзуге құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi, соның ішінде көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
      Сақтандырушының сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) не жәбiрленушiден басқа қосымша құжаттарды талап етуiне жол берiлмейдi.
      3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш беруші ұсынған құжаттардың толық тізбесін және олар қабылданған күнді көрсете отырып, екі данада анықтама жасауға міндетті.
      Анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, екінші данасы өтініш берушінің оны алғандығы туралы белгі соғылып, сақтандырушыда қалады.
      4. Жәбiрленушi (ол қайтыс болған жағдайда - жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтеттiруге құқылы адам), сондай-ақ сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбiрленушiге (зиянды өтеттiруге құқылы адамға) келтiрiлген зиянды осы Заңда белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң көлемi шегiнде өтеушi және сақтандыру төлемiне құқық алған өзге де тұлға пайда алушы болып табылады.
      Мүлікке зиян келтірілген жағдайда осы мүліктің меншік иесі, ал ол қайтыс болған жағдайда зиянды өтеттіруге құқығы бар адамдар жәбірленуші болып танылады.
      5. Жәбiрленушiнiң жазбаша ресiмделген өтiнiшi немесе нотариат куәландырған сенiмхаты бойынша сақтандыру төлемi тiкелей оның денсаулығын және (немесе) мүлкiн қалпына келтiру жөнiнде қызмет көрсеткен (көрсетушi) тұлғаға жүзеге асырылуы мүмкiн.
      6. Жәбiрленушiнiң өмiрiне және денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi оған (зиянды өтеттiруге құқылы адамдарға) басқа сақтандыру шарттары бойынша тиесiлі сомаға қатыссыз жүзеге асырылады.
      7. Сақтандыру төлемi жүзеге асырылған кезде сақтандырушының пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттар қабылдауын талап етуге құқығы жоқ.
      8. Сақтандырушы осы мүлiктiң сақтандыру жағдайы басталған күнгi нарықтық құны мөлшерiндегi сақтандыру төлемiн жүзеге асырған жағдайда, оның мүлiктi және мүлiктiң қалдықтарын алуға құқығы бар.
      Ескерту. 25-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      26-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру тәртiбi

      1. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы Заңның 25-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде төлейдi.
      2. Алынып тасталды - 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      2-1. Бірнеше жәбірленушінің мүлкіне зиян келтірілген жағдайда, сақтандырушы барлық жәбірленушілердің құжаттарын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, бірақ басқа сақтандырылғандардың құжаттарды беруіне қарамастан, сақтандырушыға бірінші болып құжаттарын берген жәбірленушіден құжаттар алған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей сақтандыру төлемін бастауға міндетті.
      3. Егер сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соққан оқиғаның нәтижесiнде жәбiрленушiнiң денсаулығы нашарлап кетсе (мүгедектiк не мүгедектiктiң неғұрлым жоғары тобы белгiленсе) не қайтыс болса, онда сақтандырушы жәбiрленушіден (пайда алушыдан) келiп түскен өтiнiштiң және тиiстi құжаттардың негiзiнде, сақтандыру төлемiнiң сомасына осы Заңда белгiленген тәртiппен және мөлшерде қайта есептеу жүргiзуге мiндеттi.
      Бұл ретте сақтандыру төлемiнiң сомасын қайта есептеу кезiнде бұрын төленген сомалар есепке алынады.
      4. Сақтандыру төлемi уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 353-бабында белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
      Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      26-1-бап. Тікелей реттеу

      1. Сақтандыру жағдайы басталған кезде жәбірленуші немесе жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқылы тұлға, сақтандыру жағдайына кінәлі тұлғада сақтандыру полисі болған кезде жәбірленуші көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыға сақтандыру төлемін алу үшін өтініші жасауға құқылы.
      Зиян келтірілген мүліктің меншік иесі болып табылмайтын жәбірленуші осы Заңда көзделген тәртіппен өз кінәсінен сақтандыру жағдайы туындаған адамның сақтандырушысына жүгінеді.
      2. Сақтандырушы осы Заңның 25-бабы 2-тармағының 1) - 6) тармақшаларында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін жүргізеді.
      3. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушы өз шығыстарын өтету үшін сақтандыру жағдайына кінәлі тұлғаның сақтандырушысына өтініш жасайды.
      4. Тікелей реттеуді жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      Ескерту. 26-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      27-бап. Бiрнеше тұлға зиян келтiрген кездегi сақтандыру
               төлемi

      Тұлғаға иелерiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары бар бiрнеше көлiк құралдары зиян келтiрген кезде пайда алушы сақтандыру төлемiн олардың әрқайсысынан жеке-жеке алуға құқылы. Әрбiр сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы Заңда белгiленген жауапкершiлiк көлемi шегiнде және сақтанушы жауапкершілiгiне тең мөлшерде жүзеге асырады. Бұл ретте барлық сақтандырушылар жасаған сақтандыру төлемiнiң жалпы сомасы жәбiрленушiге келтiрiлген нақты зиян мөлшерiнен және әрбiр сақтандырушы үшiн көзделген жауапкершілiктiң шектi көлемiнен аспауға тиiс.

