Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) көлiк құралының иесi - көлiк құралын меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен не кез келген басқа да заңды негiзде (мүлiктiк жалдау шартымен, құзыреттi органның көлiк құралын беру туралы өкiмiне орай көлiк құралын басқаруға арналған сенiмхатпен және басқаша) иеленетiн жеке немесе заңды тұлға;

      2) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;

      3) көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - жеке және заңды тұлғалардың жоғары қауiптiлiк көзi ретiндегi көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген өтеу мiндетi;

      4) сақтандырылушы - өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;

      5) кешендi шарт - сақтандыру полисiнде көрсетiлген екі және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғамен жасалатын және бiр ғана сақтандырылушы жеке тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты;

      5-1) тәуелсіз сарапшы - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өзі белгілеген тәртіпке сәйкес аккредиттеген, бағалау қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;

      6) жолаушы - тасымалдаушымен ауызша немесе жазбаша нысанда тасымалдау шартын жасасқан жеке тұлға;

      7) жәбiрленушi - көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген тұлға, оны өтеу жөнiндегi мiндет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көлiк құралының иесi ретiнде сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелген;

      7-1) тікелей реттеу - көлік оқиғасында жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді жәбірленушімен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемін жүзеге асыру тетігі;

      8) стандартты шарт - сақтандыру полисiнде көрсетiлген көлiк құралының иесi болып табылатын жеке немесе заңды тұлғамен жасалатын және бiр немесе бiрнеше сақтандырылушы тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты;

      9) сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылушы болып табылады;

      10) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы сақтандырушыға соңғысы сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;

      11) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;

      12) сақтандыру төлемi - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;

      13) сақтандыру жағдайы - басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;

      14) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегiнде сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға;

      15) көлiк оқиғасы - көлiк құралын пайдалану процесiнде және оның қатысуынан туындаған оқиға, сондай-ақ көлiк құралынан ажырап кеткен бөлшектер мен ондағы жүктiң қозғалысы нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиян;

      16) көлік құралын пайдалану - көлік құралдарын жол үстінде, сондай-ақ лайықталып немесе бейімделіп оларға іргелес салынған және көлiк құралдарының қозғалысына пайдаланылатын аумақтарда жүру үшiн пайдалану.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының көлiк құралдары
              иелерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн
              мiндеттi сақтандыру туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен , осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық
              жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандырудың объектiсi

      Сақтандырылушы тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген, жоғары қауiптілік көзi ретiндегi көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру (бұдан әрi - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру) объектiсi болып табылады.

      4-бап. Көлiк құралдары иелерінiң жауапкершiлігін
              міндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi
              принциптерi

      1. Көлiк құралдарын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген үшiншi тұлғалардың мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады.
      2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi:
      жәбiрленушiлердiң мүлiктiк мүдделерiн осы Заңда белгiленген көлемде және тәртiппен қорғауды қамтамасыз ету;
      көлiк құралын оның иесiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегі сақтандыру полисi болған кезде пайдалану;
      тараптардың көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету;
      көлiк құралдары иелерінiң жол жүрiсi қауiпсіздiгiн арттырудағы экономикалық мүдделілігi болып табылады.

      5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндеттi
              сақтандырылуға жататын тұлғалар

      1. Iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнде тiркелген (мемлекеттiк тiркеуге жататын) немесе Қазақстан Республикасының аумағына уақытша енген (әкелiнген) жеңiл, жүк автомобильдерi, автобустар, шағын автобустар және олардың негiзiнде жасалған көлiк құралдары, мотокөлiк және олардың тiркемелерi (жартылай тiркемелерi), сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустар иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады.
      2. Көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi өзi пайдаланатын көлiк құралының әр бiрлiгi бойынша сақтандырылуға жатады.
      Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру шартын жасасу көлiк құралының иесiн көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттен босатпайды.
      3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты, басқа мемлекетте тiркелген, иесi осы мемлекет пен Қазақстан Республикасының арасында жасалған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасында танылатын көлiк құралдары иелерi жауапкершiлiгінiң сақтандыру шартын жасаған көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына енген жағдайда жасалмайды.
      4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнде мемлекеттiк тiркеуге және есепке алуға жатпайтын (трамвайлар мен троллейбустарды қоспағанда) көлiк құралдарының иелерiмен көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты жасалмайды.
      Осы тармақта аталған иелердiң көлiк құралдарын пайдалану нәтижесiнде жәбiрленушiлерге келтiрген зияны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен өтеледi.
      5. Өзiнiң қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiн атқаруына орай, оның iшiнде көлiк құралының иесiмен еңбек немесе өзге де шарт жасасу негiзiнде не мәмiленiң жазбаша нысанын ресiмдемей, көлiк құралы иесiнiң ерiк бiлдiруi негiзiнде оның қатысуымен көлiк құралын жүргiзушi адамның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатпайды.

2-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті
сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету      

      6-бап. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігін
              мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк
              бақылау және қадағалау

      1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттiк қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
      2. Көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелері жауапкершілігінің міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетінің орындалуына мемлекеттік бақылауды ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелері көлік құралдарын тіркеу, оларды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу және жол жүрісі ережелерінің сақталуын бақылау саласындағы өзінің өзге де өкілеттіктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерін жүзеге асыру кезінде жүзеге асырады.
      3. Көлiк құралдары иелерiнiң осы Заңда белгiленген көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттердi орындауын мемлекеттiк бақылауды Мемлекеттiк шекарадан өткiзу пункттерiнде көлiктiк бақылау органдары жүзеге асырады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006 жылғы 20 ақпандағы N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      7-бап. Көлік құралын көлік құралдары иелерінің
              жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынсыз
              пайдалануға жол бермеу

      1. Иесiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты болмаған жағдайда, көлiк құралын пайдалануға жол берiлмейдi.
      2. Көлiк құралын жүргiзетiн адам көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полисiн өзiмен бiрге алып жүруге және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес уәкiлеттігі бар жол полициясының қызметкерлерiне және көлікті бақылау органдарының лауазымды тұлғаларына тексеру үшiн оны көрсетуге мiндеттi.
      Iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлімшелері және көлікті бақылау органдары құжаттарды тексерген кезде көлiк құралын жүргiзушi адамнан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полисiн көрсетуiн талап етуге мiндеттi.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.     

      8-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершілiгiн
              мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың
              ерекшелiктерi

      1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алғанға дейін сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға:
      1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын құру және оның қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен аталған Қордың қатысушысы болуға;
      2) осы Заңда және өкілдер кеңесі бекіткен сақтандыру омбудсманының ішкі ережелерінде айқындалған тәртіппен және жағдайда өкілдер кеңесінің құрамына кіруге;
      3) оның астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдары және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы міндетті.
      2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін және аудиторлық есебін уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен және мерзімдерде, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспа басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жыл сайын жариялауға міндетті.
      3. Бәсекелестiктi шектеуге немесе болғызбауға, бiр сақтандырушыға екiншi сақтандырушының алдында көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу жөнiнде негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасауға бағытталған қызметке жол берiлмейдi.
      4. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі акционерлiк қоғамдар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру бойынша көрсететiн сақтандыру қызметiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алулар туралы заңдарына сәйкес алуға мiндеттi.
      5. алып тасталды
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.02.20. N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),  2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      8-1-бап. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
               жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі
               деректер базасы

      1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алғанға дейін осы Заңда айқындалған тәртіппен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасының (бұдан әрі - деректер базасы) қатысушысы болуға міндетті.
      2. Деректер базасы - сақтанушы, сақтандырылушы және сақтандырушы туралы ақпараттың жиынтығы.
      Сақтандыру есебі - деректер базасындағы ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны.
      Сақтанушы мен сақтандырылушы деректер базасының субъектілері болып табылады.
      3. Деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандырушылардың кемінде жетпіс проценті болып табылатын
қатысушылары бар ұйым ғана жүзеге асыруға құқылы.
      Ұйым деректер базасын қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңда көзделген талаптарды іске асыру функцияларын сапалы әрі уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпарат алуға құқылы.
      Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауаптылықта болады.
      5. Деректер базасын қалыптастыру үшін:
      1) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушылар;
      2) ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттардың негізінде өзге де тұлғалар ақпаратты жеткізушілер болып табылады.
      6. Ақпаратты жеткізуші:
      1) деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан берілген ақпаратты осы Заңға сәйкес пайдалануды талап етуге;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) ақпаратты беру және (немесе) алу туралы шартқа сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
      7. Ақпаратты жеткізушілер:
      1) деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасуға;
      2) осы Заңда және ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда айқындалған көлемде әрі тәртіппен деректер базасын қалыптастыру үшін деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ақпарат беруге;
      3) деректер базасы субъектісінің талап етуі бойынша деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға берілген ақпаратқа түзетулер енгізуге;
      4) деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға деректер базасының субъектісі туралы қолдағы мәліметтерге дәл сәйкес келетін ақпаратты беруге;
      5) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға;
      6) өз қаражаты есебінен ақпаратты алу мен өңдеудің тиісті талаптарын қамтамасыз етуге міндетті.
      8. Мыналар:
      1) уәкілетті орган;
      2) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушылар;
      3) деректер базасының субъектілері;
      4) сақтандыру және актуарийлік есептеулер саласында консультациялық қызметтер көрсететін консалтингтік және ғылыми-зерттеу ұйымдары;
      5) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетті орындауын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар сақтандыру есебін алушылар болып табылады.
      Осы тармақта көрсетілмеген өзге тұлғаларға ақпарат ұсынуға жол берілмейді.
      9. Осы баптың 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар тек қана өздері туралы сақтандыру есебін алуға құқылы.
      Осы баптың 8-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақыларының көлемі, сақтандыру жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары (мүлік пен денсаулық бойынша төлемдер бөлігінде) бойынша жиынтық ақпаратты қамтитын сақтандыру есебін ғана алуға құқылы.
      10. Ақпарат алушы сақтандыру есебін алуға және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
      Осы баптың 8-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар:
      1) ақпарат алушы ретінде тіркелген кезде өздері ұсынған мәліметтердің өзгеруі туралы хабарлауға;
      2) алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге;
      3) алынған ақпаратты тек осы Заңда көзделген мақсаттар үшін пайдалануға;
      4) деректер базасы субъектісінің талабы бойынша оны ақпараттың мазмұнымен таныстыруға не оған ақпарат алушының ішкі ережелеріне сәйкес оның көшірмесін беруге;
      5) тиісті шартпен айқындалған тәртіппен және мөлшерде деректер базасынан ақпаратты беру жөнінде көрсетілген қызметтің ақысын төлеуге;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.
      Ескерту. 8-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      8-2-бап. Деректер базасын қалыптастыру үшін
               ұсынылатын ақпарат

      1. Осы Заңның 8-1-бабының 5-тармағында көрсетілген ақпаратты жеткізушілер және осы Заңның 8-1-бабының 8-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар ақпаратты беру жөніндегі өз міндеттемелерін орындау және сақтандыру есептерін алу мақсатында деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға міндетті.
      2. Сақтандырушылар ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде әрбір жасалған сақтандыру шарты бойынша, сақтандыру сыйлықақыларының көлемі, сақтандыру жағдайлары туралы, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары (мүлік пен денсаулық бойынша төлемдер бөлігінде) туралы ақпарат береді.
      3. Осы баптың 2-тармағында тізіп көрсетілген ақпарат тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету біріктірген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық түрде беріледі.
      4. Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым сақтандырушыларға деректер базасының ақпараттық ресурстарын құруда және оған қол жеткізуде тең жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.
      Ескерту. 8-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      9-бап. Ақпараттық өзара iс-қимыл

      1. Iшкi iстер органдары көлiк оқиғасына қатысушыларға не олардың өкілдерiне, сондай-ақ сұратуы бойынша сақтандыру ұйымдарына сақтандыру жағдайының, сондай-ақ көлік оқиғасы орнынан жасырынған адам жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтірген жағдайдың басталу фактiсiн растайтын құжаттардың бiр-бiр данасын, оның iшiнде жол оқиғасының схемасымен қоса Жол жүрiсi ережелерiнiң бұзылуы туралы хаттаманың көшiрмесiн тегiн бередi.
      2. Көлiк оқиғасы және оның салдары туралы ақпараты бар Iшкi iстер органдары, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдар сақтандырушы және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өтініш жасаған кезде бұл ақпаратты жазбаша нысанда, мөрмен куәландырып тегін беруге міндетті.
      3. Сақтанушының (сақтандырылушының), жәбiрленушiнің немесе олардың мұрагерлерiнiң сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлауға мүмкiндiгi болмаған кезде ішкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерi тиiстi сақтандырушыны осы көлiк оқиғасы туралы хабардар етудi жүзеге асырады.
      Сақтандырушыға көлiк оқиғасы туралы кез келген басқа тұлғаның хабарлауға құқығы бар.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

3-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті
сақтандыру шарты

      10-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін
               міндетті сақтандыру шарты және оны жасасу
               тәртiбі

      1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында мүлiктің тауарлық құнының жоғалтылуын, сондай-ақ жәбiрленушiнің тауарларды жеткiзудiң немесе жұмыстарды жүргiзудiң (қызметтер көрсетудiң) мерзiмдерiн, оның келiсiм-шарттар (шарттар) бойынша өзге де мiндеттемелердi бұзуына байланысты тұрақсыздық айыбын өтеудi қоса алғанда, жәбiрленушінің моральдық зиянын және ала алмаған пайдасын өтеудi есептемегенде, жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi.
      3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi (сыныбы) бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс.
      Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi.
      Сақтандырушының сақтанушыға көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқығы жоқ.
      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға міндеттенедi.
      4. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттары мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) стандартты;
      2) кешендi.
      5. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисiн беруi арқылы жазбаша нысанда жасалады.
      Сақтанушының мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның  нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін өтiнiшi көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.
      6. Сақтандыру полисiнде, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 826-бабында тiзiп көрсетiлген талаптардан басқа, сақтандырушының бiр сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiнiң мөлшерi және шарттың түрi көрсетiлуге тиiс.
      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисiн ресiмдеу жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарында белгiленедi.
      7. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң дубликатын беруге мiндеттi.
      Сақтандыру полисi бланкiсiн жасауға және оның дубликатын ресiмдеуге жұмсалған шығыстарды сақтанушы (сақтандырылушы) өтейдi, бұл ретте өтелетiн шығыстардың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өтiнiш берiлген күнге белгiленген 0,1 айлық есептiк көрсеткiштен аспауы тиiс.
      8. Егер сақтандырушы көлiк құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбiрленушiнiң жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасасса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) және жәбiрленушiнiң алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттемелер атқарады.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      11-бап. Стандартты шарт

      1. Стандартты шарт бойынша бiр немесе бiрнеше көлiк иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгi сақтандырылуы мүмкiн.
      2. Стандартты шарт сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) пайдаланылатын көлiк құралының әр бiрлiгiне жеке сақтандыру полисiн беру жолымен жасалады.
      3. Сақтандыру полисiнде сақтанушы (сақтандырылушы, сақтандырылушылар) және пайдаланылатын көлiк құралы туралы мәлiметтер болуға тиiс.
      4. Сақтанушы (сақтандырылушы) стандартты шартты жасасқан кезде, сондай-ақ оның қолданылу мерзiмi iшiнде көлiк құралдары иелерiнiң бәрiн сақтандырылушылар ретiнде сақтандыру полисiне енгiзудi талап етуге құқылы.
      Сақтандырушы сақтандыру полисiне өзгерiстердi сақтанушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде енгiзедi.
      5. Стандартты шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан не:
      1) көлiк құралын оны жүргiзуге құқылы адам сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен жүргiзген;
      2) адам көлiк құралын сақтанушымен (сақтандырушымен) жазбаша нысанда ресiмделген еңбек шарты немесе өзге де шарт негiзiнде жүргiзген;
      3) көлiк құралын заңсыз иеленген адам, егер келтiрiлген зиян үшiн жауапкершілік сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелсе, көлiк құралын жүргiзген жағдайда туындаса, сақтандырылған деп есептелiнедi.
      6. Егер осы баптың 4-тармағында көзделген өзгерiстердi енгiзу сақтандыру сыйлықақысы мөлшерiнiң көбеюiне немесе азаюына әкеп соқса, сақтандырушы осы Заңға сәйкес сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн қайта есептеуге және сақтанушыдан қосымша төлемдi не сақтандырушының iс жүргiзуге жұмсаған шығыстарын жабуды ескере отырып сақтанушының артық төлеген сомасын қайтаруды талап етуге мiндеттi.

      12-бап. Кешендi шарт

      1. Кешендi шарт бойынша екi және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтандырылуы мүмкiн.
      2. Кешендi шарт сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) пайдаланылатын барлық көлiк құралдарына сақтандыру полисiн беру жолымен жасалады.
      3. Сақтандыру полисiнде сақтанушы (сақтандырылушы) - жеке тұлға және ол пайдаланатын көлiк құралдары туралы мәлiметтер болуға тиiс.
      4. Сақтанушы (сақтандырылушы) кешендi шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға мiндеттi көлiк құралдары санының көбеюi немесе азаюы жағдайында оларға қатысты сақтандыру полисiне өзгерiстер енгiзудi талап етуге құқылы.
      Сақтандырушы сақтандыру полисiне өзгерiстердi сақтанушының (сақтандырылушының) жазбаша өтiнiшi негiзiнде енгiзедi.
      5. Кешендi шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан не:
      1) көлiк құралын оны жүргізуге құқылы адам сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен жүргiзген;
      2) көлiк құралын заңға қайшы иеленген адам, егер келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелсе, көлiк құралын жүргiзген жағдайда туындаса, сақтандырылған деп есептелiнедi.
      6. Егер осы баптың 4-тармағында көзделген өзгерiстердi енгiзу сақтандыру сыйлықақысы мөлшерiнiң көбеюiне немесе азаюына әкеп соқса, Сақтандырушы осы Заңға сәйкес сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн қайта есептеуге және сақтанушыдан қосымша төлем жасауды талап етуге не сақтандырушының iс жүргiзуге жұмсаған шығыстарын жабуды ескере отырып, сақтанушының артық төлеген сомасын қайтаруға мiндеттi.

      13-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершiлігiн
               мiндетті сақтандыру шартының қолданылуы

      1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес жәбiрленушi деп танылған, оның iшiнде зиян келтiруге кiнәлi болып табылған сақтанушының (сақтандырылушының) көлiк құралында болған барлық адамдарға қатысты қолданылады, оған мыналар:
      1) осы көлiк құралын сақтанушымен (сақтандырылушымен) қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiн атқаруға орай, оның iшiнде көлiк құралының иесiмен еңбек немесе өзге де шарт негiзiнде не сақтанушының (сақтандырылушының) ерiк бiлдiруi негiзiнде, мәмiленiң жазбаша нысанын ресiмдемей, оның қатысуымен жүргiзген адам;
      2) егер сақтанушы (сақтандырылушы) тасымалдаушы болып табылса, оған Қазақстан Республикасы заң актісінің тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыруды регламенттейтiн талабы қолданылса, жолаушылар;
      3) егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен сақтанушыға (сақтандырылушыға) жұмыс берушi ретiнде қызметкердiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауы кезiнде денсаулығына және өмiріне зиян келтiргенi үшiн өз жауапкершiлiгiн сақтандыру міндетi жүктелсе, сақтанушының (сақтандырылушының) қызметкерлерi кiрмейдi.
      2. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында белгiленген күннен бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
      3. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты күшіне енгiзілген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады.
      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты жеке немесе заңды тұлғада көлiк құралын иелену құқығының пайда болған кезiнен бастап, бiрақ осы көлiк құралының iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнде мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткен кезiнен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасалуға тиiс.
      4. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын осы баптың 3-тармағында көзделгеннен өзгеше мерзімге:
      1) көлік құралын маусымдық, бірақ кемінде алты ай пайдаланған кезде;
      2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларымен (сақтандырушыларымен) жасасуға жол беріледі.
      5. Көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша енген жағдайда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты уақытша енген бүкiл кезеңге, бiрақ кемінде күнтiзбелiк бес күнге жасалады.
      6. Егер Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.02.20. N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      14-бап. Көлік құралдары иелері жауапкершілігінің
               міндетті сақтандыру шартының қолданылуын
               тоқтату

      1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндетті сақтандыру шарты:
      1) шарттың қолданылу мерзiмi бiткен;
      2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған;
      3) сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттейтін алғашқы сақтандыру жағдайы басталған жағдайларда тоқтатылған деп есептелiнедi.
      2. Сақтандыру төлемi жүзеге асырылған кезде сақтандырушы сақтандыру полисiн алып қоюға тиiс. Бұл ретте көлiк құралының (егер ол жойылмаса) иесi өзiнiң таңдауы бойынша мiндеттi сақтандырудың осы түрiн (сыныбын) жүзеге асыруға құқығы бар кез келген сақтандырушымен жаңа кезеңге көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.02.20. N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      15-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін
               міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын
               тоқтату

      1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндетті сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
      2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндетті сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату үшін сақтанушы (сақтанушы қайтыс болған жағдайда - оның мұрагерi (мұрагерлерi) сақтандырушыға жазбаша өтiнiш бередi.
      3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының бiр бөлiгiн мынадай мөлшерлерде қайтарып алуға құқығы бар:
___________________________________________________________________
Рет| Көлiк құралдары иелерiнiң   |  Сақтандырушы ұстап қалатын
N |  жауапкершiлігін мiндеттi   |   сақтандыру сыйлықақысының
   |  сақтандыру шарты күшiне    |   мөлшерi (жылдық сақтандыру
   |  енген кезден бастап ол     |сыйлықақысынан процент есебiмен)
   |мерзiмiнен бұрын тоқтатылған |
   | кезге дейiн өткен мерзiм    |
___________________________________________________________________
1 |              2              |              3
___________________________________________________________________
1  15 күнге дейiн, қоса алғанда                15
2  16 күннен 1 айға дейiн,
    қоса алғанда                                20
3  1 айдан 2 айға дейiн, қоса
    алғанда                                     30
4  2 айдан 3 айға дейiн, қоса
    алғанда                                     40
5  3 айдан 4 айға дейiн, қоса
    алғанда                                     50
6  4 айдан 5 айға дейiн, қоса
    алғанда                                     60
7  5 айдан 6 айға дейiн, қоса
    алғанда                                     70
8  6 айдан 7 айға дейiн, қоса
    алғанда                                     75
9  7 айдан 8 айға дейiн, қоса
    алғанда                                     80
10  8 айдан 9 айға дейiн, қоса
    алғанда                                     85
11  9 айдан 10 айға дейiн, қоса
    алғанда                                     90
12  10 айдан 11 айға дейiн, қоса
    алғанда                                     95
13  11 айдан жоғары                            100
___________________________________________________________________

      16-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері

      1. Сақтанушы:
      1) сақтандырушыдан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптарын, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
      2) сақтандыру полисiн жоғалтып алған жағдайда оның дубликатын алуға;
      3) жәбiрленушiнің денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметтердi пайдалануға;
      4) келтiрiлген зиянның мөлшерiне тәуелсiз сарапшы жүргiзген бағалаудың нәтижелерiмен және сақтандырушы жүзеге асырған сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есеп-қисабымен танысуға;
      5) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға;
      6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерiн азайту туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген тәртiппен дауласуға;
      7) сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген жағдайларда алуға құқылы.
      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.
      2. Сақтанушы:
      1) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде осы Заңға сәйкес көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн міндеттi сақтандыру шартына енгiзу үшiн қажеттi, соның ішінде қосарланған сақтандыру, көлік құралдарын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру және осы Заңда көзделген тәртіппен сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға берілген құқық туралы мәлiметтердi сақтандырушыға ұсынуға;
      2) сақтандыру сыйлықақыларын көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге;
      3) көлік оқиғасының және сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап кiдiрiссiз, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қолдан келетiн тәсiлмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы caқтандырушыға хабарлауға мiндеттi. Ауызша нысандағы хабарлама кейiннен (жетпiс екi сағат iшiнде) жазбаша түрде расталуға тиiс. Сақтанушы мен сақтандырылушы бiр тұлға болып табылмайтын жағдайларда, көлік оқиғасының және сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлау жөнiндегi мiндет сақтандырылушыға жүктеледi. Егер сақтанушының (сақтандырылушының) дәлелдi себептермен аталған iс-әрекеттердi орындау мүмкiндiгi болмаса, ол мұны құжаттармен растауға тиiс;
      4) көлiк оқиғасы болған кезде жәбiрленушілерге және жол полициясы қызметкерлерiне олардың талабы бойынша көлiк құралдары иелерi жауапкершілігiнiң мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушының атауын және орналасқан жерiн хабарлауға;
      5) көлiк оқиғасы болған кезде ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшiн қалыптасқан мән-жайларға ақылға қонымды және қолдан келетiн шараларды, оның iшiнде зардап шеккен адамдардың мүлкiн құтқару және оларға көмек көрсету шараларын қолдануға;
      6) көлiк оқиғасы және зардап шеккен адамдар туралы тиiстi органдарға және ұйымдарға олардың құзыретiне орай (iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiне, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметiне, авариямен күрес қызметiне) хабарлауға;
      6-1) көлік оқиғасы жасалған кезде кідіріссіз, бірақ уәкілетті лауазымды тұлғаның жазбаша жолдамасын алған кезден бастап екі сағаттан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуге;
      7) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлаған күннен бастап кідірiссiз, бiрақ екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей бұл туралы жәбiрленушiге хабарлауға;
      8) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
      3. Сақтанушының осы баптың 2-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында аталған мiндеттерi көлiк оқиғасы болған кезде көлiк құралын тiкелей жүргiзген адамға жүктеледi.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      17-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi

      1. Сақтандырушы:
      1) көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мәлiметтерден басқа, осы Заңға сәйкес көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартына енгiзу үшiн қажетті мәлiметтердi, оның iшiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандырудың осының алдындағы шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдерi туралы ақпаратты беруiн талап етуге;
      2) тиiстi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретiне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжаттарды сұратуға;
      3) көлік оқиғасының себептерін және өзге де мән-жайларын анықтауға;
      4) алып тасталды
      5) осы Заңның 28-бабында көзделген жағдайларда, зиян келтiргенi үшiн жауапты тұлғаға, керi талап қоюға;
      6) осы Заңның 29-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.
      2. Сақтандырушы:
      1) caқтанушыны (сақтандырылушыны) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптарымен таныстыруға, оның көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге;
      2) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқаннан кейiн сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисiн беруге;
      3) осы Заңның 11 және 12-баптарында көзделген жағдайларда сақтандыру полисiне өзгерiстер енгiзуге;
      4) осы Заңның 20-бабы 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға сақтандыру сыйлықақыларын төлеу жөнiнде жеңiлдiк жасауға;
      5) көлiк оқиғасы туралы хабар алынған кезде оны кiдiрiссiз тiркеуге;
      6) осы Заңда белгіленген мерзімде сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің өтініші бойынша зақымдалған (жойылған) мүлікке тәуелсіз сарапшыда бағалау жүргізуді ұйымдастыруға және бағалау туралы есепті пайда алушыға танысу үшін ұсынуға;
      7) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемiн осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде жасауға;
      8) сақтанушыға (сақтандырылушыға) олардың сақтандыру жағдайы кезiнде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатымен жұмсаған шығыстарын өтеуге;
      9) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.02.20. N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      18-бап. Жәбiрленушiнің құқықтары

      1. Жәбiрленушi:
      1) болуы салдарынан сақтанушы (сақтандырылушы) өзiне зиян келтiрген көлiк оқиғасы туралы сақтандырушыға хабарлауға;
      2) сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшін қажеттi құжаттарды жинауға және оларды сақтандырушыға табыс етуге;
      3) денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметтердi пайдалануға;
      4) келтiрiлген зиянның мөлшерiне тәуелсiз сарапшы жүргiзген бағалаудың нәтижелерiмен және сақтандырушы жүзеге асырған сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есеп-қисабымен танысуға;
      5) осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде сақтандыру төлемiн алуға;
      6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы немесе оның мөлшерiн азайтуы туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дау айтуға;
      7) көлiк құралының иесiне келтiрiлген зиянды келтiрiлген зиян сомасының алынған сақтандыру төлемi сомасынан асатын мөлшерде өтеуi туралы талап қоюға құқылы.
      2. Осы Заңда көзделген жағдайларда жәбiрленушiнiң осы баптың 1-тармағында белгiленген құқықтары пайда алушы ретiнде әрекет жасаушы өзге тұлғаларға өтедi.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

4-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары

      19-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi

      1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде төленуге тиіс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, оған көлік құралының тіркелген жеріне, көлік құралының түріне, сақтанушының (сақтандырылушының) жасына және жүргізу стажына, көлік құралының пайдаланылу мерзіміне, сақтанушының (сақтандырылушының) және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың осының алдындағы шартының қолданылу кезеңінде азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған тұлғалардың кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай осы баптың 3 - 10-тармақтарында белгіленген коэффициенттер ("бонус-малус" жүйелері) қолданылады.
      Көлік құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайларда тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер қолданылмайды.
      2. Базалық сақтандыру сыйлықақысы 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.
      3. Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Р/с

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың атауы

Көлік құралын тіркеу аумағы
бойынша коэффициент мөлшері
(астана, республикалық және
облыстық маңызы бар қалалар
үшін)

1

2

3

1.

Алматы облысы

1,78

2.

Оңтүстік Қазақстан облысы

1,01

3.

Шығыс Қазақстан облысы

1,96

4.

Қостанай облысы

1,95

5.

Қарағанды облысы

1,39

6.

Солтүстік Қазақстан облысы

1,33

7.

Ақмола облысы

1,32

8.

Павлодар облысы

1,63

9.

Жамбыл облысы

1,00

10

Ақтөбе облысы

1,35

11

Батыс Қазақстан облысы

1,17

12

Қызылорда облысы

1,09

13

Атырау облысы

2,69

14

Маңғыстау облысы

1,15

15

Алматы

2,96

16

Астана

2,2

      4. Осы баптың 3-тармағында аталған облыстардағы өзге де қалалар мен елді мекендер үшін жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін 0,8 мөлшеріндегі түзету коэффициенті қосымша пайдаланылады.
      5. Көлік құралының түрі бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Р/с

Көлік құралының түрі

Көлік құралының түрі
бойынша коэффициент
мөлшері

1

2

3

1

Жеңіл автомобильдер

2,09

2

Жолаушылар орны 16-ға дейін қоса алғанда автобустар

3,26

3

Жолаушылар орны 16-дан
артық автобустар

3,45

4

Жүк автомобильдері

3,98

5

Троллейбустар, трамвайлар

2,33

6

Мотокөлік

1,00

7

Тіркемелер (жартылай
тіркемелер)

1,00

      6. Жеке тұлғалар үшін жасына және жүргізу стажына қарай коэффициент мөлшері мынадай мөлшерде белгіленеді:

Р/с

Жасы және жүргізу стажы

Жасына және жүргізу стажына
қарай коэффициент мөлшері

1

2

3

1.

25 жастан кіші/жүргізу стажы
2 жылдан аз

1,10

2.

25 жастан кіші/жүргізу стажы 2 жылдан астам

1,05

3.

25 жас және одан үлкен
/жүргізу стажы 2 жылдан аз

1,05

4.

25 жас және одан үлкен /жүргізу стажы 2 жылдан астам

1,00

      7. Заңды тұлғалар үшін осы баптың 6-тармағында көзделген коэффициент 1,2 мөлшерде белгіленеді.
      8. Көлік құралының пайдаланылу мерзіміне қарай коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Р/с

Көлік құралының пайдаланылу
мерзімі

Көлік құралының пайдаланылу
мерзіміне қарай коэффициент
мөлшері

1

2

3

1.

7 жылға дейін, қоса алғанда

1,00


7 жылдан жоғары

1,10

      9. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың осының алдындағы шартының қолданылуы кезеңінде азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған тұлғалардың кінәсінен сақтандыру жағдайлары болғанына немесе болмағанына қарай ("бонус-малус" жүйелері) коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Сақ-
тан-
дыру-
мер-
зімі
бас-
тал-
ған-
дағы-
сынып

Коэффи-
циент
мөлшері

Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен
болған сақтандыру жағдайларының болғанын
ескере отырып, сақтандыру мерзімінің аяқталуы
бойынша сынып

0 сақ-
тандыру
жағдайы

1 сақтан-
дыру
жағдайы

2 сақ-
тандыру
жағдайы

3 сақ-
тандыру
жағдайы

4 және
одан
көп
сақтан-
дыру
жағдайы

1

2

3

4

5

6

7

М сы-
ныбы

2,45

0

М

М

М

М

0-сы-
нып

2,30

1

М

М

М

М

1-сы-
нып

1,55

2

М

М

М

М

2-сы-
нып

1,40

3

1

М

М

М

3-сы-
нып

1,00

4

1

М

М

М

4-сы-
нып

0,95

5

2

1

М

М

5-сы-
нып

0,90

6

3

1

М

М

6-сы-
нып

0,85

7

4

2

М

М

7-сы-
нып

0,80

8

4

2

М

М

8-сы-
нып

0,75

9

5

2

М

М

9-сы-
нып

0,70

10

5

2

1

М

10-
сынып

0,65

11

6

3

1

М

11-
сынып

0,60

12

6

3

1

М

12-
сынып

0,55

13

6

3

1

М

13-
сынып

0,50

13

7

3

1

М

      10. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайларының жиілігіне қарай оған сынып беріледі.
      11. Алғаш көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыға 3-сынып беріледі.
      12. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жаңа мерзімге жасасқан кезде көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың осының алдындағы шартының қолданылуы кезеңінде туындаған сақтандыру жағдайларының санына қарай төменгі сыныптан ең төменгі М сыныбын беру арқылы арттыратын коэффициент немесе сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен сақтандыру жағдайлары болмаған кезде ең жоғары сыныпты беру арқылы төмендететін коэффициент қолданылады.
      13. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын он екі айдан аз мерзімге жасасқан кезде көлік құралының бірлігіне сақтандыру сыйлықақыларының мынадай мөлшері белгіленеді:

Р/с

Сақтандыру мерзімі

Сақтандыру сыйлықақы-
сының мөлшері (жылдық
сақтандыру сыйлық-
ақысының проценті
есебімен)

1

2

3

1.

5 күн

10

2.

6 күннен - 15 күнге дейін, қоса алғанда

15

3.

16 күннен - 1 айға дейін, қоса алғанда

20

4.

1 айдан - 2айға дейін, қоса алғанда

30

5.

2 айдан - 3айға дейін, қоса алғанда

40

6.

3 айдан - 4айға дейін, қоса алғанда

50

7.

4 айдан - 5айға дейін, қоса алғанда

60

8.

5 айдан - 6айға дейін, қоса алғанда

70

9.

6 айдан - 7айға дейін, қоса алғанда

75

10.

7 айдан - 8 айға дейін, қоса алғанда

80

11.

8 айдан 9 айға дейін, қоса алғанда

85

12.

9 айдан - 10 айға дейін, қоса алғанда

90

13.

10 айдан - 11айға дейін, қоса алғанда

95

14.

11 айдан жоғары

100

      14. Кешенді сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы көлік құралының бір бірлігі үшін төленеді, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру полисінде көрсетілген көлік құралдары үшін белгіленген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерлерінің ең көп шамасына тең болып айқындалады.
      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      20-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерiн азайту

      1. Көлiк құралдарының иелерi - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер, зейнеткерлер стандартты шартты жасасқан кезде осы Заңның 19-бабына сәйкес есептелген, төленуге тиiстi сақтандыру сыйлықақысының елу процентi мөлшерiндегi сақтандыру сыйлықақысын төлейдi.
      Егер көлiк құралын осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар санатына жатпайтын басқа иелер де пайдаланатын болса, онда көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру мұндай жеңiлдiк берiлмей жүзеге асырылады.
      2. алып тасталды
      3. алып тасталды
      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       20-1-бап. Сақтандырушы көрсететін қосымша қызметтер

      Сақтандырушы сақтанушының келісімі болған кезде сақтанушыға (сақтандырылушыға) зақымдалған көлік құралын жөндеу уақытында көлік құралын беруді, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинау бойынша қызмет көрсетуді, сақтанушыға көмек көрсету үшін сақтандырушы өкілінің (авария комиссарының) көлік оқиғасы орнына баруын қоса алғанда, көлік оқиғасы жағдайында көмек көрсетумен байланысты қосымша ақылы қызмет көрсетуге құқылы.
      Ескерту. 20-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      21-бап. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу тәртiбi

      1. Егер көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын біржолғы төлеммен төлейдi.
      2. Сақтандырушы көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысын мерзiмiн ұзартып төлеудi көздеуге құқылы. Бұл ретте сақтандырушы көлiк құралы иелерiнің жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартының барлық қолданылу мерзiмi iшiнде сақтанушы алдында жауапты болады. Сақтанушының кезектi сақтандыру жарнасын төлемеуi сақтандырушы үшiн көлік құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға негiз болып табылмайды.
      3. Кезектi сақтандыру жарнасы уақтылы төленбеген кезде сақтанушы сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 353-бабында белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.

5-тарау. Сақтандыру жағдайын, келтірілген зиянның және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау

      22-бап. Сақтандыру жағдайын және келтiрiлген зиянның
               мөлшерiн айқындау

      1. Сақтандырылушының көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлген, көлiк құралдарын пайдалануы нәтижесiнде жәбiрленушi деп танылған адамдардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактіci сақтандыру жағдайы деп танылады.
      2. Жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi тиiстi ұйымдар берген құжаттар негiзiнде осы Заңға сәйкес айқындалады.
      3. Мүлiктiң зақымдалуы кезiнде келтiрiлген зиянның мөлшерi зақымдалған мүлiктi қалпына келтiру құнының есебi негiзге алынып, мүлiктiң сақтандыру жағдайы басталғанға дейiнгi есептелген амортизациясын (тозуын) шегере отырып айқындалады.
      Зақымдалған мүлiктi қалпына келтiру құны сақтандыру жағдайы басталған күнгi қолданыстағы нарықтық бағалар негiзге алынып есептелiнедi.
      4. Мүлiк жойылған кезде келтiрiлген зиянның мөлшерi оның сақтандыру жағдайы басталған күнгi нарықтық құны ескерiле отырып айқындалады.
      Егер қалпына келтiру техникалық жағынан мүмкiн болмаса немесе экономикалық тұрғыдан негiзсiз болса мүлiк жойылған деп есептеледi.  Мүлiктi қалпына келтiру, егер бұл ретте мүлiктi қалпына келтiруге арналған шығыстар оның сақтандыру жағдайы басталған күнгi нарықтық құнының сексен процентiнен асып кетсе, экономикалық тұрғыдан негiзсiз болып есептеледi.
      5. Мүлік зақымдалған кезде келтірілген зиянның мөлшерін тәуелсіз сарапшы бағалайды, оның бағалау нәтижесі сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.
      5-1. Сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері өз бетінше тәуелсіз сарапшының қызметін пайдалануға құқылы. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауға кеткен шығынды сақтандырушы көтереді.
      5-2. Сақтандырушы сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері бағалау жүргізуге берген өтініш пен сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттар негізінде үш жұмыс күні ішінде мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін тәуелсіз сарапшының бағалауын өз есебінен ұйымдастырады.
      Өзгеше дәлелдеуге құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері үшін бағалаудың нәтижелері міндетті болып табылмайды.
      Сақтандырушының пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемінен бағалау жүргізуге жұмсалған өз шығыстарын ұстап қалуға құқығы жоқ.
      5-3. Егер сақтандырушы осы баптың 5-2-тармағында белгіленген мерзімде келтірілген зиянды тәуелсіз сарапшының бағалауын ұйымдастырмаса, онда сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің өз бетінше тәуелсіз сарапшының қызметтерін пайдалануына және мүлікті қалпына келтіруді (кәдеге жаратуды) бастауына болады. Сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің тәуелсіз сарапшы қызметіне жұмсаған шығындарын сақтандыру төлеміне қарамастан өтеуге тиіс.
      6. Мүлкіне зиян келтiрiлген жәбiрленушi өзі немесе сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттарды берген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде iшiнде осы мүлiктi көлiк оқиғасынан кейiнгi күйiнде сақтауға және сақтандырушыға зақымдалған мүлікті қарауға, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыға келтірілген зиянға бағалау жүргізуге мүмкiндiк жасауға мiндеттi.
      6-1. Сақтандырушы зақымдалған мүлікті қараған және жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін тәуелсіз сарапшы бағалаған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде бағалау туралы есепті пайда алушыға танысу үшін береді.
      7. Сақтандыру жағдайын қасақана жасау, сондай-ақ сақтандыру төлемiн заңсыз алуға бағытталған өзге де алаяқтық iс-әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
      Ескерту. 22-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.02.20. N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       22-1-бап. Өміріне, денсаулығына зиян келтірілген
                жәбірленушілер болмаған жағдайда көлік
                оқиғасы басталған кездегі тұлғалардың
                іс-әрекеттері

      Көлік оқиғасы жасалған кезде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда, оның қатысушылары мүмкіндік болған кезде орын алған көлік оқиғасы туралы сақтандырушыларды хабардар етуге тиіс.
      Сақтандырушылар өз өкілдерін көлік оқиғасы болған орынға жіберуге құқылы.
      Көлік оқиғасына қатысушылар болған мән-жайды бағалауға және болжамды мөлшері елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне өзара келісе отырып, оқиғаның схемасын өз бетінше жасауға және оған қол қойып, оны ресімдеу үшін жақын постқа немесе ішкі істер органдарының бөлімшелеріне баруға құқылы.
      Ескерту. 22-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      23-бап. Келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындаудың
               ерекше шарттары

      Ескерту. 23-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      24-бап. Сақтандыру төлемiнің мөлшерiн айқындау

      1. Бiр сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша сақтандырушы жауапкершілігiнiң шектi көлемi мынаны құрайды (айлық есептiк көрсеткiшпен):
      1) әрбiр жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн және ол мыналарға әкеп соқса:
      қайтыс болуына - 1000,
      мүгедектiктiң:
      I тобы белгiленуiне - 800,
      II тобы белгiленуiне - 600,
      III тобы белгiленуiне - 500,
      "мүгедек балаға" - 500;
      мертiгуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектiк белгіленбеген өзге де бұзылуына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 300-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемiнiң мөлшерi стационарлық емделудiң әрбiр күнi үшiн кемiнде 2 айлық есептiк көрсеткiштi құрауы тиiс;
      2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден көп емес;
      3) бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері барлық жәбiрленушiге 2000-нан аспауға тиіс. Зиян мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асқан жағдайда сақтандыру төлемі әрбір жәбірленушіге оның мүлкіне келтірілген зиянға мөлшерлес дәрежеде жүзеге асырылады.
      2. Қаза болуына немесе мүгедектiк белгiленуiне әкеп соққан, жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi осы баптың 1-тармағында белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiнiң мөлшерiнде жүзеге асырылады.
      3. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн есептеу үшiн Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес белгiленген сақтандыру төлемi жүзеге асырылған күнгi айлық есептiк көрсеткiш пайдаланылады.
      4. Сақтанушының (сақтандырылушының) шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстары, eгep мұндай шығыстар қажеттi болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жұмсалса, егер тиiстi шаралар тiптi сәтсiз болса да, сақтандырушының өтеуiне жатады.
      Мұндай шығыстар нақты мөлшерiнде өтеледi, бұл ретте сақтандыру төлемiнiң және шығыстар өтемақысының жалпы сомасы көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасынан аспауға тиiс. Егер шығыстар сақтанушының сақтандырушы нұсқауларын орындауы нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз, толық мөлшерiнде өтеледi.
      Аталған шығыстарды сақтандырушы тiкелей шығыстарды шеккен адамға өтейдi.
      5. Сақтандыру сомасы келтiрiлген зиянды толығымен өтеу үшiн жетпеген кезде сақтанушы жәбiрленушiге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшерi арасындағы айырманы өтейдi.
      6. Жәбiрленушi қайтыс болған жағдайда жәбiрленушiнi жерлеген адамға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған қажетті шығыстарды нақты шығындар мөлшерiнде, бiрақ көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы шегiнде өтейдi.
      Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.02.20. N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      25-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы
               шарттары

      1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге адам жазбаша нысанда сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттармен қоса ұсынады.
      2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) сақтандыру полисi (оның дубликаты);
      2) сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжат;
      3) жәбірленушінің өміріне, денсаулығына зиян келтіру фактісі болған жағдайда жәбiрленушiнiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiнiң мерзiмi туралы денсаулық сақтау ұйымдары анықтамасының немесе мүгедектiк белгiленген жағдайда мамандандырылған мекемелердiң жәбiрленушiге мүгедектiк белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
      4) жәбiрленушiнiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесi;
      4-1) пайда алушының зиянды өтеттіру құқығын растайтын құжат (көшiрмесi);
      4-2) бағалау жүргізуге арналған өтініш;
      5) келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау жөнiнде тәуелсiз сарапшы жасаған құжаттар, олар болған кезде;
      6) пайда алушының жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi (жеке тұлға үшiн) немесе заңды тұлғаның өкiлiне берiлген сенiмхаттың түпнұсқасы;
      7) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (сақтандырылушының) шығынды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын растайтын құжаттар, олар болған кезде;
      8) сақтанушының (сақтандырылушының) немесе көлiк құралын жүргiзушi адамның жүргiзушi куәлiгiнiң көшiрмесi және оның осы көлiк құралын жүргiзуге құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi, соның ішінде көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
      Сақтандырушының сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) не жәбiрленушiден басқа қосымша құжаттарды талап етуiне жол берiлмейдi.
      3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш беруші ұсынған құжаттардың толық тізбесін және олар қабылданған күнді көрсете отырып, екі данада анықтама жасауға міндетті.
      Анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, екінші данасы өтініш берушінің оны алғандығы туралы белгі соғылып, сақтандырушыда қалады.
      Сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері осы баптың 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды бермеген жағдайда, сақтандырушы оларды үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
      4. Жәбiрленушi (ол қайтыс болған жағдайда - жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтеттiруге құқылы адам), сондай-ақ сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбiрленушiге (зиянды өтеттiруге құқылы адамға) келтiрiлген зиянды осы Заңда белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң көлемi шегiнде өтеушi және сақтандыру төлемiне құқық алған өзге де тұлға пайда алушы болып табылады.
      Мүлікке зиян келтірілген жағдайда осы мүліктің меншік иесі, ал ол қайтыс болған жағдайда зиянды өтеттіруге құқығы бар адамдар жәбірленуші болып танылады.
      5. Жәбiрленушiнiң жазбаша ресiмделген өтiнiшi немесе нотариат куәландырған сенiмхаты бойынша сақтандыру төлемi тiкелей оның денсаулығын және (немесе) мүлкiн қалпына келтiру жөнiнде қызмет көрсеткен (көрсетушi) тұлғаға жүзеге асырылуы мүмкiн.
      6. Жәбiрленушiнiң өмiрiне және денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi оған (зиянды өтеттiруге құқылы адамдарға) басқа сақтандыру шарттары бойынша тиесiлі сомаға қатыссыз жүзеге асырылады.
      7. Сақтандыру төлемi жүзеге асырылған кезде сақтандырушының пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттар қабылдауын талап етуге құқығы жоқ.
      8. Сақтандырушы осы мүлiктiң сақтандыру жағдайы басталған күнгi нарықтық құны мөлшерiндегi сақтандыру төлемiн жүзеге асырған жағдайда, оның мүлiктi және мүлiктiң қалдықтарын алуға құқығы бар.
      Ескерту. 25-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      26-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру тәртiбi

      1. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы Заңның 25-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде төлейдi.
      2. алып тасталды
      2-1. Бірнеше жәбірленушінің мүлкіне зиян келтірілген жағдайда, сақтандырушы барлық жәбірленушілердің құжаттарын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, бірақ басқа сақтандырылғандардың құжаттарды беруіне қарамастан, сақтандырушыға бірінші болып құжаттарын берген жәбірленушіден құжаттар алған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей сақтандыру төлемін бастауға міндетті.
      3. Егер сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соққан оқиғаның нәтижесiнде жәбiрленушiнiң денсаулығы нашарлап кетсе (мүгедектiк не мүгедектiктiң неғұрлым жоғары тобы белгiленсе) не қайтыс болса, онда сақтандырушы жәбiрленушіден (пайда алушыдан) келiп түскен өтiнiштiң және тиiстi құжаттардың негiзiнде, сақтандыру төлемiнiң сомасына осы Заңда белгiленген тәртiппен және мөлшерде қайта есептеу жүргiзуге мiндеттi.
      Бұл ретте сақтандыру төлемiнiң сомасын қайта есептеу кезiнде бұрын төленген сомалар есепке алынады.
      4. Сақтандыру төлемi уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 353-бабында белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
      Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.02.20. N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       26-1-бап. Тікелей реттеу

      1. Сақтандыру жағдайы басталған кезде жәбірленуші немесе жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқылы тұлға,
сақтандыру жағдайына кінәлі тұлғада сақтандыру полисі болған кезде жәбірленуші көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыға сақтандыру төлемін алу үшін өтініш жасайды.
      2. Сақтандырушы осы Заңның 25-бабы 2-тармағының 1) - 6) тармақшаларында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін жүргізеді.
      3. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушы өз шығыстарын өтету үшін сақтандыру жағдайына кінәлі тұлғаның сақтандырушысына өтініш жасайды.
      4. Тікелей реттеуді жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      Ескерту. 26-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      27-бап. Бiрнеше тұлға зиян келтiрген кездегi сақтандыру
               төлемi

      Тұлғаға иелерiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары бар бiрнеше көлiк құралдары зиян келтiрген кезде пайда алушы сақтандыру төлемiн олардың әрқайсысынан жеке-жеке алуға құқылы. Әрбiр сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы Заңда белгiленген жауапкершiлiк көлемi шегiнде және сақтанушы жауапкершілiгiне тең мөлшерде жүзеге асырады. Бұл ретте барлық сақтандырушылар жасаған сақтандыру төлемiнiң жалпы сомасы жәбiрленушiге келтiрiлген нақты зиян мөлшерiнен және әрбiр сақтандырушы үшiн көзделген жауапкершілiктiң шектi көлемiнен аспауға тиiс.

      28-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы

      1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылушыға) төленген сома шегiнде мынадай жағдайларда, егер:
      1) сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi оның, қажеттi қорғану және аса қажеттiлiк жағдайында жасалған iс-әрекеттерiн қоспағанда, сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септiгiн тигiзетiн қасақана iс-әрекеттерi салдарынан басталса;
      2) сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi оның көлiк құралын алкогольге, есiрткiге немесе уытқұмарлыққа мас болып жүргiзуi салдарынан басталса;
      3) көлiк құралын жүргiзушi адамның оны жүргiзу құқығы болмаса;
      4) соттың iстi талқылауы барысында сақтандыру жағдайы көлiк құралының техникалық ақауы салдарынан болғаны, олар туралы сақтанушының (сақтандырылушының) бiлгенi немесе бiлуге тиiстi екенi анықталса;
      5) көлiк құралы оның техникалық сипатына сай емес мақсаттарға пайдаланылса;
      6) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды азайту жөнiндегi шараларды қасақана қолданбаса;
      7) көлiк құралын жүргiзушi адам көлiк оқиғасы болған жерден қашып кетсе;
      8) көлік құралын жүргізген және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландыруға жіберілген тұлға дәлелсіз себептермен мұндай куәландырудан өтпесе, кері талап қоюға құқылы.
      2. Егер осы баптың 1-тармағында тiзiп көрсетiлген жағдайларда келтiрiлген зиянға көлiк құралын оның иесiмен еңбек қатынасына орай немесе мәмiленің жазбаша нысанын ресiмдемей оның иесiнiң қатысуымен пайдаланған тұлға кiнәлi болып табылса, онда сақтандырушының осы көлiк құралының иесiне керi талап қоюға құқығы бар.
      3. Сақтанушының (сақтандырылушының) сақтандырушы сақтандыру нәтижесiнде өтеген шығындар үшiн жауапты адамға керi талап қою құқығы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға ол төлеген сома шегінде ауысады. Бұл ретте, егер сақтандыру жағдайы автомобиль жолдарының және олардың бойындағы ғимараттардың қанағаттанғысыз күтiмiнен туындаған жол жағдайы себептерiнен болғаны анықталса, көлiк құралы иесiнің осындай жағдайлар жасауға кiнәлi тұлғаға талап қою құқығы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға ауысады.
      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      29-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге
               асырудан босату негіздерi

      1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
      1) қажеттi қорғану және аса қажеттілiк жағдайда жасалған iс-әрекеттердi қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септiгiн тигiзетiн қасақана iс-әрекеттерi;
      2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған iс-әрекеттерi салдарынан болса, сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.
      2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн сондай-ақ:
      1) сақтанушының шығынның тиiстi өтемiн шығын келтiруге кiнәлi тұлғадан алуы;
      2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау;
      3) сақтанушының (сақтандырылушының) көлiк құралын жарыстарда, сынақтарда немесе жүргiзудi үйретуге арнайы лайықталған орындарда оқыту кезiнде пайдалануы;
      4) көлiк құралын тиеу немесе түсiру кезiнде зиян келтiру;
      5) жәбiрленушiнiң мүлкiне ақша, бағалы қағаздар, алтын, күмiстен жасалған бұйымдар, құнды заттар, әсемдiк бұйымдар, өнер туындылары немесе басқа да құндылықтар түрiнде зиян келтiру;
      6) жәбiрленушiнiң осы Заңның 22-бабы 6-тармағының талаптарын бұзуы негiз болуы мүмкiн.
      3. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту үшiн негiздер бар кезде сақтандырушы өтінішті және осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бас тарту себептерiнiң дәлелдi негiздемесi келтiрiлген сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жазбаша нысанда жiберуге мiндеттi.
      4. Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыны уақтылы хабардар етпеу не оған хабарламау, егер бұл дәлелдi себептерге байланысты болса және сақтандыру жағдайының басталғаны, жәбiрленушінің өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiрiлгенi туралы фактiнi растайтын тиiстi құжаттар ұсынылса және мүлiк бағалау үшiн көлiк оқиғасынан кейiнгi күйiнде ұсынылса, сақтандыру төлемiнен бас тарту үшiн негiз бола алмайды.
      5. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
      1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивтiк улану әсерiнiң;
      2) соғыс қимылдарының;
      3) азамат соғысының, түрлi сипаттағы халық толқуларының, жаппай тәртiпсiздiктердiң немесе ереуiлдердiң салдарынан басталса, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады.
      5-1. Сақтандыру төлемі сақтандыру полисінде көрсетілген зақымдалған көлік құралы үшін төленбейді.
      6. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ.
      Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.02.20. N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      30-бап. Дауларды қараудың тәртібі

      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Pecпубликасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.

       30-1-бап. Сақтандыру омбудсманы, оның мәртебесі
                және оны сайлау

      1. Сақтандыру омбудсманы - көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша сақтандырушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеуді
жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға.
      2. Сақтандыру омбудсманын сайлауды өкілдер кеңесі жүзеге асырады.
      Өкілдер кеңесі:
      1) әрбір сақтандырушының;
      2) уәкілетті органның бір-бір өкілінен құрылады.
      3. Уәкілетті орган сақтандыру омбудсманы лауазымына сайлау үшін кандидатураны ұсынады. Сақтандыру омбудсманы өкілдер кеңесінің көпшілік даусымен сайланады. Өкілдер кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда, уәкілетті орган өкілінің даусы шешуші болып табылады.
      4. Сақтандыру омбудсманы екі жыл мерзімге сайланады.
      Өкілдер кеңесі сақтандыру омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
      Сақтандыру омбудсманының өкілеттігін өзінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтату өкілдер кеңесіне жазбаша хабарлау негізінде жүзеге асырылады.
      Сақтандыру омбудсманының өкілеттігі аталған хабарламаны өкілдер кеңесі алған кезден бастап тоқтатылады.
      Ескерту. 30-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      30-2-бап. Сақтандыру омбудсманына қойылатын талаптар

      1. Сақтандыру омбудсманы болып сайлану үшін:
      1) жоғары білімі жоқ;
      2) сақтандыру саласындағы жұмыс өтілі үш жылдан кем;
      3) өтелмеген не заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар;
      4) бұрын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы,
сақтандыру ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ сақтандыру ұйымын немесе басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе оларды банкрот деп тану туралы шешімдер қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру ұйымының немесе басқа да заңды тұлғаның басшы қызметкері болған тұлға ұсынылмайды.
      2. Сақтандыру омбудсманының сақтандыру ұйымдарындағы кез келген лауазымды қызметті атқаруға және (немесе) сақтандыру ұйымдарының аффилиирленген тұлғасы болуға құқығы жоқ.
      3. Сақтандыру омбудсманының осы бапта көзделген талаптарға сай келмейтіні белгілі болған жағдайда, өкілдер кеңесі сақтандыру омбудсманын қайта сайлауға құқылы.
      Ескерту. 30-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      30-3-бап. Сақтандыру омбудсманының шешім
                қабылдау тәртібі

      1. Сақтандыру омбудсманы шешімді жеке-дара қабылдайды, ол сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіретін сақтандырушының назарына жазбаша нысанда жеткізіледі.
      Сақтандыру омбудсманы шешімдер қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
      2. Сақтандыру омбудсманының шешімін сақтандырушы орындауға тиіс.
      3. Сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімін ол
белгілеген мерзімде орындамаған жағдайда, сақтандыру омбудсманы бұл
туралы кідіріссіз, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері талаптарының бұзылу фактісін растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
      4. Сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда осы шешім бойынша сотқа шағымдануға құқылы.
      Ескерту. 30-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      30-4-бап. Сақтандыру омбудсманының қызметі

      1. Сақтандыру омбудсманының қызметі уәкілетті органмен келісілген және өкілдер кеңесі бекіткен ішкі ережелердің негізінде жүзеге асырылады.
      2. Сақтандыру омбудсманы жүктелген функцияларды тиісінше атқару мақсатында өкілдер кеңесінің келісімі бойынша құрылымды және штатты (сақтандыру омбудсманының қеңсесін) құруға құқылы.
      Ескерту. 30-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      31-бап. Қазақстан Республикасының көлік құралдары
               иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру
               туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының көлiк құралдары иелерінің жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы заңдарын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті