Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.07.2017 № 156 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Келісілген"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
генерал-полковник
2003 жылғы 2 шілде
Психикалық белсенді затты пайдалану фактілерін анықтау үшін азаматтарды медициналық куәландыруды жүзеге асыру жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған "Психикалық белсенді затты пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау туралы" нұсқаулық бекітілсін.
2. Бұл бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 446 бұйрығымен бекітілген |
Психикалық белсенді зат пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау тәртібі туралы нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының заңнамасында психикалық белсенді зат пайдалану, қоғамдық орындарда, жұмыста мас күйінде болу, мастық күйде көлік жүргізуге байланысты азаматтарды тәртіптік жауапкершілікке тартуды қарастырған жағдайларда психикалық белсенді зат пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау кезінде қолданылады.
2. Мастық күй - психикалық белсенді затпен қатты уланудың салдарынан пайда болған және психикалық, мінез-құлықтық, вегетативтік және соматоневрологиялық бұзылулардың жиынтығымен сипатталатын күй. Мастық күй алкогольдікке, есірткі заттарға және уытты заттектерге әуестіліктен болады.
3. Осы нұсқаулық сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаулардың сот және тергеу органдарының қаулысы бойынша белгіленген тәртіппен жүргізілетін жағдайларды қамтымайды.
4. Дипломатиялық сақтандыруды пайдаланатын адамдарды, олардың келісімісіз медициналық куәландыруға болмайды.
5. Қазақстан Республикасы заңдылықтарында және осы нұсқаулықта белгіленген жағдайлар бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен куәландырылған адамның жұмыс орны бойынша ұйымның және мекеменің лауазымдық қызметкері аталған адамдарды куәландыру үшін тек қана мемлекеттік медициналық ұйымдарға жолдайды және жеткізеді.
6. Медициналық ұйымдарға медициналық куәландыруға жіберу заңға сәйкес жүзеге асырылады
Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда жазыцлды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 1 сәуірдегі N 167 бұйрығымен.7. Дипломатиялық сақтандыруды пайдаланбайтын шетелдік азаматтар, сондай-ақ азаматтық алмаған адамдар мастық күйде қоғамдық орындарда болғанда, көлік жүргізгенде жалпы негізде куәландыруға жатады.
8. Осы нұсқаулықта көрсетілген куәландыруға жолдауды бұзғаны, куәландыратын адамның күйі туралы жалған қорытынды бергені үшін құқық қорғау органдарының, медициналық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ куәландыратын адам жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бастығы Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.
9. Медициналық куәландыру міндетті түрде қорытындымен рәсімделеді (N 1 қосымша).
10. Мастық күйде көлік жүргізген адам медициналық куәландырудан бас тартқан жағдайда, оған Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілік қолданылады.
Көрсетілген іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының күші бар заңдылықтарымен белгіленген жауапкершіліктерге әкеліп соғады.
11. Куәландырған адам ауырған, сырт бейнесіне қарағанда қандай да бір мастық белгісі бар сияқты немесе жарақат алған күйде емдеу-профилактикалық ұйымға жеткізіледі, онда медициналық көмек көрсетумен қатар оған мастық күйін куәландыру жүргізіледі.
2. Медициналық ұйымдардағы куәландыру
12. Психикалық белсенді заттарды пайдалану және мас болу фактілерін анықтау үшін медициналық ұйымдар куәландыруды кез-келген уақытта наркологиялық ұйымдардың мамандандырылған кабинеттерінде психиатр-нарколог дәрігерлер немесе денсаулық сақтау органдары белгілеген емдеу-алдын алу ұйымдарында арнайы даярлықтан өткен басқа мамандар, ал селолық жерлерде (медициналық ұйымдардан өте алыс орналасқан, штатында дәрігер жоқ фельдшерлік пункттерде) наркологиялық ұйымдарда арнайы даярлықтан өткен фельдшерлер жүргізеді.
13. Куәландыруға жазбаша жолдамамен ішкі істер, басқа да құқықтық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ куәландырушы жұмыс істейтін ұйымдағы немесе мекемедегі лауазымдық қызметкер жүзеге асырады (N 2 қосымша).
Барлық жағдайларда куәландыруды жүргізетін дәрігерге куәландыру қажеттілігін тудырған себептер мен оның мақсаты аталу керек (қандай нормативтік кесім көзқарасынан куәландырудың нәтижесі қарастырылады).
Ескерту: Азаматтарға ресми жолдаусыз жеке қатынас жасағанда куәландыруға рұқсат беріледі. Бұл жағдайда куәландырылатын адам жеке басын куәландыратын құжатты және медициналық куәландыруды жүргізу қажеттілігі туралы өтінішінің себебі дәлірек жазылған арызын ұсынуы керек. Азаматқа берілетін, сондай-ақ мүдделі ұйымның жазбаша ресми сұранысы бойынша берілуі (салып жіберілуі) мүмкін нәтижелер тиісті куәландыру хаттамасымен рәсімделеді.
14. Медициналық куәландыру жүргізетін адамдар куәландыру болатын жерге жол-көлік оқиғасы болғаннан кейін немесе мастық күйі анықталғанға екі сағаттық уақытта жетулері керек.
15. Жағдайлардың немесе алған жарақаттардың ауыр күйлерінің себебінен куәландыруды толық көлемде жүргізу мүмкін болмаған жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсететін емдеу-алдын-алу ұйымдарда, міндетті түрде, психикалық белсенді заттарды анықтау үшін демалған ауаны және биологиялық күйін (қан, зәр, түкірік) зерттеулер жүргізіледі.
16. Куәландырылған адамды жеткізген лауазымдық қызметкер оның кім екенін анықтау үшін шаралар жасау қажет (адамды кім екенін анықтай алмаған жағдайда оны суретке түсіріп алуға болады). Дәрігер куәландырылатын адамның құжаттарымен (паспорт, жеке басының куәлігі, жүргізуші куәлігі және т.б.) таныса отырып міндетті түрде оның кім екеніне көзі жету керек. Құжаттардың жоқтығы куәландыруды жүргізбеуге негіз болмайды. Жеке басын куәландыратын құжаттардың жоқтығында оның хаттамасында тексеруден өтіп жатқан адамның белгілері мен куәландырылатын адамның өзі туралы айтқан сөздерінен жазылған деректері көрсетіледі. Қажет болса куәландырылатын адам туралы деректерді ішкі істер органдарынан білуге болады және ол хабар медициналық ұйымдарға жеткізіледі.
17. Психикалық белсенді заттарды пайдалануға байланысты күйлердің мәселелері бойынша медициналық қорытындының негізі клиникалық тексеру болып табылады. Мастық күйінің клиникалық сипаты дәрігердің күдігін туғызса немесе куәландырылатын адам куәландыру қорытындысын мақұлдамағанда, ол адамның дем алатын ауасы мен биологиялық күйі (зәр, қан, түкірік) тексеріледі.
Жағдайлардың барысында (куәландырылатын адамның ауыр жағдайына, куәландырылудан бас тартуға) байланысты куәландыруды толық көлемде жүргізу мүмкін болмағанда медициналық куәландырудың хаттамасында зерттеудің өтпеу себебі көрсетіледі.
18. Тексерілушінің клиникалық жай-күйінің ерекшелігіне байланысты биологиялық сынамаларды жүргізудің сипаты мен салдарын дәрігер (фельдшер) белгілейді.
19. Психикалық белсенді заттарды пайдалануға байланысты күйлерін анықтау үшін тексерілушінің жай-күйі (ауыр жарақат, ессіз жай-күйі) толық көлемде медициналық куәландыруды жүзеге асыруға мүмкіндік бермеген жағдайларда ағзаның биологиялық сұйықтығына (зәр, қан, түкірік) міндетті түрде екі қайтара (аралығы 30-60 минут) психикалық белсенді заттардың бар екендігін тексеруге арналған сандық зерттеу жүргізіледі. Оларды сақтаудың қажетті, кепілдік беруші шарттарын сақтау кезінде биологиялық заттардың мәліметтері 25 күн бойы куәландыру жүргізілген медициналық ұйымдарда сақталады.
20. Куәландыруды жүргізген дәрігер (фельдшер) барлық жағдайларда белгіленген нысан бойынша медициналық куәландыру хаттамасын құрады. Хаттамада куәландырылып отырған адамның сырт бейнесі, мінез-құлқы, сөйлеген сөзі, вегеттік-тамыр серпілісі, ойының бұзылуы, іс-бағыты, есі, қимыл-әрекеттері, неврологиялық және соматикалық жағының күйі, дем алғанда ауада психикалық белсенді заттардың анықталуы туралы толық деректер жазылады. Сонымен қатар куәландырылып отырған адамның шағымын, оның өзінің күйін бағалауын атап өту керек. Зертханалық зерттеулер өткізілген жағдайларда міндетті түрде оның нәтижелері аталады.
21. Медициналық куәландыру негізінде жазылған кесімде куәландырылып отырған адамның тексеру кезіндегі жағдайы нақты сипатталған қорытынды беріледі.
Қорытынды жасаған кезде дәрігер (фельдшер) клиникалық және (мүмкін болса) зертханалық деректердің негізінде мына жай-күйлерді анықтау керек:
1) мас емес;
2) психикалық белсенді заттарды (қандай да бір) пайдаланған жөніндегі дерек анықталған;
3) алкогольдік мастық күйі (жеңіл, орташа, ауыр);
4) зертханалық дәлелдеу бойынша анықталған басқа психикалық белсенді заттарды пайдаланудың (есірткі-опиоидтар, каннабиноидтар, кокаин, ұйықтатқы заттарды, психостимуляторлар, галлюциогены, ұшпа ерітіндірлері) әсерінен болған мастық күйі (есірткі заттарын пайдаланудан, уытты заттектерге әуестілік).
22. Медициналық куәландыру қорытындысы екі данада жасалады, дәрігердің қолымен, медициналық ұйым мөрімен расталады. Оның бір данасы куәландырылған адамды жеткізген лауазымдық қызметкерге беріледі, ал екінші данасы медициналық ұйымда қалады және осы ұйымның мұрағатына сырқатнамалар және басқа да медициналық құжаттармен бірге сақталады.
Куәландырудың нәтижелері туралы хабар куәландырылып отырған адамға оны жеткізген лауазымдық қызметкердің көзінше айтылады. Куәландырылатын адам куәландыру нәтижелерімен келіспесе, ол қайта медициналық куәландыру жүргізу туралы жазбаша арызды ұсынуына құқылы екенін дәрігер түсіндіруге міндетті.
Куәландырудың нәтижелері куәланушыға оны жеткізген лауазымды адамның көзінше хабарланады. Дәрігер куәландырылып отырған адамға куәландырудың нәтижелерімен келіспеген жағдайда куәландыруды өткізген ұйымның басшысына қайта медициналық куәландыру өткізу туралы жазбаша өтініш беруіне құқы бар. Куәландыруды өткізген ұйымның басшысы қайта медициналық куәландыру туралы өтінішті дәрігерлердің басқа құрамымен қарайды.
Куәландырылып отырған адам жай-күйінің нашарлауынан болған жағдайларға баға бере алмаса, куәландырудың нәтижелері куәгерлердің назарына жеткізіліп, ол туралы 2-қосымшаға тиісті жазба жазылады.
23. Куәландыру хаттамалар бланкасының жоқтығы куәландырудан бас тартудың себебі болмайды. Медициналық куәландыру қорытындысын өз бетінше құру рұқсат етілмейді.
24. Әрбір куәландыру жағдайы арнаулы журналда тіркеледі (3-қосымша). Журналды куәландыруды жүргізген дәрігер (фельдшер) толтырады және ол кабинетте сақталады.
Журнал нөмірленіп, оған бау өткізіліп, медициналық ұйымның мөрімен барлық беті бір-біріне бекітілуі қажет. Куәландыру жүргізілген адамның тегі, аты, әкесінің аты, жасы, жұмыс орны, лауазымдық қызметі, мекен-жайы, жеке басын куәландырушының құжатының нөмірі, куәландыруға кіммен, қашан және қандай жағдайға байланысты куәландыруға жеткізілгені, оған жеткізген адамның жеке басы куәлігінің нөмірі, куәландыру жүргізілген уақыты, жүргізілген зерттеулер бойынша (дем алған ауаны, биологиялық күйін - қан, зәр, түкірік) оның нәтижесі, куәландыруды жүргізген дәрігердің (фельдшердің) тегі журналға толтырылады және оның қолы. Толтырылған журнал 5 жыл бойы сақталады.
25. Куәландырылып отырған адам (немесе оны жеткізген лауазымдық қызметкер) куәландыру нәтижесімен келіспегенде куәландыру қайта басқа маманмен немесе комиссиямен жүргізіледі.
26. Психикалық белсенді заттарды пайдалану және мастық күйі деректерін тағайындау үшін қайта куәландыру оны жасап отырған адамның жазбаша түрдегі куәландыруға бару жағдайы туралы арызы негізінде және оның жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда ғана жүргізіледі.
27. Психикалық белсенді заттарды пайдалану және мас болу деректерін тағайындау үшін қайта куәландыру* жоғарыда айтылған тәртіпке сәйкес толық көлемде, алғашқы куәландырудан 2 сағаттық уақыт өткеннен кейін жүзеге асырылады. Әдетте, қайта куәландыруды жүргізгенде лабораториялық зерттеу және қорытынды жасау үшін биологиялық күйін (зәр, қан, түкірік) тексеру өткізілу қажет.
Қайта куәландыру қорытындысы да алғашқыдағыдай куәландырылатын адамды жеткізген лауазымдық қызметкерге беріледі, немесе мүдделі органдардың сұранысы бойынша оларға салынып жіберіледі. Қайта жасалған қорытындының заңдылығы және негізділігі туралы мәселелерді республикалық, облыстық, қалалық, аудандық наркологиялық ұйымның бас маман дәрігер-наркологы ғана куәландырылып отырған адамның немесе мүдделі ұйымның арызы негізінде шешеді.
28. Медициналық куәландыруға (алғашқы, қайта) жолдау, оны жүргізу және оның қорытындысымен келіспеген жағдайларда азаматтар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің лауазымдық, медициналық қызметкерінің іс-әрекеттеріне сот тәртібі бойынша шағым жасауларына болады.
29. Ресми жолдау бойынша медициналық куәландыру мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Ресми жолдаусыз жеке өтініш бойынша медициналық куәландыру азаматтардың өз қаражаттары есебінен төленеді.
"Психикалық белсенді зат пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау тәртібі туралы" нұсқаулыққа N 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшының 14-тармағына өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2008.10.31 N 578 Бұйрығы.
Психикалық белсенді зат пайдалану және
мас болу фактісін анықтау үшін медициналық
куәландырудың қорытындысы
1. Тегі, аты және әкесінің аты
___________________________________________________________________
Жасы (туған жылы) _________________
Жеке басын куәландыратын құжат
___________________________________________________________________
Жұмыс орны, лауазымы
___________________________________________________________________
Кім және қашан (нақты уақыты) куәландыруға жолдады
_____________________
Куәландыру уақыты және нақты датасы _______________________________
Кім куәландырды (дәрігер, фельдшер)
___________________________________________________________________
2. Куәландыру себебі: көлік жүргізгенде мастық күйіне күдіктену, жұмыста, медициналық көмек көрсету кезінде мас болған адамдарды куәландыру және т.б. (себебін көрсету)_________________________________
3. Куәландырылатын адамның сырт пішіні: киім киісі, терісі, жарақатты анықтау (соғылған жері, жарақаттары және т.б.)
___________________________________________________________________
4. Мінез-құлқы: қызу, тұйық, ашулы, сөзшең, бір қалыпты мінезі жоқ, ұйқышыл, өз жай-күйіне шағымдануы _____________________
___________________________________________________________________
5. Сана-сезімі, уақыт, жер, жағдай және өзі туралы бағыт- бағдары
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
6. Сөйлеу қабілеті: сөйлеу жағдайы (артикуляциясының бұзылуы және т.б.)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
7. Вегетативтік-тамыр серпілісі (тері бітімінің, көзінің, тілінің кілегей қабыршақтары, терлегіштігі, түкірігінің ағуы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Дем алысы: жиі, баяу
__________________________________________________________________
Тамырының соғуы___________ артериалдық қысымы_____________________
Көздерінің қарашығы: тарылуы, кеңеюі, светке серпілісі
___________________________________________________________________
Жан-жағына қараған жағдайдағы нистагмы
___________________________________________________________________
8. Қозғалу күйі
___________________________________________________________________
Қимылы: бос, жанданған
___________________________________________________________________
Жүрісі (теңселіп, жүргенде аяғын әр жерден басуы), айналып жүруі
(айналғанда теңселуі)
___________________________________________________________________
Ромберг кейпінде тұру
___________________________________________________________________
Нақты қимылдары (жерден тиынды алысы, саусақ-мұрын сынағы)
___________________________________________________________________
Қабағы, тілі, қолының саусақтары дірілдеуі
___________________________________________________________________
9. Нервтік-психикалық, бас-миының органикалық зақымдануы, денесінің жүдеуі ауруларының белгісін анықтау. Алған жарақаттары (тексеруден өтіп отырған адамның өз аузынан)
___________________________________________________________________
10. Соңғы кезде алкоголді, басқа да психикалық белсенді заттарды пайдалану туралы дерек: субъективтік, объективтік (құжаттар және басқа тұпнұсқалар бойынша)
___________________________________________________________________
11. Ауызынан алкоголь немесе басқа психикалық белсенді заттардың иісі шығуы
___________________________________________________________________
12. Дем алған ауасында және организмінің биологиялық күйіндегі алкоголь немесе басқа психикалық белсенді заттарды анықтау
____________________________________________________________________
а) ауа арнайы құралмен тексерілді
Рапопорт әдісімен __________________________________________________
Зерттеу уақыты мен қайта зерттеудің нәтижелері ____________________
б) биологиялық күйі(нің) (зәрі, қан, түкірік, ернінің үстінен алған, бет терісінен, қол саусақтарынан сүртімі)
_________________әдістерімен зерттелді ___________________________
сынақты таңдау уақыты ___________________
Зерттеу уақыты мен нәтижелері
___________________________________________________________________
13. Медициналық қараудың немесе ұсынылған құжаттардың басқа деректері
___________________________________________________________________
14. Қорытынды (куәландырылып отырған адамның жай-күйі осы нұсқаулықтың 21 тармағында қарастырылған тұжырымдамаларында белгіленеді):
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Куәландыруды жүргізген медқызметкердің қолы
____________________________________________________________________
Куәландыру нәтижелерімен таныстым
___________________________________________________________________
(тексеруден өтуші адамның қолы)
Куәландыру нәтижелерімен таныстым, бірақ қол қоюдан бас тартамын.
Куәгерлер:
1 _________________________________________________________________
(қолы)
2 _________________________________________________________________
(қолы)
"Психикалық белсенді зат пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау тәртібі туралы" нұсқаулыққа N 2-қосымша |
Психикалық белсенді зат пайдалану және
мас болу фактісін анықтау үшін медициналық
куәландыруға жолдама
200__"____"___________сағат______минут
___________________________________________________________________
(хаттама әзірленген орын)
___________________________________________________________________
(хаттаманы әзірлеген адамның лауазымы, лауазымдық атағы)
Мастық күйіне медициналық куәландыру жүргізу үшін
_____________________________________________деген азамат жіберілді
(тегі, аты, әкесінің аты)
Азаматтығы ________________________________________________________
Жұмыс орны, тұрғылықты жері _______________________________________
___________________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат (паспорт, жеке басының куәлігі,
жүргушінің куәлігі)
___________________________________________________________________
(сериясы, нөмірі, күні, құжаттарды берген орын)
Көлік құралы туралы мәлімет _______________________________________
(түрі, маркасы, үлгісі, мемлекеттік тіркеу нөмірі, көлік
құралдарының, шағын кемелердің өзге де сәйкестендірушілік белгілері)
Медициналық куәландыру үшін негізгі жолдама_____________________
Куәландыру мақсаты _______________________________________
Лауазымдық қызметкердің қолы _____________________________
"Психикалық белсенді зат пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау тәртібі туралы" нұсқаулыққа N 3-қосымша |
Психикалық белсенді зат пайдалану фактісі
мен мас болу жағдайын анықтау үшін медициналық
куәландырылатын адамдарды тіркеу журналы
1. р/с N
2. Куәландыру жүргізудің уақыты, датасы
3. Куәландырылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты
4. Туған жылы (жасы)
5. Тұрғылықты жері
6. Куәландырылатын адамның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, сериясы, нөмірі
7. Жұмыс орны және қызметі
8. Куәландыруға кім және қашан жібереді
9. Куәландырылатын адамды жеткізуші құжатының сериясы, нөмірі, ресми жолдаманың нөмірі
10. Куәландыруға жіберудің себебі
11. Куәландыру нәтижесі және хаттаманың нөмірі
12. Куәландыруды жүргізген дәрігердің (фельдшердің) тегі, қолы.