Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрез

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 31 тамыздағы № 282 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 қазанда № 8003 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мыналардың:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдері және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 24 тамыздағы № 84 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5801 тіркелген);

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдарының жылдық қаржылық есебiн жариялау туралы" 2003 жылғы 29 шілдедегі № 268 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2456 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 282 қаулысымен
бекітілді

Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды және қызметінің айрықша түрі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, акционерлік қоғамдар мен қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау тәртібін, тізбесін және мерзімдерін белгілейді.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Акционерлік қоғамдар және қаржы ұйымдары (банк және сақтандыру холдингтерін қоспағанда) жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті жариялайды.

      2. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары жыл сайын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (еншілес ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігін және аудиторлық есебін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде қосымша жариялайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.09.2019 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Бағалы қағаздары шетелдік қор биржаларына айналысқа жіберілген екінші деңгейдегі банктер және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылған бухгалтерлік балансты және пайда мен зиян туралы есепті жариялайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, екінші деңгейдегі банктер және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылмаған бухгалтерлік балансты және пайда мен зиян туралы есепті жариялайды.

      4. Екінші деңгейдегі банктерді және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамын қоспағанда, қаржы ұйымдары қаржылық есептілікті жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмейтін мерзімде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қағидалардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынады.

      Ескерту. Қағида 4-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.09.2013 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.11.2019 № 185 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарына халықаралық стандарттарға сәйкес келетін мынадай қаржылық есептілікті жариялайды:

      1) бухгалтерлік есептің деректері бойынша жылдық есептілік;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігі, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі, аудиторлық есепте берілген мәліметтердің дәйектілігін аудиторлық ұйым растағаннан және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі бекіткеннен кейінгі аудиторлық есеп;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері бекіткен Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігі, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі, сондай-ақ, онда ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растайтын, тексерілетін Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінен, олардың акционерлерінен (қатысушыларынан) және аудиторлық ұйымның басшы қызметкерлерінен тәуелсіз аудиторлық есеп.

      Ескерту. Қағида 5-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру ұйымдарының филиалдары жыл сайын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігін және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде аудиторлық есепті қосымша жариялайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктерінің филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін активтер мен міндеттемелер туралы есепті, кірістер мен шығыстар туралы есепті жариялайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерлерінің филиалдары олардың Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандыру брокерлерінің бухгалтерлік есеп деректері және есептілігі бойынша есептілік жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидалардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынады.

      Ескерту. Қағида 6-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.