      28-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы

      1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылушыға) төленген сома шегiнде мынадай жағдайларда, егер:
      1) сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi оның, қажеттi қорғану және аса қажеттiлiк жағдайында жасалған iс-әрекеттерiн қоспағанда, сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септiгiн тигiзетiн қасақана iс-әрекеттерi салдарынан басталса;
      2) сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi оның көлiк құралын алкогольге, есiрткiге немесе уытқұмарлыққа мас болып жүргiзуi салдарынан басталса;
      3) көлiк құралын жүргiзушi адамның көлік оқиғасы жасалған кезде оны жүргізуге құқығы болмаса;
      4) соттың iстi талқылауы барысында сақтандыру жағдайы көлiк құралының техникалық ақауы салдарынан болғаны, олар туралы сақтанушының (сақтандырылушының) бiлгенi немесе бiлуге тиiстi екенi анықталса;
      5) көлiк құралы оның техникалық сипатына сай емес мақсаттарға пайдаланылса;
      6) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды азайту жөнiндегi шараларды қасақана қолданбаса;
      7) көлiк құралын жүргiзушi адам көлiк оқиғасы болған жерден қашып кетсе;
      8) көлік құралын жүргізген және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландыруға жіберілген тұлға дәлелсіз себептермен мұндай куәландырудан өтпесе, кері талап қоюға құқылы.
      2. Егер осы баптың 1-тармағында тiзiп көрсетiлген жағдайларда келтiрiлген зиянға көлiк құралын оның иесiмен еңбек қатынасына орай немесе мәмiленің жазбаша нысанын ресiмдемей оның иесiнiң қатысуымен пайдаланған тұлға кiнәлi болып табылса, онда сақтандырушының осы көлiк құралының иесiне керi талап қоюға құқығы бар.
      3. Сақтанушының (сақтандырылушының) сақтандырушы сақтандыру нәтижесiнде өтеген шығындар үшiн жауапты адамға керi талап қою құқығы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға ол төлеген сома шегінде ауысады. Бұл ретте, егер сақтандыру жағдайы автомобиль жолдарының және олардың бойындағы ғимараттардың қанағаттанғысыз күтiмiнен туындаған жол жағдайы себептерiнен болғаны анықталса, көлiк құралы иесiнің осындай жағдайлар жасауға кiнәлi тұлғаға талап қою құқығы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға ауысады.
      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      29-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге
               асырудан босату негіздерi

      1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
      1) қажеттi қорғану және аса қажеттілiк жағдайда жасалған iс-әрекеттердi қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септiгiн тигiзетiн қасақана iс-әрекеттерi;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған iс-әрекеттерi салдарынан болса, сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.
      2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн сондай-ақ:
      1) пайда алушының шығынның тиiстi өтемiн шығын келтiруге кiнәлi тұлғадан алуы;
      2) Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      3) сақтанушының (сақтандырылушының) көлiк құралын жарыстарда, сынақтарда немесе жүргiзудi үйретуге арнайы лайықталған орындарда оқыту кезiнде пайдалануы;
      4) көлiк құралын тиеу немесе түсiру кезiнде зиян келтiру;
      5) жәбiрленушiнiң мүлкiне ақша, бағалы қағаздар, алтын, күмiстен жасалған бұйымдар, құнды заттар, әсемдiк бұйымдар, өнер туындылары немесе басқа да құндылықтар түрiнде зиян келтiру;
      6) жәбiрленушiнiң осы Заңның 22-бабы 7-тармағы үшінші бөлігінің талаптарын бұзуы негiз болуы мүмкiн.
      3. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту үшiн негiздер бар кезде сақтандырушы өтінішті және осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бас тарту себептерiнiң дәлелдi негiздемесi келтiрiлген сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жазбаша нысанда жiберуге мiндеттi.
      4. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      5. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
      1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивтiк улану әсерiнiң;
      2) соғыс қимылдарының;
      3) азамат соғысының, түрлi сипаттағы халық толқуларының, жаппай тәртiпсiздiктердiң немесе ереуiлдердiң салдарынан басталса, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады.
      5-1. Сақтандыру төлемі сақтандыру полисінде көрсетілген зақымдалған көлік құралы үшін төленбейді.
      6. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ.
      Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      30-бап. Дауларды қараудың тәртібі

      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Pecпубликасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.

      30-1-бап. Сақтандыру омбудсманы, оның мәртебесі
                 және оны сайлау

      1. Мынадай:
      1) сақтандырушылар арасында көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша туындайтын;
      2) сақтанушы (пайда алушы) мен сақтандырушы арасында көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын өзара қарым-қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға сақтандыру омбудсманы болып табылады.
      2. Сақтандыру омбудсманын сайлауды өкілдер кеңесі жүзеге асырады.
      Өкілдер кеңесі:
      1) әрбір сақтандырушының;
      2) уәкілетті органның бір-бір өкілінен құрылады.
      2-1. Өкілдер кеңесінің құзыреті:
      1) сақтандыру омбудсманының құрылымын және штатын (офисін) бекітеді;
      2) сақтандыру омбудсманының қызметін қаржыландыру тәртібі;
      3) осы Заңға сәйкес сақтандыру омбудсманының қызметін жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер.
      3. Уәкілетті орган сақтандыру омбудсманы лауазымына сайлау үшін кандидатураны ұсынады. Сақтандыру омбудсманы өкілдер кеңесінің көпшілік даусымен сайланады. Өкілдер кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда, уәкілетті орган өкілінің даусы шешуші болып табылады.
      4. Сақтандыру омбудсманы екі жыл мерзімге сайланады.
      Өкілдер кеңесі сақтандыру омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
      Сақтандыру омбудсманының өкілеттігін өзінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтату өкілдер кеңесіне жазбаша хабарлау негізінде жүзеге асырылады.
      Сақтандыру омбудсманының өкілеттігі аталған хабарламаны өкілдер кеңесі алған кезден бастап тоқтатылады.
      Ескерту. 30-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      30-2-бап. Сақтандыру омбудсманына қойылатын талаптар

      1. Сақтандыру омбудсманы болып сайлану үшін:
      1) жоғары білімі жоқ;
      2) сақтандыру саласындағы жұмыс өтілі үш жылдан кем;
      3) өтелмеген не заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар;
      4) бұрын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, сақтандыру ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ сақтандыру ұйымын немесе басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе оларды банкрот деп тану туралы шешімдер қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру ұйымының немесе басқа да заңды тұлғаның басшы қызметкері болған тұлға ұсынылмайды.
      2. Сақтандыру омбудсманының сақтандыру ұйымдарындағы кез келген лауазымды қызметті атқаруға және (немесе) сақтандыру ұйымдарының аффилиирленген тұлғасы болуға құқығы жоқ.
      3. Сақтандыру омбудсманының осы бапта көзделген талаптарға сай келмейтіні белгілі болған жағдайда, өкілдер кеңесі сақтандыру омбудсманын қайта сайлауға құқылы.
      Ескерту. 30-2-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      30-3-бап. Сақтандыру омбудсманының шешім
                 қабылдау тәртібі

      1. Сақтандыру омбудсманы шешімді жеке-дара қабылдайды, ол дауға қатысатын тараптардың назарына жазбаша нысанда жеткізіледі.
      Сақтандыру омбудсманы шешімдер қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
      2. Сақтандыру омбудсманының шешімін сақтандырушы орындауға тиіс.
      3. Сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімін ол
белгілеген мерзімде орындамаған жағдайда, сақтандыру омбудсманы бұл
туралы кідіріссіз, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері талаптарының бұзылу фактісін растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
      4. Сақтандыру омбудсманының сақтандырушылар арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы шешімі міндетті болып табылады.
      5. Сақтандыру омбудсманының сақтанушы (пайда алушы) мен сақтандырушы арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы шешімі сақтанушы (пайда алушы) оны қабылдаған жағдайда сақтандырушы үшін міндетті болады.
      Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құқығын қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы. Бұл ретте сақтанушы (пайда алушы) үшін сақтандыру омбудсманының шешімін орындау міндетті болып табылмайды.
      Ескерту. 30-3-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      30-4-бап. Сақтандыру омбудсманының қызметі

      1. Сақтандыру омбудсманының қызметі, оның ішінде дауды шешу және шешімдерді қабылдау бойынша өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органмен келісілген және өкілдер кеңесі бекіткен ішкі ережелердің негізінде жүзеге асырылады.
      2. Жүктелген функцияларды тиісінше атқару мақсатында сақтандыру омбудсманының қызметі сақтандырушылардың жарналары есебінен қаржыландырылады. Сақтандыру омбудсманы өкілдер кеңесімен келісім  бойынша құрылымы мен штатын (сақтандыру омбудсманының офисін) құруға құқылы.
      3. Сақтандыру омбудсманы дауды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялықты сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге міндетті.
      Сақтандыру омбудсманы өз функцияларын жүзеге асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      4. Осы Заңның 30-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда өзара қарым-қатынастарды реттеуді сақтандыру омбудсманы тегін жүзеге асырады.
      5. Сақтандыру омбудсманы осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, өкілдер кеңесі оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады.
      Ескерту. 30-4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      31-бап. Қазақстан Республикасының көлік құралдары
               иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру
               туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының көлiк құралдары иелерінің жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы заңдарын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

      32-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін
               міндетті сақтандырудың халықаралық жүйелері

      Трансшекаралық қозғалысқа қатысатын көлік құралдары иелері үшінші тұлғаларға келтірген зиянды өтеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы көлік құралдары иелерінің жүріп-тұру режимін жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың халықаралық жүйелерінде Қазақстан Республикасының қатысуына жол беріледі.
      Ескерту. Заң 32-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті