Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Заңға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) алып тасталды - ҚР 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      2) "бонус-малус" жүйесі – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеген кезде осы жүйе бойынша тиісті сыныпты бере отырып, сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай оған арттыратын немесе төмендететін коэффициенттерді қолдану арқылы пайдаланылатын жеңілдіктер мен үстемеақылар жүйесі;

      3) жәбiрленушi – көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген, оны өтеу жөнiндегi мiндет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлiк құралының иесi ретiнде сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелген тұлға;

      4) жолаушы – тасымалдаушымен ауызша немесе жазбаша нысанда тасымалдау шартын жасасқан жеке тұлға;

      5) кешендi шарт – сақтандыру полисiнде көрсетiлген екі және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғамен жасалатын және бiр ғана сақтандырылушы жеке тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты;

      6) көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi – жеке және заңды тұлғалардың жоғары қауiптiлiк көзi ретiндегi көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өтеу мiндетi;

      7) көлік құралын пайдалану – көлік құралдарын жолмен жүру, сондай-ақ жайластырылып немесе ыңғайластырылып оларға іргелес салынған және көлiк құралдарының қозғалысына пайдаланылатын аумақтарда жүру үшiн пайдалану;

      8) көлiк құралының иесi – көлiк құралын меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен не кез келген басқа да заңды негiзде (мүлiктiк жалдау шартымен, құзыреттi органның көлiк құралын беру туралы өкiмiне орай және басқаша) иеленетiн жеке немесе заңды тұлға;

      9) көлiк оқиғасы – көлiк құралын пайдалану процесiнде және оның қатысуынан туындаған оқиға, сондай-ақ көлiк құралынан ажырап кеткен бөлшектер мен ондағы жүктiң қозғалысы нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиян;

      10) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;

      11) сақтандыру жағдайы – басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;

      11-1) сақтандыру омбудсманы – "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;

      12) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;

      13) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушы сақтандырушыға соңғысы сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;

      14) сақтандыру төлемi – сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;

      15) сақтандырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегiнде сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға;

      16) сақтандырылушы – өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;

      17) сақтанушы – сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылушы болып табылады;

      18) стандартты шарт – сақтандыру полисiнде көрсетiлген көлiк құралының иесi болып табылатын жеке немесе заңды тұлғамен жасалатын және бiр немесе бiрнеше сақтандырылушы тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты;

      19) тiкелей реттеу – көлiк оқиғасында жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды жәбiрленушiмен көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы осы Заңда көзделген жауапкершілік көлемі шегінде өтеуді жүзеге асыратын сақтандыру жағдайын реттеу тетiгi.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының көлiк құралдары иелерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандырудың объектiсi

      Сақтандырылушы тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген, жоғары қауiптілік көзi ретiндегi көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру (бұдан әрi - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру) объектiсi болып табылады.

4-бап. Көлiк құралдары иелерінiң жауапкершiлігін міндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi

      1. Көлiк құралдарын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген үшiншi тұлғалардың мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады.

      2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi:

      жәбiрленушiлердiң мүлiктiк мүдделерiн осы Заңда белгiленген көлемде және тәртiппен қорғауды қамтамасыз ету;

      көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын көлiк құралының иесi жасасқан кезде көлік құралын пайдалану;

      тараптардың көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету;

      көлiк құралдары иелерінiң жол жүрiсi қауiпсіздiгiн арттырудағы экономикалық мүдделілігi болып табылады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар

      1. Мынадай көлік құралдары:

      1) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнде тiркелген (мемлекеттiк тiркеуге жататын) жеңiл, жүк автомобильдері, автобустар, шағын автобустар және олардың негiзiнде жасалған көлiк құралдары, мотокөлiк пен олардың тiркемелерi (жартылай тiркемелерi), сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустар;

      2) Қазақстан Республикасының аумағына уақытша енген (әкелiнген) көлік құралы;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген, жасаушы ұйымдардан, жөндеу және сауда ұйымдарынан, кедендік бақылау органдарынан тіркеу орнына өз бетінше жүргізіліп әкелінетін, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшесі көлік иесінің тұрғылықты жерінің өзгеруіне немесе меншік құқығының өзгеруіне байланысты тіркеуден шығарған көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады.

      2. Көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi өзi пайдаланатын көлiк құралының әр бiрлiгi бойынша сақтандырылуға жатады.

      Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру шартын жасасу көлiк құралының иесiн көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттен босатпайды.

      3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты, басқа мемлекетте тiркелген, иесi осы мемлекет пен Қазақстан Республикасының арасында жасалған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасында танылатын көлiк құралдары иелерi жауапкершiлiгінiң сақтандыру шартын жасаған көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына енген жағдайда жасалмайды.

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнде мемлекеттiк тiркеуге және есепке алуға жатпайтын (трамвайлар мен троллейбустарды қоспағанда) көлiк құралдарының иелерi көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспайды.

      5. Өзiнiң қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiн атқаруына орай, оның iшiнде көлiк құралының иесiмен еңбек немесе өзге де шарт жасасу негiзiнде не мәмiленiң жазбаша нысанын ресiмдемей, көлiк құралы иесiнiң ерiк бiлдiруi негiзiнде оның қатысуымен көлiк құралын жүргiзушi адамның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатпайды.

      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

6-бап. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау

      1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттiк қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері көлік құралдарын тіркеу және жол жүрісі қағидаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын бақылау саласындағы өзінің өзге де өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетін орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

      3. Көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын мемлекеттік бақылауды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 06.01.2010 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.24 № 399-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаспай көлік құралын пайдалануға жол бермеу

      1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты жасалмаған жағдайда, көлік құралын пайдалануға жол берілмейді.

      2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері және көліктік бақылау органдары құжаттарды тексеру кезінде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді көлiк құралдары иелерiнiң орындауын тексеруге мiндеттi.

      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алғанға дейін "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасуға міндетті.

      2. Бәсекелестiктi шектеуге немесе болғызбауға, бiр сақтандырушылардың екінші сақтандырушыларға көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша негiзсiз артықшылықтарды беруіне немесе алуына, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтіруге бағытталған қызметке жол берілмейді.

      3. Көлiк құралдарының иелерi басқа мемлекеттердің сақтандырушыларымен көлік құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн сақтандыру шарттарын, оның ішінде электрондық нысанда жасасуға құқылы, бұл жағдайда осы сақтандыру көлiк құралдарының иелерiн Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде ғана сақтандыру арқылы қорғауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-1-бап. Деректер базасы

      Ескерту. 8-1-бап алып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-2-бап. Деректер базасын қалыптастыру үшін ұсынылатын ақпарат берілетін ақпарат және оны табыс ету мерзімі

      Ескерту. 8-2-бап алып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-3-бап. Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттың міндетті талаптары

      Ескерту. 8-3-бап алып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап. Ақпараттық өзара iс-қимыл

      1. Iшкi iстер органдары көлiк оқиғасына қатысушыларға не олардың өкiлдерiне, сондай-ақ сұрау салуы бойынша сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру омбудсманына сақтандыру жағдайының, сондай-ақ көлiк оқиғасы орнынан жасырынған адам жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрген жағдайдың басталу фактiсiн растайтын құжаттардың бiр-бiр данасын, оның iшiнде жол оқиғасының схемасымен қоса, жол жүрiсi қағидаларының бұзылуы туралы хаттаманың көшiрмесiн бередi.

      2. Көлiк оқиғасы және оның салдары туралы ақпарат қолында бар ішкi iстер органдары, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтандыру омбудсманына және Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына олар өтініш жасаған кезде беруге мiндеттi.

      3. Сақтанушының (сақтандырылушының), жәбiрленушiнің немесе олардың мұрагерлерiнің көлік оқиғасының басталғаны туралы хабарлауға мүмкiндiгi болмаған кезде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерi тиiстi сақтандырушыға осы көлiк оқиғасы туралы хабар беруді жүзеге асырады.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті
сақтандыру шарты

10-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбі

      1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарт негiзiнде жүзеге асырылады.

      2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында мүлiктің тауарлық құнының жоғалтылуын, сондай-ақ жәбiрленушiнің тауарларды жеткiзудiң немесе жұмыстарды жүргiзудiң (қызметтер көрсетудiң) мерзiмдерiн, оның келiсiм-шарттар (шарттар) бойынша өзге де мiндеттемелердi бұзуына байланысты тұрақсыздық айыбын өтеудi қоса алғанда, жәбiрленушінің моральдық зиянын және ала алмаған пайдасын өтеудi есептемегенде, жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi.

      3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi (сыныбы) бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс.

      Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi.

      Сақтандырушының сақтанушыға көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқығы жоқ.

      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға міндеттенедi.

      4. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттары мынадай түрлерге бөлiнедi:

      1) стандартты;

      2) кешендi.

      5. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисiн электрондық нысанда ресімдеуi арқылы жасалады.

      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн сақтандыру сыйлықақысын есептеу және сақтанушыны, сақтандырылушыны сәйкестендіру үшін қажетті деректерді қамтитын сақтанушының өтініші негiз болып табылады.

      5-1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау не сақтанушы мен сақтандырушы арасында сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып электрондық нысанда ақпарат алмасу арқылы жасалуы мүмкін.

      6. Сақтандыру полисiнде, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 826-бабында тiзiп көрсетiлген талаптардан басқа, сақтандырушының бiр сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiнiң мөлшерi және шарттың түрi көрсетiлуге тиiс.

      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен ресiмделуі жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленедi.

      6-1. Сақтандыру полисіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      7. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8. Егер сақтандырушы көлiк құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбiрленушiнiң жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасасса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) және жәбiрленушiнiң алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттемелер атқарады.

      9. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді жеке тұлға біржолғы төлеммен жүргізеді.

      10. Міндетті техникалық қарап-тексеру өткізілетін жерлерде және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшесінде көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу аталған жерлерде қаржылық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын, сақтандыру компанияларының агенттік көрсетілетін қызметтерін ұсынатын ұйыммен ғана жүзеге асырылады.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.24 № 399-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Стандартты шарт

      1. Стандартты шарт бойынша бiр немесе бiрнеше көлiк иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгi сақтандырылуы мүмкiн.

      2. Стандартты шарт пайдаланылатын көлiк құралының әрбір бiрлiгiне жасалады.

      3. Сақтандыру полисiнде сақтанушы (сақтандырылушы, сақтандырылушылар) және пайдаланылатын көлiк құралы туралы мәлiметтер болуға тиiс.

      4. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      5. Стандартты шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан не:

      1) көлiк құралын оны жүргiзуге құқылы адам сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен жүргiзген;

      2) адам көлiк құралын сақтанушымен (сақтандырушымен) жазбаша нысанда ресiмделген еңбек шарты немесе өзге де шарт негiзiнде жүргiзген;

      3) көлiк құралын заңсыз иеленген адам, егер келтiрiлген зиян үшiн жауапкершілік сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелсе, көлiк құралын жүргiзген жағдайда туындаса, сақтандырылған деп есептелiнедi.

      6. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Кешендi шарт

      1. Кешендi шарт бойынша екi және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтандырылуы мүмкiн.

      2. Кешендi шарт барлық пайдаланылатын көлiк құралдарына жасалады.

      3. Сақтандыру полисiнде сақтанушы (сақтандырылушы) - жеке тұлға және ол пайдаланатын көлiк құралдары туралы мәлiметтер болуға тиiс.

      4. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      5. Кешендi шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан не:

      1) көлiк құралын оны жүргізуге құқылы адам сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен жүргiзген;

      2) көлiк құралын заңға қайшы иеленген адам, егер келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелсе, көлiк құралын жүргiзген жағдайда туындаса, сақтандырылған деп есептелiнедi.

      6. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-1-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар

      1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушының интернет-ресурсы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін пайдаланылады.

      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.

      Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

      2. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасындағы электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтандырушы:

      1) сақтанушыға көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жөнелтуді;

      2) сақтанушының көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін;

      3) сақтанушы үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық нысанда сақтауды;

      4) сақтанушыға (сақтандырылушы, пайда алушыға):

      мәліметтерді өзгерту, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын қайта ресімдеу;

      көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;

      сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету;

      келтірілген зиян мөлшерін бағалауды жүргізу;

      сақтандыру төлемін алу үшін қажетті ақпаратты (өтініштерді, хабарламаларды және (немесе) өзге де құжаттарды, мәліметтерді) электрондық нысанда жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.

      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу туралы хабарламаның тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.

      4. Егер көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде, осы сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтанушымен сақтандырушы ұсынған талаптарда жасалды деп есептеледі.

      5. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптарда осы қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.

      6. Сақтандырушы көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.

      7. Сақтандыру агенттерінің сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы ақпараттық іс-қимыл арқылы электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасасуға арналған сақтандыру ұйымдарының ақпараттық жүйелерін пайдаланып көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.

      Ескерту. 3-тарау 12-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершiлігiн мiндетті сақтандыру шартының қолданылуы

      1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес жәбiрленушi деп танылған, оның iшiнде зиян келтiруге кiнәлi болып табылған сақтанушының (сақтандырылушының) көлiк құралында болған барлық адамдарға қатысты қолданылады, оған мыналар:

      1) осы көлiк құралын сақтанушымен (сақтандырылушымен) қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiн атқаруға орай, оның iшiнде көлiк құралының иесiмен еңбек немесе өзге де шарт негiзiнде не сақтанушының (сақтандырылушының) ерiк бiлдiруi негiзiнде, мәмiленiң жазбаша нысанын ресiмдемей, оның қатысуымен жүргiзген адам;

      2) егер сақтанушы (сақтандырылушы) тасымалдаушы болып табылса, оған Қазақстан Республикасы заң актісінің тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыруды регламенттейтiн талабы қолданылса, жолаушылар;

      3) егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен сақтанушыға (сақтандырылушыға) жұмыс берушi ретiнде қызметкердiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауы кезiнде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру міндетi жүктелсе, сақтанушының (сақтандырылушының) қызметкерлерi кiрмейдi.

      2. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында белгiленген күннен бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.

      3. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты күшіне енген күнінен бастап он екi ай мерзiмге жасасылады.

      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты жеке немесе заңды тұлғада көлiк құралын иелену құқығы пайда болған кезден бастап, бiрақ осы көлiк құралы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнде мемлекеттiк тiркелген (қайта тiркелген) кезден бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасасылуға тиiс.

      4. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын осы баптың 3-тармағында көзделгеннен өзгеше мерзімге:

      1) көлік құралын маусымдық, бірақ кемінде алты ай пайдаланған кезде;

      2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің мәжбүрлеп таратылатын қатысушысы-сақтандыру ұйымының кредиторларымен (сақтанушыларымен);

      3) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, көлік құралының мемлекеттік тіркелуінің алдындағы мерзімге, бірақ кемінде күнтізбелік бес күнге;

      4) көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген жағдайда уақытша кірген бүкiл кезеңге, бiрақ кемінде күнтiзбелiк бес күнге жасасуға жол беріледі.

      5. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      6. Егер Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Көлік құралдары иелері жауапкершілігінің міндетті сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату

      1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндетті сақтандыру шарты:

      1) шарттың қолданылу мерзiмi бiткен;

      2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайларда тоқтатылды деп есептеледі.

      3) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандыру төлемі жүзеге асырылған кезде өз қолданысын тоқтатпайды.

      Сақтандыру төлемі жүзеге асырылған кезде, сақтандырушы бұл туралы бір жұмыс күні ішінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға хабарлайды.

      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату

      1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

      2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату үшін сақтанушы (сақтанушы қайтыс болған жағдайда – оның мұрагері (мұрагерлері) сақтандырушыға жазбаша өтініш береді.

      3. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату және осы сақтандырушымен жаңадан көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушының мына формула бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақысының бөлігін ұстап қалуға құқығы бар:

      ССБ = СС*n / N, мұнда:

      ССБ - сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);

      СС - көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);

      n - көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап өтініш берілген күнді қоса алғанда, оны мерзімінен бұрын тоқтатқан кезге дейінгі мерзім (күнмен);

      N - көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының жасалған мерзімі (күнмен).

      4. Осы баптың 3-тармағында көзделген талаптар сақталмаған кезде, сақтандырушының көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін мынадай мөлшерде ұстап қалуға құқығы бар:

Рет №

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап оны мерзімінен бұрын тоқтатқан кезге дейін өткен мерзім

Сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (жылдық сақтандыру сыйлықақысынан процент есебімен)

1

2

3

1

15 күнге дейін, қоса алғанда

15

2

16 күннен 1 айға дейін, қоса алғанда

20

3

1 айдан 2 айға дейін, қоса алғанда

30

4

2 айдан 3 айға дейін, қоса алғанда

40

5

3 айдан 4 айға дейін, қоса алғанда

50

6

4 айдан 5 айға дейін, қоса алғанда

60

7

5 айдан 6 айға дейін, қоса алғанда

70

8

6 айдан 7 айға дейін, қоса алғанда

75

9

7 айдан 8 айға дейін, қоса алғанда

80

10

8 айдан 9 айға дейін, қоса алғанда

85

11

9 айдан 10 айға дейін, қоса алғанда

90

12

10 айдан 11 айға дейін, қоса алғанда

95

13

11 айдан жоғары

100

      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері

      1. Сақтанушы:

      1) сақтандырушыдан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптарын, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;

      1-1) сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды (бұдан әрі - дерекқор) қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан міндетіне сақтанушы жөніндегі мәліметтерді деректер базасына енгізу кіретін сақтандырушының сақтанушымен жасасқан көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты туралы мәліметтердің деректер базасында бар екендігі туралы ақпаратты сұратуға құқылы. Осы құқық сақтандырылған адамға да қолданылады;

      2) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      3) алып тасталды - ҚР 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      4) сақтандырушы жүргiзген, келтiрiлген зиян мөлшерлерiн айқындаудың және сақтандырушы жүзеге асырған сақтандыру төлемiнің нәтижелерiмен танысуға;

      5) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға;

      5-1) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 29-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;

      6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;

      7) сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген жағдайларда алуға құқылы.

      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.

      2. Сақтанушы:

      1) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде сақтандырушыға өзі, сақтандыру полисіне енгізілген әрбір сақтандырылушы, көлік құралы (көлік құралдары), қосарланған сақтандыру, көлік құралдарын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру және осы Заңда көзделген тәртіппен сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға берілген құқық туралы өтінішке енгізу үшін қажетті мәлiметтердi және өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын қажетті құжаттардың көшірмелерін ұсынуға;

      2) сақтандыру сыйлықақыларын көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге;

      3) көлік оқиғасының және сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап кiдiрiссiз, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қолдан келетiн тәсiлмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан caқтандырушыға хабарлауға мiндеттi. Ауызша нысандағы хабарлама кейiннен (жетпiс екi сағат iшiнде) жазбаша түрде расталуға тиiс. Сақтанушы мен сақтандырылушы бiр тұлға болып табылмайтын жағдайларда, көлік оқиғасының және сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлау жөнiндегi мiндет сақтандырылушыға жүктеледi. Егер сақтанушының (сақтандырылушының) дәлелдi себептермен аталған iс-әрекеттердi орындау мүмкiндiгi болмаса, ол мұны құжаттармен растауға тиiс;

      4) көлiк оқиғасын жасаған кезде жәбiрленушілерге және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерiне көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушының атауын және орналасқан жерiн хабарлауға;

      5) көлiк оқиғасы болған кезде ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшiн қалыптасқан мән-жайларға ақылға қонымды және қолдан келетiн шараларды, оның iшiнде зардап шеккен адамдардың мүлкiн құтқару және оларға көмек көрсету шараларын қолдануға;

      6) көлiк оқиғасы және зардап шеккен адамдар туралы тиiстi органдар мен ұйымдарға олардың құзыретiне қарай (жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiне, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметiне, авариялық қызметтерге) хабарлауға;

      6-1) көлік оқиғасы жасалған кезде кідіріссіз, бірақ уәкілетті лауазымды тұлғаның жазбаша жолдамасын алған кезден бастап екі сағаттан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуге;

      7) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлаған күннен бастап кідірiссiз, бiрақ екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей бұл туралы жәбiрленушiге хабарлауға;

      8) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттерi көзделуi мүмкiн.

      3. Сақтанушының осы баптың 2-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында аталған мiндеттерi көлiк оқиғасы болған кезде көлiк құралын тiкелей жүргiзген адамға жүктеледi.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

17-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi

      1. Сақтандырушы:

      1) көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мәлiметтерден басқа, осы Заңға сәйкес көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартына енгiзу үшiн қажетті мәлiметтердi, оның iшiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандырудың осының алдындағы шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдерi туралы ақпаратты беруiн талап етуге;

      2) тиiстi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретiне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжаттарды сұратуға;

      3) көлік оқиғасының себептерін және өзге де мән-жайларын анықтауға;

      4) Алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      5) осы Заңның 28-бабында көзделген жағдайларда, зиян келтiргенi үшiн жауапты тұлғаға, керi талап қоюға;

      6) осы Заңның 29-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан, сондай-ақ келтірілген зиянды өтеуден осы Заңның 26-1-бабында көзделген тәртіппен толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.

      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.

      2. Сақтандырушы:

      1) caқтанушыны (сақтандырылушыны) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптарымен, оның ішінде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын тараптардың құқықтарымен және мiндеттерiмен таныстыруға;

      2) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқаннан кейiн сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисiн ресімдеуге;

      3) Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      4) осы Заңның 20-бабы 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға сақтандыру сыйлықақыларын төлеу жөнiнде жеңiлдiк жасауға;

      5) көлiк оқиғасы туралы хабар алынған кезде оны кiдiрiссiз тiркеуге;

      5-1) жәбiрленушiнiң немесе жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқығы бар тұлғаның жазбаша өтiнiшiн алған күннен бастап бір жұмыс күнi iшiнде, сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде көлiк оқиғасына кiнәлi болып табылатын сақтанушының көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуы туралы мәліметтерді (сақтанушының тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), көлiк құралын мемлекеттік тiркеу нөмiрi, нөмiрi және жасалған күнi) жазбаша ұсынуға;

      6) осы Заңда белгіленген мерзімдерде және тәртіппен, сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындау туралы өтініші бойынша мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне есептеу жүргізуге және зиянның мөлшері туралы есепті пайда алушыға танысу үшін ұсынуға;

      6-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде, оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға;

      7) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемiн осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде жасауға;

      7-1) осы Заңның 26-1-бабында көзделген тәртіппен келтірілген зиянды өтеу туралы жазбаша талаппен өтініш жасалған кезде, осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде келтірілген зиянды өтеуге;

      7-2) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) өтініш алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (жәбірленушінің, пайда алушының) талабын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;

      7-3) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру омбудсманына қайта жіберуге;

      8) сақтанушыға (сақтандырылушыға) олардың сақтандыру жағдайы кезiнде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатымен жұмсаған шығыстарын өтеуге;

      9) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге мiндеттi.

      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттерi көзделуi мүмкiн.

      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-бап. Жәбiрленушiнің құқықтары

      1. Жәбiрленушi:

      1) болуы салдарынан сақтанушы (сақтандырылушы) өзiне зиян келтiрген көлiк оқиғасы туралы сақтандырушыға хабарлауға;

      2) сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшін қажеттi құжаттарды жинауға және оларды сақтандырушыға табыс етуге;

      3) алып тасталды - ҚР 10.01.2018 № 134-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      3-1) кез келген медициналық мекеменің қызметін пайдалануға;

      4) сақтандырушы жүргізген, келтірілген зиян мөлшерлерiн айқындаудың және сақтандыру төлемінің нәтижелерiмен танысуға;

      4-1) жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрілуіне кiнәлi тұлғаның сақтандырушысына осы Заңның 17-бабының 5-1) тармақшасында көзделген тәртiппен осы тұлғаның көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының бар екендiгi туралы мәлiметтердi (сақтанушының тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), көлiк құралын мемлекеттік тiркеу нөмiрi, нөмiрi және жасалған күнi) растау туралы жазбаша өтініш жасауға;

      4-2) сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымға жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрілуіне кiнәлi тұлғаның көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының бар не жоқ екендігі туралы мәлiметтердi (сақтанушының тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), көлiк құралын мемлекеттік тiркеу нөмiрi, нөмiрi және жасалған күнi) ұсыну туралы жазбаша өтініш жасауға;

      5) осы Заңның 26-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру төлемiн алуға, сондай-ақ келтірілген зиянды өтетуге;

      5-1) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 29-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;

      6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы не сақтандырушы, оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;

      7) көлiк құралының иесiне келтiрiлген зиянды келтiрiлген зиян сомасының алынған сақтандыру төлемi сомасынан асатын мөлшерде өтеуi туралы талап қоюға құқылы.

      2. Осы Заңда көзделген жағдайларда жәбiрленушiнiң осы баптың 1-тармағында белгiленген құқықтары пайда алушы ретiнде әрекет жасаушы өзге тұлғаларға өтедi.

      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-1-бап. Тәуелсіз сарапшыны аккредиттеу ережесі

      Ескерту. 18-1-бап алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары

19-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi

      1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде төленуге тиіс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, оған көлік құралының тіркелген жеріне, көлік құралының түріне, сақтанушының (сақтандырылушының) жасына және жүргізу стажына, көлік құралының пайдаланылу мерзіміне, азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған адамдардың кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай ("бонус-малус" жүйесі) осы баптың 3-10-тармақтарында белгіленген коэффициенттер қолданылады.

      Осы Заңда көзделмеген өзге негіздер бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға немесе ұлғайтуға жол берілмейді.

      2. Базалық сақтандыру сыйлықақысы 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.

      3. Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Р/с

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы

Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициент мөлшері (астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін)

1

2

3

1.

Алматы облысы

1,78

2.

Түркістан облысы

1,01

3.

Шығыс Қазақстан облысы

1,96

4.

Қостанай облысы

1,95

5.

Қарағанды облысы

1,39

6.

Солтүстік Қазақстан облысы

1,33

7.

Ақмола облысы

1,32

8.

Павлодар облысы

1,63

9.

Жамбыл облысы

1,00

10.

Ақтөбе облысы

1,35

11.

Батыс Қазақстан облысы

1,17

12.

Қызылорда облысы

1,09

13.

Атырау облысы

2,69

14.

Маңғыстау облысы

1,15

15.

Алматы

2,96

16.

Астана

2,2

17

Шымкент

1,01

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген облыстардағы өзге де қалалар мен елді мекендер үшін жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін 0,8 мөлшеріндегі түзету коэффициенті қосымша пайдаланылады.

      5. Көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайда, тiркеу аумағы бойынша 4,4 мөлшеріндегі коэффициент қолданылады.

      Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларға көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер қолданылмайды.

      6. Көлік құралының түрі бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Рет №

Көлік құралының түрі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жіктеу

Көлік құралының түрі бойынша коэффициент мөлшері

1

2

3

4

1

Жеңіл автомобильдер

"В" - толық массасы 3500 кг аспайтын және жүргізушінің отыратын орнынан басқа отыратын орындарының саны 8-ден аспайтын автомобильдер

2,09

2

Жолаушылар орны қоса алғанда 16-ға дейінгі автобустар

"Д" - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші отыратын орыннан басқа, 8-ден астам отыратын орны бар автомобильдер

3,26

3

Жолаушылар орны 16-дан артық автобустар

"Д" - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші отыратын орыннан басқа, 8-ден астам отыратын орны бар автомобильдер

3,45

4

Жүк автомобильдері

"С" - толық массасы 3500 кг асатын жүк автомобильдері

3,98

5

Троллейбустар, трамвайлар

Троллейбустар, трамвайлар

2,33

6

Мотокөлік

"А" - мотоциклдер, мотороллерлер және басқа мотокөлік құралдары

1,00

7

Тіркемелер (жартылай тіркемелер)

"Е" - көлік құралдарының "В", "С" немесе "Д" санаттарына жататын сүйреуіштері бар көлік құралдарының құрамдары

1,00


      7. Жеке тұлғалар үшін жасына және жүргізу стажына қарай коэффициент мөлшері мынадай мөлшерде белгіленеді:

Рет

Жасы және жүргізу стажы

Жасына және жүргізу стажына қарай коэффициент мөлшері

1

2

3

1.

25 жасқа толмаған/жүргізу стажы 2 жылдан аз

1,10

2.

25 жасқа толмаған/жүргізу стажы 2 жылдан астам

1,05

3.

25 жас және одан үлкен/жүргізу стажы 2 жылдан аз

1,05

4.

25 жас және одан үлкен/жүргізу стажы 2 жылдан астам

1,00


      8. Заңды тұлғалар үшін осы баптың 7-тармағында көзделген коэффициент 1,2 мөлшерінде белгіленеді.

      9. Көлік құралының пайдаланылу мерзіміне қарай коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Рет

Көлік құралының пайдаланылу мерзімі

Көлік құралының пайдаланылу мерзіміне қарай коэффициент мөлшері

1

2

3

1.

7 жылға дейін, қоса алғанда

1,00

2.

7 жылдан жоғары

1,10


      10. Сақтандыру мерзімі аяқталған соң тиісті сынып беріле отырып, "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Сақтандыру мерзімі басталғандағы сынып

Коэффициент мөлшері

Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайларының болғаны ескерілген, сақтандыру мерзімінің аяқталуы бойынша сынып

0 сақтандыру жағдайы

1 сақтандыру жағдайы

2 сақтандыру жағдайы

3 сақтандыру жағдайы

4 және одан көп сақтандыру жағдайы

1

2

3

4

5

6

7

М сыныбы

2,45

0

М

М

М

М

0-сыныбы

2,30

1

М

М

М

М

1-сыныбы

1,55

2

М

М

М

М

2-сыныбы

1,40

3

1

М

М

М

3-сыныбы

1,00

4

1

М

М

М

4-сыныбы

0,95

5

2

1

М

М

5-сыныбы

0,90

6

3

1

М

М

6-сыныбы

0,85

7

4

2

М

М

7-сыныбы

0,80

8

4

2

М

М

8-сыныбы

0,75

9

5

2

М

М

9-сыныбы

0,70

10

5

2

1

М

10-сыныбы

0,65

11

6

3

1

М

11-сыныбы

0,60

12

6

3

1

М

12-сыныбы

0,55

13

6

3

1

М

13-сыныбы

0,50

13

7

3

1

М


      Сақтанушыға (сақтандырылушыға) берілетін "бонус-малус" жүйесі бойынша сыныптың есебі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.

      11. Сақтанушыға (сақтандырылушыға) берілген сынып туралы ақпараты бар, сақтандырушы деректер базасынан алған сақтандыру есебі сақтандырушының "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициенттерді қолдануы үшін негіз болып табылады.

      Деректер базасында сақтанушы (сақтандырылушы) туралы ақпарат болмаған жағдайда, сақтанушы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың алдыңғы шартының түпнұсқасын берген жағдайда, сақтандырушы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жаңа мерзімге жасасу кезінде осы баптың 10-тармағында келтірілген кестеге сәйкес төмендетілген коэффициентті қолданады.

      Сақтандырушы бұл туралы дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымды және уәкілетті органды көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.

      12. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын алғаш рет жасасқан кезде сақтанушыға 3-сынып беріледі.

      13. Осы баптың 10-тармағында көзделген коэффициенттер азаматтық-құқықтық жауапкершілігі осы Заңның 11 және 12-баптарының 5-тармағында көзделген жағдайларда басталған жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға қолданылмайды.

      14. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайларды қоспағанда, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты он екi айдан аз мерзiмге жасалған кезде, көлiк құралының бiрлiгiне сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi мынадай формула бойынша есептеледi:

      СС = ЖСС*n/N, мұнда:

      СС - он екі айдан аз мерзімге жасалған көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);

      ЖСС – жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);

      n - көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу мерзімі (күнмен);

      N – 365 күн (кібісе жылы 366 күн).

      Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайда, көлiк құралының бiрлiгiне сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi мынадай формула бойынша есептеледi:

      СС = ЖСС * K, мұнда:

      СС – Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайда, он екi айдан аз мерзiмге жасалған көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);

      К – осы баптың 14-1-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзіміне байланысты түзету коэффициенті.

      14-1. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келу кезеңіне көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау кезінде мынадай коэффициенттер белгіленеді:

Р/с

Шет мемлекеттерде тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында уақытша пайдаланылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру кезіндегі сақтандыру мерзімі

Коэффициент

1

15 күнге дейін (қоса алғанда)

0,2

2

16 күннен 1 айға дейін

0,3

3

2 ай

0,4

4

3 ай

0,5

5

4 ай

0,6

6

5 ай

0,65

7

6 ай

0,7

8

7 ай

0,8

9

8 ай

0,9

10

9 ай

0,95

11

10 ай және одан да көп

1

      15. Кешенді сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы көлік құралының бір бірлігі үшін төленеді, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру полисінде көрсетілген көлік құралдары үшін белгіленген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерінің ең көп шамасына тең болып белгіленеді.

      16. Стандартты шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы әр сақтандырылушы бойынша есептеледі және әр сақтандырылушы бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерінің ең көп шамасына тең мөлшерде сақтанушының төлеуіне жатады.

      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерiн азайту

      1. Көлiк құралдарының иелерi – Ұлы Отан соғысының қатысушылары және оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер, зейнеткерлер стандартты шарт жасасқан кезде осы Заңның 19-бабына сәйкес есептелген, төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының елу пайызы мөлшерінде сақтандыру сыйлықақыларын төлейдi.

      Егер көлiк құралын осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар санатына жатпайтын басқа иелер де пайдаланатын болса, онда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру мұндай жеңiлдiк берiлмей жүзеге асырылады.

      2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасалған жағдайда, сақтандырушының ұйғаруы бойынша сақтанушыға осы Заңның 19-бабына сәйкес есептелген, төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының он пайызынан аспайтын мөлшерде шегеріс берілуі мүмкін.

      Бұл ретте көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында бір мезгілде сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасы мен шегеріс (болған кезде) ескерілген сақтандыру сыйлықақысының сомасы көрсетілуге тиіс.

      Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдаланбай өзге тәсілдермен, оның ішінде сақтандыру агенттері арқылы жасасу кезінде шегерістер беруге жол берілмейді.

      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

20-1-бап. Сақтандырушы көрсететін қосымша қызметтер

      Сақтандырушы сақтанушының келісімі болған кезде сақтанушыға (сақтандырылушыға) зақымдалған көлік құралын жөндеу уақытында көлік құралын беруді, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинау бойынша қызмет көрсетуді, сақтанушыға көмек көрсету үшін сақтандырушы өкілінің (авария комиссарының) көлік оқиғасы орнына баруын қоса алғанда, көлік оқиғасы жағдайында көмек көрсетумен байланысты қосымша ақылы қызмет көрсетуге құқылы.

      Ескерту. 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

21-бап. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу тәртiбi

      1. Егер көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын біржолғы төлеммен төлейдi.

      2. Сақтандырушы көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысын мерзiмiн ұзартып төлеудi көздеуге құқылы. Бұл ретте сақтандырушы көлiк құралы иелерiнің жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартының барлық қолданылу мерзiмi iшiнде сақтанушы алдында жауапты болады. Сақтанушының кезектi сақтандыру жарнасын төлемеуi сақтандырушы үшiн көлік құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға негiз болып табылмайды.

      2-1. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін береді.

      3. Кезектi сақтандыру жарнасы уақтылы төленбеген кезде сақтанушы сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 353-бабында белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.

      Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-тарау. Сақтандыру жағдайын, келтірілген зиянның және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау

22-бап. Сақтандыру жағдайын және келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау

      1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлген, сақтандырылған көлiк құралын пайдалануы нәтижесiнде жәбiрленушi деп танылған адамдардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактіci сақтандыру жағдайы деп танылады.

      2. Жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi тиiстi ұйымдар берген құжаттар негiзiнде осы Заңға сәйкес айқындалады.

      3. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындауды сақтандырушы он жұмыс күні ішінде уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша, зиян мөлшерін айқындау туралы өтініштің негізінде жүргізеді.

      Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындауды сақтандырушы уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырады.

      Мүлкіне зиян келтірілген пайда алушы өзі немесе сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандырушыға зиян мөлшерін айқындау туралы өтініш бергенге дейін, сондай-ақ аталған өтінішті берген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде көлік оқиғасынан кейін қандай жай-күйде болса, сол жай-күйде осы мүлікті сақтап, сақтандырушының бүлінген мүлікті қарап-тексеруіне мүмкiндiк жасауға мiндеттi.

      3-1. Егер сақтандырушы келтірілген зиянның мөлшерін осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде айқындамаса, онда сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері бағалаушының көрсетілетін қызметтерін пайдалануы және мүлікті қалпына келтіруді (кәдеге жаратуды) бастауы мүмкін. Бағалаушының көрсетілетін қызметтері үшін сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері шеккен шығындар, сақтандыру төлеміне қарамастан, сақтандырушының өтеуіне жатады.

      Бағалаушы көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындауды уәкілетті органның осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда, бағалаушы жүргізген, көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау нәтижесін сақтандырушы жәбірленушіге (пайда алушыға) немесе оның өкіліне сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қабылдайды.

      4. Сақтандырушы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісіне сәйкес айқындалған зиян мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асырады.

      5. Сақтандырушы пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемінен зиян мөлшерін айқындауға байланысты меншікті шығыстарды ұстап қалуға құқылы емес.

      6. Сақтандыру оқиғасын қасақана жасау, сондай-ақ сақтандыру төлемін заңсыз алуға бағытталған өзге де алаяқтық әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауаптылыққа алып келеді.

      Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-1-бап. Өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда көлік оқиғасы басталған кездегі тұлғалардың іс-әрекеттері

      Көлік оқиғасы жасалған кезде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда, оның қатысушылары мүмкіндік болған кезде орын алған көлік оқиғасы туралы сақтандырушыларды хабардар етуге тиіс.

      Сақтандырушылар өз өкілдерін көлік оқиғасы болған орынға жіберуге құқылы.

      Көлік оқиғасына қатысушылар болған мән-жайды бағалауға және болжамды мөлшері елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне өзара келісе отырып, оқиғаның схемасын өз бетінше жасауға және оған қол қойып, оны ресімдеу үшін жақын постқа немесе ішкі істер органдарының бөлімшелеріне баруға құқылы.

      Көлік оқиғасының схемасын жасау тәртібі мен үлгі нысандары уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Ескерту. 22-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

23-бап. Келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындаудың ерекше шарттары

      Ескерту. 23-бап алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

24-бап. Сақтандырушының жауаптылық шектері

      Ескерту. 24-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Бiр сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша сақтандырушы жауапкершілігiнiң шектi көлемi мынаны құрайды (айлық есептiк көрсеткiшпен):

      1) әрбiр жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн және ол мыналарға алып келсе:

      қаза табуға – 2 000;

      мүгедектiктiң:

      I тобы белгiленсе – 1 600;

      II тобы белгiленсе – 1 200;

      III тобы белгiленсе – 500;

      мүгедек балаға – 1 000;

      мертiгуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектiк белгіленбеген өзге де зақымдануына – амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге іс жүзіндегі шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 300-ден аспауға;

      2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден көп емес;

      3) бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері барлық жәбiрленушiге 2000-нан аспауға тиіс. Зиян мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асқан жағдайда сақтандыру төлемі әрбір жәбірленушіге оның мүлкіне келтірілген зиянға мөлшерлес дәрежеде жүзеге асырылады.

      2. Қаза болуына немесе мүгедектiк белгiленуiне әкеп соққан, жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi осы баптың 1-тармағында белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiнiң мөлшерiнде жүзеге асырылады.

      3. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн есептеу үшiн Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес белгiленген сақтандыру төлемi жүзеге асырылған күнгi айлық есептiк көрсеткiш пайдаланылады.

      4. Сақтанушының (сақтандырылушының) залалдарды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстары, eгep мұндай шығыстар қажеттi болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жұмсалса, егер тиiстi шаралар тiптi сәтсiз болса да сақтандырушының өтеуiне жатады.

      Мұндай шығыстар нақты мөлшерде өтеледi, бұл ретте сақтандыру төлемiнiң және шығыстар өтемақысының жалпы сомасы көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген жауапкершіліктің шекті көлемінен аспауға тиiс. Егер шығыстар сақтанушының сақтандырушы нұсқауларын орындауы нәтижесiнде туындаған болса, олар жауапкершіліктің шекті көлеміне қатыссыз, толық мөлшерде өтеледi.

      Көрсетілген шығыстарды сақтандырушы тiкелей шеккен тұлғаға өтейдi.

      5. Келтiрiлген зиянды толығымен өтеу үшiн жауапкершіліктің шекті көлемі жетпеген кезде сақтанушы жәбiрленушiге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшерi арасындағы айырманы өтейдi.

      6. Жәбiрленушi қайтыс болған жағдайда сақтандырушы жәбiрленушiнi жерлеген адамға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеу шығыстарын өтейдi.

      Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

25-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы шарттары

      1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға, пайда алушының тұрғылықты жерiн, байланыс телефондарын, банктiк деректемелерiн (қажетіне қарай), сақтандыру төлемiн қолма-қол ақшамен сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар қоса беріле отырып, не банктiк шотқа аудару арқылы алу тәртібін көрсете отырып жазбаша нысанда ұсынады.

      Өтініш берушінің қалауы бойынша сақтандыру төлемі туралы талап сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар электрондық көшірмелер немесе электрондық құжаттар түрінде қоса беріле отырып, электрондық нысанда жіберілуі мүмкін. Бұл ретте электрондық нысандағы сақтандыру төлемі туралы талаптар өтініш берушіні сақтандырушының орналасқан жері бойынша сақтандырушыға құжаттардың түпнұсқаларын ұсынудан босатпайды.

      2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:

      1) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжат;

      3) жәбірленушінің өміріне, денсаулығына зиян келтіру фактісі болған жағдайда жәбiрленушiнiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiнiң мерзiмi туралы денсаулық сақтау ұйымдары анықтамасының немесе мүгедектiк белгiленген жағдайда мамандандырылған мекемелердiң жәбiрленушiге мүгедектiк белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;

      4) жәбiрленушiнiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесi;

      4-1) пайда алушының зиянды өтеттіру құқығын растайтын құжат (көшiрмесi);

      4-2) осы Заңның 22-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда, зиянның мөлшерін айқындау туралы өтініш;

      5) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6) пайда алушының жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi (жеке тұлға үшiн) немесе заңды тұлғаның өкiлiне берiлген сенiмхаттың түпнұсқасы;

      7) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (сақтандырылушының) шығынды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын растайтын құжаттар, олар болған кезде;

      8) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Сақтандырушының сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) не жәбiрленушiден басқа қосымша құжаттарды талап етуiне жол берiлмейдi.

      3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш беруші ұсынған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, анықтаманы екі данада жасауға міндетті.

      Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы өтінішін электрондық тәсілмен жөнелткен жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсынуы мүмкін.

      Өтініш беруші сақтандырушыға өзі келіп өтініш жасаған кезде анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, өтініш берушінің оны алғаны туралы белгі қойылған екінші данасы сақтандырушыда қалады.

      4. Жәбiрленушi (ол қайтыс болған жағдайда - жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтеттiруге құқылы адам), сондай-ақ сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбiрленушiге (зиянды өтеттiруге құқылы адамға) келтiрiлген зиянды осы Заңда белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң көлемi шегiнде өтеушi және сақтандыру төлемiне құқық алған өзге де тұлға пайда алушы болып табылады.

      Мүлікке зиян келтірілген жағдайда осы мүліктің меншік иесі, ал ол қайтыс болған жағдайда зиянды өтеттіруге құқығы бар адамдар жәбірленуші болып танылады.

      5. Жәбiрленушiнiң жазбаша ресiмделген өтiнiшi немесе нотариат куәландырған сенiмхаты бойынша сақтандыру төлемi тiкелей оның денсаулығын және (немесе) мүлкiн қалпына келтiру жөнiнде қызмет көрсеткен (көрсетушi) тұлғаға жүзеге асырылуы мүмкiн.

      6. Жәбiрленушiнiң өмiрiне және денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi оған (зиянды өтеттiруге құқылы адамдарға) басқа сақтандыру шарттары бойынша тиесiлі сомаға қатыссыз жүзеге асырылады.

      7. Сақтандыру төлемi жүзеге асырылған кезде сақтандырушының пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттар қабылдауын талап етуге құқығы жоқ.

      8. Сақтандырушы осы мүлiктiң сақтандыру жағдайы басталған күнгi нарықтық құны мөлшерiндегi сақтандыру төлемiн жүзеге асырған жағдайда, оның мүлiктi және мүлiктiң қалдықтарын алуға құқығы бар.

      9. Сақтандырушы жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі болмаған кезде, сақтандыру төлемін ішкі істер органдары берген оқиғаның схемасы бар жол жүрісі қағидаларының бұзылғаны туралы хаттама негізінде жүзеге асыруға құқылы.

      Ескерту. 25-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

26-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру тәртiбi

      1. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы Заңның 25-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде төлейдi.

      2. Алынып тасталды - 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      2-1. Бірнеше жәбірленушінің мүлкіне зиян келтірілген жағдайда, сақтандырушы барлық жәбірленушілердің құжаттарын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, бірақ басқа сақтандырылғандардың құжаттарды беруіне қарамастан, сақтандырушыға бірінші болып құжаттарын берген жәбірленушіден құжаттар алған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей сақтандыру төлемін бастауға міндетті.

      3. Егер сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соққан оқиғаның нәтижесiнде жәбiрленушiнiң денсаулығы нашарлап кетсе (мүгедектiк не мүгедектiктiң неғұрлым жоғары тобы белгiленсе) не қайтыс болса, онда сақтандырушы жәбiрленушіден (пайда алушыдан) келiп түскен өтiнiштiң және тиiстi құжаттардың негiзiнде, сақтандыру төлемiнiң сомасына осы Заңда белгiленген тәртiппен және мөлшерде қайта есептеу жүргiзуге мiндеттi.

      Бұл ретте сақтандыру төлемiнiң сомасын қайта есептеу кезiнде бұрын төленген сомалар есепке алынады.

      4. Сақтандыру төлемi уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 353-бабында белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.

      Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

26-1-бап. Тікелей реттеу

      1. Сақтандыру жағдайы басталған кезде жәбірленуші немесе жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқығы бар тұлға келтірілген зиянның өтемін алу үшін, кінәсінан сақтандыру жағдайы болған адамның көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты болған кезде, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша жәбірленушінің жауапкершілігін сақтандырған сақтандырушыға өтініш жасауға құқылы.

      Зиян келтiрiлген мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын жәбiрленушi осы Заңда көзделген тәртiппен кiнәсiнен сақтандыру жағдайы туындаған адамның сақтандырушысына өтініш жасайды.

      2. Сақтандырушы осы Заңның 25-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 4-1), 4-2) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келтірілген зиянды өтейді.

      Тікелей реттеу шеңберінде сақтандырушы жүзеге асыратын жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу ол үшін жәбірленушімен жасасқан көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және сақтандыру төлемі бойынша міндеттемелердің орындалуы болып табылмайды.

      3. Кінәсінен сақтандыру жағдайы туындаған адамның сақтандыру компаниясы сақтандыру жағдайын реттеген сақтандырушыға нақты төлеген сомасын өтеп береді.

      4. Тікелей реттеуді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Ескерту. 26-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

27-бап. Бiрнеше тұлға зиян келтiрген кездегi сақтандыру төлемi

      Тұлғаға иелерiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары бар бiрнеше көлiк құралдары зиян келтiрген кезде пайда алушы сақтандыру төлемiн олардың әрқайсысынан жеке-жеке алуға құқылы. Әрбiр сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы Заңда белгiленген жауапкершiлiк көлемi шегiнде және сақтанушы жауапкершілiгiне тең мөлшерде жүзеге асырады. Бұл ретте барлық сақтандырушылар жасаған сақтандыру төлемiнiң жалпы сомасы жәбiрленушiге келтiрiлген нақты зиян мөлшерiнен және әрбiр сақтандырушы үшiн көзделген жауапкершілiктiң шектi көлемiнен аспауға тиiс.

28-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы

      1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылушыға) төленген сома шегiнде мынадай жағдайларда, егер:

      1) сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi оның, қажеттi қорғану және аса қажеттiлiк жағдайында жасалған iс-әрекеттерiн қоспағанда, сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септiгiн тигiзетiн қасақана iс-әрекеттерi салдарынан басталса;

      2) сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi оның көлiк құралын алкогольге, есiрткiге немесе уытқұмарлыққа мас болып жүргiзуi салдарынан басталса;

      3) көлiк құралын жүргiзушi адамның көлік оқиғасы жасалған кезде оны жүргізуге құқығы болмаса;

      4) соттың iстi талқылауы барысында сақтандыру жағдайы көлiк құралының техникалық ақауы салдарынан болғаны, олар туралы сақтанушының (сақтандырылушының) бiлгенi немесе бiлуге тиiстi екенi анықталса;

      5) көлiк құралы оның техникалық сипатына сай емес мақсаттарға пайдаланылса;

      6) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды азайту жөнiндегi шараларды қасақана қолданбаса;

      7) көлiк құралын жүргiзушi адам көлiк оқиғасы болған жерден қашып кетсе;

      8) көлік құралын жүргізген және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландыруға жіберілген тұлға дәлелсіз себептермен мұндай куәландырудан өтпесе, кері талап қоюға құқылы.

      2. Егер осы баптың 1-тармағында тiзiп көрсетiлген жағдайларда келтiрiлген зиянға көлiк құралын оның иесiмен еңбек қатынасына орай немесе мәмiленің жазбаша нысанын ресiмдемей оның иесiнiң қатысуымен пайдаланған тұлға кiнәлi болып табылса, онда сақтандырушының осы көлiк құралының иесiне керi талап қоюға құқығы бар.

      3. Сақтанушының (сақтандырылушының) сақтандырушы сақтандыру нәтижесiнде өтеген шығындар үшiн жауапты адамға керi талап қою құқығы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға ол төлеген сома шегінде ауысады. Бұл ретте, егер сақтандыру жағдайы автомобиль жолдарының және олардың бойындағы ғимараттардың қанағаттанғысыз күтiмiнен туындаған жол жағдайы себептерiнен болғаны анықталса, көлiк құралы иесiнің осындай жағдайлар жасауға кiнәлi тұлғаға талап қою құқығы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға ауысады.

      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

29-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздерi

      1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:

      1) қажеттi қорғану және аса қажеттілiк жағдайда жасалған iс-әрекеттердi қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септiгiн тигiзетiн қасақана iс-әрекеттерi;

      2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерi салдарынан болса, сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.

      2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн сондай-ақ:

      1) пайда алушының шығынның тиiстi өтемiн шығын келтiруге кiнәлi тұлғадан алуы;

      2) Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      3) сақтанушының (сақтандырылушының) көлiк құралын жарыстарда, сынақтарда немесе жүргiзудi үйретуге арнайы лайықталған орындарда оқыту кезiнде пайдалануы;

      4) көлiк құралын тиеу немесе түсiру кезiнде зиян келтiру;

      5) жәбiрленушiнiң мүлкiне ақша, бағалы қағаздар, алтын, күмiстен жасалған бұйымдар, құнды заттар, әсемдiк бұйымдар, өнер туындылары немесе басқа да құндылықтар түрiнде зиян келтiру;

      6) жәбiрленушiнiң осы Заңның 22-бабы 3-тармағы үшінші бөлігінің талаптарын бұзуы негiз болуы мүмкiн.

      3. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту үшiн негiздер бар кезде сақтандырушы өтінішті және осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бас тарту себептерiнiң дәлелдi негiздемесi келтiрiлген сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жазбаша нысанда жiберуге мiндеттi.

      4. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      5. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:

      1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивтiк улану әсерiнiң;

      2) соғыс қимылдарының;

      3) азамат соғысының, түрлi сипаттағы халық толқуларының, жаппай тәртiпсiздiктердiң немесе ереуiлдердiң салдарынан басталса, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады.

      5-1. Сақтандыру төлемі сақтандыру полисінде көрсетілген зақымдалған көлік құралы үшін төленбейді.

      6. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ.

      Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

29-1-бап. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері

      1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы):

      талаптарын көрсете отырып және оның талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге не

      көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.

      2. Сақтандырушы сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды реттеудің одан кейінгі тәртібін көрсете отырып жазбаша жауап береді.

      3. Сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының, жәбірленушінің (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.

      Ескерту. 5-тарау 29-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-тарау. Қорытынды ережелер

30-бап. Дауларды қараудың тәртібі

      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Pecпубликасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.

30-1-бап. Сақтандыру омбудсманы, оның мәртебесі және оны сайлау

      Ескерту. 30-1-бап алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

30-2-бап. Сақтандыру омбудсманына қойылатын талаптар

      Ескерту. 30-2-бап алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

30-3-бап. Сақтандыру омбудсманының шешім қабылдау тәртібі

      Ескерту. 30-3-бап алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

30-4-бап. Сақтандыру омбудсманының қызметі

      Ескерту. 30-4-бап алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

31-бап. Қазақстан Республикасының көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының көлiк құралдары иелерінің жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы заңдарын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

32-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың халықаралық жүйелері

      Трансшекаралық қозғалысқа қатысатын көлік құралдары иелері үшінші тұлғаларға келтірген зиянды өтеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы көлік құралдары иелерінің жүріп-тұру режимін жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың халықаралық жүйелерінде Қазақстан Республикасының қатысуына жол беріледі.

      Ескерту. Заң 32-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

Қазақстан Республикасының
Президенті