Халықты жұмыспен қамту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңы. Күші жойылды - ҚР 06.04.2016 № 482-V Заңымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 06.04.2016 № 482-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 39-баптың 2-т. қараңыз).

      МАЗМҰНЫ

Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган", "Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздер тиiсiнше "Уәкiлеттi орган", "Уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84 Заңымен.
Осы Заң халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттейдi.
 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші Қазақстан Республикасының нысаналы топтардағы азаматтарын жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен шарт негізінде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
2) әлеуметтік келісімшарт – бір жағынан, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары және оралмандар қатарындағы жеке тұлға және екінші жағынан, халықты жұмыспен қамту орталығының арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
2-1) әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;
3) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);
4) еңбек нарығы – экономикалық тұрғыдан белсендi халыққа сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;
5) еркiн таңдап алынған жұмыспен қамтылу – Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекке, жұмыс орны мен кәсiптi таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы өздерi таңдап алған қызметi;
6) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша жұмысқа орналастырылған қызметкерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы төлеу шығындарының бір бөлігін өтеу;
РҚАО-ның ескертпесі!
7) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
7) жастар практикасы – жергілікті атқарушы органдар өңірлік еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып ұйымдастыратын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында іске асыратын еңбек қызметінің түрі;
8) жеке жұмыспен қамту агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;
9) жұмысқа орналастыру – халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
10) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды мемлекеттік қолдау шаралары;
11) жұмыспен қамтылу – жеке қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты және (немесе) табыс немесе кіріс әкелетін еңбек қызметі;
12) жұмыспен нәтижелi қамтылу – орнықты экономикалық өсу мен әлеуметтiк тиімділікті қамтамасыз ететiн жұмыспен қамтылу;
13) жұмыссыздар – кіріс әкелетiн еңбек қызметiмен айналыспайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге әзiр, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;
14) жұмыссыздық – экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың бiр бөлiгiнiң еңбек нарығында қажет болмай қалуынан туындайтын әлеуметтiк-экономикалық құбылыс;
15) жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешенi;
15-1) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
15-2) кәсіптік бағдарлау – Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға олардың қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін және еңбек нарығындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды ескере отырып, өзін-өзі кәсіптік тұрғыдан айқындауға, жұмыспен қамтудың оңтайлы түрін таңдауға жәрдемдесудің арнайы шаралар кешені;
РҚАО-ның ескертпесі!
16) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
16) Қазақстан Республикасының табысы аз азаматтары (отбасылары) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтiк көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;
17) қоғамдық жұмыстар – жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыттағы және Қазақстан Республикасы азаматтарының уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн уәкілеттi органның жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi;
17-1) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары;
18) нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар ретiнде осы Заңмен белгiленген адамдар топтары;
19) орталық атқарушы орган – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
РҚАО-ның ескертпесі!
1-бапты 19-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
20) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
РҚАО-ның ескертпесі!
1-бапты 20-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
21) уәкiлеттi орган – өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесi;
22) ұзаққа созылған жұмыссыздық – он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыздық;
22-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
РҚАО-ның ескертпесі!
23) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
23) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;
РҚАО-ның ескертпесі!
1-бапты 23-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
24) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны;
25) экономикалық тұрғыдан белсендi халық (жұмыс күшi) – тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін, халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы халықтың бөлігі (экономикада жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар);
26) экономикалық тұрғыдан енжар халық – жұмыспен қамтылғандар немесе жұмыссыздар болып табылмайтын жеке тұлғалар.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
 

2-бап. Жұмыспен қамтылған халық

Жұмыспен қамтылған халыққа:
1) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, соның iшiнде жұмысты сыйақы үшiн толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында орындайтын немесе ақы төленетiн өзге жұмысы (қызметi), табысы бар;
2) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) өз бетінше жұмыспен айналысушылар, оның ішінде өзінің тұтынуына арналған өндірісті қоса алғанда, кіріс алу үшін тауарлар өндірумен, жұмыстар орындаумен және қызметтер көрсетумен (өткізумен) жеке-дара айналысатын жеке тұлғалар, өндірістік кооперативтер мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері мен жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілер жатады.
Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды айқындау әдістемесін орталық атқарушы органмен келісу бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекітеді;
4) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6) ақы төленетiн қызметке сайланған, тағайындалған немесе бекiтiлген;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында қызмет өткерiп жүрген;
8) қоғамдық бiрлестiктердi, қоғамдық қорларды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда, ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) болып табылатын, мүлкiне құрылтайшылардың (қатысушылардың) мүлiктiк құқықтары сақталмайтын адамдар жатады.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.10.22 N 84 Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 

3-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту

туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады және халықаралық шарттар, оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.01.16. N 121 Заңымен.
 

4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк

саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары
1. Мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелi әрi еркiн таңдау арқылы қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргiзілуiн қамтамасыз етедi.
2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясат:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге;
2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға;
3) бiлiм беру жүйесiн еңбек рыногының қажеттерiне және инвестициялық саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау iсiне бағдарлауға;
4) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсiпкерлiк бастамаларын қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық еңбекке қабiлетiн дамытуға жәрдемдесуге;
5) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның iшiнде нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушiлердi ынталандыруға;
6) уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;
7) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек рыногын қорғауға;
9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық iс-шараларды жергiлiктi атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;
10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және әлеуметтiк саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестiруге;
11) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
12) мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрiп, реттеп отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
14) жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуге;
15) қосымша жұмыс орындарын және мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыс берушілерді ынталандыруды қолдайтын жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген қаржылық, салық және инвестициялық саясатты жүргізуге;
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақты 16) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

5-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік

кепілдіктер
1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:
1) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға;
2) уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге;
3) кемсітушіліктің кез келген нысандарынан қорғауға және кәсіп пен жұмыс алуда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге;
4) жұмыссыздарды, табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, олардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға;
5) уәкілетті орган және жекеше жұмыспен қамту агенттігі арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;
6) кәсіптік-бағдарлау қызметтерін көрсетуге, бос орындар мен бос жұмыс орындары туралы ақпарат беруге;
7) жұмыс күшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес өңіраралық қайта бөлуге;
8) инвестициялық келісімшарттарда инвесторлардың кәсіптік даярлау, жаңа жұмыс орындарын ашу және бұрыннан барларын сақтап қалу жөніндегі міндеттерін белгілеуге;
9) уәкілетті органдардың жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасауына кепілдік береді.
2. Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
Нысаналы топтарға:
табысы аз адамдар;
жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
оралмандар;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар кіреді.
Жергiлiктi атқарушы органдар еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тiзбесiн, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау жөнiнде қосымша шаралар белгiлей алады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.10.22 N 84, 2007.05.15 N 253, 2009.05.05 N 159-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 23.11.2015 № 415-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЯСАТЫН IСКЕ АСЫРУ
 

5-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
1-1) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін бекітеді;
2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
9) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 2-тарау 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.11.26 N 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

6-бап. Орталық атқарушы орган

1. Орталық атқарушы орган қызметiнiң тәртiбiн, оның құқықтық мәртебесiн және құзыретiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
2. Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде:
1) халықты жұмыспен қамту саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыруға;
1-1) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға;
2) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
6) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөлуге;
7) мүдделi органдармен бiрлесе отырып, кадрлар әзiрлеу мен оларды жұмысқа орналастыруға қажеттiлiктi анықтауға;
8) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
9) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
РҚАО-ның ескертпесі!
9-1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
9-1) халықты жұмыспен қамту орталығының үлгі жарғысын әзірлеуге және бекітуге;
9-2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарына жатқызу критерийлерін айқындау тәртібін бекітуге;
9-3) ағымдағы бос орындар және болжамды жұмыс орындары дерекқорына енгізу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер ұсынуға арналған нысандарды әзірлеуге және бекітуге;
9-4) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгі ережелерді әзірлеуге және бекітуге;
9-5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
9-6) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
9-7) жастар саясатын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
9-8) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
9-9) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
9-10) микроқаржылық ұйымдарға және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру тәртібін бекітуге;
9-11) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәртібін бекітуге;
9-12) мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлеуге және бекітуге;
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақты 9-13) және 9-14) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
9-15) мүгедектің жұмыс орны стандарттарын әзірлеуге және бекітуге;
9-16) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін әзірлеуге;
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға міндетті.
3. Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.01.27 N 524, 2007.01.11 N 218, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

7-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар

Жергiлiктi атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саясатын iске асыруды:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отыру;
3) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдау;
4) жұмыссыздарға әлеуметтiк қорғау көрсету;
5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
 


            РҚАО-ның ескертпесі!
      5-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      5-1) орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;
 

5-2) орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу;
5-3) мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы жұмыс орындарын құру;
5-4) әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру;
5-5) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
5-6) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
5-7) жастар практикасын ұйымдастыру;
5-8) еңбек ресурстарына қажеттілікті қалыптастыру, халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
5-9) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету;
6) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге асыру;
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етеді.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.01.27 № 524, 2005.04.13 № 40 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.10.22 № 84, 2009.01.16 № 121, 2010.04.29 № 272-IV; 2011.06.27 № 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.15 № 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

8-бап. Уәкiлеттi орган

1. Уәкiлеттi орган:
1) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және бұл туралы халыққа, орталық және жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беруге;
2) құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін iс-шараларды iске асыруға міндетті.
2. Уәкiлеттi органның:
1) бiлiм беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардан, білiм беру ұйымдарынан, мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын әртүрлi ұйымдардың оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәлiметтерді, оқыту жүргiзiлетiн кәсiптер (мамандықтар) туралы, нақты кәсiптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлануы мен бітіруі жоспарланып отырған мамандар саны туралы ақпарат сұратуға;
2) жұмыс берушілерден кадрларға деген болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратуға;
3) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту тәуекелдері бар кәсіпорындардың мониторингін жүзеге асыруға құқығы бар.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 

9-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға қатысуы

1. Жұмыс берушiлер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын iске асыруға:
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттары мен ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;
2) қызметкерлердi кәсiби даярлау және өндiрiс iшiнде оқыту жүйесін дамыту;
2-1) кадрларды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары арқылы даярлау;
3) құрылымдық өзгерiстер барысында білiктi қызметкерлердің кадрлық әлеуетiн сақтау және ұтымды пайдалану;
4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргiзуге жәрдемдесу;
5) өз қаражаты есебiнен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру;
6) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша өтiнiш жасаған адамдарды ұйымдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бос орынға жұмысқа қабылдау;
6-1) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ашу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметкерлерді сақтандыру;
8) жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ оқу орындарының түлектеріне жұмыс орнын ұсыну арқылы қатысады.
1-1. Жұмыс берушінің:
1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
2) уәкілетті органдардан еңбек нарығының жай-күйі және кәсіптік даярлаудың мүмкіндіктері туралы ақпарат алуға құқығы бар.
2. Жұмыс берушi:
1) жұмыс беруші заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқартылуына, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты алдағы уақытта жұмыскерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын жұмыскерлердiң лауазымдары мен кәсіптері, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн жұмыскерлердiң саны мен санаттары және олар босатылатын мерзiмдер туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын толық көлемде беруге;
1-1) күші жойылды - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2) бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде олар туралы халықты жұмыспен қамту орталығына мәлiмет жiберуге;
2-2) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес азаматтардан жұмысқа қабылдау кезінде еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге;
3) халықты жұмыспен қамту орталығы берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (халықты жұмыспен қамту орталығы оған азаматтарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлауға;
4) мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының белгiленген квотасын орындауға;
5) халықты жұмыспен қамту орталығына алған мамандығы мен бiлiктiлiгiн көрсете отырып, кәсiптiк даярлықтан, қайта даярлықтан және өндiрiсiшiлiк оқытудан өткен адамдардың саны туралы мәлiметтер беруге;
6) жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы ақпараттарда еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарға жол бермеуге;
7) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданылуы тоқтатылуға байланысты жұмысқа тартылған шетелдік жұмыскердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кетуін қамтамасыз етуге міндетті.
3. Осы баптың талаптарын бұзғаны үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туындайды.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.01.27 N 524, 2005.10.22 N 84, 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.15 N 253, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.05.05 N 159-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.29 № 272-IV, 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.11.2015 № 415-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

10-бап. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi

1. Жеке жұмыспен қамту агенттiгiнiң:
1) өтiнiш жасаған адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының мәселелерi бойынша консультация беруге;
2) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi туралы ақпарат беруге және өтiнiш жасаған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге;
3) жұмыс берушiлер мен жұмысқа орналасқысы келетiн адамдар туралы мәлiметтер қалыптастыруға;
4) жұмыскерлердiң жұмыс берушiлердiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн ескере отырып, оларды iрiктеудi жүзеге асыруға;
5) халықаралық шарттар бар болған кезде, бiр елден екiншi елге жұмысқа орналастыру үшiн жұмыскерлер жинауды жүзеге асыруға;
6) өтiнiш жасаған адамдарды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырып, бұдан кейiн жұмысқа орналастыруға;
7) адамдарды шет елде жұмысқа орналастырған жағдайда, оларды әкету үшiн рұқсат құжаттарын ресiмдеуге құқығы бар.
2. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi:
1) кемсiтушiлiктiң кез келген нысанына жол бермеуге;
2) өтiнiш жасаған адамдардан алынатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
3) бала еңбегiн пайдалануға, адамдарды жыныстық және (немесе) өзге де мақсатта пайдалану үшiн тартуға жол бермеуге;
4) өтiнiш жасаған адамдармен еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуға;
5) өтініш берген және жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығына тоқсан сайын беруге мiндеттi.
3. Жеке жұмыспен қамту агенттiктерi жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен, жұмыс берушiлермен өзара iс-қимыл жасайды.
 


            4. Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкетуге байланысты қызметті жеке меншік жұмыспен қамту агенттiктерi жүзеге асырады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Шетелдiк жұмыс күшiн тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкету жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне жұмыскердің атына кепілді жарна енгiзу арқылы шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн жұмыскердiң өз елiне оралуына кепiлдiк берілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Кепілді жарнаны Қазақстан Республикасының банктеріне енгізу тәртібін, шарттарын және олардың мөлшерін орталық атқарушы орган айқындайды.
      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.10.22 N 84 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.06 N 276, 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

11-бап. Шетелдiк жұмыс күшiн тарту

      1. Iшкi еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квота белгiлейдi.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн квоталау және шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушіге шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы нормалары:
      мемлекеттік органдарда жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен расталған құжаттары бар;
      дербес бiлiм беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Қорында" басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн жоғары бiлiмдi;
      Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттар жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларында жұмыс істейтін, сондай-ақ аталған заңды тұлғалар (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздену және жобалау қызметін, инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде инвестициялық қызмет объектісі пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейінгі мерзімге тартатын ұйымдарда басшылар және жоғары білімі бар мамандар ретінде, сондай-ақ инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарда айқындалатын кәсiптер тізбесіне және санға сәйкес білікті жұмысшылар ретінде жұмыс істейтін;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақтың екінші бөлігінің бесінші абзацын алып тастау көзделген - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің индустриялық-инновациялық даму саласындағы құжаттарында дамытылуы көзделген жоғары оқу орындарында басшылар және жоғары білімді оқытушылар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақтың екінші бөлігінің алтыншы абзацын алып тастау көзделген - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру мақсатында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган біліктілігі жоғары шетел мамандарын тартуға инновациялық грант беру туралы шешім қабылдаған ұйымдарда басшылар және жоғары білімді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақтың екінші бөлігінің жетінші абзацын алып тастау көзделген - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ұлттық даму институттарында, олармен байланысты ұйымдарда басшылар және жоғары білімді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;
      Инновациялық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының дербес кластерлік қорында басшы және жоғары бiлiмді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;
      Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда жұмыс істейтін;
      Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылар немесе қатысушылардың қызметкерлері болып табылатын;
      арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және орталық атқарушы органның, жергілікті атқарушы органдардың және мүдделі орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын ведомствоаралық комиссия орталық атқарушы органның және арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның бірлескен шешімімен бекітілген тәртіппен айқындайтын санаттар мен адам саны тізбесіне сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақтың екінші бөлігін он үшінші абзацпен толықтыру көзделген - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
      1-1. Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн жыл сайын квоталау туралы нормалары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономика секторларында корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      11-бапты 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөледі.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2-1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін адамдарды қоспағанда, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға рұқсаттар береді, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. Квота белгiлеу тәртiбiн, жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға рұқсат беру шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      Жұмыс берушiлерге корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар берудің шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      4. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң бiлiм деңгейi (кәсiби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжiрибесi (стажы) жұмыстар мен кәсiптердiң бiлiктiлiк анықтамалығына және қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына сәйкес жұмысшылардың кәсiптерiне және басшылардың, мамандар мен қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сай келуге тиiс.
      5. алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      6. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа тартатын жұмыс берушілер олар Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде жергілікті атқарушы органға жазбаша түрде:
      1) санын, олар ауыстырылатын ұйымның және елдің атауын;
      2) тегін, атын, әкесінің атын (егер олар жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе);
      3) әрқайсысының білім деңгейін, біліктілігін, кәсібі мен жұмыс тәжірибесін;
      4) еңбек қызметін жүзеге асыру мерзімін қамтитын ақпаратты жібереді.
      7. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылған шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар болу мақсаттарына сәйкес уақытша еңбек қызметін жүзеге асырады және еңбек шартында көрсетілген, бір жылға ұзартылу ықтималдығымен үш жылдан аспайтын мерзім аяқталғаннан кейін елден кетуге міндетті.
      8. Менеджерлер мен мамандарды корпоративішілік ауыстыру орталық атқарушы орган айқындайтын, шетелдік жұмыскерлер санының қазақстандық кадрлар санына пайыздық қатынасының сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      9. Жергілікті атқарушы органдар корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың есебін жүргізеді.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      11-бапты 10, 11, 12 және 13-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.01.27 N 524, 2006.06.05 N 146, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.06 N 276, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 151-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2014 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

12-бап. Халықты жұмыспен қамтудың республикалық және

аймақтық бағдарламалары
Ескерту. 12-бап алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
12-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
 

12-1-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы

Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды санаттар бойынша іріктеу мен бөлуді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын айқындауды;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
2) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға кәсіптік бағдарлау және психологиялық қолдау бойынша қызметтер көрсетуді;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және оралмандармен әлеуметтік келісімшарттар жасасуды;
4) осы Заңның 20-1-бабында көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының іске асырылуын ұйымдастыруды;
РҚАО-ның ескертпесі!
5) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын ұсынуды;
6) өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей адамдарды тіркеуді және оларды есепке қоюды;
7) Қазақстан Республикасының азаматтарына және жұмыссыздарға жұмысқа орналасу үшін жолдама беруді;
8) жұмыссыздарды өздерінің келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберуді;
9) жұмыссыздарды кейіннен олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесе отырып, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберуді;
10) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар өтініш берген жағдайда, оларды еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберуді;
11) жұмыссызға оның жұмыссыз ретінде тіркелгендігі жөнінде қолданылу мерзімі тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайтын анықтама беруді;
12) Қазақстан Республикасы азаматының жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпаратты тіркелген орны бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органға электронды форматта тіркелген күннен кейін бір жұмыс күні ішінде беруді;
13) еңбек нарығы бойынша деректер банкін қалыптастыруды және жаңартып отыруды;
14) еңбек делдалдығын жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тарау 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 

3-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТАН МЕМЛЕКЕТТIК ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ 13-бап.

Ескерту. 13-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен.
 

14-бап. Жұмыссыздықтан мемлекеттiк әлеуметтiк қорғау

Мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғаудың мынадай түрлерiн көрсетедi:
1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
2) кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру;
3) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қоғамдық жұмыстарда iстейтiн жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу;
3-1) күші жойылды - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
РҚАО-ның ескертпесі!
4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
4) табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне сәйкес мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету;
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұсыну.
6) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді жүзеге асыру.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.01.16 N 121; 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

15-бап. Жұмыссыздарды тiркеу

1. Жұмыс іздеп жүрген адамдар тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, Мемлекеттік корпорацияға не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін өтiнiш береді.
2. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды – жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде, ал "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтініш берген кезде электрондық құжат нысанындағы өтініш негізінде жұмыссыз ретінде тіркеуді жүзеге асырады.
3. Халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтiнiш берген адамдарды мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы өтініш беруші туралы деректерді тексергеннен кейін нысанын орталық атқарушы орган бекiтетiн дербес есепке алу карточкасына мәлiметтердi енгiзу арқылы жұмыссыздар ретiнде тіркейді.
4. Халықты жұмыспен қамту орталығында тiркелген жұмыссыздар – күнтiзбелiк он күн iшiнде бiр реттен сиретпей халықты жұмыспен қамту орталығында, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына бiр реттен сиретпей кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).
 

16-бап. Жұмыссызды есептен шығару

1. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссызды мынадай жағдайларда:
1) лайықты жұмыстың ұсынылған екi түрiнен жазбаша түрде бас тартқанда;
2) халықты жұмыспен қамту орталығы жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде дәлелсiз себептермен ұсынылған жұмысқа орналасу немесе оқу орнына келмегенде;
3) шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшiн бес жұмыс күнi ішінде дәлелсiз себептермен халықты жұмыспен қамту орталығына келмегенде;
4) жұмыссыз халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша қоғамдық жұмысқа қатысуды немесе оқуды дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқанда;
5) жұмыссыздар осы Заңның 15-бабының 7-тармағында көзделген халықты жұмыспен қамту орталығына келiп тұру мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;
6) тұрғылықты жерi өзгергенде;
7) осы Заңның 2-бабына сәйкес жұмыспен қамтылғандар санатына жатқызылғанда;
8) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы тағайындалғанда, есептен шығарады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-6) тармақшаларына сәйкес есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң ғана халықты жұмыспен қамту орталығында қайтадан тiркеле алады.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.10.22. N 84, 2009.01.16. N 121; 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

17-бап. Тiркелген жұмыссыздардың мiндеттерi

1. Жұмыссыздар:
1) осы Заңды сақтауға;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтарына келiп тұрудың тәртiбiн, шарттарын және мерзiмдерiн сақтауға;
3) халықты жұмыспен қамту орталығы берген жұмысқа жолдаманы алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жұмысқа орналасу мәселесi бойынша жұмыс берушiге өтiнiш жасауға;
4) халықты жұмыспен қамту орталығына:
тұрғылықты жерiн ауыстыруды;
тұрақты, уақытша, маусымдық жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;
кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануды;
ұйымдық құқықтық нысаны мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;
мүгедектiк тобын белгiлеудi немесе оның өзгеруiн;
зейнетақы тағайындауды және өзге де табыстарды қоса алғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс iстеу тәртiбiне ықпал ететiн өзгерiстер туралы мәлiметтердi дер кезiнде (бес жұмыс күнi iшiнде) табыс етуге мiндеттi.
2. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мәліметтерді жасырған, көрінеу жалған мәліметтер немесе қолдан жасалған құжаттар ұсынған жағдайларда, жұмыссыздар тіркеуден шығарылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа тартылады.
Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.10.22 N 84; 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

17-1-бап. Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем

1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелуге өтініш берген күнінен бастап тағайындалады.
2. Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі және оны жүзеге асыру тетігі Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 3-тарау 17-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 

18-бап. Лайықты жұмыс

1. Тiркелген жұмыссыз азаматтар үшiн кәсiби даярлығына, еңбек стажына және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжiрибесiне, соңғы жұмыс орнының жағдайларына (ақы төленетiн қоғамдық жұмыстарды қоспағанда), денсаулық жағдайына, жаңа жұмыс орнына көлiктiң қолайлылығына сәйкес келетiн жұмыс, ал жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын, табысы аз адамдар қатарындағы адамдар үшін икемді және толық емес жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс та лайықты жұмыс деп есептеледi. Көлiктiң қолайлылығын тиiстi атқарушы орган айқындайды.
2. Бiрiншi рет жұмыс iздеп жүрген, бiрақ кәсiбi (мамандығы) жоқ, сондай-ақ, екi жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар үшiн - алдын-ала кәсiптiк даярлықты талап ететiн жұмысты, ал ондай жұмыс беру мүмкiн болмаған жағдайда, азаматтардың жас және өзге де ерекшелiктерi мен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары ескерiлетiн басқа ақы төленетiн жұмысты (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.
3. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар үшін орташа айлық жалақысы олардың соңғы жұмыс орнындағыға қарағанда жоғары болатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келетін жұмыс лайықты деп есептеледі.
4. Мүгедек үшін осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларға сәйкес келетін, жүзеге асыру үшін оның шектеулі тыныс-тіршілігі ескеріле отырып, дене бітіміне орай қолжетімділігі қамтамасыз етілген жұмыс ыңғайлы деп есептеледі.
Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.15 N 253, 2009.01.16. N 121; 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

18-1-бап. Әлеуметтiк жұмыс орны

1. Әлеуметтiк жұмыс орнын құруды жұмыс берушi жергiлiктi атқарушы органмен шарттық негiзде жүзеге асырады.
2. Шартта тараптардың мiндеттерi, жұмыстың түрлерi, көлемi, еңбекақы төлеу мөлшерi мен шарттары, әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзiмi мен көздерi қамтылуға тиiс.
3. Әлеуметтiк жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшелiктерi болады:
1) нысаналы топтарға әдейi арналады;
2) жұмыс орындарының саны шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
4. Алынып тасталды.
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.10.22. N 84; өзгерістер енгізілді - 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

18-2-бап. Жастар практикасы

1. Жастар практикасынан өту үшін жұмыс орнын ашуды жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен шарт негізінде жүзеге асырады.
2. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстардың түрлері, көлемі, еңбекақы мөлшері және оны төлеу шарттары, жастар практикасын қаржыландыру мерзімі және көздері қамтылуға тиіс.
3. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын ұсыну немесе ашу арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері бар:
РҚАО-ның ескертпесі!
1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері арасынан тіркелген жұмыссыздарға нақты арналады;
2) орындалатын жұмыс түлектің меңгерген кәсібіне (мамандығына) не оның біліктілік деңгейіне сәйкес келуге тиіс;
3) жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;
4) жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 18-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 

19-бап. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және

біліктілікті арттыру
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға:
1) егер олардың қажетті кәсіптік біліктілігі болмауына байланысты лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмаған жағдайда, жұмыссыздарды;
2) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды;
3) күші жойылды - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен еңбек рыногының қажеттiлiгi ескерiле отырып, бюджет қаражаты есебiнен халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша білiм беру ұйымдарында не бiлiм беру қызметiне құқығы бар кәсiпорындарда жүргiзiледi.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жіберу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Кәсiби даярлықтан, қайта даярлау мен біліктілігін арттырудан өтіп жатқан табысы аз азаматтар қатарындағы жұмыссыздардың, жұмыспен қамтылғандар мен жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк атаулы көмек алуға құқығы бар.
3. Нысаналы топтарға кiретiн жұмыссыздар кәсiби даярлықтан, қайта даярлау мен біліктілігін арттырудан басым тәртiппен өту құқығына ие болады.
4. Халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберген, оқуды өз бетінше, дәлелсіз себептермен тоқтатқан адамдар халықты жұмыспен қамту орталығында қайтадан тіркелген (өтініш берген) күннен бастап бір жыл өткеннен кейін оқуға қайтадан жіберілуі мүмкін.
Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.10.22. N 84, тақырыбына және 1, 2, 3-тармақтарға өзгерту енгізілді - 2009.01.16. N 121, 2009.05.05. N 159-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

20-бап. Қоғамдық жұмыстар

1. Қоғамдық жұмыстарды жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдарда ұйымдастырады және олар бюджет қаражаты және жұмыс берушiлердiң өтiнiмi бойынша солардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.
2. Азаматтардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы тiркелген күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырылады. Нысаналы топтарға кiрген адамдардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртiппен қатысу құқығы бар.
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелді себептерсіз өз бетiнше тоқтатқан адамдар халықты жұмыспен қамту орталығында қайтадан тiркелген (өтініш берген) күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жiберiлуi мүмкін.
4. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшелiктерi болады:
1) жұмыссыздарға әдейi арналған;
1-1) күші жойылды - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2) жұмыс орындарының саны iс жүзiнде шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос қызмет орындарын пайдалануға болмайды;
3) жұмысты толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi график бойынша ұйымдастыру мүмкiндiгi болады;
4) аймақ үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық пайдасы болады;
5) арнаулы бiлiмi жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкiндiк бередi.
5. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша:
1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;
2) аймақтардағы ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi бекiтiледi.
6. Авариялар, дүлей зiлзалалар, апаттар және басқа төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.
7. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
8. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.
9. Осы Заң қылмыстық заңдарда көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөнiндегi құқықтық қатынастарды реттемейдi.
Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.10.22. N 84, 2007.05.15. N 253, 2009.05.05. N 159-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

20-1-бап. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді

шаралары
1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары:
1) оқытуды және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді;
2) ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді;
3) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруды қамтиды.
2. Оқытуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар:
1) оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;
2) стипендия төлей отырып, біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың тегін курстарына жіберу;
3) білім алушыларға (оқу орнына дейін және қайтарында жол жүруіне және жатақханада тұруына немесе тұрғын үйді жалдаумен (жалға алумен) байланысты шығындарды өтеуге) субсидия беру;
4) лайықты бос жұмыс орындарын іздестіру және жұмысқа (оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына) орналасуға жәрдемдесу;
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау;
6) психологиялық бейімдеу арқылы іске асырылады.
3. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар:
1) микрокредиттер беру;
2) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
3) консультативтік қызметтер ұсыну;
4) кәсіпкерлік негіздерін оқыту арқылы іске асырылады.
4. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға бағытталған шаралар:
1) көшуге субсидиялар беру;
2) кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқыту, сондай-ақ жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
3) психологиялық бейімдеу;
4) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген жастарға қызметтік тұрғынжайлар және жатақханалардан бөлмелер беру арқылы іске асырылады.
Ескерту. 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4-тарау. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ МЕН ЕСЕПТІЛІК
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
 

21-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы ведомстволық статистикалық байқау

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдайға, сондай-ақ еңбек рыногындағы ахуалға, оның болжануы мен реттелуiне объективтi баға беру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқау жүргізіледі.
2. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік жұмыскерлерді, оның ішінде осы Заңның 11-бабына сәйкес тартатын жұмыс берушілер уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде бастапқы статистикалық деректерді ұсынуға міндетті.
3. Уәкiлеттi органдар мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен, мемлекеттік кіріс органдарымен, ішкі істер органдарымен және республикалық және өңірлік деңгейдегi басқа да мүдделi мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әр тараптың өз функцияларын орындауы үшiн қажет болатын есептi құжаттамамен және мәлiметтермен өтеусiз негiзде алмасады.
4. Уәкiлеттi органдар орталық атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмде алғашқы статистикалық деректерді табыс етедi.
Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.06 N 276, 2009.05.05 N 159-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

22-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік

бақылауды жүзеге асыратын органдар
Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылауды орталық және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.10.22 N 84, 2006.06.05 N 146, тақырыбына және бірінші бөлікке өзгерту енгізілді - 2009.01.16 N 121, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

22-1-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы

мемлекеттік бақылау
1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 22-1-бап жаңа редакцияда - 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

23-бап. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы

заңнамасының бұзылғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.01.27. N 524, тақырыбына және мәтінге өзгерту енгізілді - 2009.01.16. N 121 Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті