Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 27 маусымдағы N 444-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):

      1) 2-бапта:
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «10-1) коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы тұрғын үйлер;»;
      20) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) қызметтік тұрғын үй – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындауы кезеңінде Қазақстан Республикасы азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын үй;
      21) қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үй – коммуналдық тұрғын үй қорынан мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан осы мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлеріне берілетін тұрғын үй;»;
      мынадай мазмұндағы 21-1) және 21-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «21-1) мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры – мемлекеттік кәсіпорынның қарауындағы тұрғын үйлер;
      21-2) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қарауындағы тұрғын үйлер;»;
      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) мемлекеттік тұрғын үй қоры – мемлекетке меншік құқығымен тиесілі және коммуналдық тұрғын үй қорына, мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорына, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорына кіретін тұрғын үйлер;»;
      мынадай мазмұндағы 40-1) және 40-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «40-1) тұрғын үйдің қалдық құны (бұдан әрі – қалдық құны) – тұрғын үйдің табиғи тозуын шегергендегі тұрғын үйдің бастапқы құны;
      40-2) тұрғын үйдің табиғи тозуы – табиғи, климаттық және өзге де факторлар әсерінің нәтижесінде бастапқы техникалық-пайдаланушылық қасиеттерін (төзімділігін, орнықтылығын, беріктігін және басқаларды) жоғалту;»;

      2) 3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұрғын үй қоры және мемлекеттiк кәсiпорындардың, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қоры үйлерiндегi тұрғын үй-жайларды жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың немесе өзге де ұйымдардың мәжбүрлеп иелiктен шығаруына тыйым салынады.»;

      3) 10-1-бап мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6-1) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін айқындайды;
      6-2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою тәртібін айқындайды.»;

      4) 10-2-бап мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10-1) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      10-2) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      10-3) тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін айқындайды;»;

      5) 10-3-баптың 2-тармағында:
      4) тармақшадағы «жергiлiктi бюджет қаражаты» деген сөздер «бюджет қаражаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігіне беруді жүзеге асырады;»;

      6) 10-4136769 және 71-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «10-4-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың
                 жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті

      1. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары:
      1) тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту бағдарламаларын бекітеді;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
      1) тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту бағдарламаларын әзірлейді және тиісті жергілікті өкілді органдарға бекітуге ұсынады, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
      2) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
      3) тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      4) тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі қызметін бақылау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады;
      5) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;
      6) осы Заңның 32-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайда, кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етеді;
      7) коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігіне беруді жүзеге асырады;
      8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

      «13-бап. Жалдаушының мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұратын
               тұрғын үйiне жекешелендiру тәртiбiмен меншiк құқығын
               алуы

      1. Осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдаушы кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен және кәмелетке толмағандардың құқықтарын ескере отырып, тұрғын үйдi осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен қалдық құны бойынша жекешелендiруге құқылы.
      Жалдаушының отбасы мүшелерiнің ауқымы осы Заңның 21-бабына сәйкес айқындалады.
      2. Жекешелендiрiлген тұрғын үй жалдаушының және онымен тұрақты бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнiң, оның iшiнде уақытша тұрмайтындарының, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ортақ бiрлескен меншiгiне өтедi.
      3. Ортақ бiрлескен меншiктегi тұрғын үйдiң иеліктен шығарылуына барлық меншiк иелерiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi. Егер мәмiле тұрғын үйдiң меншiк иелерi болып табылатын кәмелетке толмағандардың мүдделерiн қозғайтын болса, қорғаншы және қамқоршы органның келiсiмi талап етiледi.
      4. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген қызметтік тұрғын үйлер осы Заңның 109-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жекешелендірілуі мүмкін.
      5. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген, қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлер осы Заңның 101-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген негiздер бойынша жекешелендiрiлуi мүмкiн.
      6. Бiрнеше жалдаушы тұратын тұрғын үйдi барлық жалдаушылардың және олардың кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен ғана жекешелендiруге болады. Бұл жағдайда тұрғын үй барлық жалдаушылардың ортақ үлестiк меншiгiне өтедi.
      7. Мыналар:
      1) олардың бірі сатып алуды жүзеге асыруға келіспеген жағдайда, жекелеген жалдау шарттарына сәйкес бірнеше жалдаушыға жалға берілетін;
      2) уақытша құрылыстардағы;
      3) белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмейтін;
      4) одан әрі тұруға жарамсыз болуына байланысты тұрғын емес үй-жайлар етіп қайта жабдықталуға тиіс;
      5) әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық объектiлердің аумағында орналасқан;
      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан;
      7) бұзылуға тиіс;
      8) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді жекешелендіруге болмайды.
      Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға, оқу кезеңінде студенттерге (курсанттарға, аспиранттарға) және оқушыларға берілген төсектік үлгідегі, сондай-ақ бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайлар да жекешелендіруге жатпайды.
      8. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне тегін алуға:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары құқылы. Тұрғын үй берілген Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушысы қайтыс болған жағдайда, оны тегін алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді;
      2) 1 және 2-топтағы мүгедектер;
      3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;
      4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
      5) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде орындау кезінде немесе майданда болуға байланысты ауруға шалдығу салдарынан, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезiнде жаралану, контузия алу, мертiгу салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
      6) Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
      7) күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлер құқылы.
      9. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір тұрғын үйді ғана жекешелендіруге құқылы.»;

      «67-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер беру
               шарттары

      1. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын және:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;
      2) осы Заңның 68-бабының 1-1) – 11) тармақшаларында аталған, тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.
      Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүгедек балаларға қолданылмайды;
      3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
      4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.
      Жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлердi қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға берiлетiн тұрғын үйлер қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiледi.
      2. Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер осы кәсіпорынның тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлерінің пайдалануына беріледі. Оларға берілетін тұрғын үйлер қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiледi.
      3. Мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер осы елді мекенде осы мекеменің тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлерінің пайдалануына беріледі.
      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер осы елді мекенде тұру-тұрмауына қарамастан, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына да беріледі.
      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үй берудің міндетті шарты жаңа тұрғылықты жері бойынша, оның отбасы мүшелерін қоса алғанда, меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы болып табылады.
      Мемлекеттік мекемелер беретін тұрғын үйлер қызметтік болып табылады.
      4. Жалғыз тұрғын үйi ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ипотека нысанасы болған және оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы орган сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берiледi.»;

      «69-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік
               тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп тану

      Қазақстан Республикасының азаматтары, егер:
      1) есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса;
      2) есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса;
      3) осы елді мекенде олардың тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйі болмаса;
      4) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмесе;
      5) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса;
      6) отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулардың тiзiмi бойынша) ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.»;

      «71-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке
               тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған
               тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының
               азаматтарын есепке алу

      1. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды тұрғылықты жерi бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.
      Есепке осы Заңның 67-бабының 1-тармағында аталған Қазақстан Республикасының азаматтары қойылады.
      2. Мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу мемлекеттік кәсіпорындағы жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады.
      Есепке осы Заңның 67-бабының 2-тармағында аталған Қазақстан Республикасының азаматтары қойылады.
      3. Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу мемлекеттік мекемедегі жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады.
      Есепке осы Заңның 67-бабының 3-тармағында аталған Қазақстан Республикасының азаматтары қойылады.
      4. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      5. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізеді.»;

      7) 74-бапта:
      2-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      бірінші абзацта:
      «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың,» деген сөздер «Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй» деген сөздер «коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «тұрғын үй берілуге» деген сөздер «тұрғын үйге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары;
      3) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;»;
      екінші бөлікте:
      «мемлекеттiк» деген сөз «коммуналдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «тұрғын үй немесе», «тұрғын үй бөлуді» деген сөздер тиісінше «тұрғын үйлер немесе», «тұрғын үйлер бөлуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «басқа да заң актiлерiнде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «дара (бөлек) тiзiмдердiң санына қарай ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары» деген сөздер «ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары дара (бөлек) тiзiмдердiң, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорында және (немесе) мемлекеттік мекемеде есепте тұрған, тұрғын үйге мұқтаждар тізімдерінің санына барабар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлікте:
      «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың),» деген сөздер «Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй» деген сөздер «коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «тұрғын үй берілуге» деген сөздер «тұрғын үйге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «бұқаралық ақпарат құралдары арқылы» деген сөздер «мерзімді баспасөз басылымдарында және интернет-ресурстарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «2-1. Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімін жүргізеді және мемлекеттік кәсіпорында тұрғын үй алған адамдардың тізімін олардың кезегін көрсете отырып, жариялайды.
      2-2. Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімін жүргізеді және мемлекеттік мекемеде тұрғын үй алған адамдардың тізімін олардың кезегін көрсете отырып, жариялайды.»;

      8) 77-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «77-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке
               тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған
               тұрғын үй беру туралы шешiм

      1. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, тұрғын үй комиссиясы шешімінің негізінде, өтініш берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен берiледi.
      2. Мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй комиссиясының тұрғын үй беру туралы шешімінің және үш данада жасалатын тұрғын үйді жалдау шартының негізінде берiледi. Тұрғын үйді жалдау шартының бір данасы мемлекеттік кәсіпорынның әкімшілігінде сақталады, екіншісі жергілікті атқарушы органға беріледі, ол қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшіншісі өтініш берушіге беріледі және тұрғын үйде тұру құқығын беретін жалғыз құжат болып табылады.
      3. Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясының тұрғын үй беру туралы шешімінің және үш данада жасалатын тұрғын үйді жалдау шартының негізінде берiледi. Тұрғын үйді жалдау шартының бір данасы мемлекеттік мекеменің әкімшілігінде сақталады, екіншісі жергілікті атқарушы органға беріледі, ол қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшіншісі өтініш берушіге беріледі және тұрғын үйде тұру құқығын беретін жалғыз құжат болып табылады.»;

      9) 79-бап алып тасталсын;

      10) 80-бапта:
      1-тармақтағы «органның немесе мемлекеттiк кәсiпорын» деген сөздер «орган немесе мемлекеттiк кәсiпорынның немесе мемлекеттік мекеменің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгi шартын, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi беру және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.»;
      3-тармақтағы «азаматтық заңдардың» деген сөздер «Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 96-баптың бірінші бөлігіндегі «100, 101, 110» деген цифрлар «101 және 110» деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 97-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерiн ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы (коммуналдық тұрғын үй қорынан), мемлекеттік мекеменің әкімшілігі (мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан) немесе мемлекеттiк кәсiпорынның әкiмшiлiгi (мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қорынан) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерiн есептеу әдістемесіне сәйкес белгiлейдi.»;

      13) 100-бап алып тасталсын;

      14) 101109 және 110-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «101-бап. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын
                үйлердiң құқықтық режимi

      1. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердi пайдалану жөнiндегi қатынастарға осы Заңның 93 және 95-баптарының қағидалары қолданылмайды.
      2. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердi беру және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      3. Мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерi, мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, егер олар мемлекеттiк қызметте, мемлекеттік кәсіпорында немесе бюджеттiк ұйымдарда (мемлекеттiк сайланбалы қызметте болу мерзiмiн қоса алғанда) кемiнде он жыл жұмыс iстесе, сондай-ақ еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:
      1) ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша;
      2) одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты;
      3) зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатылса, жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, өздерi тұратын қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердi қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
      Қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үй берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
      4. Қызметін өткерген кезеңде сол елдi мекенде қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үй берiлген әскери қызметшiлер он жыл әскери қызмет стажынан кейiн, ал еңбек сiңiрген жылдары, науқастануы немесе штаттың қысқаруы бойынша қызметтен босаған кезде қызмет мерзiмiне қарамастан, оны (әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және өзге де жабық объектiлерде орналасқан тұрғын үй-жайларды қоспағанда) жекешелендiруге құқылы.
      Мұндай тұрғын үйдің жабық және оқшау әскери қалашықтарда, шекара заставаларында орналасуы себептi оны жекешелендiру мүмкiн болмаған жағдайларда, жекешелендiру құқығы басқа жерден тиiсiнше тұрғын үй сатып алу (салу) үшiн оның құнын төлеу арқылы өтеледi.
      Күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлердiң тұрғын үй-жайды өтеусіз жекешелендiруге құқығы бар.
      Қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үй берілген әскери қызметшi қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
      Осы тармақта көрсетiлген жеңiлдiктер бiр рет қолданылады.
      Көрсетілген жеңілдіктер кемінде жиырма жыл қызмет атқарған, әскери атақтарға ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылатын адамдарға да қатысты қолданылады.
      5. Мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген мемлекеттік органның жазбаша келісімімен мемлекеттiк кәсіпорынның тұрғын үй қорындағы басқа тұрғын үйге айырбастауға болады.
      6. Осы баптың 3-тармағында белгіленген негіздер болған кезде тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шығарады.
      Бұл тұрғын үй кейіннен оны жалдаушының жекешелендіруі үшін коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстырылады.
      7. Осы бапта көрсетілген адамдарды шығаруға осы Заңның 14-тарауында көзделген негiздер бойынша жол берiледi.
      8. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;

      «109-бап. Қызметтiк тұрғын үйлер

      1. Қызметтiк тұрғын үйлер өздерiнiң еңбек қатынастарының сипатына байланысты жұмыс орны бойынша тұруға тиiстi Қазақстан Республикасы азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын жалдау шарты бойынша қоныстандыруға арналады.
      2. Мемлекеттiк мекемелердің қызметкерлері, егер олар мемлекеттiк қызметте, бюджеттiк ұйымдарда немесе мемлекеттік кәсіпорындарда (мемлекеттiк сайланбалы қызметте болу мерзiмiн қоса алғанда) кемiнде он жыл жұмыс iстесе, сондай-ақ егер еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:
      1) ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша;
      2) одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты;
      3) зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатылса, жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, өздерi тұратын қызметтiк тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
      Қызметтiк тұрғын үй берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
      Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы ретінде қызметтік тұрғын үй берілген Қазақстан Республикасының азаматтары, егер қызметтік тұрғын үйде кемінде бес жыл тұрса, өздері тұратын қызметтiк тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
      3. Қызметтiк тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген негіздер болған кезде тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шығарады. Бұл тұрғын үйді жалдаушының кейіннен жекешелендіруі үшін ол коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстырылады.

      110-бап. Қызметтiк тұрғын үйдi беру және оны пайдалану

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде оларды қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғын үйді беру және оны пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде оларды қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғын үйді пайдалануға осы Заңның 90, 93 және 95-баптарының қағидалары қолданылмайды.
      2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғын үйді беру және оны пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналып берілетін қызметтік тұрғын үйге осы Заңның 71-74, 90, 93 және 95-баптары қолданылмайды.»;

      15) 111-баптың 1-тармағындағы «101-бабындағы 5-тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында, сондай-ақ екiншi бөлiгiнде» деген сөздер «109-бабының 2-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 113-бап алып тасталсын.

      2. «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 23, 430-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж. № 1, 5-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат):
      111-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау тәртібін және оны төлеу мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».

      3. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат):

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші Қазақстан Республикасының нысаналы топтардағы азаматтарын жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен шарт негізінде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны;
      2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      3) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);
      4) еңбек нарығы – экономикалық тұрғыдан белсендi халыққа сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;
      5) еркiн таңдап алынған жұмыспен қамтылу – Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекке, жұмыс орны мен кәсiптi таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы өздерi таңдап алған қызметi;
      6) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша жұмысқа орналастырылған қызметкерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы төлеу шығындарының бір бөлігін өтеу;
      7) жастар практикасы – жергілікті атқарушы органдар өңірлік еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып ұйымдастыратын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында іске асыратын еңбек қызметінің түрі;
      8) жеке жұмыспен қамту агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;
      9) жұмысқа орналастыру – халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
      10) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды мемлекеттік қолдау шаралары;
      11) жұмыспен қамтылу – жеке қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты және (немесе) табыс немесе кіріс әкелетін еңбек қызметі;
      12) жұмыспен нәтижелi қамтылу – орнықты экономикалық өсу мен әлеуметтiк тиімділікті қамтамасыз ететiн жұмыспен қамтылу;
      13) жұмыссыздар – кіріс әкелетiн еңбек қызметiмен айналыспайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге әзiр, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;
      14) жұмыссыздық – экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың бiр бөлiгiнiң еңбек нарығында қажет болмай қалуынан туындайтын әлеуметтiк-экономикалық құбылыс;
      15) жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешенi;
      16) Қазақстан Республикасының табысы аз азаматтары (отбасылары) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтiк көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;
      17) қоғамдық жұмыстар – жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыттағы және Қазақстан Республикасы азаматтарының уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн уәкілеттi органның жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi;
      18) нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар ретiнде осы Заңмен белгiленген адамдар топтары;
      19) орталық атқарушы орган – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      20) өз бетiнше жұмыспен айналысушылар – жеке тұтынуға арналған өндірісті қоса алғанда, табыс алу үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірумен (өткізумен) дара айналысатын жеке тұлғалар, өндірістік кооператив мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін қызметкерлері және жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілер;
      21) уәкiлеттi орган – өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесi;
      22) ұзаққа созылған жұмыссыздық – он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыздық;
      23) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;
      24) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін шетелдік жұмыс күшінің саны;
      25) экономикалық тұрғыдан белсендi халық (жұмыс күшi) – тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін, халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы халықтың бөлігі (экономикада жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар);
      26) экономикалық тұрғыдан енжар халық – жұмыспен қамтылғандар немесе жұмыссыздар болып табылмайтын жеке тұлғалар.»;

      2) 2-тарау мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:

      «5-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
      2) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітеді;
      3) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітеді;
      4) жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітеді;
      5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітеді;
      6) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау ұсынуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітеді;
      7) микрокредиттік ұйымдарға және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру тәртібін бекітеді;
      8) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тәртібін бекітеді;
      9) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;

      3) 6-баптың 2-тармағының 9) тармақшасындағы «бекітуге міндетті.» деген сөздер «бекітуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3) және 9-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9-1) халықты жұмыспен қамту орталығының үлгі жарғысын әзірлеуге және бекітуге;
      9-2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарына жатқызу критерийлерін айқындау тәртібін бекітуге;
      9-3) ағымдағы бос орындар және болжамды жұмыс орындары дерекқорына енгізу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер ұсынуға арналған нысандарды әзірлеуге және бекітуге;
      9-4) халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгі ережелерді әзірлеуге және бекітуге міндетті.»;

      4) 7-бап мынадай мазмұндағы 5-7) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-7) жастар практикасын ұйымдастыру;»;

      5) 12-баптың 1-тармағында:
      бірінші абзацтағы «әлеуметтiк-экономикалық дамудың индикативтiк жоспарлары» деген сөздер «Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары мен аумақтарды дамыту бағдарламалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы «жұмыссыздарды кәсіби» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) тармақшадағы «жұмыс орындарын ашуды көздейтiн бағдарламаларын әзiрлейдi және бекiтедi.» деген сөздер «жұмыс орындарын ашуды;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      «11) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруға бағытталған іс-шараларды көздейтiн бағдарламаларын әзiрлейдi және бекiтедi.»;

      6) 2-тарау мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:

      «12-1-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы

      Халықты жұмыспен қамту орталығы:
      1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды санаттар бойынша іріктеу мен бөлуді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын айқындауды;
      2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға бейімдеу қызметтерін және психологиялық қолдау көрсетуді;
      3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және оралмандармен әлеуметтік келісімшарт жасасуды;
      4) осы Заңның 20-1-бабында көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды ұйымдастыруды;
      5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын ұсынуды жүзеге асырады.»;

      7) 14-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұсыну.»;

      8) 15-баптың 2-тармағының бесінші абзацындағы «нөмірін (СТН) ұсынған кезде қабылдайды.» деген сөздер «нөмірін (СТН);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «оның кәсіби біліктілігін (болған кезде) куәландыратын құжатты, ал кәсібі (мамандығы) жоқ, алғаш рет жұмыс іздеп жүрген адам үшін – білімі туралы құжатты ұсынған кезде қабылдайды.»;

      9) 18-1-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      10) мынадай мазмұндағы 18-2-баппен толықтырылсын:

      «18-2-бап. Жастар практикасы

      1. Жастар практикасынан өту үшін жұмыс орнын ашуды жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен шарт негізінде жүзеге асырады.
      2. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстардың түрлері, көлемі, еңбекақы мөлшері және оны төлеу шарттары, жастар практикасын қаржыландыру мерзімі және көздері қамтылуға тиіс.
      3. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын ұсыну немесе ашу арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері бар:
      1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері арасынан тіркелген жұмыссыздарға нақты арналады;
      2) орындалатын жұмыс түлектің меңгерген кәсібіне (мамандығына) не оның біліктілік деңгейіне сәйкес келуге тиіс;
      3) жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;
      4) жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;

      11) 3-тарау мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:

      «20-1-бап. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары

      1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары:
      1) оқытуды және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді;
      2) ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді;
      3) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруды қамтиды.
      2. Оқытуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар:
      1) оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;
      2) стипендия төлей отырып, біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың тегін курстарына жіберу;
      3) білім алушыларға (оқу орнына дейін және қайтарында жол жүруіне және жатақханада тұруына немесе тұрғын үйді жалдаумен (жалға алумен) байланысты шығындарды өтеуге) субсидия беру;
      4) лайықты бос жұмыс орындарын іздестіру және жұмысқа (оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына) орналасуға жәрдемдесу;
      5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау;
      6) психологиялық бейімдеу арқылы іске асырылады.
      3. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар:
      1) микрокредиттер беру;
      2) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
      3) консультативтік қызметтер ұсыну;
      4) кәсіпкерлік негіздерін оқыту арқылы іске асырылады.
      4. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға бағытталған шаралар:
      1) көшуге субсидиялар беру;
      2) кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқыту, сондай-ақ жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
      3) психологиялық бейімдеу;
      4) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына қызметтік тұрғын үй беру арқылы іске асырылады.».

      4. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат):

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      2) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      3) жиынтық табыс – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы;
      4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем;
      5) орталық атқарушы орган – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      6) уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;
      7) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;
      8) халықты жұмыспен қамту орталығы – жергілікті атқарушы орган жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында ауданда, облыстық және республикалық маңызы бар қалада, астанада құратын мемлекеттік мекеме.»;

      2) 2-баптың 2-тармағында:
      1) тармақша «тіркелмеген жұмыссыздарға» деген сөздерден кейін «және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан жазбаша түрде бас тартқан Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтарына» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшаның екінші бөлігіндегі «күннен бастап, оған» деген сөздер «күннен бастап, ал Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтары жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан күннен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 3-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда, әлеуметтік келісімшарттың көшірмесі.»;

      4) 4-бапта:
      2-тармақтың үшінші бөлігіндегі «жиырма күннен» деген сөздер «он бес жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы «он күн» деген сөздер «жеті жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 6-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «көмектен» деген сөзден кейін «, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларынан» деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 7-баптың 2-тармағындағы «он бес күн мерзімде» деген сөздер «он жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев