Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 27 қазандағы № 365-V ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат):
      1032-бапта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауар белгiсiн құқыққа сыйымсыз пайдаланушы тұлға:
      1) құқық иеленушінің өзі салған тауар белгісі бар түпнұсқа тауарларды қоспағанда, заңсыз пайдаланылатын тауар белгісі, тауар шығарылған жердің атауы немесе олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеме орналастырылған тауарды, тауар қаптамасын жоюға мiндеттi. Осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болған жағдайларда, – тауардан және оның қаптамасынан заңсыз пайдаланылатын тауар белгісінің бейнелерін, тауар шығарылған жердің атауын немесе олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені жоюға;
      2) жұмыстар орындаумен немесе қызметтер көрсетумен бірге жүретін материалдардан, оның ішінде құжаттамадан, жарнамадан, маңдайша жазулардан тауар белгісін немесе онымен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені алып тастауға міндетті.»;
      үшінші бөлік алып тасталсын.
      2. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат, № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат):
      71-бап мынадай мазмұндағы 19, 20 және 21-тармақтармен толықтырылсын:
      «19. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымының және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттік органның дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу үшін берілген, мемлекеттік тіркеу, дәрілік заттар сараптамасының материалдары туралы өтініште, сондай-ақ құрамында жаңа химиялық заттар бар дәрілік заттың тіркеу дерекнамасында қамтылған құпия ақпаратты дәрілік зат мемлекеттік тіркелген күннен бастап алты жыл ішінде өтініш берушінің келісімінсіз коммерциялық мақсаттарда жария етуіне және пайдалануына жол берілмейді.
      20. Осы баптың 19-тармағында көзделген, құпия ақпаратты коммерциялық мақсаттарда жария етуге және пайдалануға жол бермейтін ережелер:
      1) Қазақстан Республикасының Патент заңына сәйкес дәрілік затты пайдалануға мәжбүрлі лицензия берілген жеке немесе заңды тұлғаларға;
      2) дәрілік затты коммерциялық емес мақсаттарда пайдалануға, өндіруге, импорттауға, экспорттауға немесе таратуға қолданылмайды.
      21. Осы баптың 19-тармағында көрсетілген ақпаратты жария етуге және пайдалануға мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:
      1) егер дәрілік затты жеткізіп беру Қазақстан Республикасында тіркелген күннен бастап он екі ай ішінде халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болғанда;
      2) төтенше жағдайлар кезінде не ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында халық денсаулығын қорғау қажет болғанда;
      3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзатын әрекеттер анықталғанда, өтініш иесінің келісімінсіз сот шешімі негізінде жол беріледі.».
      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
      158-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «158-бап. Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану
      Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін немесе тауар шығарылған жердiң атауын немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
      тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауар шығарылған жер атауы немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелер заңсыз бейнеленген тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпе.
      Осы бапқа сәйкес тәркіленген тауарлар, құқық иеленушінің өзі салған тауар белгісі бар түпнұсқа тауарларды немесе қоғамдық мүдделер үшін оларды айналымға енгізу қажет болатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 795-бабында көзделген тәртіппен жойылуға жатады.».
      4. «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат):
      1) 11-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Патент иеленушi өнеркәсіптік меншік объектісін пайдаланбаған және ол тиімді коммерциялық жағдайларда лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан кезде, егер өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер алғашқы жарияланғаннан кейiн өнеркәсіптік меншік объектісі осындай өтiнiш берiлген күннiң алдындағы кез келген үш жыл iшiнде үздiксiз пайдаланылмаған болса, сұрау салынған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде кез келген адам өзiне мәжбүрлі ерекше емес лицензияны алып беру туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы. Егер патент иеленушi пайдаланбауының құқыққа сыйымды себептерге байланысты екенiн дәлелдемесе, сот көрсетілетін лицензияны пайдалану шегiн, мерзімдерін, төлем мөлшерi мен тәртiбiн айқындай отырып береді. Төлем мөлшерi лицензияның қалыптасқан практикаға сәйкес айқындалған нарықтық бағасынан төмен болып белгіленбеуге тиiс.
      Мәжбүрлі ерекше емес лицензия:
      1) ұлттық қауіпсіздікті немесе халық денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету қажет болған;
      2) патент иеленуші өзінің айрықша құқықтарын теріс пайдаланған, оның келісімімен басқа тұлғаның осындай айрықша құқықтарды теріс пайдалануына жәрдемдескен немесе кедергі жасамаған жағдайларда да беріледі.
      Осы тармақтың ережелеріне сәйкес, жартылай өткізгіштер технологиясына жатқызылатын өнертабысты пайдалануға арналған мәжбүрлі ерекше емес лицензияны беруге оны мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге орай коммерциялық емес пайдалану үшін ғана немесе сот тәртібімен Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзады деп танылған ережелерді өзгерту үшін жол беріледі.
      Кез келген мәжбүрлі ерекше емес лицензия мұндай лицензия патенттелген дәрілік затты немесе патенттелген процесс арқылы алынған дәрілік затты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өндірістік құралдар болмаған немесе жеткіліксіз болып табылатын аумаққа экспорттау мақсаты үшін дәрілік затқа немесе дәрілік затты дайындау процесіне сұратылатын жағдайларды қоспағанда, бiрiншi кезекте Қазақстан Республикасы iшкi нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін берілуге тиiс.
      Мәжбүрлі ерекше емес лицензия берiлген адам көрсетілген өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану құқығын басқа адамға осы объект пайдаланылатын тиiстi өндiрiспен бiрге ғана бере алады.
      Мәжбүрлі ерекше емес лицензияны беруге себеп болған мән-жайлардың қолданысы тоқтатылған жағдайда оның күші сот арқылы жойылуға жатады.»;
      2) 12-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн қамтитын құралға, егер осындай ғылыми зерттеудің немесе эксперименттің мақсаты кіріс алу болып табылмаса, ғылыми зерттеу немесе эксперимент жүргiзу;».
      5. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 776-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат):
      44-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) құқық иеленушінің өзі салған тауар белгісі бар түпнұсқа тауарларды қоспағанда, заңсыз пайдаланылатын тауар белгісі, тауар шығарылған жердің атауы немесе олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеме орналастырылған тауарды, тауар қаптамасын жоюға мiндеттi. Осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болған жағдайларда тауардан және оның қаптамасынан заңсыз пайдаланылатын тауар белгісінің бейнесін, тауар шығарылған жердің атауын немесе олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені жоюға;»;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) жұмыстар орындаумен немесе қызметтер көрсетумен бірге жүретін материалдардан, оның ішінде құжаттамадан, жарнамадан, маңдайша жазулардан тауар белгісін немесе онымен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені алып тастауға міндетті.».
      6. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «15-1) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;»;
      2) 7-баптың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-1) орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;»;
      3) 11-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн жыл сайын квоталау туралы нормалары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономика секторларында корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жұмыс берушiлерге корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар берудің шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.»;
      мынадай мазмұндағы 6, 7, 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
      «6. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа тартатын жұмыс берушілер олар Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде жергілікті атқарушы органға жазбаша түрде:
      1) санын, олар ауыстырылатын ұйымның және елдің атауын;
      2) тегін, атын, әкесінің атын (егер олар жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе);
      3) әрқайсысының білім деңгейін, біліктілігін, кәсібі мен жұмыс тәжірибесін;
      4) еңбек қызметін жүзеге асыру мерзімін қамтитын ақпаратты жібереді.
      7. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылған шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар болу мақсаттарына сәйкес уақытша еңбек қызметін жүзеге асырады және еңбек шартында көрсетілген, бір жылға ұзартылу ықтималдығымен үш жылдан аспайтын мерзім аяқталғаннан кейін елден кетуге міндетті.
      8. Менеджерлер мен мамандарды корпоративішілік ауыстыру орталық атқарушы орган айқындайтын, шетелдік жұмыскерлер санының қазақстандық кадрлар санына пайыздық қатынасының сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      9. Жергілікті атқарушы органдар корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың есебін жүргізеді.».
      7. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар):
      34-1-бапта:
      2-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар отандық өнеркәсіптің дамуын мониторингтеу мақсатында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ол белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту бойынша ақпарат береді.».
      8. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 11, 52, 57-құжаттар):
      1) 1-бапта:
      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «34) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту – жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) бойынша қазақстандық өндірушілер болып табылмайтын ұйымдарға кез келген деңгейде қосалқы мердігерлік шарт негізінде жұмысты орындағаны (қызмет көрсеткені) үшін төленген кез келген соманы шегере отырып, жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) бойынша қазақстандық өндірушілерге жұмыстарды орындағаны (қызметтерді көрсеткені) үшін төленген, жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сатып алу шарттарының барлығы бойынша төлемдердің (шығындардың) жалпы жылдық сомасының үлесі;»;
      36) тармақша алып тасталсын;
      2) 47-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) жергілікті қамтудың елу пайыздан аспауға тиіс ең төмен мөлшері;»;
      3) 47-1-баптың бірінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) жергiлiктi қамтудың елу пайыздан аспауға тиіс мөлшері;»;
      4) 50-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегі) жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;»;
      5) 58-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) кадрлардағы, сатып алынатын жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегi) жергілікті қамтудың мөлшерлерi;»;
      6) 60-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегі) және кадрлардағы жергілікті қамтудың мөлшері;»;
      7) 61-бапта:
      2-тармақтың үшінші, төртінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Келiсiмшарт: қол қойылатын бонусты төлеудiң мөлшерi мен шарттары жөніндегі; өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың мөлшерi мен шарттары жөніндегі; кадрлардағы жергiлiктi қамту жөніндегі; Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келiсiмшартты орындау кезiнде тартылған жұмыскерлерді оқытуға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтарын құзыреттi органмен келiсiлген мамандықтар тiзбесi бойынша оқытуға жіберілетін шығыстардың мөлшерi жөніндегі; жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегi) жергiлiктi қамту жөніндегі; мердiгерлiк жұмыстармен айналысатын персоналды қоса алғанда, жұмысқа тартылған шетелдiк персоналға қатысты алғанда қазақстандық персонал үшiн еңбекке ақы төлеудiң тең жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі; тарату қоры жөніндегі; Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға осы Заңда белгiленген шығыстардың мөлшерi жөніндегі мiндеттемелерге қатысты ерекше шарттарды да қамтуға тиiс.
      Қазақстандық кадрларды тарту жөніндегі міндеттемелер мердiгерлiк жұмыстармен айналысатын персоналды қоса алғанда, жұмысқа тартылатын кадрлардың жалпы санынан, оның ішінде жылдар бойынша пайыздық қатынасты қамтуға тиіс. Жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегi) жергiлiктi қамтудың мөлшері жөніндегі міндеттемелер сатып алынатын жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердің) жалпы санынан пайыздық қатынасты қамтуға тиіс.»;
      «Келiсiмшарт талаптары жер қойнауын пайдаланушының өзi қабылдаған, оның iшiнде жұмыстардағы, көрсетiлетiн қызметтердегi және кадрлардағы жергiлiктi қамту жөніндегі, келiсiмшартта көзделген салықтық емес сипаттағы төлемдер жөніндегі мiндеттемелердi орындамағаны, тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсiмпұлдар) мөлшерiн қамтуға тиiс.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшартта тауарлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелерге қатысты ерекше шарттар да, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының тауарлардағы жергілікті қамту жөніндегі өзі қабылдаған мiндеттемелердi орындамағаны, тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыбының (айыппұлдардың, өсiмпұлдардың) мөлшерi қамтылуы мүмкін.
      Осы тармақтың ережелері осы Заңның 69-бабы 4-тармағының ережелері ескеріле отырып, көрсетілген келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай қолданылады.»;
      8) 69-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттың қолданылу мерзімі өзгерген кезде оған жер қойнауын пайдаланушының тауарлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелерін алып тастау көзделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.»;
      9) 76-баптың 1-тармағында:
      9) тармақша мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың ережелері 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларға ғана осы Заңның 69-бабы 4-тармағының ережелері ескеріле отырып, көрсетілген келісімшарттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай қолданылады;»;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылуы кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының саны әрбір тиісті санат бойынша жұмыскерлердің жалпы санының елу пайызынан кем болмауға тиіс менеджерлер мен мамандарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға артықшылық беруге;»;
      10) 78-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «78-бап. Қазақстандық өндірушілерді қолдауды қамтамасыз ету
      1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандар санын есепке алмағанда, қызметкерлердің жалпы санында Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілері деп танылады.
      Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша менеджерлер мен мамандардың жалпы санының жиырма бес пайызынан көп болмауға, ал 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір тиісті санат бойынша елу пайызынан көп болмауға тиіс.
      2. Жер қойнауын пайдаланушы мен оның мердігерлерінің осы Заңның талаптарына сәйкес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерден, олар жобалау құжатының және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сай келген жағдайда сатып алуы жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.
      3. Құзыретті органмен 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан жер қойнауын пайдаланушы,
сондай-ақ оның мердігерлері Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде осы Заңның талаптарына сәйкес тауарларды қазақстандық тауар өндірушілерден, олар жобалау құжатының және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сай келген жағдайда сатып алуға міндетті.
      4. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазын анықтау кезінде конкурсқа қатысушылардың – қазақстандық өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын шартты түрде жиырма пайызға азайтады.
      5. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде тауарларды сатып алу кезінде конкурсты ұйымдастырушы жеңімпазды анықтау кезінде конкурсқа қатысушылардың – қазақстандық тауар өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын шартты түрде жиырма пайызға азайтады.
      6. Келісімшарттық міндеттемелерді жергілікті қамту бөлігінде орындауға қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алуды жоспарлауы және жүргізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға арналған шығындар және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар туралы ақпарат құпия болып табылмайды.
      7. Осы баптың 3 және 5-тармақтарының ережелері осы Заңның 69-бабы 4-тармағының ережелері ескеріле отырып, көрсетілген келісімшарттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай қолданылады.».
      9. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;»;
      2) 15-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегiнде, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында, сондай-ақ квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;»;
      3) 34-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) шетелдік жұмыскерлер – Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс берушілер тартатын көшіп келушілер;»;
      4) 35-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келетін немесе жұмыс берушілер, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын шетелдік жұмыскерлер:»;
      5) 36-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Шетелдік жұмыскерлерге келуге визаларды шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде берілген рұқсаттың негізінде және қолданылу мерзіміне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері береді.»;
      «4. Шетелдік жұмыскерлерге келуге визаларды және уақытша тұруға арналған рұқсаттарды, шетелдік жұмыскердің жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде алдағы жылға рұқсаты болған кезде ішкі істер органдары бір жылға ұзартады.»;
      6) 37-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда, шетелдік жұмыс күшін тарту кәсіптік және біліктілік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін квота негізінде жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат квотадан тыс беріледі және ұзартылады.»;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жұмыс берушiлерге корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар берудің шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.»;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн жыл сайын квоталау туралы нормалары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономика секторларында корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.».
      10. «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат):
      1) 5-баптың 16) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      17) ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
      2) 10-баптың 6-тармағының 5)6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
      6) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу жөнінде қызметтер көрсетеді;
      7) отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету мақсатында шетелдік өкілдіктер құрады.»;
      3) 26-баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) сауда миссияларын ұйымдастыру және өткізу, көрме-жәрмеңке қызметін жүзеге асыру, отандық өндірушілердің тауар белгілерін шетелде ілгерілету және шетелде қазақстандық өндірушілердің ұлттық стенділерін ұйымдастыру;»;
      «4) отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша ақпараттық және талдамалық қолдау көрсету;».
      11. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 29-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат):
      19-баптың 5-тармағы алып тасталсын.
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев