Көлік оқиғасының схемасын жасау ережесін және олардың үлгі нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 9 ақпандағы № 52 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 15 ақпанда № 6778 тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 10.09.2015 № 754 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңының 22-1-бабының 4-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесі (Бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың полиция департаменттерінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөліністерінің жұмысын осы Ереженің талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 19.09.2022 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Қ.С. Тыныбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және оның жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне жүктелсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 10.09.2015 № 754 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр

С. Баймағанбетов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы Қаржы

      нарығын және қаржы ұйымдарын

      реттеу мен қадағалау агенттігінің

      төрайымы _________ Е.Л. Бахмутова

      2011 жылғы 11 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 9 ақпандағы № 52
бұйрығына қосымша

Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесі

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары әкімшілік полиция бөліністерінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін және көлік оқиғалары кезінде жұмысты жүзеге асыруға қатысты талаптарды айқындайды;

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 10.09.2015 № 754 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол құрылыстарын немесе өзге де мүліктің зақымдануына әкеп соқтырған, оның ішінде жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқтырған қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері жоқ көлік оқиғалары туындаған кезде әкімшілік полицияның лауазымды адамдары көлік оқиғасының сызбасын жасайды және хаттамаға қоса тігеді. Оған оқиғаға қатысушылар мен куәлардың түсініктемелері, көлік оқиғасы фактісі бойынша әкімшілік іс тіркелгеннен кейін ішкі істер органдарының кезекші бөлімінің оған уәкілетті лауазымды адамы көлік құралдарын жүргізушілеріне беретін көлік құралдарының бүлінуі туралы анықтамалар қоса тігіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 10.09.2015 № 754 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Анықтама тіркеу нөмірін көрсете отырып, жеке журналда тіркелуі және көлік оқиғасының қатысушысына қол қойғызып, берілуі тиіс.

      4. Көлік оқиғасының сызбасында:

      1) көлік оқиғасының орны (жол, көше, елді мекен, аумақ және жер учаскесі);

      2) жүріс бөлігінің ені, әрбір бағытқа арналған қозғалыс жолағының саны;

      3) соқтығысқан орынды көрсете отырып, көлік құралдарының соңғы жағдайындағы (артқы және алдыңғы доңғалақтардың осьтері бойынша) көлік құралдарының (көлік құралының) сызбалық суреті;

      4) көлік оқиғасы орын алғанға дейін оған қатысушылардың қозғалысының бағыты;

      5) бар болған жағдайда - әрекеті көлік оқиғасы орын алған жол учаскесіне әсер ететін жол таңбасының, жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының (белгілер, бағдаршам объектілері, қоршаулар және т.б.), қауіпсіздік белгілері, қоғамдық көліктің аялдамалары, жарық тіреулер, жарнама қалқандары, электр беру және байланыс желілері, қоршаулар, тротуарлар, гүлзарлар, жасыл алқаптар, көлік оқиғасы орнына жақын орналасқан құрылыстардың бар-жоғы;

      6) бар болған жағдайда - көше (көшелердің) атауы, жақын орналасқан үйдің (үйлердің) нөмірлері, жақын орналасқан шақырым көрсеткіш, жақын орналасқан елді мекендердің атаулары көрсетіледі.

      5. Сызбада көрсетілген объектілерді көрсету әр түрлі құрылыстар, белгілер, бағдаршам объектілері, қоршаулар, бағдаршам тіреуіштері, жарнама қоршаулары және басқа да стационарлық объектілер болуы станционарлық бекетке (стационарлық бекеттерге) бекіте отырып, көлік құралындағы (доңғалақтардың тепкішегі, тіркеу күршегі және көлік құралындағы басқа да базалық нүктелер) базалық нүктелерден ұзындығы мен ені бойынша екі мөлшерді белгілеу арқылы жүргізіледі. Көлік құралдарының қалпын тіркеу көлік құралының кемінде екі базалық нүктелері бойынша жүргізіледі.

      6. Жол белгілерін және таңбаларын бейнелеу олардың цифрлық белгілеулері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) бекітілген Жол жүрісі қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.10.2023 № 748 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Егер жабынның тозуынан немесе қардан жол жүрісінің жиегі анық көрінбесе немесе болмаса көрінбесе (құм жолдар), онда өлшеу алдында жерде базалық сызық жүргізіледі. Екі стационарлық объектінің арасында лентамен немесе жіппен (арқан) тартады және оларды базалық деп аталатын алынған сызықтан өлшейді. Базалық сызықты бірдей тең ұзындыққа-1 метрге бөледі.

      8. Көлік оқиғасының қатысушылары осы Ережеге № 1 қосымшада көзделген Көлік оқиғасы бойынша мәліметтер тізбесіне сәйкес көлік оқиғасының мән-жайларын көрсетеді.

      9. Суретке түсіретін құралдар бар болған жағдайда көлік оқиғасы әр түрлі нүктелерден суретке түсіріледі.

      9-1. Сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары және (немесе) аспаптары (аппараттар, құрылғылар) болған кезде көлік оқиғасының схемасын электрондық форматта жасауға болады.

      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 19.09.2022 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көлік оқиғасының сызбасы осы Қағидалардың 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жасалады және оған оны жасаған лауазымды адам, жүргізушілер, көлік оқиғасына қатысушылардың талабы бойынша куәгерлер қол қояды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 01.09.2023 № 673 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Ішкі істер органдарының уәкілетті лауазымды адамы:

      1) көлік оқиғаларына қатысушыларға не болмаса олардың өкілдеріне қол қойғыза отырып, тегін негізде Жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтар туралы хаттаманың көшірмесін және көлік оқиғасының сызбасын береді;

      2) сақтандырушы жүгінген кезде тегін негізде ішкі істер органдары бөлінісі басшысының қолымен осы сақтандырушымен келісімшарт жасасқан адамның қатысуымен болған көлік оқиғасы туралы және көлік оқиғасы салдары туралы ақпаратты (көлік оқиғасының фабуласы, қайтыс болған, жарақаттанған адамдар туралы, көлік оқиғасы нәтижесінде көлік құралының бүлінулері туралы мәліметтер) және көлік оқиғасына қатысты құжаттардың көшірмелерін береді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 10.09.2015 № 754 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Көлік оқиғасының сызбасын
жасау ережесіне
1-қосымша

Көліктік оқиға бойынша мәліметтер тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 19.09.2022 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Көліктік оқиға бойынша мәліметтер тізбесі Көлік оқиғасына қатысушалар толтыратын мәліметтер

1

2

3

1.

Көлік оқиғасына қатысушылардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

1....................
2....................
3....................

2.

Көлік оқиғасына қатысушылардың тұратын жерлері, байланыс телефондары

1....................
2....................
3....................

3.

Көлік оқиғасына қатысушылардың әрқайсысының жүргізуші куәлігінің нөмірі, кім және қашан берілді

1....................
2....................
3....................

4.

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (сақтандыру полисінің) келісім шартының сериясы, нөмірі, сақтандыру полисін берген сақтандыру ұйымының атауы


5.

Көлік оқиғасы куәгерлерінің тектері, аттары, әкелерінің аттары (болған жағдайда)

1....................
2....................
3....................

6.

Көлік оқиғасы куәгерлерінің тұратын жерлері, байланыс телефондары

1....................
2....................
3....................

7.

Көлік оқиғасының жасалған күні мен уақыты


8.

Көлік оқиғасына қатысқандардың басқаруындағы көлік құралдарының түрі, маркасы, моделі және тіркеу нөмірі

1....................
2....................
3....................

9.

Көлік оқиғасы жасалған орын (мысалы, км, тас жол); №___ үйге қарама-қарсы көше; көше мен даңғыл қиылысы және басқада жағдайлар


10.

Көлік оқиғасының түрі (адам басып кету, соқтығысу, аударылу және басқада жағдайлар).


11.

Жол жүрісі бөлігінің жағдайы (көлденең, ойлы, қазылған, шұңқырлары бар және басқа да сипаттамалар)


12.

Көлік құралдарының ақаусыз болуы (ақауы болған жағдайда - көрсетілсін, қашан байқалды және оны жою үшін қандай шаралар қабылданды)


13.

Көлік оқиғасына қатысушылардың қозғалыс бағыты (стационарлық объектіден солға немесе оңға)


14.

Көлік оқиғасына дейінгі көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығы (сағ/км)


15.

Жол жүрісі бөлігі жабынының жағдайы (асфальт, бетон және басқа)


16.

Жол жабынының жағдайы (құрғақ, сулы, батпақ, мұз жабынған және басқа)


17.

Жол жабынының бағытқа арналған (бір, екі) ені (метрмен)


18.

Тәулік уақыты (қараңғы, жарық)


19.

Оқиға болған сәттегі метеорологиялық жағдай


20.

Осы учаскедегі қозғалысты реттеу тәсілі (бағдаршам, реттеуші, жол белгілері)


21.

Көлік оқиғасы болған жердегі жол белгілері (олардың атаулары)


22.

Көрінуі (метрлерде) (тәуліктің қараңғы уақыты жағдайында не көрінуі шектелген, көлік құралында қандай жарық беру құралы қосылғаны көрсетілсін)

Фаралардың жарығы сөндірілген метр:
алыстан метр;
жақыннан метр;
күндізгі жарық кезінде метр.

23.

Көлік оқиғасы болған жердің жарығы (қалалық электр жарығы, айналадағы үйлердің жарығы, жарықтың басқа да көздері)


24.

Жүріп келе жатқан автомобильдің жолағынан жүргізуші кабинасынан көрінуі (метрлерде)

оңға метр;
солға метр.

25.

Сызба жасалған кезде (суретке, бейне жазбаға, аудио жазбаға) түсіріледі.


      Көлік оқиғасына қатысушылардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):

      1. __________________________ _____________

      (қолы)

      2. _________________________ ______________

      (қолы)

      3. ...

      Көлік оқиғасының куәгерлерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):

      1.___________________________________ ________

      (қолы)

      2.___________________________________ ________

      (қолы)

      3....


  Көлік оқиғасының сызбасын
жасау ережесіне
2-қосымша

Көлік оқиғасының сызбасы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 19.09.2022 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      Сызбамен келісеміз

      1. Жүргізуші ___________________________

      2. Жүргізуші ___________________________

      Куәгерлер: 1.______________________________

      /Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/

      2. _________________________________________

      /Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/

      Лауазымды адамның қолы _______________

      Сызбаның көшірмесін алдым _____________


  Көлік оқиғасының сызбасын
жасау ережесіне
3-қосымша

Көлік оқиғасының сызбасы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 19.09.2022 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      Сызбамен келісеміз

      1. Жүргізуші _______________________

      2. Жүргізуші _______________________

      Куәгерлер:

      1._______________________________

      /Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/

      2. __________________________________________

      /Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/

      Лауазымды адамның қолы ___________________

      Сызбаның көшірмесін алдым _________________

  Көлік оқиғасының сызбасын
жасау ережесіне
4-қосымша

Көлік оқиғасының сызбасы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 19.09.2022 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      Сызбамен келісеміз

      1. Жүргізуші _______________________

      2. Жүргізуші _______________________

      Куәгерлер: 1._________________________________

      /Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/

      2. ____________________________________________

      /Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/

      Лауазымды адамның қолы __________________

      Сызбаның көшірмесін алдым ________________

  Көлік оқиғасының сызбасын
жасау ережесіне
5-қосымша

Көлік оқиғасының сызбасы

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 19.09.2022 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      Сызбамен келісеміз

      1. Жүргізуші ________________________________

      2. Жүргізуші ________________________________

      Куәгерлер: 1.___________________________________

      /Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/

      2. _______________________________________________

      /Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/

      Лауазымды адамның қолы _________________

      Сызбаның көшірмесін алдым _______________

  Көлік оқиғасының сызбасын
жасау ережесіне
6-қосымша

Көлік оқиғасының сызбасы

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 19.09.2022 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      Сызбамен келісеміз

      1. Жүргізуші _______________________

      2. Жүргізуші _______________________

      Куәгерлер:1.________________________________

      /Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/

      2. _____________________________________________

      /Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/

      Лауазымды адамның қолы ____________________

      Сызбаның көшірмесін алдым ______________________